Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата31.03.2017
өлшемі1,2 Mb.
#11031
1   2   3   4   5   6

Гүлбаршын САБАЕВА. 

«Көркем  шығармадағы  «психологиялық  деталь»  туралы  түсінік»

22

 *«Үркер»*№112015

мəн    беріп    кетейік.  Айта    кететін  бір    жəйт, 

Оралхан    Бөкейдің    əңгімелерінің    көбі    дерлік  

психологиялық  детальдардан  тұрады.

Жазушының  «Көк  тайынша»  деп  атала-

тын  əңгімесінде  «көк  тайынша»  психологиялық  

деталь  болып  тұр. Шығармада автордың  əкесінің  

көк    тайыншасы    жоғалады.  Іздеп    бармаған  

жері, баспаған  тауы  қалмайды.  Миллицияға  да  

арыз  береді,  одан  да  нəтежие  шықпаған  соң, 

құдасы  келіп  көк  тайыншаны  соғымға  ұрлап  

сойып  алғандығын  мойындайды. Осы  əңгімеге  

арқау    болып    отырған    көк    тайынша    арқылы 

миллицияның  да  болмысы  айқын  көрінеді. Үш 

айда    үш    рет    келген    миллиция    ешнəрсе    жа-

самайды,  іздестірмейді  де.  Ал  автордың  əкесі  

құдасы  алғанын  есіткен  соң  «е,  құдам  ғой!»  деп  

істің  бетін жаба  салады.  Яғни,  бұл  кейіпкердің  

мінезінің  жомарттығын,  кісілігін,  туысына де-

ген  жақындығын  аңғартып  тұрғандай.

Осы    автордың    «Апамның    астауы»  деп  

аталатын    əңгімесінде    де,  психологиялық    де-

таль – автордың    «апасының    жарық    астауы»  

болып  отыр. Автор  жастайынан  сол  апасының  

қолында  өседі,  ер  жетеді,  қызмет,  білім  қуып  

астанаға  кетеді. Ауылға  келгенде  кəрі  апасы  өз  

қолынан  о дүниеге  аттанады.  Сондағы  автордың  

апасына    деген    сағынышын,  махаббатын    осы  

жарық  астау  дəлелдеп  көрсетіп  тұрғандай  боп 

елестейді.  Əрине,  автор  апасы    өлгеннен    соң,  

қалаға   апасының   жырық   астауын   əкетеді.  Ол  

неге  жарық? Бұл  автордың  көңіліндегі  жарық 

екені  мəлім. Апамнан  не  қалды  деп  ойлайды. 

Жарық  астау  қалды. Ия, автордың  көңілі  де  осы  

жарық  астау  секілді  құлазып  қалған  секілді.

О.Бөкейдің    «Күлпəштің    ұршығы»  деп 

аталатын  əңгімесінде де психологиялық  деталь 

– «ұршық»  болып  отыр. Ол  кімнің  ұршығы  еді,  

əрине  Күлпаштың. Күлпаш  автордың  апасының  

замандасы,   құрдасы,  көршісі    болатын.  Ав-

тор  осы    ұршық    арқылы    өзінің    апасының    да,  

Күлпаштың  да  мінез-құлқы  мен  іс-əрекеттерін  

айқын    көрсетіп    береді.  Мəселен,  Күлпаш  

автордың    апасынан    бір    асым    ет    сұрап    кел-

генде,  апасы  бере  қояды. Ал, осының қарымын  

мен    де    қайтарайын    деген    ниетпен    Күлпаш  

өзінің  ұршығын автордың  апасына  сыйға  тар-

тады. Алайда  Күлпаш сол  етті  асып  жеп  болған  

соң,  немересінен    ұршықты    қайта    сұратып 

жібереді. Осы  психологиялық  деталь  ұршықтың  

арқасында автордың апасының  жомарт, досжан-

ды  екенін, ал  Күлпаштың  тек  бүгінгі  күнін  ғана   

ойлайтын,  аумалы-төкпелі    мінезді    екендігін  

айқын  көрсетіп  береді.  Жəне  де  Күлпаштың  осы  

шығармадағы  мінезі  сұраншақ,  сараң екендігін  

шығарма  барысында оқып  біле аламыз.  

Автордың  «Бес  тиын»  атты  əңгімесі  де  

психологиялық    детальға    негізделген.  Мұндағы  

психологиялық    деталь – «бес    тиын»  болып  

табылады.  Бұл    шығармадағы      Зəкең    атты  

кейіпкердің  мінезі  мен  болмысы  осы  бес  тиын  

арқылы  көрінеді. Зəкең  ауылда  почтада  жұмыс  

істейді. Өз  ісіне адал,  еңбекқор болғанын  ауыл-

дастары  көре  алмайды.  Сол көре  алмаған ауыл-

дастары  Зəкеңнің  артынан  арыз  жазып жібереді. 

Ауданнан  тексеріс  келгенде,  ақшасын  есепте-

генде,  тек  бес тиын  ғана жетпейді. Аудандағы  

тексеріс  Зəкеңе    ризалығын    білдіріп    қайтайын  

деп    отырғанда    Зəкең    столдың    тесігіне    түсіп  

кеткен  бес тиынды  тауып  алып, өз  ісіне  адал  

екендігін, керек  десең  бес  тиынын  да  жемегенін  

айғақтайды. Міне, Зəкеңнің  осындай  адалдығы  

бес    тиынның    арқасында    көрініп  отыр.  Шиет-

тей    бала-шағасының  несібесін    ойлаған    Зəкең  

осындай    адалдықпен      жұмыс    жасағанын  

психологиялық  деталь  анықтап берді. Бұл  бес  

тиын  негізінде  суреттеліп  отырған  кейіпкердің  

болмысы, туралығы,  адалдығы  болып  табыла-

тыны  сөзсіз  нəрсе  екендігін осы  жерден  аңғара  

алады  екенбіз. 

Қырғыз  əдебиетінің  классикалық  өкілінің  

бірі – Ш.Айтматовтың    да    шығармаларында  

психологиялық  деталь  маңызды  роль  атқарады. 

«Қызыл  алма»  атты  əңгімесінде  автор  қызыл  

алма  арқылы  кейіпкердің  болмысын  ашып  тұр  

десе  де  болады. Бұл  шығармада  Исабеков  деген  

кейіпкердің    отбасылық    жағдайы    баяндалады. 

Исабеков  өз  əйелі  арасындағы  түсінбеушіліктерді  

қызы    Анарға    айтып    жеткізгісі    келеді.  Қызын  

қала  сыртына  ертіп  апарғанда, қызы  бақ  ішінен  

оттай    жанған,  иісі    мұрныңды    жаратын    қып-


23

Гүлбаршын САБАЕВА. 

«Көркем  шығармадағы  «психологиялық  деталь»  туралы  түсінік»

қызыл  бір  алма  тауып  алып, əкесіне  көрсетеді. 

Əкесі  болса, жас  кезінде  осындай  бір  алманы  

тапқанын  есіне  түсіреді.  Ия,  ол  кезде  жас   сту-

дент  Исабеков  дəл  осы  бақ  арасынан  алма  тау-

ып  алып,  күнде  кітапханадан  көріп  жүрген  қара  

торы,  қолаң  шашты  ұнатып  жүрген  қызына  апа-

рып  бермекші  болады. Сол  қызыл  алманы  дос-

тарынан  қызғыштай  қорғап,  кітапханаға  келіп,  

қызды  күтіп  талай  уақытын  толқумен  өткізіп  

еді.  Лекцияда    отырса  да,  жатақханада    жатса  

да  бар  ойы  сол  алманы  қызға   қалай  апарып  

беру  еді. Оның  сəті  де  түсті. Қызға  ұсынған, 

əрине,  қыз  алманы  қайтсін? Алмай  өз  жөніне  

жүре  берді. Енді  бəрі  қызыққан  алма  ешкімге  

де  бұйырмады. Тек  дуалға  соғылып  быт-шыты  

шықты.  Ал,  сол    алманы    бүгін    қызы    тауып  

отыр. Сол  алманы  Москваға  барып,  қызы  екеуі  

əйеліне  апарып  бермек. Автордың  осы  қызыл  

алма  арқылы  Исабековтың  өткенді  есіне  алуы, 

əйелін    сағынуы    деген    сезімдері    шығармада  

жақсы  көрініс  береді  десе  де  болады.

Ш.Айтматовтың  тағы  бір шығармасынан  

мысал  келтіре  кетейік.  Автордың   «Ақ  кеме» 

деп  аталатын  шығармасында  да психологиялық  

деталь – ақ   кеме  болып  отырғандығы  белгілі. 

Шығармадағы    Момын    шалдың    немересінің  

басындағы  психологиялық  күйлер  осы  ақ  кеме  

негізінде  көрініс  табады. Момын  шал орманда  

тұратын  орманшы. Немересімен  бірге  ойнайтын  

бір  бала  жоқ  орманда. Немересінің  əке-шешесі  

əлдеқайда  ажырасып, екеуі  де  өз  алдына  бөлек  

отау  құрып  кеткен. Бала  өз  əкесін  де,  шешесін  

де    көрмеген,  көргісі    келеді.  Бала    тек    Момын  

шалдан  ғана  мейірім  мен  жылу  алады. Əкесі  

Ыстық көлдегі  ақ  кемеде жұмыс  істейтінін  ата-

сы  айтқан  болатын. Бала  төбеге  шығып  алып, 

дүрбімен  Ыстықкөлге  қарайды, онда  кеме  бол-

са, əттең  сол  кемеге  жүзіп  барар  ма  еді, əкесін  

көріп  мойнына  асылып  мінер  ме  еді. Міне,  ақ  

кеме  арқылы  бала  осыны  ойлайды. Қаншалықты  

кішкентай    болса    да,  сəби    көңіліндегі    сезім  

əке-шешесін    сағынтқандай    болады.  Бұл    бала-

мен  сыр  бөлісер  ешкім  жоқ. Ойнайтыны, айтар  

сыры – табиғаттың  туындылыры. Тас, шөп, тау, 

ағаш,  сол  ормандағының  бəрі – мұның  достары.

Баланың  ұшқыр  – қиялы  ақ  кемені  көру  

болатын.  Ақ    кеме    баланың    əкесінің    жұмыс  

істейтін  орыны. Бірақ, ешкімнен  қолдау  таппаған  

бала  бұл  арманына  жете  алмай, мəңгілік келмес-

ке  кетеді.

Көркем  шығармадағы  психологиялық  де-

таль – кейіпкердің  мінез-құлқы  мен  болмысын  

танытып  қоймайды,  кейіпкердің  іс-əрекеті  бары-

сында  көрініс  беретін  психологиялық  күйлерді  

де  ашып  көрсетеді деп  айтсақ, қателеспеген  бо-

лар  едік.

Қорыта      келе,  көркем    шығармадағы   

психологиялық  детальдар  жөнінде  айтып  кеттік. 

Психологиялық    деталь    мен    заттар    əлемінің  

арасындағы  айырмашылықты  түсіндіріп  өттік. 

Психологиялық    детальдардың    кейіпкерлер  

əлеміндегі    іс-əрекет  пен  мінез-құлыққа  тікелей  

байланысты  екенін  байқадық.



Əдебиеттер:

1. Пірəлиева Г. Қазіргі  қазақ  прозасындағы  

психологизм мəселелері – диссертация.  Алматы, 

2006-240 бет.

2.Бальзак    О.  Шегірен    былғары.  Роман,. 

Орыс  тілінен  аударған – Ж.Смағұлов. – Астана: 

Аударма, 2011.– 344 бет. 

3.Мүсірепов    Ғ.  Ұлпан.  Роман. – Алматы: 

Атамұра, 2003. – 264 бет.

4.Бөкей  О. Қайдасың  қасқа  құлыным: По-

весть,  əңгімелер. – Астана:  Елорда, 1999. – 328 

бет.

5.Майтанов  Б. «Қазақ  романы  жəне 

психологиялық  талдау».  Оқу  құралы.–  Алматы, 

«Санат», 1996. – 336 бет. 

Гүлбаршын САБАЕВА,  

Əл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дың 

 ІІ  курс  магистранты. 


24

Поэзия


Мерей ҚАРТОВ

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ау-

даны,  Үштөбе  ауылында 1989 жылы  дүниеге 

келген.  Семей  қаласында  тұрады.  Абай 

атындағы  қазақ  музыкалы  драма  театрында 

Əдебиет  бөлімінің  меңгерушісі  болып  қызмет 

істейді.  

АСПАН – ШЕШЕМ Б ЛТТЫ  К НІ 

ТОЛ АТЫП, АЙЛЫ Т НДЕ ТАУДА 

ТУ АН  ТА ДЫРМЫН



Қара қаншық

Көрші шалда

бар еді қара қаншық,

Көп үрмейді,

көп итпен жағаласып.

Ұлыған дауысынан оянады,

Ай мен жерді 

жалғайтын арақашық.

Қан жүрекке

қалған ба ұйып қайғы?!

Өз тағдырын

өзгеше тұйықтайды.

Бір бекзаттық

қанында қалғаны ма?

Төбетті

менсінбейді, ұйықпайды!



25

Мерей ҚАРТОВ. 

«Аспан шешем бұлтты күні толғатып, айлы түнде тауда туған тағдырмын»

Тауға тартып

кетеді əр ақпанда, 

Үйде өскенмен,

тағы қып жаратқан ба?

Тəңірден 

жіберілген сырттан шығар,

Абаданның 

ұрпағын таратқанға.

Арланмен


тым жақындап аралары,

Емшектері 

салбырап оралады.

Жауырыннан

көретін жортқан жолын

Кəрі шалдың

дəл келіп жорамалы.

Күндіз үрмей,

ал түнде ұлыды ма?!

Дөңбекшіді

кəрі шал қылығына.

Сол түні


ту биені жарып жепті,

Жерік болып

іштегі құлынына.

«Көз жазып қалам ба?»

-деп жалғасынан!

Ізім-ғайым

жоқ болды ауласынан,

Иттігі 


үйшігінде қалған қаншық,

Соңғы мəрте

үріпті тау басынан.

Қара қаншық

болса да қара басқыр, 

Тағы ғой


тағдырына қарамас құр.

Алтайда 


ауық-ауық кездесетін,

Осының


ұрпағы ғой қара қасқыр.

** *


Сезімің

суалды деп сезіктенбе,

Сөз боратпа,

мен жайлы кезіккенге

Өр мінезге,

тəкаппар басыңды иіп,

Өмір сүр

тағдырыңа төзіп, көн де!

Албыртпыз

асаулығы басылмаған,

Жанар ғой

жабыққанды жасырмаған

Суыт жүрсем

салқын деп қабылдама,

Абаданым 

келді деп асыл маған.

Көркіңнен

айналайын гүл өңдестім,

Өмірде

тығырыққа тірелмес кім?!



Елегізіп 

еркем-ау елеңдеме,

Түн ішінде

ерттелсе күрең бестім.

Бұзбашы 

мен келгенде реңіңді,

Жайып шық

саусағы бар жүрегіңді.

Тілсіз неге

тудың деп тергемеші,

Таң ата 

терлеп келген күреңімді.

Көзі – Күн, кірпігі – Нұр

« Күрсінгенім»-деп



26

 *«Үркер»*№112015

түсін күн күркірін,

Мың сұрақтан

құралған мың бір түнім.

Əлемді жарық 

қылып жібереді,

Көріктім, 

Күн-көздерің, Нұр – кірпігің!

Күн көзіңе 

ғашық боп, шырай берген

Қымсынып 

құшақтағам құмай белден.

«Жұмақ» деген 

екен-ау жер бетінде,

«Хор қызын» 

аямапты Құдай менен.

Сенсіз өмір, 

өлең де қайда маған,

Жалғыздықтан 

жабығып айға қонам

Жүрегіме тамады 

мөлт-мөлт етіп,

Кіршіксіз нұр 

көзіңнен тайғанаған.

Сезінші 

сезімімнің сіркірін бір,

Өтсе егер 

өкінемін бір күнім құр.

Қараңғыдан 

жанымды құтқаратын,

Жарымның 

көздері – Күн, кірпігі – Нұр!



Қамшы

Шабандоздан

шыға қоймас серт жұтаң,

Атқа шапсам

жалын құшып, өрт жұтам.

Сəйгүліктің 

жанар жасын сүртетін,

БƏЙГЕ ҚАМШЫМ

тобылғы сап, төрт тұтам.

Жылқы мінсем

көңіл аумас күйбеңге.

Ыстық қаным

тамырымда билеуде.

Талыс тері

айырылып кетеді,

ДОЙЫР ҚАМШЫМ

иіріліп тигенде.

Торыменен

топқа кірсең бу аңсап,

Абырой ғой

салым салып қуансақ!

Айбат берген,

қайрат қосқан бойыма,

КӨКПАР ҚАМШЫМ,

жылан тері, жуан сап.


27

Мерей ҚАРТОВ. 

«Аспан шешем бұлтты күні толғатып, айлы түнде тауда туған тағдырмын»

Арба шегіп,

желісіне шалқымау,

Пай-пай дерсіз,

өткен өмір олқылау.

Дəрте басын

үш айналып орайды,

СОПЫ ҚАМШЫМ

ұзын құлаш, жалқы бау.

Жылқы сырын

бір адамдай түсінем,

Таңдап мінем

тарланбозды ішінен.

Иіремін


асауы көп үйірді,

Үш шығыршық

ҮЙІР ҚАМШЫ мысымен.

Жанға қуат

сəйгүлікке бай далам,

Тектілері 

тұғырынан таймаған.

Асау мінсем

бас бермейтін, бағынбай

БАПТАУ ҚАМШЫМ

денесінде ойнаған!

Өмір мынау

қысқа қамшы сабындай,

Арғымақ күн

өтіп жатыр сағымдай.

Қара өлеңім

бəйге бермес – Қара кер,

Келеді əне,

ауыздыққа бағынбай! 

Ішкі шер

Ұсақ тірлік

байлайды амал қанша,

Шаруа бітпес

жалғаннан жоғалғанша.

Жүр, досым,

тауға шығып серуендейік,

Қалада қапас

ойға қамалғанша.

Қайырымсыз

бұл қала жарқыраған,

Даламыздан

садаға парқы маған.

Жүр, досым,

серігім бол, ерші маған,

Қасқа айғырды

мінгізем арқыраған.

Жүрек кірін

жаңбырмен жусаң тұнық,

Иіскейміз

қырлардан жусан жұлып.

Қымыз пісіп,

сүрі ет қайнағанша,

Қос айғырды 

келеміз бусандырып. 

Тасташы


бір мезетке тас қалаңды,

Не бар дейсің

ауылдан басқа мəнді?!

Құмайды да 

қасыңа қосып берем,

Қара жерде

құтылтпас қашқан аңды.


28

Оғлансың ғой

жасыңнан орта көрген.

Кісі емессің 

соңынан қорқау ерген.

Желмен тарап 

айғырдың тоқпақ жалын,

Шың басына

шығамыз арқар өрген.

Таудың ұлын

тас қала қамасын ба?!

Жүр, досым, 

ауыл жаққа барасың ба?

Ұлып- ұлып

қайтайық айға қарап,

Бөрі жортқан

таулардың арасына!

Жүрегіңе көшіп алам!

Еркім қаша бергенмен, есім аман,

Маған күнім боласың несіне алаң.

Керуен-керуен сезімге есігіңді аш,

Жүрегіңе біржола көшіп алам.

Көшіп алам біржола мекен етіп,

Жүрегіңе жол салам төтелетіп.

Алғаш қонған айдынын айырбастап,

Аққу сезім бақ таппас жеке кетіп.

Жіпсіз байлап жүрегің күрмесе нық.

Өмір бойы тұрамын бірге соғып.

Қанатымның сыңары сен болмасаң,

Бұл жалғанда бірлесіп жүрмес едік.

Ортақ енді қайғымыз, шаттығымыз,

Орнайды ортақ болып бақ- мұңымыз.

Маңайымыз сезіммен гүлдеген соң,

Махаббатсыз өмірде жоқ құнымыз.

Таң сейілтті тағдырдың түнек кешін,

Сенсің менің тірегім, тілектесім.

Ағыл-тегіл сезімді доғарып ал,

Жүрегіңе тоқтаттым жүрек көшін.

Жауын

Менің жаным

қоштасуға осал-ақ,

Туған жердің 

тауын жүрмін тасалап.

Қаражалға

қағанағын жаруға,

Қара бұлттар

көп келеді бошалап.

Ақ бас шыңға

бауырларын емізіп,

Бұйра бұлттар

жантаяды бел үзіп.

Жұпар жұтып,

ер-тоқымды жастанам,

Ақ жусанды

айғырыма жегізіп.

Бұртияды


ерке қыздай-қара бұлт,

Шылбыр ойға

мен отырмын оралып.

Жүрегім мен

жер бетіне тамады,

Тамшысынан 

өлең мен гүл жаралып.

Жүрегімде

əр нотасы жаңбырдың,

Əр жартаста

мұңдарымды қалдырдым

Аспан – шешем

бұлтты күні толғатып,

Айлы түнде

тауда туған ТАҒДЫРМЫН.

 *«Үркер»*№112015


29

Мен  тұратын  шағын  қалашықтың  қан 

базарында  қайыр  тілейтін  бір  ер  адам  болу-

шы  еді.  Екі  көзінің  су  қараңғылығы  болмаса, 

отыз жас шамасындағы бұл қайыршының дене 

тұлғасы сондай шымыр, бойы да сондай сұңғақ. 

Жамау  түскен  көнетоз  киімдерінің  кей  ашық 

тұстарынан қатпа болған бұлшық еттері қашан- 

да бұлтиып шығып тұратын. 

Жəй  қараған  адам  оның  бұл  базарда 

қайыр  тілеп  отырғанына  таң  қалатындығы 

даусыз.  Неше  ұлт  тілінде  елдерге  тілек  тілеп 

жүрген  жүргіншіден  жарты  жармақ  дəмететін 

оның 


басқа 

қайыршыларға 

ұқсамайтын 

бір  ерекшелігі – отырған  орнынан  зəредей 

жылжымайтындығы.  Қан  базардың  аяқ  жақ 

қалтарысына  өскен  нəн  терек  оның  қайыр 

тілейтін  орны  болатын.  Əр  күні  таң  сəріден 

таяғын  тықылдата  келіп,  терек  түбіне  шо-

шайып  отыратын  ол  кешке  дейін  сол  орны-

нан  жылжымайтын.  Ал,  ымырт  үйіріліп  кеш 

бата  бастағанда,  оның  қайда  кіріп  кететіндігі 

белгісіз,  аяқ  астынан  ғайып  болады.  Оның 

тұрар-жəйін бұл қалашықта ешкім де білмейтін. 

Өткен  жылғы  жаздың  бір  күні,  мен 

қызметтен  күндегіден  жəй  қайтып,  қан  ба-

зарды  кесіп  өтіп  бара  жатып,  мынандай  бір 

келеңсіздікке  куə  болғаным  бар.  Сондағы 

уақиға күні бүгінге дейін көз алдымда.

Алдымнан 

кесе-көлденеңдей 

жүгіре 

қашқан тоғыз-он жас мөлшеріндегі кішкене ұл 



баланы  сар  кідір  тартқан  бір  əйел  адам  қуып 

бара жатты.  Анда- санда: 

-Ана 

ұрыны 


ұстаңдар, 

жүгірмекті 

ұстаңдар, - деп айғай салады. Бірақ, оның сөзін 

елеген  ешкім  де  болмады.  Ақыры,  базардың 

қиыс  шығысындағы  тар  көшеде  əлгі  əйел 

жаңағы жанталасып қашқан қара қожалақ бала-

ны ұстап та үлгірді. 

Міне,  сұмдық!  Көзі  бақырайып,  тұтас 

денесі  қалшылдап  тұрған  оны  ана  əйел  аяр 

емес, басы-көзі демей жұдырықпен түйгілеп жа-

тыр.  Кішкене  құйрығына  анда-санда  аяғымен 

теуіп те қояды. Аяқ астынан көрген бұл тосын 

құбылысқа  мен  таң-тамаша  болдым.  Мейлі, 

қандай жағдай болса да, таяққа жығылған бей-

шара  баланы  құтқарып  алайын  деген  оймен, 

ҰРЫ БАЛА

Проза     



Нұрлыбек МƏУЛЕНБЕКҰЛЫ 

1980  жылы  Қытайдағы  Іле  қазақ 

облысының Өртекес деген жерінде дүниеге 

келген.  Облыстық  педагогикалық  техни-

кумды,  өлкелік  педагогикалық  универси-

тетты тəмамдаған. 



(Əңгіме)

30

 *«Үркер»*№112015

қиыс көшеге еріксіз бұрылдым. Долы əйел ба-

ланы  ұруын  тоқтатар  емес,  көшеден  өтіп  бара 

жатқан  бірен-саран  жүргінші  мойын  бұрып 

қарағаны  болмаса,  ешқандай  таңғаларлығы 

жоқтай  жəй  кетіп  барады.  Бəлкім,  олардың 

көкейінде,  бұл  ұры  балаға  берілген  ең  өнімді 

жаза болса керек. 

- Апай , болды, қойыңыз, бұл бір кішкене 

бала  ғой.  Қандай  кемшілік  өткізді,  сабыр 

қылыңыз, аясаңыз не етеді,- деймін мен арашаға 

түсіп.


-  Сұмпайы  сол,  елдің  жанқалтасына  қол 

жүгірткенімен  қоймай,  соқыр  қайыршының 

тиын  тебеніне  қол  салуын.  Сұмдық  қой,  бұл, 

сұмдық, - деді ол ентігіп. 

-Е, ол не біледі дейсіз, ашуыңызды ақылға 

жеңдіріңіз,  бұл,  байқұсқа  да  обал  ғой, -дедім 

мен мұрнынан болмашы қан ағып тұрған бала-

ны аяп.


- Бұған обал жоқ. Алдыңғы жолы көктат 

базарында, бұл менің ұялы телефонымды ұрлап 

кеткен.  Мінеки,  бүгін  дəл  үстінен  түстім,  бұл 

мені  емес,  ана  қайыршыны  да  аяған  жоқ.  Бір 

күндік  нəпəқасын  бірақ  сыпырып  қашып  бара 

жатпай ма, бұл құрғыр,- деді əйел аз-кем саба-

сына түскеннен кейін.

-  Е,  былай  деңіз,  мұның  əке-шешесі 

жоқ  па  екен,  бұл  қалашықтан  мұндай  бала 

кезіктірмеген  едім  ғой, - дедім  мен  таңғалған 

бейнеде.

-Ой,  інім,  бұл  сұмпайының  бұл  базарда 

пайда  болғанына,  бірнеше  айдың  жүзі  болды.  

Бұл пəле, келгеннен бері, мына жол бойындағы 

ұсақ  саудагерлер  мен  біз  сияқты  аңқау 

байқұстардан тыныштық кетті ғой.  Əлгі шар-

лаушылар қайда жүр екен, ə, осындай ұрыларды 

ұстамай,- деді əйел жан-жаққа көз жүгіртіп.

-Болды, болды. Бүгін сіздің еш нəрсеңізді 

ұрламаған екен ғой. Алған нəрсесін қайыршыға 

қайтартып берейін, сіз жүре беріңіз,- дедім мен 

əйелдің көңілін орнықтырып.

-Меніңше,  мұны  көше  амандығына  жау-

апты  шарлаушыларға  тапсырып  бер,  солар  бір 

жақтылы етсін - деді де, əлгі əйел етек-жеңін бір 

қағып қойып, жүріп кетті.

Таяққа  жығылған  бейшара  бала,  бір  уыс 

болып,  тізесін  құшақтап  отыр.  Самайынан 

аққан  тер,  бетіндегі  тырнақтан  түскен  жара-

ны  айғыздап    құлап  барады.  Шаң-тозаңмен 

тотыққан 

шашы 


əлдеқандай 

сұмдықты 

сездіргендей  тал-талданып  тікірейіп  алып-

ты.  Тізесі  жыртылған  шүберек  шалбарынан 

кішкентай  ұршығы  көрініп  тұр.  Аяғындағы 

ескі  шүберек  шақайы  əр  жерден  жырты-

лып,  қалшылдаған  аяғымен  бірге  тоқтаусыз 

тербеледі.

Көз    алдымдағы  бұл  ғажайып  көрініс 

менің  көңіл  түкпіріме  əлдеқандай  ызғырықты 

үрлеп  кіргізді.  Өзімнен-өзім  іштей  егіліп,  ау-

зыма  сөз  түспей,  тұрған  жерімде  мелшидім  де 

қалдым. Үсті-басын қағып, кетуге ыңғайланған 

баланың  дəрменсіз  əрекеті  менің  назарымды 

өзіне қайта аударды.

-Тұра  ғой,  байқұс  бала-ай! - дедім  мен 

оған аяушылық танытып.

-Əке-шешең бар ма? Үйлерің қайда? Неге 

ұрлық істеп жүрсің? - деймін қайта-қайта оны 

сұраққа алып. 

Ал, əлгі балада үн жоқ. Тек менің бетіме 

анда-санда  нұрсыз  жанарымен  жаутаңдап 

қарап қояды. Мен оны жетектеп, үлкен көшеге 

өттім. Кешкі базарға шыққан адамның қарасы 

едəуір  мол  екен.  Бəрі  де  асығыс.  Мен  баланы 

ертіп,  əлгі  соқыр  қайыршы  отыратын  ағашқа 

келдім. Қызық, өзінің тоналғанын сезді ме екен, 

қайыршы  жігітім  ыстық  орнынан  əлдеқашан 

безіп беріпті. Оның қай уақытта, қай бағытпен 

қайда кеткенін ешкім де білмейді.

Мен  ішкі қалтамнан, он  юан алып шық-

тым да:


-Балақай,  бұдан  кейін  ұрлық  істеме, 

иə, – деп  оның  кір  сіңген  жұқа  жейдесінің 

омырауының ішіне қарай сүңгітіп жібердім.

Бала мақұлдық білдіргендей басын изеді 

де, кішкентай саусақтарын алақанымнан сілки 

шығарып,  базарды  құлдырай  жүгіре  жөнелді. 



31


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет