Иілу қабілеті. Сүректің иілуінің технологиялық операциясы майыстыру
күшінің әсері кезінде оның салыстырмалы түрде еркін деформациялану
мүмкіндігіне негізделген. Сүректің бұзылуы кезіндегі шектік деформация
әртүрлі ағаш тұқымдары үшін бӛлек. Майыстыру кезіндегі сүректің берілген
пішінге ие болу қабілетін бағалаудың стандартталған әдісі әзірге жоқ. Алай да
келесі әдіс белгілі [14]: ӛлшемдері 10х30х500 мм болатын бӛрене пішінді үлгіні
радиуысы кішірейетін ауыспалы шаблондарда үлгіде бұзылудың айқын
белгілері (жаңқа, қатпар, сынық) байқалғанша майыстырады. Соңғы шаблон-
ның радиусы (үлгінің бұзылуы орын алған шаблон) сүректің иілуге қаблетін
сипаттайды. Бұл қабілет сақиналы-түтікшелі ағаш түрлерінде (емен, шаған
және т.б.) жоғары, ал шашыраңқы-түтікшеты ағаш тұқымдастарының ішінен ол
шамшатта үлкен; қылқан жапырақты ағаш тұқымдастары аз иілу қабілетіне ие.
Қыздырылған және ылғал күйдегі сүректер ғана майыстырылады. Бұл сүректің
икемділігін арттырады және «қатырылған» деформацияның қалыптасуы
салдарынан келесі реттік суыту кезінде және құрғатуда жүктеме астында
бӛлшектің жаңа пішінін алуға мүмкіндік береді.
Жарылу қабілеті. Сүректің жарылуы деп оның сына арқылы берілетін
жүктеменің әсерінен талшық бойымен бӛлінуін айту қабылданған.
Сүректі жарылуға сынау үшін алдын-ала сына пішінді қима кесілген үлгіні
пайдалана отырып, стандартталған сынау әдісін пайдаланады.
Үлгінің пішіні мен ӛлшемдері 4.14-суретте кӛрсетілген. Ол жерде
тангенциал жазықтықта жару үшін тағайындалған үлгі берілген. Бүйір жағында
биіктігі бойынша бағытталған жылдық сақиналары бар дәл осындай үлгі радиал
жазықтықтағы жарылу үшін пайдаланылады. Сынауға дейін үлгінің енін
жарылу сызығының деңгейінде ӛлшейді, одан кейін үлгі саңылауына
жылжымалы қармауыштарды (үзеңгі) орналастырады. Үлгіні бұзылу 1...2
минуттан кейін орындалу үшін тұрақты жылдамдықта жүктейді.
111
4.14-сурет. Сүректі жарылуға сынауға арналған үлгі
4.11-кесте. Сүректің жарылуға кедергісі, Н/мм
Ағаш тұқымдастығы
Радиал жазықтық
бойынша
Тангенциал жазықтық
бойынша
Сібір балқарағайы
Қарағай
Сібір шыршасы
Сібір майқарағайы
Ақ қараған мамыргүл
Үйеңкі
Шаған
Қызылқайың
Шамшат
Шегіршін
Емен
Қайың
Жӛке
Қандыағаш
Кӛктерек
Сүмбіл терек
13,4/8,3
11,5/7,2
9,7/5,7
7,4/4,6
20,9/13,0
22,6/14,0
22,2/13,6
21,0/13,0
16,7/10,4
16,7/10,4
16,6/10,3
16,5/10,3
14,6/9,0
14,1/8,7
11,5/7,2
10,0/6,1
13,3/8,2
11,3/7,1
9,3/5,8
9,0/5,6
27,2/16,8
27,4/17,0
23,0/14,2
28,2/17,6
25,2/15,7
18,2/11,2
22,5/14,0
20,6/12,8
17,9/11,4
17,0/10,6
15,5/9,6
13,1/8,1
Ескерту. Алымында 12% ылғалдылық кезінде, бӛлімінде 30% және одан да жоғары
ылғалдылық кезінде.
Жарылуға кедергіні, Н/мм, келесі формула арқылы анықтайды:
(4.17)
мұндағы Р
max
– бұзушы жүктеме, Н; а – үлгінің ені,мм.
Кейбір ағаш тұқымдастарының жарылуға кедергілерін сипаттаушы кӛрсет-
кіштері 4.11-кестеде кӛрсетілген.
112
4.11-кестедегі мәліметтер әртүрлі ағаш тұқымдастарының сүректеріндегі
осы қасиетті салыстырмалы бағалау үшін ғана жарамды. Жайпақ жапырақты
ағаш түрлерінің, әсіесе ӛзек сәуелелері жақсы дамығандарында (емен, шамшат)
жарылуға кедергісі радиал бағытқа қарағанда тангенциал бағытта жоғары.
Қылқан жапырақты ағаш түрлерінде бұл айырмашылық аз (немесе тіптен жоқ).
Шамамен жайпақ жапырақты ағаш тұқымдастарында жарылуға кедергі қылқан
жапырақтыларға қарағанда артық.
Сүректің жарылу қабілеті шақпақталған сортименттерді (жамау, гонт,
жаңыршақ және т.б.) дайындау кезінде жағымды және шегелерді, үлкен шеге-
лерді, қапсырмаларды қағуда, бұрамаларды бұрау кезінде жарамсыз теріс
қасиет ретінде қарасытырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |