Рылыс академиясы


Сҥректің реологиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет61/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   149
Сҥректің реологиялық қасиеттері. Ағаш сүрегін біріктіретін негізгі 
заттар ұзын иілгіш тізбекті молекулалары бар табиғи полимерлер түрінде 
болады. Сондықтан, сүректің механикалық қасиеттері, басқа полимерлердегі 
сияқты, реология (грек тілінен аударғанда rhéos – ағым және lógos – ғылым) 
базасының негізінде зерттелуі қажет. Реология уақыт факторын ескере отырып 
жүктеме астындағы материалдардың деформациясының жалпы заңдарын 
қарастырады. Қысқа мерзімдік жүктемелер кезінде сүректер, бұған дейін 


102 
айтылып кеткендей, салыстырмалы түрде қатты аз деформацияланатын дененің 
қасиеттеріне ие. Жүктеменің әсер ету уақытын жоғарылатқан кезде сүрек 
деформациясы айтарлықтай үлкен иілгіш дене күйінде болады. 
Тұрақты жүктеме әсерінен, сүректе жүктемені бергеннен кейін бірден 
пайда болатын серпімділік деформациясыдан басқа, уақыттың ӛтуімен 
иілгіштік деформациясы мен сырғыштықтың қалдық деформациясы жетілетін-
дігі осыған дейін айтылған болатын. Серпімділік және иілгіштік деформация-
лары жалпы деформацияның қайтымды бӛлігін құрайды. Олар жүктемені 
алғаннан кейін жойылады (серпімділік деформациялары – бірден, ал иілгіштік 
деформациясы – белгілі бір уақыттың ӛтуінен кейін). Сырғыштық 
деформациялары (жалпы деформациялардың қайтымсыз бӛлігі) сүректе жүкте-
мені алғаннан кейін тұрақты температура мен ылғалдылықтағы ортада ұзақ 
уақыт бойы ұстап тұру кезінде сақталып қалады. 
Серпімді-иілгіштік деформациялардың (шұғыл және ұзақ серпімділік 
модульдері, сонымен қатар, релаксация уақыты) қалыптасуын сипаттаушы рео-
логиялық кӛрсеткіштер сүректің ылғалдылығы мен температурасының жоғары-
лауымен байланысты тӛмендейді, бұл оның иілгіштінің жоғарылаған-дығымен 
түсіндіріледі. 
Ағаш сҥрегінің гигро- және термомеханикалық деформациялары. 
Жүктелген сүректі дымқылдау немесе қыздыру сүрек қаттылығының тӛмендеуі 
әсерінен жалпы деформацияның жоғарылауына алып келеді. Бұл кезде 
ылғалдылық-күштік немесе температура-күштік деп аталатын деформациялар 
қалыптасады. Келесі реттегі кептіру немесе суыту кезінде олар жойылмайды 
және жүктелген сүректің жалпы деформациясы ӛзгеріссіз сақталады. Жүкте-
мені алғаннан кейін «қатырылған» деформациялар анықталады. Олар серпімді-
иілгіштік деформациямен қамтамасыз етілетіндіктен, яғни сүректі дымқылдау 
немесе қыздыру олардың «жібітілуіне» және жойылуына алып келеді. 
Осылайша, «қатырылған» деформациялар кептіру немесе суыту үрдістері 
кезінде жүктеменің басқарушылық әсерінің нәтижесінде сүрек құрылымының 
уақытша қайта орнығуы әсерінен қалыптасады. Олар сүректің температуралық-
ылғалдылық әсер етулеріне деформациялық «жад» эффектісін туындатады, ол 
МОТИ – МГУЛ авторларларының Э.Б. Щедрин, Г.А. Горбачева және 
Н.В.Скуратовпен бірлескен зерттеулерінде толықтай айтылған. Сонымен қатар, 
сүрек жүктеме түрін және оған сәйкес келетін қысылу және созылу 
деформациясын «сақтап» қалады. Сүректен жасалған жүктемесі алыған 
объектінің қыздырылуы (дымқылдануы) оның пішіні мен ӛлшемдерін толықтай 
дерлік қалпына келтіреді. 
«Қатырылған» деформацияларды 3.2 б.-де қарастырылған кептіру 
жүктемелерін есептеу кезінде ескереді. Сүректі кептіргеннен кейінгі, әлемдік 
әдебиетте «сет-деформациялар» деп аталатын, қалдық деформацияларға 
«қатырылған» деформациялардан басқа сонымен қоса қайтымсыз сырғы-
ғыштық деформациялары да кіреді. 
Жүктелген сүрек ылғалдылығының кӛп реттік циклдік ӛзгерісінен кейін 
оның қаттылығы (және беріктігі) тӛмендейді, яғни гигро шаршау байқалады. 


103 
Бұл құбылыс талшықтарға кӛлденең тангенциал бағытта шыршаның созылуы 
кезінде Н.В. Скуратов және Л.В. Поповкин авторларының бірлесуімен 
зерттелген болатын. 20-дан бастап 12% дейінгі шек аралығында және 1,2МПа 
қысым кезінде дымқылдау-кептіру үрдісінің алты циклынан кейін серпімділік 
модулі шамамен 30% дейін тӛмендеген. 
Гигрошаршауды сүректі құрылыс құрастырымдарында қолдану кезінде 
міндетті түрде ескеру қажет. 
Талшықтардың бойымен сүректің деформативтілігі туралы мәліметтер 
реологиялық сынаулар кезінде [24] МОТИ-да анықталған, олар пиломате-
риалдардағы кептіру жүктемелерін, сүректі кесу режимдерін орнату кезінде 
және басқа да мақсаттарда пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет