Р.Б. Əбсаттаров, Ə.И. Шалтыков. «Жаңашыл ғалым, бастамашыл азамат»
40
теориялық тұжырымдар мен жанрларды
жіктеудегі авторлық ұстанымы түркі тілдес
бауырлас ғалымдарының зерттеулерінде
жалғасын тауып, қолданысқа енді.
Сейіт
Асқарұлы
Қасқабасов
ғылымның талантты ұйымдастырушысы
ретінде де белгілі. 1970 жылдардан бастап
бүгінге дейін Қазақстандағы фольклорта-
ну жəне əдебиеттану ғылымының көптеген
жетістіктері оның есімімен байланысты. Ол
сол жылдан қоғамдық ғылым бөлімшесінің
басшысы ретінде жəне 2001 жылдан 2012
жылға дейін М.Əуезов атындағы Əдебиет
жəне өнер институтының директоры
ретінде еліміздегі гуманитарлық ғылымдар
мен əсіресе, фольклортану ғылымы бой-
ынша зерттеулердің негізгі бағыттарын
анықтауға белсене қатысып келеді. Осы
жауапты міндетті мінсіз атқарып, үлкен бе-
дел биігінен көрінді. Іскер басшы қажыр-
қайраты мен білімінің арқасында аз уақыт
аралығында тұралап қалған институт
жұмысын ілгері жылжытып, беделін көтерді.
Бұл ретте ғалымның тікелей қатысуымен
түркітанушылардың халықаралық форум-
дары, оның бастамасымен «Қозы Көрпеш
– Баян Сұлу» эпосының 1500 жылдығына,
ұлы ақындар Дулат Бабатайұлы мен Махам-
бет Өтемісұлының 200 жылдығына, қазақ
əдебиетінің классиктері Ғ.Мүсірепов пен
Ғ. Мұстафиннің жəне аса көрнекті ғалым,
композитор А.Жұбановтың 100 жылдық
мерейтойларына арналған халықаралық
ғылыми- конференциялар өткізілді. 2002
жылдан бастап ол басқарған М.О.Əуезов
атындағы Əдебиет жəне өнер институтында
дəстүрлі Əуезов оқулары, 2004 жылдан ба-
стап ұлы Абай шығармашылығына арналған
Халықаралық ғылыми-теориялық конфе-
ренциялар жыл сайын ұйымдастырылды.
С.А.Қасқабасов
басқарған
тұста,
М.О.Əуезов институты өзіне жүктелген
міндеттерді толық орындап, фольклорта-
ну, əдебиеттану жəне өнертану ғылымдары
бойынша іргелі ғылыми еңбектерді өмірге
əкелді. Ғалымның тікелей басшылығымен
«Қазақ əдебиеті тарихының» 10 томдық
жаңа басылымы, 3 томдық «Қазақ өнерінің
тарихы» алғаш рет жарыққа шықты.
«Қазақ əдебиеті тарихының» фольклорға
арналған 1- томы С.Қасқабаевтың тікелей
басшылығымен жəне негізгі авторлығымен
жазылып, тəуелсіздік талаптары тұрғысынан
жаңаша зерттелген ой-тұжырымдармен,
тың пайымдаулармен ерекшеленді.
С.А.Қасқабасов басшылық жасағанда
институтта ежелгі əдебиет, əлем əдебиеті
жəне халықаралық қатынастар, абайта-
ну жəне жаңа əдебиет бөлімдері ашы-
лып, жемісті жұмыс атқарды, сондай-
ақ, ғалымның бастамасымен ашылған
өнертану
ғылымдарының
кандидаты
ғылыми дəрежесін алу үшін диссерта-
ция қорғау кеңесі, институт жанындағы
диссертациялық
кеңесінде
ашылған
орыс əдебиеті, Қазақстан Республикасы
жəне жаңа шет елдер халықтары əдебиеті
мамандықтары бойынша жұмыстар сəтті
жүзеге асты.
С.А.Қасқабасовтың тікелей бастама-
сымен жəне басшылығымен арнайы пікірлер
жазылды. 1993-1994 жылдары түркітанушы-
ғалым, академик В.Радлов жинаған қазақ
фольклоры үлгілері мен ақын-жыраулар
шығармалары енген «Алтын сандық» жəне
«Ел қазынасы – ескі сөз» атты жинақтар
жарық көрді. Ал, 2002 жылы ғалымның
құрастырумен «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»
атты көлемді ғылыми жинақ жарыққа
шықты.
*«Үркер»*№11* 2015
41
Ғалым жеке ақындар шығарма-
шылығын зерттеуге де ден қойды. 1996
жылы жыр алыбы Жамбылдың орыс
тіліндегі таңдамалы шығармашылығының
бір томдығын шығарды. Оның зерттеу
мақаласы арқылы əр мəтінге толық ғылыми
түсініктеме берілген. Өршіл, асқақ рух-
ты поэзияның көшбасшысы Махамбеттің
ақындық талантын жаңа ғылыми қырынан
танытып, тəуелсіздік рухымен кең тыныста
жазылған «Махамбет – қазақ əдебиетінің
классигі» атты еңбегі арқылы көтеріліс
жыршысының шығармашылығын жаңаша
зерттеуге жол салды. Орыс тілінде шыққан
3 томдық «Қазақ əдебиетінің тарихын»
жазуға қатысып, бұл басылымның 10 том-
нан тұратын жаңа жобасын дайындады.
Журналда жарияланған бұл жоба қазір
ғалым өзі басқарып, жүзеге асырған 10
томдық «Қазақ əдебиетінің тарихына»
негіз болды. Елбасының тікелей бастама-
сымен жəне қадағалауымен атқарылған
қайталанбас ғасырлық жұмыс – «Мəдени
мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойын-
ша 100 томдық «Бабалар сөзі» шығып, оны
халық биік рухпен қабылдаса, осы идеяны
жүйелеп, орындаған да С. .А.Қасқабасов
екенін қазақ жұртшылығы жақсы біледі. «Ба-
балар сөзі» 100 томдығы –халқымыздың ру-
хани қазынасы, баға жетпес байлығы болған
фольклорлық мұраны қамтыған теңдесі жоқ
үлкен еңбек. Сондай-ақ, 5 томдық «Қазақ
музыкасының антологиясы», 20 томдық
«Əдеби жəдігерлер» оқырманға жол тартты.
1996
жылы
С.А.Қасқабасовқа
халықаралық Жамбыл қорының Жамбыл
атындағы сыйлығы берілді.
С.А.Қасқабасов еңбектерін қазақ жəне
орыс тілдерінде бірдей жазады. Соның
нəтижесінде ол «Хайуанаттар туралы қазақ
ертегілері» атты қазақ, орыс тілдеріндегі
жинақтың академиялық ғылыми басылы-
мын шығаруға белсене қатысты, «Фольклор
народов СССР и современность» (Киши-
нев), «Фольклорный театр народов СССР
(Мəскеу), «Азербайджанско-казахские ли-
тературные связи» (Баку) жинақтарына,
одақтық журналдарға қазақ фольклоры мен
əдебиеті туралы зерттеу мақалалар жазып
жариялады.
Фольклортанушы-ғалым
еліміздің
жалпы білім беретін мектептері мен
жоғары оқу орындары үшін игі істер
атқаруда. Ол əл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті мен Қазақ қыздар
мемлекеттік педагогикалық унивеситетінің
студенттеріне қазақ фольклорынан дəрістер
оқып, практикалық сабақтар, арнайы се-
минарлар өткізеді. Академиктің фольклор,
əдебиет жəне түркітануға арнаған дəрістерін
республиканың басқа да оқу орындарының
жəне
Түркия,
Ресей,
Қырғызстан
университеттерінің студенттері тыңдады.
С.А.Қасқабасов
республикамыз-
да жəне одан тыс елдерде белсенді қоғам
қайраткері ретінде кеңінен танымал. Ол
ұзақ жылдар Əдебиет, өнер жəне сəулет
саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлықтары
жөніндегі комитеттің секциясын басқарып
келеді, ол сондай-ақ «Мəдени мүра»
ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге
асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі
əрі осы кеңес жанындағы «Фольклор-
тану. Əдебитетану. Өнертану» секциясының
төрағасы, республикалық ономастикалық
комиссияда да белсенді жұмыс істейді.
Қазір өзі ашқан «Керуен» ғылыми жəне
əдеби-көркем журналының бас редакторы,
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
Р.Б. Əбсаттаров, Ə.И. Шалтыков. «Жаңашыл ғалым, бастамашыл азамат»
42
* «Үркер»* №11* 2015
академиясының Хабарлары. Тіл, əдебиет се-
риясы» журналы Бас редакторының орынба-
сары əрі редакциялық алқасының мүшесі. Ол
сондай-ақ халық прозасын зерттеушілердің
Халықаралық қауымдастығы қоғамының
«Финляндия», Дүниежүзілік Шыңғыс хан
академиясының «Моңғолия», Халықаралық
Айтматов академиясының «Қырғызстан»
мүшесі болып сайланды. Ғалым Қазақстан
Жазушылар одағының мүшесі ретінде де
еліміздің мəдени өміріне белсене араласып
келеді.
Енді С.А.Қасқабасовтың қайраткерлік
қырларын айтатын болсақ, тəуелсіздіктің
алғашқы күндерінен бастап, 1991-1992 жыл-
дары ҚР Президенті мен Министрлер
кабинеті аппаратында əуелі мəдениет
секторының меңгерушісі, содан соң
Білім, жастар, туризм мен спорт бөлімі
меңгерушісінің орынбасары болып қызмет
атқарды. Бұл қызметте жүріп, ол Қазақстан
Республикасы
егемендігінің
алғашқы
құжаттарын,
мемлекеттік
рəміздерін
даярлауға
қатысты. Республиканың
Əнұраны мен Елтаңбасын жəне Туын таңдау
комиссиясының мүшесі болды. Елтаңбаға
байланысты оның айтқан ұсынысы толық
қабылданды. Сонымен қатар, Абайдың
150 жылдық, Сəкеннің, Мағжанның,
Бейімбеттің 100 жылдық мерейтойларын
өткізу туралы қаулыларды дайындады,
республикалық мерейтой комиссияларына
мүше болды.
С.А.Қасқабасов
ҚР
Қорғаныс
министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлы
Жеңістің 70 жылдығына қарай жарық көрген
10 томдық «Ержүрек» жинағы, «Айтыста-
ну» ғылыми жинағы, т.б. көптеген маңызды
жобаларға жетекшілік етті.
1992 жылы ұлт тарихында тұңғыш
рет Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығымен ашылған Қазақстан Респу-
бликасы Министрлер Кабинеті жанындағы
Жоғары
аттестациялық
комиссияның
(ЖАҚ) төрағасы болып тағайындалды.
Алғашқы ЖАҚ, алғашқы төраға ғылым са-
ласын аттестациялау, білікті кадрлар сынды
жаңашыл жұмыстарды ғылыми ортаның
тілегіне сай орындап шығып, білікті кадрлар
даярлау ісіне үлкен үлес қосты. Қазақстан
ЖАК басшысы бастамасымен Халықаралық
мемлекеттік органдарды аттестациялау ас-
социациясы – МАГАТ құрылды. Ол осы
беделді ұйымның бірінші төрағасы болып
сайланды. «ЖАК туралы Ереже», «Ғылыми
дəрежелер мен ғылыми атақтар беру
тəртібі туралы ережелер» сияқты алғашқы
заңнамалық құжаттарды тікелей өзі дайын-
дады.
Р.Б. ƏБСАТТАРОВ,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,
философия
ғылымдарының докторы,
профессор;
Ə.И. ШАЛТЫКОВ,
саяси ғылымдарының докторы,
профессор.
43
СЕН МАҒАН ЖАТ
ЕМЕССІҢ…
XX ғасырдың
əдебиетінде поэзия мен
поэзиятануда жетістікке
қатар жеткен ақындар
саусақпен санарлықтай
ғана. И.Бродский, əне,
солардың бірі. И.Бродский
алдымен ақындығымен
көзге түсті, соңынан
сыншы болып таныл-
ды, тіпті ақырында
ақындығын сыншылығы
басып озды. Оны бұған
сүйреген дүрбелеңге толы
өмірі мен тағдыры деуге
болады.
1972 жылы Кеңес үкіметі көшеде кетіп
бара жатқан И.Бродскийді тарпа бас са-
лып ұстап, ұшаққа салып Венаның мəлім
бір əуежайына лақтырып жіберген. Содан
ол келесі күннің кешінде сонда көзі тірі,
ағылшын тілінде жазатын даңқы жер жарған
ақын У.Аутонның (1907-1973) қарсы алдында
отырады. У.Аутон оның АҚШ-қа барып та-
бан тіреуіне жол қарастырады. И.Бродскийді
қолтықтай
жүріп
Лондонда
өткен
қаламгерлердің халықаралық басқосуына
қатысады.
Сонда
«əдебиетшілердің
халықаралық үлкен кездесуінде У.Аутон
жұрттың назарын өзіне емес, қасына ертіп
жүрген И.Бродскийге аударды. Сол ортада
жұрт көп жұлдыздың ішінде шолпандай
жарқыраған И.Бродскийді көрді» деп жаз-
ды. У.Аутон онымен қоймай, И.Бродскийдің
Таєдыр
44
* «Үркер»* №11* 2015
жарық көруге тиіс жыр жинағына алғысөз
жазбақшы болады (бұған дейін ол Кеңес
одағында айдауда жүрген И.Бродскийдің
батыс елдерінде алғаш ағылшын тілінде
жарық көрген жыр кітабына алғысөз жазған
болатын). Көп жылдардан кейін осы тура-
лы сөз болғанда И.Бродскийдің «даңқты
ақынның балапан жырдың иесі – менің
өлеңдеріме алғысөз жазып беруі əбестік
болар еді. Сəтін салғанда мен оған жол
бермедім» деген.
Осылайша У.Аутонның күш сала
қолдауы, кеңестік жүйеге қарсы өнімді
жұмыс істей бастаған Батыс дүниесінің
мұрындық болуымен И.Бродский өзі
айтқандай «еркін тыныстайтын ағылшын
тілі мен АҚШ төлқұжатының иесі» бо-
лып шыға келеді. Біраз зерттеушілер
И.Бродский, міне, осы сəттен бастап сын-
шы болып қайта туды деп қарайды. Айтса
айтқандай, 1972 жылға дейін ақын жал-
пы өркениеттер мен мəдениеттер тура-
лы, Батыстың үлкен ақындары, айталық,
Т.С.Элиот, Р.Фрост, т.б. туралы арнау өлең
жазса, кейін батысқа барған соң поэзияның
табиғаты жəне жоғарыда аты аталған
ақындардың шығармашылығы туралы
терең толғап, атын əлемге танытқан сын
мақалалар жазды.
Батысқа барған соң И.Бродский
өлеңдерін көптеген тілге аудартып
жарыққа шығарды. Соның ішінде ағылшын
тілінде жарық көрген «Тілдің бөлшегі»
(A Part of Speech. 1977 ж.) жинағын ерек-
ше атауға болады. Осы кітап оны ағылшын
тілінде сөйлейтін елдерге ақын ретінде та-
нытты. Кітапта дəл жинақпен аттас «Тілдің
бөлшегі» деген өлең бар. Қытай тіліне
аударылған өлеңді қазақшаласақ былай бо-
лып шығады.
«Селеу мен жусанның басын
жел сүзген, татарлардың атының тұяғы
дүбірлеген сайын дала, сен маған жат
емессің. Жазылған түкті кілемдей, көз
жеткісіз
көкжиекке
дейін
бүркелген
даланың
қызғылт
реңі,
жапырақтар
маған өз қанына боялған баяғы ханзада-
ны елестетеді. Жаңбыр төбеден жауған
қисапсыз жебедей төгілуде. Шағын ағаш
үйдің қабырғалары жауында қақырап ай-
ырылатындай үн қатады. Қайтқан қаздың
гəккуіне үн қосып алтын күз осылайша
жас төгеді. Төбедегі терезеден көк аспанға
көз тастаймын. Құлағыма баяғының асқақ
əуені келеді. Ол менің даланы қанға бояған
соғысты аңсағаным емес, қайта қазақтар
ардақтаған есімнің бір ұлттың ұранына
айналған рухтың тамағына тығылғанынан
деп білгейсің».
Өлеңнен сайын дала, татарлардың
атының дүбірі, даланың сіркіреген жау-
ыны, қаңқылдаған қаздың үні («қазақ»
деген ат «қаз» деген сөзден келді деп жа-
тамыз), ақын мақтанышпен ауызға алған
қазақтың жұмбақ рухы (ұраны) кезігеді.
Осыдан соң ойға «И.Бродскиймен қазақ
байланыса ма?» деген сұрақтың туындай-
тыны белгілі. Жоғарыдағы өлең ақын мен
қазақтың байланысатынын аңғартады.
И.Бродскийдің өмірінен аз хабары бар адам
оның Анна Ахматовамен тығыз байла-
ныста болғанын білсе керек. Ақын əкелі-
балалы Гумилевтерді, олардың еңбектерін,
Орталық Азияның өткен тарихын жақсы
білген. Одан қалса И.Бродский 1955 жылы
оқудан қол үзгеннен кейін, бір мезгіл кен
барлаушылардың қатарында жұмыс істеген,
нақтылап айтқанда, уран іздеушілермен
45
бірге кеңес елінің біраз жерін шарлап
шыққан. Бұл кезең Қаныш Сəтбаевтың
қазақ топырағындағы кен байлығын картаға
түсірген кезіне тұспа-тұс келеді. Мүмкін,
И.Бродский жұмыс істеген топ уран іздеп,
бүгінде осы элемент шығып жатқан біздің
байтақ Сарыарқаның төсіне де табан тіреген
шығар. Бұған енді нақты жауапты əдебиет
тарихын зерттеушілер беруге тиіс.
Бізді
ойлантатыны,
өлеңнің
нені меңзегені болып отыр. Меніңше,
өлең дүниені дүр сілкіндіріп, əлемді
бойсындырған Шыңғыс хан жəне оның
ештеңеден қаймықпайтын, тіпті əкесі
Шыңғыс ханның өзінен де ықпаған, түркі
тайпаларынан құралған жұрттың еңсесін
көтеріп, өз алдына елдік туын тіккен, екі
ғасырдан соң қазақ деген тұтас бір халыққа
мемлекет болуға жол салған Жошы хан ту-
ралы айтады. Осыдан кейін И.Бродскийдің
қазақ даласында болғанына, Жошы ханның
күн қақтаған мазарына қарап тұрып,
ұлы тарих туралы ойға кеткеніне толық
сенесің. Түп-тамырын, тегін бағалайтын,
содан туындаған бостандық рухы жолын-
да ештеңемен есептесіп жатпаған ханзада-
ны өлеңге қосу арқылы ақын өз тағдырын,
алып империялардың мүддесінің алдын-
да қашанда құрбандыққа шалынып кете
беретін кіші халықтардың тарихындағы
əсте ұмытпауға тиісті ұлылықты жырлаған.
Кеңес қоғамында жасаған еврей ұлтының бір
мүшесі ретінде И.Бродский аз халықтардың
тартқан тақсыретін кімнен болса да артық
білді. «Мен 7 жасымда өзімнің еврей
екенімді сездім. Сабақтастарым сездірді»
деп жазады ақын. Өзінің «өзге» екенін сез-
геннен кейін көп адамдар барын салып осы
«өзге» болудан құтылудың жолын іздейді.
Кеңес қоғамында басым сандағы еврейлер
де, қазақтар да, басқалар да солай істеген
(Баяғы Ф.Фанон айтқан «қазір, мен барлық
жағынан ақ тəнді сияқты сауаттымын,
шіркін, терім ақ болып қалсашы!» деп ауы-
рып қалатын көңіл-күй). Алайда, И.Бродский
жоғарыдағы түсініктен мүлде басқаша
көзқарас ұстанады. Күштілердің алдында
бүгежектеме, қайта өзіңнің «өзге» екеніңді
сезін, бүгінге дейін қаныңда ойнаған
рухыңды, тегіңді ұмытпа, сонымен мақтана
біл дейді ол. Бұл ойынан И.Бродский, тіпті
АҚШ-та өмір сүріп, еркіндікке шыққаннан
кейін де айнымаған. Содан да болар, ол
өзінің ағылшын тілінде жарыққа шыққан
ең таңдаулы жыр жинағына жоғарыдағы
өлеңнің тақырыбын берген.
P.S.
И.Бродский тіл – рухтың тыл-
сым мекені, поэзияның құдыреті сон-
да жасырынған деп қараған. Осы
тұрғыдан келгенде жоғарыдағы өлеңнің
тақырыбын «Рухымның бір бөлшегі» деп
түсінген дұрыс. 1987 жылы «Адам мен ол
жасаған қоғамдық ортаның қақтығысы
дəуірінде эстетикалық талғам мен
моралдық құндылықтың таразысын
шайқалтпай ұстап, өз дəуірінің тарихи
болмысын поэзия құдыретімен кең пішіп,
терең толғап, жеріне жете көрсеткені
үшін» И.Бродскийге Нобель сыйлығы
берілді. Өкініштісі, бостандық пен адамға
тəн ар-намысты бəрінен жоғары қоятын
асау жүректі ақын 56 жасында кенет-
тен жүрек талмасынан АҚШ-та өмірден
озды.
Ардақ НҰРҒАЗЫҰЛЫ
Ардақ НҰРҒАЗЫҰЛЫ. «Сен маған жат емессің…»
46
* «Үркер»* №11* 2015
«Үркердің»
шаңырағы
«Өз жақсыңды жаттай
сыйла, жат жанынан түңілсін»,
– дейді біздің қазақ. «Үркердің»
шаңырағында қос қуаныш.
Оның бірі – рухани қуаныш.
Жарас
Сəрсегіміз
Қазақ
хандығының 550 жылдығына
орай Қазақстан Жазушылар
одағы мен Еуразия Топ (ЕRG)
бірлесіп
ұйымдастырған
«Алаш тарихының ақиқаты»
атты шығармашылық жабық
бəйгеде «Шерменде» жыр
циклдарымен екінші орын-
ды иемденді. Ал, басты
қуанышымыз – келініміз ұл
тауып, төртінші перзенті –
Əмір Шах Рысқұл дүниеге
келді. Əдебиетте де, еркектік
болмысымызда да біз алдамыз.
Басқаларға да осыны тілейміз.
Қазақтың
қара
домалағы
көбейіп,
қалам
құдіреті
асқақтай берсін. «Жақсы сөз –
жарым ырыс» демей ме?!
Редакция
Əрине, біз орысша тіл сындырып, Пушкин мен Лермонтов
тəлімінен үйрендік. Абайға ден қойдық. Абай дегеніміз өзгеше бір
əлем екен. Соны енді ғана білгендейміз. Абайды оқып отырып, бір
мөлдір тазалыққа рахаттана кенелгендей боламыз. Қараңызшы:
Желсіз түнде жарық ай,
Сəулесі суда дірілдеп.
Тасыған өзен гүрілдеп, - дейді.
Біз енді ғана өмірге бойлап еніп келе жатқан, кəмелет
жасындағы оқушылармыз. Осы өлең бізге қатты əсер етті. «Абай
жолын» оқып шығып, қайта-қайта оқи бергіміз келеді. Бұны жазған
Мұхтар Əуезов атты данышпан екен ғой. Сол қаламгерге кезінде
Лениндік сыйлықты қаламының құдіреті үшін берген екен.
Біз қазір жоғары сыныпта оқимыз. Тек филолог болғымыз
келеді. Төменгі сынып оқушыларына «Абай жолын» оқыңдар дер
едім. Əдебиеттің берері аз емес. Бұның бəрін «Үркер» журналы
арқылы білдік. Шыққанына тоғызыншы жылға аяқ басқан журнал
нағыз əдебиет пен мəдениеттің желкілдеген жалауы дер едік. Бұл
біздер сияқты əдебиет жолымен жүруді мақсат тұтқандар үшін үлке
жол, əдебиеттің асқаралы аспаны.
Біз қайтсек те бұл басылымға жазылып, əр санын асыға күтіп
жүреміз. Мектеп кітапханасының жазылуына да атсалысамыз.
Міне, бүгін өз пікірімді білдіріп отырмын. Атсалысқан деген осы
емес пе?
Барлық сыныптастарыма айтарым – үлкен жол «Үркер»-
ден басталады. Абай мен Шоқан, Пушкин мен Лермонтов, тағы
басқа зиялыларды тоғыстыратын үлкен дəстүрдің бастаушысы да
«Үркер» дер едік.
Біз «Үркерден» үйренеміз.
Анастасия БАДЫРОВА,
Достарыңызбен бөлісу: |