Салтанат ҚАЖЫКЕН
Салтанат ҚАЖЫКЕН. «Ел жадындағы «Айгүл»
14
***
Мұз -кеудем
Санам-өрт, күз-көңіл,
Үмітте жүз көктеу, мың өлім.
Қайтейін қоспайды бізді өмір,
Мұны анық білемін.
Араны бөліп тұр үш адым,
Үш адым үш күндік сапардай.
Басқаның таңдадың құшағын
Өзімнен от алмай.
Ойран-ой,
Өңім-күл, түс-іргем,
Қиял-ақ біздерге ортақ үй.
Мұң-нота мезгілсіз түсірген
Жылысты жаныма жорта күй.
Сақалын салалап сабырдың,
Күш кеміп, жан азып, ес ада.
Сағындым... Сағындым... Сағындым...
Не шара?
Бұйырмаған балмұздақ
Қалай естен бұл күнді шығарамыз,
Бақыт деген осы да сірə, нағыз.
Болды мынау тосын сый түскен көктен,
Суыды деп жүргенде шын арамыз.
Ғашықтардың таңдапсың «жалғыз»
бағын,
(Елемей тұр қарайған тал, біз барын).
Əзіл-шын ғып алдында айта салған
Маған деген қолыңда балмұздағың.
Түні де бұл, КазГУ-дың бағы да əсем,
Қараңғылық дəл мұнда табы бəсең.
Айлы түнде есімнен шын адасам,
Жайғасқанда жалғызым жаныма сен.
МЕН ӨЗІҢДІ МӘҢГІЛІК
СҮЙЕДІ ЕКЕМ...
Поэзия
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА
1992 жылы Оңтүстік Қазақстан об-
лысы, Ордабасы ауданы, Қайнар ауылын-
да дүниеге келген. 2013 жылы Əл-Фараби
атындағы
ҚазҰУ-дің
Журналистика
факультетін, 2015 жылы магистратурасын бітірген. Үстіміздегі
жылы «Бұйырмаған балмұздақ» жыр жинағы жарыққа шықты.
15
Дəл қасыңда өлген ой тірілді анық,
Тіл ұшымда тұр сезім тығындалып.
Балмұздағым байқалмай түсіп қалды-ау,
Ойда-жоқта кеткенде діріл қағып.
Ашылуға ынтамен жүгінсекте-ей,
Ғашықтықтың бердік-ау жырын шеттей.
Бір-ақ сағат! Кездесу аяқталды
Əңгіменің мен күткен жібін сөкпей...
***
Сен тағы да
Есіме түстің бүгін,
Ұмыттырып өмірдің күс тірлігін.
Бəрінен де жалтарып,
Сен сыйлаған
Сал сезімнің тəп-тəтті құштым мұңын...
...Тағы ашты «түс» түндігін...
Мүсіркеген таныс түн,
Ай –əдемі.
Таңып берген жүректің «таяды» емі.
Қайта дертке шалдықтым,
Əй, қара түн!
Ұрысшы маған!!!
Содан соң ая мені...
Қажытты ғой жанымды ой əлегі...
Ызғарлы түн,
Мейлі ессін мұңлы лебін,
Содан соң сен,
жанымды тілгіле мың.
Асау арман бағынсын, бағынбасын
Айнымайды өзіңнен бұл жүрегім.
Осы ғой бір білерім!!!
Сүйеді екем...
Өлеңіме өзіңді тиек етем,
Басқа жаннан осылай күйе ме екем?
Ордасына ойымның басып кірген
Мен өзіңді мəңгілік сүйеді екем...
Сүйеді екем сұрамай ешкімнен де,
Сүйген жанға жарытып ес кірген бе?
Елең етіп тұрамын анадайдан
Есімің естілгенде...
Сүйеді екем себепсіз сырын таппай,
Сезім мынау не деген шырын, тəтті-ай?!
Қашан енді көктем боп ораларсың
Жүректі шырылдатпай...
Сүйеді екем жасырып, ақтарылып,
Қабырғасын сананың таптап, үгіп.
Сүйеді екем өзіңді шексіз, шетсіз
Сезімді баптап, ұғып...
***
Күндегі саз... қайталап түн-сыбызғы,
Мұң жамылған сығалап тыңшы бізді.
Қалың оймен бүк түсіп жатырмыз-ау,
Қиял бойға сіңердей тылсым ізгі...
Сендік ой мен мендік ой көп кеңесіп,
Дəру іздер сан сағат дертке нешік.
Кірпіктер де қауышпай қатаяды
Бірі-бірімен қалғандай өкпелесіп.
Армандар-ай ініне «аш тығылған»,
Күйім құрсын пері-түн қастығы ұрған.
Көз моншағын көлдейін тұрған сүртіп,
Болмадың-ау артық та жастығымнан...
Түн-таспада ескі күй, көмескі мұң,
Менің жаным сол күймен егесті мың.
Айдың солғын өңінде жазылып тұр
Жүрекке ерке мəңгі күш еместігің...
Күндегі саз... қайталап түн-сыбызғы,
Алып болды сəні ұшқан тынышымды.
Жазмыштың бұл дұрыстап иірмеген
Арамызды байқаусыз ұршығы үзді.
Мөлдір ДАРХАНБАЕВА. «Мен өзіңді мəңгілікке сүйеді екем»
16
* «Үркер»* №11* 2015
***
Телефоным тым үнсіз құлақ түрем,
Санамда жүр шапқылап сұрақ кілең.
Титтей затқа соншама телміртердей
Шын əккі ме ең?
Халіңді айтшы кімдерден сұрап білем?!
Жараспады үн-түнсіз жоғалғаның,
Алдан тосар деуші едім зор арманың.
Білем, білем, айырып тоғыстырар
Жол алда мың
Бір күні іздеп маған да қонар бағым.
Телефоным əдейі міз бақпады,
Қайран жүрек барады мұздап тағы.
Алаңдайды күтумен көңіл ессіз,
Сонда да арым сен салған ізді ақтады.
Жалғандықты сезім-ай кеш ұқтырған,
Байғұс басым мұң отын кешіп тынған.
... Жо-жоқ тоқта, телефон қуат бітіп
Өшіп тұрған.
Тарс-тарс...
Жалт қарадым, сенбісің есікті ұрған?!
***
Сұрғылт бөлме. Шұбар сағат сыртылы,
Сыңар ойдың жел өткізер жыртығы.
Бір-бірімен кеңесет те, жебесет
Жүрек-үні, сыр-тілі...
Күннің қайтқан сəулесінен кіл сарғылт,
Сан елеспен, жан егескен мұң шалды үт.
Құрғыр қиял түсірер ме құл күйге
Мұнша албырт?..
Осы кештің дидары-үсік, өңі-дау,
Түнге ұласқан түсіреді жолына-ау.
Шылдыр-шылдыр,
Уф, жүрегім, селк еттім
Есті айырды есіктегі қоңырау!
Сен екенсің, қола құйған бұ мүсін,
Қырық жылдық қайғы ерткен жүрісің.
Сұр үйіме шырақ ұстап кірмесең
Келген ісің құрысын...
Көңіл-күңгірт, көзіңде анау күз-жаңбыр,
(Жоқ болып тұр, Секірер-ор, құз-қарғыр)
Түсіндір деп қоштасудың қылығын
Сұрамаққа келдің білем қыздан бұл...
Үнсіздікке байланады тіл бекем,
Жанарымда жүздей жауап жүр, көкем.
Сілкілеме сырты қалған сорлыны
Құр бекер...
Алдыңда біл, күш-көктеген, əл-құрай
ақталмаған ар тұр-ай!
...Шығып кеттің, бейнеңді ертіп күнəсіз
Кешір!
Есік-тағдыр ашық қалды жартылай...
Айтулылар айтқан сөз
Халық тағдыры – карта ойыны емес.
Міржақып ДУЛАТОВ
17
МАЙМЫЛ
Идея кішкентай қызымнан шықты... Де-
малыс күні xайуанаттар паркіне алып барғам.
Бізден басқа да жан иелері бар екенін, тіпті, көп
екенін жəне оны кинодан, теледидардан ғана
емес, нақты өмірде өз көзіңмен көруге болаты-
нын түсінгенде, ит пен мысықтан басқа ештеңе
көрмеген бес жасар қызымның есі шықты!..
Енді жексенбі сайын, таң атпай тұрып алып,
зоопаркке апар дейді... Мен – апарам. Əсіресе,
маймылдардың маңынан кете алмаймыз.
Қызымды олардың адамға ұқсастығы қайран
қалдырады. Қимыл-əрекеттерін қызықтайды,
сөйлей ме деп сұрайды... Күндердің күні: «Əке,
бұлар қашан біз сияқты адам болады?» деп, мені
əбден тығырыққа тіреді. Мен эволюция тео-
риясынан білгенімді айтқан болдым. Энгельс
дейтін ақылды атаның «Адамды адам еткен –
еңбек» дегенін де мəлім қылдым... Содан пəлеге
қалдым!.. «Маймылдың баласын асырап алып,
тезірек адам жасайықшы» деп, күнде-күнде
ызылдап, құлақ етімді жеп қойды. Қызымның
айтқаны мен үшін – заң. Ақыры, «болсын»
дедім. Тапсырыс беріп, алыстағы джунглилі
арал елінен маймылдың сүйкімді бір баласын
алдырдым. Маймылдан адам жасауға болаты-
нын дəлелдемекке, жұмысты тастап, бірыңғай
тəрбиешілікке көштім... Əуелі, бойын түзеп,
еңсесін тіктеу үшін, қолына таяқ беріп, бақтан
алма қақтырдым. Бассейнге түсіріп, суға жүзуді
үйреттім. Аулада жер қаздырып, ағаш ектірдім.
Əртүрлі спорт ойындарына баулыдым. Əйтеуір
тыным таптырғам жоқ...
Бетінен қақпадық, құдайдың еркесі бол-
ды... Жеке құжаттарына мақтанышпен «қазақ»
деп жаздырдым. Неге мақтан етпеске?..Осын-
дай бір қазақ тəрбиелеуге мендей-ақ еңбек
сіңірсін!..
Бұл бір талантты маймыл болып шықты!
Эволюция жолын қысқа мерзімде жүріп өтті.
Алпыс күнде бойын тіктеді. Алты жылда тілі
шықты. Жəне, қазіргі талапқа сай, үш тілде!..
Əн айтып, домбыра тартты, пианинода ойна-
ды. Атқа мінді, велосипед тепті, компьютерді
меңгерді. Жан-жақтан шақырылған қаншама
мамандардың көмегімен жəне өзімнің жігер-
қажырыммен аз жылда адам кейпіне келді.
Біратар
Тұрсынжан ШАПАЙ
Қазақстан
Жастар
одағы, Халықаралық «Алаш»
əдеби сыйлығының иегері.
Филология ғылымдарының кандидаты. «Шын жүрек
– бір жүрек», «Қазақтың жаны» т.б. кітаптардың ав-
торы.
18
* «Үркер»* №11* 2015
Денесінің түктері түсті, тайқы маңдайы жазыл-
ды. Арт жағының ыңғайсыздау қызыл-жалтыр
тұстарын табиғи тері жапты... Батқан кеңсірігі
бері шығып, танау тесіктері ықшамдалып,
қатқан қыр мұрын болмаса да, қазаққа жаттығы
жоқ сүйкімді тəмпіш мұрынға ие болды.
Косметикалық отаның осындай небір ғажайып
тəжірибелерінің нəтижесінде маймылымыз
əжептəуір көрікті жігіт болып өсті.
Рас, менің де, мен жалдаған қаншама
мамандардың да қолынан келмеген екі нəрсе
болды. Біріншіден, бұл маймылдың қолының
сұғанақтығын қойдыра алмадық. Онымен
жайбарақат сөйлесіп тұру мүмкін емес – қолы
тыныш таппай, сумаңдап, сенің ана қалтаңа
бір, мына қалтаңа бір кіріп-шығып жүреді.
Оны қойып, əрі-беріден соң, көз ілеспес
жылдамдықпен қойны-қонышыңды аралап
кетеді... Есейе келе, рас, онысын азайтты, бірақ
əдет деген қиын... Қарсы жолыққан адам аман-
дасып өткенше, қалтасындағы ақшасынан
қағылады, ол жоқ болса, қалам, тарағынан ай-
ырылады... Жəне көсеудей сумақай қолының
епсектілігі мен жылдамдығы сонша, қас
қаққанша, қалай тоналып қалғанын ешкім
байқамай да қалады. Екінші бір əдеті – барлық
маймылдар сияқты, айнаға жаны қас... Алды-
на қандай айна қойсаң да, оған...маймылдың
бейнесі шағылады да тұрады... Бұл ғажапқа
түсіне алмай-ақ қойдық. Айнадан аулақ əкетсең
– адам, айнаға қаратсаң – маймыл... Зоопарктегі
маймылдар да солай еді – айна көрсетсең, ыза
болып, шат-шəлекейі шығып, сені парша-пар-
ша жыртып тастағысы келіп, тап-тап беретін...
Қолының əбжілдігі де сол тұқымдастарынан
аумай қалған. Бұлардың тор ішінде отыра
қалып, бір-бірінің битін қарағандағы жып-
жып еткен тіміскі саусақтарының жүйріктігін,
жейтін анау-мынау ұсына қалсаң, сен қолыңды
созғанша, қақшып алатын ұшқырлығын та-
лай байқаған шығарсыз... Қандай тəрбиеге де
көнбейтін осындай xайуани түйсіктер болады
екен... Табиғат заңы қиын ғой...
Орта
мектеп
бағдарламасын
сəтті
меңгерген маймылымды елдегі ең қымбат
жоғары оқу орнында оқыттым. Оны бітіре
салып, қалай жолын тапқанын білмеймін,
əкімшіліктен
бір-ақ
шықты!
Əжептəуір
қызметке ілікті. Əрине, менен де біраз қаржы-
қаражат шыққан шығар, оны қойшы... Ал, жал-
пы, өзіне керек қаржыны ол менен сұрап жат-
пай, саусағының ебімен-ақ тауып жүрді. Ол
саусақтар, əрине, менің де қалтамның түбін
талай тексеріп шыққанына күмəн жоқ... Ең бас-
тысы, өзім «білмей» қалсам болды да... Табиғи
инстинкке дауа жоқ. Əйтеуір, басқаларды
үптегенде, бірде болмаса, бірде ұсталып қап,
абыройымды айрандай төкпесе екен деп, соған
ғана алаңдаймын. Мені ғой тонай берсін, оның
алдында былай да міндеткер адам емеспін бе...
Менің маймылым ыздиып киінді, тамақты
талғап тек қымбат ресторандардан ішті. Кісі
қызығатын небір көліктердің бірінен соң бірін
алып мінді. Қызу қанды xайуан жұрағаты емес
пе, топ-тобымен жолда адам да қағып мертіктірді
– ештеңе болған жоқ... Джаз, блюз тыңдап,
ара-тұра классикалық музыка концерттерінде
төбе көрсететінді шығарды... Өркениеттің бар
игілігінен тек... айнаға жоламайды. Айнаға
қараса, баяғыша... маймыл көрінеді... Үйінде,
жолында, кеңсесінде айна тұрмайды. Бесіктен
белі шықпай жатып, партияға кірді, əкім болды
– оған да ешкім таңғалмады... Онсыз да сұғанақ
маймыл-қол енді, тіпті, ойнап кетті. Сумаңдай
тіміскілеп, кірген-шыққанның қалтасын таза-
лаумен болды... Ісі түскендер, əрине, білмеген
болды. Еркімен тонатты... Менің маймылым
аз уақытта шенеуніктік ортаның өмір сүру
дағдысын, мінез-құлқын, бар-жоқ этикетін
түгел меңгерді. Бұған қоса, заман үрдісімен,
бірнеше əйел, əлденеше көңілдес ұстады.
Тəкəппарсып, танауын таңқитқаны сонша, əке
орнына əке, шеше орнына шеше болған менің
өзімді менсінбей кетті... Мейлі, аман бол-
сын дедік... Бірақ көп ұзамай, елдегі өте ірі,
қазыналы орындардың біріне бастық болғанда,
шыны керек, шошыдым... Ана... көсеудей ұзын
қолдың мүмкіндіктерін жақсы білем ғой!..
Кемшілігімді мойындаймын – обал-сау-
ап дегенді оған ұқтыра алмап едім... Бірақ оны
19
Тұрсынжан ШАПАЙ. «Маймыл»
xайуан тұрмақ, адамға ұқтыру оңай ма?
Айтқанымдай, жылдым қол қазынаға
сүңгіп, қалтадан шықты. Қалтадан кіріп
банктерді шарлап кетті. Мидай былықтырды,
судай сапырды... Ұрлығын тыныш жасап
жүре бермей, күндердің күні, ол енді саясатқа
араласқысы келетінін мəлімдеді. Депутаттықтан
бастамақ сияқты... Бұл шіркіннің моралін,
пиғыл-ниетін, шыққан тегін жақсы білетін
бірден-бір адам – мен ғой. Ертең мұның джунг-
ли салтына негізделген қандай заңдар шығарып,
кімдердің сойылын соғатыны, қандай жабайы
бастамалар көтеріп, нендей былық тапсырмалар
орындайтынын ойлап, ұйқым қашты... Жоқ, бұл
маймылды тоқтату керек! Дереу тоқтату керек!
Ол үшін оның кім екенін, қайдан шыққанын
еске салу парыз. Бірақ бұл бəтшағарды бүгінде
үлкен тұлға деп танитын көпшілікке оның адам
сықпытты маймыл екенін қалай айтып, қалай
ұғындырарсың... Мүмкін емес!.. Демек, жұрт
сенбесе қойсын, кім екенін, алдымен, оның
өзіне дəлелдеуім керек. Айдай əлемге əшкере
болудан қорқып, сонда ғана құдайын еске алар...
Ақыры, ойлап-ойлап, кісі бойындай үлкен
айнаға тапсырыс бердім. Оны жақсылап оратып,
күдік алмас үшін, сыртына аты-жөнімді жазып,
туған күніне сый ретінде салып жібердім!.. Кар-
тина деп ойлап қалған болу керек, көмекшілері
айнаны тігінен қойып, жамылғысын сыпы-
рып алғанда, маймылым шыңғырып, құлап
түскенін ертеңінде-ақ естідім. Аузынан ақ көбік
ағып, талып қалыпты... Тамаша... Енді мен оған
апта сайын бір айна салып тұруға бармын...
Қазір ол өте ықпалды, қауіпті... адам – мені
қудалап, тіпті, қастандық ұйымдастыруы да
мүмкін... Бірақ менің басқа шарам жоқ. Мен
алған бетімнен қайтпаймын! Анық білетінім –
құдайын, тегін ұмытып, қазір мықты кісі атанып
жүрген барлық маймылға... бір-бір айна керек...
Соның ішінде, əсіресе, өзің бағып-тəрбиелеген
маймылың үшін өте-мөте жауапкерсің...
Айтулылар айтқан сөз
Халқың надан болса, мың депутатың
болсын, онан пайда жоқ. Депутаттықты
таңсық көріп, атағына қызығып, яки бәсеке
үшін баратын кісі болмасқа тиіс.
Міржақып ДУЛАТОВ
20
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ
«ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ДЕТАЛЬ» ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Адам жаны нəзік те, терең сезім
иірімдеріне толы. Сол сезімдерді жеткізе
білуі – автордың шеберлігі болып табыла-
ды. Мұндай сезім иірімдерін əдетте, автор
психологиялық аспектілер арқылы жеткізе
біледі. Психологиялық аспектілер мен күйлер
оқырманның жанын елжіретпей қоймауы,
жүрегін жібітпей жібермеуі мүмкін емес.
Сондықтан да біз бүгінгі зерттеп отырған
жұмысымызда психологиялық детальдар ұғымы
төңірегінде сөз қозғамақпыз.
Психологиялық деталь, заттық əлем,
кейіпкерлер əлемі, мінез.
Көркем шығармада көркемдік негіз,
өң беретін психологиялық аспектілер көптеп
кездеседі. Міне, осындай аспектілердің бір
түрін айтар болсақ, ол – «психологиялық де-
таль» ұғымы болып табылады. Негізінен,
көптеген зерттеушілеріміз «психологиялық
детальдар» мен «заттық əлемді» шатастырып
жататыны белгілі. Психологиялық детальдарға
өзімнің пікірім бойынша, анықтама беріп кет-
сем. Психологиялық деталь – бұл шығарма идея-
сы мен тақырыбына арқау болатын деталь,
яғни сол деталь, зат арқылы кейіпкердің мінез-
құлқы мен іс-əрекеті, болмыс-бітімі кеңінен
ашылатыны даусыз нəрселер. Зерттеушіміз
Г.Пірəлиеваның пікіріне сүйенсек: «Негізі,
заттық əлем кейіпкерді толыққанды етіп бей-
нелеу үшін таптырмас көркемдік кілт. Жəне
ол кезең мен уақытты кейіпкер өмір сүрген
психологиялық ортаны терең тану үшін де,
кейіпкердің жан-дүниесін жан-жақты ашу үшін
де қызмет атқарады. Қазіргі қазақтың көркем
прозасында заттық əлем жаңа бір көркемдік
деңгейге көтеріліп, тың эмоционалдық бояу
алды. Оның айтар ойы, бере емеуіріні, көркемдік
қызметі жаңартылды, мағыналық-мазмұндық
мəні артты»[1,155]. Бұл пікір заттық əлемді
айғақтайды.
Негізі, көркем шығармада «заттық əлем»
де өз маңызын жоғалтпақ емес. Бір көркем
шығармада бірнеше заттық əлем болуы мүмкін.
Яғни, сол шығармада кездесетін көптеген заттар
əлемі шығармаға сол заттар арқылы кейіпкердің
кім екенін танытатындай. Ал, психологиялық
детальдың жайы бұған қарағанда мүлде
басқа. Психологиялық детальдар шығарманың
тақырыбы мен идеясына құралған жеке бір
ғана зат болып табылады. Заттық əлеміндей
бірнеше зат болмайды мұнда. Сол шығармаға
арқау болатын деталь кейіпкердің өткені мен
бүгінін, сезім құбылыстарын, мақсат-мүддесін,
арман-қиялын, мінезін, іс-əрекетін анық ашып,
айқындап береді деп айтсақ, қателеспеген бо-
лар едік.
Зерттеуші Г.Пірəлиеваның айтуы бойынша,
қазақ əдебиетінде заттық əлемді көп қолданған
жазушыларымыз:
Б.Майлин,
Ғ.Мүсірепов,
Ə.Кекілбаев болды. Əрине, бұл жазушылардың
заттар əлемін кеңінен қолданғанын байқай ала-
мыз. Бұл құбылыс Б.Майлинде кездеседі. Мұны
Əдебиет əлемі
21
зерттеуші Г.Пірəлиева өз еңбегінде дəлелдеп
берді. Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» атты романын-
да заттар əлемі өте шебер түрде суреттелген
деп айтсақ, қателеспеген болар едік. Мұндағы
Ұлпанның қара халықты, айналасындағы кедей-
кепшікке берген киіз үйі болсын, шымылдығы
болсын, орыстарға еліктеп, отырықшылдыққа
арнап салған үйі болсын, тазалық саулығы
негізінде салынған моншасы болсын мұның
бəрі бір шығармадағы заттар əлемі болып
табылады. Ең бастысы, Несібеліге сыйға
тартқан бір арба жүгі оның ішіндегі кілем,
көрпе-төсектер, сан алуан қымбат заттар бұл
Ұлпанның сыйы. Осы шығармада осындай зат-
тар əлемі Ұлпанның қырын жан-жақты таны-
тады. Мұндай заттар Ұлпанның жомарттығын
ғана емес, ақылдылығын, саналылығын, кедей
шаруаларға жаны ашитын, керек кезде қолын
созып, көмектесетін жан екендігін көрсетті.
Ұлпанның ең ақылды тұсы бұл шығармада
жер мəселесінде көрінеді. Ұлпанның күйеуі,
бір елді басқарып отырған Есеней бидің ием-
денген халықтың жерін қайта халыққа бөліп
беруі Ұлпанның басты ақылдылығы екендігін
көрсеткен.
Заттар əлемінің көркем шығармадағы
тағы бір сипатын айта кетейік. Заттар əлемі
кейіпкердің тұрмыс-тіршілігі мен мінез-
құлық, іс-əрекетіне сипат беріп қана қоймай,
сол қоғамда өмір сүріп отырған халықтың
мəдениетін, өркениетін, даму үдерістерін
көрсетеді. Жəне де, сол шығарманың қай
дəуірде болып отырғандығын, сол дəуірдегі
тұрмыс тіршіліктің қандай болғанынан хабар
береді. Айталық, қазақ жазушыларының ХХ
ғасыр басында өз шығармаларында қолданған
заттар əлемі: киіз үй, кілем, сандық, шелек
т.б. сияқты заттар болды. Ал, əлем əдебиетіне
көз жүгіртейік. Дүние жүзіне атақты фран-
цуз классигі О.Бальзак та «Шегірен Былғары»
деп аталатын шығармасында да заттар əлемін
өте шебер қолдана білген. Мəселен: «Тосыннан
қарағанда дүкен залдарының іші адамның да,
құдайдың да жаратқан заттарының баршасы
осы арада бір-бірімен иін тіресе сығылысып,
қалай болса солай, үйме-жүйме жатқанын
бейнелейтін көрініс сияқты. Крокодилдердің,
айдаһардың, маймылдардың терілерін сойып
қаптаған тұлыптары шіркеу жиһаздарына қарап
күлімдеп тұрған тəрізді, бейне бір, адамдардың
мəрмəр тастан қашалған кеудеше мүсіндерін
тістеп алуға, лак жағып жылтыратып қойған
бұйымтайларды қуа жөнелуге, əшекейлі аспа-
лы шамдалдарға өрмелеп, ұмтылатындай» [2,
25]. Бұл мысалдарға қарап отырып, дүкеннің
ішіндегі керемет əлемдегі заттардың мəдениет
пен өркениет еншісінде екенін аңғара аламыз.
«Ажал аспаптары – қанжар, таңырқарлық
тапаншалар, құпия шаппалы мылтықтар
күнделікті бейбіт тұрмыста тұтынатын
бұйымдармен: фарфор табақ, саксондық
тостаған, қытайдың мөлдір кеселері, ежелгі
замандардағы тұз сауыттары, орта ғасырдың
тəтті тағам ыдыстары сияқтылармен араласып
жатыр» (27). Бұл Бальзактың шығармасындағы
заттар əлемі. Қарап отырсаң не деген керемет,
көздің жауын алатын дүниелерге қызығасың.
Автор осы шығармасында байлардың сəн-
сəулетімен қатар кедейдің жұпыны өмірін де
заттар əлемі арқылы көрсетеді. Жас жігіт тұрған
үй де, үйдің қожасы Годен ханым, оның қызы
Полинаның тұрмысының жұпынылығын үй
жиһаздары мен киген көйлегінің жұпынылығын
суреттеу арқылы жеткізеді. Ал, графиния
Теодораның байлығын, сəулетін, сəнін, салтана-
тын, əсем киімдері байлықтың белгісі болып
табылады. Автор осы шығармада сол кездегі
Париж халқының тұрмыс-тіршілігінен хабар
беретін заттар əлемін өте шебер қолдана білді.
Автордың «Шегірен былғары» деп ата-
латын шығармасының негізгі психологиялық
деталі – «шегірен былғары» болып табылады.
Осы былғарыны жас Рафаэль дүкен қожасынан
сыйлыққа алады. Былғары шегірен жас
Рафаэльдің өмірін өзгертіп ақ жібереді. Бұл
психологиялық деталь болып табылады. Осы
шегірен негізінде Рафаэльдің болмысын тани
аламыз шығармадан.
Жоғарыда заттар əлеміне сипаттама беріп
кеттік. Енді психологиялық деталь ұғымына
Достарыңызбен бөлісу: |