Маржан ТƏЖІҚАРАЕВА
Ақтау қаласы
*«Үркер»*№2* 2014
15
Атыѕ барда...
Қазақтың ұлы ғалымы, саяхатшы, қоғам
қайраткері, Қашқарияны алғаш зерттеушілердің
бірі Шоқан (шын есімі - Мұхаммедқанафия)
Уəлихановтың туғанына 2015 жылы 180
жыл толады. Осы айтулы мерекені атап өту,
Шоқанның еңбектерін насихаттау, жас ұрпақты
патриоттық рухта тəрбиелеу мақсатта Алматы
облыстық əкімінің қолдауымен 2014 жылдың
20-қазаннан 5-қараша аралығында “ Шоқан
Уəлихановтың ізімен ” атты халықаралық экс-
педиция ұйымдастырылды. Бұндай іс-шара
«Есік» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-
мұражайының да бағдарламасында бар еді.
Соған сəйкес, қорық-мұражай директоры
Г.Р. Мұхтарова осы экспедиция құрамына аға
ғылыми қызметкер Б.Нұрмұханбетов жəне
ғылыми қызметкер ретінде мені де кіргізген
болатын. Қашқар экспедициясының ғылыми
жетекшісі Алматы облыстық альпинизм
федерациясының президенті М.Қ.Есімханов,
Алматы
облыстық
туризм
басқармасы
халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы
Оразбаев Бақытжан, «Аргументы и факты»
журналының журналистері мен «жетісу»
ШОЌАН
УƏЛИХАНОВ
ІЗІМЕН
арнасының түсіруші тобы қатысты.
Шоқан (Мұхамедқанафия) Шыңғысұлы
Уəлиханов (1835-1865жж) қазақ халқының
маңдайына біткен шоқ жұлдыз, ғалым,
ағартушы, тарихшы, шығыстанушы, географ,
этнолог, фольклортанушы, суретші. Ол 1958
жылы небəрі 22 жасында қашқар сапарына
аттанады. Бұл сапар əлем тарихында ғылым
жолындағы сапарлардың ең үрейлісі əрі жүзеге
асқан ең елеулісі еді.
XIII ғасырдың соңғы ширегінде Марко
Поло, 1603 жылы Саяхатшы Гоес қана болған
Қашқарияның географиясы, саяси құрлымы,
мəдениеті мен салт-дəстүр ерекшеліктері
туралы Шоқан Уəлихановқа дейін Еуро-
па ғылымында іліп аларлық мəліметтер жоқ
болған. Сонымен қатар Қашқар билеушісі
Уəлихан төре Үндістан арқылы барған немістің
белгілі географы Р. Шлагинвейттің басын алды.
Қашқария ол кезде Ресей тарапынан
зерттелмеген өлке болатын. Шоқан саудагер
ретінде Қашқарға құпия барған, аса қиын құпия
жағдайда өз өмірін қатерге төндіре жүріп, аспан
асты елінің шығысындағы 6 қала туралы зерт-
16
теу жүргізді. Ол бұл
өлкенің тарихы, этно-
графиясы, мəдениеті мен
географиялық жағдайы
жайлы аса құнды де-
ректер жинап қайтты.
Бұл еңбектері сол за-
ман ғылымының биік
деңгейінде
жазылған
əлемдегі тұңғыш зерттеу
жұмысы еді.
Шоқан атамыздың
жүрген жолымен бізде
өз сапарымызды бастап
жолға шықтық. Сапар-
ымыз 24- қазан күнінен басталды. Осы күні өз-
өзімізге сəтті сапар тілеп, Талдықорған – Есік –
Алматы - Бишкек – Торугарт – Артуш – Қашқар
бағыты бойынша жүріп кеттік. Экспедицияның
алғашқы қадамын біз Бішкек қаласының
Орталық мұражайын тамашалаудан бастадық.
Мұнда Қырғыз халқының энциклопедиялық
дастаны «Манас» эпосын алғаш жазып алған,
əлемге даңқын көтерген Шоқан туралы ар-
найы тақташа орналастырған екен. Одан кейін
біз бағытымызды Қытайдың Қашқар қаласына
қарай бұрдық. Қашқар мен Қырғызстанның
арасына екі қабаттан тұратын жүк тиейтін ар-
найы автобустар жүреді екен. Бізде солардың
біріне отыра кеттік. Екі араға қатынайтын са-
удагерлер көлікке жүк тиегендігі соншалықты-
төсекке жатқан адамның өзі көрінбей қалады
екен. Тозығы жеткен көліктің жүк пен адамды
əзер сүйреп бара жатқаны бірден сезіледі. Осы-
лай тар көлікте тынысымыз тарыла таң ата біз
Қырғызстанның Торугарт асуына да жеттік,
теңіз деңгейінен 3775 м биіктегі тау шыңына
көтерілгеннен бастап қар борап, қатты аяз ба-
сталды.
Қырғызстаннан Қашқар қаласына дейін
біз жалпы бес өткелден (шекара) өттік, түрлі
тексерулерге тап болдық, арасында өтірік
айтуға да мəжбүр болдық, дəл осы сəттерде
Шоқан атамыздың Əлімбай деген лақап атпен
шапан киіп, басын тақырлап керуенге ілескен
сəттері көз алдыма елестеді. Шоқанның ескі
керуен түрін біз жаңа заманауи керуен түрімен
алмастырғандай болдық, өзімізді ауыр əрі жа-
уапты іс атқарып жатқандай сезімде болдық.
Осы қиындықтар арқылы біз Шоқанның
Қашқарияға сапарының қаншалықты ауыр
болғандығын сезіндік. Қытай үкіметінің қатаң
заң тəртіптерінен əйтеуір сүрінбей өттік.
Шоқан атамыз Қашқарияға сапарын осы-
дан 155 жыл бұрын аяқтағанымен бұл өңір əлі
де жақсы зерттелмеген, əрі көп құпияны сақтап
жатыр. Қашқар үнемі құпияға толы, зерделен-
беген аумақ. Сондықтан да болар осы аумаққа
көптеген белгілі саяхатшылар жол тартқан. 1858
жылы маусымда, 22 жасында аттанған Шоқан
Уəлиханов Қашқарияда бес айдан артық уақыт
тұрды. Ол өзі туысқан санаған адамдардың
үйінде болып, өлкені зерттеумен айналысты.
Бес ай ішінде ғалым жергілікті халықтың
тұрмысын, мəдениеті мен салт-дəстүрін,
сəулет ескерткіштері мен қалаға жақын елді
мекендерді зерттеді. Ол барлық көрген білген
құнды дүниелерін қайтып келген соң ғана қағаз
бетіне түсіреді. Қашқарлықтардың заңдары
бойынша уақытша əйел де алған. Шарт бой-
ынша уақытша əйелді киіндіріп, асырау қажет
болған. Уақыты жетіп қайтар шағында уақытша
* «Үркер»* №2* 2014
17
əйелге бас киім сыйлаған. Қашқарлықтар бас
киімді “доппа”деп атайды. Уақытша əйелді
қайтарында өзімен бірге алып қайтуға бол-
майды. Алғашқы кезде Шоқан Уəлиханов бұл
қашқар қызына назар салмаған, уақыт өте
Шоқан атамыздың тыңшы екенін біліп арты-
нан куғын түскенде осы қашқарлық женгеміз
Шоқанды аман алып қалған. Осыдан кейін сұлу
əрі ақылды Қашқар қызына көңілі ауады. Оның
есімі Шынаргүл болса керек. Өкініштісі Шоқан
атамыздан ұрпақ қалған-қалмағаны жəйлы еш
дерек таппадық. Менің пайымдауымша ұрпақ
қалса да Қашқарлықтардың «доппа кигізу» сал-
тымен əлдеқайда сіңісіп кеткен болар.
Қашқар – үш жағы бірдей тау жотала-
рымен қоршалған, солтүстігінде – Тянь-Шань,
батысында – Болор, оңтүстігінде Күн-Лүн тау-
лары, ал шығыс жағы Такла-Макан даласы-
мен ұласып жатқан құмды сахара. Ауа райы
өте қолайлы, жазы ыстық, қысы аса суық
емес, ал адамдары мейірімді, ашық мінезді,
қонақжай, еңбекқор жəне де шектен шыққан
сыпайы.
Көшеде
ашық-шашық
киінген,
қолтықтасып жүрген адамдарды көрмейсің.
Дүкендерде арақ-шарап мүлдем сатылмайды.
Шоқан заманындағы уақытша үйлену салты
қазірде жойылып кеткен. Қашқарлықтардың
тағам түрлері өте көп, тандырға жабылған
нан, буға пісірілген манты, палау, лагман сын-
ды тағамдарды нақышына келтіріп ер адамдар
əзірлейді. Ал жемістің түр-түрін Қашқар ба-
зарынан кездестіре аласың. Қашқарлықтар əлі
күнге дейін өзіндік дін, дəстүрлерін жоғалта
қоймапты.
Қазақта “Өлі риза болмай - тірі байымай-
ды” деген сөз бар. Шоқанның өткен ғасырда
болған көне қалаларында болып, Қашқар
қаласын бүгінгі тұрғыдан зерттедік, тари-
хи жəдігерлермен таныстық. Рухани-мəдени
құндылықтарымызды танып, зерделеп қайттық.
Марқұмның əруағы бір аунап түскен болар, ау-
мин!
Бүгінгі таңда Қашқар 5 миллионнан
астам халқы бар, сəулетті ғимараттары бой
көтерген əсем қалалардың біріне айналған. Биік
ғимараттары, дүкендері мен дəмханалары, қонақ
Жазира ҚҰРБАНƏЛІ. «Шоқан Уəлиханов ізімен»
18
үйлері жəне мегаполиске тəн басқа да белгілері
бар қазіргі заманғы үлкен қалаға айналған.
Шоқан заманындағы Қашқар қаласы бүгінде
бұзылып, келмеске кетті. Тек сол замандағы
“Көне-шаһар” яғни ескі қаланың тұрғын үйлері
бірнеше қабатты, мазарлар мен мешіттер,
шеберханалар сол күйінде сақталған. Онда
500-600 жыл болған үйлер сақталған. Шоқан
Уəлиханов дəл осы жерлермен жүрген деген
оймен біз қалтарысы көп көшелермен жүріп
көрдік, жергілікті тұрғындармен жүздестік.
Тұрғындардың басым көпшілігі тоқыма тоқу,
бас киім тігу, қыш құмыра жасаумен айна-
лысады, қыш бұйымдар əлі күнге дейін жер
пештерінде күйдіріледі екен. Тұрғындардың ай-
туынша олар осы үйлерде кем дегенде 6-7 ғасыр
бойы тұрып келе жатыр. Бұл атадан қалған ми-
расты ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе
жатқанын айтты. Бір қызығы олар бұл ескі
үйлерін ешқашан зəулім əсем үйлермен алмас-
тырмайтын көрінеді.
Біз Уəлиханов еңбектерінде көрсетілген
сəулет ескерткіштері мен тарихи орындар-
ды да аралап көрдік. Солардың бірі Қашқар
қаласында орналасқан XVII ғасырда салынған,
Шығыс Түркістанның діни əрі саяси қайраткері
Əппақ қожа мавзолейінде болдық. Əппақ қожа
сопылық дінді қабылдаған, 1640 жылы дүниеге
келген. Мавзолей ішінде 72 адам жерленген.
Əппақ қожаның жиен қарындасы Ипар-хан яғни
Цинлон патшаның ханымы да осында екен.
Əппақ қожа туралы Шоқан өз еңбектерінде
жан-жақты жазған.
Қытайдағы ең көне мешіттердің бірі (1442
жылы салынған) Йтках мешіті, жұма намазға 50
мыңнан астам адам жиналады. Ол 1957 жылы
Қытайдың СУАР аймағының ескерткіштер
мұрағатына енген. Мешіт ішіне əйел адам
кіруге тыйым салынған. Шоқан бұл мешітке
келмеуі мүмкін емес.
XI ғасырлардағы түрік ойшылы, ақын,
ғалым, Қырғыз жерінде туып Қашқарияда
*«Үркер»*№2* 2014
дүние салған, артына көптеген еңбектер
(атақты Kutadgy Bilik атты кітабы) қалдырған
Жүсіп Баласағұн атамыздың мавзолейіне барып
зиярат жасадық. Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнда
туылған. Өмірінің көбін Қашқарда өткізген.
Энциклопедист-ғалым, лингвист, «Ди-
уани луғат-ат-түрк» атты еңбектің авторы
Махмұд Қашқари жерленген орнына зиярат
еттік. Махмұд Қашқаридың зираты Қашқар
қаласынан 45 шақырым жерде Опал деген ау-
ылда орналасқан. Бұл жерді «Қасиетті ұстаз
қабірі» деп атайды екен.
Экспедицияның соңғы нысаны Қашқар
қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан Ар-
туш қаласындағы X ғасырдың ескерткіші Сул-
тан Сатух Бахрахан зираты. Қашқарлықтар бұл
ескерткішті “Кіші қажылық” деп санайды екен.
Осындай ғұламалар ғұмыр сүрген киелі жердің
топырағына аяғымыздың тигенінің өзі керемет
емес пе!
“Атың бар да желіп жүріп жер таны”,
– деп аталарымыз айтқандай, тұнып тұрған
мүмкіндікті пайдалана отырып өз елімізден де
бөлек елдердің мəдениетін тамашалап қайттық.
Жəй ғана емес, түрлі тарихи деректерге қанығып,
өз жұмысымызға деген құлшынысымызға дем
беріп қайттық. Саралап қарасақ, біз Шоқан
Уəлихановтың ізін бір жарым ғасырдан соң
қайталап отыр екенбіз. Осы сапарда Шоқанға
сол кездегі сапардың қаншалықты ауыр
соққанын түсіндік. Біз бəрін көзімізбен көріп,
қолымызбен ұстадық. Ғасырлардың куəсіне
айналған түрлі кесенелер мен ғимараттарды
қызықтадық. Міне, осы дүниелерді кезінде
Шоқан Уəлиханов əлемге танытқан еді. Соны
қайталап көру – əр саяхатшының арманы деп
ойлаймын.
Жазира ҚҰРБАНƏЛІ,
«Есік» мемлекеттік тарихи-мəдени
қорық-мұражайының ғылыми
қызметкері
19
Поэзия
«ҚЫЗЫҒЫҢ» СЕНІҢ...
Ұмытылып шын Ие,
Жаулады жерді бөтен ой.
«Қызығың» сенің дүние,
Сайтанның ісі екен ғой.
Харамнан қалдық шошынып,
Тұнықтар бастан былғанды.
Көмейлер соқыр ашылып,
Жындардың жыры жырланды.
Жүректе қалды қан ұйып,
Ескіріп сенім естегі.
Нұрғиса ТӨРЕМҰРАТОВ
1975 жылы туған. Қазақстан
Журналистер одағының мүшесі.
«Самала» (Шымкент. 2006),
«Көңіл көкжиегі» (Алматы. 2013)
кітаптарының авторы.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам аудандық
«Мəртөбе» газеті редакторының орынбасары.
Алланыѕ есімі
жїректе
Жалғаның мынау жалпиып,
Бақ пенен дəулет көшпелі.
Жазылмас сірə, жарасы,
Əлемнің қалың зардабы.
Жерден де ауыр шамасы,
Күнə біткеннің салмағы.
Беймəлім күйге ұрынған,
Адаспай жүрген жан аз ба?
...Момынды көрдім жығылған,
Бес уақыт парыз намазға.
20
Бөлесін Ием ғаламды,
Иман мен иба нұрына.
Құлдыққа бұрып санамды,
Қол жайдым саған, Құбыла!
* * *
Арман!.. дейміз...
Арман деген керемет!
Арман бізді өмір бойы демемек.
Армандауға жаратылып келген соң,
Арман айтып... орындалса...
деген ек.
Арман, арман...
Биіктерде,
Алыста.
Асығасың қамшы салып шабысқа.
Арманыңнан туады екен тағы арман,
Арманыңды қалғаныңда нақ ұстап...
Солай, досым,
Жол саласың мұратқа,
Сөйтіп арман əкетеді жыраққа.
Дүниемен дүрлігесің, дегенмен,
Арманнан да артық күш бар бірақ та.
Əрбір адам тағдырының иесі,
Тəтті алдың...
Ащы көрдің – сый осы.
Мақсатқа жет,
Байлық жина,
Бəрібір,
Туған жердің тартып тұрар киесі.
Мейлі, жиі сауық-сайран құрарсың,
Мақсат-айқын, ғажап кезең ұнар шын.
Шын сағыныш туған сəтте əйтеуір,
Туған жерге барғың келіп тұрарсың!
* * *
Қапасқа қамалып,
Ізгілік кертілді.
Ернеуі қабарып,
Кеудеме шер тұнды.
Пасықтық пайдамен
Күн көрді сан кісі.
Келеді айламен,
Иектеп алғысы.
Жаманның тілегі
Өртейді өзекті.
*«Үркер»*№2* 2014
21
Амалмен жүреді,
Ұмытып жүректі.
Жалған-ай, мазағың,
Не деген көп еді?
Алаяқ озады,
Адалдық өледі.
Азайып күн игі
Таусылды амал да.
Жымысқы көбейді,
Қабынған қоғамда.
ДАЛАЛЫҚ ДƏСТҮР
немесе хиджаб киген қызға
Жарқырап көп қыздың ішінен,
Ай қабақ, ақ таңдай реңің.
Иманың – серігің түсінем,
Ізетің – панаң ол, білемін.
Елемей қу дүние сайтанын,
Құдайға құстайын самғадың.
Бөгденің киімін айтайын
Кешірші, қабылдай алмадым.
Жоқ Онда ешбір мін, кемдік ой,
Жақын да, бауырлас, туыс та.
Жаратқан адамды бөлді ғой,
Ұлт пенен ұлысқа.
Сыйлады шапағат, рақымды,
Нұр сеуіп ғаламға – түнекке.
Тірек ет парыз бен ақылды,
Алланың есімі – жүректе.
Жетсінші Хаққа анық тілегің,
Болмысты көңілмен сұрыпта.
Қазақ боп туылған гүл едің,
Далалық дəстүрді ұмытпа.
КҮЗГІ
ЖАҢБЫРДА
Тоңды білем өрік ағаш, жас талдар,
Шып-шып етіп тер шыққандай
тастардан.
Күзгі жаңбыр жуындырды аймақты,
Намазшамда нұр жаудырып аспаннан.
Қандай рахат!
Көк кəусарын жер өпсе,
Шіркін, менің əлемімді сел етсе.
Күңгірт ойды көкжиекке асырған,
Күзгі жаңбыр, ізгі жаңбыр ерекше.
Аңсарымның жолын қарап сарғайдым,
Əуреленем жаңбыр-жырға
қанбай тым.
Күн бар ма екен ғарыш жақта
алаңсыз,
Періштенің қанатымен самғайтын!
Есімдесің...
сол баяғы қалпыңда,
(Сендік бейне із салғандай бар мұңға).
Білесің сен,
О, махаббат, ғайыбым,
Сүйісуді қалайтын ем жаңбырда!
Төңірегім зəмзамға бір кенелді,
Өзің жайлы ойламаймын мен енді.
...Күзгі жаңбыр,
Жанға жайлы шипа бер,
Дəріден соң сауықтырып денемді.
Нұрғиса ТӨРЕМҰРАТОВ. «Алланың есімі жүректе»
22
Проза
Бақыт МЕРЕКЕНОВА
Алматы облысы, Алакөл
ауданы, Қызыл-Ащы ауылында
дүниеге келген. 1977 жылы КазМУ-
дің журналистика факультетін
бітірген соң «Жезқазған туы»
облыстық газетінде еңбек жо-
лын
бастады.1983-2003
жыл-
дары
«Қазақстан-1»
республикалық
телеканалында
əскери-патриотық «Ел қорғаны» хабарын, «Намыс» ток-
шоу хабарын жүргізді. 2003 жылдан бастап, қалалық
əкімшіліктің Ішкі саясат Департаменті, Жұмыспен қамту
басқармасында ақпараттық-сараптау бөлімінің бастығы,
бас маман қызметтерін атқарды. 2013 жылдан бастап оқу
орталығында қазақ тілінің маманы.
Жақан шағын ғана ауылда туып-өскен та-
лантты жігіт. Кішкентайынан атасынан домбы-
ра тартуды үйреніп, өз бетімен Құрманғазының,
Динаның,
Тəттімбеттің
күйлерін
бабына
келтіріп, сан құбылта тартатын. Ержете келе
күй шығарумен, өлең жазумен əуестенді.
Жақанның жазған өлеңдері мен əндері, күйлері
аудандық, облыстық, тіпті республикалық
баспасөз беттерінде жарияланып, мектепте бірге
оқитын жолдастары, əке-шешесі, ауылдаста-
ры Жақанның болашағынан зор үміт күтетін.
Өлеңдері өмірден көрген-білген жайлары ту-
ралы ой толғаса, күйлері көкірегіндегі жастық
шақтың жалынды отындай шалқитын, кейде
жүрегінің терең түкпіріндегі көмулі терең
сырдан суыртпақтап сыр шерткендей үнсіз
булығатын, енді бірде кең байтақ, ұшы-қиырсыз
ен жайлауда еркін шапқан сəйгүлік аттай жапан
даланы дүр сілкіндіріп, сан құбылған сиқырлы
күй тылсым сырсандықтың сырын ашқандай,
қай адамды болсын бейжай қалдырмайтын,
терең ой-толғамымен баурап, шексіз құдіретті
сыршыл əуенімен таңғалдырып тамсандыратын.
Жаңа шығарма жазарда жалғыз өзі жеке қалып,
оңашалықты қалайтын. Ішкі жан-дүниесінің
тебірене толғануы, тоғыз ай толғатқан анадай,
толғағы піскен кезде асқақ күй болып, өмірге
іңгалап келген перзенттей күй болып оралатын.
Əрі ақын, əрі сазгер Жақан Амандықұлы
туған ауылында, туған жерінде, елінде болып
жатқан жақсылыққа сүйсінетін, жамандыққа
күйінетін. Əсіресе, 1986 жылғы желтоқсан
оқиғасы ақынжанды, сезімтал жүректі сазгердің
жан-дүниесінің астаң-кестеңін шығарды.
ҚАЙРАН, КҮЙ
(Əңгіме)
23
Бақыт МЕРЕКЕНОВА. «Қайран, күй»
Жазықсыз құрбан болып, қойдай көгенделген
қазақтың қаракөз ұлдары мен қыздарының
түрмеге тоғытылып жатқанын радиодан, теле-
дидардан көргенде жанын қоярға жер таппа-
ды. Өйткені, ақынның нəзік жаны қатал өмірдің
қатігездігіне төзбей жараланып, құрығы ұзын
Кеңес үкіметінің жазықсыз жандарды азаптап,
қазақтың Қайрат Рысқұлбеков сияқты, жай-
нап өсіп келе жатқан ұл-қыздарының жаны
қыршындай қиылып жатқанын көргенде үйге
сыймады. Таңғы асын ішкеннен кейін ауылдың
маңындағы тау-тасты кезіп, ойға шомды. «Əттең-
ай, мына жас қыздар мен жігіттердің жас өмірін
қор қылып, тар қапасқа қамалып, жазықсыз жапа
шеккені-ай!»деп, аһ ұрды, жаны байыз таппай,
өкініш пен мұңға толы жыр шумақтары көңіліне
оралды. Таңғы самал жел мен ағаштардың
жапырағының сылдыры, ауыл маңындағы
өзеннің сылдырап аққаны, таң бозынан
торғайлардың шырыл қаққаны – осының бəрі та-
лантты сазгер, əрі ақын Жақанға алыстан жігіттер
мен қыздардың өксіп жылаған үнін естігендей
болып, көкірегіне күмбірлеп күй оралды. Мына
күйді домбырада тезірек ойнағысы келіп, түпкі
бөлмедегі оңаша үйде домбыраның шанағын
салалы саусақтарымен күмбірлете шертіп,
кеудесін кернеген мұңды күйді домбырада ой-
нады. Домбыра біресе жазықсыз жандарды ойлап,
өксіп жылады, біресе түбі əділеттік орнайтынына
сенгендей қуаныштан сақылдап күлді, əйтеуір
бебеу қағып жанұшырды. Жақанның саусағының
шебер қағуы домбыраның шанағынан небір
сиқырлы əуенді сан құбылта шығарып, біресе
жан-дүниеңді бебеулеп күйзелтсе, енді бірде үміт
отын жағып, өрге шапқан арғымақтай адуында-
ды, енді бірде құрдымға батып жанталасқандай
күй кешсе, тағы бірде əуелеп көкке самғап, еркін
көсілгендей керемет əсерге бөледі, əйтеуір
тыңдаған жанды бейжай қалдырмайтын, ерекше
əсем сазды күмбірлеген күй туындады. Күйеуінің
шабыттана күй тартып жатқанын естіген Күмісай
күй əуеніне елтіп, сілтідей тына қалды, ие,
бұрын-соңды естімеген жаңа күй, тың əуен.
-Жақан, мынау жаңа күй ме? Бұрын
естімеппін, қандай сыршыл күй, басынан бастап
тыңдайыншы, қайта ойнашы,-деп өтінген жан-
жары Күмісайдың өтінішін естіп, Жақан жаңа
шығармасын шабыттана орындады. Күйді үнсіз
тыңдап, көзіне жас алған жанжары Күмісай
толқи тіл қатты.
-Қандай керемет күй! Бүгін ғана естіп
тұрмын, тəрізі желтоқсан оқиғасына арнаған
күйің болар, кеше болған жайды естіп, қатты
тебіреніп едің, жаным!
-Ия,
Күмісай,
кешелі-бүгін
қатты
тебірендім, алаңда қанға бөгіп жатқан қыз,
жігіттерді көріп, жан-дүнием шиыршық атып,
толғақ қысқан анадай тебіреніп, түнімен тыныш
ұйқтай алмадым, ақыры осы мұңды күй туды.
-Күйді қалай атадың, желтоқсанға байла-
нысты шығарған соң күйдің атауы сол мағынада
болар?
-Əрине, Күмісайжан! Күйді «Қайран, за-
ман!» деп атадым.
-О, қандай керемет! Сен менің данышпан
күйеуімсің,-деп, еркелеген Күмісай Жақанның
мойнынан құшақтап, қара бұйра шашынан си-
палап, сөзін жалғастырды,-Айтпақшы, бүгін
ауылға Сейтен Тастанбеков күйші інің концерт
қоюға келіпті. Мен кешке келіп қала ма деп,
қазанға ет салып қойдым, кешке концертіне
барамыз, мынау шақыру билеті, көрші баладан
беріп жіберіпті,-деді.
-Онда мен кешке жаңа шығарған күйімді
Сейтен ініме орындап берейін, ол консервато-
рияны бітірген, мен сияқты ауылдың əуесқой
сазгері емес, нота біледі ғой, қандай пікір айтады
екен,-деп, Жақан мен Күмісай біркиер киімдерін
киіп, жуынып-таранып концерт қойылатын ескі
клубқа беттеді. Концерт біткен соң, Жақан ежелгі
қонақжай əдетімен үйіне қонаққа шақырды.
–Сейтенжан, бүгін біздің үйге қонақ бол,
жақында желтоқсанда құрбан болған жастарға
арнап, жаңа күй шығарып едім, тыңдап көр,
пікіріңді айт, сен біз сияқты емессің, музыкадан
сауаттысың, біз ауылда жүріп күй шығарғанмен
нотасын жазуды білмейміз, -деген. Концерт
біткен соң Сейтен Жақанның үйіне келіп, қонақ
болып жайланып, жаңа сойылған жас бағланның
етін жеп, сорпасын ішіп, ашыған қымызды
24
тостағанымен төңкеріп, ашқарақтана ішіп, дас-
тархан жиыла бергенде үй иесі Жақанның жаңа
күйін естіп, Сейтен таң-тамаша болды.
-Ойпырмай, аға, сіз туа біткен талант-
сыз! Мына күйіңіз маған керемет ұнады, қане,
қайта тартыңызшы, мен сізден үйреніп тартып
көрейін,-деп, домбырасын қолға алып, Жақанмен
қосыла орындады. Сөйтіп, қаладан келген Сей-
тен таң азанға дейін жаңа күйді Жақаннан
əбден үйреніп алды.
-Сейтеш, саған менің күйім ұнап
қалғанын көріп тұрмын, сен енді бұл күйдің но-
тасын жаса, мен домбырада тартқаным болмаса,
нота жағын білмеймін, əйтеуір, өзің білесің, бар
болғаны əуесқой сазгермін.
-Əрине, қалаға барысымен нотасын жа-
зып, өзіңізге бір данасын беріп жіберем, оған
қам жемеңіз,-деп, жік-жапар болған Сейтен
ертеңіне уəдесіне қарық қылып, қалаға аттанып
кеткен. Арада жарты үй өткен соң асүйде
радиоқабылдағышты тыңдап отырған Жақан
мен Күмісай елең ете қалды. Жақанның
«Қайран, заман!» күйі сол қалпында эфирден
бірде шалқып, бірде құлдилап, төгіліп тұр.
-Сүйінші, Жақан, сенің жаңа күйің! Сей-
тен қайным радиоға беріп үлгеріпті,-деп,
Күмісай мен Жақан мəз-майрам болып отырған.
Олардың бұл қуанышы аяқ астынан су сепкен-
дей басылды, өйткені, диктор, -Сіздер тыңдаған
күйдің авторы – Сейтен Тастанбеков, күйдің
аты «Қайран, көңілім!» деп хабарлады.
-Əй, мына Сейтен інішегің айдың күнінің
аманында сенің күйіңді иемденіп кетіпті
ғой, Астанаға барып, күйді шығарған Сейтен
емес, мына алдарыңызда тұрған мен едім деп
айтуың керек, мұнысы несі, өздерің ағайынды
адамсыңдар! Ұят емес пе! Түу, қандай оңбаған
жігіт! Қайным деп, қадірлеп жүрсем, қағынған
жүгермек Жақанның күйін өзім шығардым деп,
беті шімірікпей радиода орындап отырғанын
қарашы!-деп, Күмісай бұрқылдап ашуланып
кетті.
-Қойшы, Күмісай, осы жасқа келген-
де ендігі қалғаны бізден жасы кіші Сейтенмен
дауласу ма? Ол менің нота білмейтінімді пай-
даланып, алдап кеткен ғой, ұятсызын қарашы,
қалайша дəті барып, мен шығардым деп, өтірік ай-
туын көрдің бе?-деген Жақанның беті күреңітіп,
орнынан ұшып тұрып, түпкі бөлмесіне кіріп,
өкініш-ойларын өлең ғып өрнектеді. Күйеуінің
артынан ере кірген Күмісай жақын арада қояр
емес.
-Жақан-ау, мына Сейтен менің көзімше,
«Жақан аға, мен мына жаңа күйіңізді үйреніп
алайыншы, аға, сіз қандай талантты жансыз!»
деп, мақтап отырып, мақтамен бауыздағандай
болды. Сен күйді шығарған өзің екеніңді,
шындықты айтуың керек,-деп, əйелі Күмісай
қызбаланып келіп еді.
-Жə, қойшы, Күмісай! Бейшара Сейтен
менің күйімді ұрлап алып, түменін тірілтсін.
Абай атамыздың «Арсыз болмай атақ жоқ» деген
өлеңі есіме түсіп отыр. «Ұялмаған əнші болар»
деп, қазақ бекер айтты дейсің бе? Өйтіп-бүйтіп,
біреудің күйін қымқырып, біреудің жырын жы-
рымдап жүріп, жыртығын бүтіндеп жүрген ар-
сыздар арамызда қаптап жүр. Онсыз өмір қызық
болмай кетер еді, егер бəрі адамгершілігі мол,
парасатты жандар болса, өмір сүру əлдеқайда
қызықсыз болар еді, сен соны ойладың ба,
Күмісай?!-деп, қарқылдап күлді. Бұл бірақ шат
көңілден туған көңілді күлкі емес, зығырданы
қайнаған ызалы адамның күлкісі еді.
-Ақ дастарханымыздан ақ-адал асымыз-
ды ішіп, ақ көңілден үйімізге ертіп келіп, жаңа
күйіңді үйреніп, «маңғыт, аузыңа саңғыт!» деп,
қарғаның аузындағы ірімшікті алдап, қолға
түсірген түлкідей, құйрығын ұстатпай кетті.
Мұндай қиянат жасайды деп кім ойлаған,
қандай қара ниетті, арам жігіт! Ертең саған
бетпе-бет кездессе не істер екен, баршы, Жақан,
шындықты мойнына қойып, ақиқатты айт, адал
ақы еңбегіңді басқаға қор қылма! Ойланып-
толғанып, жүрегіңді жарып шыққан шығармаңды
əлдекімнің иемденіп кеткені қандай қорлық! Ой-
пырмай, сенің мына жаңа күйіңді мақтағанда көзі
шоқтай жайнап, азанға дейін ерінбей, жалықпай
домбырасын тыңқылдатып үйреніп еді, сол
кезде-ақ арамзаның кеудесіне арам ой ұялаған
* «Үркер»* №2* 2014
25
екен ғой. Ал, біз, ауылдың аңқау адамдары, жаңа
күйімізді сеніп тапсырып, Сейтен нотасын жа-
зып, радиоға Жақан ағайдың жаңа күйі деп
жариялайды деп, аузымыз аңқиып, алданып
қалдық,-деген Күмісай Жақаннан бетер ашу-
ланды. Тегінде, сабырлы мінезді Жақан іштей
ширыққанымен əйеліне басу айтып, əліптің ар-
тын баққандай сыңай танытты.
-Мүмкін, диктор қателесіп хабарлаған бо-
лар, олар да ет пен сүйектен жаратылған өзіміз
сияқты адамдар. Сейтен нотасын жазып, апарып
өткізген соң, қателесіп, авторы Сейтен Тастанбе-
ков деп хабарлай салды ма екен,-деп күманданды.
Бір аптадан соң теледидардан Сейтеннің өзі
шығып, беті шімірікпестен, -Бұл менің жаңа
күйім,-дегенде ғана Сейтеннің ұялмай-қызармай,
Жақанның шығарған жаңа күйін иемденіп
кеткеніне ақыры көздері анық жетті.
Бұрыннан жүрегі ауырып жүрген Жақан,
іштей қатты қиналғаннан болар, жүрегі қайта
шаншып, тағы да инфаркт алып, ауруханаға
түсіп қалды. «Байтал түгіл бас қайғы» демекші,
күйді ойламақ түгілі енді, Күмісай күйеуінің
денсаулығын уайымдады.
-Мейлі, күйі құрсын, Сейтен-ақ ием-
дене берсін, өзің аман болшы,-деген Күмісай
Жақанның қас-қабағына қарап, жас баладай
əлпештеді. Бірақ, біртіндеп кірген ауру, өн-
бойына батпандап сіңіп алғандай, жуық арада
жазыла қоймады. Ұзақ уақыт төсек тартып жатып
қалды. Білікті дəрігерлердің бəріне қаралғанмен
асқынған ауруға дəру болмады. Жетпіс жастан
жаңа асқанда Жақан Амандықұлы мезгілсіз
қайтыс болды.
Күйеуі Жақанмен ширек ғасырдан
астам тату-тəтті өмір сүрген, көп балалы ана
Күмісай күйеуінің қайғысынан күні-түні зар
еңіреп жылап жоқтағанмен, өлгендер қайтып
келмейтінін ұқты. Күйеуін арулап жерлеп,
қырқын, жылдығын өткізген соң, бір күні те-
ледидарды қарап отырса, Сейтен Тастанбе-
ков эфирге шығып, марқұм күйеуі Жақанның
«Қайран, заман!» күйін домбырада тартып, -Бұл
менің «Қайран, көңілім!»деген жаңа күйім,-деп,
шімірікпей өтірік айтып, беті табақтай, қарны
қабақтай болып, шүңірек, қиық көздері күлімдеп
отырғанын көріп, түнімен дөңбекшіп ұйықтай
алмады. Жақан тірі болса, «Күмісай, ақымақпен
ақымақ болып, арсыз пендемен арсыз адамша
дауласпайық» деп, тоқтау салар еді. Бұл күндері
бір кезде күмбірлетіп күй шығарған, өміршең
өлең шығарған жанжары жер қойнына кіріп,
мəңгілік ұйқыға кеткен. «Жақан, сен айтпай
кеттің, маған да тоқтау салдың. Жоқ, менің па-
рызым – шындықты айту» деп, бел буды. Сөйтіп,
газеттерге, теледидарға хабарласып, шындықты
жайып салды.
- Менің марқұм күйеуімнің жаңа күйі
«Қайран, заманды» Сейтен Тастанбеков ауылға
келіп, таң атқанша үйімізде қонақ болып
үйреніп, нотаға салып, Жақан ағаның күйі деп
шығарам деп , алдап кетті. Егер ар-ұяты болса,
шындықты айтсын. Марқұм күйеуім Жақанның
аруағын сыйласын,- деген. Теледидар сахнасын-
да Күмісайдың бетіне тура қарай алмаған Сей-
тен, теріс қарап отырып, міңгірлеп жауап берген
болды.
-Жақан аға көзі тірісінде неге айтпаған,
жеңеше, сіздікі бос əурешілік! Авторлық
құқығы тіркелген бұл менің өз күйім!-деп,
бетбақтырмады. Бірақ, шындықты айтқан
Күмісайдың бойы ауыр жүктен жеңілдеп
қалғандай сезінді.
–Сейтен
қайным,
сен
шындықты
мойындамасаң да, бір Алла ақиқатты көріп тұр,
менің көзімше марқұм күйеуімді қалай мақтап
едің. Енді ұялмай «менің күйім» деп отырсың,
таспаға жазылған Жақанның күйін көзі тірісінде
дəлелдер едім, қайран, марқұм күйеуім «кезінде
Абай атамыз айтқан, «арсыз болмай атақ
жоқ», мейлі, арсыз болса иемдене берсін»,-деп,
шындықты айтып күреспеді. Əттең, Жақан нота
білмей, саған сеніп қалды, ал сен, сенген адамның
сенімін жерге таптап, өзімдікі деп, ұялмай-
қызармай сахнаға шығып, «Қайран, көңіл»
деп, атын өзгертіп, біреудің күйін иемденіп,
күйші болып жүрсің,-деген Күмісай Сейтеннің
табақтай бетіне, шүңіректеу орналасқан қысық
көзіне қадала қарады. Күмісайдың жүзіне тура
Достарыңызбен бөлісу: |