Рылыс академиясы


Негізгі қималары мен діңнің бӛлімдері



Pdf көрінісі
бет7/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

Негізгі қималары мен діңнің бӛлімдері. Діңді үш қимада қарастырады 
(1.2-сурет) – кӛлденең немесе шетінен (жазықтық дің ӛсіне перпендикуляр), 
радиалды (жазықтық дің ӛсінің бойымен бүйір бетінің радиусы бойынша ӛзек 
арқылы ӛтеді) және тангенциалды (жазықтық дің ӛсінің бойымен бүйір бетінің 
радиусына перпендикуляр ӛтеді).
Кӛлденең қимада радиалды және тангенциалды қиманы кӛрсетуге болады, 
ал бойлық қимада астық бойымен бір бағыттас және радиалды, тангенциалды 
болып келеді. 
Кӛлденең қимада діңді келесі негізгі бӛлімдерге ажыратады: қиманың 
ортасына қарай кіші ӛлшемнен ӛзек орналасқан, негізгі бӛлімін ағаш құрайды, 
ал сыртқы бӛлікті қабық құрайды. Қабық пен ағаштың аралығында кӛзге 
кӛрінбейтін камбий болады. Камбийдің қызметінің нәтижесінде ағаш пен 
қабықтың ӛсуі байқалады. 
Ӛзек кӛлденең қимада кішкентай дақ тәрізді кӛлемде болады, диаметрі 
2…5 мм құрайды, түсі қоңыр, кескіні кӛлденең болып келеді. Радиалды қимада 
ӛзек жіңішке сызық тәріздес кӛлемде болады. Ал тангенциалды қимада ӛзекті 
анықтай алмаймыз.
Қылқанжапырақты тұқымдастардың ӛзегі дің бағытымен бағыттас түзу 
келсе, жалпақ жапырақталарда айналмалы, ирек кӛлемді келеді. Ӛзек жұмсақ 
кездемеден тұрады.
1.2-сурет. Діңнің негізгі қималары: 
К – кӛлденең; Р – радиал; Т – тангенциал 
1.2-кесте. Қабықтың діңге қатысты кӛлемі, % 
 
Тұқым 
Қабық кӛлемі 
Тұқым 
Қабық кӛлемі 
Балқарағай 
Қарағай 
Шырша 
Самырсын 
Майқарағай 
22…25 
10…16 
6…13 
6…10 
11…19 
Емен 
Шамшат 
Қайың 
Кӛктерек 
Жӛке 
14…21 
7…11 
13…15 
11…20 
12…16 


11 
Қабық діңнің кӛлденең қимасында сақина кӛлемінде болады, түсі ағаш 
түсіне қарағанда қоюлау. Жасы үлкен ағаштың қалың қабығын екі қабатқа 
бӛлуге болады; ӛзгеру икемділігіне байланысты, қабаттың орналасу орнына 
байланысты (қабықтық). Қабықтық жӛке ағашында ӛте жақсы дамыған. Ӛскен 
ағаштың қабықшасы ағашты әртүрлі зақымданулардан қорғайды, сонымен 
қатар камбий де беріктік қызметін атқарады. Мысалға айтатын болсақ: 
температураның күрт ӛзгеруі, су тапшылығы және т.б. 
Жас ағаштың діңінде қабық сыртынан тегіс болып келеді, бірақ уақыт ӛте 
келе тесікшелер пайда болып, қартаяды. Сыртқы қабатының ӛзгеру жағдайына 
қарай қабықша тегіс-жұмсақ (майқарағай), сүйелді (шаған), талшықты (арша) 
болып бӛлінеді. 
Қабыршақ жыл сайын қалыңдығы қалыңдайды, бірақ та жылдық ӛсімінің 
қысқа болуына байланысты және де қабықшасының кӛп түсуіне байланысты 
ағаштың қалыңдығындай болмайды. Қабықшаның кӛлемі дің кӛлеміне қатысты 
салыстырғанда (1.2-кесте) тұқым қасиетіне, ағаштың жасына және күтімге 
тікелей байланысты.
Жасы артқан сайын, керісінше, қабықшаның кӛлемі кішірейе түседі, ӛсу 
жағдайы тӛмендеген сайын үлкейеді. Дің кӛлемінің диаметрі артқан сайын 
қабықшаның үлесі азаяды. Қабықшаның қалыңдығы тамырға тақалған жерінен 
бастап ұшына қарай кішірейеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет