Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң


-  Өзіңізді атақтымын деп ойлайсыз ба?



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата03.03.2017
өлшемі1,24 Mb.
#7040
1   2   3   4   5   6   7

-  Өзіңізді атақтымын деп ойлайсыз ба?

-  Жоқ.  Атақтымын  деп  есептемеймін. 

Мен  қарапайым  жанмын,  Бекжанды  білетін 

жұрттың бəрі солай айтады. Достоевский адам-

дарды табаны жерге тиіп тұрғандар жəне тимей 

тұрғандар деп екіге бөлген.  Табаны жерге тиіп 

тұрғандар ұлттың қамын ойлайтындар, ұлттық 

рухты  биік  ұстайтындар.  Ал  табаны  жерге  ти-

мей  тұрғандар  солардың  үстінен  қарағысы 

келетіндер, етікшінің пиғылындағы депутаттар 

мен  уəзірлер  деген.  Құдай  ондайдан  сақтасын. 

Мен  осындай  дəрежеге  жетіп  жатсам,  елімнің 

арқасы.  Ешқашан  көпке  топырақ  шашқан 

емеспін. 



-  Сізді ренжіткендер болды ма?

-  Əрине,  өмір  болғаннан  кейін  бəрі  бо-

лады.  Абай  атамыздың  əдемі  сөзі  бар  «Дəмі 

қашпас, бұзылмас тəтті бар ма». Дəмдінің ащы 

болатын кездері де болады. Өмір де солай, бірде 

күні  түссе,  бірде  көлеңкесі  түседі,  қуанышы 

мен  қайғысы  қатар  жүреді.  Сатқындықты, 

əділетсіздікті көрген кезде ренжисің. Бірақ мен 

нақақ кеттім-ау деп ешқашан біреуге мұңымды 

шағып  көрген  емеспін.  Себебі  ол  менің 

қателіктерімнің жиынтығы шығар. «Жақсылық 

көрсең  де,  жамандық  көрсең  де  өзіңнен»  деп 

шешеміз  айтып  отыратын.  Бұл  кішкентай  бір 

қиянатымның қайтарымы шығар. Бəріне уақыт 

емші ғой. Мен Мағжанға «Өмір деген бірде сай-

ран, бірде мұң. Қарапайым күн кешу – ол нағыз 

даналық, қарапайымдылыққа үйрен», - деп оты-

рамын.  Ұлымның  анасына  тартқан  тік  мінезі 

бар,  бетке  айтады,  ал  мен  адамды  ренжітуден 

қорқамын,  көңілдеріне  қараймын,  кейде  айта-

тын нəрсемді айтпай қаламын.

-  Өзіңіз кімдерді ренжіттіңіз?

-  Мен  ешкімді  ренжіткен  жоқпын. 

Адамды  ренжітуге  қорқамын.  Бірақ  мені 

ренжіткендер  көп  болды.  Менің  дастарханым-

нан дəм татып отырып, сатып кеткендер, саты-

лып кеткендер көп болды. Қазір қоғам сондай, 

қарап отырсаң, надандыққа бой алдырып сату 

мен  сатылу  көп.  Құдасы  əкім  болса,  Құдайын 

ұмытып  кететіндер,  нанға  тойса  намысын 

сататындар,  атқа  мінгесін  анасын  ұмытып 

кететіндер  көбейді.  Қазақ  деген  таза  халық 

қой. Ылғи үйімде Жарас Сəрсектің тазалығын 

мысалға  келтіріп  отырамын.  тіршілікте  адам  

бірін бірі бағалай алмайды, асылдарды ғасырлар 

өткеннен кейін ғана бағалап жатамыз. Неге со-

лар  туралы  айтпасқа.  Біздің  ауыл  сондай  таза 

болатын.  Қулығы  жоқ.  Бұзылса  енді  бұзылып 

жатқан  шығар.  Біз  нағыз  ардың  сүтімен 

ауызданғанбыз. Бүгінде іріп кетіп жатса, кейбір 

аналардың  қателігі  шығар.  Ұлттың  ұлт  болуы 

анадан.  Жарас  та,  мен  де  сондай  адамдармыз, 

біреудің  көңіліне  қаяу  салып  көрген  жоқпыз. 

Ол – шындық.

-  Кешірім сұрай, кешіре білесіз ба?

-  Кешіре  білемін.  Əрине  алғашында 

кешірмейтіндей боп көрінесің. Бірақ біз имани, 

иманға жақын адамдармыз ғой. Бірақ сені сатып 



9

Бекжан ТҰРЫС. «Байлықты дəулетпен, билікпен өлшеп көрген емеспін»

кеткен  адамдарға  сақтықпен  қарайтынымыз 

рас.  Кешірім  адамның  ең  бірізділікті  нəрсесі. 

Кешірім  де  сұрай  аламын.  Айдың  да  бетінде 

дақ бар.

-   Аға  болған  жақсы  ма,  іні  болған 

жақсы ма?

-  Аға  болған  ауырлау  шығар.  Өйткені 

оның  салмағы  үлкен.  Сондықтан  іні  болған 

жақсы  сияқты  маған.  Мені  оқытқан  ұстаздың 

бірі Асқар Тоқпанов болатын. «Қарттыққа осы 

бастан  дайындалу  керек»  дейтін.  Сонан  кейін 

де  шығар  біздің  ақсақалдарымыздың  ақсақал 

бола  алмай  жүргені.  Əрине,  өмір  бақи  іні  боп 

жүре алмаймыз. Дайындалу керек. Əйтпесе, іні 

боп жүрген жақсы ғой.



-  Інілеріңіз көп пе, ағаларыңыз көп пе?

-  Құдайға шүкір, аға да, іні де баршылық.



-  Достарыңыз да баршылық шығар?

-  Сенсеңіз мен өзі 40 жасыма дейін адам 

ажыратып  көрген  жоқпын.  Адам  баласының 

барлығын  өзіме  дос  санайтынмын.  Үйдегі 

жеңгеңнен  сұрасаңыз  да  айтады.  Біреуге  біреу 

жамандық  жасайды-ау  дегеннен  ада  болып-

пын.  Адамдардың  қу  болатынын,  сұм  болаты-

нын  осы  жасыма  дейін  ойламаппын.  Анадан 

байқап  жүрсейші  дегендердің  аузын  бұзуға 

дейін  бардым. «Сен  қалай  айтасың,  ол  адам 

ғой», - дейтінмін. Есейген кезде, мені сатқандар 

болған кезде есімді жия бастадым. Содан бері, 

шын,  адамдарға  сақтықпен  қарайтын  болдым. 

Көп деп те айта алмаймын. Бұрын көп болған, 

қазір шынайы бірнеше досым бар.

-  Олар сізге адал ма, өзіңіз ше?

-  Досым  болғаннан  кейін,  қаптаған 

достың  ішінен  санаулы  бір-екеу  қалғаннан 

кейін, адал шығар, олар маған шынайы дос деп   

ойлаймын.  Менің  адалдығымды  достарым-

нан  сұрау  керек  (күледі).  Достыққа  құрметпен 

қараймын. 

-  Рөлдеріңізге қарап Сізді дайын тұрған 

ақсақал деуге бола ма?

-  Біз  ақсақалдардың  ізін  көріп,  қолына 

су құйып өстік. Сол кісілерден шежіре тыңдап, 

батасымен  өстік.  Одан  жаман  болған  жоқпыз. 

Шынтақтап  жатқызып  оларға  талай  терме 

айтқыздық.  Кешегінің  арты,  бүгінгінің  қарты 

санаулы  ғана  қалды.  Біз  ақсақалдарға  зəруміз. 

Баяғыда  бүкіл  облыс,  аймақ  ақсақалдарға 

бағынушы 

еді. 


Қазіргі 

ақсақалдарымыз 

балаларының  қамын  жасау  үшін  əкімдерді 

жағалап  жүреді.  Бас  ұстаса,  балаң  бəтуалы 

болсын  деп  бəтуалы  бата  беретін  ақсақалдар 

жоқ.  Қазыналы  қарттар  болмаса,  топта  бере-

ке  болмайды.  Сөз  айта  алатын,  аузы  дуалы, 

елді  ынтымақ  пен  бірлікке  шақырып,  əр  қазақ 

менің жалғызым деп, бар қазақты бауыр тұтуға 

тəрбиелейтін ақсақалға жолықсаңыз рухты емес 

руды  ойлайды.  Қайсы  рудансың  деп  сұрайды. 

Тойға  барсаң  да,  өлім-жітімге  барсаң  да  жоқ, 

сондай  топтың  алдында,  шыны  керек,  ақсақал 

болып  кетемін.  Батасын  беремін,  ақылымды, 

білгенімді айтамын. Алладан сол ақсақалдыққа 

жеткізсе екен деп тілеймін. 



-  Ауыл  ақсақалдары  аласарып  кетті 

деп қамықпайсыз ба?

-   Арақпенен  санамыз  уланды,  рухы-

мызды  төмендетіп  алдық.  Өткенде  бір  əңгіме 

шықты. Бесіктен безінген безбүйректер бесікті 

зиян деп тауыпты. Соның бəрі қазақ. Ол кімге 

керек    болды?  Кешегі  Шоқан,  Фарабилер  сол 

бесікте  жатқан  жоқ  па?!  Пайғамбарымыз  да 

бесікке  тербеліп  жатқан  жоқ  па?!  Ол  кезде  ба-

лаларда омыртқа ауру деген болды ма? Арқасы 

тік,  асты  құрғақ,  қазір  химиялық  дүниелерді 

кидіріп қояды. Ертең ұлтымызда ұрпақ қалмай 

қала ма деген қорқыныш бар. Əуезовтың өзі «Ел 

болам десең бесігіңді түзе» деп айтып кеткен. 

Ұлттың ұлт болмағы əйелден. Əжелеріміз 

айтып  отыратын  бесік  жыры  қандай  əдемі. 

Бесік  жырына  елтіп  өстік  қой.  Ұлым  Мағжан 

10  сыныпқа  дейін  менің  шешемнің  қойнына 

жататын.  Қазақта  қасиетті  мінездер  көп, 

мейірімді болып өседі. Ондай түгілі қазір бала 

емізбейтіндер  бар,  қырқынан  шығарғаннан 

кейін бөлек жатқызады. Уызға жарымаған бала 

қандай болып өседі? Ұлыңды ұлша тəрбиелесең 



10

ұл болып өседі, құлша тəрбиелесең құл болып 

өседі. Жалпы барлығын отбасындағы тəрбиеден 

бастау керек. 



-  Ауыл – ана ма, бала ма?

-  Ауыл – ана!



-  Оған  дəл  қазір  қандай  қамқорлық 

қажет?

-  Иə,  қазір  ауылдағы  тоқтап  қалған 

кітапханалар, мəдени ошақтарды қайта ашу ке-

рек. Ауыл – алтын бесік қой. Оған көп көңіл бөлу 

қажет.  Ұлы  тұлғаларымыз  ауылдан  шыққан. 

Олардың  əкелері,  аталары  ауылдан  шыққан. 

Бəрінің темірқазығы – сол ауыл. Мəдени ошақ, 

ауызсу, кітапхана, осының бəрін көтеру қажет.



- «Бекжан 

Тұрыс 

туған 

ауылы 

Шошанайға су құбырын тартып беретін бо-

лыпты»  деген  əңгіме  шығып  еді  бір  кезде.  

Арманыңыз орындалды ма?

-   Мен  ауылда  жүргенімде  біздің  ауыл 

ауызсуға  зəру  болды.  Ауылыма  қайтсем  су 

шығарып  беремін  деп  армандаушы  едім.

Кезінде қомақты қаражат бөліп берген қалталы 

ағаларыма,  одан  да  сол  ақшаға  су  шығарып 

беріңіздерші  дегенмін.  Бұл  аяқсыз  қалып, 

қаражат  бөлінеді  деп,  кейін  тоқтап  қалды. 

Үмбетов  əкім  болғанда  алдына  барып  жүріп, 

əйтеуір, ауылға  су келді. Құдайға шүкір.



-  Қаланың несі ұнап, несі ұнамайды?

-  Бүкіл  Алаштың  азаматтарының  келген 

талбесігі – Алматы.  Сондықтан  ешқандай  жа-

ман сөз айта алмаймын. Мен тек қаланы жақсы 

жағынан  көремін.  Сол  қалада  тіршілік  етіп 

жатқан  адамдардың  бойында  кемшіліктердің 

бары  рас.  Кейде  қалаға  біздің  қиянатымыз 

көп  пе  дейміз.  Солардың  қиянаттары  аз-

дау  болса  екен  деймін.  Өлінің  үрейін,  тірінің 

мерейін қашырмайтындай, Алла Тағала қандай 

ісіміз  болмасын  оңға  бастырса  екен  деймін. 

Елбасының  маған  ұнайтын  əдемі  сөзі  бар 

«Қиянатты - пейіл, қияметті - мейір тоқтатады». 

-  Сіз үшін байлық, бақыт деген не?

-  Мен  байлықты,  барлық  қызықты 

жұбаныш  көрген  емеспін.  Менің  байлығым – 

менің отбасым, туыстарым, мені қоршаған адам-

дар, солардың амандығы. Байлықты дəулетпен, 

билікпен  өлшемеймін. «Жарлысы  мен  байы, 

жабысы  мен  тайы»  тең  өскен  дəл  қазақтай 

тектілігі сақталған ел көрген жоқпын. Дүниенің 

сырын  ұққан  ешкім  жоқ.  Қазір  өз  емшегімізді 

өзіміз  жатсынып,  өгейсініп,  ұсақталып  кеткен 

ұрпақты көресің де, кейін қандай боламыз деген 

ой келеді. Мағыналы өмір деген не? Мағыналы 

өмір дегеніміз – сен өлгенде бір ауыз сөз тұрмақ, 

ешкімнің ешбір жаман ой ойлай алмауы. 

-  Ал бақыт əркімнің түсінігінде əрқалай. 

Мен үшін бақыт деген орнықты көңіл-күй, ру-

хани  бостандық.  Бақытқа  апаратын  жол  ізгі 

ниет пен ақ пейіл.



-  Бақыттысыз ба, байсыз ба?

-  Аллаға шүкір, бақыттымын да, баймын 

да.

-  Қаражат бəрін шеше ме?

-  Əрине,  көп  нəрсені  шешеді.  Көп 

нəрсе  қаражатқа  келіп  тіреліп  тұрады.  Кейде 

тапқаның  тамағыңнан  артылмайды.  Балала-

рым өсіп келе жатқаннан кейін, соларға бірдеңе 

жасап  бергің  келеді.  Қазақ  сол  ғой.  Барын  ба-

лаларына,  кейін  немерелеріне  тосады.  Біз  де 

сөйтеміз.  Балалар  аман  болып,  солар  саналы 

болса екен дейміз. Қазір қаншама бай адамдар 

бар, бірақ бір кемшілігі баласы нашақор, қызы 

ауру. Оның несі бақыт?!

-  Абайдың «Арсыз болмай бақ қайда?» 

дегеніне не дейсіз?

-  Мен  бұл  өлеңнің  астары  туралы 

ешқашан  ойланған  емеспін.  Қазақ  ешқандай 

баласын арсыздыққа тəрбиелемейді. Адал адам, 

кимешегі кірлемеген, ардың сүтімен ауызданған 

балалар арсыздыққа ешқашан бармайды. Абай 

тобырдан биік күйінгеннен айтқан сөзі болар.

-  Туған жеріңізге барып тұрасыз ба?

-  Демалыс  кездері,  біреулер  қайтқанда 

барып жатамыз. Көбіне жұмыстамыз, шыға ал-

май жатамыз. Театрда спектакль болса, қандай 

жағдай  болмасын,  билет  сатылып  қойғаннан 

кейін, бара алмайсың. Ал былай уақыт болғанда 



 *«Үркер»*№22014

11

Бекжан ТҰРЫС. «Байлықты дəулетпен, билікпен өлшеп көрген емеспін»

барып тұрамыз.



-  Елдің жағдайына көңіліңіз тола ма?

Елдің  жағдайына  толық  көңілім  толады 

деп  айта  алмаймын.  Менің  бір  қойылымда  ай-

татын сөзім бар еді: «Бəріміз кереметпіз. Соған 

қарағанда  жамандардың  бəрін  жер  жұтып, 

жер бетінде кілең жақсылар қалған сыңайлы». 

Құдайға  шүкір.  Елдің  санасы  аман  болса  екен 

деп  тілейміз.  Өйткені  сананың  амандығы 

əлемдік  санатқа  енді  аяқ  басқан  біздің  елдің 

амандығы  деп  ойлаймын.  Шындығында  да, 

мен  ұлт  жайына  қатты  алаңдаймын.  Есейіп 

қарттық жақындағаннан кейін бе, ұлттың қамы 

алаңдатады.  Ұлтын,  тегін,  тарихын  білмейтін 

ұрпақ өсіп келе жатыр. Соларды көріп жүрегім 

ауырады.  Қалай  қазақтығымызды  сақтап 

қаламыз деп алаңдаймын. 



-  Елдің Сізге деген көңілі қалай?

-  Өзіме  өзім  баға  бере  алмаймын.  Оны 

елден  сұрау  керек  шығар.  Спектакльдерден 

кейін көрермен өз ойын айтып жатады.. Біреуге 

ұнаған нəрсе, біреуге ұнамауы мүмкін. Белгілі 

бір  өлшем  бар.  Ол – талғам  биіктігі.  Талғамы 

биік адамның көзімен қарау керек. 

-  Қазақтың  Сізге  ұнайтын  айрықша 

қасиеті қандай?

-  Қазақтың  ерекше  ұнайтыны – ол  сал-

тын  сақтап  қалғандығы.  Салтымызды  сақтау 

арқылы халықты қорғау керек деп есептеймін. 

Өйткені  қазақтың  салты  ерекше.  Сонсоң 

тағы  бір  жақсы  қасиеті – айтыс  өнерін  сақтап 

қалғандығы.  Қазақ  қандай  десе,  наурызда  ша-

пан  киіп  аламыз.  Олай  емес,  негізі  Адамның 

қазақтығы қанында болады. 

-  Ұнамайтыны қандай?

-  Халқымның 

үстінен 

қазағымның 

қасиеті ұнамайды деп айта алмаймын. Қазағым 

туралы  жамандыққа  бара  алмаймын.  Ондай 

дəрежеге жеткен жоқпын.

-  Жаратушының барына сенесіз бе?

-  Əрине, сенемін. Қазақтың иманын ешкім 

тартып  ала  алмайды,  өйткені  иесі,  бəрімізді 


12

 *«Үркер»*№22014

жаратқан – Жаратушымыз. Жаратқанға сенетін 

болғандықтан, мұсылмандық парызымды орын-

дап жүрмін, бес уақыт намазымды оқимын.



-  Мектептен мешіт көбейіп кетті деген-

ге көзқарасыңыз?

-  Ондайды  естімеппін.  Əрбір  азаматтың 

тіліне, діліне, дініне қызмет етуі – парызы. Дін 

–  əрбір  ақыл  иесін  дүние  мен  ақіретте  нағыз 

бақытқа  жеткізетін    бірден  бір  жол.  Бірақ  сол 

дінге  қалай  келіп  жатырмыз.  Таза  ақылдың 

бағытымен табылмаған дін шынайы емес, оның 

бояуы  бар.  Кешегі  алдымыз  ор,  жолымыз  тар, 

тілімізге  тұсау  салып,  кісен  салып  тастаған, 

қанжығамыз  қан,  таралғымыз  тар  заманда, 

мен  қазақпын  деп  айтуға  тіл  байланып,  дүние 

төңкеріліп  шыр  айналып  тұрған  кезде  қазақ 

дінін  жоғалтқан  жоқ.  Қазақ  даласына  Ислам 

келгеннен  бастап,  біз  сол  Пайғамбарымыздың 

сүннетін  салтқа,  дінін  дəстүрге  айналдырған 

халықпыз.  Əрине,  тұрмыстық  салтымыз, 

бітім-болмысымыз, 

тəрбиеміз 

Исламмен 

біте  қайнасып  жатыр.  Жақсылық  тұсында 

жағаласпай, жамандықтың тұсында табаласпай 

өркениетке  қадам  басқан  елміз.  Мешіт  деген 

–  адамның  рухани  азық  алатын  ілім  ордасы, 

Алланың үйі. Ол көбейсе, оған налуға болмай-

ды.  Қайта  қуану  керек.  Ұрпағымыз  иманды 

болса, олар таза, шынайы бағыт ұстаған болса, 

біздің елдің елдігі биік болады. Еңсені тіктейді. 

Дін – ұстай  алсаң  қасиетің,  ұстай  алмасаң 

қасіретің. 

-  Дін жолындасыз ғой...

-  Дін  жолындамын.  Құдайға  шүкір, 

мұсылманмын.

-  Жиырма жасыңызда қандай едіңіз?

-  Жиырма  жасымда  қылшылдаған  жігіт 

едім, бозбала едім. Дəл қазіргі Мағжандай едім. 

Қиыр Шығыста азаматтық борышымды өтедім. 

Əскерден келдім. Бала Бекжан болдым. Тентек-

теу едім. Тентегін тезге сала білетін, сасқанды 

сабасына  түсіретін,  адасқанға  тоқтау  айтқан 

халықпыз. Соның бəрін көрдік. Əскерден келіп 

оқуға түстік. 

-  Отызыңыз орда бұзғызды ма?

-  Отызымда орда бұзғанымды білмеймін, 

бірақ театрда біраз жұмыстар жасадым, Аллаға 

шүкір.  Отыздан  асқан  шағымда  «Дарын» 

сыйлығын  алдым.  Алла  берген  талантты  адал 

күзетуге тырыстым.



-  Қырық қалай екен?

-   40  жаста  театрда  бенефис  жасадым. 

Көп адам 40 жасын, мерейтойын жасап жатыр 

деп  түсініп  қалды.  Қазақта  сөз  бар « қырыққа 

дейін əйел əрін бермесе – қасиет, қырыққа кел-

ген адам есігін іліп есеп бере алмаса – қасірет», 

сондықтан  қырыққа  келгенде,  есеп  беру 

мақсатында Мағжан екеуміз бенефис жасадық.  

Əшірбек  ағам: «Дəл  осы  театрға  қанша  рет 

келіп  жүріп,  мынандайдың  бəрін  көрмеппін» 

де  мени  тани  бастады,  кітабына  қоса  бастады. 

Соған қарағанда жаман болмаған болу керек . 



-  Елудің əсері қандай?

-  Елуге əлі толғам жоқ. Толған кезде ай-

тармын.  Шерхан  ағамыздан    «60  қалай  екен?» 

деп  сұрағанда  «Тура 59-дағыдай»  деп  жауап 

беріпті. Елу – ердің жасы деп жатады ғой...

-  Елу ерлік жасайтын жас па өзі?

-  Мүмкін, кім біледі!? Солай шығар.



-   Алдыңызға  ас  қойдық  делік.  Бата 

беріңізші...

-  Иə, Құдайым оңдасын,

Оң жолына бастасын,

Əр қазақтың үйінде Құраны болсын,

Имандылық ұраны болсын,

Əрдайым дəреті болсын. 

Пайғамбарға салауат айту əдеті болсын,

Əр іске пайымы болсын,

Зекет – қайырымы болсын,

Тұрмыстары көңілді болсын,

Ұрпағы өмірлі болсын,

Алла Тағалам,

Халқымыздың аспанын ашық ет,

Бес парызын өтеуге нəсіп ет.

Əумин!

Əңгімелескен  Гүлім РЫСҚҰЛ


13

Ойтолєаќ 

Қазіргі  таңда  пендешілікпен  жүрген 

адамзат үшін бет –тек перде ғана. Ал нағыз 

адам  оның  ар  жағында  екені  ақиқат.  Һəм 

бүгінгі  күннің  жұмыр  басты  пенделері 

өздерінен  сəл  ағаттық  кетсе,  кінəні  өзінен 

іздеудің  орнына,  екі  сөзінің  бірінде  “за-

ман  сондай,  қоғам  мұндай”, – деп  бар 

жамандықты қоғамға арта салып, судан ақ, 

сүттен таза кейіп танытады. Ал шындығына 

келгенде, барлық қоғам да, заман да өз ор-

нында. Күн шығыстан шығып, батысқа ба-

тады, төрт мезгіл бірінен кейін  бірін алмас-

тырады.  Тек  өзгерген  адамның  пейілі  мен 

болмысы ғана. Ақын Кəдірбек Құныпияұлы 

бұл заманның пенделері жайында:

“…Артын ашып түкіріп қоғамына,

Ар−ұяттың қарамай обалына.

Ышқыр кетіп барады төмен қарай,

Етек кетіп барады жоғарыға.

Бұдан асқан қасірет болады ма?

Тығылады бір өксік тамағыма,

Адам құлап келеді төмен қарай,

Надан зулап барады жоғарыға”, деген 

еді. Ащы да болса шындықты шебер тілмен 

көркем кестелеген.

Менің ойымша, қазіргі адамды бірнеше 

кейіпте тануға болады. Себебі, бітімі адамға 

ұқсағанымен, болмысы мен жан дүниесінен 

тіпті  ішкі  ойынан  да  аңғаруға  болатын 

бірнеше  өрескел  тұстарын  мысал  ретінде 

келтірсем…

Ең  алдымен,  доңыз  іспетті  жандар. 

Ондай адамдардың жүрегінде еш жақсылық 

табылмайтын,  жан  дүниесінде  бастапқы 

кезеңде  болған,  бірақ  кейіннен  мейірім, 

қанағат  деген  қасиеттеріне  қаяу  түскен, 

адамгершілік, махаббат сынды сезімдерден 

ада пенделер. Тойымсыздықпен таңын аты-

рып,  қанағатсыздықпен  күнін  батырған 

мешкей  жандар.  Олар  үшін  ең  маңызды 

басты  мақсат  өз  құлқынының  қамы.  Ал 

қалған мəселелердің барлығы екінші немесе 

үшінші орында тұратыны белгілі. 

Адасумен,  арбасудан  тұратын  біздің 

ЗАМАНДАС 

БЕЙНЕСІ 


ЗАМАН БЕЙНЕСІ 

ЕМЕС


14

қоғамның 

келесі 

көлеңкелі 



тұсынан 

аңғаратынымыз  жылан  секілді  пенде-

лер.  Олардың  барлық  жан  дүниесі  жылан 

іспетті. Тіпті, өз жемтіктерін де қателеспей 

тауып, тіршілік ететін ортасына сəйкес реңі 

де түрліше құбылатын жандар. Жыландар-

да    сыртқы  құлақ  (есту)  тесігі  жəне  дабыл 

жарғағы  болмағандықтан,  олар  ауадағы 

дыбысты  естімейді.  Сол  секілді  жылан 

тұрғысындағы  пенделер  үшін  қоғам  өмірі 

емес,  өзінің  жеке  басының  өмірі  басты 

орында тұрары хақ. 

Қазақ  даналығының  бірінде  заманың 

түлкі  болса,  тазы  боп  шал  деген  нақыл 

кездеседі.  Əуел  бастан-ақ  заманымыз-

дан  бұрын  адамымыздың  түлкі  бола-

рын  білген  даналарым-ай.  Қазіргі  кезде 

қоғамын  тазы  болып  алатындардан  гөрі, 

“бұл  тірлікте  күлкіге  айналмасақ  болды” 

деп,  пендешілікпен  күн  кешудеміз.  Бұл 

қоғамның  тұтқасы  –тұрпаты  адам,  болмы-

сы түлкі жандардың қолында. Кезінде атам 

сөздің реті келгенде “… Біз ақылды болып 

та,  ақымақ  болып  та  өмір  сүретіндерден 

гөрі,  айлакер  болып  қулығын  асырған 

адамзаттың  сөздері  өтімді,  асықтары  ал-

шысынан  тұратын  заманға  да  тап  болдық 

ау!”, - деп  өкінішпен  күрсініп  отыру-

шы  еді.  Сол  кезде  еш  нəрсенің  байыбы-

на  бармағандықтан,  көп  нəрсе  біз  үшін 

шынайы  түрде  сияқты  көрінетін.  Ал, 

шындығына келгенде, айлакер болып сөзін 

өткізіп, қулықтың құйтырқыларын бойына 

сіңірген жастардың жан дүниесі, болмысы, 

əрине, түлкіге ұқсайтындығы белгілі.

“Заманына  қарай  амалы”,  дейді  атам 

қазақ. Ал амал жасап жазмышқа жазылған 

өмірді  пешенемізден  көретін  біздер,  қазіргі 

қоғамда өгіздерше шайқасып, доңыз іспетті 

адал  ісінен  гөрі  арам  ісі  басым  түсетін 

əрекетін  бойымызға  сіңірсек  немесе  түлкі 

іспетті  өтірік  сөзбен  өсек  сөзге  жол  беріп, 

адасудың  жолына  бет  алсақ,  болмаса  жы-

лан секілді жан дүниемізді алданышқа тол-

тырып,  арбасумен  өз  əлеміміздің  шеңберін 

тарылтсақ,  біздің  жан−жануарлардан  еш 

айырмашылығымыз қалмас еді. 

Заманымыздың  дана  ойшылы,  һəкім 

Абай өз сөзінде:

“Адам –бір боқ көтерген боқтың қабы,

Боқтан сасық боласың өлсең тағы.

Менімен сен тең бе деп мақтанасың,

Білімсіздік белгісі –ол баяғы”,

деген болатын. Шындығына келгенде, 

мейлі біз түлкі болып айламызды өзгелерден 

асырып, жаһанды жалпағымыздан бассақта, 

доңыз секілді –тойымсыздық танытып меш-

кей болсақ та барар жеріміз бір екені ақиқат. 

Еш пенде бұл дүниеде жинаған байлығын о 

дүниеге  алып  кетпесі  анық.  Сондықтанда, 

біз əрдайым тұрпаты мен болмысы адамзатқа 

жат  жануарлардың  қылығынан  жиіркеніп, 

ондай  мінездерге  жан  дүниемізден  орын 

бермеуіміз  шарт.  Керісінше,  Мағжанша 

айтқанда, “…Арыстандай  айбатты,  жолба-

рыстай қайратты, қырандай күшті қанатты” 

болсақ  ғана  біз  ұлтымыз  барыс,  ұлымыз 

арыс болып, адалдықтың ұранын жатқа ай-

тар,  шындықтың  бұлағынан  қанып  ішер, 

ар−намыстың туын биік етер ел ертеңі бо-

ларымыз хақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет