Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата03.03.2017
өлшемі1,24 Mb.
#7040
1   2   3   4   5   6   7

Ханзушадан аударған 

Қанатбек ЖҰМАБАЙҰЛЫ, 

Бейжің


 *«Үркер»*№22014

33

Поэзия


Бекболат ҚАЛЕНОВ 

1994  жылы    Батыс    Қазақстан  облысы,  

Ақжайық  ауданы,  Ілбішін  ауылында  дүниеге  кел-

ген. Қазіргі таңда Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық 

мемлекеттің педагогикалық институтының ІІІ курс 

студенті. 



ӨМІРМЕН ƏЗІЛДЕСУ

Неменеңе көп күлдің,

Опындырар озбыр ең.

Жүз нұрымды жоқ қылдың,

Түрге ендім-ау бозғыл өң.

Тағдырымның ырғағы,

Тамырымның бүлкілі.

Күлдірем деп тұр бəрі,

Күле алмауым күлкілі.

Күрсінбеуге көніп ем,

Құлақ асып сөзіңе.

Жалынымды 

сґндірме

Бөліспеші менімен,

Қуанышың өзіңе.

Сезім кетті сетінеп,

Жалынымды сөндірме.

Шерге толса көкірек,

Күле алмаспын мен мүлде.

Қағып шаттық қоңырау,

Əзіл екен əр күнің.

Сайықмазақ өмір-ау,

Алдап жүрсің барлығын.

Сынағыңа көндігем,

Күлкі өмірім сен дауа.


34

Енді саған мен күлем,

Алданбаған мен ғана.

У МЕН БАЛ

Адамдармен адамдарша түсінісу,

Сөз түсінбес сəби кезде бұл анық.

Содан кейін мылқау бол, не саңырау,

Таласуға тұрамыз-ау сұранып.

Өмір күрес таластардың ошағы,

Бір-бірінен əлсіздікті тосады.

Қу, пысықтар жүлделі боп бəйгеде,

Орта жолда опынады осалы.

Біреулерден алған есе төлемі-

Ғайбат сөздің ғибраты, жоқ емі.

Жақсы да тіл, жаман да тіл, естіген,

Құдіретіне тіріледі, өледі.

Шаршап жүрміз шындықтардың шерінен,

Өтіріктің орын теуіп төрінен.

Ал тартыстар іштегінің бейнесі,

Өмір деген сезім толы серуен.

Бəз біреулер қарсыласа ғажап – таң,

Кейбіреудің өміріне азап мəн.

Бейнеті көп тіршілікте бейопа,

Зейнет үшін тілің жасар аз-ақ қам.

ЖАҚСЫНЫ ЖОҚТАУ

(Бейімбет Майлинге)

Қыршындай жайпап өтсе қырғын заман,

Көңілсіз күй кешеді кірбің-далам.

Жұлқынғанның жігерін жасытумен,

Бұлқынғанды бұғаулап шынжырлаған.

Дел-сал қылып кетіп ең сен дертіңмен,

Ғұмырың қиюуы жоқ шеңбер сүрген.

Саясат-шиыр соқпақ жүрер болсаң,

Бұралаң, шырмалумен шеңгел тілген.

Өз тамырын балталап шапқандығын,

Иілгіш тал сезбейді, сотқар мұның.

Шоқпарын содыр біткен сілтегенде,

Білмепті өз басына батқандығын.

Кекшілдер кигізгенде жау киімін,

Таққандай жала үстіне дəл бұйымын.

Саясатқа сыйынған секемділер,

Тақия деп шатасқан тау биігін.

Бұйым көрмей ерліктің ең ірісін,

Іздерінен көремін көрінісін.

Жаны иненің ұшында тұрған шақта,

Өлім емес қорқыпты өмір үшін.

Бір басынан жендеттер тапты айып кіл,

Артық туған ұлты үшін жастай  ұтқыр.

Ет жүрегі елжіреп тас заманда,

Қара тас боп бүгінде қасқайып тұр. 

 *«Үркер»*№22014


35

Мен жастарєа сенемін 



Нұрлан ҚҰМАР

Шахматтан 

ҚР 

спорт 


шеберлігіне кандидат. Алматыдағы 

марафоншылар  клубының  мүшесі. 

Жеңіл  атлетикадан  өткен  бірнеше 

жарыстардың  жүлдегері.  Қазіргі  таңда  «Ана  тілі»  газетінің 

Əлеумет жəне ақпарат бөлімінің редакторы.

Жүзу – олимпиадалық спорт түрлерінің біріне 

жатады.  Еркін,  брасс,  баттерфляй,  шалқалап  жүзу 

тəсілдерінен  тұратын  жарыстар 50 метрден 1500 

метр  қашықтық  аралығында  өткізіледі.  Сонымен 

қатар  қолданбалы  жүзу,  тұрмыстық,  емдік,  ойын 

түрлері  де  су  астындағы  көркем  жүзудің  негізін 

қалады.  Халықаралық  жүзу  федерациясы  (ФИНА) 

1908  жылы  құрылған. 1991 жылы  оның  құрамына 

128  ел  кірді.  Олимпиялық  ойындар 1896 жылдан, 

ал дүниежүзілік чемпионаттар 1973 жылдан бастап 

тұрақты түрде өткізіліп келеді.

КСРО 1947 жылы  Халықаралық  жүзу  феде-

рациясына мүше болды. 1952 жылдан бастап Олим-

пия  ойындарына  қатысуы  жүзу  спортының  Кеңес 

Одағында,  оның  ішінде  Қазақстанда  да  жедел  да-

муына  ықпал  етті.  Қазақстанда  жүзу  спортының 

дамуы  Алматыда  Дене  тəрбиесі  институтының 

(қазіргі  Қазақ  мемлекеттік  спорт  жəне  туризм  ака-

демиясы)  ашылуымен  тікелей  байланысты  болды. 

Оның  түлектері 1946 жылы  Бүкілодақтық  жоғары 

оқу  орындары  арасындағы  жарысқа  қатысты. 

1947  жылы  алғаш  рет  жүзуден  республикалық 

біріншілік  ұйымдастырылып  (Тастақ  тоғанында), 

оған  Алматы,  Атырау,  Орал  қалаларының  суда 

жүзгіштері қатысты. Сол жылы Қазақстан тұңғыш 

рет КСРО біріншілігінде бəсекеге түсті. 1948 жылы 

Алматыдағы  Мəдениет  жəне  демалыс  саябағында 

студенттердің  күшімен 27 метрлік  ашық  бассейн 

жасалды,  онда  екінші  республикалық  біріншілік 

өтті.  Ю.Кабин,  В.Минаев,  Б.Елқондиевтер  бірнеше 

рет  Қазақстанның  чемпионы  атанды.  Құрамына 

қазақстандық  Г.Николаев  енген  КСРО  жүзгіштері 

ХVI-шы Олимпия ойындарында (Мельбурн, 1956 ж.) 

4×200 метрлік эстафетада Кеңес Одағына алғашқы 

қола  медальді  əперді. 1957 жылы  Қарағандыда 

тұңғыш жабық бассейн іске қосылды.

Тəуелсіз  Қазақстан  дербес  қатысқан  Бар-

селонада  өткен XXV-шы  Олимпия  ойындарына 

(1992  ж.) 7 жүзгіш,  ал  Сиднейде  өткен XXVII-ші 

Олимпияға (2000 ж.) 8 жүзгіш бақ сынады. Олардың 

бəрі  дерлік  Азия  құрлығының  үздіктері  болатын. 

2004  жылы  Афинада, 2008 жылы  Бейжіңде  жəне 

2012  жылы  Лондонда  өткен  олимпиадаларға  да 

біршама жүзгіштеріміз еліміздің намысын қорғады. 

Алайда  қазақстандық  жүзгіштер  алтын  тұрмақ, 

тым құрығанда бір жүлде алып көрмепті. Тек ¬Вла-

дислав Поляковтың 2004 жылы Афина олимпиада-

сында 100 метрге  брасс  əдісімен  жүзуде  көрсеткен 

СУ СПОРТЫНДА 

ҚАЗАҚ НЕГЕ АЗ? 


36

бесінші орыны көңілімізге аз да болса медеу болары 

сөзсіз.  Бір  өкініштісі,  Ұлттық  құраманың  сапында 

бірде-бір қазақ жоқ.

2013  жылы  Испанияның  автономиялық 

аумағына  қарайтын  Каталонияның  астанасы 

Барселонада  су  спорты  түрлерінен  кезекті  əлем 

біріншілігі  өткен  еді.  Əлемнің 181 елінің  өкілдері 

қатысқан  чемпионатта  спортшылар  жүзу,  суға 

секіру,  синхронды  жүзу,  су  добы  жəне  биіктіктен 

суға  секіру  (хай-дайвинг)  бойынша  бақ  сынасты. 

Хай-дайвинг  əлем  чемпионатына  биыл  тұңғыш 

рет  қосылған  сайыс.  Бұл  сында  ерлер 27 метр, 

ал  қыздар 20 метр  биіктіктен  суға  секірді.  Əлем 

біріншілігі  барысында  көпшілік  күткендей  негізгі 

талас  АҚШ,  Қытай  жəне  Ресей  елдері  арасында 

өтті. Сарапқа салынған 68 алтын медальдің 38-і осы 

үш елдің еншісіне кетті. Аталған үш мемлекет тек 

саяси сахнада ғана емес, спортта да алпауыт екенін 

тағы  бір  дəлелдеді.  Соңғы  төрт  Олимпиада  мен 

əлем  біріншіліктерінің  нəтижесіне  көз  жүгіртсек, 

жүзуден  АҚШ,  суға  секіруден  (трамплин)  Қытай, 

синхронды  жүзуден  Ресей  мықты  екенін  көреміз. 

Өкінішке  қарай,  қазақстандық  спортшылар  су 

спорт түрлерінен құр қалып келеді. Бұдан екі жыл 

бұрынғы əлем біріншілігіне барған 47 спортшымыз 

жүлдесіз қайтты. Жүлде тұрмақ, біздің саңлақтарға 

жартылай  финал  мен  финалға  шығудың  өзі  мұң 

болып  тұр.  Осылайша  жалқы  қолаға  қол  жеткізе 

алмаған Қазақстанның қашан олжа салары белгісіз.

Тəуелсіздік алғалы су спортынан бақ сынаған 

спортшылардың əлем чемпионатына көз жүгіртсек, 

суда  жүзуден  Владислав  Поляков  қана  əлемдік 

сындарда  алтын  медаль  олжалапты.  Бұған  да 

шүкір  дейміз.  Суда  жүзуден 2006 жылы  Шанхай 

қаласында өткен əлем біріншілігінде ол брасс əдісі 

бойынша 200 метр  қашықтықта  алдына  жан  сал-

мады.  Дəл  осы  сайыста  қола  жүлде  қазақстандық 

спортшы  Евгений  Рыжковқа  бұйырған  болатын. 

Осы спортшылар АҚШ-та жаттығады. Ал аталмыш 

елдің су спортындағы дəрежесі жоғары. Өйткені ол 

жақта су спортына барлық жағдай жасалған. Тіпті 

жалғыз  Майкл  Фелпсті  баптау  үшін  төрт  бірдей 

ғылыми  институт  жұмыс  істейді  екен.  Осыдан-ақ 

АҚШ-тың  су  спортындағы  əлеуетін  байқауға  бо-

лады.  Аталмыш  елдегі  оқу  орындарының  басым 

бөлігінде  бассейндер  мен  жаттығу  орындары  бар. 

Кез  келген  студент  сабақтан  тыс  уақытында  суда 

жүзіп жаттыға алады.

Қазақ жастарының су спортына аз баруының 

себептері де жоқ емес. Біріншіден, қазақ жастарының 

көбісі ауылда тұрады. Ауылда бассейн жоқтың қасы. 

Тіпті,  елімізде  мұнай  өндіруге  байланысты  өзен-

көлдер тартылып қалғандықтан, жас жеткіншектер 

үшін суда жүзудің өзі қиялға айналды. Екіншіден, 

қазір  жасөспірімдердің  көбісі  үйлерінде  оты-

рып,  интернеттегі  ақпараттарды  оқуға  құмартып 

алды.  Осылайша  жастар  алтын  уақыттарын  ин-

тернетте  өткізуде.  Үшіншіден,  сауаттылықтың 

жетіспеушілігі көп рөл атқарып келеді. Мəселен, өзге 

ұлттың  ата-əжелері  немерелерін  су  спортына  жиі 

апарады. Ал қазақтың ақсақалдары болса су спорты 

жөнінде  хабарсыз  болып  келеді.  Əрі  білген  күннің 

өзінде  жүзуге  менсінбей  қарайды.  Оның  орнына 

немерелері  шымыр  болсын  деп  күрес,  боксқа  жиі 

апарып жатады. Ал жүзу спорты жекпе-жек сынды 

спорт  түрлерінен  кем  түспейді.  Өйткені  бұл  спорт 

адамды шымыр етіп қана қоймай, шыдамдылыққа, 

əдептілікке баулиды. Тіпті ең мықты талантты деген 

боксшы олимпиадада əрі кетсе бір ғана алтын алып 

шектеледі.  Ал  жүзу  спортындағы  мықтылар  бір 

дүбірлі додада бір емес, біраз қашықтыққа бақ сы-

нап, бірнеше алтын алып жататынын көріп жүрміз. 

Төртіншіден,  мінез-құлқымыздың  əсері  де  өзіндік 

зиянын  əкеліп  жатқаны  жасырын  емес.  Мəселен, 

қазақ – қонақжай халық. Туысын, досын күтуге көп 

уақыты  мен  қаржысын  жұмсайды.  Көптеген  бос 

отырыстар  да  қазақ  халқында  тəн  болып  отыр.  Ал 

өзге ұлттар қаржысы мен алтын уақыттарын нақты 

жоспарлы түрде жұмсағандықтан, бізден əлдеқайда 

оқ  бойы  алда  тұр.  Бесіншіден,  су  спортында 

қазақтілді бапкерлер жоқтың қасы. Осыған орай ау-

ылдан  келген    қарадомалақтар  бұл  іске  тартылмай 

қалады.  Алтыншыдан,  елімізде  су  спорты  жөнінде 

насихат  аз  болып  тұр.  Бұдан  басқа  бұл  спорт  түрі 

бойынша да жарыстар жиі-жиі өткізіліп тұрмайды.

Жүзу  адам  ағзасына  тигізетін  пайдасы-

мен  əсері  жағынан  басқа  спортқа  қарағанда  ерек-

ше  орын  алады.  Жүзумен  тұрақты  шұғылданған 

адамның бұлшық еті үйлесімді жетіледі, жүйке та-

мыры нығаяды, денедегі зат алмасу, тыныс алу мен 

қан айналу жүйесінің қызметі жақсарады. Ендеше, 

бұл спорт түрінде қазақ жастары жиі тартылса нұр 

үстіне нұр болар еді.



 *«Үркер»*№22014

37

Айтайын дегенім...

Қазақстан 

Республикасы 

Қылмыстық 

Кодекстің 317-бабында 

«Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік туын, елтаңбасын 

жəне 

мемлекеттік 



əнұранын 

қорлау—200 

айлық  есептік  көрсеткіштен 1000 айлық  есептік 

көрсеткішке  дейінгі  мөлшерде  айыппұл  салуға 

немесе 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын 

шектеуге не дəл сол мерзімге бас бостандығынан 

айыруға жазаланады»--деп тайға таңба басқандай 

жазылып қойылған. Бірақ, іс жүзінде біздің елде 

ешкім бұны орындамайды. «Тырнақ астынан кір 

іздеу» деп ойлап қамаңыздар, сөзім дəйекті болу 

үшін мысал келтірейін. 

2014  жылдың 15 қараша  күні  Алматы 

қаласындағы  Балуан  Шолақ  стадионында  зіл 

темір  көтеруден  əлемдік  додада  Илья  Ильин 

бірінші орын алып түғырға көтерілді, Қазақстан 

Республикасының  əнұраны  ойналып  жатқанда,  

біздің  мəдениет  жəне  спорт  министрі  Арыстан-

бек  Мұхамедиұлы  зыр  жүгіріп,ұялы  телефо-

нын  қайта-қайта  Ильяға  тықпалағаны  тіпті  ұят 

болды.  Кез  келген  елдің  əнұраны  ойналғанда, 

кім болсаң ол бол, оң қолыңды жүрегіңе қойып, 

қатып  қалу  керек  екенін  Арыстанбек  мырзаның  

білмеуі  немесе  жоғары  жаққа  жағымпаздануы 

шектен  шықты.  Ғаламторда  ол  туралы  у-шу 

пікірталастар талқыланып жатыр.

2013 жылдың қараша айының 18 күні кешке 

Астанадағы «Rixos» қонақ үйінде Оман Сұлтанаты 

тəуелсіздігін  алғанына 43 жыл  толғанына  орай, 

соның құрметіне арналған қабылдау болып өтті. 

Қазақстандағы дипломатиялық корпустың не бір 

МЕМЛЕКЕТТІК  

РƏМІЗДЕРДІ  СЫЙЛАМАУ – 

МЕМЛЕКЕТТІ 

СЫЙЛАМАУ 

майталман елшілері, халықаралық ұйымдар бас-

шылары  мен  өзге  де  шетелдік  қонақтар  жинал-

ды. Салтанатты шарада Қазақстан Сыртқы істер 

министрлігі тарапынан шақырылған, ресми лау-

азымы  жағынан  үлкен  СІМ-нің  ерекше  тапсыр-

малар жөніндегі елшісі Сүлеймен Үсен бұрынғы 

совхоз  директорлары  сияқты  қолына  қоңыр 

папкісін қолтығына қыса ортаға шықты. 

Ресми  сөзден  соң,  Оман  Сұлтанатының 

елшісі  Абдулла  Аль-Сүлеймани  елінің  əнұраны 

шырқалғанда,  оң  қолын  кеудесіне  қойып,  шын 

тебіреніспен,  аузын  күбірлетіп  айтып  тұрды. 

Біздің  елдің  əнұраны  ойналғанда,  саған  өтірік, 

маған  шын  Сүлеймен  Үсен  қоңыр  папкісін  оң 

қолтығына  қысқан  қалпы  сол  қолын  кеудесіне 

қойып  қасқайып  тұрды.  Өне  бойымыз  ду  етіп, 

бет-жүзіміз  қызарып  кетті.  Дүние  жүзіндегі 7 

миллард  адамның  жүрегі  сол  жағында  болса, 

Сүлеймен  мырзаның  жүрегі  оң  жағында  екен. 

Астафуралла  «естімеген  елде  көп» – деген  осы 

екен.  Жүрегінің  «мекен-жайын»  қай  жағында 

екенін  білмейтін  адамды  лауазым  бергеніне 

таңым бар.

    Кейін сөз берілгенде барып білдік, əлгі 

қоңыр  папкінің  ішінен  бір  жапырақ  қағазды 

алып  ағылшын  тілінде  оқып  берді.  Ерекше  тап-

сырмалар  жөніндегі  елшінің  сиқы  осы  болса, 

қалған қазақ дипломаттардан не үміт, не қайыр? 

Дипломат бүтін бір елдің бет-бейнесі екені айт-

паса  да  түсінікті.Мемлекеттік  рəміздерімізді 

қорлау  көп  жылдардан  бері  тыйылмай  келеді. 

2012  жылы    ақпан  айында  Қостанай  қаласында 



38

шаңғы  фестивалінің  ашылу    салтанатында  

əнұранымыздың  орнына  шетелдік  əнші  Рик-

ки Мартиннің«Livin La Vida Loca» деген өлеңін 

қойғаны күллі əлемге тарап кетті.

Сол 


жылдың 

наурыз 


айының 22 

жұлдызында  Кувейтте  халықаралық  жарыс-

та  нысана  көздеуден  еліміздің  абыройын 

асқақтатқан жеңімпаз Мария Дмитриенконы  ма-

рапаттау кезінде  мемлекеттік əнұранның орны-

на  сайқымазақ  Саша  Коэннің  атышулы  «Борат» 

фильміндегі  ағылшын  тіліндегі  əуен  қойылған. 

Өкінішке  қарай,  жеңіс  тұғырына  көтерілген 

спортшымыз  еш  саспастан,  кеудесіне  қолын 

қойып, сол əнге соңына дейін ұйып тұра беріпті. 

Егер  ол  əнұранның    сөзі  мен  əнін  білетін 

болса, «Ойбай,  мынау  менің  елімнің  əнұраны 

емес  қой»  деп  жанындағыларға  емеурін  таны-

татын  еді-ау. «Соқыр  тауыққа  бəрі  бидай»  де-

гендей,  Марияға    шайтанның  əнін  қойсаң  да 

бəрібір  секілді,  оның  қуанышты  жүзінен  бұл 

əуенді  жатырқаған  бір  белгі  байқалмады.  Тым 

құрығанда,  жансақ  əуенді  ести  салысымен, 

Қазақстан  спорт  делегациясы  өкілдерінің  біреуі 

шығып, дереу тоқтатуға əрекет етпегеніне еріксіз 

қарнымыз  ашты.  Ең  сорақысы  сол,  дүниежүзі 

тыңдаған  əнде  «Қазақстан – жезөкшелер  мекені 

мен  əлемдегі  басты  көң  өндіруші  ел»  деген 

жолдар  бар  екен.  Қазақстан  құрамасының  бас 

жаттықтырушысы  Анвар  Юнусметов  «Олар 

кешірім  сұрап,  келесі  күні  қайтадан  үш  туды 

көтеріп,  нағыз  əнұранымызды  бəрі  тұрып 

тыңдады»  деді.  Əрине,  кешірім  сұрап,  құтыла 

салу оңай. Егер де біздің орнымызда басқа мем-

лекет  болсыншы,  мемлекеттік  рəмізін  қорлап, 

елді масқаралағаны үшін кешірімнен бөлек басқа 

да  шаралар  қарастыруы  мүмкін  еді.  Ал  біз  «бо-

лары  болып,  бояуы  сіңгеннен»  кейін  кешірім 

сұратқанға мəз боламыз.

2010  жылдың 4 маусым  күні  Астана 

қаласының  Əлия  Молдағұлова  мен  Республи-

ка  даңғылы  қиылысында  орналасқан  Кеден 

басқармасының ғимараттының үстінде желбіреп 

тұрған көк байрағымыздың жартысы жоқ екенін 

көзім шалып қалды. Ішіне кіріп үш мəрте ескерту 

жасадым.  Құлақ  аспаған  соң,  бүкіл  БАҚ-на  ха-

барладым. Телеарна басшылары қаржы бөліп əлгі 

жыртылған көк туды өзгерткені есімде. 

Сол  жылы  Талдықорған  қаласындағы 

облыстық  əкімшіліктің  жанында  көк  туымыз-

дан  студенттер  күл-қоқыс  жинайтын  сүйретпе 

қап  жасаса,  Атырау  қаласындағы  облыстық 

көлік  прокуратурасының  жанында  да  осындай 

сорақылық  орын  алды.  Елдігіміздің  символы, 

азаттығымыздың  айбыны  болып  табылатын 

көк  туымыздың  Солтүстік  Қазақстан  облысын-

да  жартысы  жоқ  жыртулы  тұрғанын  КТК  теле-

арнасынан  көріп  отырып,  бейшаралығымызға 

қатты  намысым  келді.  Иə,  көк  байрағымызда 

қазақ  халқының  сан  ғасырлар  қойнауынан  бізге 

жеткен тарихы, арман-тілегі, мақсат-мұраты тұр. 

Сол тудың асқақтап желбіреуіне, егемендігімізді 

паш  етуге  қаншама  қан  төгілгенін  білсеңші, 

шіркін-ай. Көк туымыз біздің мемлекетіміздің ең 

қысқа жазылған Ата заңы десе де болады. Оны өз 

биігінде ұстап, қорғауға күш салуға тиіспіз.

Ел  атынан  байрақты  бəсекелерде  жүлделі 

орын  алып,  алқа  тағынған  спортшыларымыз 

əнұранның  сөзін  неге  білмейді?  Бұл  шаруамен 

тікелей айналысатын дене шынықтыру жəне спорт 

агентігі қызметкерлері,  ай сайын қыруар жалақы 

алып бала-шағасын бағып жүргендер ай қарап жүр 

ме екен? Борат фильміндегі сайқымазақ əн орын-

далуы осының айғағы. Əнұранымызды мазақтап 

болып,  енді  көк  байрағымызды  талақ  еткеніміз 

немқұрайлылық  па,  əлде  сауатсыздығымыз  ба? 

Көк бөрінің ұрпағымыз деп жарты əлемге жар са-

лып мақтанып отырған елдігіміз осы ма? 

Ен  даланы    еркін  кезген  бабаларымыз 

тудың  құлағаны—халықтың  қорланғаны  деп 

білген. Егемендігіміз баянды  болар жолда осын-

дай  арсыздыққа  жол  берсек,  ертеңгі  күніміз 

не  болмақ?  Алайда  есті  сөзді  құлағына  іліп 

жатқан  спортшылар  мен  шенеуніктер  əзірге 

байқалмайды.  Қазақ  елінің  атын  жамылып 

шығып  отырғандықтан,  келеңсіз  жағдайлар 

Қазақстанның  əлемдік  деңгейдегі    беделіне  

нұқсан келтіретіні сөзсіз.

Жұмамұрат  Шəмші,

тарих  ғылымдарының  кандидаты

 *«Үркер»*№22014


39

Арбаныѕ алдыѕєы дґѕгелегі

Жусан  иісінсіз  қазақтың  жұпар  даласын 

көз  алдыңа  елестету  мүмкін  бе?!  Кешегі  кеңестік 

дəуірде қазақтың ғасырлар бойғы атажұртын сақтап, 

ұлттың  өзіндік  қалпын  өзгелерге  əйгілеу  үшін  аға 

буын  өкілдері  қаншама  ізденістер  жасап,  қаншама 

тер төгіп, қаншама еңбек етпеді десейші. Көптеген 

ізденістер  болды.  Кинода  да,  өнерде  де,  əдебиетте 

де  бірқатар  белестер  алынды.  Жусан  иісін  аңсаған 

Қазақ даласы немесе жусан иісімен сергек көңілді, 

кең  пейілді  болып  өскен  қазақ  баласы  дегенде,  сөз 

жоқ,  алдымен,  жұпар  иісті  жусанды  даламызды 

көркем  əдебиетке  табиғи  қалпында  əкеліп,  ұлтты, 

халықты, жас ұрпақты өз еліне, өз атажұртына де-

ген  сүйіспеншілік  рухында  тəрбиелеуге  өлшеусіз 

еңбек  сіңірген  көрнекті  жазушы,  Қазақстан  Рес-

публикасы 

Мемлекеттік 

сыйлығының 

жəне 

Тəуелсіз  «Тарлан»  сыйлығының  лауреаты  Сайын 



Мұратбековтың  есімі  есімізге  түсетіндігі  анық. 

Оның  үстіне, 2007 жылы  елімізде  алғаш  рет  ұлы 

Абайдың  «Қара  сөздері»-мен  басталып,  бертінде 

əр  жылы  Мұхтар  Əуезовтың  «Қилы  заман»  ро-

маны,  Мағжан  Жұмабаевтың  «Махаббат  лирика-

сы»,  Жұбан  Молдағалиевтің  «Мен – қазақпын» 

поэмасы,  Жүсіпбек  Аймауытовтың  «Ақбілек»  ро-

маны,  Оралхан  Бөкейдің  шығармашылығы,  Фа-

риза  Оңғарсынованың  поэзиясы  болып  жалғасқан 

«Бір  ел – бір  кітап»  акциясы  биыл  жыл  бойына 

қазақ  оқырмандарына  кеңінен  танымал  «Жусан 

иісі», «Жабайы  алма»  хикаяттарының  авторы 

С.Мұратбековтың шығармашылығына арналған бо-

латын.


Еліміздің  əдеби  шежіресіне  үңіліп  қарар 

Жўпар даладаєы 

жусан иісі


40

болсақ,  Сайын  аға  талантты  болумен  бірге,  өте 

өнімді  еңбек  еткен  қаламгерлер  санатынан  са-

налар  еді.  Оны  кезінде  əдеби  сынның  «əңгіме 

жанрының  шебері»  деп  атағандығы  тағы  бар.  Жа-

зушы  аға  бертінде  «Қалың  қар»  романы  үшін 

еліміздің  ең  жоғары  Мемлекеттік  сыйлығына  ие 

болды.  Біртуар  қаламгердің  өзі  өмірден  өткенмен, 

оның  шығармашылығына,  жекелеген  əдеби  ту-

ындыларына  деген  оқырмандар  қызығушылығы 

ешқашан  төмендеп  көрген  емес.  Оны  кітапхана 

маманы ретінде біздің өзіміз де жақсы білеміз. Ал, 

бертінде  «Өлке»  баспасынан  ардақты  қаламгер 

ағамыздың 2-томдық, «Ан-Арыс»  баспасынан 

5-томдық  шығармалар  жинақтары  жарық  көріп, 

оқырмандардың  көзайымына    айналғандығы 

көңілге қуаныш ұялатады.

2014 


жылғы 

Сайын 


ағаның 

шығармашылығына  арналған  «Бір  ел – бір  кітап» 

акциясының елімізде өте жемісті түрде жүргізіліп, 

əсіресе,  жастар  мен  мектеп  оқушылары  арасында 

нағыз шығармашылық қызу пікірталас орталығына 

айналғандығын  да  мақтанышпен  айтқанымыз 

жөн.  Сондай  бір  есте  қаларлық  оқырмандар  кон-

ференциясы  жуықта  Алматыдағы  №59  мектеп-

гимназиясында  болып  өтті.  Сөз  басында  мектеп-

гимназияның  директоры  Бақытгүл  Əбішеваның 

білім  ордасындағы  оқушылар  мен  ұстаздардың 

шығармашылықпен ізденіп, əдеби-мəдени кештерді 

мəнді  де  мағыналы  етіп  өткізулеріне,  оның  тəлім-

тəрбиелік  рөлінің  артуына  ерекше  көңіл  бөліп, 

қолдау  көрсетіп  келе  жатқандығын  ризашылық 

сезіммен айтқымыз келер еді. Мектеп-гимназия оқу 

ісінің  меңгерушісі,  қазақ  тілі  мен  əдебиеті  пəнінің 

мұғалімі А.Қасымова əдеби кештің беташарында сөз 

алып, биыл елімізде сегізінші рет ұйымдастырылып 

отырылған  «Бір  ел – бір  кітап»  акциясының  қазақ 

əдебиетін  насихаттауға,  оқушылардың  кітап  оқуға 

деген  ынтасы  мен  ықыласын  оятуға  өлшеусіз  үлес 

қосып  отырғандығына  тоқталса,  пəн  мұғалімдері 

К.Жабаева,  Э.Сейдазимова,  Г.Оспанова  кешке 

қатысушы 8-9 сынып  оқушыларының  көрнекті 

тұлға  С.Мұратбеков  шығармаларын  əр  тарау  бой-

ынша  талдап,  қызықты  етіп  əңгімелеп  берулеріне 

бағыт-бағдар беріп отырды.  Əсіресе, «Жусан иісі» 

хикаяты  мен  «Басында  Үшқараның»  əңгімесін 

талдап,  талқылау  кезінде  оқушылар  Сымбат 

Тұрлыбек,  Аида  Серікова,  Аружан  Мамырхан, 

Аминат  Жаңабай,  Əділхан  Ақбергенов,  Əділмұрат 

Нақышбек,  Аружан  Нұрбаева,  Сымбат  Арымбай, 

Рамазан  Тұрысбеков,  Абай  Есенгелді,  Айберген 

Ысқақовтың  жазушы  шығармашылығына  деген 

қызығушылығы, əдеби таным-түсінік, біліктері мен 

көркемдік  тəсілдерді  қолданудағы  шеберліктері 

анық  байқалды.  Бұл  жəйлі  кеш  қонағы  «Қазақ 

газеттері»  ЖШС-нің  өкілі,  жазушы,  Қазақстан 

Жазушылар  Одағының  мүшесі  Серікқали  Ха-

сан  өз  сөзінде  ерекше  атап  өтіп,  жастардың 

ұлттық  əдебиетіміздің  рухани  мұраларына  де-

ген  құрметі  мен  ана  тілінде  жатық  сөйлеп,  əдеби 

образ,  сюжеттерді  терең  түсінікпен  талдап, 

əңгімелей  білгендіктеріне  жəне  білікті  ұстаз,  кон-

ференцияны  шығармашылықпен  ұйымдастырып, 

нағыз  əдеби  пікірталас  орталығына  айналдыра 

білген  Күлбаршын  Мырзабекқызының  еңбегіне 

ризашылығын  білдірді.  Сондай-ақ,  қаламгер 

кезінде  өзінің  əдебиет  алыбы  С.Мұратбековпен 

журнал  редакциясында  бірнеше  рет  кездесіп, 

сырлас  болғандығын,  əрі  сондағы  есте  қаларлық 

сəттерді  қызықты  етіп  əңгімелеп,  оқушылардың 

шығармашылыққа қатысты көкейкесті сұрақтарына 

нақтылы жауаптар қайтарды.

Мектеп-гимназиядағы  əдеби  кештің  тар-

тымды  болып  өтуіне  қаламыздағы  Түрксіб 

ауданының С.Бұхарова мен осы жолдардың авторы 

жетекшілік ететін №1 жəне №26 кітапхана филиал-

дары  да  белсенділікпен  атсалысты.  Сайын  ағаның 

шығармашылығына  арналған  «Қайсар  рухты 

қалам  иесі»  атты  кітап  көрмесі  ұйымдастырылып, 

оған  қаламгердің  ең  алғашқы  туындыларынан                    

бастап,  кейінгі  көптомдықтарына  дейін  қойылды. 

Кітапханашы  Р.Əмірқұлова  өзінің  кітап  көрмесіне 

жасаған  шолуын  жазушы  өмірбаяны  жəне  оның 

шығармашылығымен терең ұштастырды. 

Сол күні қыс түсіп, аулада қар жатқандығына 

қарамастан, мектепте де жусан иісі аңқып кеткендей 

болды. Өз шығармашылығымен кейінгі ұрпақтарына 

мəңгілік  мұра  қалдырып,  осыншалықты  ойлан-

дырып,  толғандыра  білген  атақты  жазушы  есімі 

ешқашан ұмытылмақ емес. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет