Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет49/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   149
Жарықтық сәулелену. Кӛрінетін жарықтық сәулелену толқын ұзын-
дықтары 0,76-дан 0,4мкм-ге дейін болатын электромагнитті тербелістер 
спектрінің бір бӛлігін қамтиды. Жарықтық сәулелену инфрақызыл сәулеленуге 
қарағанда үлкен ӛткізгіштік қабілетке ие, және сүрек немесе сүрек материал-
дарының (фанера және т.б.) ішіндегі жасырын ақауларды анықтауда 
қолданылуы мүмкін. Сезгіш қабылдау аппаратурасы, ОТА мәліметтері 
бойынша, қалыңдығы 35 мм дейін болатын кӛктерек, қарағай, шырша, ал қайың 
үшін – 15 мм дейінгі сүрек үлгілерінен ӛтетін жарық сәулелерін жазып қалуға 
мүмкіндік береді. 
Жарық сәулелері шоғырының сүрек бетіне түсуі кезінде ағынның бір 
бӛлігі кері шағылысады. Шағылысқан жарық ағынының интенсивтілігін ӛлшеу 
арқылы, сүрек тұқымдастығы, беттің сапасы және сүрек түсін ӛзгертетін 
ақаулардың болуы туралы шешім қабылдауға болады. Жарықтық дефекто-
скопияның маңызды артықшылығы қызмет етуші персонал үшін толықтай 
қауіпсіздігі болып табылады. 
Соңғы кездері, жоғары бағытталған және жоғары тығыздықтағы жарық 
кӛздерін – лазерлерді жасаумен байланысты – лазерлік технология сәтті дамуда. 
Лазерлік сәулеленудің әсерінен электромагнитті энергияның жылулық 
энергияға ауысуы жүреді, бұл лазерлерді ӛзіндік кесуші құрал ретінде 
пайдалануға мүмкіндік туғызады. Лазерлік «кесу» материалдың беткі 
қабаттарының күйдірілуімен немесе қараюымен қатар жүреді. Ӛңдеудің бұндай 
әдісі жапырақты сүрек материалдарын пішінді аршу үшін, кесу, граферлі 
жұмыстарда және т.б. кезінде пайдаланылады. 
Ультракҥлгін сәулелену. Бұл сәулелер 0,38мкм-ден бастап 10нм-ге [1нм 
(нанометр) = 10
-9
м
= 10Å (ангстрем)] дейінгі толқын ұзындығына ие. 
Ультракүлкін сәулелену люминесценцияны – кейбір заттардың жарқырауын 
тудырады. Әрбір люминесценттік зат белгілі бір спектрлі құрамның 
сәулеленуін береді. Объектінің сәулеленуінен кейін бірден тоқтайтын жарқырау 
флуоресценция деп аталады. 


85 
150 зерттелген (ЛТА бойынша) ағаш түрлерінің сүректерінің ішінен 
флуоресцензия ағаш тұқымдастарының басым кӛпшілігінде анықталды (90%). 
Кӛбінесе сәулеленген сүрек күлгін (зерттелген ағаш түрлерінің 40%), кӛк 
немесе кӛгілдір (ағаш түрлерінің 25%), түспен жарқырайды. Қою күлгін түспен 
ағаш түрлерінің 15%; сары немесе жасыл-сары түспен жарқырауы сирек 
байқалады (10%). 
Б.К. Лакатоштың мәліметтері бойынша [27], айтарлықтай кең тараған 
сүректердің флуоресценциясының колориметрикалық сипаттамалары келесі-
дей: таза спектр түсінің толқын ұзындығы 
500...600нм; түстің жиілігі Р
3…32%; жарқырау коэффициенті 
5...10 (3.1 б. Қараңыз). Түс пен жарқырау 
интенсивтілігі тек ағаш тұқымдастығының түріне ғана тәуелді емес, сонымен 
қатар, сүректің күйіне де байланысты болады (сүректің шіру деңгейі, оның 
ылғалдылығы мен температурасы, беттің ӛңделу сапасы және т.б.). Мұның бәрі 
люминесценцияны сүректің ақауларын анықтау құралы ретінде, ӛңдеу сапасын 
бағалау және т.б. жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет