Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет111/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   140
13.2. Зат  алмасуы
      Ақуыз  (белок)  алмасуы.  Адам  тіндерінің  шикі  массасының  15-20% 
белоктардан  тұрады.  Олар  құрылымдық,  ферменттік,  транспорттық, 


жиырғыштық,  қабылдағыштық  (рецепторлық)  ролдер  атқарады,сонымен 
бірге  тектік  (генетикалық)  ақпаратты  беруге  қатысады.  Әр  түрлі 
қызметтерінің ішіндегі аса маңыздыларына мынау жатады: 
      1.  Пластикалық  қызметі  –  ақуыздар  жасуша  құрылымдарының 
синтезделуіне өте қажет  (ағзаның өсуіне, зақымдалған құрылымдарды қайта 
қалыпқа келтіруге немесе жаңартуға), биологиялық белсенді заттарды (ББЗ), 
гормондарды  (табиғаты  пептидтен  және  белоктан  құрастырылған), 
ферменттерді өндіруге қатысады. Ақуыздар тіршіліктің (өмірдің) түпнегізі. 
      2.  Энергетикалық  ролі  шамалы  –  теңдестірілеген  тамақтану  кезінде 
белоктар организмге шамамен 15% энергия жеткізеді. 
      3.  Тасымалдау  қызметі  –  гормондарды,  липидтерді,  холестеринді, 
минералдық затарды ағзаның ішінде тасымалдауға қатысады. 
      4.  Қорғаныштық  қызметі  –  қан  плазмасындағы  иммунноглобулиндерді, 
антиденешіктерді өндіру, иммунитетті қолдау, қанның ұюына қатысуы, т.б. 
      5.  Ақуыздар  ағзадағы  онкотикалық  қысымды  (25-30  мм  с.б.б.)  жасайды 
да, қан мен тіндер арасындағы су алмасуын реттеуге қатысады. 
      6.  Қан  плазмасының  буферлік  жүйесінің  құрамына  кіреді,  қанның 
реакциясын (рН) реттеуге қатысады. 
      Әр  түрлі  белоктардың  биологиялық  құндылығы.    Ақуыздардың 
биологиялық  құндылығы  олардың  құрамына  кіретін  ауыстырылатын  және 
ауыстырылмайтын  амин  қышқылдардың  жиынтығымен    анықталады. 
Барлығы 20 амин қышқылдарының 10-ы ауыстырылмайтынға жатады, себебі 
олар  организмде  синтезделмейді,  тек  тағамдармен  ғана  келеді.  Сондықтан 
тек  бір  ғана  ауыстырылмайтын  амин  қышқылы    жоқ  белоктар  құндылығы 
төмен  болып саналады (оған көбіне өсімдік ақуыздары жатады). Құрамында 
толық  ауыстырылмайтын  амин  қышқылдары  бар  жануарлар  ақуыздары 
құндылығы жоғары (толық жарамды) белоктарға қарайды. 
      Организмге  ақуыздың  қажеттілігі  оның  ең  төменгі  (минималды)  және 
жоғары  (максималды)  шамаларына  байланысты.  Белок  минимумы  деген  – 
ағзадағы  азот  тепе-теңдігін  сақтауға  мүмкіндігі  бар  тағамның  құрамындағы 
ақуыздың аз мөлшері (тыныштық жағдайда – тәулігіне 40 г шамасында).  
      Белок максимумы деп – ағзаның мұқтаждығын толық қамтамасыз ететін, 
жақсы  көңіл-күйді,  жоғары  жұмыс  қабілеттілікті    сақтайтын,  қолайсыз 
әсерлерге  жеткілікті  қарсыластық  көрсете  алатын  тағам  құрамындағы 
белоктың мөлшері (тәулігіне 90 г). 
      Организмге  келетін  ақуыздың  мөлшері  аз  немесе  жетіліксіз  болса, 
адамның  ойлық  және  физикалық  жұмыс  қабілеттілігі  төмендейді,  ағзаның 
қорғаныштық қызметі жетіспейді, бұлшықеттің семуі (атрофия)  және  ісіктің 
пайда  болуы  мүмкін.  Сондықтан  тағамдық  рационда  ақуыздардың    жалпы 
мөлшерінің 55-60%-ы жануарлар белогынан болу керек. 
      Тағамның  құрамындағы  ақуыздардың  мөлшері  шамадан  артық  болса,  ол 
бүйрек қызметіне ауырпалық түсіреді, себебі ағзадағы мочевинаның түзілуін 
күшейтеді.  Ішектегі  белоктың  толық  ыдырамауынан  пайда  болатын  заттар 
ағзаны уландыруы мүмкін. 


      Азот  тепе-теңдігі  (балансы).  Тағаммен  қабылданған  және  ағзадан 
шығарылған  азоттың  мөлшерін  салыстыру  нәтижесі  бойынша  белок  (азот) 
балансы  туралы  айтуға  болады.  Дені  сау  адамның  ағзасында  бұл 
көрсеткіштер  әрдайым  өзара  теңдікте  болады,  яғни  азот  тепе-теңдігі  бар. 
Ағзадан  шығарылған  азот  мөлшері  басым  болса,  оны  теріс  азот    тепе-
теңдігі дейді. Мұндай жағдай  тағамдағы құнды белоктың жетіспеуінен, ұзақ 
уақыт  аш  болғанда,  жарақаттануда,  күйікке  шалдыққанда  және  кәрілікте  
байқалады.  Оң  азот  тепе-теңдігі  деп  ағзаға  тағаммен  келген  азоттың 
мөлшері,  несеппен  шығарылған  азоттан  көп  болуын  айтады.  Бұл  жағдай 
организмнің  өсуінде,  аштықтан  кейін,  жүктілікте,  бұлшықеттің  салмағын 
(көлемін)  ұлғайтатын  дене  жаттығуларымен  айналысқанда,  әлсірететін 
науқастан кейін пайда болады. 
      Белок  алмасудың  реттелуі.  Гипоталамуста  қандағы  амин  қышқылының 
мөлшеріне  сезімтал  рецепторлар  бар,  солардың  көмегімен  гипоталамус 
нейро-гормоналдық  реттеу  механизмдерін  іске  қосады.  Соматотропин  (өсу 
гормоны),  тироксин  (қалқанша  безі),  инсулин  (ұйқы  безі),  тестостерон, 
эстроген  (жыныс  безі)  гормондары  ақуыздың  синтезделуін  күшейтеді. 
Глюкокортикоидтар  көптеген  жасушалардағы  белок  концентрациясын 
азайтады, қан плазмасындағы амин қышқылдардың мөлшерін жоғарылатады, 
бауырдағы  ақуыздың  синтезін  күшейтіп,  оны      көмірсуға  айналдырады 
(глюконеогенез). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет