ҚОСЫМША СӨЗДІК
140
1 Көп мағыналы сөздерден жасалған синонимдік қатарлар
1.1 Екі синонимдік қатар түзейтін көп мағыналы сөздер
Абиырсыз: 1) абыройсыз; 2) ұятсыз.
I Абиырсыз – абыройсыз – беделсіз – қадірсіз
ІІ Абиырсыз – ұятсыз – көргенсіз – әдепсіз
Ағым: 1) ағыс; 2) беталыс.
I Ағым – ағыс
ІІ Ағым – беталыс – бағыт
Ажырау: 1) бөліну; 2) айрылу.
I Ажырау – бөліну – бөлектену – алыстау
ІІ Ажырау – айрылу – қол үзу
Айқын: 1) анық; 2) белгілі.
I Айқын– анық – нақты – ашық
ІІ Айқын – белгілі – мәлім
Айла: 1) ылаж; 2) қулық.
I Айла – ылаж – шара – шарық
ІІ Айла – қулық – тәсіл – амал
Ақи: 1) ежірей; 2) әкіреңде.
I Ақи – ежірей – ақырай
ІІ Ақи – әкіреңде – едіреңде – ақилан – ақшаңда
Алданыш: 1) жұбаныш; 2) машық.
I Алданыш – жұбаныш – медет – тиянақ – қуат
ІІ Алданыш – машық – ермек – жұбаныш
Алу: 1) ұстау; 2) азайту.
I Алу – ұстау – әкету – алып қою
ІІ Алу – азайту
Алыстау: 1) қашықтау; 2) байланысты үзу.
I Алыстау – қашықтау – жырақтау
ІІ Алыстау – байланысты үзу – бойды аулақ салу – ұзау
141
Аңқай: 1) бос қалу; 2) аң-таң болу.
I Аңқай – бос – ашық қалу (есік)
ІІ Аңқай – аң-таң болу – аңқию – маңқаю – аңырау – аңтарылу
Арбашы: 1) ұста; 2) арбакеш.
I Арбашы – ұста
ІІ Арбашы – арбакеш – делбеші – ат айдаушы
Арзан: 1) су тегін; 2) оңай.
I Арзан – су тегін
ІІ Арзан – оңай – жеңіл
Арқау: 1) жіп; 2) жүйе.
I Арқау – кілем (алаша) тоқығанда көлденең өткізетін жіп
ІІ Арқау – жүйе – желі – негіз – нәр – өзек
Атқару: 1) орындау; 2) бастан кешіру
I Атқару – орындау– істеп бітіру
II Атқару – бастан кешіру – өткізу – өткеру
Ауқаттану: 1) баю; 2) тамақтану.
I Ауқаттану – баю – молығу – әлдену – қатаю – шаруашылығын
түзету
ІІ Ауқаттану – тамақтану – ас ішу – жүрек жалғау – әлдену
Ауыздықтау: 1) ауыздық кигізу; 2) тиым салу.
I Ауыздықтау – ауыздық кигізу – жүгендеу
ІІ Ауыздықтау – тиым салу – тәртіпке бағындыру
Әбден: 1) мейлінше; 2) толық.
I Әбден – мейлінше – біржола – мүлде – өте – тіпті – тым
ІІ Әбден – толық – анық – жете – еркін – мол – кәміл
Әжептәуір: 1) тәп-тәуір; 2) бірталай.
I Әжептәуір – тәп-тәуір – жап-жақсы – әп-әдемі – кәдімгідей – оңды
– керім
ІІ Әжептәуір – бірталай – бірсыпыра – бірқатар – біраз – бірқыдыру –
едәуір
142
Әлді: 1) әлеуметті; 2) ауқатты.
I Әлді – әлеуметті – қарулы – күшті – мықты – қайратты – қажырлы –
берік
ІІ Әлді – ауқатты – әулетті – дәулетті – бай – қуатты
Әуей: 1) әулекі; 2) ашына.
I Әуей – әулекі – жындысүрей – әумесер
ІІ Әуей – жеңіл, суық жүріске салынған адам – ашына – тамыр –
көңілдес
Бағыну: 1) көну; 2) бас ию.
I Бағыну – көну – мойын ұсыну – бой ұсыну – тыңдау
ІІ Бағыну – бас ию – табыну
Бағыт: 1) беталыс; 2) ұстаған жол.
I Бағыт – беталыс – бағдар – жөн
ІІ Бағыт – ұстаған жол – ағым
Байлық: 1) дүние; 2) мол қор.
I Байлық – дүние – мол дәулет – мал-мүлік – игілік – қазына –
мүкәммал
ІІ Байлық – мол қор – молшылық – қазына
Басқару: 1) ел билеу; 2) ұйымдастыру.
I Басқару – ел билеу – басшылық ету – жетекші болу – нұсқау беру
ІІ Басқару – ұйымдастыру – жөнге салу – игеру
Басыну: 1) билеп-төстеу; 2) еркінсу.
I Басыну – билеп-төстеу – өктемдік жасау – әкімшілік – зорлық
көрсету
ІІ Басыну – еркінсу – дандайсу
Баю: 1) көбею; 2) даму.
I Баю – көбею – қорлану – молаю
ІІ Баю – даму – өрлеу – өсу
Баяу: 1) жай; 2) жайымен.
I Баяу – жай – ақырын – марғау – сылбыр – самарқау – митыңдау –
мимырт
143
ІІ Баяу – жайымен – жайбарақат – бейбіт – тыныш
Бәйге: 1) ат жарыс; 2) сыйлық.
I Бәйге – ат жарыс – ойын
ІІ Бәйге – сыйлық – жүлде
Бәле: 1) жала; 2) қырсық.
I Бәле – жала – дау – жанжал – шатақ
ІІ Бәле – қырсық – кесел – кесапат – кедергі – бақытсыздық – қайғы
Бәлекет: 1) бақытсыздық; 2) жұт.
I Бәлекет – бақытсыздық – қайғы
ІІ Бәлекет – жұт – апат – ауыртпашылық
Бәсеке: 1) талас; 2) бақас.
I Бәсеке – талас – өнер сайысы – жарыс – егес
ІІ Бәсеке – бақас – бақталас – өзара егес – күндес
Беташар: 1) өлең; 2) бастама.
I Беташар – өлең
ІІ Беташар – бастама
Биязы: 1) нәзік; 2) сыпайы.
I Биязы – нәзік – жіңішке
ІІ Биязы – сыпайы – әдепті
Бозару: 1) бозғылттану, 2) өңі қашу.
I Бозару – бозғылттану – ақшылдану
ІІ Бозару – өңі қашу – түсі бұзылу – сұрлану – көгеру
Бойжеткен: 1) кәмелетке толған; 2) бикеш.
I Бойжеткен – кәмелетке толған – ержеткен қыз
ІІ Бойжеткен – бикеш
Болат: 1) құрыш; 2) асыл.
I Болат – құрыш
ІІ Болат – асыл – мықты – берік
Борау: 1) ұйтқу; 2) төпеу.
144
I Борау – ұйтқу – соғу – бұрқау – бұрқасындау – түтеу
ІІ Борау – төпеу – төгілу – жауу
Борыш: 1) берешек; 2) міндет.
I Борыш – берешек – бересі – несие
ІІ Борыш – міндет – парыз – қарыз
Босану: 1) құтылу; 2) туу.
I Босану – құтылу – еркіндік алу – азаттану
ІІ Босану – туу – балалы болу – бала табу
Бұғу: 1) тасалану; 2) қорқу.
I Бұғу – тасалану – жасырыну – еңкею – тығылу
ІІ Бұғу – қорқу – үрейлену
Бұжыр: 1) тегіс емес; 2) дақ.
I Бұжыр – тегіс емес – бұжыр-бұжыр
ІІ Бұжыр – дақ – таңба – шұбар
Бұлақ: 1) бастау; 2) көз.
I Бұлақ – бастау – қайнар
ІІ Бұлақ – көз – негіз
Бұлдау: 1) құнын, бағасын көтеру; 2) міндет қылу.
I Бұлдау – құнын, бағасын көтеру – дәріптеу
ІІ Бұлдау – міндет қылу – бәлсіну – бәлдену – әлдеқандай болу –
керігу – әулиесу
Бұлқыну: 1) ұмтылу; 2) тулау.
I Бұлқыну – ұмтылу – аласұру – жанталасу
ІІ Бұлқыну – тулау – секіру – жұлыну
Бұлтақтау: 1) бір олай, бір былай қозғалу; 2) айну.
I Бұлтақтау – бір олай, бір былай қозғалу – шайқалу – тербелу –
теңселу – шайқақтау – бұлтыңдау
ІІ Бұлтақтау – айну – қобалжу – тұрақсыздану
Батыр: 1) қаһарман; 2) ер жүрек.
I Батыр – қаһарман
145
ІІ Батыр – ер жүрек – қайсар – батыл – өткір
Бағдар: 1) беталыс; 2) шама-шарық.
I Бағдар – беталыс – бағдар – жөн
ІІ Бағдар – шама-шарық – деңгей – мөлшер
Бұлтару: 1) кенет, шұғыл, кілт бұрылу; 2) жалтару.
I Бұлтару – кенет, шұғыл, кілт бұрылу
ІІ Бұлтару – жалтару – қалтқы – қулық
Бұлтарыс: 1) қағаберіс; 2) жалтарыс.
I Бұлтарыс – қағаберіс – бұрылыс – таса – қалтарыс
ІІ Бұлтарыс – жалтарыс – қалтқы – қулық
Бұрыс: 1) шалғай; 2) теріс.
I Бұрыс – шалғай – қиыс – шеткері – алшақ – кереғар – бүйрек
ІІ Бұрыс – теріс – қисық – ағат – өтірік
Білім: 1) түсінік; 2) ақыл.
I Білім – түсінік – оқу
ІІ Білім – ақыл – парасат – ой-өріс
Дағды: 1) машық; 2) әдет-ғұрып.
I Дағды – үйреншікті, сүйекке сіңген әдет, қалыптасқан машық
ІІ Дағды – әдет – ғұрып – салт-дәстүр
Дағдылы: 1) үйреншікті; 2) әккі болған.
I Дағдылы – үйреншікті – машықты – қалыпты – сыр мінез
ІІ Дағдылы – әккі – қақасал – тәжірибелі
Далию: 1) жайылу; 2) көңілі шалқу.
I Далию – жайылу – созылу – кең болу
ІІ Далию – көңілі шалқу – масаттану – мақтану
Даму: 1) жан-жақты өсу; 2) қалыптасу.
I Даму – жан-жақты өсу – өркендеу – өну – өрістеу
ІІ Даму – қалыптасу – жетілу – өрістеу
Дана: 1) кемеңгер; 2) тәжірибелі.
146
I Дана – кемеңгер – данышпан – білімді
ІІ Дана – тәжірибелі – әділ – тура
Даналық: 1) данышпандық; 2) өнегелі өсиет.
I Даналық – данышпандық – кемеңгерлік
ІІ Даналық – өнегелі өсиет – үлгі сөз
Дара: 1) жеке; 2) ерекше.
I Дара – жеке – жалғыз
ІІ Дара – ерекше – өзгеше
Дауласу: 1) келіспеу; 2) жанжалдасу.
I Дауласу – келіспеу – қарсы сөйлеу – керілдесу – таласу
ІІ Дауласу – жанжалдасу – ұрысу – керісу – тайталасу
Дерексіз: 1) хабарсыз; 2) айғақсыз.
I Дерексіз – хабарсыз – хабар ошарсыз
ІІ Дерексіз – айғақсыз – дәлелсіз
Дөңкею: 1) тоңқаю; 2) күжірею.
I Дөңкею – тоңқаю – теңкею
ІІ Дөңкею – күжірею – құржию
Дүрбелең: 1) ауыртпалық; 2) әбігерге салушылық.
I Дүрбелең – ауыртпалық төнген шақ – аласапыран уақыт
ІІ Дүрбелең – әбігерге салушылық – қым-қиғаш әуреге түсушілік –
мазасыздық
Дірілдеу: 1) дір етіп қозғалу; 2) қалтырау.
I Дірілдеу – дір-дір етіп қозғалу – қимылдау – қалш-қалш ету,
қалшылдау
ІІ Дірілдеу – қалтырау – селкілдеу
Ебдейсіз: 1) икемсіз; 2) ыңғайсыз.
I Ебдейсіз – икемсіз – оралымсыз – епсіз қорбиған
ІІ Ебдейсіз – ыңғайсыз – жөнсіз – сөлекет ерсі
Егес: 1) ерегес; 2) бәсеке.
I Егес – ерегес – талас-тартыс – қақтығыс
147
ІІ Егес – бәсеке – жарыс – тайталас – тірес
Егжей-тегжей: 1) бір нәрсенің жай-жапсары; 2) жан-жақты.
I Егжей-тегжей – бір нәрсенің жай-жапсары – анық-қанығы – бүге-
шүгесі – ұңғыл-шұңғылы
ІІ Егжей-тегжей – жан-жақты – кеңінен – толығынан
Ежелгі: 1) бұрыннан келе жатқан; 2) ертедегі.
I Ежелгі – бұрыннан келе жатқан – байырғы
ІІ Ежелгі – ертедегі – баяғы – бұрынғы – әуелгі – қашанғы – атам
заманғы – көне
Елжіреу: 1) іші жылу; 2) жан-тәнімен берілу.
I Елжіреу – іші жылу – мейірлену – емірлену – айналып-толғану
ІІ Елжіреу – жан-тәнімен берілу – құштарлану – құмарту – балқу
Емі: 1) емдеу әрекеті; 2) амалы.
I Емі – емдеу әрекеті – емдеу ісі – дауа – шипа
ІІ Емі – амалы – айласы – шарасы
Еңбектеу: 1) етпеттей жүру; 2) өрмелеу.
I Еңбектеу – етпеттей жүру – еңбектей жүру – жер-бауырлау
ІІ Еңбектеу – жорғалау – өрмелеу – тырмысу
Еңкіш: 1) ылдыйдау; 2) бүгіліңкі.
I Еңкіш – ылдыйдау – еңістеу – еңкістеу
ІІ Еңкіш – бүгіліңкі – бүкірейіңкі – иіліңкі – еңкек
Еңселеу: 1) еңсеру; 2) ентелеу.
I Еңселеу – еңсеру – меңдеу – жеңу – алқымдау
ІІ Еңселеу – ентелеу – бар күшін салу
Еңіреу: 1) егіліп, ағыл-тегіл жылау; 2) зар қақсау.
I Еңіреу – егіліп, ағыл-тегіл жылау – көз жасын көл қылу
ІІ Еңіреу – зар қақсау – күңірену – күйіну – күйзелу
Епті: 1) ыңғайлы; 2) тәсілқой.
I Епті – ыңғайлы – икемді – бейім – оңтайлы – ықшам – оралымды
ІІ Епті – тәсілқой – пысық – айлакер – қу
148
Ерсі: 1) оғаш; 2) жарасымсыз.
I Ерсі – оғаш – сөлекет – өрескел – сиықсыз – сорақы – сөкет
ІІ Ерсі – жарасымсыз – ұнамсыз – қолайсыз – әбес – одағай
Епсіз: 1) ептемей; 2) исапсыз.
I Епсіз – ептемей – қалай болса солай – беталды
ІІ Епсіз – қисапсыз – сансыз – көп – аса мол – шексіз
Есею: 1) үлкею; 2) марқаю.
I Есею – үлкею – өсу – ер жету
ІІ Есею – марқаю – сақаю
Жабу: 1) жамылғы; 2) есік (қазақ үйдің киіз есігі).
I Жабу – жамылғы
ІІ Жабу – (қазақ үйдің киіз есігі) есігі
Жаға: 1) киімнің бір бөлігі; 2) жағалау.
I Жаға – киімнің бір бөлігі
ІІ Жаға – жағалау – жиек – кемер – қабақ
Жағдайлы: 1) қолайлы; 2) жайлы.
I Жағдайлы – қолайлы – ыңғайлы
ІІ Жағдайлы – жайлы – тиімді
Жадырау: 1) жайма-шуақтанып райлану; 2) көңілдену.
I Жадырау – жайма-шуақтанып райлану – жайнау
ІІ Жадырау – шат-шадыман болу – жайраңдап масайрау – мажырау –
қабағы ашылу – көңілдену
Жазалы: 1) айыпты; 2) айыпкер.
I Жазалы – айыпты – кінәлі – жазықты
ІІ Жазалы – айыпкер – қылмысты
Жайласу: 1) жайғау; 2) жайғасу.
I Жайласу – жайғау – ыңғайлап жөндеу
ІІ Жайласу – жайғасу – орналасу – орнығу
Жайнау: 1) жарқырау; 2) жайғасу.
149
I Жайнау – жарқырау – жап-жарық болу
ІІ Жайнау – құбылу – құлпыру – түрлену
Жайпау: 1) қырып-жою; 2) сыпырып-сиыру.
I Жайпау – қырып-жою – жамсату – баудай түсіру – жаусату
ІІ Жайпау – сыпырып-сиыру – тып-типыл ету – жапырып-жаншу
Жайылу: 1) өрісте оттау; 2) көлемі кеңею.
I Жайылу – өрісте оттау
ІІ Жайылу – көлемі кеңею – жазылу – таралу – сіңу
Жалақтау: 1) жалмаңдау; 2) құлқыны құрып жалаңдау.
I Жалақтау – жалмаңдау – жалаң қағу – жұтыну
ІІ Жалақтау – құлқыны құрып жалаңдау – ашқарақтану – жалмаңдау
Жалған: 1) шындығы жоқ, өтірік; 2) өңі боялған, шынайы емес.
I Жалған – шындығы жоқ, өтірік
ІІ Жалған – өңі боялған, шынайы емес – бояма – жасанды
Жалғасу: 1) байланысу; 2) бір-біріне тие қосылу.
I Жалғасу – байланысу – хабардар болу
ІІ Жалғасу – бір-біріне тие қосылу – ұштаса ұласу – шектесу – астасу
– сабақтасу – жіптесу
Жалтару: 1) жалт беру; 2) бұлталақтау.
I Жалтару – жалт беру – бұлтара қашу
ІІ Жалтару – бұлталақтау – айтқанында тұрмау – тайсақтау
Жаралу: 1) дүниеге келу; 2) пайда болу.
I Жаралу – дүниеге келу – туылу
ІІ Жаралу – пайда болу – жасалу – құралу
Жарасу: 1) ажарын кіргізу; 2) тіл табысу.
І Жарасу – ажарын кіргізу –көрік беру – әдемі көріну – қонымды болу
– ұнау – жарасымды болу
ІІ Жарасу – тіл табысу – үйлесу – ынтымақтасу
Жарылқау: 1) жетістіру; 2) қуанту.
I Жарылқау – жетістіру – қарық қылу – кенелту
150
ІІ Жарылқау – қуанту – мәз қылу – қолын бақытқа жеткізу
Жарымжан: 1) кемтар; 2) мүсәпір.
I Жарымжан – кемтар – мүгедек – дімкәс
ІІ Жарымжан – мүсәпір – ғаріп – сорлы
Жасқаншақтау: 1) қорғаншақтау; 2) жүрексіну.
I Жасқаншақтау – қорғаншақтау – беттемеу – тайсақтау
ІІ Жасқаншақтау – жүрексіну – қымсыну – имену
Жасыру: 1) тығу; 2) сыр бүгу.
I Жасыру – тығу – тасалау – бұқпантайлау – көлегейлеу – жытыру
ІІ Жасыру – сыр бүгу – құпиялау – бүкпелеу – бүркемелеу –
көмескілеу
Жемтік: 1) жыртқыш атаулының жемі; 2) өлексе.
I Жемтік – жыртқыш атаулының жемі – азығы – тамағы
ІІ Жемтік – өлексе – өлімтік – өлген малдың қалдығы
Жеміс: 1) өнім; 2) нәтиже.
I Жеміс – өнім – миуа
ІІ Жеміс – нәтиже – қорытынды
Жендет: 1) баскесер; 2) алғыр.
I Жендет – баскесер – қанішер
ІІ Жендет – алғыр – өжет
Жентектеу: 1) жұмыру; 2) илектеу.
I Жентектеу – жұмыру – түйпектеу
ІІ Жентектеу – илектеу – жаныштау – соқталау
Жеңілтек: 1) жеп-жеңіл; 2) ұшқалақ.
I Жеңілтек – жеп-жеңіл – жалаң қабат – қалың (ауыр) емес
ІІ Жеңілтек – ұшқалақ – ұшып-қонба – жеңіл мінезді – қаңғалақ
Жетек: 1) тәрте; 2) ыңғай.
I Жетек – тәрте – арыс – қосар
ІІ Жетек – ыңғай – ымбай – ырық
Жетілу: 1) өсу; 2) қатарға қосылу.
151
I Жетілу – өсу – даму
ІІ Жетілу – қатарға қосылу – жетісу – теңелу
Жоғалу: 1) көзден таса болу; 2) жойылу.
I Жоғалу – көзден таса болу – бір жаққа кету
ІІ Жоғалу – жойылу – құру
Жойқын: 1) қырып-жойып кететін; 2) керемет.
I Жойқын – қырып-жойып кететін – алапат – сұрапыл – әлей
ІІ Жойқын – керемет – сұмдық – орасан – ғажайып – ғажап – ғаламат
Жоқшылық: 1) тапшылық; 2) кедейлік.
I Жоқшылық – тапшылық – жетімсіздік
ІІ Жоқшылық – кедейлік – жарлылық – жоқ-жітіктік
Жұмсау: 1) жіберу; 2) пайдалану.
I Жұмсау – жіберу – тапсырма беру – аттандыру
ІІ Жұмсау – пайдалану – жегу – жарату (ақшаны) – іске асыру
Жұмыс: 1) еңбек; 2) іс-шаруа.
I Жұмыс – еңбек – әрекет – қызмет – қаракет
ІІ Жұмыс – іс-шаруа
Жүкте: 1) жүк арту; 2) міндеттеу.
І Жүкте - жүк арт – тие
ІІ Жүкте – міндетте – тапсыр – сенім арт
Жүкті: 1) жүк артылған; 2) екі қабат.
I Жүкті – жүк артылған – жүк тиелген – жүк салынған
ІІ Жүкті – екі қабат – аяғы ауыр
Жылпос: 1) пысық; 2) ширақ.
I Жылпос – пысық – епті – ылпың-жылпың
ІІ Жылпос – ширақ – ұшқыр – жүрдек
Жылтыңдау: 1) жылт-жылт ету; 2) жылмаңдау.
I Жылтыңдау – жылт-жылт ету – жылтырау
ІІ Жылтыңдау – жалмаңдау – қылмаңдау – жылпыңдау – қылтыңдау –
сумаңдау
152
Жым-жылас: 1) зым-зия; 2) теп-тегіс.
I Жым-жылас – зым-зия
ІІ Жым-жылас – теп-тегіс – жым-жалмағай
Жым-жырт: 1) тым-тырыс; 2) үн-түнсіз.
I Жым-жырт – тым-тырыс – меңіреу
ІІ Жым-жырт – үн-түнсіз – тым-тырыс – тып-тыныш
Жымқыру: 1) шетін ішке қарай тығу; 2) жасыру.
I Жымқыру – шетін ішке қарай тығу – жинастыру
ІІ Жымқыру – жасыру – тығып қою – ұрлау
Жымыраю: 1) бүктелу; 2) мыжыраю.
I Жымыраю – ішіне қарай бүктелу – қисаю
ІІ Жымыраю – мыжыраю – мыж-мыж болу
Жырту: 1) соқалау; 2) жыру.
I Жырту – соқалау – өңдеу – айыру – дал-дұлын шығару
ІІ Жырту – жыру – жаралап кету
Жіберу: 1) жөнелту; 2) босату.
I Жіберу – жөнелту – аттандыру – жұмсау
ІІ Жіберу – босату – қоя беру – ұстамау – тоқтатпау
Жік-жік: 1) бөлек-бөлек; 2) жақ-жақ.
I Жік-жік – бөлек-бөлек – тарам-тарам – сал-сала
ІІ Жік-жік – топ-топ – жақ-жақ
Жіңішке: 1) енсіз; 2) нәзік.
I Жіңішке – енсіз – сидам – талдырмаш – жіптіктей – сыптығыр
ІІ Жіңішке – нәзік – бәсең – әлжуаз
Зағип: 1) кемтар; 2) кәріп-қасер.
I Зағип – кемтар – мүгедек – жарымжан
ІІ Зағип – кәріп-қасер – мүсәпір – бейшара
Зақым: 1) жара; 2) зиян.
I Зақым – жара – жарақат
153
ІІ Зақым – зиян – зардап – кесір – залал
Залым: 1) сұмырай; 2) рақымсыз.
I Залым – қу – сұм – сұмырай – ала аяқ – сайқал – мыстан
ІІ Залым – рақымсыз – жауыз – қаныпезер – қара ниет – арам
Заман: 1) дәуір; 2) мерзім.
I Заман – дәуір – кезең
ІІ Заман – мерзім – уақыт – кез
Зат: 1) нәрсе; 2) дүние мүлік.
I
Зат – (табиғаттағы барлық жанды-жансыз) нәрсе
ІІ Зат – дүние мүлік – жасау – жиһаз – бұйым
Зерделеу: 1) көңілге тоқу; 2) зейін қою.
І Зерделеу – көңілге тоқу – зейін қою
ІІ Зерделеу – зейін қою – ойлану – толғану – зер салу
Зират: 1) мола; 2) қабір.
І Зират – мола – бейіт
ІІ Зират – қабір – мазарат
Зиялы: 1) ізетті; 2) оқыған.
І Зиялы – ізетті – әдепті – сыпайы
ІІ Зиялы – оқыған – сауатты – интелегент
Зиянды: 1) пайдасыз; 2) кесірлі.
І Зиянды – пайдасыз – залалды – шығынға ұшыраған – зарарды
ІІ Зиянды – кесірлі – кесапатты
Игілікті: 1) шапағатты; 2) мәнді.
І Игілікті – шапағатты – қайрымды – рақымды
ІІ Игілікті – маңызды – мәнді – нәтижелі
Иемдену: 1) меншіктеу; 2) пайдалану.
І Иемдену – меншіктеу – иелену – қожалық ету
ІІ Иемдену – пайдалану – малдану
Икемді: 1) ыңғайлы; 2) епті.
154
І Икемді – ыңғайлы – ықшамды – бейімді
ІІ Икемді – епті – іскер
Ими: 1) иіңкі келу; 2) бүкши.
I Ими – иіңкі келу – иілу
ІІ Ими – бүкшию – бүгілу – еңкіштену
Инабат: 1) ізгі қасиет; 2) ар-ұждан.
І
Инабат – ізгі қасиет – әдеп – өнегелі ізет – ілтипат
ІІ Инабат – ар-ұждан – ұят
Итаршы: 1) кішкене, шәуілдек ит; 2) жарамсақ.
І Итаршы – кішкене, шәуілдек ит
ІІ Итаршы – жарамсақ – құйыршық
Кездесу: 1) кезігу; 2) тап болу.
І Кездесу – кезігу – жолығу
ІІ Кездесу – тап болу – ұшырасу – душар болу
Кезең: 1) кез; 2) тарихи дәуір.
І Кезең – кез – уақыт – мезгіл
ІІ Кезең – тарихи дәуір – заман – эпоха
Кезігу: 1) қарсы жолығу; 2) ұшырасу.
І Кезігу – қарсы жолығу – кез болу
ІІ Кезігу – ұшырасу – тап болу
Кейде: 1) кей уақытта; 2) оқта-текте.
I Кейде – кей уақытта – кей кезде
ІІ Кейде – оқта-текте – анда-санда –бірде
Кегжи: 1)
шалқай; 2) кекірей.
I Кегжи – шалқай – шалқақта
ІІ Кегжи – кекірей – кекшей – кекей – қақшай – қақай
Кемтар: 1) жарымжан; 2) жетімсіз.
І Кемтар – жарымжан – мүгедек – ғарып – дімкәс – кемістігі бар
ІІ Кемтар – тапшы – жетімсіз – мұқтаж
155
Кемшілік: 1) кемістік; 2) қателік.
I Кемшілік – кемістік – олқылық
ІІ Кемшілік – қателік – әбестік – білместік
Кепиет: 1) ерекше қасиет; 2) кесір.
І Кепиет – ерекше қасиет – кие – құпия күш
ІІ Кепиет – кесір – кесапат – қырсық
Кербез: 1) керіліп-созылған; 2) бабына келтіре.
I Кербез – керіліп-созылған – сәнқой – паң – сылқым
ІІ Кербез – бабына келтіре – әсем – сәнді
Кері: 1) артқа қарай; 2) қарама-қарсы.
I Kepi – артқа қарай – кейін – қайта
ІІ Кері – қарама-қарсы – қайшы
Кескін: 1) бет пішін; 2) тұлға.
І Кескін – бет пішін – әлпет – келбет – кейіп
ІІ Кескін – тұлға – тұрпат – бейне
Кескінді: 1) әлпетті; 2) келбетті.
І Кескінді – әлпетті – пішінді
ІІ Кескінді – келбетті – әдемі – келісті – сымбатты
Көлем: 1) аумағы; 2) шегі.
І Көлем – аумағы – мөлшері – қарымы – шама – мұғдар
ІІ Көлем – шегі – аясы – қорам
Көлеңдеу: 1) желбіреу; 2) қараңдау.
I Көлеңдеу – көлбең-көлбең ету – желбіреу – көлбеңдеу
ІІ Көлеңдеу – қараңдау – қарауытып көріну
Көмкеру: 1) жапсыру; 2) қоршау.
I Көмкеру – жапсыру – жиектеу – қайыру
ІІ Көмкеру - қоршау - орау
Күбіту: 1) қарбыту; 2) асыра сөйлеу.
I Күбіту – қарбыту – өндіру – тындыру
ІІ Күбіту – асыра сөйлеу – көпірту – бұрқырату – өкірту – төпеу
156
Күйзелу: 1) қиналу; 2) азап шегу.
І Күйзелу – қиналу – қайғыру – қажу
ІІ Күйзелу – азап шегу – жүдеп-жадау – жұтау – азу – азғыну
Күйлі: 1) жағдайы жақсы; 2) семіз.
І Күйлі – жағдайы жақсы – ауқатты – тың – ширақ
ІІ Күйлі – семіз – қоңды
Күлу: 1) жымию; 2) әлжуалау.
І Күлу – ыржию – жымию – езу тарту – жырқылдау – жыртақтау
ІІ Күлу – әлжуалау – мазақтау – келеке ету
Күнделікті: 1) күн сайынғы; 2) үнемі.
I Күнделікті – күн сайынғы – дағдылы – әдеттегі – үйреншікті
IІ Күнделікті – үнемі – әрдайым – күн сайын
Күшею: 1) арту; 2) нығаю.
І Күшею – арту – үдеу
ІI Күшею – нығаю – жақсару – түзелу
Кібіртіктеу: 1) баяулау; 2) мүдіру.
І Кібіртіктеу – баяулау
ІI Кібіртіктеу – мүдіру – күмілжу
Кінә: 1) кемшілік; 2) айып.
I Кінә – кемшілік – мін – ағаттық – ерсілік
ІІ Кінә – айып – жазық
Кісендеу: 1) тұсау; 2) матау.
І Кісендеу – тұсау – шынжырлау
ІІ Кісендеу – матау – байлау – тыйым салу
Қағынды: 1) өкпенің талаурауы; 2) құтырған.
І Қағынды – өкпенің талаурауы – қабынуы
ІІ Қағынды – құтырған – оңбаған – құдай атқан
Қайталау: 1) тағы да, қайтадан айту (істеу); 2) пысықтау.
І Қайталау – тағы да, қайтадан айту – екінші рет болу
157
ІІ Қайталау – пысықтау
Қалау: 1) қолқа салу; 2) мақұл көру.
I Қалау – қолқа салу – сұрау
ІІ Қалау – мақұл көру – ұнату – тілеу
Қалыпты: 1) тұрақты; 2) әдетке сіңген.
I Қалыпты – тұрақты – орнықты – өзгермейтін
ІІ Қалыпты – әдетке сіңген – үйреншікті – дағдылы
Қам: 1) жай-жағдай; 2) әрекет.
I Қам – жай-жағдай – хал-күй
ІI Қам – әрекет – айла-амал
Қарайла: 1) қарағыштау; 2) байқау.
I Қарайла – қарағыштау – қайта-қайта қарай беру – көз салу
ІІ Қарайла – байқау – аңғару – зер салу
Қаралу: 1) қарастыру; 2) тексерту.
І Қаралу – қарастыру – байқастыру
ІІ Қаралу – тексерту – емделу – көріну
Қаралы: 1) қайғылы; 2) тауқыметті.
I Қаралы – қайғылы – азалы
ІІ Қаралы – азапты – ауыр – мехнатты – тауқыметті
Қарапайым: 1) жұпыны; 2) жабайы.
І Қарапайым – жұпыны – жәй
ІІ Қарапайым – жабайы – тұрпайы
Қарастыру: 1) іздестіру; 2) тексеру.
І Қарастыру – іздестіру – табуға тырысу
ІІ Қарастыру – тексеру – ойластыру – қам жасау
Қас:
1) өш; 2) жау.
I Қас – өш
ІІ Қас – дұшпан – жау
Қипақтау: 1) тынышы кету; 2) батылы бармау.
158
I Қипақтау – тынышы кету – мазасыздану – қозғалақтау
ІІ Қипақтау – батылы бармау – кібіртіктеу – сипақтау – именшектеу –
қыбыжықтау
Қиялдау: 1) қиялға берілу; 2) армандау.
І Қиялдау – қиялға берілу – ой жіберу – санамен шолу – ойлау –
зерделеу
ІІ Қиялдау – армандау – көксеу
Қопару: 1) аудару; 2) ескіні қазбалау.
I Қопару – аудару – астан-кестеңін шығару
ІІ Қопару – ескіні қазбалау – ақтару – қайта жаңғырту
Қорғансыз: 1) қорған-қамалы жоқ; 2) панасыз.
І Қорғансыз – қорған-қамалы жоқ – қоршаусыз
ІI Қорғансыз – панасыз – қорғаушы, сүйенері жоқ
Қорлау: 1) ар намысын аяққа басу; 2) жәбірлеу.
І Қорлау – ар намысын аяққа басу – басыну – кемсіту
ІІ Қорлау – жәбірлеу – азаптау – қорлық көрсету
Қорыну: 1) біреуді кем тұту; 2) місе тұтпау.
І
Қорыну – біреуді кем тұту – кемсіту – қор санау
ІІ Қорыну – місе тұтпау – қомсыну – олқысыну
Қошаметтеу: 1) құрметтеу; 2) мақтау.
I Қошаметтеу – құрметтеу – сыйлау – ізет білдіру
ІІ Қошаметтеу – мақтау – қолпаштау – мадақтау – дәріптеу
Қу: 1) айлакер; 2) опасыз.
I Қу – айлакер – амал тапқыш – епшіл
ІІ Қу – опасыз – жалған – баянсыз – ала аяқ – сайқал
Қуаттану: 1) әлдену; 2) жігерлену.
І Қуаттану – әлдену – қуат алу – күш жинау – дилану
ІІ Қуаттану – жігерлену – қайраттану
Қуғындау: 1) қуғын салу; 2) қудалау.
I Қуғындау – қуғын салу – қуу
159
ІІ Қуғындау – қудалау – соңына түсу
Қулық: 1) алдамшы іс-әрекет; 2) залымдық.
I Қулық – алдамшы іс-әрекет – амал – айла – тәсіл
ІІ Қулық – залымдық – зұлымдық – айлакерлік – арамдық –
сұмдық
Құмар: 1) ынтық; 2) әуес.
I Құмар – ынтық – ынтызар – асық – іңкәр
ІІ Құмар – әуес – үйір – құштар – қызықтағыш
Құрғау: 1) құрып кету; 2) кеберсу.
I Құрғау – құрып кету – кебу – дегду – тобарсу
ІІ Құрғау – кеберсу – кезеру
Құрдас: 1) құрбы; 2) замандас.
І Құрдас – құрбы – теңдес
ІІ Құрдас – замандас – қатарлас – тұстас – тұрғылас
Қымбат: 1) өте бағалы; 2) аса қадірлі.
I Қымбат – өте бағалы – құны артық
ІІ Қымбат – аса қадірлі – аяулы – ыстық
Қыңыраю: 1) бір жағына қарай қисаю; 2) қасарысу.
І Қыңыраю – бір жағына қарай қисаю – иілу
ІІ Қыңыраю – қасарысу – қиқарлану
Қысылу: 1) ұялу; 2) қиналу.
I Қысылу – ұялу – ыңғайсыздану – қызару
ІI Қысылу – cacy – қиналу
Қысыла: 1) қымтырыла-қысылып; 2) қызара.
I Қысыла – қымтырыла-қысылып, қымтырылып – әрең – зорға
ІI Қысыла – қызара – ұяла – қымсына
Қысылтаяң: 1) аласапыран; 2) ауыр.
І Қысылтаяң – аласапыран – қарбалыс – қысылшаң
ІI Қысылтаяң – ауыр – қиын-қыстау
160
Қысылыңқырау: 1) тарығу; 2) аздап ұялу.
І Қысылыңқырау – тарығу – қиналыңқырау
ІI Қысылыңқырау – аздап ұялу – ұялыңқырау – именіңкіреу
Қытымыр: 1) қатығу; 2) ызғарлы.
І Қытымыр – қатығу – қатты – қатал
ІI Қытымыр – суық – ызғарлы – аязды
Леп: 1) самал; 2) хабар.
I
Леп – самал – желпу
ІІ Леп – хабар – жағымды жаңалық
Мағына: 1) ұғым; 2) мән.
І Мағына – ұғым – түсінік
ІІ Мағына – мән – маңыз – мазмұн
Мағыналы: 1) мағынасы терең; 2) мәнді.
І Мағыналы – мағынасы терең – кең – әсерлі
ІІ Мағыналы – мәнді – мазмұнды
Мағлұмат: 1) хабар; 2) мәлімет.
І Мағлұмат – хабар – жан-жақты білім
ІІ Мағлұмат - ақпарат – мәлімет
Мажырау: 1) жайма-шуақтану; 2) жадырау.
I Мажырау — жайма-шуақтану — ашылу — жыли бастау — көңіреу
ІІ Мажырау - жадырау — көңілдену — жарқырау
Мақау: 1) тілі жоқ; 2) меңіреу.
І Мақау – тілі жоқ – мылқау
ІІ Мақау – меңіреу – кеще
Мақтану: 1) қораздану; 2) бөсу.
І Мақтану – қораздану – қоқилану – күпсіну – мардымсу
ІІ Мақтану – бөсу – көпіру – ісіну – кебіну – күпіну
Мақұл: 1) құп; 2) дұрыс.
І Мақұл – құп – жақсы – жарайды деу – келісу
ІІ Мақұл - дұрыс - жөн
161
Мақұлық:1) жәндік; 2) надан.
І Мақұлық – жәндік - жан-жануар
ІІ Мақұлық –надан – топас
Маңғаз: 1) паң; 2) байыпты.
І Маңғаз – паң – керенау – кербез – тәкаппар
ІІ Маңғаз – байыпты – байсалды – салмақты
Марғау: 1) селсоқ; 2) көңілсіз.
І Марғау – селсоқ – сылбыр – самарқау
ІІ Марғау – көңілсіз – жабырқаңқы
Марқаю: 1) есею; 2) өсіп-өну.
І Марқаю – есею – өсу – үлкею
ІІ Марқаю – өсіп-өну – алға басу
Масқара: 1) ар-намысқа тиетін өрескел іс; 2) мазақ.
І Масқара – ар-намысқа тиетін өрескел іс – ұят – сұмдық
ІІ Масқара – мазақ – келемеж – ажуа
Мәнерлеу: 1) әшекейлеу; 2) нақышына, бабына тиетін келтіре сөйлеу.
І Мәнерлеу – әшекейлеу – өрнектеу – өрлеу
ІІ Мәнерлеу – нақышына, бабына тиетін келтіре сөйлеу – әдемілеп оқу
Мәртебе: 1) абырой; 2) дәреже.
І Мәртебе – абырой – атақ – дәреже – даңқ
ІІ Мәртебе – бақ – дәреже – мақтаныш
Межелеу: 1) мөлшерлеу; 2) шек қою.
I Межелеу – мөлшерлеу – шамалау
ІІ Межелеу – шек қою – белгілеу
Мезетте: 1) кезде; 2) лезде.
I Мезетте – кезде – уақытта – сәтте – мезгілде
IІ Мезетте – лезде – тез – жылдам
Мейрімдену: 1) іші жылу; 2) жаны ашу.
I Мейрімдену – іші жылу – жақсы көру – ниеті ауу – ықыласы
162
түсу
ІI Мейрімдену – жаны ашу – есіркеу – аяу
Мекен-жай: 1) қоныстанған орын; 2) ғимарат.
I Мекен-жай – қоныстанған орын – тұрақ
ІI Мекен-жай – ғимарат – құрылыс – салынған үй – мекеме
Меңгеру: 1) игеру; 2) басшылық ету.
І Меңгеру – игеру – қыр-сырын жақсы білу
ІІ Меңгеру – басшылық ету – басқару – баурау
Меңдеу: 1) әлі құру; 2) басу.
І Меңдеу – әлі құру – дәрмені кету – асқыну
ІІ Меңдеу – басу – билеу – жеңу – дендеу – иықтану
Мөңку: 1) тулау; 2) ашулану.
I Мөңку – тулау – асаулану
ІІ Мөңку – ашулану – шамдану – бұрқ-сарқ болу
Мақау: 1) кекеу; 2) жаны ашу.
I Мақау – кекеу – қағыту – мұқату – кеміту
ІІ Мақау – жаны ашу – мою – қайту
Мұра: 1) дүние-мүлік; 2) салт-сана.
І Мұра – дүние-мүлік – бұйым т.с.с. заттар
ІІ Мұра – салт-сана – дәстүр – өнегелі еңбек
Мұрындық: 1) істек ағаш; 2) басшы.
I Мұрындық – істек ағаш
ІІ Мұрындық – басшы – жетекші – ұйтқы
Мүдіру: 1) тосылу; 2) тоқтап қалу.
I Мүдіру – тосылу – жауап таба алмай қалу
ІІ Мүдіру – тоқтап қалу – бөгелу – кідірістеу
Мүлде: 1) біржола; 2) тіптен.
І Мүлде – біржола – үзілді-кесілді
ІІ Мүлде – тіптен – бүтіндей
163
Мүсін: 1) бет-әлпет; 2) бейне.
I Мүсін – бет – әлпет – пішін – келбет
ІІ Мүсін – бейне – тұлға – скульптура
Мықты: 1) күшті; 2) берік.
І Мықты – күшті – қуатты – әлді
ІІ Мықты – берік – бекем – мызғымас
Мылжың: 1) мән-мағынасы жоқ, көпірме бос сөз; 2) тантық.
І Мылжың – мән-мағынасы жоқ, көпірме бос сөз
ІІ Мылжың – тантық – қазымыр – қырт
Надан: 1) топас; 2) білімсіз.
І Надан – топас – пайымсыз – пасық – малғүн
ІІ Надан – білімсіз – қараңғы
Назар: 1) зейін; 2) жанар.
І Назар – зейін – ықылас – зерде
ІІ Назар – көз – жанар
Нақақ: 1) әділетсіз; 2) көпе-көрнеу.
I Нақақ – әділетсіз – жазықсыз – кінәсіз
ІІ Нақақ – көпе-көрнеу – өтірік – жалған
Нәжіс: 1) үлкен дәрет; 2) былапыт.
I Нәжіс – үлкен дәрет
ІІ Нәжіс – былапыт – былғаныш – жаман
Нәзік: 1) жіп-жіңішке; 2) берік емес.
I Нәзік – жіп-жіңішке
ІІ Нәзік – берік емес – әлсіз – осал
Нән: 1) үлкен; 2) мықты.
І Нән – үлкен – дәу – қомақты
ІІ Нән – мықты – күшті
Нәр: 1) талшық; 2) әл.
І Нәр – талшық – қорек
ІІ Нәр – ел – күш-қуат
164
Нәрлі: 1) құнарлы; 2) мәнді.
I Нәрлі – құнарлы – қуатты – маңызды
ІІ Нәрлі – мәнді – сапалы – тартымды
Негіз: 1) түп-төркін; 2) ірге тас.
I Негіз – түп-төркін – тек
ІІ Негіз – ірге тас
Ожар: 1) оспадар; 2) оғаш дөрекі.
I Ожар – оспадар – ұр да жық – әпербақан
ІІ Ожар – оғаш дөрекі – ерсі
Озық: 1) алдыңғы қатарлы; 2) ерте.
I Озық – алдыңғы қатарлы – маңдай алды – үздік – озат
ІІ Озық – уақыт, мезгіл жағынан алда, ілгері – ерте
Ой: 1) түсінік; 2) ақыл.
I Ой – түсінік – пікір – ұғым
ІІ Ой – ақыл – ес
Ойсыз: 1) ақылсыз; 2) уайымсыз.
І Ойсыз – ақылсыз – зердесіз – санасыз
ІІ Ойсыз – уайымсыз – қайғысыз – алаңсыз
Оқушы: 1) шәкірт; 2) оқырман.
I Оқушы – шәкірт
ІI Оқушы – оқырман
Олимпиада: 1) спорт жарысы; 2) бәсеке.
I Олимпиада – спорт жарысы
ІІ Олимпиада – бәсеке – жарыс
Олқы: 1) тығыз толмаған; 2) жетіспей, кемдеу.
І Олқы – тығыз толмаған – орта – бос
ІІ Олқы – жетіспей, кемдеу тұрған – кеміс
Опай-топай: 1) ұмар-жұмар; 2) астан-кестен.
І Опай-топай – ұмар-жүмар – опыр-топыр
165
ІІ Опай-топай – астан-кестен – бей-берекет
Опасыз: 1) екіжүзді; 2) тұрақсыз.
І Опасыз – екіжүзді – сатқын
ІІ Опасыз – тұрақсыз – тұрлаусыз – баянсыз
Оралу: 1) қайта келу; 2) шырмалу.
І Оралу – қайта келу – қайта көңіл бөлу – екінші рет соғу
ІІ Оралу – шырмалу – матасу
Орналасу: 1) орын тебу; 2) кіру.
I Орналасу – орын тебу – орнығу – жайғасу
ІІ Орналасу – кіру – түсу – тұру
Ортай: 1) деңгейі төмендеу; 2) кему.
I Ортай – деңгейі төмендеу – қайту
ІІ Ортай – кему – азаю – ортаға түсу
Отты: 1) оты, ыстығы бар; 2) жігерлі.
I Отты – оты, ыстығы бар
ІІ Отты – жігерлі – қайратты – өткір
Өжет: 1) ешнәрседен қорқпайтын; 2) батыл.
І Өжет – ешнәрседен қорқпайтын – жау жүрек – ер
ІІ Өжет – батыл – өткір
Өзімшіл: 1) қара басының ғана қамын ойлайтын; 2) менменшіл.
І Өзімшіл – қара басының ғана қамын ойлайтын – өз пайдасын
қарастыратын
ІІ Өзімшіл – менменшіл – тәкаппар – өр көкірек
Өксік: 1) жылау; 2) қайғы.
І Өксік – жылау – ықылық – солық
ІІ Өксік – қайғы – қасірет – өкініш
Өкім: 1) шешім; 2) билік.
I Өкім – шешім – байбалам – үкім
ІІ Өкім – билік – әмір – үстемдік – қысас
166
Өлең: 1) поэзия; 2) өн.
І Өлең – поэзия – ырғақ, ұйқаса құрылған көркем сөз
ІІ Өлең – ән – әуен – жыр
Өлермен: 1) өлу халіне жеткен; 2) жан кешті.
І Өлермен – өлу халіне жеткен – өлмеші
ІІ Өлермен – жан кешті – жансебіл – жарымес
Өмірлік: 1) тұрмысқа қажетті; 2) мәңгі.
I Өмірлік – тұрмысқа қажетті – өмірге тән
ІІ Өмірлік – мәңгі-бақилық – өмір бойылық – тұрақты
Өркендеу: 1) көктеу; 2) жан-жақты өсу.
I Өркендеу – көктеу – жапырақтау – желі тарту
ІІ Өркендеу – жан-жақты өсу – даму – көркею
Өткір: 1) өткірленген; 2) батыл.
I Өткір – өткірленген – жақсы қайралған – тез кесетін
ІІ Өткір – батыл – пысық – өжет
Пайда: 1) мол табыс; 2) жағымды іс-әрекет.
I Пайда – мол табыс – таза кіріс – түсім
ІІ Пайда – жағымды іс-әрекет – қажетті жақсылық – олжа
Пана: 1) тұрақ-жай; 2) қорғаныш.
І Пана – тұрақ-жай – баспана – қора – ықтасын жер
ІІ Пана – қорғаныш – сая
Паналау: 1) баспана ету; 2) қорғаныш ету.
І Паналау – баспана ету – ықтасын қылу – бас сауғалау – тасалау
ІI Паналау – қорғаныш ету – саялау – қорғалау – сағалау
Пар: 1) қос; 2) бір-біріне тең.
І Пар – қос – жұп – екі
ІІ Пар – бір-біріне тең – қатар
Парлау: 1) екі-екіден жұптау; 2) біркелкі қылу.
І Парлау – екі-екіден жұптау – қос-қостан қосарлау
ІІ Парлау – біркелкі қылу – теңдей ету – үйлестіру – ұқсас ету
167
Пәле: 1) шатақ; 2) қырсық кесел.
I Пәле – шатақ – дау-жанжал – бәле-жала
ІІ Пәле – қырсық кесел – кесапат
Пішін: 1) сыртқы түр; 2) кескін.
І Пішін – сыртқы түр – тұлға – форма
ІI Пішін – кескін – кейіп – келбет – бейне – қалып
Рет: 1) тәртіп; 2) істің жөні.
I Рет – тәртіп – қатар
ІI Рет – істің жөні – ыңғайы – орайы – қисыны – ебі – қыбы –
қидыны – иіні
Рецепт: 1) нұсқау қағаз; 2) дайындау жолы.
І Рецепт – нұсқау қағаз
ІІ Рецепт – дайындау жолы – ереже – норма
Сағат: 1) уақыт мөлшері; 2) мерзім.
І Сағат – уақыт мөлшері – механизм
ІI Сағат – мерзім – уақыт
Сала: 1) сайдың ашасы; 2) тармақ.
І
Сала – сайдың ашасы – өзен ортасының тарауы
ІI Сала – тармақ – бөлік – жүйе
Салбырау: 1) төмен түсу; 2) еңсесі түсу.
I Салбырау – төмен түсу – салақтау
ІI Салбырау – еңсесі түсу – қажу – шаршау – ұнжырғасы түсу
Самарқау: 1) жай; 2) көңілсіз.
І Самарқау – жай – баяу – жайбарақат
ІI Самарқау – көңілсіз – селсоқ – керенау – немқұрайды
Санақ: 1) есеп; 2) санын анықтау ісі.
І Санақ – есеп – санау
ІI Санақ – санын анықтау ісі – есеп
Сарсылу: 1) тырп етпеу; 2) зарығу.
168
І Сарсылу – тырп етпеу – тапжылмау – сарылу
ІІ Сарсылу – зарығу – сарғай
Сарын: 1) сарнау; 2) әуен.
I Сарын – сарнау
ІІ Сарын – әуен – саз – ырғақ
Сасу: 1) бұзылу; 2) мүңку.
I Сасу – бұзылу – шіру – иістену
ІІ Сасу – мүңку – аңқу – жаман иіс сезілу
Сейілу: 1) саны, я көлемі азаю; 2) айығу.
І Сейілу – саны, я көлемі азаю – саябырлап басылу
ІІ Сейілу – айығу – тарқау – тазару
Сенім: 1) наным; 2) күткен үміт.
І Сенім – наным
ІІ Сенім – күткен үміт – ықылас – ниет
Сергек: 1) сақ ұйықтайтын; 2) жеңіл.
І Сергек – сақ ұйықтайтын – сезімтал
ІІ Сергек – жеңіл – ширақ
Сермеу: 1) құлаш керіп үру 2) серпу.
I Сермеу – құлаш керіп үру – сілтеу
ІІ Сермеу – серпу – тебу
Серік: 1) жолдас; 2) ермек.
I Серік – жолдас – еруші
ІІ Серік – ермек – алданыш
Сескену: 1) жасқану; 2) қауіптену.
І
Сескену – жасқану – қорқу – қаймығу
ІI Сескену – қауіптену – күдіктену
Солу: 1) қуару; 2) әбден жүдеу.
I Солу – қуару – сему – шежу
ІI Солу – әбден жүдеу – қуару – қату
169
Солбыраю: 1) ұзынды-қысқалы болу; 2) еңсесі түсу.
І Солбыраю – ұзынды-қысқалы болу – жинақы болмау
ІІ Солбыраю – еңсесі түсу – сүмірею – сөлмірею – семпию
Соны: 1) бұрын таныс емес; 2) ешкім аяқ баспаған.
І Соны – бұрын таныс емес – жаңа
ІІ Соны – ешкім аяқ баспаған – тың
Сұғу: 1) пісіп алу; 2) ішіне салу.
I Сұғу – пісіп алу – тығып алу – енгізу
ІІ Сұғу – ішіне салу – тығу
Сұлу: 1) көрікті; 2) сәнді.
I Сұлу – көрікті – ажарлы – өңді
ІІ Сұлу – сәнді – әсем – әйбет – әдемі
Сүйеу: 1) тіреу; 2) жақтау.
І
Сүйеу – тіреу
ІІ Сүйеу – жақтау – қолдау – медеу – демеу
Сүйкімді: 1) тартымды; 2) жағымды.
I Сүйкімді – тартымды – жарасымды
ІІ Сүйкімді – жағымды – жайлы
Сүріну: 1) жығыла жаздау; 2) мүлт басу.
І Сүріну – жығыла жаздау
ІІ Сүріну – мүлт басу – жаңсақ басу – қателесу
Сыбаға: 1) соғым еті; 2) енші.
I Сыбаға – соғым еті – мүше
ІІ Сыбаға – енші – тиесі – үлесі
Сыбайлас: 1) шектес; 2) ымы-жымы бір.
І Сыбайлас – шектес – көршілес
ІІ Сыбайлас – ымы-жымы бір – бір-бірімен тығыз байланысты – ауыз
жаласқан – жемтіктес
Сығыраю: 1) жарықтың көмескіленуі; 2) сықсию.
І Сығыраю – жарықтың көмескіленуі – сәл ғана жылтырау
170
ІІ Сығыраю – сығыраңдау
Сыпырылу: 1) сылыну; 2) арылу.
І Сыпырылу – сылыну – сытылу
ІІ Сыпырылу – арылу – айрылу – құтылу
Сыр: 1) құпия; 2) істің мән-жайы.
І Сыр – құпия – жасырын пікір
ІI Сыр – жай-жапсар
Сырбаз: 1) адамгершілігі мол; 2) кербез.
I Сырбаз – адамгершілігі мол – байсалды байыпты – ашық мінезді –
сыралғы
ІI Сырбаз – кербез – сұлу – сылқым – сәнді – салтанатты – көркем
Сіңу: 1) судың таралуы; 2) кірігіп-бірігіп кету.
І Сіңу – судың таралуы – сорылу
ІІ Сіңу – кірігіп-бірігіп кету – етене болып араласу
Табыну: 1) сиыну; 2) бас ию.
I Табыну – сиыну – шоқыну
ІI Табыну – бас ию – құрмет тұту – бағыну
Тазару: 1) кір-қоқыстан арылу; 2) арам, жаман пиғылдан арылу.
I Тазару – кір-қоқыстан арылу – тазалану
ІІ Тазару – арам, жаман пиғылдан арылу – аршылу
Тайғақ: 1) тайғанақ; 2) тұрақсыз.
I Тайғақ – тайғанақ – сырғанақ
IІ Тайғақ – тұрақсыз – баянсыз – айнығыш
Талай: 1) әлденеше; 2) неше.
І Талай – әлденеше – бірнеше – көптеген
ІІ Талай – неше – түрлі – алуан түрлі
Талдау: 1) бір-бірлеп санау; 2) тексеру.
І Талдау – бір-бірлеп санау – тарамдау
ІІ Талдау – текеру – саралау – сараптау
171
Таңба: 1) лақ; 2) қаяу.
І Таңба – лақ – ен – белгі – мер
ІІ Таңба – қаяу – шер – кек
Тарлық: 1) кішіректік; 2) ауыртпалық.
І Тарлық – кішіректік – қысыңқылық
ІІ Тарлық – ауыртпалық – тапшылық
Тарылу: 1) тараю; 2) сараңдық жасау.
І Тарылу – тараю – кішірею
ІІ Тарылу – сарандық жасау – пейілі құру – тарығу – апшысы қурылу
Таяныш: 1) тіреу; 2) арқа сүйер тірек.
І Таяныш – тіреу – сүйеніш
ІІ Таяныш – арқа сүйер тірек – сүйемел
Тәнті: 1) өте риза болу; 2) қайран қалу.
I Тәнті – өте риза болу – сүйсіну
ІІ Тәнті – қайран қалу – таңдану – таңырқау – қызығу
Тәуір: 1) біршама жақсы; 2) айығу.
І Тәуір – біршама жақсы – оңды – дұрыс
ІI Тәуір – айығу – сауығу
Тебіну: 1) тепектеу; 2) ашу шақыру.
I Тебіну – тепектеу – соққылау
IІ Тебіну – ашу шақыру – зіл тастау – тепсіну
Тегеуірінді: 1) екпінді; 2) қайратты.
I Тегеуірінді – екпінді – қарқынды – пәрменді
IІ Тегеуірінді – қайратты – күшті – қуатты
Текті: 1) шыққан тегі бір; 2) тегі жақсы.
I Текті – шыққан тегі бір – тұқымдас
ІІ Текті – тегі жақсы – көргенді – затты
Телегей: 1) теңіз; 2) орасан көп.
І Телегей – теңіз – ұшы-қиыры жоқ – көз жеткісіз – мол су
ІІ Телегей – орасан көп – есепсіз мол
172
Темірқазық: 1) ең жарық жұлдыз; 2) бетке ұстар негізгі тірек.
І Темірқазық – ең жарық жұлдыз
ІІ Темірқазық – бетке ұстар негізгі тірек – сенім
Тең: 1) бірдей; 2) лайық.
І Тең – бірдей – пара-пар – қатар
ІІ Тең – лайық – сай – пар
Теңдік: 1) барлық жағынан бірдей; 2) тең құқылық.
І Тендік – барлық жағынан бірдей – тең болушылық
ІІ Теңдік – тең құқылық – еркіндік – бостандық
Теңіздей: 1) теңіз сияқты; 2) өлшеусіз.
І Теңіздей – теңіз сияқты
ІІ Теңіздей – ұшан-теңіз – өлшеусіз
Тепкі: 1) теуіп жіберу; 2) ауыр азап.
I Тепкі – теуіп жіберу – соққы
ІІ Тепкі – ауыр азап – бейнет – қорлық – зорлық – зомбылық
Тиянақты: 1) тұрақты; 2) өз ісіне берік.
I Тиянақты – тұрақты – баянды – орнықты
ІІ Тиянақты – өз ісіне берік – табанды
Тоқтаусыз: 1) ешбір толастамай; 2) кедергісіз.
I Тоқтаусыз – ешбір толастамай – кідіріссіз – іркілусіз
ІІ Тоқтаусыз – кедергісіз – кідірмей – тез – дереу
Тойғандық: 1) тойғандық; 2) ағыл-тегіл молшылық.
I Тоқтық – тойғандық
ІІ Тоқтық – ағыл-тегіл молшылық – баршылық
Тоқырау: 1) бөгелу; 2) ілгері жылжымау.
I Тоқырау – кідіріп, тоқтап тұрып қалу – бөгелу
IІ Тоқырау – ілгері жылжымау – тыйылу – дамуы тоқтап қалу
Тырси: 1) күмпию; 2) өкпелеу.
I Тырси – күмпию – тырсию
ІІ Тырси – өкпелеу – бұртию
173
Тоятта: 1) тоя жем жеу; 2) көңілі толу.
І Тоятта – тоя жем жеу – тоят алу
ІI Тоятта – көңілі толу – қанағаттану – риза болу
Төзімді: 1) шыдамды; 2) берік.
I Төзімді – шыдамды – көнімпаз
ІІ Төзімді – берік – қатты – мықты
Төлеу: 1) баға; 2) қайтарылған қарымта.
І Төлеу – баға – құн – ақы – төлем
ІI Төлеу – қайтарылған қарымта – өтеу – өндіру
Төркін: 1) туған; 2) түпкі негіз.
І Төркін – туған – туысқан – ел – жұрт
ІІ Төркін – түпкі негіз – басты арқау
Тұрақсыз: 1) тұрағы жоқ; 2) тиянақсыз.
I Тұрақсыз – тұрағы жоқ
ІІ Тұрақсыз – тиянақсыз – берекесіз – орнықсыз
Тұрлау: 1) әбден шаршау; 2) тұтау.
I Тұрлау – әбден шаршау – болдыру – діңкесі құру – діңкелеу –
жүйкелеу
ІІ Тұралау – жоқшылықтан азып-тозу – тұтау – титықтау
Тұсау: 1) тұсамыс салу; 2) қол-аяғын матау.
I Тұсау – тұсамыс салу
ІІ Тұсау – қол – аяғын матау – еркіне жібермеу
Тұтас: 1) түгел; 2) бөлек емес.
I Тұтас – түгел – жаппай – тегіс
ІI Тұтас – бөлек емес – бір – бүтін
Түйін: 1) түйіншек; 2) қорытынды.
I Түйін – түйіншек
ІІ Түйін – қорытынды – байлам – шешім
Түкпір: 1) таса жер; 2) қиыр шет.
174
І Түкпір – таса жер – қалтарыс
ІІ Түкпір – қиыр шет – алыс жер
Түлек: 1) балапан; 2) жас ұрпақ.
І Түлек – балапан – ұшар шақ
ІІ Түлек – жас ұрпақ – жас буын – жеткіншек
Түнек: 1) қараңғылық; 2) ауыртпалық.
I Түнек – қараңғылық
ІІ Түнек – ауыртпалық – қайғы – қасірет
Түнеру: 1) күңгірттену; 2) қабағын түю.
I Түнеру – күңгірттену – қарауыту
ІІ Түнеру – қабағын түю – ренжу
Түсінік: 1) ұғым; 2) ақпар.
І Түсінік – ұғым
ІI Түсінік – ақпар – мәлімет
Тың: 1) қолданылмаған; 2) жаңа.
І Тың – қолданылмаған – тыңайған
IІ Тың – соны – жаңа
Тікию: 1) тіп-тік болу; 2) тікею.
І
Тікию – тіп-тік болу
ІI Тікею – тікею – тікірею – едірею
Тіксіну: 1) әлденеден сезіктену; 2) сескену.
І Тіксіну – әлденеден сезіктену – секем алу
ІІ Тіксіну – сескену – тітіркену
Тілек: 1) көрікті ой; 2) өтініш.
І Тілек – көрікті ой – игі арман – ұлы мақсат – мүдде
ІІ Тілек – өтініш – талап
Тілімдеу: 1) тілгілеу; 2) жерді жырту.
І Тілімдеу – тілгілеу – кескілеу – тілу
ІI Тілімдеу – жерді жырту – тілгілеп өсу
175
Тірек: 1) тіреу; 2) сүйеніш.
І Тірек – тіреу – аша
ІІ Тірек – сүйеніш – таяныш
Тіркеу: 1) тіркестіру; 2) есепке алу.
І Тіркеу – тіркестіру – қосу
ІІ Тіркеу – есепке алу – хаттау – тізімге алу
Тітіркену: 1) денесі түршігу; 2) сескену.
І Тітіркену – денесі түршігу – шіміркену – тіркеу
ІІ Тітіркену – шошыну
Уату: 1) жұбату; 2) алдарқату.
I Уату – жұбату
ІІ Уату – алдарқату – көңілін аулау
Уқалау: 1) үйкелеу; 2) умаждау.
І Уқалау – үйкелеу – ысқылау
ІІ Уқалау – умаждау – мыжғылау – уалау
Улы: 1) уы мол; 2) зәрлі.
І Улы – уы мол – уландырғыш
ІІ Улы – зәрлі – зиянды – ащы
Ұғым: 1) түсінік; 2) мән.
І Ұғым – түсінік – таным
ІІ Ұғым – мән – мағына – маңыз
Ұйқасу: 1) сәйкесу; 2) үндесу.
I Ұйқасу – сәйкесу – сай келу
ІІ Ұйқасу – үндесу – үйлесу – қиюласу
Ұйпалақ: 1) қобырап ұйпаланған; 2) мыж-мыж.
І Ұйпалақ – қобырап ұйпаланған – будыраған
ІІ Ұйпалақ – мыж-мыж – қыртыс-қыртыс – умаждалған
Ұйтқы: 1) ашытқы; 2) себепші.
І Ұйтқы – ашытқы – қор – мәйек
ІІ Ұйтқы – себепші – қозғау – түрткі – себеп
176
Ұқып: 1) тиянақтылық; 2) ысырапқа жол бермеушілік.
І Ұқып – тиянақтылық – тыңғылықтылық – тындырықтылық
ІІ Ұқып – ысырапқа жол бермеушілік – үнемшілік
Ұлғаю: 1) үлкею; 2) жасы егде тарту.
І Ұлғаю – үлкею – өсу көбею
ІІ Ұлғаю – жасы егде тарту – қартайыңқырау
Ұмтылу: 1) ентелеу; 2) талпыну.
І Ұмтылу – ентелеу – омыраулау – оқталу – тап беру
ІІ Ұмтылу – талпыну – талаптану
Ұнату: 1) жақсы көру; 2) мақұл көру.
І Ұнату – жақсы көру – жарату – қалау – сүю
ІІ Ұнату – мақүл көру – қолдау – жақтыру
Ұрыну: 1) қақтығу; 2) душар болу.
I Ұрыну – қақтығу – тиісу – соқтығу
ІІ Ұрыну – душар болу – кездесу – кезігу
Ұрыс: 1) соғыс; 2) керіс.
I Ұрыс – соғыс – төбелес – айқас
ІІ Ұрыс – керіс – талас – жанжал
Ұшып-қону: 1) бәйек болу; 2) жеңілтектену.
І Ұшып-қону – бәйек болу – зыр жүгіру
ІІ Ұшып-қону – жеңілтектену – шошаңдау
Ұшырау: 1) кездесу; 2) жүздесу.
I Ұшырау – кездесу – жүздесу – жолығу
ІІ Ұшырау – тап болу – шырмалу – шатылу
Үкім: 1) шешім; 2) кесім.
I Үкім – шешім – жаза
ІІ Үкім – кесім – жарлық – билік
Үлгі: 1) өнеге; 2) нұсқа.
І Үлгі – өнеге – тәлім
177
ІI Үлгі – нұсқа – ғибрат – мысал
Үңілу: 1) мұқият, шұқшия қарау; 2) зер салу.
І Үңілу – мұқият, шұқшия қарау
ІI Үңілу – зер салу – ден қою – көңіл бөлу
Үрдіс: 1) екпіні күшті; 2) тез.
І Үрдіс – екпіні күшті – қарқынды – қауырт
ІІ Үрдіс – тез – жылдам шапшаң – кенет – оқыс
Үркек: 1) шошынғыш; 2) қорқақ.
І Үркек – шошынғыш – үріккіш
ІІ Үркек – қорқақ – батыл емес
Халық: 1) жиын; 2) ел жұрт.
І Халық – жиын – бұқара – көпшілік – қауым – жаран – жиһан
ІI Халық – ел жүрт – туған – туыс
Хикмет: 1) керемет; 2) бейнет.
І Хикмет – керемет – сұмдық
ІІ Хикмет – бейнет – азап
Шабыс: 1) жарыс; 2) екпін.
I Шабыс – жарыс – бәйге
ІІ Шабыс – екпін – қарқын
Шайқас: 1) майдан; 2) айтыс.
I Шайқас – майдан – соғыс – айқас – қырғын – ұрыс
ІІ Шайқас – тартыс – қақтығыс – күрес – егес
Шайнау: 1) қаужалау; 2) қатты тістеу.
I Шайнау – қаужалау – майдалау – ұсату – күйсеу – жеу – соғу
ІІ Шайнау – қыршу
Шалдығу: 1) әлі құру; 2) тап болу.
I Шалдығу – әлі құру – шаршау – болдыру
ІІ Шалдығу – тап болу – ұрыну – күйзелу
Шамалас: 1) мөлшерлес; 2) тұстас.
178
І Шамалас – мөлшерлес
ІІ Шамалас – тұстас – қарайлас
Шамасыз: 1) әлсіз; 2) амалсыз.
I Шамасыз – әлсіз – дәрменсіз – қауқары жоқ
ІІ Шамасыз – амалсыз – айласыз – шарасыз
Шиеленесу: 1) егесу; 2) шылығу.
І Шиеленесу – егесу – қақтығысу – шекісу
ІІ Шиеленісу – шылығу – ұшығу
Шошаңдау: 1) шошаң-шошаң ету; 2) ұшып-қонып жеңілтектеу.
І Шошаңдау – шошаң-шошаң ету – селтеңдеу
IІ Шошаңдау – ұшып-қонып жеңілтектеу – ұшқалақтану – тұштаңдау
– шоштаңдау
Шошу: 1) зәресі ұшу; 2) үрку.
I Шошу – зәресі ұшу – қатты қорқу – үрейлену
ІI Шошу – үрку – секем алу – сезіктену
Шөлдеу: 1) сусау; 2) аңсау.
І Шөлдеу – сусау – таңдайы кебу – қаталау – шөліркеу
ІI Шөлдеу – аңсау – сағыну
Шұғыл: 1) тез; 2) кенет.
І Шұғыл – тез – тығыз – жедел
ІI Шұғыл – кенет – кілт – аяқ асты
Шыдамды: 1) төзімді; 2) мықты.
I Шыдамды – төзімді – көнбіс
ІІ Шыдамды – мықты – берік
Шыдамсыз: 1) төзімсіз; 2) сабырсыз.
I Шыдамсыз – төзімсіз
ІI Шыдамсыз – сабырсыз – күйгелек – тағатсыз
Шырмау: 1) байлау; 2) айтқанына көндіру.
I Шырмау – байлау – шанду
ІІ Шырмау
Достарыңызбен бөлісу: |