Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет9/73
Дата18.10.2023
өлшемі4,05 Mb.
#118869
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73
парадигма
деп
-
тілдік бірліктің тілдік
жүйесі элементі ретінде бір-біріне сыбайлас не қарсы келетін
қасиеттерімен
адам
санасында
жинақтаған,
яғни
тіл
элементтерінің
сол
тілді
пайдаланушы
адамның санасында жинақталуын айтамыз (Ахманова 66, 310).
Лексикалық мағынамен байланысты парадигманы семантикалық пара
дигма деп те атауымызға болады.
1.2 Полисемантика категориясының лексика-семантикалық сипаты 
Әрбір сөзде белгілі бір мағына болады. Біз қоғамдағы зат, иә
 
құбылысты топшылап оның мазмұнын түсінеміз. Сөзге мағына 
берудің өзі қоғамдық тәжірибеге, өмірге, дәстүрге де байланысты. 
Сөздің мағыналары біркелкі емес. Тілдің дамуы барысында сөздің 
лексикалық мағынасында әр түрлі өзгерістер болып жатады. Тілдегі 
біршама сөздер бір ғана мағынаға ие болып, қандай да бір 
дыбыстар тізбегімен (дыбыстық кешенмен) тұрақтанып, бекітіледі. 
Оларға көбінесе термин сөздер жатады. Мәселен, медициналық термин: 
шприц, лор, ангина т.б.; 
экономикалық: 
нарық, менеджер, бизнес, 
коммерция т.б.. 
Мұндай сөздер анық көрсетілген заттық 
қатынаспен суреттеледі, олардың семантикалық шегі әбден 
анықталған. Лексикологияда мұндай сөздерді бір мағыналы 
немесе моносемиялы сөз деп атайтындығы белгілі. Ол гректің 
monos
 
– «біреу» және 
semantikos
 
– «белгілеуші» деген сөздерінен алынған 
термин. Мұндай сөздер басқа топтағы сөздерге, яғни қазіргі 
лексикологияда кеңінен тараған көп мағыналы сөздерге қайшы 
қойылады. Оны лингвистикалық термин бойынша полисемия деп те 
атайды. Ол грек тілінің 
poli
 
– «көп» және 
sema
 
– «белгі» деген сөздерінен 
жасалып, көп мағыналық дегенді білдіреді. Сөз көп мағыналылықты 
бірден қабылдамайды. Кейбір мағыналар сөйлеу кезіндегі қызметі 
үрдісінде пайда болып, содан кейін тіл фактілеріне айналады, яғни 
лексикалық жүйеге енеді. Кейде тіпті сөздің алғашқы мағыналары 


29 
сирек қолданылады, немесе, тіпті сөздік құрамның белсенді 
(актив) тобынан шығып қалады, ал екінші мағынасы негізгі мағына 
қызметіне өтеді. 
Ғ.Қайыржанұлы «Сөз мағынасының зерттелу тарихы» деген 
мақаласында: «Сөз және оның мағынасының құрылымын, 
құрамын зерттеу ағымы, негізінен, Батыс Еуропа тіл білімінің 
лексикологиясында ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында пайда болды», -
дегенді айтады [19, 103]. Біздіңше, сөз, сөз мағынасы тілшілерді, 
сондай-ақ ойшылдарды (философтарды) көне дәуірден-ақ 
ойландырып келе жатқан, олардың арасында әртүрлі талас 
тудырып жүрген күрделі мәселе болса керек. Әрине ол кездегі 
айтылған ой-пікірлердің біразымен біз келіспеуіміз де мүмкін, не 
болмаса оларды әрі қарай зерттей, анықтай түсетін тұстары да 
жеткілікті болуы да сөзсіз. Олардың біразы ғылыми тұрғыдан 
дәлелденбей болжам түрінде сөз болуы да ықтимал. Қалай дегенде 
де сөз мағынасы өте күрделі мәселе. Сөз мағыналары біркелкі емес. Ол 
жоғарыда айтылғандардан-ақ байқалып отыр. Сөз мағыналарының 
арасындағы айырмашылық, ең алдымен, шындық болмыстағы 
заттар мен құбылыстарға қатысы жағынан айқын көрінеді. 
Көптеген мағыналар сөздің жеке тұрып та білдіре беретін зат пен 
құбылыстардың нақты атауларынан туса, мұнан соңғы бір топ 
мағыналар бір заттың (немесе құбылыстың) атауын екінші бір 
затқа (немесе құбылысқа) ауыстырып қолдануынан туады. 
Сөздердің әуелі пайда болған кездегі мағыналары біреу-ақ 
болғанмен де, бертін келе олардың кейбіреулерінің мағыналары 
молайып отырған. Ол туралы ғалым Әсет Болғанбаев былай деп 
тұжырым жасаған болатын: «.. Ең алғаш пайда болған кезінде 
бұлар да аз мағыналы болған. Кейін талай замандар өткен соң, 
сөздік қордағы сөздердің бұрынғы мағыналарына тағы да бірнеше 
мағыналар жамалып, семантикалық шеңберін ұлғайта берген, 
содан көп мағыналы сөздер пайда болған» [20, 47]. 
Қалай дегенде де бұл ұзақ уақытты қамтитын үрдіс. Бұл, 
негізінен әр халықтың жүріп өткен тарихына, әдет-ғұрпына, 
шаруашылығына, мәдени тұрмысына байланысты туған. Тілдің 
тарихында осының бәрі де түгелімен бейнеленеді, яғни сөздің 
мағынасында әр халықтың өзіндік тіршілігі, іс-әрекеті әр түрлі 
көрініс табады. Бұл жөнінде профессор О.С. Ахманова былай дейді: 
«Каждый язык представляет собой как своеобразную, самобытную 
неповторимую 
систему 
внешних 
различий, 
так 
и 


30 
индивидуальную самобытную и неповторимую систему языковых 
значений. Поэтому отдельные значения находятся в системе 
каждого данного языка, оказывается н епостоянно не 
соизмеримыми со значениями, входящими семантическую систему 
другого языка или языков» [21, 51]. Сөздің көп мағыналығы 
жайында тілші ғалымдардың арасында екі түрлі көзқарас болған. 
Шетел лингвистерінен Штейнталь сөздің көп мағыналығын 
мойындамаған, ал Г. Паульс сөздің көп мағыналығын мойындай 
отырып, оны кездейсоқ нәрсе деп қателеседі. Орыс тіл білімінің 
атақты ғалымдары А.А. Потебня мен Л.В. Щерба да сөздің көп 
мағыналы болуын мойындамай, қанша мағына болса, сонша сөз 
болады деп қабылдаған. Сөздің көп мағыналылығын мойындап
бірақ оның тарихи заңдылығын керісінше түсінушілер де болған. 
Мәселен, Н.Я. Марр сөздің көп мағыналығы тілдің көне дәуірінің, 
сол дәуірдегі сөздердің диффуздық (жіктелмеген, ажыратылмаған) 
қалдығы деп қарайды. Осы тәрізді пікірді француз оқымыстысы Леви 
Брюлль де айтады. 
Дегенмен, тіл білімінде тілші ғалымдардың көпшілігі сөздің көп 
мағыналығына шүбә келтірмейді. Ал қазіргі кезде сөздің көп 
мағыналығын жалпы тіл білімінде лингвистердің бәрі де 
мойындады десек қателеспейміз. Сөйтіп, сөздің әуелі пайда 
болған кездегі мағынасы көп болмаса да, бертін дами келе молайып 
отырған. Тіпті олардың кейбіреулерінің мағыналары алыстай келе 
мағыналық байланысы үзіліп, омоним сөздерге де ауысып кетіп 
отырған. 
Сонымен, ұғымдық қатынастардың өзара бірлігі бар, мағыналық 
жігі ажырамаған түрлі мағыналардың қатысын бір сөз арқылы бір 
сөздің шеңберінде беруді сөздің көп мағыналылығы деп атауға болады. 
Сөздің көп мағыналығына берілген анықтамалардың кейбіреуіне 
тоқталып өтетін болсақ, олар мына тұрғыда берілген:
Е.М. Галкина-Федорук: «Многозначностью слова или полисемии 
называется способность слова синхронический обладать разными 
значениями. Но когда-то эти значения были переносными», -
дейді [22, 52].
Н.Н. Амосова тіл-тілде сөздің көп мағыналық қасиетінің бар 
екендігін айта келіп, сөздің көп мағыналығы деп сөзде бір тура 
мағынамен бір я болмаса бірнеше ауыспалы мағынасы болатын 
сөзді айтуға болатынын айтқан [23, 10]. 
Б.М. Юнусалиевтың анықтамасы бойынша: «Если исключить 


31 
отдельные отклонения и брать явления в целом, то многозначность 
(полисемантизм) прослеживается по двум признакам а) в 
зависимости от структуры слов (количество слогов), б) в зависимости 
от принадледжности слов и к грамматическим классам слов, или к 
той или иной сфере употребления», - деп көрсетеді де, қорытынды 
ретінде былай дейді: «Полисемия (многозначность) – означает в силу 
необходимости звукового выражения новых понятий при 
невозможности изобрести для этого новое слово неязыковой 
традиции. В основе же развития полисемии лежат переносное 
значение или одного из значений существующего слова на новое 
понятие по ассоциативной связи сходных с ними представлений. 
По этому непреложным условием развития полисемии является 
устойчивость фонетического слова, обусловленная в свою очередь 
устойчивостью 
выражаемого 
им 
понятия. 
Многозначность 
(полисемия) корневых слов есть исторический развивающееся 
явление. 
Полисемию следует рассматривать как один из важных способов 
развития лексики, прежде всего ее ядро корневых слов» [24, 98].
Ол сөздің көп мағыналылығын айта келіп, бірнеше мағынаны бір 
сөзге тән қасиет деп санамай, ол мағыналарды жеке-жеке сөз деп 
таниды. Ғ.Мұсабаев болса, қазақ тіл білімінде сөздің көп 
мағыналылығы тілдің тарихи даму процессінде пайда болған 
құбылыс деп көрсетеді [25, 42].
Ал тілші ғалым К.Аханов сөздің көп мағыналығы қоғамның 
дамуы барысында адам баласының танымағанды танып, зат пен 
құбылыстың қарым-қатынасын танудан пайда болған деп түсіндіре 
келіп, тілдегі полисемиялық құбылыс сөздің тура мағынасы мен 
туынды мағынасын қамтитынын айтады [26, 122]. 
Сонымен, сөздің көп мағыналығы тіл-тілдің қай-қайсында 
да болатын құбылыс деп түсіну керек. Бірақ олардың формалық
мағыналық жақтары, тіпті туыстас тілдердің өздерінде де ұқсас, 
сәйкес келе бермейді. Өйткені шындық өмірде болатын заттар мен 
құбылыстар барлық халыққа ортақ, бірдей болғанымен де, 
олардың тілдік формада берілуі әр тілде әр түрлі. Мәселен, қазақ 
тіліндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет