Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата03.03.2017
өлшемі1,24 Mb.
#7040
  1   2   3   4   5   6   7

ЖАСТАРДЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖУРНАЛЫ

Құрылтайшы жəне 

шығарушы:

«Қазақ газеттерi» 

Жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

 Редакторлар кеңесiнiң  

Төрағасы   — 

Бас директор 

Жұмабек 

КЕНЖАЛИН

Бас редактор

Қуандық Түменбай

Бас редактордың 

орынбасары –

жауапты хатшы

Жарас Сəрсек

Редакция  алқасының 

мүшелерi:

Қансейіт Əбдезұлы

Бектұр Төлеуғалиев

Өмірəлі Қопабаев

Əбiш Кекiлбайұлы 

Нұрлыбек Нəлібаев

Динар Нүкетаева

Мереке Құлкенов

Арман Қырықбаев 

Нұрлан Оразалин

Кенжехан Матыжанов

Əлішер Пірметов



Техникалық редактор

Жұмағазы Омарұлы

№2 (78)

2015


«Їркер» Жолдауєа 

їн ќосады

Қазақтың  кемеңгер  жазу-

шысы  Мұхтар  Əуезовтің  «Ел  бо-

ламын десең бесігіңді түзе» - деген 

қанатты сөзі бар.

Қазақстанның 

тұңғыш 


Президенті, ұлт Көшбасшысы Нұр-

сұлтан Əбішұлы Назарбаев Егемен 

еліміздің, Тəуелсіз мемлекетіміздің 

тізгінін ұстағанда  қазақтың бағына 

біткен  ұлы  қаламгердің  ұлағатты 

сөзін  өзінің  бұлтты  күндерде 

бағыттан бұлтартпас бағдаршамы, 

көзге  түртсе  көргісіз  түнекте  ада-

стырмас  темірқазығы  етіп  алған 

сияқты.


Себебі  сонау  бостандықтың 

бозала таңы атқалы өзіміз куə болып 

келе  жатқан  сансыз  оқиғалардан 

елін 


сүріндірмей, 

жұртын 


жұтатпай,  тектілерін  тентіретпей, 

серкелерін 

селдіретпей 

алып 


шыққан 

Елбасымыздың 

ұлы 

істерін ерлік демегенде не дейміз.



Тəуелсіз  Қазақстан  бодан-

дықтың 


бұғауынан 

босанған 

кезден  бастап  кездескен  барлық 

қиындықтардан 

қайысса 

да 


құламай, майысса да сұламай өтсе, 

ол сөз жоқ Елбасымыздың сындар-

лы  ішкі  жəне  сыртқы  саясатының 

ЖАҢА  ДƏУІРДІҢ 

ДАҢҒЫЛЫ

Закария СИСЕНҒАЛИ,

Жаңақала аудандық 

мəслихатының хатшысы


2

 *«Үркер»*№22015

жемісі екендігіне ешкімнің де дауы болмас. 

Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған 

кезекті Жолдауы – тарихи құжат қана емес, елімізді 

алыс  ертеңдерге  апаратын,  нұрлы  болашаққа 

жетелейтін, сөз жүзіндегі емес іс жүзіндегі баянды 

бағдарлама.

Бір  кездері  естіген  елді  есінен  танды-

рып,  қиял-ғажайып  ертегісіндей  болып  елесте-

ген  Елбасымыздың  «Қазақстан – 2030» атты 

стратегиялық  бағдарламасы  мерзімімен  жүзеге 

асқанына бүкіл ел куə.

Осы  жылдарда  егемен  елімізде  жүздеген 

денсаулық  сақтау  орындары  мен  мектептер,  бала 

бақшалар,  мəдени  орындар  мен  кітапханалар  бой 

көтерді.


Тұрғын  үй  проблемасы  қай  уақытта  да 

күрмеуі қиын күрделі іс болып келеді.

Елбасымыздың тікелей қолдауымен тұрғын 

үй  құрылысы  бұрын-соңды  болмаған  қарқынмен 

дамуда.

Ал  енді  Елбасы  Жолдауында  айтылғандай 



əлеуметтік  жалдамалы  баспаналарды  сатып 

алу  құқымен  ұзақ  жылға  жалға  беру,  бастапқы 

жарнаның  алынуы,  қаржыны  делдалдарсыз 

жұмсау  бұл  халыққа  көп  жеңілдіктер  əкелетін 

мəселе.

Осы  орайда  тұрғын  үй  қаржысын  тендерге 



салмай  жергілікті  жерлердегі  құзырлы  комиссия-

лар  арқылы  жұмсаса  баспананың  қол  жетімділігі 

мен  сапасы  да  жақсара  түсіп,  қаржы  орынсыз 

шашпашылыққа салынбас еді.

Елімізде  шағын  жəне  орта  кəсіпкерлікті, 

өндіріс  пен  ауыл  шаруашылығын  дамыту 

мəселелері де орасан зор қарқынмен дамуда.

Дүние  жүзінің  алып  державалары  қаржы 

дағдарысынан 

сансырап, 

көптеген 

елдер 


қорқаулардың  қолдарынан  қансырап  жатқанда 

елдің    инфрақұрылымы    мен  адамдардың 

əлеуметтік  мəселелеріне  миллиардтап  қаржы 

бөліп,  мынадай  алмағайып  кезеңде  елді  келелі 

де  кемелді  жолға  салу,  халқымызға  алдымен 

жаратқан иеміздің иіні түскені десек, ал сол Нұрлы 

Жолды – ел мұратына, жұрт мақсатына айналды-

рып отырған, ол - əлемдік деңгейдегі сұңғыла сая-

саткер, дара да дана тұлға – Елбасымыз. 

Ал осы миллиардтаған қаржы қайдан келіп 

жатыр?

Ешкім де Қазақстанға сырттан қаржы құйып 



жатқан жоқ.

Бұл – əрбір  Қазақстандықтың  маңдай  тері, 

табан ақысы. Яғни – ұлттық қорымыздағы қаржы. 

Ал  осы  ұлттық  қор  құрылғанда  не  айтылмады? 

Тіпті  сайлауға  түскен  белсенділер  жан  басына 

бөліп беру керек – дегенге шейін барды емес пе?

Бұл  да  Елбасының  көрегендігі  емес – деп 

ешкім айта алмас.

Ал, ұлттық қорға қол салу, ол – жақсылықтың 

нышаны емес. Мұндай əрекетке мемлекет басшы-

сы ең бір қиын-қыстау кезеңде барады. Сондықтан 

баршамыз  болып  ең  алдымен  сананы  өзгертуіміз 

керек.  Егер  осы  айтылғандарға  қолды  бір  сілтеп 

даңғаза  тірлікті  қуып  кетер  болсақ,  онда  сөз  жоқ 

тұралайтын боламыз.

Алдағы  жылдардың  қиын  боларын  Ел-

басымыз  да  айтып  отыр.  Жолдаумен  танысқан 

көкірегінде сəулесі бар əрбір адамның Нұрлы Жол 

–  халықтың  қамы  екенін,  Нұрлы  Жол – келешек 

ұрпақтың  таңы  екенін,  Нұрлы  Жол – Мəңгілік 

Елдің  жарқырап  тұрған  шамы  екенін  түсінбеуі 

мүмкін емес.

Биылғы жыл – ұлы мерекелер жылы. Тойдың 

көп болғаны жақсы, ал ойдың одан да көп болғаны 

тіпті жақсы. Сондықтан да атқарушы жəне өкілетті 

органдарымыз,  қоғамдық  ұйымдарымыз  болып, 

барша  жұртымыз  болып  Елбасымыз  белгілеп 

берген  тапсырмаларды  жүзеге  асыруға  жұмыла 

кіріскеніміз жөн.

Бірлігімізді 

бекемдейік, 

тірлігімізді 

көркемдейік!

Сонау  бір  шапқыншылық  шырғалаңында 

елді біріктіру мақсатында дүниеге келген «Қасым 

ханның  қасқа  жолы», «Есім  ханның  ескі  жолы», 

Əз-Тəукенің Жеті Жарғысы – халықты тура жолдан 

тайдырмай осы заманға жеткізсе, «Нұрсұлтанның 

нұрлы  жолы»  архитектурасы  мүлде  жаңарған, 

адамдары пенделік тірліктерден түгелдей тазарған 

жаңа дəуірге жеткізеді – деп сенеміз. Лайым да со-

лай болғай!

Батыс Қазақстан облысы


3

Бəрекелді!

Құдайға  шүкір,  білімді,  жігерлі, 

мəдениетті жас өрендеріміздің қатары жыл 

санап көбейіп келеді. Сондай өнерпаздардың 

бірі Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов 

атындағы  №86  мектеп-гимназиясының 

11-сынып оқушысы Ислам Сəрсенбек деуге 

толық негіз бар.  

-Менің  ұлымның  өмірге  келуінің 

өзі  бір  төтенше  жағдай.  Түсімде  алтын 

балық  ұстап  алыппын,  оған  Ислам  деп,-

деп  ат  қойып  жатыр  екенмін.  Содан  көп 

ұзамай  дүниеге  сəби  əкелдім.  Есімін  Ха-

лифа  Алтай  ата  мен  Бəтима  əжеміз  Ислам 

деп  қоюды  ұйғарды.  Кейінірек  тұсауын  да 

осы  кісілер  кесті,-дейді  Исламның  анасы 

Гүлстан  Зейноллақызы  өткен  кездерді  аса 

бір толғаныспен есіне алып.

Бес  жасқа  толған  кезінде  теледидар-

дан  «Адай»  күйін  естіп  анасына  «Мен  де 

домбырашы  болғым  келеді»  деп  қиғылық 

салыпты.  Бірде  бір  туысқанының  үйіне 

қонаққа  барғанда  домбыраны  көріп  Ислам 

айырылмай  қойыпты.  Ақыры  сол  сынық 

домбыраны үйіне алып келеді. Содан кейін 

үй ішінде киелі ұлттық аспапты саусағымен 

шертіп,  дыңғырлатып  жүретін  болған 

екен.  Домбыраға  деген  ерекше  ықыласын 

байқаған  ата-анасы  оны  мектептегі  дом-

быра  үйірмесіне  жаздырады.  Бастауыш 

сыныпта  жүргенде-ақ  талай  байқауларға 

қатысқан  Исламбек  өсе  келе  аудандық, 

қалалық, республикалық өнер жарыстарын-

Ислам  СƏРСЕНБЕК – 

    тума 

  талант


4

 *«Үркер»*№22015

да бəйгені бермеді. Кейін Исламның талан-

тын таныған өнерпаздар оны елімізге таны-

мал  күйші  Айгүл  Үлкенбаеваға  көрсетуге 

кеңес  береді.  Сөйтіп  дəулескер  күйшінің 

өнер студиясында дəріс алады. 

2008  жылы  Тайландта,  Индонезияда 

өткен бүкілəлемдік өнер фестивалінде лауре-

ат атанды. Ал, 2011 жылы Израильде болған 

əлем  халықтары  шығармашылықтарына 

арналған байқауда аспапта ойнау бойынша 

бас  жүлдені  жеңіп  алды. 2012 жылы  Ис-

панияда,  Францияда  өткен  бүкілəлемдік 

балалар  мен  жасөспірімдер  байқауының 

жүлдегері  болды.  Осылайша  көптеген  шет 

елдерде  қазақтың  қара  домбырасының 

құдіретті əуен төге алатынын көрсете білді. 

Ислам  Сəрсенбектің  домбыра  шертуіне 

сөйтіп əлем халықтары сүйсінді. 

-Он саусағынан күй төгілген осындай 

шəкіртіміздің  бар  болғанына  мақтанамыз,-

дейді 


мектеп-гимназия 

директорының 

ғылыми-əдістемелік  істер  жөніндегі  орын-

басары Гүлзира Молдабайқызы. 

«Жігітке  жеті  өнер  де  аз»  дегендей 

Ислам қолы сəл қалт етсе сурет салу, мұзда 

сырғанау, шахмат, жүзу, домбыра жасау, би 

үйірмелеріне  де  қатысады.  Ешқашан  шар-

шадым деп айтпайды. Ойына бірнəрсе алды 

ма, содан əрдайым нəтиже шығаруға тыры-

сады.  

Таяуда  білім  ұясында  жас  таланттың 



шығармашылық  кеші  өтті.  Исламның 

17  жасқа  толуына  əрі  өнерін  шыңдау 

мақсатына 

орай 


өткізілген 

осынау 


концертті  «Дарын»  мемлекеттік  жастар 

сыйлығының  лауреаты,  дарынды  дом-

бырашы  Айгүл  Нариманқызының  өзі 

жүргізіп  отырды.  А.Жұбанов  атындағы 

өнер 

мектебінің 



қобызшылары, 

№2 


Оқушылар  үйіндегі  домбыра  оркестрінің 

жетекшісі  Тасқын  Əлімбайдың  шəкірті, 

халықаралық  байқаулардың      жеңімпазы  

Жаншырақ    Тұрсынəлі,  Олимпиадалық 

комитет  төрағасының  орынбасары  Анатөлі 

Құлназарұлы,  «Керулен»  ансамблінің 

ұжымы  жəне  тағы  басқа  өнерпаздар 

қатысқан басқосуда көпшілік Исламға ақ жол 

тіледі,  өнеріне  сүйсінді.  Қазіргі  таңда  Ис-

лам мектепті ойдағыдай аяқтау мен ұлттық 

бірыңғай  тестілеуді  жоғары  дəрежеде  тап-

сыру үшін үлкен əзірлік үстінде.

Ендеше,  іске  сəт,  Ислам!  Өнерің  өрге 

жүзсін!  Еліміздің  бағына  туған  баланың 

болашағы жарқын болғай! 

Салтанат ҚАЖЫКЕН  


5

Біздіѕ сўхбат 



-  Ойнаған  рөлдеріңіздің  ұзын-саны 

қанша?

-  Эпизоды бар, ойнаған рөлдерім бар 50–

ден асып, 60-қа жетіп қалды-ау.

-  Бұл аз ба, көп пе?

-  Көп деп те, аз деп те айта алмаймын. Бір 

адамға  жеткілікті.  Менің  жасымдағы  адамға 

болатын шығар деймін.  



-  Жаныңызға 

жақын 

образды 

атасаңыз.

-  Маған осы сұрақ көп қойылады. Менің 

жанымнан  туғаннан  кейін  барлық  образ  менің 

жаныма  жақын.  Ұйқысыз  өткен  түндерім  бар, 

ұйқысыраған  күндерім  бар,  барлық  рөлге  бар 

күш-жігерімді салып дайындаламын. Сомдаған 

рөлдерімнің  ешқайсысын  бөліп-жарып  көрген 

емеспін.  Мүмкін,  көрермен  «Бекжанның  мына 

рөлі жақсы шықты»  деп айтар, өзім айта алмай-

мын. 


-  Сіз 

жатырқаған 

немесе 

Сізді 

жатырқаған образдар болды ма?

Бекжан ТҰРЫС – актер, «Дарын» мемлекеттік 

жастар сыйлығының лауреаты:

-  Менің  кəсібім  осы  емес  пе?!  Ешқандай 

рөлді  жатырқамаймын.  Мен  тек  берілген 

жұмысты  жауапкершілікпен  атқаратын  адам-

мын.  Əрине,  əр  образды  тудырудың  өзіндік 

қиындығы  бар.  Еңбектенген  адам  қандай  бол-

масын  образды  шығарады.  Биікке  жетудің 

мақсаты  да  сол:  талап  пен  еңбек.  Осы  екеуі 

арқылы бəрін жеңуге болады. 



-  Арнайы сізге жазылған пьесалар бар 

ма?

-  Арнайы маған жазылған пьесалар жоқ.



-  Неге үнемі қарт бейнесін сомдайсыз?

-  Шынымды  айтсам,  мені  осы  сұрақ 

жалықтырды.  Халық  теледидардан  қарт  

бейнесінде  көргеннен  кейін  бе,  көрерменнің 

алдында  қарт  бейнесінде  қалып  қалған 

шығармын. Ал театрдан қол үзбейтіндер, менің 

қарт рөлінде ғана емес, қаншама жастың рөлін 

сомдап  жүргенімді  біледі.  Қазір  Шəмшіні, 

Мұқағалидағы  Бағдат  композиторды  сомдап 

жүрмін, Əңгүдігім бар, т.б. образдарым бар. Неге 

«БАЙЛЫҚТЫ 

ДӘУЛЕТПЕН, 

БИЛІКПЕН ӨЛШЕП 

КӨРГЕН ЕМЕСПІН»



6

 *«Үркер»*№22015

сол туралы айтпайды?!Мен барлық рөлді бірдей 

алып жүрген адаммын. Актер рөл талғамайды. 

Мұнда тек қана шынайы шеберлік қажет. Менің 

шешек  атқан,  шеберлікке  шыңдалған  жерім 

осы  театр  болғандықтан,  қартты  да,  жасты  да 

халыққа жеткізіп орындауға барымды саламын. 

-  Образға  кіру  бар  да,  образдан  шығу 

бар. Өзіңізге қайсысы қолайлы?

-   Əрине, образдан шығу оңай, ал образға 

кіру  қиын.  Əрбір  образдың  ішкі  жан  дүниесін 

ашу  үшін  мазасыз  еңбек  етесің.  Оның  ішінде 

эмоциялылары  бар,  жүйкеге  де,  жүрекке  де 

салмақ салады. Осының бəрі актердің жүрегінен 

өтіп  жатады.  Талантты  адамдардың  жүректен 

кетіп жататындығы да содан шығар деп ойлай-

мын. 

-  Кино  көресіз  бе?  Қандай  фильмдер 

ұнайды?

-  Уақытым  келгенде  көремін.  Қазіргі 

спецэффектілермен  жар-жұрқ  еткен  фильм-

дерге  қарағанда,  бұрынғы  Кеңес  дəуіріндегі 

өзіміздің  қазақтың  жанына  жақын  үздік 

көркемфильмдерді,  орыстың  киноларын,  ко-

медияларын  көргенді  жақсы  көремін.  Əрине, 

уақыт тауып жатсам.     



-  Өзіңізді кино əлемінде сынап көргіңіз 

келмей ме?

-  Түспедім  демеймін,  Құдайға  шүкір, 

біраз  киноларға  да  түстім.  Бүгінде  кино,  сери-

ал  көп,  ертегі  сияқты.  Қарап  отырып  қарның 

ашады.  Бұрынғы  қазақ  киносында, «Менің 

атым Қожа», «Тақиялы періште», «Қыз Жібек» 

сынды киноларымызда қазақтың өмірі бар еді. 

Қазіргі  киноларымыздан  сондай  қазақылықты 

көре  алмаймыз.  Жаңашылдыққа  ұмтылады, 

жаңа  дүние  жасағысы  келеді.  Жаңалықтарға 

барудың өзіндік жолы бар. Мен ылғи «Талант-

ты  адамға  шектеу  қоймау  керек»  деп  айтып 

отырамын.  Жаңа  заманның  ағымына  қарай 

кетпей,  өткеннің  өнегесінен  үлгі  ала  отырып, 

жаңа биікке ұмтылуымыз керек. Кешегі Елубай 

ағаларымыздың  ойнаған  «Атамекені»  қандай 

ғажап, тарихы қандай керемет. Тура сондай ки-

нолар болып жатса, мен бас тартпас едім. 



-  Ұлыңыз  Мағжанның  кино-актер 

ретіндегі қадамына бағаңыз?

-  Оған  баға  беруге  əлі  ерте.  Ол  актер  де 

емес. Рас, кішкентайынан театрда өсті, осындағы 

аға-апалардан тағылым алды. Өнерге бір табан 

жақын  болды.  Кішкентайынан  өнермен  ауыр-

ды.  Есейгеннен  кейін  Мағжанға  «Бір  үйге  бір 

өнер  адамы  жетеді.  Қазіргі  кезде  техникалық 

мамандар  аз.  Сен  осы  техникалық  Оқудың 

біреуін оқысаң», - дедім. Өйткені өнердің жолы 

жеңіл жол емес, тартар тауқыметің, жүгің де екі 

есе ауыр болады. Қазір қарап отырсаң, өнердің 

өзі  де  ұсақталып  бара  жатқандай.  Сондықтан 

баламды  өнерге  жолатқым  келмеп  еді,  өзі 

тығылып касингтерге қатысып, киноларға түсіп 

жүр. Биыл соңғы курсын аяқтайды. Бізге қазір 

«Бұл  сіздердің  дипломдарыңыз,  мен  сіздердің 

қас-қабақтарыңызға  қарадым.  Енді  өзімнің 

таңдаған, сүйген мамандығыма, Өнер институ-

тына барам» деп əңгіменің шетін шығарып жүр. 

Енді амалымыз жоқ, көнеміз. Бəрі бір Алланың 

қолында, алдағыны болашақ көрсетер. 

-  Мағжанға көп ақыл айтасыз ба?

-  Қолымнан  келгенше,  көп  ақыл  айта-

мын. Біз өмір сүріп жатқан сұрықсыз қоғамда, 

адамдардың  бойында  безбүйректік,  қатігез, 

қулар  мен  сұмдар,  жағымпазданып  жарапа-

зан  айтып  жүрген  адамдар    көбейіп  кетті. 

Мен  осыдан  сақтану  үшін  айтамын.  Кейде 

кітап  оқытқызып  қоятыным  бар.  Бізді  ата-ана-

мыз  адалдыққа  тəрбиеледі,  адалдықты  идеал 

қылып  өскен  адамбыз.  Сондықтан,  Мағжанға 

да  «Сенің  идеалың  адалдық  болсын»  деймін. 

Өзі де ақылсыз емес шығар, көңілі тоқ болар.



-  Ол сізге ақыл айта ма?

-  Жоқ.  Маған  ақыл  айтатындай  жаста 

емес қой, ақыл айтып көрген емес. Бір рет қана 

бір  сөзбен  жыққаны  бар.  Сəл  жастау  еді,  ау-

ылда  өсті.  Бəрі  ауылдан  бері  қарай  қашса,  ба-

лам  керісінше  ауылға  қарай  қашады.  Үш  күн 

демалысқа  шықса,  ауылға  тартып  отырады. 

«Не  бар  кешке  дейін  ауылда»  деп  жібермей 



7

Бекжан ТҰРЫС. «Байлықты дəулетпен, билікпен өлшеп көрген емеспін»

қойғанымда: «Сіздің  де  шыққан  жеріңіз,  тал 

бесігіңіз  сол  ауыл  емес  пе,  əке.  Тас  қабырғада 

қамап 


қойып, 

тасбауырға 

айналдырып 

жібердіңіз  ғой», - деген  болатын.  Содан  кейін 

мен оған ондай сөздер айтпайтын болдым.

-  Кітап оқисыз ба?

-  Жиі оқимын деп айта аламын. 



-  Ең  сүйікті  ақыныңыз?  Жазушыңыз 

ше?

-   Бар  қазақтың  ақыны  Абайды

Мұқағалиді,  Фаризаны,  Есенқұлды,  Темірхан 

Медетбекті, Иран Ғайыпты, өзіндік қолтаңбасы 

бар  Жарас  Сəрсекті,  Бақыт  Беделханды, 

Қалқаман Саринді оқимын. Қазіргі ақындарды 

сыйлаймын, не жазды екен деп үңіліп тұрамыз. 

Ағаш  биіктеген  сайын  тамыры  тереңге  тар-

та  береді  ғой.  Ал  жазушылардан  Əуезовтен 

бастап,  Оралхан  Бөкейді,  Əбіш  ағамыздың, 

Шерхан ағамыздың, Шыңғыс Айтматовтың ау-

дармаларын,  Қалихан  ағаның  шығармаларын 

жақсы көремін.    

-  Рөлдеріңіздің  сыналған  кезі  болды 

ма?

-  Əрине,  онсыз  болмайды.  Сын  естіген 

кездерім болды, сын арқылы түзелген кездерім 

болды.  Сын  деген  жақсы  ғой.  Мен  кейде  сын-

ды  өзім  сұрап  аламын,  себебі  сынмен  өскен 

адаммын.  Ағаларымыздан  «Қай  жерім  дұрыс 

болмады,сын  айтыңызшы  маған»  деп  сұрап 

отырамын. Сын адамды тазартады. Сұхбат бер-

генде бəріміз əдемі сөйлейміз, бірақ сөзіміз бен 

ісіміз сай емес. Сұхбат бергіштер де «Сын адам-

ды түзейді» деп отырады. Сол кісілердің өзіне 

сын  айтар  болсаң,  жағаңызға  жармаса  кетеді. 

Сондықтан мен сұхбат бергенде өзім қате кет-

кен,  кем  болған  тұстарымды  ылғи  қадағалап 

отырамын.  Əшірбек  ағамыздың  жақсы  сөзі 

бар:  «Сын  көрмеген  актер – жауын  көрмеген 

жаратылыс  сияқты».  Сол  кісінің  жақсылап 

тұрып: «Сен  Бекжан  нағыз  Ақанды,  Сырым-

ды,  Ричардты  ойнайтын  шағыңда,  шалдың 

рөліне  кетіп  қалған  жоқсың  ба?!  Режиссермен 

сөйлес», - деп  сынағаны  бар.  Ол  енді  менің 

қолымда емес қой. Маған мұндай болмайды деп 

қашанғы жағаласам. Берілген жұмысты атқару 

керек.  Рас,  зар  жылаған  кездерім  болды.  Бірақ 

қандай іс, қандай рөл болмасын шегіне жеткізіп 

шығаруға тырысамын. Менің ұстаған мақсатым 

да сол. 

-  Жалпы сынға қалай қарайсыз?

-  Сынға  көзқарасым  түзу.  Шəкəрімнің 

«Кім  сенің  мініңді  тауып  сын  айтса,  сен  сол 

адамның  аяғына  құла»  деген  сөзі  бар.  Бізде 

қазір  ондай  жоқ.  Актердің  кемшілігі  не  десе, 

ылғи  мақтау  күтіп  отыратындығы,  бірдеңе 

дəметіп отыратындығы дер едім. Сын айтқанға 

шап  ете  қалатын,  ренжіп  қалатын  жастар  көп. 

Бір  жерің  ауырып  ауруханаға  барғаныңда, 

дəрігер  жүрегің  я  бүйрегің  ауырады  деп  диа-

гноз қойса, емдеу керек десе емдейміз ғой. Сын 

да сол сияқты. Бір қораз «күн менің дауысымды 

есту үшін шығады» деп өзін-өзі сендіріп алып-

ты.  Сол  сияқты  даңғазалар  мен  өркөкіректер 

көбейген заман. 

-  Атаққа көзқарасыңыз?

-  Алып  алғаннан  кейін  солай  ай-

тады  дейтін  шығар,  бірақ  осыған  дейінгі 

сұхбаттарымда  айтқанмын.  Мен  атақпен 

ешқашан ауырған емеспін. Ауырмаған себебім, 

мені  тəрбиелеген  ұстазым  «Балам,  сенің 

бойыңда Алланың берген таланты бар. Мен сені 

осы қара шаңыраққа, театрға алып келемін. Сен 

кешегі Елубайлардың ізбасарысың. Əр өнердің 

келешегін  əрі  қарай  жалғайтын  сендерсіңдер. 

Сондықтан  сол  жерде  қызмет  ет.  Өнердің 

баспалдағын  аттағанда  да  «Біссміллəңді»  ай-

тып атта, балам», - деген. Шолпан апамды тірі 

кезінде  де  қатты  қадірлейтінмін,  ылғи  да  сол 

кісінің рухына құран бағыштап отырамын. Та-

лантпен жарқырап шығып жатсаң «атақ» деген 

ауру болады. Ол – індет. Егер өнеріңді көрсетіп 

жатсаң, сол атақты саған табаққа салып əкеліп 

береді. Шынымен солай. Мен атақ үшін қызмет 

еткен емеспін, атақ мен үшін қызмет етті десем 

болады. «Дарынның» өзін алған кезде де менің 

жасым өтіп кеткен. Комиссияның мүшесі Болат 



8

 *«Үркер»*№22015

Атабаев  «Бұл  атаққа  Бекжан  лайық,  бұлар  əлі 

жас қой» деп жасым өтіп кеткен кезде «Дарын» 

мемлекеттік  жастар  сыйлығын  берді.  Үйде 

демалып  жатқанымда,  Мұқағали  ағамыздың 

кешіне 


шақырып, 

Мұқағали 

атындағы 

сыйлықты берген болатын. Бұл да маған деген 

сый,  талантқа  деген  құрмет,  өнерге  деген  баға 

шығар. Оның үстіне атақты лайық адамдар да, 

лайық емес адамдар да алады. Қандай керемет 

атаққа  лайық  адамдар  атақсыз  жүр.  Досбол 

бидің əдемі бір айтқан сөзі бар: «Біздің кезімізде 

бақ сұңқар құс сияқты еді, биіктерге қонатын. 

Ал  қазір  қара  шыбын  сияқты,  қай  жер  сасық, 

сол  жерге  қонады».  Сол  сияқты,  кім  көрінген, 

еңбек  еткені  де,  етпегені  де  атақ  алып  жатыр. 

Ол атақтың бір тиынға да қажеті жоқ. Альберт 

Комюдің «Атақ деген – қоғамдық ортаның ой-

лап тапқан ойыншығы» деген сөзі еске түседі. 

Мағжанның «Мен үшін атақ елім үшін өлгенім» 

дегені  сынды,  ең  бастысы  қызметіңе,  ұлтыңа 

адал  болсаң,  халық  өзінің  шын  сүйген  ұлына 

жүрегінің төрінен орын береді. Мен үшін атақ 

сол. Ұлтыма, театрға, қазаққа, кейінгі ұрпаққа 

аманатты аманат қып жеткізе алсам болды. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет