Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата03.03.2017
өлшемі1,24 Mb.
#7040
1   2   3   4   5   6   7

Бақыт МЕРЕКЕНОВА«Қайран,   күй»

26

қарай    алмай,  төмен  қарап  тайсақтаған  Сейтен, 

«Жеңеше, күй  менің атыма  тіркелген, бұл күйді 

мен  шығарғам,  мүмкін    ұқсастығы  болар,  оған 

мен  кінəлі  емеспін,  ұқсас    күйлер  бола    береді, 

бұл ой ұқсастығы» деп, орнынан  тұрып  кетті.

-Сейтен  қайным,  сен  біздің  ақ  дастарха-

нымыздан  дəм  татып,  адал  көңілмен  сенген  ақ 

сезімімізді  лайладың.  Мүмкін,  Жақан  ағаңның 

күйін иемденіп, жаңа атаққа ие боларсың. Бірақ, 

шындықты  ішің  біліп  тұр,  таң  атқанша  Жақан 

ағаңның  жаңа  күйін  мақтап,  кетеріңде  нотасын 

жазып жіберем деп, менің  көзімше, балалардың 

көзінше  уəде  беріп  едің.  Пендешілікпен  күйді 

өз  атыңа  тіркетіп  алып,  бүгін  менің  күйім 

«Қайран,  көңілім!»  деген  күй  деп,  өтірік  айтып 

отырсың.  Жақан  ағаң  сенімен  дауласуға  ұялды, 

əйтпесе, үйдегі таспада жазған «Қайран заман!» 

күйі  отбасылық  мұрағатымызда  əлі  бар.  Ол  сен 

тіркеткен уақыттан көп бұрын жазылған.

-Күмісай  апа,  мүмкін  күйлеріміз  ұқсас 

болар,  Жақан  аға  қайтыс  болып  кетті,  мен  ол 

кісіні қатты құрметтейтін едім. Ол кісінің басқа 

күйлері де талантты сазгердің туындысы. Бəрібір 

сіз ештемені дəлелдей алмайсыз, бұл менің күйім, 

өйткені менің атыма тіркелген, -деп, бұқа мойны 

күжірейіп, қысық көзі жыпылықтап, бүгежектеп 

төмен қарады.

-Жақанның күйін таң атқанша үйренгенде-

ақ  арам  ойыңды  іске  асырмақ  болған  екенсің, 

Сейтен.  Нота  білмейтінін  пайдаланып,  өз  атыңа 

тіркетіп  алдың,  осы  қылығың  адамгершілікке 

жата ма, айтшы төрелігін.

-Апай,  сіздің  өкпелеуіңіз  орынсыз.  Күй 

менің атыма тіркелген, яғни менің күйім, осымен 

дауласқанды  тоқтатайық, -деген  Сейтен  Тастан-

беков орнынан атып тұрды.

-Бір Алла кімнің ақ, кімнің арам екенін көріп 

тұр, Сейтен. «Судың да сұрауы бар» деген, басқа 

дүниеде құдіретті  бір Алланың алдында, Жақан 

ағаңның  алдында  жауап  бересің.  Жақанның 

ескі сырқаты жүрегінің ауырғаны да сенің мына 

қылығыңа күйінгеннің кесірі.  Ақыры, сұм ажал 

қырық жыл отбасын құрған отағасын алып тын-

ды. Мен сені сотқа бермеймін, бірақ сенің арың 

болса, ағаңның күйін өз атына қайтар,-деді көзіне 

жас  толған  Күмісай.  Дəл  сол  сəтте  Күмісай  ар-

ожданы,  ер  азаматтық  намысы  бар  адамның 

күйді  таң  атқанша  үйреніп  алып,  қалаға  келген 

соң нотасын қағазға түсіріп, өз атына жазып ала 

қоймайтынын, пасық жігіт Сейтеннің шындықты 

ешқашан  мойындай  қоймайтынын,  Күмісайдың 

ақиқат сөздерін шыбын шаққандай көрмейтінін, 

Сейтеннің  есіл-дерті  қандай  арам  жолмен  бол-

сын  атақ-даңққа  ұмтылу  екенін  мүлдем  естен 

шығарды.  Күмісай  Сейтеннің  табақтай  беті 

шімірікпей, -Жеңеше, сіз ештеме дəлелдей алмай-

сыз,  күй  менің  атыма  тіркелген,-деп,  мізбақпай 

қайталап  айтқанда  ғана  мұндай  пасық  жанның 

шындықты ешқашан мойындамайтынын түсінді, 

бірақ,  Күмісай  өзін-өзі  жұбатқандай  үй  ішіндегі 

балаларына болған жайды күрсіне баяндады.

-Мейлі, шындықты бетіне айттым, мүмкін 

Сейтен де адам баласы ғой, ойланар, ол Жақанның 

күйін  иемденіп,  беті  шімірікпей  «менің  күйім, 

өйткені менің атыма тіркелген» деп отыр, бірақ, 

сол күннің  куəсі болған менің бетіме тура қарай 

алмады,-деп,  Күмісай  кенже  баласына  күрсіне 

əңгімеледі.

-Апатай,  əкеміз  қайтыс  болды,  ол  кісі 

көзі  тірісінде  шындықты  ашуға  күреспеді,  енді 

қайтесіз,  мейлі,  сол-ақ  иемдене  берсін,  əйтпесе 

қан қысымыңыз көтеріліп, тағы ауырып қаларсыз, 

маған  бəрінен  де  сіздің  денсаулығыңыз  қымбат, 

-деп, əкесі Жақанға тартқан қараторы  ұлы толық 

денелі ақсары анасын аялай құшақтады.

-Шындықты айтпасам ішіме сыймады, ба-

лам.  Жақанның  жан  жүрегінен  жарып  шыққан 

күйін  əлдекімнің  иемденіп  кеткеніне  төзе  ал-

мадым,  мейлі,  бас  аман  болсыншы,  балаларым, 

сендер  аман  болыңдар,құлыным, -деп,  кенже 

ұлының бұйра шашынан еркелете сыйпады.

Күмісай қайтыс  болған  күйеуі шығарған 

күйін  даулап, шындықты  айтқанына түк  өкінген 

жоқ.  Өйткені,  көкірегі    ояу,  жан-дүниесі  пəк 

Күмісай  ақиқаттың  түбінде  ашыларына  сенімді  

еді. 

 *«Үркер»*№22014


27

Ќанатќаќты 



Ғани БЕЙҚҰТБАЙ 

1985 жылы Алматы облысы, 

Райымбек ауданы Кеген ауылында 

дүниеге  келген. 2009 жылы  Абай 

атындағы  Қаз  ҰПУ-  дың  жур-

налистика  факультетін  бітірген.  

2008 жылы аудандық  жас ақындар байқауында 1-ші орын, 

2009  жылы  бас  жүлдеге  ие  болған.  Облыс,  аудан  əкімінің 

Алғыс хаттарымен бірнеше мəрте марапатталған. «Аспан-

таулар аясында», «Айналайын ата мекен, ақ мекен», «Білім 

көкжиегі» атты кітаптарда топтама өлеңдері жарық көрген.  

Қазіргі  таңда  Райымбек    аудандық  «Хантəңірі»  газетінде 

жауапты хатшы қызметін атқарады. 

ОТАН

Отаным – Қазақстан, туған елім,

Тағамын жырдан алқа тұлғаңа өзім.

Тауларың еркелете құшақ  жайса,

Арманым асқақтаған қырда менің.

Отаным- Қазақстан, нұрлы мекен,

Төсіңде қызыл- жасыл гүлді кешем.

Сарқылмас саған деген махаббатым,

Көркіңді көңіліме күн ғып өтем.

Ґзіѕ болсаѕ толады 

кеудем гїлге

Ұлыңмын ертеңіне жол аттаған,

Аппақ бір арманыммен қанат қағам.

Туған жер- сен қымбатсың бəрінен де,

Отаным –  сенің орның бөлек маған. 

АРУЖАН

Айналаңда гүлге тұнып көктем тұр,

Күн көзі де елжіреп бір сепкен нұр.

Жақсы көрем бір өзіңді жаныммен,

Аружандай қарындасым, мөп-мөлдір.


28

Саған деген көңіліме жыр тұнды,

Жүрегім де өзің десе бұлқынды.

Сенің сəби қылығыңа не  жетер,

Қарашығым, қарындасым сүйкімді.

Аружандай қарындасым сүйкімді,

Тамашалап тұра берем ұйқыңды.

Сүйсінемін балдай тəтті күлкіңе,

Шаттанады жүрегіміз бір түрлі.

АНАМА

Анашым, арнай берем саған жырды,

Өзіңмен далам нұрлы, ғалам нұрлы.

Тірлікте пейіліңе жетер не бар,

Ұмытам өзің барда қаяу- мұңды.

Жол салдың мынау жарқын өміріме,

Не жетер мейіріңе, пейіліңе.

Жылынып оттай ыстық жүрегіңе,

Шомылам күндей болған көңіліңе.

Қуанышқа толтырар əр күнімді,

Саған арнап отырмын жанжырымды.

Жан анашым, тұрасың көз алдымда,

Бір өзіңнен тағылым алдым ізгі.

Шықсам деймін əрдайым қалауыңнан,

Саған арнап гүл жиям дала, қырдан.

Жүрем дəйім жақсылық тілеуменен,

Қуанышты көрсем деп қабағыңнан.

***


От боп жанған сезімнің еркі басым,

Қуанышқа жанымды толтырасың.

Неге екенін білмеймін қайда жүрсем,

Көз алдымда мөлдіреп сен тұрасың.

Секілдісің гүл толы арай бағым,

Көрінбесең жолыңа қарайладым.

Неге екенін білмеймін, қайда жүрсем,

Жан- жүрегім сағына сені ойладым.

Өзің болсаң толады кеудем гүлге,

Сен дегенде теңіз боп тербелдім бе?

Тылсым күшпен жаныңа тартып алдың,

Жүрегіме жол тауып сен келдің де.

***

Таңмен тұрып жүресің арайланып,



Ғажап күйге бөленем қарай қалып.

Сезімімді қалайша жеткізермін,

Бір өзіңді жүрегім қалайды анық.

Таңмен бірге жайнайсың жазғы бақтай,

Күлкің қандай сыңғыры бал- бұлақтай.

Сағынамын көзіме көрінбесең,

Жүрсең болды қалқам- ау, жан мұңайтпай. 

 *«Үркер»*№22014


29

Алыстан жеткен əѕгіме 

ШӨГІП 

  КЕТКЕН 



  ҚОС КЕМЕ

2012 


жылдың 

сəуірінде 

іссапармен 

Үрімжіде  болдым.  Мұхит  түбіне  шөккен  кеме 

«Титаник»  жайында  түсірілген  кино  қайталап 

қойылып  жатыр  екен.  Бұл  фильмді 1997 жылы 

алғаш рет көргендердің жүзінен жас моншағы до-

малап түскені əлі есімде. 

Содан  бері  мұндай  классикалық  көркем 

фильмдерді  əлденеше  рет  көрдім.  Əуелі,  бас 

кейіпкерлердің  ет  жүректі  езілтер  диологтарын 

жатқа  айтып  та  бере  аламын.  Сөйтсе  де, «Тита-

никты» тағы да көргім келіп, «тағы келдім, тағы 

да» деп жеттім.

Мектепте  жəне  университеттегі  ғашықтар 

жұп-жұптарымен  кинотеатрға  ағылып  барады. 

Олардың дені 1997 жылы тұңғыш қойылғандағы 

салтанатты  жағдайды  көрмегендер.  Мынадай 

қайталап қою оларға сенбідегі бекершілікті бекер-

ден шекерге айналдырғанмен бірдей еді. Маған да 

солай.

Кинотеатрдың  билет  кассасына  кірдім. 



Ұзақтан-ұзаққа  созылған  кезектің  соңында  ойға 

батып  тұрмын.  Не  ойлағанымды  да  білмеймін, 

тек біреу иығымнан қағып қалғанда ғана селт етіп 

ес жидым.

–  Ассалаумағалайкум! – бұрын  мүлде 

көрмеген  бір  сірінке  қаражігіт  сəлем  беріп  тұр. 

Біздің қазақ танымаса да сəлем бере береді емес 

пе.  Мен  де  сəлемге  сəлем  қайырған  болдым. 

Ақ  жарқын  жігіт  амандасуын  амандасса  да  сəл 

тартыныңқырап  қалды,  білем.  Қасындағы  қыз 

екеуі қатар күлімсірей қарап тұр.

– Сен айтшы, – деді сəлден соң қыз қысыла 

күліп. Жігіт басын шайқап сəл тұрды да, одан соң 

маған қазақшалап: 

–  Менің  ханзушам  жақсы  емес,  кешіріңіз! 

Біз  киноға  тұңғыш  рет  бірге  келіп  тұр  едік, 

өзіңізбен бірге бізге екі билет алып берсеңіз болар 

ма екен? 

Жігіт  қиыла  өтініп  осыны  айтты  да 

қалтасынан  майда  ақшаларын  алып  шығып 

маған ұсынды. Өзі қарапайым, күлкісі ақ жарқын 

мынау  сірінке  қаражігіт  маған  теріс  көрінбеді. 

Қасындағы  қызы  да  ару  мүсін  əдемі,  əдемі 

болғанда қор қызындай ғажап сұлу əрі өткір қыз 

көрінді.  Сахаралықтар  жанары  жануарлардікі 

секілді  тұнық  əрі  бүкпесіз  келеді.  Ханзу 

мəдениетінде, ханзулар тартыншақ, ғұндар өткір 

келеді делінеді. Егер сіз нақ сахарадағы қазақпен 



30

аралассаңыз,  оларда  да  сондай  бір  табиғи 

салқындық барлығын, мұндай салқындықтың өзі 

сондай  сұлулық  бағыштап,  əдептілік  айқындап 

тұратындығын байқайсыз.

Олар  жан-жағына  тартына  қарайды, 

қызбала  əлсін-əлсін  жеңіл  күрсініп  қояды,  олар 

бұл  киноны  көруге  расында  ынтызар  көрінеді. 

Сонымен  олармен  қазақшалап  сөйлесіп  кеттім. 

Екеуі де 1991 жылы туылған, менен екі жас кіші, 

екеуі  де  тауда  тұрады  екен.  Бұл  олардың  қалаға 

тұңғыш  келуі.  Екеуі  де  малшы  баласы.  Жігіт 

маған  өздерін  малшының  баласымыз  дегенді 

мақтанышпен лепіре айтты.

Көзімді  ашқаннан  бері  қазақтан  жырақ 

үлкен  қалада  өскендігімнен  бе  екен,  қарапайым 

да  тəкəппар  мынау  таулық  бауырластарымды 

көріп  көпкөрім  қуанып  қалғандаймын.  Аздан 

кейін  танысып,  шүйіркелесіп  кеттік.  Жігіттің 

əңгімесі  басталғанда,  кімнің  баласы  екендігін, 

руының «найман» екендігін, қалындығының руы 

«керей»  екендігін  айтып  үлгірді.  Қазақтар  осы-

лай. «Адам  баласы  сөйлескенше,  жылқы  бала-

сы  кісінескенше»  дейді.  Бейтаныс  болса  да  көне 

досындай  құшақ  жая  қарсы  алады.  Оның  өзімен 

ғана емес, ағайын-дос, жақын-жамағаттарымен де 

танысып үлгіресің.

Жігіттің  əкесі  биылдан  бастап  азын-

аулақ  саудаға  араласа  бастаған,  жігіт  əкесіне 

қолғанат  болып  қалаға  зат  əкелген.  Осы  жолы 

əкесіне қалындығын Үрімжіге апарып қыдыртып 

келейік  деген  ойын  айтқанда  əкесі: – Сөйте  ғой, 

қарағым,  қалаға  апарып  армансыз  сейілдет,  ел 

көріп,  жер  көріңдер, – деп  зор  қуаныш,  ыстық 

ықылас білдірген. Бұл қыз да болашақ атасының 

ықыласын естігенде қатты қуанды білем, өйткені, 

жігіт  осыларды  айтқанда  қыздың  беті  қызарып, 

бал-бұл жанып құлпырып, сұлуланып кетті.

Бұл  сұлулық  жан  жүректен  туындаған 

разы-қоштықтан 

менмұндалаған 

сүйініш 


сұлулығы еді. Сол сұлулық маған мынау Үрімжі 

таңсық емес, мені Үрімжіге əкелгенің, «маған» де-

ген көңілің ыстық, осы көңіліңді бақыт сезінемін 

–  деп  сөйлеп  тұрғандай.  Иə,  адамға  ең  керегі 

байлық пен мəртебе емес, адал көңіл ғой. Біз ке-

ремет кешулер керуенімен емес, адал адамдармен 

бірге жасаудан ғана бақыт табамыз. Амал нешік, 

мұны екінің бірі, егіздің сыңары біле бермейді.

Жігіт  менен  қайдан  келгенімді  сұрады. 

Бейжіңнен  келгенімді  айтқанымда  екеуі  де 

қуанып  кетті  білем,  қыздың  көздері  тіптен  жай-

нап кетті.

– Охо, Бейжің де, Бейжің біздің астанамыз, 

сол Бейжің бе? – деп сұрады қыз. 

–  Иə,  тек  бір  ғана  Бейжің  бар  ғой, – дедім 

мен. 


Жігіт  маған  шын  көңілмен  ақтарылып 

кетті:


– Не деген тамаша, бейжіңдік ағамен таны-

сып қалғанымды қара!

Бейжіңде 

туып-өскен 

маған 

шалғай 


шегарадағыларға  Бейжіңнің  не  керегі  бары 

түсініксіз.  Ханзушадан  мүлде  хабарсыз  болған 

үстіне,  қазірге  дейін  көрген  ханзулары  да  санау-

лы  екеудің  Бейжіңге  ынтықтығына  қайранмын. 

Бірақ, мұндай ынтықтың қайнары қайда екендігі 

маған түсініксіз. 

Қыз  жүгері  жармасына  тесіле  қарап  тұр 

екен,  менің  байқағанымды  сезді  де,  ұялып  көзін 

тайдырып  əкетті.  Жігіті  де  байқады  білем, 

қалыңдығынан жегің келе ме деп сұрады.

– Ананың не екенін білмей тұрғаным, – деді 

қыз.


– Ол жүгері жармасы, – дедім мен.

– Жүгері жармасы деген не? Енді жігіт таң 

тамаша болды. Бұған не десем болар, қабағымды 

түйіп аз-кем ойландым да:

– Жүгері жармасы деген жүгері жармасы да 

баяғы, – деп жауап қайырдым, үшеуміз де күліп 

алдық.

Əңгімеміз  жарасып  келеді,  кезек  те  бізге 



таяп қалды. Билет сатушы қандай орын алғымыз 

келетіндігін  сұрады,  мен  жігіттен  нешінші 

қатарға отырғылары келетіндігін сұрадым. 

– Бəрі де бола береді. 

– Бəрі де бола беретін іс жоқ, таңдауың ке-

рек.


Жігіт  сасыңқырап  қалды,  бұл  оған  ауыр 

міндеттей сезілсе керек.

– Ағай, өзің таңдай салшы, бізге бəрібір. Сіз 

қайда отырсаңыз, біз де сонда отырайық.



 *«Үркер»*№22014

31

Билет алдық, мен дəретханаға бармақ бол-

дым  да  оларға  кіре  берулерін  өтіндім.  Ал,  олар 

«сіз бастап кіріңіз» деп тұрып алды. Олар маған 

бейне бала бақшадағы сəбилердей, əрі қуанып, əрі 

жасқанып тұрған сəбилердей көрініп кетті.

Қайтып  келгенде  қолыма  үш  құмыра 

газдалған су алып алдым. Абажадай үлкен қағаз 

дорбамен  жүгері  жармасын  да  сатып  алғанмын. 

Екеуі қолымдағыларды көріп сасқалақтап қалды:

–  Аға,  несіне  əуре  болдыңыз, – деді  қыз 

ыңғайсызданып: – Мен бағана не нəрсе екен деп 

қана сұраған едім, – деді ол.

–  Сендер  қалаға  бүгін  ғана  келіп 

отырсыңдар,  ендеше,  менің  қонағымсыңдар.  Ет 

асып  мол  дастархан  жая  алмасам  да,  бір  дорба 

жүгері  мен  бірер  құмыра  газы  бар  сусындыққа 

шамам келеді, – дедім мен.

Қазақ  қарындасым  жүгеріні  ептеп  шайнап 

дəмін ала бастады. Дəмді ме екен деген сұрағыма 

басын изеген оның жүзінде кəмпит жеген баланың 

мəз күлкісі үйіріле қалды. Қыз сусындықты ішіп 

көрмеген, жігіті оған байқап ішуді, мұның қандай 

қиындығы  барлығын  айтып  жатыр.  Қыз  бір 

ұрттап алды да, айтқандай-ақ шашалып, жөтеліп 

алды.  Жүзінде  жайсыздық  ойнап  шыға  келді. 

Жігіті  екеуіміз  қарқылдап  күліп  алдық.  Жігіті 

маған:


–  Екі  айдан  соң  үйленеміз  аға,  тойымызға 

келе аласыз ба? – деді. 

Адам  баласында  «бал  бақыт»  деген 

бір  сезім  болады  ғой,  мен  дəл  қазір  дəл  сол 

сезімдемін.  Жігіт  елдегі  бір  жердің  атын  айтып 

жатыр. Ал, оның  қайсы  ауданның атын  айтқаны 

да  менің  құлағыма  кірген  жоқ.  Өйткені  ол  кез-

де  мен  Бейжіңге  қайтып  кетемін  ғой.  Тойлары-

на  қатынаса  алмайтындығыма  өкінетіндігімді 

айтқан  болдым.  Кинотеатрдың  ішіне  кіріп  келе 

жатырмыз.  Үйде  де  емес,  түзде  де  емес,  ерте  де 

емес,  кеш  те  емес,  ойда  жоқта  мынадай  тойға 

шақыру өте тамаша, ізгі ниетті сезілді.

Көп  рет  көргендігімнен  болар, «Тита-

ник» атты кино мені тебірендіре алған жоқ, енді 

ғана  табысқан  ғашықтардай  ыстық  сезілмейтін 

секілді. Жігіт жүгері жармасын бірнеше асап жеді 

де  қызға  берді.  Ал,  қыз  оны  жанындағы  маған 

беріп жатыр:

– Аға, сен де жеп көрші.

Дəл  осынау  сəт  маған  кинодан  əлденеше 

есе  ыстық  сезіліп  кетті.  Бəлкім,  есейгеннен 

кейін  экрандағы  өмірдің  жалған  екендігін  əбден 

білгендігімнен болар. 

Кино жүріп жатыр, менің назарым көбінесе 

екеуінде.  Олар  көздерін  бақырайтып  экранға 

тесіліп  қалған.  Экранда  «Титаник»  атты  кеме 

көрінгенде  қыздың  ауызы  аңқыйып  ашылып, 

таң-тамаша  болады.  Сірə,  мынадай  үлкен  кеме 

көрмеген  болса  керек.  Ирландия  биі  биленгенде 

де осынау бөгде мəдениетке мəз бола қарайды.

-Ана  жердегі  адамдар  да  біздің  қазақтар 

секілді  жиналып  би  билеп,  əн  айтады  екен-ə? – 

деді  қыз  маған  сыбырлап.  Иə,  қазіргі  қоғамда 

ең  əдемі  сөз-табиғилық,  ең  алғашқы  кіршіксіз 

момақан  табиғилық.  Мынау  қазақ  достарымды 

осылай айтсам артық етпейтіндей.

Қыздың көңілі баяғыда-ақ босап үлгерген. 

Тіпті  менің  ойлағанымнан  да  əлдеқайда  бұрын 

егіліп  кеткен.  Кино  экранның  алакөлеңке 

жарығында  оның  езіліп,  елжіреп  көз  жасын 

көлдетіп  отырғанын  көріп  қалдым.  Бұл  кез  «Ти-

таник» атты кеме мұз тауға əлі соғыла қоймаған. 

Трагедия басталмаған кез болатын. Мен одан неге 

жыладың деп таңдана сұрағанымда ол:

– Ана қыз асылында байдың балаларымен 

бірге  екен,  анау  кедей  бала  қызды  жақсы  көреді, 

қыз бала да сол кедей баламен бірге болғанда ғана 

өзін  керемет  көңілді  сезінеді.  Амал  не,  тағдыр 

оларды қосуға нəсіп етпепті. Əй, егер мен ана қыз 

болсам, қайғыдан езіліп өлермін-ау.

Қыз 


ханзушадан 

мүлде 


қарабайыр 

болғанның  үстіне,  бұл  киноны  бірінші  рет 

көріп  отырса  да,  уақиға  желісін  қалайдан-қалай 

мұншалық  айқын  түсінгеніне  қайранмын.  Мен 

одан бəсең дауыспен:

–  Киноны  ұғып  отырсың  ба? – деп 

сұрағанымда ол:

– Неге ұқпайды екенмін, мұндай істер біздің 

қазақта да баршылық, – деп жауап қайырды.

Кино  жүріп  жатыр,  анда-санда  қыздың 

өзіне  ғана  естілердей  сыбырлап  сөйлеп  қоямын. 

Кеме  дейсің  бе,  сəулетті  қонағасы  залы  дейсің 



Қанатбек ЖҰМАБАЙҰЛЫ. «Шөгіп кеткен қос кеме» 

32

бе,  осылардың  бəрі-бəрі  оған  ертек  секілді,  таң-

тамаша болып қайран қалып отыр. Ал, оның жал-

пы түйсігінің дəл ХХ ғасырдың басындағы Еуропа 

ақ сүйектері мен қазақ даласындағы малшыларға 

аумай ұқсап кеткендігіне қайран қалдым.

Бұрынғы 

бір 


майдан 

кинолармен 

салыстырғанда, 

бүгінгі 


бір 

майдан 


тым 

тынышсыздық  етті.  Көрушілер  кино  желісіне 

əбден қанық. Бірталай ғашықтар өздерімен-өздері 

сыбырласып,  сырласып  балқып  отырса,  енді 

бірсыпыралары кино сюжетін сөз етіп жатыр.

Кейбіреулері мынау əйел кейіпкер не деген 

семіз еді, Жек ана ағаш тақтайды сол семіздігіне 

бола  бермей  қойды-ау-а? – десе,  енді  біреулер 

бай-манап,  сал-серілердің  əңгімесіне  түсіп  кет-

кен. Олар əйел кейіпкерді əуелі бай-манапқа тиіп, 

оның  ақшасына  ие  болып,  жайы  жарасқаннан 

кейін ғана Жекке барды десуде.

Тағысын тағылар...

Құлаққа  түрпідей  тиген  бұл  болжамдар 

мені сан ойдың сүрлеуіне сүйреп барады. Он бес 

жылдың  алдында  біз  кедей  болса  да  кепілге  жа-

рар жандарға жанасуды қолдасақ, он бес жылдан 

кейін мінеки «аузы қисық болса да байдың баласы 

сойлесін» дегенге келіп отырмыз.

Қиял шіркінге қиыр жоқ қой. Мен анау 16-

17  жастардағы  балалардың  сөзіне  сенгім  келер 

емес.  Əне,  ана  біреуі  кеме  батып  бара  жатқанда 

құлап түскендерді көріп, қарқылдай күліп қолын 

ербеңдетіп айқайлауда:

–  Охо,  ананы  қара,  мəссаған,  ана  біреу 

əнеки оқтай атылып құлап барады, қол-аяғының 

тырбыңдауына  қарап  масқараның,  нақ  қызығы 

енді болады...

Менің қасымдағы мынау қазақ қыз бір ауыз 

сөз де ұққан жоқ, білем. Кино басталысымен жы-

лай бастады. Кеме суға батқанда тіпті солқылдап 

жылады. Қасындағы жігітінің беті де тарам-тарам 

жас, сонда да ғашығын:

–  Сүйіктім-ау,  мұның  бəрі  жалған,  жылап 

қайтесің? – деп жұбатқан болады.

– Беталды сөйлеме, мұның бəрі рас, – дейді 

қызы  жұлып  алғандай  ашу  аралас.  Киноның  не 

екенін  қыз  білетін  болса  керек.  Оның  «рас»  деп 

отырғаны кинодағы уақиғаның өзі емес, одан да 

арыдағы терең мағынаны меңзейді. 

Жігіт абдыраңқырап қалды, білем. Жалма-

жан: 


– Болды, болды, жылай бермеші. Дауысың 

шығып  кетті  ғой,  елден  ұят  болады, – деді  де, 

маған ыңғайсызданған халде:

– Ағай, келіншегім таулық болады, көп нəрсе 

көрмеген, сізден ұят болды ғой, – деп түсіндіріп 

жатыр.  Мен  маңайдағылардың  бəрінің  бейне  бір 

аң  көргендей-ақ  мынау  жылауық  қарындасқа 

қарап  қалғанын  сонда  байқадым,  олардың  бəрі 

таңғала қарайды. Менің мына жігітке :

–  Елде  нең  бар,  не  десе  со  десін,  тек 

емеурініңді  ғана  білдір.  Ал,  жарыңа  жаныңды 

қиятын бол! – дегім келіп-ақ кетсе де, дəл мына-

дай терең сөзді қазақшалап жеткізуге шамам кел-

мей тек күліп қана қойдым.

«Жігіттің  келіншегім»  деген  атауды 

тұңғыш рет ауызға алып тұрғанын кейін білдім.

Қасымдағы қыз менен:

–  Кинода  адам  өліп  жатқса  мыналар  неге 

күледі? – деп сұрамасы бар ма.

–  Олар  кинода  не  болып  жатқанын 

ұқпайтындар.  – Тек  осылай  ғана  жауап  беруіме 

тура келген секілді.

Сахарада  тұңғыш  танысқан  осынау  сəби 

мінез  сүйкімді  қарындасымның  көзі  бағжиып 

кетті:

–  Ұқпайтын  несі  бар,  кеме  батып  барады, 



адамдар өліп барады, – деді ол ойламаған жерден.

Қалай  жауап  берерімді  білмей  дағдарып 

қалдым.

Дəл осы кезде маған «Титаник» атты кеме 



біреу  емес,  екеу  болып  кеткендей  елестеп  кетті: 

біреуі – экранда батып бара жатқан «титаник те, 

енді біреуі – мынау қап-қараңғы кино залы.

Кинотеатр баяғыдай дабыр-дұбыр...

Тек кино тілін білмейтін жандар ғана өксіп 

жылауда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет