115
5.2-сурет. Сүрек тығыздығының дің ұзындығы бойынша ӛзгеруі [16]:
а – шырша; б – қарағай; в – қайың; г – кӛктерек
Ӛсіп
тұрған ағаштағы р
w
тығыздығының таралуы әр түрлі екендігін айта
кеткен жӛн.
Сҥрек қасиетінің ағаш тҧқымдастығы аясында ӛзгергіштігі. Сүректің
тығыздығының артуына
жасының әсер етуі әлдеқайда кәрі ағаштарда білінеді.
Әртүрлі жастағы кӛшеттерде бір жастағыға қарағанда тығыздығының ӛзгерісі
жоғары. Бір жастағы қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарында сүректің
тығыздығы мен діңның диаметрінің арасында қарама-қарсы байланыс
байқалады. Соңғысы діңның пішініне байланысты. Қарағайда, шыршада,
қайыңда дің жүгірісі артқан сайын орташа тығыздық тӛмендейді.
Ағаштың алқапта орналасуының әсері жӛнінде ортақ кӛзқарас жоқ.
Кӛптеген жұмыстарда әлдеқайда тығыз сүрек майда,
бұғауланған ағаштарда
байқалатынды айтылған, алайда басқа жұмыстарда мұндай қасиет қылқан
жапырақты орташа кӛлемді ағаш тұқымдастарында кездесетіндігі жӛнінде
айтылады. Жайпақ жапырақты ағаш тұқымдастарының
ішінде едәуір ірі
ағаштардың ішінде басым болып келетін ағаштарда ұзындығы бойынша қалып
қойған ағаштарға қарағанда жоғары. Алқаптың жиілігі артқан сайын қылқан
жапырақты тұқымдастардың сүректерінің орташа тығыздығы жоғарылайды.
Сыртқы ортаның әсерін сипаттайтын факторлардың кешенді үлкен
жиынтығы
ӛсіп жетілу шарты ұғымына кіреді.
Бұл шарттарға топырақтың
сапасы мен жай-күйі, климаттық ерекшеліктер, орман типі,
теңіз деңгейінен
биіктігі, алқаптың георграфиялық орналасуы және т.б. кіреді. Қылқан
жапырақты ағаш тұқымастарына ең жаман жағдайда ӛте тығыз сүрек
қалыптасады. Жайпақ жапырақты ағаштар үшін (қайың, кӛктерек) еліміздің
солтүстік-бастыс еуропалық бӛлігінде топыраққа
жағдайының жақсаруымен
тығыздықтың арту тенденциясы байқалады.
Алқаптың географиялық орналасуы топырақ жағдайының, шӛгу шамасын,
вегетация мезгілінің ұзақтығының әртүрлілігін негіздейді, бұл ӛз кезегінде
сүректің тығыздығына әсерін тигізеді. Әртүрлі ӛсіп-ӛну
алқаптарында тараған
сүрек тығыздығы жӛніндегі мыңдаған мәліметтер САММҚ 69 – 84 және
САММҚ-Р-237 – 87 кестелерінде жинақталған [1].
116
Орман шаруашылығының шаралары (күтім кесінділері) да сондай-ақ
сүректің тығыздығына әсер етеді. Орман
Институтының және басқа да
ұйымдардың мәліметтері бойынша топыраққа тыңайтқышты енгізу кезінде
сүректің ӛсіп-жетілуі артады, алайда сүректің тығыздығы бұл жағдайда
тӛмендейді (қарағай үшін шамамен 15%). Максималды ӛсіп-жетілуге
бағытталған басқа да орман шаруашылығының шаралары сүрек тығыздығының
кейбір мӛлшерде азюын туындатады.
Кесу уақытының сүректің тығыздық және
басқа да физика-механикалық
қасиеттеріне әсері тәжірибелік түрде анықталған жоқ. Вегетациялық период
уақытында кесілген сүрек шіруге тӛзімділігің тӛмендеуіне икемді келетіндігін
атап ӛткен жӛн.
Тамырының түбінен және шырын шығатын бӛлінен
кесу тығыздыққа
айтарлықтай әсерін тигізбейді.
Достарыңызбен бөлісу: