Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет69/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   149
ТАРАУ 
 
Сҥректің қасиетінің ӛзгергіштігі және ӛзара байланысы 
 
5.1. Қасиеттердің ӛзгергіштігі 
Сүректің қасиеті оның тұқымына байланысты. Бірақ бір тұқым ішінде де 
қасиетінің ӛзгергіштігі байқалады. Бұл сүректің жастық ӛзгерістерімен, қорша-
ған орта әсерімен, тұқым қуалаушылық факторларымен байланысты. Сүректің 
құрылысының ерекшелігі оның тығыздығына тәуелді. Жасуша қабырғасы 
қалың, талшықтары ұзын және жылдық қабаттарында кеш сүректің құрамы кӛп 
болған сайын, оның тығыздығы жоғары болады.
Сүректің физикалық және механикалық қасиеттеріне оның тығыздығына 
тікелей байланысты. Тығыздықтың ӛзгергіштік заңдылығын зерттеу барысында 
басқа да қасиеттерінің ӛзгергіштігі туралы түсінік алуға болады.
Ағаштағы сҥректің ӛзгергіштік қасиеттері. Тығыздық діңгек 
радиусында тізбекті түрде ӛзгереді. Бұл қылқан және сақина түтікшелі 
жапырақты тұқымдарда айқын байқалады. Мысалы: қарағайдың ерте аймақ 
тығыздығына қарағанда кеш аймақ тығыздығы 2...3 есе жоғары болып келеді.
Діңгек радиусында ерте аймақ тығыздығы ӛзектен алыстаған сайын 
кішкене тӛмендейді, кейін тұрақты сақталып, қабыққа келгенде жоғарылайды. 
Ӛзектен қабыққа қарай кеш аймақ тығыздығы біртіндеп жоғарылайды.
Діңгектің әртүрлі деңгейінде алынған зерттеулер үлгісінің нәтижесі 
жинақталды [14]. Қылқан тұқымында (қарағай, самырсын, балқарағай) 
алғашында сүрек тығыздығы ӛзектен қабыққа қарай ұлғайып, радиустың 2/3 ең 
үлкен шекке жетіп, қайтадан тӛмендейді. Осы бағытта сүрек тығыздығы 
сақина-тамырлы жапырақты (емен, шетен) тұқым діңгегінде тӛмендесе, 
шашыраңқы-тамырлы тұқым діңгегінде жоғарылайды.
Қиыршығыс қылқан тұқымының РАМИ зерттеу нәтижелері бойынша 
діңгек тығыздығы ӛзектен қабыққа қарай жоғарылап шегіне жетеді, кейін 
тӛмендейді.
Сібір тұқымдарын ИЛД зерттеулері тӛмендегідей нәтиже берді. Қарағай-
дың тығыздығы ӛзектен қабыққа қарай үздіксіз ұлғаяды. Балқарағай тығыз-
дығының ең үлкен мәні радиустың ортасында болады. Шыршада тығыз-
дығының минималды мәні радиустың ортасында орналасқан. Қайыңның 
тығыздығы ӛзектен қабыққа қарай ұлғайса, қарағайда керісінше азаяды. Елдің 
солтүстік батыс еуропа бӛлігінде ӛсетін қарағай, шырша, қайың және кӛктерек 
үшін ортақ заңдылық тән [16]. Олардың тығыздығы ӛзектен алыстаған сайын 
ұлғаяды (5.1-сурет). Ерекшелік тек кӛктеректе байқалады. Оның діңгегінің 
жоғары бӛлігінде керісінше тӛмендеу болады.
Қылқан тұқымының, әсіресе қарағайдың , ювенилді сүрек (піспеген сүрек) 
деп аталатын ӛзекке енген бӛлігі айқындалады. Ювенильді сүрек ағаштың 
алғашқы 5..20 жыл ішінде қалыптасады. Ювенильді сүректің жасушалық 
қабырғасы жұқа, талшықтары қысқа, жылдық қабаттарының кеш аймақ-
тарының жасушалары аз. 


114 
Бұл сүрек целлюлозаның аздығымен, қысу кезеңдегі талшық бойындағы 
тығыздығының аздығымен, кӛлденең кептіру ұзақтығымен және басқа да 
ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Діңгектің биіктігіне қарай тығыздығының ӛзгеруі байқалады. Сібір 
тұқымдарын ИЛД зерттеулері тӛмендегідей нәтиже берді. Қарағай, балқарағай, 
қайың, кӛктерек тығыздығы діңгектің биіктігіне қарай тӛмендейді, ал шыршада 
ол жоғарылайды. Радиуске қарағанда діңгектің биіктігіне қарай тығыздықтың 
ӛзгергіштігі байқалады. 
5.1-сурет. Сүрек тығыздығының қарағай мен қайың 
діңінің радиусы бойынша ӛзгеруі [16]: 
а – діңның ұшар басы; б – ортасы; в – тамыр 
5.2-суретте кӛрсетілген тәуелділіктер елдің солтүстік батыс Еуропа 
аймағында ӛсетін сүрек тұқымының негізгі тығыздығының ӛзгерісін кӛрсетеді.
Шырша мен кӛктеректің тығыздығының ӛзгергіштігі осы ағаштың 
тұқымының тӛмен орналасқан қабығының жалпыға ортақ болуына байланысты.
Ӛсіп келе жатқан ағаштың тығыздығының рw орналасуын басқаша болуын 
ескеру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет