Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата03.03.2017
өлшемі1,22 Mb.
#5610
1   2   3   4   5   6   7

«ЕЛГЕ БАЙ ҚҰТ ЕМЕС

БИ – ҚҰТ» 

Өткен    тарихты  жəне  еліміздің  ұзақ 

ғасырлық  тəжірибесін  пайдалану,  олардан 

сабақ  алу  тарихи  қажеттілік  болып  табы-

лады.  Өйткені,  еліміздің  өткен  уақыттағы 

саяси-құқықтық  тəжірибесі,  идеялары,  ойла-

ры  мемлекеттің  қазіргі  дамуы  мен  бағытына 

едəуір  ықпал  етеді.  Яғни, «Егер  біз  мемлекет 

болғымыз келсе, онда халық руханиятының ба-

стауларын түсінгеніміз жөн», - дейді елбасы Н. 

Назарбаев.

Қазақ  хандығына  биыл 550 жыл  толып 

отыр. 15-ғасырдың 60- жылдарында  құрылған 

Қазақ  хандығы 18-ғасырдың  ортасына  дейін 

өмір сүрді. Үш жүз жылдан астам уақыт ішінде 

хандықтың  басына  көптеген  хандар  келді. 

Олардың  өте  ақылдылары,  батырлары,  саясат-

шылары ғана бүкіл қазақ еліне, яғни үш жүзге 

билігін  жүргізе  алды.  Мұндай  хандардың 

саны  онша  көп  емес.  Атап  айтсақ,  Жəнібек 

пен  Керей,  Қасым,  Есім,  Тəуке,  Абылай.Қазақ 

хандығының  күшті  мемлекетке  айналдырған 

хандардың бірі –Қасым хан. Ол тарихта «Қасым 

ханның қасқа жолы» деген атпен белгілі.  Оның 

тұсында  ақсүйектердің  қарсылығы  əлсіреп, 

əскер күшейіп, хандықтың жер көлемі кеңейді.

Қазақ  халқы  тарихында  ерекше  есімге 

ие болған хандардың бірі – Есім хан. «Еңсегей 

бойлы  Ер  Есім», «Есім  салған  ескі  жол»  деп 

аталған  Есім  хан  ел  билегенде  бұрыннан  келе 

жатқан əдет-ғұрыптарды қолданды. Сондықтан 

ол «Есім салған ескі жол» деп аталды. 

Қазақ  тарихының  төрінен  орын  алған 

хандардың бірі – Тəуке. Ол қазақ хандығының 

ішкі, сыртқы жағдайы қиындаған кезде қырық 

жылға  жуық  уақыт  хан  болды.  Жорықтардан 

əбден  қажыған халық  əз  Тəуке  тұсында  бейбіт 

өмір сүрген болатын. Ол қазақтың атақты билері 

Төле,  Қазыбек,  Əйтекемен  бірлесе  отырып, 

бүкіл қазақ елінің басын біріктіруге ұмтылды.

Тəуке  хан  Қасым  мен  Есім  хан  тұсында 

жасалған  қазақтың  əдет-ғұрпын,  заң  жобала-

рын  бір  ізге  түсіріп,  үш  биді  қатыстыра  оты-

рып, «Жеті  жарғыны»  жасады.«Жеті  Жарғы» 

- қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына əсерін 

тигізген  дəстүрлі  құқық  бастауы  болып  табы-

лады  жəне  «дала  конституциясы»  деп  атап, 

бұл  құқықтық  құжатқа  заңгер  ғалымдарымыз 

лайықты бағасын берген.

Тарихта  «сот  билігінің  алтын  ғасыры» 

деп баға берілген билер соты қазақ хандығының 

құрылуы  жəне  қалыптасуымен  тұспа-тұс 

келеді.  Билер  соты  бұл  қазақ  еліне  туа  біткен, 

теңдесі жоқ ерекше құбылыс.

Билер  біртұтас  мемлекеттік  билік  ісіне 

қосқан  үлесі  жəне  ел  басқарудағы  ісі,  тапқыр 

билігі,  көсем  сөз,  даналығымен  танылған 

құрметті  тұлға.  Елбасына  күн  туған  қиын 

сəтте  халқына  пана  бола  білген  қорғаушы  əрі 


29

қолдаушысы.  Халық  жадында  «Елге  бай  құт 

емес,  би – құт»  немесе  «Қабырғадан  қар  жау-

са – атан менен нарға күш, ел шетіне жау келсе 

–  қабырғалы  биге  күш»  деген  даналық  сөздер 

билердің  мемлекет  алдындағы  беделінің  тым 

жоғары бағаланғанын көрсетеді.

Ш.  Уəлиханов  билердің  беделін  сипат-

тайтын  келесі  белгі  нышандарын  көрсетеді: 

а)  бидің  соттық  билігі  оның  «жеке  беделіне» 

негізделді;  ə)  шешендік  өнермен  бірге  соттық 

дəстүрлерді  білуі  қазақтарға  «би»  деген  атақ 

берді;  б)  айыпталушыға  қарсы  күдіктенуден 

басқа  нақты  айғақтар  болмаған  жағдайда  би-

лер  ант  беруді  қолданатын;  в)  билер  соты  жа-

рия түрде, ауызша өтетін жəне барлық жағдайда 

қорғауға  жол  берілді;  г)  билер  сотының  бас-

ты  ерекшелігі  оның  əртүрлі  қатып  қалған 

рəсімдерден аулақтығында; қазақтарда сот көне 

заманнан  бар  жəне  бітімгершілік  қағидасына 

негізделеді.

Билердің шешендігі белгілі бір дауларды 

шешу  үстінде  көрінген,  шешендік-тапқырлық 

сөздері  белгілі  мақсатпен  байланысты  туған. 

Олардың  дауласқан,  айтысқан  мəжілістеріне 

екінің  бірі  кірісе,  араласа  алмаған.  Билердің 

берген  төрелігіне  шолу  жасайтын  болсақ,  би-

лер  шешімдерінде  бүгінгі  күнгі  құқықтық 

институттардың элементтері кездеседі.

Бір  аңызда  Төле  би  мен  Қаз  дауысты 

Қазыбек  би  ертеректе  өлген  бір  кісінің  құнын 

даулап  Кіші  жүзге  келеді.  Дау  бірнеше  күнге 

созылып, екі жақ келісе алмайды. Бір күні есік 

жақта отырған бір жігіт: 

-  Асқар  тау,  сенде  бір  мін  бар – асу 

бермейсің, 

Тасқын  су,  сенде  бір  мін  бар – өткел 

бермейсің.

Билер, сендерде бір мін бар  - басқаға сөз 

бермейсің! – деп тұрып кетеді.

-  Шақыршы  анау  қара  жігітті,  - дейді 

Қазыбек.


Жігітті шақырып келген соң:

-  Шырағым қай баласын, аты-жөнің кім? 

– дейді билер.

-  Əкемді сұрасаңыз – жетесіз,

Шешемді сұрасаңыз – некесіз.

Туа салған бір баламын,

Тегімді сұрап нетесіз?- дейді жігіт.

-  Балам, сөзің жетті, енді төрелігін айтып 

осы дауды шешілуіне өзің ие бола ғой!, - дейді 

Төле би.


Сонда жігіт түрегеп тұрып:

-  Алты атасын арқалап жүргенді сіздерден 

көрдім,  жеті  атасын  жетектеп  жүргенді 

сөздерден  көрдім.  Ескіріп  кеткен  дау  екен! 

Бірақ  құр  қайтсаңыздар,  ағалық  назаларыңа 

қалармын. Ердің құны жүз қара қой. Кіші жүз 

санын жүзге толтырып тайынша-торпақ берсін, 

соған разы болыңдар! – дейді. Екі жағы да осы 

төрелікке тоқтап, разыласып тарайды.

Осы келтірілген мысалдан, Əйтеке бидің 

дау  бойынша  ескіру  мерзімінің  өткендігін 

алға  тартқандығын  көруге  болады.  Қазақстан 

Республикасының 

Қылмыстық 

кодексінің 

71-бабы  ескіру  мерзімінің  өтуiне  байланы-

сты  қылмыстық  жауаптылықтан  босатуды 

қарастырады.

Тағы  бір  мысал,  Тоқтамыс  заманында 

бір адамның жеті баласы болған екен. Өзі өліп, 

жалғыз  ешкісі,  жеті  баласы  қалыпты.  Сонда 

тірі жүрген ешкіні жетеуі тірідей бөліп алыпты. 

Басын біреуі алыпты. Екі көзін біреуі  алыпты. 

Төрт аяғын төртеуі алыпты. Өзге денесін біреуі 

алыпты.  Сонда  ең  кенжесіне  тигені  ешкінің 

артқы  аяғының  біреуі  екен.  Сол  кенженің 

сыбағасына тиген ешкінің  аяғы ақсап, иесі оған 

бұрыш, тотяйын салып, шүберекке орап қойса, 

шүберек  біреудің  шығарып  тастаған  күлін 

басқанда, тұтанып, сонан біреудің егініне жай-

ылып, от алып, егін өртеніп кетіп, егін иесі же-

теумен дауласып, Тоқтамысқа келген. Тоқтамыс 

хан  шүберек  орағанды  кінəлі  қылып,  егіннің 

төлеуін жалғыз соған бұйырыпты. Ол бейшара 

зарлап  ботадай  боздап  келе  жатқан  соң,  асық 

ойнап  жүрген  Едіге  жөн  сұрапты.  Сонан  ол 

бастан-аяқ əңгімесін айтқан соң, жетеуін бірдей 

Гүлдана ШАРАПАТОВА. «Елге бай құт емес, би – құт» 


30

шақырып  алып: - Хан  бұның  төресін  білмей 

берген екен. Мұнын төресі ол емес, мынау: бас 

бастамаса, көз көрмесе, сау үш аяқ жүрмесе, өзі 

жүруге жарамай қалған,  көтеріп жүрген ақсақ 

аяқ  қайда  барады.  Мұның  төлеуіне  бұл  кінəлі 

емес. Бастайтұғын бас иесі, көретұғын көз иесі, 

жүретұғын  сау  үш  аяқ  иесі – солар  кінəлі, - 

дейді. Мұны олар Тоқтамыс ханға айтып, жұрт 

бұл сөзді қостапты.

Егер  ханды – мемлекеттік  билік  орга-

ны  деп  қарайтын  болсақ,  онда  бұл  келтірілген 

мысалдан,  біз  ханның  берген  төрелігіне  разы 

болмаған  бала  шағым  келтіргенін  жəне  Едіге 

би  ханның  төрелігін  бұзғандығын,  Едігенің 

шешкен  шешімін  халық  қолдағаның  көре  ала-

мыз.Билер тапқырлығымен ерекшелене білген. 

Қажет болған жағдайда айланы да қолданған.

Күндердің күнінде ханға бір қыз келіп бір 

жігіттің  үстінен  арыз  айтады: «Қолымнан  ал-

тын жүзігімді тартып əкетті һəм өзімді қорлап 

кетті», - деп.  Сол  уақыт  жігіт  те  келіп: – Ей, 

тақсыр, бұл өтірік маған нақақтан жала қылып 

отыр.  Мен  бұған  еш  нəрсе  де  қылған  емеспін 

һəм  алтын  жүзігін  алған  да  емеспін» - дейді. 

Хан қайран болады, үш күнге дейін билік айта 

алмайды.  Сонда  əлгі  асырап  алған  баласы 

Едіге  тұрып: - Ата,  бұларға  бұлайша  бір  айла 

қылыңыз: бір тақияны алыңыз, жігіт пен қызды 

шақырып,  тақияны  қыздың  қолына  беріңіз  де 

екеуіне  айтыңыз: «Егер  қолыңнан  шығарып 

тақияны  жігіт  тартып  алса,  сенің  айтқаның 

өтірік, егер тартып ала алмаса сеңің айтқаның 

рас болғаны», - деп, рұқсат берсеңіз сонан кейін 

билік айтып көрерміз дейді бала. 

Хан  баланың  айтқанын  қылады  да 

қыздың қолына тақияны беріп мықтап ұстатып 

жігітке  тартқызады.  Жігіт  қаншама  тырысып 

тақияны  аламын  дегенмен  қыздан  тартып  ала 

алмайды. Ақырында хан екеуін де ертіп екі жер-

ге  отырғызып  қойып  баладан  билік  сұрайды. 

Бала тұрып: -«Ей, ата, бұл қыздікі бекер, жала. 

Жігіт  оның  қолындағы  жүзігін  тартып  алған 

болса, бұл тақияны да тартып алар еді, оны тар-

тып  ала  алмады.  Сондықтан,  қыздың  сөзінің 

бəрі жалған, бəрі өтірік», - деп бітім қылады да 

жігітті босатып жібереді. 

Би – ел  қамқоршысы,  халық  жанашы-

ры  болған.  Жантай  деген  бай  малшысымен 

төбелесіп, сол төбелесте байдың бір күрек тісі 

сынады. Жалшы «сенен шығамын» деп ақысын 

сұрайды.  Бай  «тісімді  сыңдырдың,  соның 

төлеуі үшін алдым» деп ақысын бермейді. Екеуі 

Қазыбекке келеді. 

Жантай  тұрып: «Мынау  менің  жалшым 

еді,  өзіммен  төбелесіп  бір  күрек  тісімді  сын-

дырды. Бұның құнын сұрасам бермейді. Жалға 

жүрген  ақымды  бер  деп  жүр»,  дейді.  Сонда 

жалшы тұрып:

-Мен жалға жүрдім Жантайға,

Бір тай алмақ болып алты айға.

Бұл асына жарытпады,

Мен күшіме жарытпадым,

Содан барып төбелес туды,

Жазым болып күрек тісім сынды.

-Байдың  аты  бай  емес  пе,  ақымды 

бермейді,  үйінен  қуады.  Би  ата,  əділдігіңізге 

жүгінгелі келдім, - деп, сөзін аяқтапты:

-  Ас  адамның  арқауы  еді.  Жантай  асқа 

жартыпаған соң жалшыға күш қайдан дарысын. 

«Аш кісі ұрысқақ» деген, төбелестің шығуына 

да өзің себеп болғансың. Сондықтан мынаның 

ақысын  бер,  күрек  тісі  құнсыз.  Еркектің  ет 

жейтін  тісі  аман  болса,  бір  күрек  тістен  келер 

кемшілік  жоқ.  Ал  əйелдің  күрек  тісі  əрі  көркі, 

əрі жіп қиятын қаруы, - дейді.

Келтірілген  бұл  мысалдан,  қарсы  талап 

қою  институтының  элементтерін  көруге  бо-

лады,  яғни  жалшы – жалға  жүргендегі  құнын 

сұраса, бай, қарсы талап қойып сыңған тісінің 

құнын сұрайды.

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Судьялар 

одағының V съезінде  сот  тəртібімен  қаралуға 

жататын дау-дамайларды азайту мəселесіне на-

зар  аударуды,  соттан  тыс  реттеудің  баламалы 

тетіктерін,  соның  ішінде  бітімгершілік  жəне 

медиация  процедураларын  енгізуді  тапсырған 

 *«Үркер»*№102015


31

болатын.  Осыған  орай, 2011 жылдың 28 

қаңтарында ҚР-ның «Медиация» туралы Заңы 

қабылданды. Аталған Заңға сəйкес Қазақстанда 

дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – меди-

ация енгізілді. 

Дəстүрлі 

сот 


рəсіміне 

қарағанда 

медиацияның  мақсаты  айыпсыз  бен  кінəліні 

табу  емес,  екі  жақты  қолайлы  бітімге  келтіру. 

Заңға  сəйкес,  медиатор - Заңның  талаптарына 

сəйкес кəсіби жəне кəсіби емес негізде медиация 

жүргізу  үшін  тараптар  тартатын  тəуелсіз  жеке 

тұлға.Қырық жасқа толған жəне кəсіпқой емес 

медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар меди-

атор қызметін кəсіби емес негізде жүзеге асыра 

алады.

Заңның 15-бабына  сəйкес,  өз  қызметін 



кəсіби  емес  негізде  жүзеге  асыратын  меди-

аторлармен  қатар  медиацияны  жергілікті 

қоғамдастықтың  жиналысы  (жиыны)  осындай 

мақсатта сайлайтын жергілікті қоғамдастықтың 

өмірлік  тəжірибесі  мол,  абыройлы  жəне 

мінсіз  беделі  бар  мүшелері  жүргізе  алады.

Заңның осы бір нормасы медиаторды сайлауды 

жергілікті халықтың билігіне беріп, жергілікті 

қоғамдастықтың  жиналысы  оны  кім  болса 

соған тапсырмай, жөн-жобаны білетін, қазылық 

жасай  алатын,  тəжірибесі  бар,  абыройлы  жəне 

мінсіз  беделді  адамдарға  жүктеуі  қажеттігін 

көрсетеді.

Бүгінгі  күні  ол  тəжірибеде  орын  алып 

та  отыр. «Заң  газетінің»  беттерінде  Түркістан 

қаласы,  Шобанақ  ауылының  тұрғындары  елге 

сыйлы  азаматтарды  сайлап  қойғандығы  ай-

тылып  кеткен  болатын.  Билер  халық  арасы-

нан  шыққан,  халықтың  сеніміне  ие  болған 

үлкен  кемеңгер  тұлғалар  болған.  От  ауызды, 

орақ  тілді,  күміс  көмей,  жез  таңдай  халық 

шешендері  халық  арасынан  қазір  де  табыла-

ды.  Сондықтан,  медиация  институтын  енгізу 

арқылы біз алтын ғасырдағы билер институтын 

жаңдандырғандаймыз.

Гүлдана ШАРАПАТОВА, 

Астана қаласы Сарыарқа аудандық 

сотының судьясы.

Гүлдана ШАРАПАТОВА. «Елге бай құт емес, би – құт» 

Айтулылар айтқан сөз

Сабырлылық алдында дұшпан сасады. 

Сабырсыздан береке қашады. 

                                                                 

Бауыржан МОМЫШҰЛЫ


32

Кґксандыќ 



«БАЛАПАН» 

ҚАНАТ ҚАҚТЫ

– «Балапан» – бала  тілінде  сөйлейтін 

отандық жалғыз арна. Жаһандануға жалтақтап 

өсіп келе жатқан балаларды жалғыз арна ана 

тілінің уызына қандырып ұлттық болмыстың 

Еліміздегі бірінші отандық балалар ар-

насы болып саналатын «Балапан» телеарна-

сы өзінің 5 жылдығын атап өтті. Телеарнаны 

құру Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың 

идеясы. Телеарна хабарлары қазақ тілінде 

таратылады. Телеарна «Қазақстан» (РТРК) 

телерадиокорпорациясының құрамына кіреді. 

«Балапан» балалар танымдық ойын-

сауық телеарнасының мақсаты - өсіп келе 

жатқан жас буынның ұлттық тұлғасын 

қалыптастыру, олардың бойларына отанға 

деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, 

үлкенді сыйлауға, көзі ашық, көкірегі ояу 

азамат болып өсуіне жол салу болып табы-

лады.  «Балапан» телеарнасы алғашында 12 

сағат хабар таратса, бүгінде 14 сағат бойы 

эфирде. Оның бағдарламалары үш жастан он 

жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналғанымен, 

ересек аудиторияның да ықыласына бөленіп 

үлгерді. Бүгінде шетелдік контент санын 

азайт арқылы меншікті құрамды ұлғайту 

мүмкіндігі туып отыр.  Бүгінгі таңда 

меншікті өндіріс саны 30 пайыздан 80-ге дейін 

көбейген.Естеріңізге сала кетейік, «Балапан» 

балалар телеарнасы 6 шілдеден бастап 70 мың 

халқы бар Байқоңыр қаласында да хабар 

тарата бастады. «Балапан» көрермендерге 

«Отау ТВ» Ұлттық спутниктік телеви-

зия желісі, 78 кабельдік операторлар мен 

2 эфирлік хабар таратушылар арқылы 

жеткізіледі. Осы орайда біз «Балапан» 

телеарнасының директоры, тележүргізуші 

Лəйла СҰЛТАНҚЫЗЫМЕН сұхбаттасуды 

жөн көрдік.

33

Лəйла СҰЛТАНҚЫЗЫ. «Балапан» қанат қақты»

бесігінде тербете алады ма?  

– Əрине! 

Бүлдіршіндердің 

бойы-


на  ана  тілінің  қадір-қасиетін  сіңіріп,  ұлттық 

құндылықтарды  насихаттауды  міндеті  санаған 

тұңғыш  отандық  «Балапан  балалар  телеарнасы 

биыл 5 жылдығын атап өтпек. 



– Осы 5 жылдыққа байланыс-ты қандай 

жақсы іс жасадыңыздар? 

 – Биыл  балақайларға  тосын  сый 

жасағымыз келді. Яғни біз маусым айының 9-нан 

бастап  тамыз  айының 24-не  дейін  кішкентай 

көрермендердің  ата-аналары  арасында  Ертегі 

жазудан  байқау  жарияладық.  Еліміздің  түкпір-

түкпірінен 150-ге  жуық  ертегі  келіп  тісті.  Үздік 

деген 30 ертегі  таңдап  алынды.  Таңдалған  үздік 

ертегілерді  кітап  етіп  шығармақпыз.  Кітап 120 

беттен  (бет  салмағы 115 гр.)  көркем  суреттерден 

жəне 30 ертегіден  тұрады.  Ата-аналардың  қиял-

ғажайыпқа  толы  ертегілерінің  балаларға  берері 

мол  болғандықтан  «Менің  ғажайып  ертегім» 

кітабын басып шығаруды жөн санадық. 



– «Бала 

тілі 

бал» 

дейтін 

бүлдіршіндеріміздің  тілін  «Балапанымыз» 

қалай сындырып келеді? 

– Біз – қазақ боламыз, отанымызды сүйеміз 

дейтін    жанұялардың  бүлдіршіндеріне  арналған 

арнамыз. Сондықтан əр отбасы үшін біздің  орны-

мыз ерекше болар. Технологияның дамып жатқан 

уақытында  балалардың  сұранысын  орындай  ал-

май жатқан жақтарымыз бар шығар. Бірақ  қолдан 

келгенше  аянбай  еңбек  ету  үстіндеміз.  Өзіміз 

жайында  жаман  сын  ести  бермейміз.  Бұл  өз  ал-

дына  еңбегіміздің еш кетпей жатқанын аңғартса 

керек.

-Алда атқарылар қандай жоспарларыңыз 

бар? 

–  Жоспарымыз  көп.  Жас  буынның  «ин-

теллект»  иесі,  білімді,  мəдениетті,  саналы, 

еңбексүйгіш болып өсуіне жұмыстар жасау. «Ба-

лапан» арнасы достарына ең жақсы деген мульти-

топтамалар мен жобалар ұсынып келеді. Алдағы  

уақытта   да балаларға арналған қызықты жоба-

лар ұсынады. Қазір бізде жаңа маусым басталды, 

барлығы да жаңа бағдарламалар, əрі олар əр түрлі 

бағытта. 



–  Ғалымдар  пікірінше  мультсериалдар 

бала  психологиясына  кері  əсер  етеді.  Сіздің 

ойыңызш қалай?

–  Мультсериалдар  баланың  көріп  шыққан 

оқиғасын  ой  таразысынан  өткізіп,  қиялдауына 

көмектесіп,  ойлау  қабілетін  жақсартады  деп  ой-

лаймын. «Балапанда»  жасалып  барып  эфирге 

шығарылады.



– Балалар мультфильмдерінде кітап оқу 

идеясы қозғала ма?

––  Өте  сирек  қозғалады.  Бұл  бірден-бір 

үлкен  кемшіліктің  бірі  деп  есептеймін.  Англия-

да, ескі лордтың заманында оқу сағаты болатын, 

əрбір  бала  кешкілік  бір  сағатты  кітапқа  арнай-

тын.  Бізде  бұл  мəдениет  жоқ  емес,  бар,  бірақ  та 

əлі де дамымай келе жатыр. Ақырын, оған бəріміз 

үлес қосуымыз қажет. Ол бір ғана «Балапанның» 

шаруасы  емес.  Оларды  қызықтырумен  жүйелі 

түрде айналысқан жөн. Кітаптың аздығы, ондағы 

мазмұн – ол мүлдем басқа əңгіме. Оның өзі үлкен 

бір проблема. 



–  Қазір  əрбір  үйде  «Балапан»  арна-

сы  қосулы  тұрады.  Енді  бір  өкініштісі – 

шалғайдағы  алыс  ауылдарда  техникалық 

мəселелер  бойынша  арна  өз  кезегінде 

қолжетімді  болмауы  мүмкін.  Алайда  бұл 

мəселе қазір қалай шешілуде?  

–  Əрине, ауылды жерлерде кабельді желіге 

қосылған  үйдің  балаларына  ғана  «Балапанды» 

тамашалауға мүмкіндік бар. Дəл осы мəселе менің 

де  жаныма  батады.  Болашақта    сандық  телеар-

налар  жүйесіне  көшеміз  деп  жатыр  ғой.  Сонда 

толықтай болмаса да, тоқсан пайыз ауыл-аймаққа 

тараламыз деген ойдамыз.



34

–Елде 

балалар 

түгілі, 

үлкендерге 

арналған  əдебиеттің  өзі  жұтаң  тартып  тұрған 

шақта, шығармашылықты дамытудың қандай 

жолдары бар деп ойлайсыз? 

–  Бүгінгі  күні    балалар  тақырыбына 

жазатын  сценарийстер  өте  аз.  Осыған  орай 

қаламгерлер арасында арнайы анимациялы сцена-

рийге  байқау да өткіздік. Баланы оқып үйренуге 

ұйыту  оңайға  түспейді.  Алайда  бағдарламалар 

барысында    əртүрлі  тəсілдерді  пайдалануға  ты-

рысамыз.  Негізінде  баланы  үйренуге  жетелейтін 

жауапкершілік  алдымен  ата-ананың  міндеті. 

Қазақ «тəрбие – тал бесіктен» деп содан айтса ке-

рек. 

–Бала теледидарды күніне қанша уақыт 

көруі  керек?  Теледидарға  блок  қойған  дұрыс 

па?  

– Теледидарды көрсетудің өз мəдениеті бар. 

Ол  үшін  анаға  шыдамдылық  керек.  Екіншіден, 

қымбатты  аналар,  баламен  бірге  көре  алу 

мүмкіндігіне ие болуыңыз керек. Сіз балаңызбен 

көре  отырып,  оқиғаны  кез-келген  мезетінде 

тоқтатып,  ары  қарай  оқиға  желісі  қалай  болаты-

нын  талқылап  көріңізші!  Алдымен  қиын.  Бірақ, 

кейін  бала  сіздің  фантазияңызға  ілесе  бастайды. 

Ал  сіз  фантазияны  қалай  бұрмалаймыз  десеңіз 

өз  еркіңіз!  Теледидардың  алдына  жабысып 

отырған баланы бірден алып тастау мүмкін емес. 

Жəне де, ол көрмеу керек дегенге мен қарсымын. 

 *«Үркер»*№102015

Бала көру керек. Бірақ белгілі бір уақытта, соны 

қадағаласаңыз болды!

–Бүгінгі 

балаларымызды 

батыстық 

«Tiji»  мен «Nickelodeon» арналарынан  араша-

лап алудың қандай жолдары бар?

–  Айтып отырған телеарналарды балаларға 

мүлде  көрсетпеу  керек  дегенге  қарсымын.  Мы-

салы, «Nickelodeon»-нің  Диегосы  бүлдіршіндер 

үшін қажет.  Сол сияқты «Tiji» арнасындағы «су-

пер  Том  жəне  Грамотей»  анимациялық  туынды-

сы  сапасы  жағынан  болсын,  қай  жағынан  алсақ 

та  балаларды  бірден  елітіп  əкетеді.  Сондықтан 

ақпарат  айдынын  жайлап  алған  батыстық  ар-

налардан  балаларымызды  арашалаймыз  десек 

отандық өнімдердің сапасын арттыру керек. Осы 

мақсатта жұмыс жасап жатқан жайымыз бар.



-Сіздің үйіңізде екі бүлдіршін бар екенін 

білуші  едік...  Балаларыңыз  қай  тілде  сөйлеп, 

қайсы телеарнаны көріп жүр? 

–  Менің  балаларым  «Балапан»  арнасын 

көреді.  Ана  тілінде    сөйлейді.  Орыс  тіліне  де 

жүйрік  екендерін  аңғардым.  Үйде  аракідік  өзге 

тілде  шүлдірлеп  кетсе,  соңынан  қазақша    аудар-

масын сұраймын. Сол себепті Лəйлə  үнемі бала-

мен жұмыс жасап жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет