Қымбатты қазақстандықтар!
2 мың жылдан астам тарихы бар ежелгі
Таразда бір айдан кейін Қазақ хандығының 550
жылдығына
арналған
монумент
салтанатты
түрде ашылатын болады. Біз өзіміздің қасиетті
жеріміздің тарихы бірнеше мыңдаған жылдарға
кететінін есте сақтай отырып, өз бабаларымыздың
естеліктері мен істеріне тиісті баға береміз. Ол
Еуразияның өткен жəне қазіргі өркениетінің өсіп-
өркендеуінде өзінің айрықша ою-өрнегімен шебер
өрілген. Хроностың көзге көрінбейтін арқауы бізді
Қытайдың мыңжылдық тарихымен жəне қазіргі
кезімен, Таяу жəне Орта Шығыс, Азия құрлығының
басқа да бөліктерінің өткенімен жəне бүгінімен
байланыстырады. Тілдік жəне мəдени байланыстар
мириадасы арқылы біз өз бауырларымызбен –
бүгінде Мұзды мұхит жағалауларынан Жерорта
теңізіне
дейінгі
жерді
мекендейтін
түркі
халықтарымен байланысамыз. Ұлы Түркі елі – ол
біздің ортақ бабаларымыз бен батырларымыз, ортақ
рухани байлықтарымыз бар ортақ арғы Отанымыз.
Ол біздің бірлескен ұлы мұрамыз.
Біздің Ресей халықтарымен, бірінші кезекте,
орыс халқымен жүздеген жылдарға созылатын
бірлескен тарихи жолымыз бар. Тəуелсіздік жылдары
ішінде біз Еуропалық одақ, Америка, Ислам əлемі
елдерімен тарихымыздың бірлескен парақтарына
ие болдық. Олар жаңа заман уақытының көптеген
халықаралық оқиғалары, оның ішінде, біздің
елімізде болған оқиғалар туралы баяндайды.
Қазақстан əрқашанда өз көршілерімен арадағы
достықты жəне сенімді көздің қарашығындай
сақтап, одан əрі дамыта береді, əлемнің бүкіл
елдерімен ізгілікті қарым-қатынастар орнатады.
ХХІ ғасырда да біздің жаһандық дамуға
қосар үлесіміздің тек қана арта беретініне жəне
əлемнің оны лайықты бағалайтынына сенімім
мол. Біздің жеріміздің жүріп өткен жəне алда
тұрған тарихи жолын ой елегінен өткізе отырып,
бізге Қазақстанның жаһандық қоғамдастықта
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Біз – Ұлы Дала ұрпақтарымыз»
танымалдығы мен мəшһүрлігін кеңейе түсетіндей
етудің маңызы зор. Əлемде қандай да бір халықтың
өз мемлекетінің ресми атауымен бірге айрықша
бейресми ұғымды пайдаланатын мысалдары көп.
Біздің қасиетті жерімізді ежелден Ұлы Дала, ал
біздерді – Ұлы Дала ұрпағы деп атады. Оны сонау
ерте замандардан бері туған жерге деген халықтық
махаббатты домбыраның, қобыз бен жетігеннің
жүректі арбайтын əуеніне айналдыра отырып
ақындар жырға қосты.
Біз бабаларымызда ешқашан болмаған адам
айтқысыз жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар
бар жаңа Қазақстанды құрудамыз. Біздің көптеген
мыңжылдық тарихы бар жеріміз көз алдымызда
өзгеруде. Қазіргі заманғы Қазақстанның əр ауылы
мен қаласында болып жатқан өзгерістерге көк аспан
куə. Дала көгіндегі Күн біздің ізгі істерімізге нұрын
шашуда. Аспан мен Күн – біздің Туымыздың түсі.
ХХІ ғасырда далалық Еуразияның құшақ
жетпес кеңістігі қайтадан түлеп, өркендеуде. Біз
өз Тарихымыздың жаңа Шамшырағын жақтық.
Сондықтан да бүгінде жəне əр кезде де біздің
Қазақстан – ол Ұлы Дала Елі! Ол – түлеген Ұлы
Дала Елі. Біздің сүйікті Отанымыздың халықтық
аты да дəл осы. Ол біздің Отанымыздың өткенін
де, қазіргісін де, болашағын да бейнелейді. Онда
қазақстандық мінез бен оның негізгі сипаттары
көрініс тапқан. Олар – біздің жан-дүниеміздің
ашықтығы мен кеңдігі, біздің жүректеріміздің
жылуы, қонақжайлылық пен бейбітсүйгіштік,
кемеңгерлік пен ойшылдық, еңбексүйгіштік пен
іскерлік. Ол – сүйікті жеріміздің өркендеуіне осы
уақытқа дейін болмаған қол жеткізудегі өзіміздің
күшіміз бен мүмкіндіктерімізге деген сенім. Мен
біздің жаңа Қазақстанның осындай бейнесінің əрбір
қазақстандықтың ой-санасы мен жан дүниесінен
орын табатынына, бүкіл əлемде мойындалатынына
сенімдімін. Тағы да қайталап айтайын, біздің
қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала
деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп
атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың
мұрагерлеріміз. Осынау кең-байтақ Ұлы Даланың
көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа
Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз –
ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала Елі! Бұл
– біздің тағдырымыз! Бұл – біздің таңдауымыз!
Мəңгілік Елімізде бейбітшілік пен береке болсын!
8
АҚ КЕМЕ КЕТІП
БАРАДЫ
Елбасы Н.Ə.Назарбаев-
тың «Өмір өткелдері» кітабын
оқуға
кіріскенде
мен
ең
əуелі 86-жылғы Желтоқсан
оқиғасына бас сүңгіп кірісіп,
еліміздің өміріндегі ең бір
елеулі оқиғаға бойлап енген-
дей болдым. Бұл – біздің та-
рихымыз, ел өміріндегі елеулі
оқиға əрі сұхбат кітабының
айрықша бір сыры да осында
жатқандай көрінді. Бұл Ел-
басы өмірінің бір бағыты əрі
оның жастық шақ сырларының
елге жайып салған жаңаша
бағыты еді. Оның, əсіресе,
«еркек
тоқты
құрбандық»
болған 86-жылғы Желтоқсан
оқиғасының құрбаны Қайрат
Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағын беру
жөнінде шығарған Жарлыққа бірден қол қойып
жібердім» деген тебіреністі жолдарды жүрек
лүпілдемей оқу мүмкін емес.
«Ең өкініштісі, желтоқсан оқиғасы адам
өлімінсіз болмады,-дейді автор. –Студент Қайрат
Рысқұлбеков телестудия күзетшісі Савицкийді
өлтірді деп сотталды. Оған ату жаза-
сы кесілді. Кейіннен Қайраттың Савиц-
кий өлімі кезінде қаланың басқа жағында
болғанын айғақтағандар да табылды.
Қайраттың «өз күнəсін мойындауы» адам
айтқысыз азаптаудан кейін зорлықпен
алынғаны анық. Оған жала жауып, нақақ
көрсеткен басқа бір адам жөнінде де əңгіме
бар. Мұндайлық əділетсіздіктен Қайрат
ақыры түрмеде өзіне-өзі қол жұмсады
делінді. Бұл да күмəнді нəрсе. Тегінде, оған
бір камерада отырған рецидивистің қатысы
болуы да мүмкін. Осының бəрін ескере
келіп, мен ұлт намысы жолында, өз сөзімен
айтқанда, «еркек тоқты құрбандық» болған
Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы»
атағын беру жөнінде Жарлық шығардым.
«Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген қош бол, тағдырым,
Көре алмай, мен өтермін...» –
деген дəйектеме де ер жігіттің басындағы
жағдаят емес пе?
Күнəдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Руханият
Қуандық ТҮМЕНБАЙ,
«Үркер» журналының Бас редакторы
9
Қуандық ТҮМЕНБАЙ. «Ақ кеме кетіп барады»
Бозторғайдай жаным бар,-деген жолдар «Мен
– қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деп жүрегін
қолына ұстаған Жұбан ақынның соңынан ерген
əрбір қазақ баласының жан-дүниесін айғақтап
тұрғандай.
Журналист
Сауытбек
Абдрахмановтың
өзіне жолдаған хатын да тебіренбей оқи алмай-
сыз. «Осындай кітап дайындау жөніндегі идея-
ны ұсынған, менің айтқан əңгімелерімді қағазға
көңілдегідей етіп түсіре білген, орынды, білікті
сұрақтармен тақырыпты жақсырақ ашуға септесіп
отырған сұхбаттасушыма – көрнекті журналист,
Тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен бергі сенімді
серіктерімнің бірі Сауытбек Абдрахмановқа бірлесе
атқарған жұмыс үшін разылығымды білдіруді па-
рыз санаймын» деп ақадал көңілін білдіріпті.
Əр нəрсенің бастауы болатыны да ақиқат қой.
Бұл кітаптың бастауынан осындай шындықты
көргендей боламыз.
Əуелі Мəскеудің «Молодая гвардия» баспа-
сынан жарық көрген «Əділеттің ақ жолы» кітабы да
өмірбаянның өткелдері еді. Ал, «Өмір өткелдері»
нағыз болашақ белесі, жастық шақ асулары екен.
Кітапта осыған нақты жауаптар беріледі.
«Нұрлы жол» – нағыз реформалар мен
«Қазақстан жолының» бейнесі сияқты елестейді.
«Бір жағынан бұған ел байтағының Алматыдан
Астанаға ауыстырылуы да септесті. Өзіміздің тари-
хымызда тұңғыш рет астананы ауыстыру жөніндегі
шешімді өзіміздің ұлттық мүддеміз тұрғысынан
қабылдағанымыздың саяси жəне өнегелілік мəні
ерекше болды» деген жолдар жан-дүниемізді бас-
қаша əлемге бұрғандай. Бұл сөздің астарында көп
нəрсе жатыр. Бұл – айтуға оңай, атқаруы қиын
тірлік. Бұл Елбасының «ерінбей еңбек еткен» ерен
еңбегі. Осы жолдарды оқи отырып еріксіз сүйсінесіз.
Əр
жылдар
төңірегінде
Ш.Мұртаза,
К.Смайылов,
М.Қозыбаев,
Ф.Оңғарсынова,
Қ.Сұлтанов сияқты белді, беделді адамдардың да
ой-толғақтары топтастырылған. Бұлардың бəрі де
осындай кезеңдерде Елбасының төңірегінде жақын
жүріп, оның еліміздің мəдени-қоғамдық төңірегінде
жиі топтасып, өз көзқарастарын білдіріп отырады.
Кітапта
Кеңес
одағының
ешқашан
сақталмайтындығына Чехов кейіпкерлері арқылы
нақты жауаптар беріледі. Бұған да айтулы, айғақты
дəлелдер бар.
Теміртауда жұмыс жасаған жылдар мен
Орталық Комитетті басқарған кездері, Минис-
трлер кеңесіне басшылық жасаған тұстардағы
жағдайларды тебіренбей оқу мүмкін емес. Бұл
Елбасының нағыз қалыптасу, өрлеу кезеңдері.
Кітаптың соңғы бетін жапқанда:
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең атыңдар! – деген қыршын Қайрат
Рысқұлбековтің соңғы сөзі «Өмір өткелдерінің»
бетін жапқанда Тəуелсіз елдің жаңа парағын
ашқандай боламыз.
Целиноградта
студенттердің
ауыл
шаруашылығы жұмыстарында болғанымызда,
əсіресе, оңтүстік жігіттерінің аузынан «ит байласа
тұрмайтын жер екен» деген сөздер шыққан. Оған оң
құлағымыз куə. Сол жігіттер қазір Астанада жұмыс
істеп, өздерін бақыт құшағында жүргендей сезінеді.
Демек, олар өздерін өздері тапты. Елбасының атал-
мыш кітаптағы сөзімен айтсақ, «Аз жылдың ая-
сында Астанадай ғажайып қала сала алған, сөйтіп
елдіктің ерлігін танытқан қазақстандықтардың
қолынан бəрі де келеді. Тəуелсіздігімізді, ел бірлігін
сақтай білсек əлі алдымыздағы талай биіктерге
көтеріле аламыз.
Мен осы істі бастадым, елім сеніп, соңымнан
ерді. Мемлекет құруда да, Астана салуда да солай
болды.
Осыдан артық бақыт бар ма?».
Ия, біз «Өмір өткелдерінің» жаңа парағын
осы кемеңгер кісі арқылы ашып отырмыз.
Бұл кітаптан осыны анық көргендей бола-
мыз.
«Өмір өткелдері» кітап атауы болса,
тəуелсіздік – шығарманың жан-дүниесі. Өйткені,
кітап та адамның жан-дүниесінің тебіреніп,
толқуынсыз жазылмайды.
Тəуелсіздіктің ақ кемесі жағалауға беттеп ба-
рады.
Кемеде – халқы, ең алдында – Елбасы.
Қазақ деген кеңпейіл халықтың жүрегі ақ ке-
меге сыйып кетеді.
Осының бəрі «Өмір өткелдерінде» ерекше
дəуір – ХХІ ғасырға қарап қол бұлғап барады.
10
Проза
Нұрқалық АБДУРАҚЫН
1976 жылы дүниеге келген. ҚХР Іле
педагогикалық институтында, ҚХР ШУАР
университетінде жоғары білім алды. ҚХР Ухан
педагогикалық университетінде қытай тілі
мамандығы бойынша Ph доктранты. 1997 жылдан
бері ұстаздық жұмыспен шұғылданып, 2004 жыл-
дан Түркістан қаласындағы Қ.Яссауй атындағы
қазақ-түрік халықаралық университетінде оқытушы. 2007 жылдан бері
Əл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы. 2010
жылы Ан-арыс баспасынан шыққан «Иірім» атты романы бар. «Қазіргі
қытай тілінің грамматикасы», «Жаңа заман қытай əдебиеті», «Қытай
мифтерінің аудармасы», «Қытайша-қазақша фразеологиялық сөздігі»
«Қытай-қазақ-орыс жəне Қазақ-орыс-қытай экономика жəне мұнай-газ
саласындағы терминдер сөздігі»қатарлы оқулықтар мен сөздіктердің ав-
торы. Оқырманға екі əңгімесін ұсынып отырмыз.
ИТ ТІРЛІК
«Бисмиллаһ» деп сары машинасына мінген
Саматтың жаны жай тауып, көлігін баяу жүргізіп
келеді. Оған жер бетінде сары машинаның үстінен
басқа тыныш орын жоқ. Бұл сəт Саматтың ит
тірліктен бір сəтке алыстап тынштыққа шома-
тын шағы. Осы бір тыныштықты бұзғысы келмей
күнде үйінен ерте шығып, жұмысына абдырамай
барып, үйіне асықпай келеді.
Зулаған көліктер легі еш толастар емес.
Ерсілі-қарсылы құйындай жүйткиді. Саматтың
артынан еріп, одан түк шықпасын сезіп, «сиг-
нал» береді, болмағасын жанынан бебеулетіп,
қарсы бағытқа шығып кетіп жатты. Тағы біреулер
«ішің ауырып келе ме-ей, айдамайсың ба еркек-
ше» деп, жанынан өте терезесін түсіріп, былапыт
сөздерді басына саңғырта салады. Асыққандар
Саматты одан сайын сыбап келеді. Мүддесіне еш
қатыссыз нəрсеге «кайфын» бұзғысы келмеген
Самат көлігінің төрт жағындағы жылтылдаған
шырақтарын қосты. Алапат жүргізушілер ептеп
қарсы бағыттың босай қалған сəтін пайдаланып
«гу» етіп жанынан зулайды. Қалаға да ілінді.
Сеңдей соғылысқан сан көлік, иін тіресіп, құйрық
тістеседі. Көлдей көлкіген көліктер теңізі, көшеде
ине шаншар орын жоқ. Миллиондар мекені Ал-
11
маты. Кептеліс. Көліктер бір жүріп екі тоқтап,
үш жүріп төрт тоқтайды, Саматтың іздегені де
осы, одан сайын жаны жайланды. Райымбек
даңғылынан көтерілгені сол темір тұлпарлар
ауыздықпен алысып бірін-бірі қуып құн пері
болды да кетті. Соңғы кездерде қаланың барлық
жері тас бауыр, без бүйрек камераларға толып,
төбелерінен төніп, аяусыз шатырлатып түсіріп
тұрса да, сол сəттегі ырғақты бұзғысы келмеген
қазақтар газды еш азайтпастан құйындатады.
Салығын «кредит» алып төлей салады. Самат
жұмысына жетіп көліктен түскен беті аз күннен
бері мұғалімдердің мазасын алып жүрген «ин-
давни фонд» деген сөз басына сақ ете қалды. Осы
қу сөз шыққалы бері, өзі баласынан əкесі жам-
бас ақы сұрағандай өз аулаларына көлік тоқтату
ақылы болды. Бұл қу термин бас есепшінің ми-
ына мықтап еніп алғалы қашан. Қылдан тайған
мұғалімнің жалақысын қиып түсіреді, сол жақ
иықтағы күнəңді жазып отыратын періште
сияқты. Үлкен есіктен кірген-шыққаныңды жа-
зып тұратын қондырғысы тағы бар. Сағатына
қараған Самат енді сабақ уақытының таяғанын
көріп, адымын жиілетіп аудиторияны асыға
ашты. Бір түрлі күлімсі иіс қолқаны қабады. Мы-
нау сасытып тұр ма дегендей Самат төрде ілулі
тұрған қытай ойшылы Күң Зының ұйқы мен
ояудың ортасындағы кейпіне қарады да терезе
ашты. Суық жел бірдеме іздеген «афшаркідей»
ішке тіміскілей енді. Көкшулан бұлттар көкте ты-
нымсыз жылжып барады. Алты ай бойы аспан-
да паңдана тұрған ағаш жапырақтары, күздің
қоңыр желімен жерге баяу түседі. Тақтаның
қиғаш қапталында қалқиып мүлде қосылмайтын
ескі жəшік тұр, оң қаптал лықсыған кітаптарға
толы. Заңзуша, Монғолша, Ұйғырша, Қырғызша
кітаптар да жүр арасында, басқасы дерлік
қытайша медицина саласының кітаптары.
Мамандықтарымен еш қатысы жоқ. Түкке
керексіз кітаптар құдды мамандығы келмесе де
көз қысты, бармақ басты болып жұмысқа кіріп
алатын біреулер сияқты сөрені жаулап алған. Са-
мат бұлар қайда жүр кешігіп деп өзіне-өзі сөйлеп
қояды. Аузында шайнамасы, қолында телефоны,
құлағында қабы бар Арман есіктен енді. Артын-
ша беті мен мойын терісі екі бөлек Арзу да келді.
-Қалғандар қайда?
-Ағай, Арыстан ауырып қалыпты. Жаңа
маған хабарлама жіберіпті,- деді Арзу сыңси ер-
келеп.
-Гүлсім жəне Талшын, Бериман қайда?
-Оларды білмейміз,- деді екеуі жарыса.
Бүгін жаңа лекция деп Самат ағай қара
тақтаның дəл ортасына «Чүй Юан» ақын жəне
оның «Чу бəйіттері» деген тақырыпты қытайша
бадырайтып жазды. Үш жыл бойы есімдерін де
дұрыстап қытайша жаза алмайтын олар, бес иро-
глифпен жазылған жазуды танымай телефонда-
рынан іздеп жатты. Бұларға қытай тілінде лекция
оқу «сиырдың құлағына домбыра шерткенмен
бірдей» екенін білген Самат амалсыз сабағын
қазақша бастады.
Чүй Юан ақын біздің жыл санауымыздан
бұрынғы 340-278 жылдарда өмір сүрген, əуелгі
аты Миң Пиң, жауласқан бектіктер дəуіріндегі Чу
елінің тумасы... Кенеттен есік ашылды. Пістиген
мұрын алдымен көрінді. Шашы жалбыраған екі
мұғалима есік жамылып тұрып:
- Шабдарбаев сіз бе? – деді.
- Иə, иə - деп безектеген Самат сабақ
тексергіштерден құтылды. Оларға не сабақ өтіп
жатсың, қанша студентің бар, қандай пəн деген
қызықтырмайды, тек класта отырсаң болды.
Болмасаң жалақыңа қол салғыштар осылар. -Ол
сабағын қайта жалғады.
Чүй-Юан ғұмыр бойы қайырымдылық
пен əділеттілікті, халықшылдықты дəріптеген
ақын. Ол өз отанының жойылып бара жатқан
тағдырына ренжіп, жер басып тірі жүргісі кел-
мей, Ми-Луо Жияң өзеніне секіріп өлген. Бүгінде
қытай елі оның қайтыс болған күнін отаншылдық
күн ретінде еске алады. Шырылдаған ұялы
телефон Саматты тоқтатты. Үнсіз бас изекте-
ген ол - Дереу толтырмаса болмайтын қалың
қағаз келіпті, сіздер отыра беріңіздер, қоңырау
болғанда шығыңыздар, - деп есіктен аттап шығып
кетті. Асығыс кафедраға кірді. Түсі сұрланған
бастық əйел қаңтардағы бурадай бұрқылдап
мұғалімдерге «мына қағаздарды жарты сағаттың
ішінде толтырасыңдар» деді. Бұл қатал əмірші өзі
Нұрқалық АБДУРАҚЫН. «Екі əңгіме»
12
* «Үркер»* №10* 2015
басқаратын ұжымның тілін де, ділін де білмейтін
жан. Ол бар болғаны «уағы өткен қорыққанын
сыйлайды» деген ескі тəсілді мықты ұстанғаны
соншалық, тақыр жерден шаң шығарып «қыста
неге қар жауады?», «неге əжетханаға барасың»
деп шыбыннан піл жасайтын ұр да жық менеджер.
Ұстаздар сабақтарын біржолата сырып қойып
жоғарыдан келген «modle hand book» деп ата-
латын бұл бланкіні толтыру үшін əр кафедраны
аралап, пəн мүғалімдерін іздеп тентіреп кетті. Əр
пəн туралы толық мəлімет жинау, пəннің маңызы,
мақсаты, нысанасы, міндеті, күтілетін нəтижелері
мен пайдаланған əдебиеттерін егжей-тегжейлі
ағылшын тілінде жазу шарт. Самат та шала сауат
ағылшыншасымен кафедра аралап жүр. Кейбір
пəн мұғалімдері аяғы ауырлап демалыста бол-
са, кейбірі ауырып қалған, кейбірі сұранып кет-
кен. Ондайлардың телефондарына хабарласып,
мəліметтер жинады. Осында жүрген оқытушылар
өздері сияқты басқа кафедраларды кезіп кеткен.
Оларды іздеп кафедраға айналып бірнеше мəрте
келді. Сөйтіп жүріп Самат түскі асты, сабақты
тəркі етіп түс ауа бар мəліметті жинап болды.
Енді бланкіні толтыруға отырды. Шамасы кел-
меген жерді «Googleден» іздеп жанталасты. Кеш
бата зорға бітірді. Құтылдым-ау дегенде, «Ау-
дарма жасайтын дүниелер келді, соны аударып
келіңіз. Бұл кезекті шетел университеттерімен
жасалатын келісім-шарттар» деп қолына қағаз
ұстатты бастық. Амалсыз оны арқалап, кептелген
көліктердің арасынан жол тауып үйіне жеткенше
құптан мезгіл де болды. Есіктен кіре əйелі - Осы
уақытқа дейін не істеп жүрсің ? - деп қалш-қалш
етті.
- Не істегені несі, жұмыстан шықан бетім,
кептеліске кептеліп жеткенім осы емес пе.
- Елдің байлары бағана келіп алды, сенің
жүрісің мынау артта қалып.
- Олардың жұмысы солай да.
- Ерте кетіп, кеш келгенде табатының мар-
дымсыз бірдеңе. Қарашы ана Ерзаттың өзі де,
қатыны да, баласы да машина мініп жүр. Мен
қашан машина мінем деп, - долданды.
- Үйде отырған əйелге машина не керек.
- Керек-перегіңді білмеймін, қазір жесір
əйелдерде темір тұлпар тақымдап жүр, қашан
көлік мінем?
- Неменеңе аласың, тапқанымыз тамақтан
артылмаса.
- Артылмаса қойсын, банктер күнде теле-
визорда жарнамалап жатыр. Ап-арзан пайызбен
көліктерді беріп жатыпты. Ертең жұмыстан ерте
шық та, үйге келіп мені ертіп бар, - деп одан сай-
ын көзін шарасынан шығара долданды. Балалары
бұрышқа тығылып бастарына сүлгі жауып алып-
ты, кішкентай қызы мөлт-мөлт етіп жылап тұр.
- Оттапсың, қайдағы көлік саған.
Тумай тұрып тіркеліп қойған балалары əлі
бақшаны армандап келеді. Сан барып қузағанда
кезек келді. Бірақ «Алғашқы жарнасымен бірге
бала бақшаға 100 доллар берсеңіз алам, болмаса
кезегі келмесе де ақшасы көп адамдардың бала-
сын алам» деген бақшаның еркек болмай қалған,
сары бет, жуан бас қожайын əйелінің сөзі есіне
түсіп - Балаларды бала бақшаға да бере алмай
жүргенде, жөнсіз сөйлеме,- деп ақырып қалды.
- Сен, қайыршы, ертең мектепке де бере
алмайсың. Ол жақта да ақша жинайды.
- Жап аузыңды, - деп шыдамы таусылған
Самат амалсыз үйден қайта далаға шыға берген-
де «əке» деп қызы мен ұлы балағына жармасты.
Бастарынан сипап аз ашуы тарады. Бірақ əйелі
долданып, буырқанып, бірде шыңғырып, бірде
тоқтаусыз бұрқылдап Саматтың басына бар ай-
ыпты тағып, жерден алып, жерге салып жүнше
сабап жатыр.
Амалы таусылған Самат енді үйде тұрса,
өзін ұстай алмай бірдеңе бүлдіріп қоямын ба деп,
үйреншікті əдетімен өзіне жақындау маңдағы
медресеге жаңағы əйелі айтқан «күнəларын»
жуу үшін таң атқанша кезекшілікке тұруға
келді. Суық суға бетін қайта-қайта жуып жүріп
ұйқысыз таң атырған Самат түнімен бастығының
берген аудармасын аударды. Ертемен жұмысына
келді. Есіктен кіре «аударма дайын болды ма» де-
ген дауыстан ұйқысы шайдай ашылды.
Аудиторияға кірді. Іште жалғыз қыз
бала. Бұл топта осы бір ғана студент. Қытай
13
ироглифінен оң-солын таныған оған жүргізіп
отырған пəні «көркем аударма. Самат алдыңғы
сағаттағы ұлттық бояуды шығарып аудару тəсілі
бойынша оқыған лекцияның семинар сағатын
бастады.
- Ағай, мен дайын емеспін. Кішкене дайын-
далсам.
Төрт кереге там Саматқа қарайды, Самат
тамға қарайды. Бір-бірінен ұялады. Үнсіздік
жалғасты. Ұйқысы келейін деді.
- Ағай, мен оқысам да түсінбедім.
- Иə, сенің түсінбейтініңді білем.
- Қалай білесіз, - деп шырт ете түсті ерке
қыз.
- Сен екінші курссың, əлі сөздік қорың
жоқ. Ал мына көркем аударманың үдесінен шығу
үшін, қомақты сөздік қор болумен бірге, аудар-
ма жасайтын екі ұлттың тіл заңдылықтарын,
əдебиетін, этнографиясын, тарихын, мəдениетін
жақсы білгенде ғана көркем аударма жасап,
ұлттық бояуды шығаруға болады.
- Ағай, сонда менің мына оқып жүргенім
өтірік болды ғой.
- Солай, сен шамаң келмейтін шоқпарды
беліңе байлаған жанға ұқсайсың. Мен амалсыз,
жоспар бойынша сабақ жүргізем.
Есік ашылды. Күнделікті ақша қиюдың жо-
лын іздеген сабақ тексергіштер, есікті жамылып
келген ізімен кері шегінді.
Артынша есік қағылды, «кір» деуін
күтпестен есік екі елі ашылып, «Ағай, сізді
бастық шақырады» деді бір жіңішке дауыс.
- Былтырғы жылы бітірген студенттердің
қайда, қандай жұмыс істеп жатқаны немесе қайда
оқығаны туралы тез маған мəлімет бер. Он бес
минуттан кейін деканға есеп беремін.
Жан-жаққа ала шапқын болып қоңырау
шалды, почталарына хат жазды. Былтырғы
бітірген 28 студенттің 15-нен хабар алып,
қалғанын жалған ақпармен толтырып, кафедра
меңгерушісіне ұстатты. Сайлау қарсаңы келді.
Соған қазіргі оқып жатқан студенттер тура-
лы мəлімет керек: «мұнда қай жылы қай жерде
туылды, өзінің жəне əке-шешесінің телефоны,
электронды почтасы, тұрақты жəне жылжымалы
мекен-жайы, студенттер қазір қайда, қандай адам-
дармен бірге тұрады», осының бəрін толықтаңдар
деп, факультеттің аға эдвайзері қысқа жина-
лыс ашты. Енді аудиторияға бара бергені сол
тағы телефоны безектеді. Самат кафедраға
келді «студенттерді алып ақжағалылар тұратын
қалашыққа жиналысқа барасыз» деді бастық бай-
ыз таппай безектеп.
Кафедрада дəстүрлі сейсенбілік жина-
лысы, кейде үстелді жұдырықпен түйіп, кейде
орнынан атып тұрып, аузынан көбік шашып
қазандағы тұшпарадай қайнаған меңгеруші
барлық оқытушылар жылына «инфакфактор»
бойынша шетелде бір мақала, болмаса «кксон»
бойынша үш мақала, айына «жиглвль»ға
бір мақал шығару керек деп, өзі де түсіне
бермейтін шетелдік терминдерді тізбектеп,
мына келісім-шартқа қол қойыңдар деп, аюдай
ақырып барып тоқтады, естері шыққан жаңа
келген мұғалімдер қорыққаннан қолдары дір-
дір етіп қалай қол қойғанын білмей де қалды.
Осы бойынша жұмыс жасамасаңдар есіктерің
ашық деген бастық орнынан атып тұрып ка-
федра есігін ашып жіберді. «Ритинг» бойын-
ша балдарыңыз төмен болса келесі жылғы
конкурсқа бармайсыңдар деп қайтадан есікті
жаба салды. Сонымен бірге мен тапсырған кез-
келген жұмысты дəл уағында орындамасаңдар
тағы да есік ашық деп орнынан тұрып, қайта
отырған бастық ақ тер-көк тер болып жи-
налысын зорға бітірді. Ритинг дегенің ақша
ғой деп тарқасты оқытушылар, сол үшін апта
сайын бір кездесу, бір дөңгелек үстел, бір
балалар үйіне баруды жоспарлап, сабақты
ұмытқан оқытушылар бүгінде менеджердің қол
астындағы шабарманға айналып кеткендерін
өздері де білмей қалды. Сары машинаға міне
«мырс» еткен Саматтың есіне Канададағы бір
конференцияда тек қазақтың қыз-келіншектері
барып алыпты деген болашақпен оқып жатқан
досының əңгімесі есіне түсті. Жаны жай тапқан
Самат осы бір күйдің үзілмеуін тілеп, үйіне не
жұмысына асығып бара жататындарға таңғала
Достарыңызбен бөлісу: |