Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата03.03.2017
өлшемі2,44 Mb.
#7323
1   2   3   4   5   6

Орал қаласы.

 *«Үркер»*№62014

33

Қазіргі саналы өмірін тəуелсіздік 

кезеңінде өткізген жастардың Отанды сүюі, 

ұлттық ұстанымына берік болуы мен ана 

тілін құрметтеуі қандай деңгейде? Біз оларды 

осы бағытта тəрбиелеуде не істеп жатырмыз? 

Мемлекет болып, қоғам болып? Өздерін адам 

жанының инженерлері атап жүрген, кеңес 

 

кезінде қолдарымыз қысқа болды деп зарлап 



жүрген жазушыларымыз, киношыларымыз, 

əртістеріміз, ғалымдарымыз  тəуелсіздікке 

қолымыз жетті ме, жетпеді ме деп жастар са-

Ўлт таєдыры

ҚАЗІРГІ 

ЖАСТАРДЫҢ ТІЛІ

қағып алайын» немесе «Банкке кел, қалқатай. 

Ақшаңды теспей сорайын» деген солардың жар-

намаларынан басқа шығарма оқыған жоқпын. 

Айтпақшы, Мұхтар Мағауиннің қазіргі 

биліктегі адамдардың екіжүзді қалпын керемет 

суреттеген «Жармағын», Мұхтар Шахановтың 

шындығын жоғалтқан жазушылар, ғалымдар, 

ұстаздар мен саясаткерлер жайлы өлеңін оқыған 

екенмін ғой. Ақын: 

Сəдуақас АҢСАТ,        

Халықаралық «Қазақ тілі» ҚБ  

Қызылорда облыстық филиалының 

төрағасы


насына əлгі сезімдерді сіңіруге жатпай-тұрмай 

22  жыл  бойы  қандай  кітаптар  жазды,  қандай 

кинолар түсірді, басқа да қандай шығармалар 

тудырды? Қазіргі заманның геройларын сом-

дап шығарса, олар кімдер? Банкирлер ме, 

кəсіпкерлер ме, əкімдер мен министрлер ме? 

Бұрын «Қырманға кел, қалқатай. Білегіңді сы-

банып» деп жастарды еңбекке, ауылға шақырса, 

қазір «Базарға кел, қалқатай. Қалтаңды 


34

Ертелі-кеш тек билікті мақтан 

тұта отырып,

Көп газеттің, телеарнаның айтатыны

 өтірік.

Қаншама жұрт сондықтан да өтірікке

 нанады,

Кейбіреулер қызметі үшін сатқындыққа

 барады.

Кім айырма салса жиі ісі менен сөзіне-

Екі жүзді, əрі алаяқ пенде оның өзі де.

Егер адам жойып алса жүрегінің

 шындығын,

Рух қуатын сезінбесе адал, əділ мұңдының,

Елге қажет пайдалы ойлар жүргенімен

 миында,

Шындығы өлсе, бітті, ісі бағаланар 

тиынға, - деп қорытқан.  Сонда тəуелсіз 

еліміздің тұғырын кімдер қалап жатыр? 

Экономикалық көрсеткіштерімізбен əлемнің 

50 елінің қатарына ендік деп бөркімізді аспанға 

атып жүргеніміз, халқымыздың руханиятының 

сол деңгейге көтерілгенін білдіре ме? 

Тəуелсіз ел ең бірінші ана тілімен 

көрінеді. Сосын барып басқаларымен.  Қазақ 

тілі өркен жаймаған жерде қандай тəуелсіздік 

болмақ? Қазір барлық жерлерде қазақ 

балабақшалары, қазақ мектептері, жоғары 

оқу орындарында қазақ топтарының саны 

көбейгені рас. Бірақ, орыс тілді мектептерде 

300-мыңнан астам қазақ балаларының оқып 

жүргені, ал, қазақ мектептерінде  3 мыңға 

жуық өзге ұлт өкілдерінің оқып жүргені 

көңілді көншіте ме? Мемлекет қазақстандық 

балалардың қазақ тілінде тəрбие мен білім 

алуын қамтамасыз ететін батыл қадамдар мен 

кешенді бағдарламаларды жедел қолға алма-

са көш түзелмейтіні айдан анық болып тұр. 

Онсыз мемлекеттік тілдің мəселесі 100 жылда 

да оңалмайды. Тарих ғылымдарының канди-

даты, ғалым Сəбит Шілдебай өзінің баспасөз 

бетінде жарық көрген: «Түрік танырлық балаң, 

кəне?»    деген  мақаласында:  «Қазіргі  биліктің 

«Тілдердің үш тұғырлығы» дегенінен асқан 

қауіп жоқ. «Үш тұғырлы» деген ұғымның өзі 

арам ойдың туындысы!  Тұғыр адамда біреу 

ғана болуы тиіс. Ол тұғыр - ана тілің! Ана 

тілінде ірге тасын бекітіп алып, содан соң ғана 

өзге тілдерге оқытып жатқан жапондар ақымақ 

болмаса керек-ті»  - деген ойы көпшіліктің 

көкейінде жүрген ойды дөп басқаны анық. 

  Көшеде,  қоғамдық  көлікте,  түрлі  іс-

шараларда,  яғни  күнделікті  өмірде  жастар-

мен кездеспей тұрмаймыз. Сонда олардың 

бір-біріне қарым-қатынасы, сөйлеген сөзі аға 

ұрпақ өкілдерін қатты қынжылтады. Əрине, 

мен бəрін жамандаудан, көпке топырақ шашу-

дан аулақпын, дегенмен жаман əдеттің жұққыш 

келетінін, «бір құмалақтың бір қарын майды 

шірітетінін» ұмытпайық.

Ағылшын тілінде «сленг», «жаргон» де-

ген  сөздер  бар,  оның  мағынасы  фразеологизм-

ге  ұқсас,  яғни  фонетикалық,  грамматикалық 

жүйеге бағынбайды. Осы сөйлемшелердің 

өзгеше түріне жастар тым құмар болып бара-

ды. Оны сəнге айналдырып алған, мақтаныш 

көреді:  «сындырды», «базар жоқ», «лапша ілді», 

«құлақтан тепті», «қуады екенсің», «лақтырып 

кетті», «қораға кірді» деген сөздерді жиі 

естиміз. Шешімін таба алмаса, «тормозы ұстап 

қалды», «зависать етіп қалды», көпшілікпен 

келуді «толпа», менменсуді «типаж болу», 

ақша талап етуді «счетчик қою», қоңырау ша-

луды «маяк тастау» деп жатады. Бұл – жаргон 

сөздерде орыс сөздерінің компоненттері бар. 

Бірақ бұл Тургеневтің, Толстойдың, Чеховтың 

тілі емес, демек бұл орайда жақсы нəрсені, 

озық ойды алып отырған жоқ. Бұл көшенің 

сөзі. Бұндай сөздер біздің кезімізде де болған. 

Бірақ оны көпшілік орында емес, өз орталарын-

да қолданатын. Шекарадан шығып бара жатса

тыйым салушылар (ата-ана, мектеп, қоғам бо-

лып) тосқауыл қоя білетін.

Кейде сленг бір аймақта қолданылады 

да, елге тарап кетеді. «Қуғынбай», «сасы-

машы» деген сөздер тіркес ретінде Батыс 

Қазақстан өңірінде қолданылса, қазір Сыр 



 *«Үркер»*№62014

35

Сəдуақас АҢСАТ. «Қазіргі жастардың тілі»

бойында да айтылып жүр. Бұл – агенттегі 

хаттар, ғаламтордағы сайттар, теледидардағы 

түкке тұрғысыз бағдарламалар, əлеуметтік 

желідегі жеңіл əңгімелер арқылы бозбала мен 

бойжеткеннің сөз саптауына айналып, тілін 

мəдениетсіздендіруде.

Қазір не көп? Телеарна көп. Тек қана 

«Алма TV» кабельдік телевизиясында 100-ден 

аса арна бар. Осы арналардағы жеңіл ойлы 

бағдарламалары (əрине, бəрі емес) тіліміздің 

өрісін  тарылтып  жатыр.  Орыс  тіліндегі 

бағдарламаның көп екені былай тұрсын, 

қазақшасы біздің тілімізді, сол арқылы ұлттық 

менталитетімізді мазақ ететін сияқты. Мұны біз 

мəдени интервенция деп білеміз. Ой–санаңды 

осқылап, жүйкеңді жұқартатын, дəмі мен та-

туы,  мəн–мағынасы  жоқ,  күлдіремін  деп  көңіл 

күйіңді түсіретін осынау бағдарламаларды 

көп адамның қалай тамашалайтынына мен 

таңғаламын. «Соқыр тауыққа бəрі бидайдың» 

керін келтіріп, бір метес күлсе, басқа 

далақпайлар қолдай жөнеліп, бəріміз қарқылға 

басамыз. Сөйтіп күнде-күнде теледидарларда 

да, сахнада да, тойларда да осылай болғасын, 

бүкіл қоғам болып бұзылуға айналдық. Мұның 

екінші жағы тағы бар. Республикалық «Ха-

бар», «Қазақстан», «Еларна» телеарналары 

көп жағдайда елдегі ахуалды əдемі бояумен 

көрсетуді əдетке айналдырған. Ұлттық ұстаным, 

тіл тазалығында күрескерліктің үлгісін жүйелі 

түрде жүргізбейді. Содан амал жоқ көрермен 

əлгі  былапыттарды  ресми,  заңдастырылған 

есебінде қабылдайды.

Қазір теледидардағы көп сериялы қазақ 

фильмдерінің мəн-мағынасының аздығы былай 

тұрсын, тілі де шала. Себебі оның сценариін 

жазған адам да, режиссері де, актерлері де шала 

қазақтар. Олардың осындай сауатсыз, дөрекі, 

тұрпайы  тілі  қолданысқа  еніп  кете  ме  деп 

қорқамын. Жастар тіліндегі осындай тіркестер 

баспасөз беттерінде де кездесіп қалады.

Тілдің бұзылуына əсер ететін жайдың 

бірі  -  əлеуметтік  желілер.  Ол  бүгінгі  күні 

қатынас құралының ең тиімді түріне айналып 

барады. Жастар арасындағы сауатсыздықтың 

белең алуына əлеуметтік желілердің мобильдік 

нұсқасының көп əсері бар. Агентті пайда-

лану арқылы жастардың қазақ тіліндегі 

сауаттылығының төмендеуі былай тұрсын, тілге 

де қатты əсер етеді. “Kaydasin” , “kawan” деген 

сияқты  сөздерге  «қ»  əрпі  жоқ    болғандықтан  

«кайдасын», «кашан» болып кете береді. «Жаг-

дайын калай», «нестеватырсын». Бүгін қалай 

жазса, ертең солай айтады.

Тағы бір айта кететін жай, жастардың 

сұраққа сөзбен жауап бермеуі. Жоқ болса «ыкк» 

дейді немесе таңдайды тақ еткізумен бітеді. Осы-

ларды пайдаланып жүргендердің ойлау қабілеті 

жоғары деп айта алмаймын. Оның бір себебі 

кітап оқымайтындығы, ал теледидардың, ком-

пьютер ойындарының жоғарыда айтқанымдай, 

зиянды жағы көп.

Біздің қатарластарымыз бала кезімізден 

кітапты көп оқыдық, орыс жазушылары-

нан бастап дүниежүзінің классиктерінің 

шығармаларымен таныс болдық. Бұның мəдени, 

тəрбиелік, рухани рөлі зор болды. Қазір де көп 

оқимыз, себебі таным деген шексіз. Бір апта га-

зет оқымасаң қарайып қаласың, айына бір кітап 

оқымасаң, көп нəрсені жоғалтасың. Рас, жастар 

көп нəрсені интернеттен оқиды, оның жақсы 

жағы мол, жаманы да жетерлік.

Адамның сөз саптауынан оның 

ұлттық дүниетанымы, мəдениеті, параса-

ты, жалпы менталитеті танылады. Бізде 

бұрыннан қалыптасқан тұрақты тіркестер 

бар, олардың мағынасы тұтас та айқын. Ал 

бүгінгі жастарымыздың аузындағы «крыша-

сы бар», «миды шіріту» сияқты сөздер өзінің 

анайылығымен, тіл ғылымына, сол арқылы 

өмірге жат екендігімен айқындалып тұр. Бұл 

ұлттық қабылдауға да, қазақы дүниетанымға 

да келмейді, жаңа сөз деп тағы айта алмайсың. 

Себебі сөздің астарында ешқандай мағына жоқ. 

Жастар тіліндегі тағы бір өрескелдік 

– олардың боқтап сөйлеуі, бұл жалпы біздің 


36

 *«Үркер»*№62014

ұлтымыздың мəдениетіне келмейді, бірақ 

боғауыз    сөздің    бұрыннан    бар    екені    рас.  

«Əкеңнің ...», «шешеңнің ...» деген сөздер іріген 

ауыздан ғана шықса, қазір жас жігіттер одан 

да анайысын айтады, тақап тұрып боқтайды. 

Бұл жерде ашулану, ащы сөз ашынғандықтан, 

күйінуден шықпайды, олардың қарапайым 

əңгімесі, екі сөзінің бірі болып кеткен. Күнделікті 

сөйлеу тіліне боқтық араласып кеткеніне, тіпті 

араларында қыз бала отырғанына да қарамайды. 

Ең сорақысы қазір қыздар да боқтап сөйлейтін 

болыпты. Олар бұл сөздердің мағынасын түсіне 

бермейтін болуы керек, күнде естіп жүрген соң 

құлақтарына сіңіп кеткен. Төбелесіп жатқан 

қыздар, мас қыздар, темекі тартып отырған 

қыздар сияқты, боқтампаз қыздар да қоғамның 

жат көрінісі, ата-ана, əулет ғана емес, ұлттық 

келбетімізді, намысымызды таптайды.

Жастар – елдің келешегі. Ата – бабадан 

мұра болып қалған, оны ұрпақтың бірнеше буы-

ны сабақтаса дамытқан тілімізді, əдет-ғұрыпты, 

тарихты, мəдениетті, өнер, білім мен ғылымды 

алға апаратын солар. Қазақ тілі əлемдегі мыңнан 

аса тілдердің ішінде байлығы жағынан үшінші 

орында, шеберлігі мен сапасы жағынан бірінші 

орында. Сондықтан да олардың білімді, өнерлі, 

еңбеккер болғанын ғана емес, мəдениетті 

болғанын, жаны да, тəні де сұлу болғанын, 

тіліміздің қадірін түсірмей, абыройын асқақтата 

түсуін қалаймыз. Олар озық технологияның 

тілін біледі, ендеше оны да қазақша сөйлетсе 

дейміз. Жалпы тіл дамып, байып отыруы керек. 

Басқа тілді араластыра сөйлессе, жаргонмен 

əңгімелессе, олар тілді дамытпақ түгілі жойып 

жібереді. Мен жастардың сөйлеу тілінен қазақы 

болмысты тұла бойынан сездіретін, шешен де 

сұлу сөздерді естігім келеді.

Жастардың анайы сөздерін естігенде 

ескерту жасайтын кісілер өте азбыз. Үлкен 

кісілердің  көбі  осыған  бара  бермейді,  «аш 

құлақтан тиыш құлақты» артық көреді. 

Міне, бұл аға ұрпақтың, үйде ата-ананың 

кемшілігі. Алдымен əркім өз ұл-қызын тый-

са, əлгідей көшеде кездесетін қылықтармен 

көп болып күрессек, жастардың тілін ғана 

емес, тəрбиесінде түзеп алар едік. «Ештен кеш 

жақсы» дейді халқымыз, ендеше осыған неге 

кіріспеске?! 

Қазір барлық жерде Президенттің 

халыққа Жолдауы талқыланып жатыр. Жол-

дауда ол: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір 



ақиқат  бар.  Ана  тіліміз  Мəңгілік  Елімізбен 

бірге мəңгілік тіл болды. Оны даудың 

тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете 

білгеніміз жөн», – деді. Осыған байланысты 

билік басындағыларға қойылар екі сұрақ бар:

1.Біз Елбасының бұрынырақ айтқан 

«Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» дегенін 

басшылыққа алып, біздер жер-жерде белсенді 

жұмыс атқарып келеміз. Бірақ бізге Елбасының 

осы талабын 22 жылдан бері билікке келген 

Үкімет, Парламент депутаттары, министрлер 

мен əкімдер неге орындамай келеді деген 

сұрақтар қоятындар көптеп табылуда. Олардан 

Елбасы қашан талап етеді? - дейді олар. 

2.Конституцияда орыс тіліне «рес-

ми» деген статус берілуі күнделікті өмірде 

(əсіресе жоғарғы мемлекеттік органдар-

да) оның қолданылуын ресми жиындарда 

сөйленетін тіл деп, ал қазақ тілін ресми емес 

басқосуларда қолданылатын тіл деп пайдала-

нуда. Конституциялық Кеңестің «Қазақстанда 

мемлекеттік тіл тек қазақ тілі, ал орыс тіліне 

берілген ресмилік атау оған мемлекеттік тілмен 

тең құқық бермейді» деген  түсіндірмесіне 

сүйене отырып, қалыптасқан осы үрдісті 

жоғарыдағылар қашан түземекші? Қашан олар 

ресми жиындарда бірыңғай мемлекеттік тілде 

сөйлеуді бастайды? 

Мəселені дау-дамайсыз шешу үшін ең 

бірінші жоғарыдағылар Мəңгілік тілде сөйлеп, 

Мəңгілік елдің патриоттары – жастарға қашан 

үлгі көрсетеді?


37

Əдебиет мəселесі

«Ар азығынсыз құр өнердің өсуімен 

басқалар бақытты бола алмағаны секілді, 

келешекте қазақ та бақытты бола алмайды», 

- деген Сұлтанмахмұт сөзі бүгін де мəнді, 

маңызды. Ғылым мен технология дамып

өркендеген сайын адамзат өмірінде түрлі 

рухани дағдарыстың белгілері қылаңдана 

бастады. Оны ұлттық жəне жалпыадамдық 

құндылықтар арқылы «емдеу» ісі қашан да 

қажет. Əсіресе, сөз өнерінің міндеті бөлек 

бұл жерде. Өйткені, «əдебиет – ардың ісі». 

Ұлттық құндылықтар мен адамзаттық 

мұраттардың ар нүктесінде қиылысатыны да 

сондықтан. Ғасырлар бойы қаламгерлердің 

қаламына азық, жырына арқау болған 

адамшылық мəселесі тəуелсіздік дəуіріндегі 

əдебиетіміздің өкілдері үшін де таңсық 

АР АРЫЗЫН 

ЖАЗАТЫН 

ҚАЛАМГЕР


(Жазушы Аягүл Мантаеваның 

шығармашылығы хақында)

тақырып емес. Əсіресе, жастар үні өзгеше 

естіледі. 

Аягүл Мантаева – жастар арасындағы 

өзіндік стиль-соқпағын тапқан жазушы. 

«Жаңбырлы көктем» атты əңгімелер 

жинағын оқығанда, талапты жазушының 

талантты жазушы екеніне көз жеткіздік. 

Баспасөз бетінде алғаш жарияланғанда-ақ 

оның «Жауһар» атты əңгімесі көпшіліктің 

көңілінен шықты. Бұл əңгіме несімен 

ерекшеленеді? Шығармада қиюласқан 

күрделі сюжеттік желі жоқ, қарапайым 

оқиғаның өзінен ойлы дүние туыпты. 

Əңгіменің ажарын ашып тұрған нəрсе – 

кейіпкерлер арасындағы диалогтар. Əңгіме 

қала шетінде пəтер жалдап тұратын екі 

қыздың тағдырын қысқа қайырып сипаттау-



38

дан басталады. Таныстары шақырған кеш-

ке бармай, үйде кітапқа көміліп, болашақ 

ханзадасын қиялдап отыратын екі қыздың 

əңгімесінен өкініш пен үміттің салқыны 

еседі. Қаланың қалталы шегір көз жігіті 

оқиғаны баяндап тұрған қызды сүйеді. Ал 

оның құрбысы шегір көзге ғашық. Қаланың 

қу жігіті өз сүйгеніне қолы жетпеген соң, өзін 

сүйетін құрбысына қол салады. Ойыншық 

етіп, арын таптайды. Жүкті болған Жауһар 

ауылға кетіп, содан оралмайды. Өмірден 

безініп, дүние салыпты. Жазушы мұның 

жауабын  алдын ала Жауһардың өз сөзімен 

береді: «Өмірге ешқандай ұрпақ əкелгім 

келмейді. Қайғы-мұң арқалап ол да өмірден 

өтеді. Бір бақытсыз жанды өмірге əкелмей, 

сауап іс жасағым келеді», - деген Жауһардың 

сөзінде қоғамдағы қазіргі жауһарлардың 

таным-түсінігі ашылады. Жауһар да, шегір 

көз де – типтік бейнелер. 

Асылы, Аягүл көп сөзді жазушы 

емес, ойын қысқа қайырады. Жазушының 

шеберлігіне төлқұжат болатын сипат – 

оның тілі. Аягүлдің əңгімелері түсінікті 

болғанымен, кейбір тілдік қолданыстары 

көңілімізден шыға қоймайды. «Күн суық 

күні ыстықтап жүремін», - дейді оның 

кейіпкері. Əрине, кейіпкерді сөйлетіп 

отырған – Аягүлдің өзі. Осы жерде «күн 

суық күн» деген тіркестен гөрі басқа да 

ұтымды тіркестерді іздегені жөн болар 

еді деп ойлаймыз. Жауһардың ақтарыла 

отырып: «Мен оны жақсы да көрмеймін, 

жек те көрмеймін», – дегеніне сенімсіздене 

қарадық. Өйткені, «жек те көрмеймін» деген 

ойнақы тіркестей көрінгенімен, ойлы тіркес 

емес секілді бізше. Ал «Əйтпесе, мен өлген 

адаммын ғой», - деді бар болғаны, – деп 

үнсіз қалды» деген жолдарды коррекциялық 

қателіктің кесірі деп ұғайық. «Жауһар» 

атты шағын əңгімесі арқылы жазушы қазақ 

қоғамындағы бір ауық шындықты оқырман 

алдына жайып салды. Өмірдегі шындықты 

өнердегі шындыққа айналдыра білу – 

жазушының шеберлігі ғана емес, міндет-

борышы да. 

Енді біз жазушының «Депрессия» 

əңгімесін оқуға кірістік. Бес баласын 

бес еркектен тапқан əйелдің Айкөркем 

атты қызы да өсе келе өзгере берді. Оның 

мінезіндегі ғана  емес, киім киісіндегі, 

жүріс-тұрысындағы өзгешелік өз құрбы-

қатарластарынан алыстатып жіберген. Тек 

ол ғана емес. Əр оқушының көкейінде «ол 

біздің əкеміздің не ағамыздың қызы емес пе 

екен» деген күдік-күмəн бар. Жезөкшелігімен 

танылған Жұпарды 4 қызымен тракторшы 

кісі алады. Айкөркемнің 4 əпкесі бар. Бірақ, 

сыныптас достары да, ең жақын құрбысы 

да Айкөркемнен алыс жүргенді жөн көреді. 

Қаладан ауылға сирек келетін əйелдің 5 

қызы да қараусыз қалды. Ауылда некесіз 

сəбилер көбейіп кетті... Осы жерде заңды 

сұрақ туындайды. Не үшін жезөкше əйелді 4 

«жетімегімен» қарапайым тракторшы жігіт 

алды? Жауабы мəтінде тұр. Ол – оқымысты, 

кітапханадан сөмке-сөмке кітап тасып 

əкететін кісі. Сол үшін де балалар оны «да-

нышпан адам» деп атайды. Əңгімеде кітапты 

оқитындардың тым азайып кеткені де жəне 

санаулы кітапқұмардың қоғамдағы қасіретке 

тосқауыл болғысы келіп, күрескенімен 

қауқары жетпей жатқандығы да көрінеді. 

Өйткені, тракторшы жігіт жынданып өледі. 

Адамзаттық құндылық болып табылатын 

ізгілік шырағының тым бəсең тартып 

қалғандығы тұспалданып айтылады. Ал 

бес қыздың тағдыры да талапайға ұрынды, 

 *«Үркер»*№62014


39

бесеуі де жезөкшелік жолға түсті. Оқырман 

жауапты іштей дайындап отырады. Себебі, 

олар тəрбиесіз қалды, жүрек жылуы мен 

мейірімге шөліркеп өскен ұрпақтан абзал 

азамат шықпайтыны кішкентай штрихтар 

арқылы сенімді бейнеленіпті. Əңгіменің 

осы эпизоды бүгінгі қоғамдағы аса өзекті 

мəселелерді жайып салды алдымызға. 

Айкөркемнің асқан сұлулығына қаншама 

жігіт құласа да, өзі сүйген жігіт басқа 

қызға мойын бұрып кетті. Отбасында да, 

махаббатта да, жалпы, өмірде еш жолы 

болмаған қыз жалғандықты жанына ермек 

етті. Өзі де анасындай «кəсіп» тапты. 

Материалдық игілікті ізгіліктен іздемеді, 

жезөкшелікке барып, өзді-өзін алдарқатты. 

«Менің жаным сезімді іздемейді, тəнім 

болса ақшаны іздейді. Тəнім ар-ұятым мен 

намысымнан да қымбат. Сезімім мен үмітім, 

қиялым мен арманым алдап кетті. Қарызға 

құрбым бермеген ақшаны тəнім тауып 

берді». Осы жолдарда бүгінгі ұрпақтың 

қасіреті жатыр. Осылай десек те, əңгіме 

əдемі аяқталған: үтірі бір түрлі көрінгенімен, 

нүктесі шын қуантты. 

Аягүлдің «Маргаритасы» мен 

«Балалықтың көктемі» жəне «Қабір 

гүлі» əңгімелері оқырманды еріксіз 

елітіп əкетеді. Балалар əлемін шебер 

бейнелей алған туындылар. Əңгімелерін 

оқи отырып, оқырман да өзінің балалық 

шағына саяхат жасағандай күй кешеді. 

Жоғарыда аталған əңгімелеріндей емес, 

кейіпкерлер ойшылдыққа салынбайды, 

естелік-эссе түріне келіңкірейді. 

Сонысымен əсерлі, сонысымен құнды. 

«Балалықтың көктеміндегі» кейіпкердің 

нағашы жұртындағы қилы қызықтарына 

қызыға қарайсың. Атасы еккен қауындарды 

жарып жеуі, дуанадан қашып тығылуы, 

үлкендердің құлағын қызарта бұрауы – 

бəр-бəрі нанымды суреттер. Шынында да, 

біз Д.Исабеков айтқан «балалар əлемін, 

оны қоршаған үлкендер əлемін табиғи 

күйінде, еш боямасыз тауып, олардың тосын 

мінездеріне, іс-əрекеттеріне əрі таңырқап, 

əрі езу тартып» отырдық. Осы əңгімелер 

ішінде, əсіресе, «Қабір гүлі» əсерлі шығарма 

болып шыққан. Балалықтың риясыз көңілі 

мен пейілі анық көрінеді. Сегіз жастағы бала 

қиял «тіршілік жағалауынан алыстап кеткен 

ағаларын» оятқысы келді. Қасына тоғыз 

жасар Санжар мен жеті жастағы Бұрымды 

ертіп, зиратқа беттеді. Көмілген сүйектерді 

көрді. Бұрым жас қабірдің басындағы гүлді 

жұлып, құшырланып иіскеді. Көп ұзамай 

Бұрым қайтыс болды. Мұны білген əкесінің 

бүлдіршін қызға ұрысуы заңды: «Моланы 

аралап жүріп балалығыңды ұрлатып 

алғаныңды білесің бе, сен!? Қазір ештеңе 

түсінбейсің, кейін бала кезіңде біраз нəрсені 

түсініп қойғаныңды ойлап, көп қиналасың». 

Əңгіме тек Бұрымның ғана емес, қазіргі 

қазақ қыздарының бұрымы да «қайтыс» 

болғанын астарлап айтқандай əсер етті. 

Аягүлдің соңғы əңгімелерін оқығанда, 

оның əлем əдебиетінен көп сусындағанын 

байқадық. Стилі де, сөз саптауы да өзгере 

бастаған. Күрделі, жаңаша жазуға тырысады. 

Ертеректегі əңгімелері көбіне балалар 

əдебиетінің тəуір үлгілері деуге болады. Ал 

соңғы уақытта жазылған туындыларында 

жаңашылдық басым.  



Нұрбол ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет