Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет21/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   149
Сҥрек гидролизі. Қышқылдардың сулы ерітінділерінің сүрекпен 
әрекеттесуі үрдісі кезінде қарапайым қанттарға айналатын (мысалы, глюкоза, 
ксилоза және т.б.) целлюлоза гидролизі және гемицелюлоза үрдістері жүреді. 
Бұл қанттардан ксилит, сорбит және т.б. ӛнімдерін ала отырып химиялық 
ӛңдеуден ӛткізуге болады. Алайда гидролиз ӛндірісі негізінен қанттардың 
келесі биохимиялық ӛңделуден ӛтуіне бағытталған. Гидролиз ӛндірісінің 
шикізаты ретінде, ең алдымен, кесілген ағаш және ӛңделген ағаш қалдықтары, 
тӛменгі сапалы ағаш сүректері пайдаланылады. Технологиялық үгінділерді 
(МемСТ 18320) бірден гидролиздейді, ал ірі ӛлшемді қалдықтар мен ағаш 
отындарын алдымен жоңқаларға ұнтақтайды.
Ағаш сүрегінің гидролизін жоғары температура кезінде сұйылтылған 
минералды қышқылдармен (күкірт, тұз қылқылдарымен) немесе қалыпты 
температура кезінде концентрленген қышқылдармен жүзеге асыруға болады. 
Ӛндіріс орындарында 0,5...0,6% дейін күкірт қышқылымен сұйылтылған 
гидролиз қолданылады. Ағаш үгінділері мен жоңқалары түріндегі шикізат 
гидролиз аппаратына келіп түседі. Және де осы аппаратқа күкірт қышқылының 
ерітіндісі беріледі. 140...160
0
С температура кезінде гемицеллюлоза гидролизі
ал 180...190
0
С температурада – целлюлоза гидролизі жүреді. Күкірт қышқылын 
беруімен бір уақытта гидролизатты – қарапайым қанттардың қышқыл сулы 
ерітіндісін бӛліп алады. Үрдістің соңында гидролиз аппаратына ерітілмейтін 
қалдық – лигнинді сіңіретін қант пен күкірт қышқылын жою үшін ыстық су 
беріледі. Бұл гидролиз ӛндірісінің қосалқы ӛнімі шайыр, пластмассалар, 
антисептиктер, тыңайтқыштар, белсендірілген кӛмір, жанармай және т.б. алу 
үшін қолданылуы мүмкін.
Күкірт қышқылымен едәуір кӛп концентрленген (10...15%) пентозан-
дармен байытылған жапырақты ағаш тұқымдастарының сүрегі (қайың, 
кӛктерек) мен ауыл шаруашылығының ӛсімдік қалдықтарының гидролизі 
кезінде фурфурол алынады. Ол пластмасса, синтетикалық талшықтар, шайыр 
ӛндірісінде, жағармайларды тазалау үшін, медициналық препараттарды 
(фурацилин және т.б.), бояғыш заттарды дайындауда, арамшӛптермен, саңырау-
құлақтармен және жәндіктермен күрес жүргізуде қолданылатын заттардың 
ӛндірісі үшін және басқада мақсаттарда пайдаланылады. 
Сұйық әкпен бейтарапталған гидролизат (ашытқы) ашытқы бӛліміне келіп 
түседі. Ашытқының құрамында болатын (глюкоза және гексозандардан жаса-
латын қант) арақ қайнататын ашытқылардың ферменттерінің әсерінен 
гексозалар ашытылады және этил спирті қалыптасады, сонымен қатар, сұйық 
кӛмір қышқылы мен құрғақ мұз алу үшін пайдаланылатын және жинақталатын, 
кӛмір қышқыл газы пайда болады. Этил спирті (этанол) пластмассалар, пленка-
лар, лактар мен бояғыш материалдар, дәрі-дәрмек препараттарының және т.б. 
ӛндірісінде пайдаланылады. Этанолды іштен жанатын қозғалтқыштар үшін 
жанармай ретінде пайдалану ӛте перспективті болып табылады. 


43 
Спиртті айдағаннан кейін қалған қалдықтардың (барда) құрамында 
дәрумендерге және ақуызға бай азықтық ашытқаларды ӛсіру үшін 
қолданылатын ыдырамаған пентозалар болады. Технологиялық үрдісі этил 
спиртінің алынуын қарастырмайтын ӛзіндік гидролизді-ашытқыш ӛндірісі 
жасақталған. Гектоза мен пентозаны кіріктіретін толық гидролизат азықтық 
ашытқыларды ӛсіру үшін пайдаланылады, олар жануарлар тағамдарының 
үлесіне қосылатын бағалы қосымша болып табылады. Ашытқыларды құрамын-
дағы ақуыздың мӛлшері 35% кем болмайтындай құрғақ (ылғалдылығы 10% 
артық емес) ұнтақ түрінде қоңыр түсті етіп шығарады.
Соңғы уақытта гидролиздің дәстүрлі әдісінен басқа сүректі 200...240
0
С 
температура кезінде кезекті қысымды күрт тӛмендету арқылы қысқа уақыт 
аралығындағы буландыру авто гидролизі, және әсіресе биологиялық 
катализаторларды пайдаланумен жүретін ферментативті гидролиз кең 
қолданылуда. 
Жапония мен басқа да мемлекеттерде гидролиз және басқа да химиялық 
әсер ету жолымен, полимер материалдарының ӛндірісі үшін қолданылатын 
қоспаларды ала отырып сүректі сұйылтуды пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет