Список литературы
Владимирова Н.В., Спаньярд Х. Индивидуальное консультирование выпускников детских
домов. – М., 2007.
Иванова Н.П. Критерии готовности выпускников к профессиональному самоопределению. –
М., 2006.
Ослон В.Н., Владимирова Н.В. Мониторинг жизнеустройства в постинтернате лиц из числа
детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей. – М., 2010.
Семья Г.В., Боровик В.Г. Вариативные технологии, способствующие профессиональному
самоопределению воспитанников образовательных учреждений для детей-сирот и детей, оставшихся
без попечения родителей. – М., 2003.
Семья Г.В. Первичное трудоустройство выпускников образовательных учреждений для детей-
сирот и детей, оставшихся без попечения родителей. – М., 2005.
Психологическое сопровождение выбора профессии / под ред. Э.М. Митиной. – М., 2003.
ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ГУМАНИТАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
51
УДК 81:37.016
ТОЛЫМСЫЗ СӨЙЛЕМДЕРДIҢ ЗЕРТТЕЛУI
Шолпанбаева Г.А.,
практикалық лингвистика
кафедрасының аға оқытушысы,
ҚМПИ, Қостанай қ.
Аннотация
Бұл мақалада толымсыз сөйлемдердiң зерттелуiнің жасалуы
жайында айтылады.
Аннотация
В статье рассматриваются пути образования неполных предложе-
ний в казахском языке.
Аbstract
This article is about the ways of building of kazakh incomplete sentence.
Түйінді сөздер: диалог, контекст.
Ключевые слова: диалог, контекст.
Keywords: dialogue, context.
Қазақ тіл білімінде құрылымдық-грамматикалық синтаксис өз деңгейінде тиісті же-
тістіктерге жетті деп айтуға əбден болады. Синтаксистік құрылыстың, атап айтқанда, сөз тір-
кесі мен сөйлемнің құрылымдық үлгілері, ғылыми моделі түгел дерлік түзілді. Қазақ тілі
синтаксисінің статикалық күйінің барлық бейнесі жасалып, сараланады. Ал тіл қарым-
қатынас құралы ретінде қызмет атқару үшін динамикалық процеске түсуі қажет. Сөйлеудегі
синтаксистік құбылыстардың өзіндік заңдылықтары бар. Осы орайда, қазақ тiлiнде əлi де
болса зерттеудi қажет ететiн мəселелердiң барлығы жеткiлiктi.
Мектеп грамматикасында жай сөйлемнің толымды жəне толымсыз болып бөлінуі тұр-
лаулы мүшелеріне байланысты. Егер тұрлаулы мүшелерінің біреуі я екеуі де айтылмай,
олардың не екені басқа сөздерден білініп тұрған сөйлем толымсыз болады.
Профессор Н. Сауранбаевтың педучилищеге арналған оқулығында толымды сөйлем
деп бастауышы мен баяндауышы, кейде толықтауышы түгел айтылған сөйлемді айтады да,
толымсыз сөйлем деп сол аталған тұрлаулы мүшелер мен толықтауыш қатыспай тұрған
сөйлемді айтады (Сауранбаев Н.Т., 1974, 46 б.).
Ғ. Əбухановтың педучилищеге арналған оқулығында мынадай анықтамалар беріледі:
«Белгілі ойды білдіру үшін керекті мүшелері түгел айтылған сөйлемді толымды сөйлем дей-
ді», «Сөйлемде айтылуға тиісті тұрлаулы не тұрлаусыз мүшелердің бірі айтылмаған сөйлемді
толымсыз сөйлем дейді». (Əбуханов Ғ., 1982, 31 б.).
«Қазіргі қазақ тілі» оқулығында: «Ойға қатысты мүшелері түгел айтылмаған олқы
сөйлемдер толымсыз сөйлем болады» деген анықтамалар берілген.
Бұл анықтамалардың қайсысы дұрыс, қайсысы сол сөйлемдердің негізгі жаратылысы-
на сай келеді? Байыптай қарағанда, бұлардың қай-қайсысы болсын толықтыруды, нақтылай,
анықтай түсуді керек етеді.
Мектеп грамматикасындағы анықтама тұрғысынан қарасақ, толымды сөйлемге əрқа-
шан да жақты сөйлемдер, оның ішінде бастауышы мен баяндауышы түгел қатысып тұрған
сөйлемдер жатқызылады. Ал бастауышы жоқ жақсыз сөйлемдер мен бастауышы белгісіз
жақты сөйлем үнемі толымсыз сөйлем болады.
Профессор Н. Сауранбаевтың берген анықтамасына қарағанда, толықтауыштың қаты-
су-қатыспауы да сөйлемнің толымды я толымсыз екендігін білдіреді. Сонда бұған анық-
тауыш пен пысықтауыштың қатысу-қатыспауы не себепті ескерілмеген деген заңды сұрақ
туады.
ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ГУМАНИТАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
52
Ғ. Əбухановтың педучилищеге арналған оқулығы мен «Қазіргі қазақ тілі» оқулығы-
ның анықтамалары бір-біріне ұқсас. Мұнда ойға қатысты мүшелерінің түгел қатысу-қатыс-
пауына негізделген. Бұл анықтама жапы алғанда дұрыс болғанмен, тым абстрактылы, жал-
пылама сияқты. Өйткені сол ойға қатысты мүшелердің түсіп қалуы немен байланысты, олар-
дың түсіп қалғандығын немесе түспей тұрғандығын қалай білуге болатыны нақты көрсетіл-
меген.
Сөйлемнің толымсыз не толымды болуы жөніндегі пікір алалықтары тек қазақ тіл бі-
лімінде ғана емес, жалпы совет тіл білімінде, соның ішінде орыс тіл білімінде де бар. Орыс
тілінде толымды сөйлем деп өз алдына жеке тұрғанда мағыналық дербестігін сақтай алатын
сөйлемді айтады да, толымсыз сөйлем деп жеке айтылғанда, мағыналық дербестігі болмай,
тек контексте тұрғанда, белгілі бір мүшелері қатыспайтын сөйлемді айтады. Сөйлемнің то-
лымды я толымсыз болуы үшін пəлен мүшенің болуы не болмауы міндетті деп үзілді-кесілді
айтылмай, ыңғайына қарай тұрлаулы да, тұрлаусыз да мүшелерінің біреуі не екеуі түсіп қала
береді. (Əбуханов Ғ., 1982, 32 б.).
Біздіңше, толымды сөйлем мен толымсыз сөйлем анықтамасы сол сөйлемдердің дер-
бес айтылуы мен контексте айтылуына қарап берілуі керек. Осылай еткенде, тек бастауыш-
баяндауыш қатынасындағы жақты сөйлем ғана емес, сонымен қатар жақсыз сөйлем де то-
лымды я толымсыз болып тұра алады. Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді (Ғ. Мұст.)
деген сөйлем құрылысы жағынан жақсыз сөйлем болса, мағынасы жағынан толымды сөйлем,
оны контекске байланыссыз дербес айтсақ та, мағыналық мазмұны олқы болып тұрған жоқ.
Сонымен, толымды сөйлемге мына сияқты анықтама берген жөн бе деп ойлаймыз:
Дербес айтылғанда, мағыналық мазмұны толық берілген сөйлем толымды деп
аталады.
Толымды сөйлем жалаң да, жайылма да бола алады. Кейбір сөйлемде толымды
сөйлем болу үшін бастауыштың үнемі қатысып отыруы міндетті емес. Бұл əсіресе баян-
дауыштары І, ІІ жақ жіктік жалғауда тұрған сөйлемдер. Ертең саяхатқа шығамыз. Мектеп-
ке барасың ба? т.т. Бұл сөйлемдерде біз, сен деген бастауыштары айтылмаса да, сөйлемнің
толықтығына ешбір нұқсан келтірмейді. Сондықтан І, ІІ жақты сөйлемдердің бастауыштары
айтылмаса да, олар толымды сөйлем бола береді. І, ІІ жақтық жіктеу есімдіктерінің қатысуы,
əсіресе диалог сөздерде, көбінісе логикалық екпін түсіріп, назар аудару үшін керек сияқты.
Итбай урядникті бетінен алып тастағалы адыран қарады ...
Сіз отпен ойнайсыз?
Мен білем өлмес жерімді!
Мен сізге рұқсат бермеймін!
Мен сізден ол рұқсатты сұрамаймын! (С.М.)
Бұл диалог сөйлемдерде екі адамның ерегіс жағдайын көрсеткендіктен, əрқайсысы
өзінің „менің” сөйлем сайын баса айтып тұр.
Баяндауышы ІІІ жақта тұрған сөйлем, егер бастауышы айтылмаса, толымсыз сөйлем
болады. Мұның əр түрлі себебі бар:
1) ІІІ жақтың арнаулы жіктік жалғауы тек етістіктің ауыспалы осы шағы (айтады, ке-
леді) мен бұрын өткен шағында ( айтыпты, келіпті) ғана болады да, басқа түрінде болмайды.
2) ІІІ жақтық бастауыш ол, олар деген жіктеу есімдіктері болумен қатар, есімдіктің
басқа түрлері де, зат есім жəне заттан басқа да сөз таптары бола береді. Сондықтан баян-
дауыш формасына қарап, оның бастауышының ІІІ жақта екенін əйтеуір білгеніміз болмаса,
нақты қай сөз екенін, əңгіменің кім туралы болып тұрғанын бірден аңғара алмаймыз. Келіп
қалды! – дегенде, сол келушінің кім екені я не екені күліп тұрған адамдарға белгісіз. Сондық-
тан да, не келіп қалды? Кім келіп қалды? – деген қосымша сұрау қоюға мəжбүр боламыз. Де-
мек, баяндауышы да, толымсыз сөйлемі болып есептеледі. Оның кім я не туралы айтылып
отырғаны контекстен білінеді.
Қазақ тілінде баяндауышы етістіктен болған ІІІ жақтық сөйлем толымсыз болса да,
дербес айтыла береді жəне орнын ауыстырса да, өзінің баяндауыштық қасиетін жоғалтпай-
ды. Баяндауышы есімдерден, əсіресе зат есімнен жəне тұйық етістіктен болған сөйлем дербес
ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ГУМАНИТАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
53
айтылмай, əрқашан да бастауыштың болуын қажет етіп тұрады. Мұндай сөйлемдердің
бастауышы тек диалогта, жалпы контексте ғана түсіп қалады. Танысып қой, Сергей Петро-
вич Щербаков, өзіңдей ескі шахтер, болашақ трест бастығы ... Механик Козлов, слесарь
Лапшин, мына кісі – инженер Орлов (Ғ. Мұст.).
Осы сөйлемдердегі Сергей Петрович Щербаков, өзіндей ескі шахтер болашақ трест
бастығы ... Механик Козлов, слесарь Лапшин дегендер – сол сөйлемдердің баяндауыштары.
Бұлардың бастауыштары айтылмай түсіп қалған. Егер бұл сөйлемдерді осы қалпында дербес
айтса, өз алдына сөйлем бола алмайды. Екінші бір мысал:
Біздің мақсат – орманды өз ауданымызға тарту (Ғ. С.). (Сауранбаев Н.Т., 1974, 59 б.).
Бұл – толымды сөйлем. Ал оның бастауышын айтпай өз ауданымызға тарту деп қана
қойсақ, дербес тұрғанда, сөйлем болмайды, контексте тұрғанда ол – бастауышы айтылмай
тұрған толымсыз сөйлем болады. (Сауранбаев Н.Т., 1974, 23 б.).
Қазақ тілінде толымсыз сөйлем болудың мынадай жағдайлары бар:
1. Диалог. Мұнда толымсыз сөйлемдердің алуан түрлері жасалады. Диалог – екі я
бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуіне құрылатындықтан, сұрау-жауап не айтылған хабарға
тыңдаушының өз көзқарасын білдіру түрінде болады. Диалогта сөйлесуші адамдар өздерінің
назарын белгілі бір мүше арқылы берілуге тиісті хабарға бөледі де, сол сөйлемнің жалпы құ-
рылысына көңіл аударып жатпайды. Осының салдарынан алдыңғы сөйлемде айтылған белгі-
лі бір мүше соңғы сөйлемде қайталануға тиіс болғанмен, айтылмай қала береді. Бұл мүше
тұрлаулы да, тұрлаусыз да мүше болуы мүмкін. Мұндайда тұрлаулы мүшелері түгел түсіп
қалып, тұрлаусыз мүшенің өзі тұрса да, ол – сөйлем деп танылды, тіпті кейде сөйлем құра-
мында өздігінен мүше бола алмайтын кейбір көмекші сөздер де уақытша „сөйлем” орнында
тұрады. Диалогқа тұрлаусыз мүшелер ортақ болып, олар соңғы сөйлемде айтылмай қалса,
тұрлаулы мүшелері түгел болғанмен, ол сөйлем – толымсыз болады. Мысалы:
Барлық оқу-тəрбие жұмысын бүтіндей қайта құру қажет.
Атап айтқанда? ... (М. И.)
Соңғы сөйлемнің орнында атап айтқанда деген қыстырма сөз ғана тұр, ол – сұраулы
сөйлемнің қызметін атқарады.
Бұл не құс?
Бүркіт.
Жаңа не ұстады ол?
Қарсақ. (С. М.)
Қайда келеміз?
Қайлашыларға.
Қашан келдіңіз?
Кеше. (Ғ. Мұст.)
Шырағым, кім баласысың?
Тұяқтың. (С. М.)
Бұл диалогтарда қарсақ (тура толықтауыш), қайлашыларға (жанама толықтауыш), ке-
ше (мезгіл пысықтауыш), Тұяқтың (анықтауыш) деген тұрлаусыз мүшелер ғана айтылып,
сөйлемнің тұрлаулы мүшелері қатыспаған.
2. Контекст. Мұнда өзара тетелес тұрған сөйлемдердің алдыңғысында айтылған бір
мүше соңғысында айтылуға тиіс болса да, ой оны айтпаса да түсінікті болатындықтан түсіп
қалады. Бірақ контексте тұрлаулы мүшенің біреуі айтылады да, толымсыз сөйлем болады.
Екеуінің де ұстаздарын – Киселев қой? Білем, Алматыда жолыққан. Тамаша адам!
(Ғ.С.) Ұзаған жоқ, „қайдасыңның” иелері адырдан өрлеп шыға келген-ді. Үш-төрт атты.
Бет пішіндері көзге түсіп тұрған жоқ (Ғ.С.).
Бұл мысалда Алматыда жолыққан, тамаша адам, үш-төрт атты дегендер – бас-
тауышы түсіп қалған толымсыз сөйлемдер.
3. Құрмалас сөйлем құрамындағы толымсыз сөйлем. Мұнда бірінші жай сөйлем-
дегі бір мүше екіншісінде айтылмай түсіп қалады.
ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ГУМАНИТАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
54
Арша болды-ақ, биік тау (Ғ. С.). Ендігі жер оған таныс еді – жылдағы жайлау. Не
де болса жақындап көруге бұрыла бергенде, шоқиғандар əрі қарап қаша жөнелді – қасқыр!
(С. Мұқанов.)
Бұл мысалдарда құрмаластардың соңғы жай сөйлемдері – биік тау, жылдағы жайлау,
қасқыр – толымсыз сөйлем түрінде айтылған: алғашқы сөйлемде баяндауыш түсіп қалса,
соңғы екеуіне бастауыштары түсіп қалып тұр.
Кейде бірінші жай сөйлем толымсыз мəнде айтылады да, оның мағынасы екінші сөй-
лемнің мазмұнымен толықтырады.
Баймағамбет біледі: осындай күйдің артынан Абай көбінесе қағаз, қарындаш алғы-
зады. (М. Əуезов.).
Алғашқы жай сөйлемде тұрлаулы мүшелер түгел, сонда да екінші сөйлемде салыстыр-
ғанда, ол – толымсыз, оның мағынасы соңғы сөйлем арқылы толықтырылған. Егер соңғы
сөйлемнің дербестігін жойып, жай сөйлемге айналдырсақ, ол толымдыға айналады: Осындай
күйдің артынан Абайдың көбінесе қағаз, қарындаш алғызатынын Баймағамбет біледі. Құр-
маластың құрамындағы бірінші сөйлемнің кейде баяндауышы түсіп қалып, бастауышы ғана
тұрады, бірақ оның соңғы сөйлем арқылы берілген ойға қатысы болады.
Сонымен, жоғарыда айтқандарымызды жинақтай келгенде, толымсыз сөйлемге мына-
дай анықтама беруге болады:
Тұрлаулы я тұрлаусыз мүшелерінің біреуі не екеуі контекске байланысты түсіп
қалып, оның түсіп қалғандығын көрші тұрған сөйлемге қарап білуге болатын жай сөй-
лемнің түрін толымсыз сөйлем дейміз.
Қазақ тіл білімінде құрылымдық-грамматикалық синтаксис өз деңгейінде тиісті жеті-
стіктерге жетті деп айтуға əбден болады. Синтаксистік құрылыстың, атап айтқанда, сөз тірке-
сі мен сөйлемнің құрылымдық үлгілері, ғылыми моделі түгел дерлік түзілді. Қазақ тілі син-
таксисінің статикалық күйінің барлық бейнесі жасалып, сараланады. Ал тіл қарым-қатынас
құралы ретінде қызмет атқару үшін динамикалық процеске түсуі қажет. Сөйлеудегі синтак-
систік құбылыстардың өзіндік заңдылықтары бар. Осы орайда, тіл білімінде толымды жəне
толымсыз сөйлемдерді белгілі бір тиісті сөйлем мүшесінің не болмаса мүшелерінің қатысу-
қатыспауына байланысты ажыратылып жүр. Сондықтан мүшеленбейтін сөйлемдерді толым-
ды-толымсыз деп бөлуге келмейді. Толымды-толымсыз болып келетін сөйлемдер бірқұрам-
ды жəне екіқұрамды сөйлемдер де кездеседі. Толымсыз сөйлемдердегі тиісті мүшенің я мү-
шелердің қатыспай тұруының екі себебі ретінде контекст пен ситуация деп бөлуге болады.
Бүгінгі зерттеліп отырған мəселенің түйіні толымсыз сөйлемдердің қызметі мен құрылымын
ашып, толық сипат беру үшін ең алдымен тілдік семантика мен сөйлеу семантикасын ажыра-
та білудің маңыздылығында. Жұмыста жай сөйлем синтаксисінің зерттелуіне қосқан ғалым-
дар пікірлері талданып, жан-жақты мағұлмат берілді. Атап айтар болсақ, Жақыповтың «Сөй-
леу синтаксисінің сипаттары» атты диссертациялық еңбегінде ғалым толымсыз сөйлемдерді
контекстегі атқаратын қызметіне қарай;
бастауышсыз толымсыз;
анықтауышсыз толымсыз;
пысықтауышсыз толымсыз;
толықтауышсыз толымсыз;
баяндауышсыз толымсыз – элипсистенген сөйлем деп жіктеп, түрлі мысалдармен
дəлелді пайымдаған. (Жақыпов Ж., 1998). Керімбекова Ұ. апамыздың осы толымсыз сөйлем-
дерге байланысты бастауышсыз толымсыз сөйлемдер, анықтауышсыз толымсыз сөйлемдер
деп бөлiп қарастырған еңбектерi де зерттеудiң кең көлемдiлiгiн көрсетерi хақ.
Əдебиет тiзiмi
Əбуханов Ғ. Қазақ тiлi. – А., 1982.
Əмiр Р., Əмiрова Ж. Жай сөйлем синтаксисi. – А., 1998.
Жақыпов Ж .Сөйлеу синтаксисiнiң сипаттары. – Қ., 1998.
Қазақ тiлiнiң грамматикасы. Синтаксис. – А., 1996.
Сауранбаев Н.Т. Өмiрi мен ғылыми мұрасы жайында. – А., 1974.
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
ЕСТЕСТВЕННОНАУЧНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
55
УДК 378.164/.169
FUNCTIONAL CAPABILITIES OF THE DESIGN OF VIRTUAL LABS
Begalin A.H.,
Lifenko V.M., candidate of physical
and mathematical sciences,
KSU of. A. Baytursynova, Kazakhstan
Аннотация
Жұмыста көз мөлшерiмен программалау ортасының қаржысын
электрондық виртуалды зертхана жасаудың төңiрегiдегi зерттеу нəтиже-
лердi ұсынады, систем үйретушi программа конструкторларын жасауы
үшiн əр түрлi аспаптық құралдарының ықпалдасуының сұрақтары мұндай
қаралады. Жасаудың жасалған əрекетi əмбебап жəне оқушы бастапқы
өнер-бiлiмдерiнiң деңгей ескеретiн көп қызметтi бағдарлама.
Аннотация
В работе предлагаются результаты исследований в области
создания электронной виртуальной лаборатории средствами визуальной
среды программирования, рассматриваются вопросы интеграции различных
инструментальных средств для создания конструктора таких обучающих
систем. Сделана попытка создания универсальной и многофункциональной
программы, учитывающей уровень первоначальных знаний обучаемых.
Abstract
In work results of researches in the field of creation of electronic virtual
laboratory by means of the visual environment of programming are offered,
questions of integration of various tools for creation of the designer of such trai-
ning systems are considered. Attempt of creation of the universal and multipurpose
program considering level of initial knowledge of trainees is made.
Түйінді сөздер: виртуалды зертхана, бағдарлама, каталог, оқу жүйесінің
дизайнері, мəліметтерді шифрлеу, шифрді айыру
Ключевые слова: виртуальная лаборатория, программа, дизайнер учебных
систем, мультимедиа, шифрование данных, расшифровка, каталог.
Keywords:
virtual lab, programme, designer of learning systems, multimedia,
data encryption, decryption, catalog.
Introduction: At present, the development of electronic virtual laboratory imposed more
stringent requirements. It means the use of multimedia computer in order to engage all the senses of
the student: vision, hearing and motor memory. Electronic laboratory must not only submit the
information in a colorful train, but also control the level of Learning, to control the speed of presen-
tation of information and calculate the trajectory of learning. Some students are receptive to the
material – their training can be accelerated by skipping lessons topics. Students who are struggling
to accept the material several times to return to the study of selected topics in more detail to clarify
certain issues, to conduct more experiments.
Materials and methods: The proposed e-constructor of virtual laboratory designed to make
the most of all requirements, automate the process of learning to individual approach to every student
in the light of his temperament, mental capacity, availability and quality of knowledge on the subject
under study, to control the volume and rate of presentation, to control the level of knowledge.
The existing electronic textbooks have one drawback – it’s very difficult to create them and
only people who are familiar with the structure of the textbook and knowing how to program well can
do it. However, this process can be greatly simplified if we use the software designer. The program
itself could complete virtual lab prepared in advance material. In this case, would require the presence
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
ЕСТЕСТВЕННОНАУЧНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
56
of minimal skills of PC user. All routine work on its creation will take on the designer developed.
There is a real opportunity to bring to electronic virtual laboratory professionals in other fields, not
related to programming – mathematicians, physicists, linguists, veterinarians, lawyers, etc.
Designer injection makes a long and laborious process fun, giving a lot of pleasure, greatly
reduces the time creating learning systems.
Comparative analysis shows that the use of such design is ten times reduce the time spent. It
can be created within a few days, while in programming "from the beginning" would take months
of hard work.
However, do not consider that released software will "look alike". "Person", the style of
presentation depends just on the content of the pledged in his study material. The style, manner of
presentation of these textbooks will be unique.
The question of testing students' knowledge and credibility assessment is becoming more
relevant than ever. Numerous test systems that were created in recent years, given the various indi-
cators in determining the level of knowledge. To increase the efficiency of knowledge control
program is needed, taking into account the peculiarities of thinking and combining different forms
of testing.
The program developed by e-virtual laboratory consists of a set of functional routines.
Consider a few of them.
Достарыңызбен бөлісу: |