Рылыс академиясы


 Ағаштың макроскопиялық қҧрылымы



Pdf көрінісі
бет8/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   149
1.2 Ағаштың макроскопиялық қҧрылымы 
 
Шел қабық және ядро. Ағаштың макроскопиялық құрылымын 
зерттегенде кейбір ағаш тұқымдарының ӛңі ашық, тегіс боялған болып келсе, 
кейбірінде ортаңғы бӛлігі сыртына қарағанда қаралау болады. Ортаңғы күңгірт 
бӛлігі – ядро, сыртқы ашық бӛлігі – шел қабық деп аталады. Бірақ, бұл 
ерекшелік барлық тұқымдарда байқала бермейді. Кейбір ағаштарда судың 
мӛлшері айтарлықтай аз болады, және осы бӛлік – піскен ағаш деп аталады. 
Ядросы бар ағаштар – ядролы ағаштар, піскен ағаштар – жетілген ағаштар 
деп аталады (олардың ядросы түссіз). Егер де ағаш тұқымдарында ешқандай да 
түс айырмашылығы байқалмаса, оларды шел қабықты ағаштар дейміз. 
Боялған ӛзектілер қатарына қылқанжапырақтылар балқарағай, самырсын
қарағай, аршаны жатқызуға болады. Ал жалпақ жапырақтылар қатарына емен, 
шаған, грек жаңғағы, терек, шетен т.б. кіреді. Шел қабықтылар қатарын жалпақ 
жапырақты – қайың, алмұрт, қандыағаш, жӛке, қызылқайың, жаңғақ ағашы 
сияқтылар толықтырады. Жетілген ағаштарға қылқан жапырақтыдан шырша 
және майқарағай, жалпақ жапырақтыдан шамшат, кӛктеректі жатқызуға 
болады. 
Ағаштың бастапқы ӛсу кезеңінде шел қабықтан ғана тұрады, уақыт ӛте 
келе ағаштың ӛзегі пайда болады. Кейбір ағаш тұқымдарында ӛзек ерте пайда 
болады. Мысалға, емен ағашының ӛзегі 8…12 жыл аралығында пайда болады, 
бірақ сүрек қабығы ӛте тар келеді. Басқа тұқымдыларда ӛзегі кеш байқалады
сүрек қабығы қалың болады. Ағаштарда жасы артқан сайын діңінің диаметрі 


12 
ұлғаяды, ӛзек мӛлшері сүрек қабықтың ӛзекке айналуына байланысты үлкейеді. 
Мысал келтірсек, емен ағашының діңінің диаметрі 15 см, бұл сүрек қабықтың 
50%; 30 см диаметрде сүрек қабықтың кӛлемі 3-4 есе үлкен, ал 60 см диаметр 
болса ӛзек кӛлемі тек 10% ғана құрайды. 
Ӛсіп тұрған ағаштың сыртқы жұқа қабығы суды жоғары жіберу үшін 
қызмет атқарады және қосымша қоректік заттардың түзілуі үшін қажет. 
Ядроның түзілуі тұқымға, жасына, ӛсу жағдайына және басқа да фактор-
ларға байланысты; кейде тұқымның ӛмірсүргіштігіне байланысты болады. 
Ӛзектің түзілуі ағаштың солуына, су ӛзектеріне, кӛмірқышқылды кальцийларға 
байланысты. Ағаштар ол зонада бояушы заттарға қанығады, нәтижесінде түсі 
қоюланады, қалыңдығы ұлғаяды, шіру процесі ұлғаяды. 
1.3-сурет. Діңнің қалыптасу сұлбасы 


13 
Қоршаудың нәтижесінде ағаштың ӛзегі су мен ауаны да аз ӛткізеді, сол 
себепті ағаштан жасалған ӛнімдерге жақсы әсерін тигізеді. Ӛсіп тұрған ағашта 
ӛзек діңге тұрақтылық береді, сонымен қатар, ӛзек су ұстағыш ретінде де 
пайдалы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет