Ресурстарын


 АРБ-ның шетелдік тəжірибесі



Pdf көрінісі
бет33/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   142
4.2. АРБ-ның шетелдік тəжірибесі 
 
Евроодақ  елдеріндегі  АРБ  тəжірибесі.  Евроодақ  елдерінде 
кадр шешімдерін қабылдау үдерістері барған сайын бір-бірімен 
заң арқылы үйлестіріліп жатыр. Соған қарамастан, ұлттық еңбек 
заңдарында  жəне  бизнес  жүргізу  тəжірибесінде  кейбір  айыр-
машылықтар  əлі  сақталынуда,  оның  ішінде  жұмысқа  алу  жəне 
одан  босату  тəртібінде,  əртүрлі  демалысқа  шығу  мүмкінші-
ліктерінде,  жұмыспен  қамтамасыз  ету  жəне  т.б.  Мысалы, 
Франция  мен  Бельгияда  компанияға  жасырын  түрде  жарнама 
(бос  орын  болмаса  да  жалған)  беру  заңмен  тыйым  салынады. 
Францияда  хабарландыруда  үміткердің  жоғарғы  жасын  заң 
бойынша  көрсетуге  болмайды,  ал  бұл  талап  бұзылса,  айып 
төленеді  (осы  тəртіпті  Қазақстандағы  тəжірибемен  өзіңіз 
салыстырыңыз).  Сонымен  қатар  жұмысқа  орналасушы  адамнан 
анкета  толтырарда  кəсіподақ  мүшелігі,  діни,  саяси  көзқарасы 
жəне  отбасылық  жағдайы,  заң  бойынша  көрсетілмейді.  Гер-
маниядағы  компанияларда  қызметкерлерді  іріктеу  əдістерін 
қолданудан  бұрын,  оларды  федералдық  заңдардың  талабы 
бойынша,  кəсіпорын  кеңесі  мақұлдау  керек.  Бос  орынға  үміт-
керлердің заңға сай, жеке өмірін кірістірмеуге, өзімен сыйласып 


Адам ресурстарын басқару 
 
66
 
 
сөйлесуге  құқылары  бар,  адамның  саяси  көзқарасы  мен  отбасы 
жағдайы туралы арнайы сұрақтардан кепілді қорғалған.  
Испаниядағы  айта  кететін  бір  ерекшелік – егерде  хабар-
ландыруда  жыныс  бойынша  кемсіту  нышандары  білінсе,  онда 
мемлекеттік  жұмыспен  қамту  қызметі  оған  тыйым  салады. 
Алдын ала жұмыс босату туралы хабарландыру қағазды жіберу 
мерзімі,  əділетсіз  жұмыстан  босағандарға  компенсация  төлеу 
тəртібі əр елде заңмен əртүрлі бекітілген.  
 Батыс  европа  елдерінің  көбінде  заңмен  өндірістік  демокра-
тия  жүйесі  бекітілген,  оның  ішінде  үлгі  ретінде  неміс  жүйесі 
пайдаланылады.  Неміс  жүйесі  бойынша  жұмысшылар  кеңесі, 
директорлар  кеңесінде  (бақылау  кеңесінде)  жəне  атқару  коми-
тетінде  жалданушы  жұмысшылардың  өкілдіктері  құрылады. 
Жұмысшылар  кеңесі  экономиканың  барлық  салаларында, 
мемлекеттік жəне жеке секторында бар. Жұмысшылар кеңесінің 
өкілдерін  ұйым  қызметкерлері  сайлайды.  Бірақ  олар  кəсіподақ 
атынан  шықпайды,  оларды  сайларда  тəжірибесі  мен  жеке 
тұлғалық  қасиеттеріне  көп  көңіл  бөлінеді.  Жұмысшылар  кеңесі 
келесі өкілеттерге ие болады:  
-  ақпаратқа құқылығы (ұйымның қазіргі жағдайы мен даму 
болашағы туралы ақпаратты білуге құқы бар); 
-  кеңес  беруге  құқылығы  (ұйым  басшылығы  жұмысшылар 
кеңесімен  стратегиялық  мəселелері  бойынша  ақылдасуға 
міндетті); 
-  бірігіп  шешім  қабылдау  құқылығы  (саясатты  менеджер-
лермен  бірлесіп,  оның  ішінде  кадрлық  саясатты  ойластыруға 
өкілеті бар). 
Əр салада, бақылау кеңесінде жалданушы жұмысшылардың 
өкілдері 30%-50% құрайды.  Бақылаушы  кеңес  атқару  комите-
тінің мүшелерін  тағайындайды  жəне олардың  шешіміне  тыйым 
салу құқысы бар. 
Неміс  ұйымдарында  атқару  комитетінің  құрамына  еңбек 
мəселелері  бойынша  директор  кіреді.  Бұл  директорды  бақылау 
кеңесіндегі  жұмысшылар  өкілдерінің  үштен  екі  дауыстары 
қолдаса, сонда ғана ол тағайындалады. Еңбек мəселелері бойынша 
директор,  бір  жағынан,  жұмысшылар  өкілі  болып  саналады,  ал 
екінші жағынан, кадр бойынша менеджер болып келеді.  


Сейсембай Жұмамбаев  
 
67
 
 
Зерттеушілердің  барлығы  Германиядағы  адам  ресурстарын 
басқару  тəжірибесі  жоғары  деңгейдегі  заңдылықпен  жəне 
құқылық  жағынан  қатынастардың  жақсы  дайындалғанын  бір 
ауыздан  мақұлдайды,  бұл  елде  құжаттар  мен  жазба  түрінде 
келісімдер  басқа  елдерге  қарағанда  кең  таралғанын  атап  өтуге 
болады.  Еуроодақ  құрылғаннан  бері  АРБ  бойынша  ұлттық 
тəжірибелерді бір-біріне жақындастыру жұмысы жалғасуда.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет