Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата03.03.2017
өлшемі1,22 Mb.
#5610
1   2   3   4   5   6   7

Нұрқалық АБДУРАҚЫН. «Екі əңгіме»

14

 *«Үркер»*№102015

жағасын  тістеп,  көлігін  жылтылдата  баяу  ай-

дап келеді...

***


  Отбасының  бар  жағдайын  жасау  үшін 

ол  бүгінде  үш  жерде  жұмыс  істейді.  Ақшалары 

көбейді.  Самат  азып,  жағы  солды.  Оның 

отбасының тыныштығы аз күнге жалғасты. Бүгін 

тағы  есіктен  кіре  əйелі  апжыландай  апшысын 

қуырып тура бетіне шапшыды. Ол түнгі күзетке 

медресеге  тағы  қашты. «Неткен  кереметсіз!, 

Нағыз  тақуалық»  деп  ондағы  ұстаздар  Саматқа 

бір  түрлі  қызыға  қарады.  Бірақ  ішінде  ұлыған 

иттің  жатқанын  тек  Саматтың  өзі  ғана  білді. 

Күндіз  күлкіден  түнде  ұйқыдан  айырылған  ол 

əбден титықтап құр сүлдері қалды.

Амалы таусылған ол əйелін ұрып та көрді, 

одан сайын сазарып өтірік талып жатып алатын 

əдет  тапты. «Отбасылық  соғыс»  кезінде  Алла-

дан  тілеп  алған  балалары  үрпе-шүрпесі  шыға 

бұрышқа  тығылғаны  есіне  түскенде,  сары  ма-

шинада  қара  көзілдірік  киіп  алып  егіліп  жылап 

та алады. Балаларының тыныштығы үшін Самат 

халық банкіге барып қарызға белшесінен батып, 

үйде  отырған  əйеліне  көлік  алып  берді.  Ол  сол 

күні ғана тыныш жатып түс көрді. Түсінде сабақ 

өтіп  тұр.  Отбасындағы  молшылықты  үзбей, 

қарызды төлеу үшін Самат төртінші  жұмыс оры-

нын  түнгі  күзеттен  тапсам  деп  армандап,  сары 

машинаның үстінде сарсылып келеді…



ҚАРА ҚҰРЫҚ 

Күздің  күлмсіреген  шағы,  аспандағы 

ақшулан  бұлттар  судағы  балықтай  баяу  жыл-

жып,  бейне  бір  елдік  мəселені  талқылайтын 

ертедегі  билер  іспетті,  бір-  біріне  жанасып 

топтаса  қалады.  Жерден  көтерілген  құйын,  

олардың  тыныштығын  бұзды,  ілезде  түйдек-

түйдек  болып  дəл  бір  ағайыннан  өкпелей 

қашқан туыстай алды-алдына қаша жөнелді.

   Қытайдан  біз  үшін  қымбатты  кітаптар 

келді,  саны  тым  көп,  соған  католог  жасауға 

барасың  деп  кафедра  меңгерушісі  атқа  жеңіл, 

тайға  шап  Шалқарды  студенттерімен  ұлттық 

кітапханаға  жұмсады,  қыт  етсе  «есігің  ашық, 

табаныңды  жалтырат!»  деген  зіл  дауыстардың 

жан-жағынан  зулайтынын  жақсы  білетін 

Шалқар үнсіз изектеді.

Будақ-будақ  кітаптар  теңкиіп-теңкиіп 

отарбадан  жаңа  түскен  қытайлар  іспетті  қазақ 

ұлттық кітапханасына жайғасып алыпты, бірден 

католог  жасауға  бел  шешіп,  он  студентімен 

Шалқар кірісіп кетті, заманы өткен медциналық 

кітаптар  мен  социалистік  жүйені  дəріптейтін, 

марксизм мен ленинизмді жаппай уағыздайтын 

кітаптар,  бірді-екілі  жазушының  кітабы  анда-

санда кездесіп те қалады, ол да сүйегі шіріп кет-

кен,  елдер  оқымай,  ұмыт  болған  жазушының 

кітаптары.  Тіпті  бірде «0» сыныпқа  барған 

баласының балапан дəптері де кездесті, одан да 

қызығы моңғолша, қырғызша, заңзуша, арапша, 

сібеше  жазылған  кітаптар  толассыз  тоғысып 

жатты,  католог  жасап  отырып  бетінен  оты 

шықты. Бетінің қызылы таусылған, салпы ерін, 

шабан жүрісті кітапханашы апай, бұл кітаптар 

біздер үшін өте құнды қазына, сондықтан төрт 

бөлікке бөліңдер, бірінші бөлігі өздеріңе, екінші 

бөлегі  шет  тілдер  унверситетіне,  одан  кейінгі 

бөлігі  мұғалімдер  жетістіру  унверситетіне,  ең 

соңғы қалғаны бізге деп, ағынан жарылып аса 

бір көңілді тапсырма береді.



15

***


   Сағынған  кітаптар  кафедраға  келді, 

ақ  түйенің  қарны  жарылғандай  бəрінен  бұрын 

кафедра  меңгерушісі  қуанды,  ұстаздар    құдды 

«патишаның  жаңа  киіміндегі»  алаяқ  уəзірлер 

сияқты  тіл  білмес  бастықтың  алдында  үнсіз. 

Оқытушылар  кітаптың  іліп аларын сөреге тізіп, 

қалғанын қоқыс жинайтындарға өткізуге өзара 

келісті...Кітапқа  пана  болып  кеткен  Шалқар 

тым  болмаса  əжетханада  отырып  бір-бір  шо-

лып шығайын деп, текке тастауға қимай, такси 

жалдап қала сыртындағы үйіне алып кетті. Ра-

хат, тау теңіз кітап, ал енді асықпай əжетханада 

отыр дейді өзіне өзі... 

Шалқар  кейде  дəретханадан  көңілді 

шығады, кейде ашу-ызасы кернеп шығады, Дың 

Шиупиң таңдамалы шығармаларын оқып оты-

рып, отырған орнынан секіріп кетті. Балқашқа 

дейінгі  жер  болашақтың  еншісіндегі  шаруа,  

қазірге жылы жауып қоятын мəселе депті. Өстіп 

қызыққа  батып  жүрген  күннің  бірінде  бастық 

оны кабинетіне шақырды... кіре айқайға басты. 

-Кітаптарды қайтарып алып кел, олар ал-

тын кітаптар, саны толық болмаса басым кетеді 

деп байбалам салды.

-Апай,  олар  түкке  тұрғысыз  керексіз 

кітаптар деп Шалқар өзін қорғаштады.

-  Долданған  ол,  алып  келесің,  деген  соң 

алып келесің деп, одан сайын айғай салды.

4  ай  күтіп  əрең  алған  күзгі  жалақысы 

таусылып,  келесі  айлық  тигенде  көлік  жалдап 

алып келуге бел буды Шалқар, оған дейін ізіне 

түскен бастық көрген жерде «кітап қайда» деп 

бір айғайлап өтеді.

Шалқардың 

əжетханасынан 

келген 


кітаптарға орын жоқ, жертөлеге кетті. 

***


Министрдің  біреуі  бейсенбіден  жұмаға 

қараған  таңда  «халал»  түс  көрді,  түсінде  өз 

туған  ауылындағы  əдемі  алма  ағаштардың  ба-

сында қалың қарға отыр, қақылдаған жағымсыз 

дауыстан  тəтті  ұйқысынан  шошып  оянған  ол, 

ертемен жұмысқа келді, өзінше түсін іштей жо-

рыды,  кенеттен  есіне  қалың  қара  қытай  түсті, 

дереу  «сіздер  қытайтану  кафедрасын  мықты 

ұстаңыздар» деп, еліндегі маңдай алды жоғары 

оқу  орнының  ректорына SMS жазды,  оны 

өзінше  түсінген  ректор  дереу  басқа  факуль-

тетте  істейтін  атақты  қытайтанушы  ғалымды 

шақырып  алып,  сіз  өзіңіз  ел  үшін  қытайтану 

кафедрасын  қолға  алыңыз  деп,  төтесінен  тап-

сырма берді. 

***


Дəстүрлі  сейсенбілік  жиналыс,  кафе-

дра жұмысы апта сайын таудай болып үйілген 

қағаздардың астына көміліп жатады, оқу-тəрбие 

ісін тек қағаз жүзінде орындайтын оқытушылар 

шетінен кеңсе қызметкері іспетті.

Бұл жолғы жиналыс бұрынғыдан өзгеше, 

деканның өзі келді, арыдан сөз қозғап, беріден 

толғап  отырып,  ақыры,  кеше  ғана PhD-лық 

қорғаған  жас  қызды  кафедраға  меңгеруші 

етіп  қою  ұсынысын  айтты,  жаңағы  тапсырма 

арқалаған  аға  ғалым  да  өзін  ұсынды,  универ-

ситет  жүйесі  солай,  конкурс  арқылы  сайлауға 

түсіп, заң бойынша көзбояушылық жасау керек, 

осылай жас ғалым мен қарт ғалым бастықтыққа 

таласты,  отырыс  біразға  созылды,  ақыры, 

келесі  жиналысқа  өз  жоспарларын  көрсетуге 

қалдырды. 

  Тағы    сейсенбілік  жиналыс  бастал-

ды,  тып-тыныш  отырыс,  Шалқар  өзімен  өзі 

сөйлесіп  отыр,  Қырғызстанға  əкім  болудан 

бас тартқан Шыңғыс неткен текті жан еді, бұл 

кісіге  быж-тыжы  шығып,  біреудің  қатесімен 

жұмыс  жасап,  бітпес  қағаздарды  санағанша, 

өзімен-өзі ғылыммен айналысқаны мың артық 

емес пе деп, деканды қолдауға бел буды. 

-Ұлжан  болса  ағылшын  тілін  өте  жақсы 

біледі, орыс тілі ана тілі, кез келген жиналыстың 

басы  мен  аяғын  қазақшалауға  шамасы  да 

жетеді-деп декан шынайы білек сыбана кірісті.

Ат жақты, ашаң жүзді, қима шашты, қою 

қасты қарт ұстаз деканды қолдай: 

Нұрқалық АБДУРАҚЫН. «Екі əңгіме»


16

 *«Үркер»*№102015

-  Беке,  неге  керек  осы  кафедра 

меңгерушілігі сізге, жастарға бермейсіз бе деп, 

төтесінен  қойды.  Жұмыста  өз  дегенімен  еркін 

жүру үшін тіл алғыш жас бастықты қолданған 

түрі.


-Маған  ел  үшін,  жер  үшін,  ұрпақ  қамы 

үшін керек деді Бекен белін бекемдеп.

-Бүгінде сол ел деген ұғым бар ма өзі, бəрі  

қалтасын, қарнын ойлаған мына  озбыр заман-

да, сенің айтқаның жəй қызыл сөздер ғой,- деді 

жаңағы қарт ұстаз.

-Қойыңдар, 

болды, 


ашық 

дауысқа 


салайық,-деп декан ұжымды ұйыстырды.

 8:7 дауыспен  екіге  жарылды,  жыл-

дар  бойғы  ғылымдағы  орнымен,  салмақты 

мінезімен қарт ғалым басымдылыққа жетті.

***

Жаңа  оқу  маусымы,  кезекті  сейсенбілік 



жиналыс,  жаңа  бастық  жұмсақ  орындыққа 

жайғасқан.

-Қағаздың  көптігі  мен  орындайтын 

тапсырмалардың  жиілігін  білесіздер,  құрметті 

көпшілік, 

барлығымыздың 

илейтініміз 

бір  терінің  пұшпағы,  сондықтан  мен  екі 

көмекші  таңдап  алдым,  Талшын  халықаралық 

қатынастар мен ғылым саласы бойынша, ал Ме-

ламан  тəрбие  жəне  оқу  ісі  бойынша  көмекшім 

болса деп шештім, қалай қарайсыздар,- деп қол 

астындағыларға  сұраулы  пішінмен  мойнын 

соза қарады. Үнсіз бас изеген он сегіз мұғалім 

сатырлата шапалақ соқты.

-Жақсы,  онда  бəрлеріңізге  «шен»  жетеді 

деп жымыиған бастық, оқу əдестемесі бойынша 

Сараны аға эдвайзер деп Нұрханды, нормалық 

бақылаушы деп Мəденді, «балапан күржегінің» 

жетекшісі деп Сəрсенді, оның екі көмекшісі деп 

Марат пен Алманы сайлады, осылай Шалқарда 

өз бейімі бойынша ақпарат ісіне жауапты бол-

ды, бұлар сабақ беретін оқытушы емес, шетінен 

«шолақ бастық» болып шыға келді. Күжірейіп 

желкелеріне  жал  біткен  олар  өз  алдына  бір-

бір  тау  болып,  паңдана  басып,  студенттеге 

қырын  қарап,  аяқтарының  басын  қайқайтып, 

кісіліктері ұстап қалатын болды.

Жұмыс 

қызды 


да 

кетті, 


сабақ 

бағдарламаларын  бүгіннен  қалдырмай  жа-

сап,  ғаламторға  салыңдар  деп  Сара  тепсінді, 

жылдық тəрбие жоспарын жəне сағаттық жоспа-

рын жасап, аудиториясын қосып жазып, маған 

ертеңге дейін  өткізіңдер деп Нұрхан шүйлікті 

бəріне,  бітіру  жұмысының  тақырыбын  екі  күн 

ішінде  беріңіздер  деп  Мəден  міндетсінді, «ба-

лапан  күржегі»  ай  сайын  екі  кездесу  жасай-

ды, соған тынбай қатысыңыздар, ритинг деген 

бар  деді  Сəрсен.  Шалқар  да  қарап  қалмады, 

имиждтік мақала жазыңдар, сіздерге «бал» ке-

рек,  81жылдыққа 81 мақала жазыңдар, – деді. 

Бас-басына  би  болған  мұғалімдер  сабақты 

ұмытты, кафедрада компьюторға кезекке тұрып 

қағаз  жазуға  кірісті,  өтірікті  шындай,  ақсақты 

тыңдай етіп күні-түні бал жинауға отырды.

Олардың  үстінен  қарайтын  кафедраның 

үш  бастығы  жоғарыдан  келетін  қалың  қағазға 

жауап жазып шаршады, олар сейсенбілік жина-

лыста өздерінің бастық екендерін ұстаздардың 

есіне  салумен  болды,  дүйсенбі  сайын 

ректордың  жиналысы,  жұма  сайын  деканның 

мəжілісі  деп  безектейтін  тағы  солар.  Бұның 

бəрінде  төменгісінен  жоғарғысы  есеп  алып, 

қағаз  түгендейді,  осылай  қалың  цифрға  бəрі 

мықтап байланған.

Тіл  алмас  есік  кірген-шыққаныңды  са-

нап отырады,  сабақ үстінде суыт келіп, сабақ 

тексереді,  екі  аптада  бір  өтетін  құрылтай  мен 

кездесулер мұғалім түгілі студенттерді де əбден 

жалықтырды. 

Ғылымы,  зерттеуі  жайына  қалған  аға 

ғалым  елге  қосқан  үлесі  сол  қағаз  жазып,  та-

бан астында жазбаша жауап беретін тапсырма-

лармен қалың бас қосулардан абдырады, кейде 

өзінің фамиласын ұмытып қалып,  келіншегіне 

телефонда  шалатын  болды.  Телефон  шылды-

рымен  есігін  бекітіп,  өзінен  мықтылардың 

мəжілісіне асығыс кетіп барады... 



17

Біздіѕ сўхбат



Біздіѕ сўхбат

Музыка – 

сұлулық 

пен сезім 

үйлесімін 

жеткізудің 

тәсілі

Қазір  біздің  концерт  залдарымызда 

жаңа  туындылармен  қатар  бағзы  дəуір  са-

зына  деген  ықылас  ерекше  өсіп  келеді.  Бұл 

əрине, барлық кезде осылай болды деп айта 

алмаймыз. Кезінде бүкіл ескі атаулыға қарсы 

өре  түрегелу,  оны  мойындамау,  менсінбеу, 

түсінбеу,  байыбына  бармау,  бетінен  қалқу 

деген сияқты үрдістер өрбіп, тіпті қазақтың 

дəстүрлі музыка өнері жойылып кетуге шақ 

қалған тұстар да болды. Бір кезде тіпті «ескі 

музыкадан  еш  пайда  жоқ»  деген  пікірлер 

де  болған.  Мысалы,  батыста  немістің  ұлы 

композиторы  Иоганн  Бахтың  кейбір  пар-

титуралары  саудагерлерге  орама  қағаз 

ретінде  сатылған  екен.  Ал  кейіннен  ескі 

музыкалық  шығармаларды  орындау  музы-

ка мəдениетінің бөлінбес бөлшегіне айналды. 

Материалдық  емес  мəдениет  түрі 

болғандықтан,  музыка  өнері  орындалған 

кезде ғана өмір сүреді, əсер етеді, бағаланады. 

Яғни, музыканың өмір сүруі үшін оны орын-

18

 *«Үркер»*№102015

дау,  іске  асыру  қажет.  Ал  музыкалық  өнер 

туындысын  іске  асыратын  ең  басты  құрал 

–  музыкалық аспаптар. Тарихта музыкалық 

аспаптардың сандаған түрлері белгілі, оның 

ішінде ежелгі музыкалық аспаптардың ала-

тын  орны  ерекше.  Көне  музыканы  орындау 

көне  музыкалық  аспаптармен  тығыз  бай-

ланысты.  Олай  болса,  Ықылас  Дүкенұлы 

атындағы  халықтық  музыка  аспаптары 

музейінің  ғылым  бөлімінің  меңгерушісі 

Абзал  Арықбаев  пен  ғылыми  қызметкер 

Мақсат  Медеубек  қазақ  халқының  бүгінгі 

күнге  жеткен  саз  өнерінің  ішінде  өзіндік 

орны  бар  ұрмалы  аспаптар,  олардың  жай-

күйі туралы пікірлерімен бөліседі. 

-  Ұлттық  музыкалық  аспаптар    музей-

де  əйнектің  ар  жағында  көрсетуге  қойып 

қойған  тарихи  жəдігер  ғана  емес,  ең  алды-

мен  бағзы  заманның  материалдық  жəне 

рухани  ескерткіші,  көненің  көзі,  ұлттық 

дүниетанымның  бір  бөлшегі  ретінде  мəдени-

рухани  құндылық  қатарына  кіреді.  Ал  осы 

музыкалық    аспаптардың  əрқайсының  өз  та-

рихы бар. Ұрмалы аспаптардың пайда болу та-

рихына көз салсақ, оларды бақсылықпен байла-

ныстырамыз. Осы жөнінде толығырақ айтып 

өтсеңіздер.

Мақсат:  Қазақтың  музыкалық  аспапта-

ры  негізінен  бес  түрге  бөлінеді:  ішекті,  ыспа-

лы,  ұрмалы,  үрмелі  жəне  тілшелі.  Соның  ішінде 

ұрмалы  аспаптар  қатарына  дабыл,  дауылпаз, 

шыңдауыл,  қол  дабыл,  қос  дүңкілдек,  сақпан, 

асатаяқ  кіреді.  Ғалымдардың  пікірі  бойынша, 

адамзат  тарихында  ең  алғаш  осы  ұрмалы  аспап-

тар пайда болған. Оның бір дəлелі, мұндай аспап-

тар əлем халықтарының барлығында дерлік бар.

Абзал:  Жалпы  ұрмалы  аспаптардың  та-

рихын  төрт  кезеңге  бөліп  қарастыруға  болады. 

Бірінші  кезеңде,  яғни  сонау  алғашқы  қауымдық 

құрылыс  тұсында  адамдар  ұрмалы  аспаптардың 

көмегімен аңдарды үркітетін болған. Оның ішінде 

даңғыра, шартылдауық, зырылдауық деген аспап-

тар  бар.  Ең  басты  мақсаты – аңды  үркіту,  шулы 

дыбыстар  шығару.  Кейіннен  адамзат  қоғамы  да-

мып,  жетілген  сайын  бұл  аспаптар  да  қолданыс 

аясын  өзгертті.  Түркі  халықтарының  тарихынан 

белгілі  тəңіршілдік,  шаманизм  кезеңінде  бұл 

аспаптар  əртүрлі  наным-сенімдерге  байланы-

сты  бақсылық  рəсімдерде  қолданылатын  басты 

атрибутқа  айналды.  Мысалы,  даңғыра  аспа-

бын  бақсылар  көп  қолданған,  ол  ағаштан  жаса-

лып,  бетіне  ешкінің,  бұғының  немесе  түйенің 

терісі  тартылады.  Қазіргі  кезде  ол  алтай,  хакас, 

моңғол  елдерінде  бақсылық  мақсатта  əлі  де  көп 



19

Абзал АРЫҚБАЕВ . «Музыка – сұлулық пен сезім үйлесімін жеткізудің тəсілі»

қолданылады. Өкінішке орай, Қазақстан жерінде 

бұл  дəстүр  ұмыт  қалған.  Даңғыра  тəріздес 

шулы  аспаптар  қатарына  қоңырау,  асатаяқты 

жатқызамыз.  Бұл  аспаптарды  да  бақсылар 

қолданған. Олар негізінен бақсылық рəсім кезінде 

жындарды  үркіту,  аруақтарды  шақыру,  адамды  

ерекше  медитациялық  күйге  түсіру  қызметін 

атқарған.  Кейіннен  бұл  аспаптардың  кейбіреуі, 

мысалы  қоңырау  баланы  бесікке  бөлеу  кезінде 

қолданылған. Яғни, өмірдегі күнделікті тұрмыс-

тіршілікте өз орнын тапқан. 

  Ұрмалы  аспаптар  тарихының  үшінші 

кезеңі – жыр-дастандарды  сүйемелдеу  жəне 

жаугершілік  заман.  Əскери  жорықтарда  бүкіл 

əскерді бағыттап, басқару үшін дабыл, шыңдауыл, 

қос  дүңкілдек,  дудыға  аспаптарын  қолданған. 

Мысалы, қазір Ықылас атындағы халық аспапта-

ры музейінде диаметрі 1 метрден 3 метрге дейін 

жететін жорық дабылдары бар. Олар майдан дала-

сында белгі беруге арналған. Олардың дауысы 5-6 

шақырымға  жетеді.  Ол  кезде  қазіргідей  арнайы 

құралдар  жоқ, сол себепті əскерді шегіндіру не-

месе  алға  жіберу  үшін  музыкалық  аспаптардың 

дыбысын  қолданған.  Ұрмалы  аспаптардың 

өзіндік  бір  ырғағы,  ритмі  болады.  Сол  арқылы 

əскердің дислокациясын өзгертіп отырған. Əрбір 

əскер  қосынында  осындай  аспаптар  болған. 

Яғни,  ұрмалы  аспаптар  əуел  баста  музыкалық 

аспап ретінде шыққан жоқ. Жоғарыда айтқандай, 

бұл  аспаптар  аңшылық  кезеңі,  бақсылық-

тəңіршілдік  кезеңі,  əскери  жорық  кезеңдерінен 

өтті.  Ал 4-ші  кезең  бұл  қазіргі  музыкалық 

аспап  ретінде  қолданыс  табуы.  Яғни,  қазіргі 

фольклорлық-этнографиялық  ансамбльдерде  да-

уылпаз,  тайтұяқ,  зырылдауық,  шартылдауық, 

дүңкілдек,  шыңдауыл  сияқты  ұрмалы  аспаптар 

қолданылады. 



- Жаугершіліктен кейінгі кезеңдегі ұрмалы 

аспаптардың  эволюциясы – дамуы,  түрленуі, 

өзгеруі, заманға бейімделуі қалай жүрді?  

  Абзал: Ұрмалы аспаптар 18-19 ғасырларға 

қарай  тарихи  себептерге  байланыс-ты  сирей  ба-

стады.  Бұған  орыстың  империялық  саясаты  да 

өз  үлесін  қосты.  Əсіресе,  қазақ  халқында  бұл 

аспаптар жойылуға шақ қалды. Тек 1970-80 жыл-

дары  Ықылас  атындағы  халық  аспаптар  музейі 

ашылған  кезде  көптеген  реконструкциялық, 

реставрациялық  жұмыстар  жүргізіліп,  ұрмалы 

аспаптардың  көпшілігі  қайта  жаңғыртылды. 

Бұл  əрине,  ең  алдымен  өнертанушы  Болат 

Сарыбаевтың үлкен еңбегі. Айта кететін бір жайт, 

қазақ халқында кең таралған, алты мың жылдық та-

рихы бар домбыра аспабының өзі көп өзгерістерге 

ұшырап,  өзінің  түпнұсқа  қалпын  жоғалтқан. 

Оның  жасалу  технологиясы  да  өзгерді,  мысалы 

домбыраның  ішегі  қазір  басқа  материалдан  жа-

салады. Қобыз болса сол қалпында бүгінге жетіп 

отыр. Қылқобыз да бақсылар қолданатын, батыр-

лар  жырын  сүйемелдейтін  аспап.  Империялық 

отарлық  кезеңде  осы  аспаптар  қатты  қудалауға 

ұшырады.  Сондай-ақ  ислам  діні  қазақ  даласына 

таралған 9-ғасырлардан бас-тап ұрмалы аспаптар 

бақсылық, тəңіршілдік, шаманизм белгісі ретінде 

ислам дініне қайшы деген сипатта жойылуға бет 

алды. Сол себепті бұл аспаптардың  түпнұсқасы 

бізге жеткен жоқ, тіпті жоқтың қасы деуге бола-

ды.  Біздің  музейдегі  ұрмалы  аспаптар  көптеген 

зерттеулер  нəтижесінде  жаңғыртылып,  жаңадан 

жасалған. Бұл аспаптар түпнұсқа қалпында хакас, 

алтай, тыва, қырғыз елдерінде сақталған. Кезінде 

Болат  Сарыбаев  осы  аспаптарды  жаңғыртып, 

үлкен  коллекция  жасап,  оркестрге  қосты.  Ал 

қазіргі  таңда  бұл  аспаптардың  бəрі  қолданыста 

жəне қазақтың өнерін танытуға үлес қосуда.



Бүгінде 

заманауи 

музыка 

өнері, 

орындаушылық  құбылысы  шарықтап  дамуда 

жəне  оның  түрлері  мен  стильдері  де  сан  алу-

ан.  Ал  ұлы  мəдениеттің  сарқыншағы  іспетті 

ұрмалы аспаптардағы кəсіби орындаушылықтың 

пайда болуы жəне өрістеуі қандай деңгейде жəне  

қазіргі  Қазақстанда  ұрмалы  аспаптарда  кəсіби 

орындаушылар бар ма?

Мақсат:  Қазіргі  таңда  ұрмалы  аспаптарда 

кəсіби орындаушылықтың деңгейі, əрине көтеріліп 

келеді.  Фольклорлық-этнографиялық  «Сазген 

сазы», «Əлқисса», «Сарын»  сияқты  ансамбльдер 



20

бұл музыкалық аспаптарды барынша қолданады. 

Мысалы,  біздің  «Тұран»  этнофольклорлық  тобы 

орындайтын  Дəулеткерейдің  «Көрұғлы»  күйіне 

қойылған  композицияға  ұрмалы  аспаптарды 

қостық.  Жалпы,  адам  баласының  жан  дүниесіне 

ең жақыны – осы ұрмалы аспаптар. Өйткені, ой-

нау  кезінде  ырғағын  тез  тауып,  өзіңе  бейімдеп 

алуға болады.  

Жалпы  қазақ  халқында  жеке орындаушы-

лар  болмаса  ешқашан  арнайы  оркестр  болмаған. 

Ансамбль,  оркестр – кеңес  дəуірінде  пайда 

болған  ұжымдар.  Осы  кезеңнен  бастап  ұрмалы 

музыкалық аспаптар өзінің функциясын өзгертіп, 

музыкалық  сүйемелдеуші,  ырғақ  беруші  аспап 

ретінде қолданысқа енді. 



- Ұрмалы музыкалық аспаптар туралы сөз 

қозғағанда, оларды орындаудың стиліне, мəнеріне, 

арнайы  техникалық  əдістеріне  назар  аудармау 

мүмкін емес. Ал аспапты жасау, таңдау, оның са-

пасы бұдан кем түспейтін мəселе. Осы аспаптар 

біздің заманымызға сол қалпында жетті ме?

Мақсат:  Мұнда  даңғыра,  дауылпаздың 

пішіні  де,  жасалу  материалы  да  көне  қалпында 

келіп жеткен. Ұрмалы аспаптарды ағаштан ойып, 

иіп,  терімен  қаптап  жасайды.  Даңғыраға  кей-

де  ешкінің  терісі,  үлкенірек  болса  сиыр,  түйе 

малдарының,  бұғының  терісі  тартылады.  Біздің 

музейде  бұл  аспаптардың  бəрі  бар.  Олардың 

көпшілігі  бақсының  аспаптары,  Алтай,  Хакас 

өңірінен  келген  даңғыралар.  Біз  бұған  дейін 

соларға тапсырыс беріп жасатып келдік, енді-енді 

біздің  шеберлеріміз  үйреніп  жасауға  кірісті.  Де-

генмен, ұрмалы аспаптар танымалдығы жағынан 

домбыра  мен  қобызға  жете  қоймайды,  өйткені 

бұл  осы  аспаптардың  ерекшелігіне  байланысты. 

Ұрмалы аспаптар негізінен оркестрдегі қосымша 

аспап ретінде қолданылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет