Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата03.03.2017
өлшемі1,22 Mb.
#5610
1   2   3   4   5   6   7

Мұрат РАХЫМЖАН. ««Алпыс үштің» əлегі немесе «Ы» дан шыққан ылаң» 

44

 *«Үркер»*№102015

–амалың жоқ, болмаса дəрігер бар, дəрі-дəрмек 

бар, емделіп түбі бір жазыласың ғой. Жазылма-

са, «байғұсты шаян шағып алыпты» деп елдің 

мүсіркегенінің өзі бір бақыт. Ал, Бейсен қырт 

шақса  құрыдым  дей  бер.  Алдымен  сол  жерде 

отырғандар ду етіп бір күліп алады. Содан соң 

үй-үйді,  қуыс-қуысты,  туыс-туысты,  бұрыш-

бұрышты аралап кетеді дейсің. Сол жерге кел-

мей  қалғанның  барып  терезесін  қағады.  Ау-

ылда  жоқ  болған  адамның  келгенде  алдынан 

атып  шығады.  Қалаға  кеткенмен  ілесіп  бірге 

қалаға,  далада  жүргенмен  ілесіп  бірге  далаға 

барады. Əйтеуір қайда барсаң да көлеңкеңдей 

көлбеңдеп  қыр  соңыңнан  қалмайды. «Бəлен 

жерде,  Бейсен  қырт,  бəленшекеңді  бəлен 

деп  сықпыртыпты...»  деген  сөзден  өлсең  де 

құтыла алмайсың. Қайта-қайта тырнай берген 

жараның  орны  өмірі  жазылушы  ма  еді.  Со-

дан Бейсен қырт келесі бір адамды қыбын та-

уып  боқтағанша  көрген  күнің  күн  емес.  Тіпті 

бар ғой, Бейсен қырт біреуді боқтаса екен деп, 

Бейсен  қырттың  біреуді  боқтағанын  күтіп, 

зарығып, тілеп жүресің. Оныңды қыстыратын 

Бейсен қырт па. Асықпай, саспай жүріп алады 

ғой қыртып... Сондай адамды қалай ғана жақсы 

көрерсің енді. 

Суқаны  сүймейтін  адамды  мақтап 

мақала  жазатындай  Қылмойынның  не  басы-

на күн туды дейсіз ғой. Оған себепкер болған 

осы ауылдың əкімі – Тəкен. Тəкен алпыс үшін 

күтіп  отырған  адам.  Алпыс  үшін  болғанда 

Қожа  Ахмет  Ясауи  бабасы  сияқты  жер  асты-

на  түсіп  кетейін  деп  емес.  Жо-жоқ,  Құдай 

оның  бетін,  тап  соның  бетін  аулақ  қылсын. 

Жер  астына  түсуге  Тəкеңе  əлі  ерте.  Тəкен 

зейнеткерлігін күтіп отыр. «Зейнетке шыққан 

соң да тағы бір жыл положено» деп қояды кей-

де отырған орындығын сықыр-сықыр еткізіп. 

Тəкен  кеңес  заманында  партком  болған  адам. 

Сол  сүйікті  партиясының  көзіндей  көріп  не-

сиеге  алып  қалған  екі  ауыз  сөзі  бар.  Оның 

бірі – орысша,  екіншісі – қазақша.  Орысша-

сы – понимаешь,  қазақшасы – оны  өзің  де 

білесің  деген  сөз.  Бұл  қос  сөз  Тəкеннің  бүкіл 

сөзінің тұздығы. Онсыз сөзінің дəмі кірмейді. 

Екеуін  қатар  қолданбайды  тағы.  Орысшасы-

мен бастап, қазақшасымен аяқтайды. Алдына 

келген  адамды  «понимаешымен»  тұқыртып 

алып, «оны өзің де білесіңімен» қайта көтеріп 

қойып  отырады.  Сондықтан  бұл  кісінің  ал-

дынан  шыққан  адам  бір  көтеріліп,  бір  түсіп 

сылти басып, ақсаңдап келе жатады. Төкеңнің 

тəуелсіздік  алғанан  кейін  сөздік  қорына  тағы 

бір  мақал  қосылды.  Оны  Төкеңнің  өз  тілімен 

айтқанда жобасы былай болады. «Понимаешь, 

айдаладағы  Аманғалидың  амандығынан  не 

пайда,  айналаңдағы  ағайыңның  амандығы – 

хайыр. Аманғали деген жүрген бір алаяқ, оны 

өзің де білесің». 

Аманғали  деген  «алаяқ»  Тəкеннің 

құрдасы.  Құрдасы  болған  соң  айта  береді  де,  

алаяқ түгі де жоқ Аманғалидың. Алғаш совхоз 

тарап  ырду-дырду  болған  тұста,  екі  қолға  бір 

күрек іздеп Аякөз жаққа көшіп кеткен. Содан 

қайтып оралған жоқ. Ол жақтан тапқан кəсібі: 

таңсəріден базарға шығып, елдің алдымен ау-

ыл-ауылдан  келген  қойларды  асықпай  қарап 

шығады.  Содан  соң  тағы  да  асықпай  жүріп, 

аралай жүріп, шекесінен шертіп таңдай жүріп, 

арасында саудаласа жүріп, семіз қойларды са-

тып  алады.  Оны  үйіне  апарып  шешіндіреді. 

Терісін,  ішек-қарынымен  қосып  пұл  қылады. 

Қой  байғұстың  өз  қолымен  шешіндірген 

тыржалаңаш  денесін,  қызылшақа  күйінде 

вокзалға  алып  барады.  Ойындағы  бағасына 

саудалайды,  өтсе.  Өтпесе, «Жə-ə – дейді  

Аманғали. Жə, бұл кеткен «Семей-Қызылорда» 

ғой.  Ендігі  келетін. «Ноғайсібір-Тəшкен  бе»? 

Жə,  оған  дейін  əлі  екі  сағат  уақыт  бар.  Біз  не 

істейміз?» Не істейтінін білмей қапты дейсіз бе, 

Аманғали? Əдет қой, əдет, баяғы, атаңа нəлет! 

Екі  сағат  бойы  вокзалдың  есігін  күзететін, 

Бейсен  қырт  айтқандай  «есектің  миын  жеген 

ессіз,  есалаң  ғой»  деп  пе  едіңіз,  Аманғалиды. 


45

Мұрат РАХЫМЖАН. ««Алпыс үштің» əлегі немесе «Ы» дан шыққан ылаң» 

Жоқ.  Аманғали  ерінбей  отырып  үйіне  келеді. 

Келеді де бағанағы қойдың үйіліп қалған бас-

сирақтарын  үйтеді.  Оны  тазалап  жуады.  Əлі 

екі  сағаттай  уақыт  бар.  Үлгереді,  Аманғали, 

үлгереді.  Бəрін  болған  соң,  сойылған 

қойлардың  қан-жындары  мен  былғанған  по-

лын  жуып  болып,  енді  қолын  жуып  тұрған 

əйеліне қарап: «Қатэн, дейді, қатэн». 

-  Мына  бас-сирақтардан  өткендегідей 

холедес  жасап  қойып  жүрме.  Сен  бұларды 

былқылдатып  қазанға  ас.  Содан  соң  қамыр 

иле,  бірінші  сорт  ұннан,  бəрібір  құйқаның 

сорпасы  сəл  нелеу,  қаралау  болады.  Жаман 

шалың  аман  болса,  кешке  пияздатып  тұрып, 

қара  бұрыштатып  тұрып,  қатқан  мипалау  жа-

сап  береді...  Бармағыңды  жалайсың, – дейді. 

Дейді  де  «Сартың  не  дер  екен,  сартың...»  деп 

əндетіп  «Ноғайсібір-Ташкен»  пойызын  күтіп 

алуға кетеді.

  Сөйтіп    жүргенде  кеш  те  бата-

ды.  Асығатын  Аманғали  ма: «Басында 

Шұбартаудың  боз  қараған,  сол  таудан  дария 

көшіп,  су  тараған,  сұлу  қыз,  сері  жігіт  бəрі 

осында,  дариға-ай  неге  кеттім  сол  арадан» 

деп  өмірі  аяғына  дейін  жетіп  көрмеген  əнін 

мұрнынын ұшымен ыңылдатып отырып үйіне 

қайтады.  Шіркін-ай,  сонысын  Бейсен  қыртқа 

бір  тындатып  алар  ма  еді. «Аңсайтының 

бар,  атаңның  басына  көштің  бе  сол  арадан?» 

дер  ме  еді  дейсің  ғой  баяғы.  Бірақ  оны  естіп 

жатқан,  естісе  де  елеп  жатқан  Аманғали  жоқ. 

«Қатэнына» өзінің берген тапсырысы бойынша 

дайын болған бас-сирақтан, «қатэнына» өзінің 

берген  уəдесі  бойынша  мипалау  жасап  беріп 

тойып, əлденіп алады да, қозы қарнын бір си-

пап қойып:  «Ал енді таң қашан атар екенсің» 

деп тəтті ұйқыға кетеді. 

Тəкеннің де Қылмойынға Бейсен қыртты 

мақтап мақала жаз дегенде, өз көздегені бар еді. 

Бейсеннің  өзі  қырт  болғанмен  туған  құдасы 

Аякөздегі  Райсовездің  бастығы.  Алпыс  үшін 

күтіп  отырған  Тəкеннің  бүкіл  құжаты  ертең 

соның  алдына  барып,  қолынан  өтеді.  Жалпы 

«атаң жақсы дегенді кім жек көрсін». Тіпті ол 

атасы болмай, құдасы болса да, ол құдасы Бей-

сен сияқты қырт болса да, бəрібір мақтағанның 

аты мақтаған емес пе. 

-  Понимаешь,  мұны  бір  деп  қой. 

Екіншіден,  тіпті  болмаған  күнде  Бейсен 

қырттың өзін құдасына тура шығаруға да бо-

лады.  Қанша  дегенмен  туған  құдасы  емес  пе, 

қиылып  алдына  барса,  бір  сөзін  далаға  тас-

тай  қоймас.  Бейсен  қырттың  да  мақаланы 

оқып бөркі қара қазандай болар, əлі. Оны өзің 

де  білесің, – деп  бүкіл  мəселенің  ау-жайын 

асықпай,  мипаздап  отырып  Қылмойынға 

түсіндірген  еді.  Енді  міне,  тапсырыс  бер-

ген  Тəкен  құтылып,  орындаған  Қылмойын 

тұтылып отыр. Бейсен қыртың тұр міне, бөркі 

қара қазандай болған түгі де жоқ, өкпесі қара 

қазандай болып. 

«Жоқ»  деп  айтса  Қылмойынның  тілі 

таңдайына жабысып қалмайтын еді. Бірақ бұл 

жерде  жоқ  деп  айтуға  мүлде  болмайтын  еді. 

«Бейсен қырт» деген отпен ойнағалы отырғанын 

Қылмойын білмеді емес, білді. Бірақ біле тұра, 

соған  саналы  түрде  барды.  Біріншіден,  Тəкен 

бір күнде болса Қылмойынның тікелей басшы-

сы,  бар  билік  соның  қолында.  Билікке  қарсы 

шығу Қылмойынның табиғатында жоқ қасиет. 

Жалғыз Қылмойын ғана емес, бүкіл ауылдың 

бар  билігі  Тəкеннің  ашса  алақанында,  жұмса 

жұдырығында.  Əлі  күнге  дейін  ешкім  оның 

бетіне жел болып тиіп көрген емес. Екіншіден, 

əгəрəки,  мақала  жақсы  шығып,  ол  Бейсен 

қыртқа  ұнаса,  ертең  Тəкен  күтіп  отырған  ал-

пыс  үшіне  толып,  зейнетіне  кеткен  соң,  орны 

босамай ма. Сол орынға Қылмойынның көптен 

бері көзі түсіп, ұйқысы бұзылып жүрген. Бірақ 

ол  «қасиетті  орын»  бос  тұр  екен  деп  ешкім 

Қылмойынды  қолынан  жетектеп  апарып: 

«Айналайын,  Қылмойын,  сен  отыра  ғой»  деп 

қонжита  салмайды  ғой.  Ол  үшін  қолдау  ке-

рек.  Ал,  бұл  ауылдан  Бейсен  қырттан  артық 


46

 *«Үркер»*№102015

қолдаушыны  табамын  деу,  шөп  ішінен  ине 

іздегенмен бірдей. Бейсен қырт «иə» десе бол-

ды, оның қырттығынан зəр азап болған бүкіл 

ауыл  «мақұл»  деп  құтылатын.  Əкім  басымен 

Тəкеннің  өзі  де  онымен  санасып,  мақала  жаз-

дыртып  отырғаны  тегін  деймісіз.  Тегін  емес, 

əрине.  Тек  мақала  Бейсен  қыртқа  ұнасын 

деңіз...

Міне,  осылай  бар  өнерін  салып  Бей-

сен  қыртты  қиыстырып  мақтаған  мақаласы 

қыл  аяғы  құрдымға  кетейін  деп  тұр.  Обалы 

кəне, мақала жақсы-ақ жазылып еді. Амал не, 

тек мына бір əріпке бола... Бейсен қырт деген 

қызыл көз бəледен басы дауға қалғалы отыр. 

Енді  бұл  қырттан  құтылып  көр – деген 

ойдан, қатты күйінген Қылмойынның:

- Менің жазығым не, сонда? – деген да-

уысы  шығып  кетті.  Оны  естімей  қалатын 

Бейсен қырт па? Оның үнемі ар жағынан күн 

көрініп  тұратын  қалқан  құлағы  жыланның 

жыбырлағанын да жеткізеді.

-  Сен  жалмауыздың  жазығың  сол, 

жайыңа  жүрмей  мақала  жазғаның.  Мен  жаз 

дедім бе саған, абыройымды төк, масақарамды 

шығар  дедім  бе,  саған?  Жауап  бер,  неғып 

отырсың мелшиіп, мешел неме!

- Ақсақал, ол баспадан кеткен қате. «А» 

ның  орынына  «ы»  əрпін  басып  жіберген  ғой, 

байқамай, шатасып... Ондай-ондай...

-  Омай-ай  дегенің,  ыбылжыған  ынжық 

неме «ы-ы-ы» əрпі дейді ғой ыңырсып. «Ы» - 

ның  астында  қал,  астында  қалғыр.  Ырғайдай 

мойының  ырбиып,  ындының  кеуіп  ырсиып, 

ышқырың ... деп енді-енді екпін алып, оталып 

келе жатыр еді.

Ар жағын тыңдау қауіпті екенін, Бейсен 

қыртты  белден  төмен  қарай  түсіруге  мүлде 

болмайтынын  жақсы  білетін  Қылмойын  лаж-

сыздан түсін сəл суытып.

-  Ақсақал,  өйтіп,  адамды  қорламаңыз, 

оскарблят етпеңіз, – деп  жұдырығымен үстелді 

қойып қалды.

-  Ой,  сүмелек!  Судан  шыққан  суырдай 

сүлмиіп,  ине  жұтқан  иттей  ілмиіп  оскарбит 

деп  қояды  ғой,  тағы.  Көрінген  қатын  аузына 

сиген,  қуарған  қу  жағы  босаға  тиген  заржақ 

неме дей беріп еді...

Бағанадан бері бұғып отырған Қылмойын 

орнынан ұшып тұрып, қу даусымен сұңқылдай 

жөнелді.

«Қап-ай, 

қап, 

алжыған 


басым-ай, 

қалай  ғана  аузымнан  шығып  кетті,  енді  бұл 

Заржаққа тоқтау жоқ десеңші» деп тілін тістей 

қойған  Бейсен  қырт  алдында  тұрған  жатаған 

орындыққа жалп етіп отыра кетті...

Бұл  уақытта  «Заржақ»  нағыз  зар  күйіне 

келіп, қолын сермеп қойып шабыттана сөйлеп 

тұр еді.   



Мұрат РАХЫМЖАН

Айтулылар айтқан сөз

Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза. 

                                                                  

Мұхтар ӘУЕЗОВ



Редакция мекенжайы:

050009. Алматы қаласы. 

Абай даңғылы, 143, 6-қабат. 

Телефондар: 

бас редактор    – 394-41-34, 

бөлiм  

 – 394-37-27, 

компьютер 

бөлiмi  

 – 394-37-87

 

             www.urkerkaz.kz

E-mail: Urker_2010@mail.ru, 

 

     

Журнал Қазақстан Респуб-ли-

касы  Мəдениет    жəне    ақпарат  

министрлiгiнде 06.04.2009 ж. 

қайта  тiркелiп,  № 10017-ж  

куəлiк  алған.  Айына  бір  рет 

шығады.

 ***

Басуға  қол  қойылды:  .  .2015 

Қағазы  офсеттiк. 4,2 баспа 

табақ.  Форматы    84х108/16. 

Таралымы          .  Тапсырыс  №1000. 

Бағасы келiсiмдi.

***

Редакцияға  түскен шығарма-

лар  рецензияланбайды. Қолжазба 

қайтарылмайды. Көшiрiп  басқан  

жағдайда  «Үркерге»  сiлтеме жа-

сау мiндеттi.

 ***

Жарияланған  дүниелердегi  де-

ректердiң  нақтылығына  автор-

лар жауап бередi.

 ***

«Үркер»  журналында  жар- 

ияланған    материалдардың  ав-

торлық   құқы  «Қазақ газеттерi»  

ЖШС-не тиесiлi.

 ***

Журнал  «Қазақ  газеттері» 

ЖШС-нің 

компьютер 

орта-

лығында    терiлiп,  беттелiп, 

«Дəуір» ЖШС-нiң Республикалық 

полиграфиялық  баспа  комплек-

сінде  басылып  шықты.  Алматы 

қаласы, Гагарин даңғылы 93.

***

Тел.   394-39-22,  394-39-24

«Үркер», №10 (86), 2015 ж.

« АЗА  ГАЗЕТТЕРІ»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 

арасты басылымдар:

Газеттер: «Ана тілі», «Экономика», «Уйғур авази»

Журналдар: «Ақиқат», «Мысль», «Үркер» 

« АЗА  ГАЗЕТТЕРІ»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты 

газет-журналдарға берілетін 

жарнама-хабарландырулар ақысының 

баға мөлшері

 

ТТЫ ТАУ 

ЕСКЕ АЛУ 

К

ІЛ АЙТУ

 

Суретімен - 12000-18000 теңге 



Суретімен – 12000-18000 теңге 

Қолма-қол төлегенде 

 

Суретсіз – 10000-15000 теңге 



Суретсіз – 10000-15000 теңге  

6000-10000 теңге

 

(көлемі шектеулі) 



(көлемі шектеулі) 

Ақша аудару арқылы 

 

  12000-18000 



теңге

 

 



АЗАНАМА

 

 

25000-30000 теңге



Ша ын хабарландыру – 2500-7500 теңге

Ша ын ма алалар – 25000-75000 теңге

Кәсіпорындар, банктер және өзге де құрылымдар газет бетінің 

әр шаршы сантиметріне тг/см² есеп айырысады

4,5,... соңғы бет – (келісім/шарт бойынша) 900 теңге



Журнал бетіндегі т рлі-т сті сурет ба амдары 

(әр шаршы сантиметріне - тг/см²  )

 

Бірінші бет – 400 тг.  



Екінші бет –  400 тг.  

Мақалалар

 

Соңғы бет –  400 тг. 



Фотоочерк – 500 тг. 

6000 - 12000  теңге 

Ішкі беттердегі әр сурет 4000 – 7000 тг.

Бұған ҚҚС (НДС) қоса есептелген



 

 


Мазмұны

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Біз – Ұлы Дала ұрпақтарымыз ...............................................................................1

Қуандық ТҮМЕНБАЙ

Ақ кеме кетіп барады ..............................................................................................8

Нұрқалық АБДУРАҚЫН

Екі əңгіме ..................................................................................................................10

Абзал АРЫҚБАЕВ 

Музыка – сұлулық пен сезім үйлесімін жеткізудің тəсілі ...................................14

Жанұзақ ОРАЗБАЙ

Мен саған сырымды ақтарам... ..............................................................................24

Гүлдана ШАРАПАТОВА

Елге бай құт емес, би – құт ...................................................................................28

Лəйла СҰЛТАНҚЫЗЫ

Балапан» қанат қақты ...........................................................................................32

Елдос  МҰҚАТАЙ

Шыға берсін Отаным биік шыңға .........................................................................35

Балагүл БАКИЕВА

«Ар» мен ақын ..........................................................................................................38

Аллаберген ҚОНАРБАЕВ

«Мылтықсыз  майдан»  жауынгері .......................................................................39

Мұрат РАХЫМЖАН

«Алпыс үштің» əлегі немесе «Ы» дан шыққан ылаң ............................................41


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет