Ресурстарын


Жеке агенттіктердің қызметіне сүйену дəлелдері



Pdf көрінісі
бет51/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   142
Жеке агенттіктердің қызметіне сүйену дəлелдері 
 
Қолдау дəлелдері 
Қарсы дəлелдері 
Жоғары білікті мамандар қызмет етеді
Көп көлемді ақпараттарға ие 
Түйіндемелерді қарауға, сұхбатты, тест-
ті өткізуге кететін уақытты үнемдейді 
Үміткерді  даярлайды,  оған  компания 
жайлы ақпарат береді 
Агенттік кепілдеме береді
Үміткерге қойылатын талаптарды жете 
түсінбейді, уақыт рəсуа болып, адамды 
таба алмайды 
Рекрутерлер  бір  компаниядан  екінші-
сіне алдап еліктетеді 
Жақсы  агенттіктердің  қызметі  қымбат 
тұрады 
 
Сондықтан,  олардың  қызмет  көрсетуіне  тапсырыс  беруден 
бұрын, белгілі критерийлерге сай таңдай білу керек. 
Олардың жұмысын сипаттайтын критерийлер: 
-  мамандануы; 
-  жұмыс сапасы; 
-  тұтынушылармен жұмыс істеу шарттары; 
-  агенттіктің жақсы атағы; 
-  қызметкерлерінің кəсіби деңгейі; 
-  қосымша қызмет көрсету түрлері. 
Жеке агенттік болашақ үміткерді бағалауды жеңілдету үшін 
тапсырыс беруші ұйым оны бос орын жəне үміткердің лауазым-
дық  міндеттерін  түгел  суреттейтін  ақпаратпен  қамтамасыз 
еткені  дұрыс,  бұл  үміткердің  болашақ  еңбек  ақысын  негіздеуге 
жағдай туғызады. 
Осындай  ақпарат  негізінде  үміткермен  келіссөз  жүргізу 
жеңілденеді,  үміткер  өзінің  тілектерімен  қатар  өзінің  компания 
қоятын  талаптарға  қаншалықты  сəйкес  келетіндігін  нақты 
бағалайды.  Бұл  жерде  тек  қана  жеке  агенттік  кеңесшілері  мен 
тапсырыс беруші ұйым ғана үміткер туралы шешім қабылдайды 
деп  бір  жақты  қараған  дұрыс  емес.  Өзін  жоғары  бағалайтын 
үміткерлер  де  жұмыс  орнын  мұқият  таңдайды.  Компания 
туралы  пікір  бос  орындар  туралы  хабарландырумен  танысу 
кезінде қалыптаса басталатынын ескеру өте маңызды. 
Сонымен  қатар,  жұмысқа  жалдаудың  əртүрлі  баламалары 
бар: 
-  мерзімінен тыс жұмыс, еңбектену интенсивтігін жоғарылату;  


Сейсембай Жұмамбаев  
 
103
 
 
-  құрылымды  қайта  құру  немесе  өндірістің  жаңа  схемасын 
қолдану; 
-  уақытша жұмысқа қабылдау; 
-  қызметтің  кейбір  түрін  орындауға  арнайы  мамандан-
дырылған фирмаларды тарту. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет