Ресурстарын


Негізгі əлеуметтік-мəдени құндылықтарды



Pdf көрінісі
бет32/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   142
Негізгі əлеуметтік-мəдени құндылықтарды 
бағалау критерийлері [2, 56-б.] 
 
Негізгі критерийлер 
Қысқаша сипаттама 
Жекешеленулік /ұжымдық  
Отбасының,  мектептің,  жергілікті  діннің,  бизнес-
тің,  өмірдің  адамдарды  қалай  тəрбиелейтінімен 
сипатталады.  Жекешеленулік  басым  елдерге  аза-
маттардың  өзіне  жəне  жақын  айналаға  артық 
қамқорлық  көрсету  қасиеттері  тəн;  ұжымдылық 
басым  елдер  ұжымның  қолдауын,  топқа,  белгілі 
бір  əлеуметтік  ортаға  жатуды  ерекше  жоғары 
бағалайды. 
Билік аралығы 
Билік иелері мен формалды билігі жоқ адамдар 
арасындағы билік дистанциясымен, сонымен қа-
тар, бағынушылардың бастықтың ықтиярын қа-
былдау жəне оны сөзге келмей орындалу қажет-
тілігінің дəрежесімен өлшенеді. 
Белгісіздіктен қашу 
Болашақтағы  оқиғалардың  даму  белгісіздігіне 
байланысты қоғамның абыржу дəрежесімен өл-
шенеді.  Бұл  жайында  қаншалықты  үрей  басым 
болса, соншалықты қоғамда жəне жеке кəсіпорын-
дарда  адамдар  əрекеті  мен  өзін-өзі  ұстауын 
қатаң реттеп, бақылау жүргізіледі.  
Қоғамда əйелдер рөліне 
көзқарас  
Қоғамда  ер  адамдар  мен  əйелдердің  арасындағы 
рөлдердің  бөліну  дəрежесімен  өлшенеді. «Ер 
адамдар» рөлі басым елдер əр жыныс өкілдерінің 
арасындағы айырмашылыққа көңіл бөледі. «Əйел 
адамдар» рөлі басым елдер қоғамда, бизнесте жəне 
отбасында  ерлер  мен  əйелдердің  рөлдерін  бол-
машы белгіленгенін дұрыс көреді. 
 
Сонымен,  қысқаша  айтсақ,  жекешеленулік  тəн  елдерге 
адамдар өзіне жəне жақындарына қамқорлық жасауы басым; ал 
ұжымдық (бірлестік) тəн елдерге ұжым қолдауын, топқа, белгілі 
əлеуметтік ортаға жату ерекше бағаланады. 
Билік  аралығы  билік  иесі  мен  ресми  билігі  жоқ  адамдар 
аралығымен,  бағынышты  адамдардың  өз  бастығының  еркін 
ұғыну  дəрежесімен  өлшенеді.  Осы  себеппен  неғұрлым  қауіп 
ұлғайса,  соғұрлым  қоғамда  жəне  кейбір  кəсіпорындарда 
адамдардың  жұмыс  тəртібі  мен  жүріс-тұрысына  қатаң  бақылау 
орнайды.  


Сейсембай Жұмамбаев  
 
63
 
 
Қоғамдағы əйел рөліне көзқарас ер адам мен əйелдер рөлінің 
бөлу дəрежесімен өлшенеді. 
Бұл  критерийлерді  пайдаланған  кезде  сандық  бағалаудың 
бес деңгейлік жүйесі құрылған: 
-  орташадан елеулі төмен;  
-  орташадан төмен;  
-  орташа деңгей;  
-  орташадан жоғары;  
-  орташадан елеулі жоғары. 
Əр  критерий  бойынша  эксперттік  бағалар  жиналып,  олар 
тиісті  өңдеуден  өткеннен  кейін  елдің  басқару  тəжірибесіне, 
оның ішінде қызметкерлерді басқаруға сапалы сипаттама беруге 
болады. Біздің елде мұндай зерттеулер жүргізілмегендіктен, осы 
мəселе  бойынша  өз  пікірімізді  абайлықпен  айтқанды  жөн 
көрдік. 
Қазақстанды, біздің ойымызша, ұжымдылыққа бейімді елдер 
қатарына  қосуға  болады.  Қызметкерлер  қиын  жағдайға 
ұшыраса,  ұйым  оны  өз  қамқорлығына  алады  деп  күтеді,  ал 
дамыған  елдерде  мұндай  жағдайда  адам  тек  өз  күшіне  сенеді. 
Бір  топқа,  əлеуметтік  ортаға  жату  көптеген  қазақстандықтар 
үшін  материалдық  марапаттаудан  кем  түспейтін  ынталандыру 
факторы  деп  есептеуге  болады.  Мұның  себебін  ашсақ,  елімізде 
көптеген жылдар колхоз, совхоз ұйымдары болғаны, социализм 
кезінде  қоғамдық  мүдде  жеке  бас  мүддесінен  едəуір  жоғары 
қойылатын («Ең  алдымен  отаныңды,  одан  кейін  өзіңді  ойла»), 
қоғамда  ұжымда  қабылданған  стандарттарды  қолдануды 
көтермелейтін.  Ал  «басқа  жұмысқа  ауысқанда  өз  адамдарын 
бірге алып жүру» осы күнге дейін кең таралған. 
Қазақстанда  билік  аралығы  жоғары  болып  келеді,  ұйым 
ішіндегі  адамдардың  мінез-құлқы,  жүріс-тұрысы  олардың 
қызмет  сатысына  байланысты.  Қызметкерлерден,  көбінесе, 
бағынуды  күтеді.  Жауап  ретінде  бағыныштылар  əдетте  өз 
бастығын  ерекше  қадірлейтінін  көрсетеді.  Атақ  пен  статус 
салмағы  үлкен  болып  келеді.  Мұның  себептері:  қоғам  ежелгі 
заманнан ақсүйектер, қаралар деп бөлінуі («Ауызы қисық болса 
да,  байдың  баласы  сөйлесін»),  кешегі  мемлекеттік  жəне  партия 
номеклатурасына  бөлу,  соған  орай  жеңілдіктер  мен  айрықша 


Адам ресурстарын басқару 
 
64
 
 
құқыққа  ие  болу;  биліктің  ерекше  белгілері – жеке  кабинет, 
автомобиль жəне т.б. болуы; көрер көзге ғана алқалық, ал шын 
мəнінде  жеке  адам  шешімін  қабылдау  жəне  т.б.  Бұл  аталған 
дəлелдерді  күнделікті  тəжірибеде  осы  уақытқа  дейін  көруге 
болады. 
Қоғамның  экономикалық  жəне  əлеуметтік  іс-əрекетінде 
əртүрлі  жағдайды  бақылауда  ұстап,  тəуекелді  мейлінше  азайту 
біздің  елдің  тағы  бір  ерекшелігі  деп  айтуға  болады.  Дəлел 
ретінде  келесіні  келтіруге  болады:  əлеуметтік  жағынан  əлсіз 
адамдарды  қорғау  саясаты,  шығынға  ұшыраған  кəсіпорындарға 
көмек  көрсету,  ұйым  ішінде  əсіресе  бюджеттік  салада,  еңбек 
ақы  төлеуде  қызметкерлерді  теңестіру,  еңбек  мобильдігі  төмен 
деңгейде  болуы  жəне  т.б.  Тəуекелді  төменгі  деңгейде  ұстау 
арнайы механизм – толып жатқан ережелер мен заңды – құруды 
талап етеді. Соған қарамай, осы ережелер мен заңды елемеулікті 
көп жағдайда өмірде кездестіруге болады. 
Тəуекелдікке  бара  бермейтіндігі  келесі  мақалдан  байқауға 
болады: «Жеті  рет  өлшеп,  бір  рет  кес».  Бірақ  барлық  қазақс-
тандық  менеджерлер  тəуекелділік  маңыздылығын  жете 
бағаламайды деп айту дұрыс емес.  
Ал  басқа  елдерге  келсек,  зерттеулер  нəтижесі  бойынша, 
дарашыл  ел  қатарына  АҚШ,  Ұлыбритания,  Австрия,  Дания, 
Нидерланды  жатады;  ұжымдылыққа  бейімді  елдер – Жапония, 
Пəкістан  жəне  т.б.  Бір  адамға  шаққанда  жалпы  ұлттық  өнім 
дарашыл  елдерде,  көбінесе,  жоғары  болып  келеді.  Берілген 
елдегі  ұлттық  ерекшеліктерді  зерттеуге  келген  шетел  сарап-
шыларының бағалауы маңызды рөл атқарады, өйткені өзі келген 
елмен  салыстырып,  ұқсастық  пен  айырмашылықты  анық 
белгілейді.  Көптеген  зерттеулер  мен  мақалаларда,  өкінішке 
карай,  қазақстандық  материалдарды  кездестіре  алмайсыз. 
Мұндай  зерттеуді  жүргізу  қажеттілігі  айдан  анық  көрініп  тұр: 
Қазақстан – көпұлтты ел (130 ұлттың өкілдері тұрады), көптеген 
бірлескен кəсіпорындар мен ұйымдар қызмет етеді: 2010 жылғы 
1  қаңтарда  шетелдің  қатысуымен  бірлескен  кəсіпорындар  саны 
9116 болды, ал таза шетелдік кəсіпорындар саны 15872-ге жетті. 
Жыл  сайын  мыңдаған  адамдар  шет  елден  келіп,  бізде  жұмыс 
істейді.  Көптеген  қазақстандықтар  шетелде  болып,  олармен 


Сейсембай Жұмамбаев  
 
65
 
 
іскерлік  қатынас  құрайды,  кей  кезде  сол  жерде  жұмыс  істейді. 
Мұндай жағдайда сан алуан мəселелер туатыны сөзсіз [20].   
Дегенмен, елімізде адам ресурстарын басқару тəжірибесінде 
дамыған  елдермен  салыстырғанда  жиі  көзге  түсетін  ерекшелік-
терді  көруге  болады.  Мысалы,  кадр  шешімдерін  балама 
негізінде қабылдау, оларды белгілі тəртіппен жүргізу тəжірибесі 
бізде  əлі  орын  таппаған;  бізде  кадр  шешімдерінің  тиімділігін 
бағаламайды,  шешімдерді  қабылдауда  басшының  рөлі  өте  зор 
болып  келеді.  Сол  сияқты  басқа  бағыттарда  да  біраз  ерекше-
ліктерді табуға болады.  
Шетелдік  тəжірибемен  қазір  теория  жүзінде  əрі  практикада 
танысуға кең мүмкіншілік бар. Бірақ оны жемісті қолдану үшін 
Қазақстан  əлемдік  экономикалық  жүйесінде  өз  орнын  дұрыс 
таба  отырып,  халқымыздың  əлеметтік-мəдени  құндылықтары-
ның даму бағытын жете зерттеу қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет