Рымғали НҰРҒали драма өнері



Pdf көрінісі
бет17/26
Дата25.01.2023
өлшемі2,67 Mb.
#62969
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
II. 
 
XX ғасырдың басында дүниеге келген қазақ драматургиясы әр уақытта 
замана тынысынан алшақтап, дәуір проблемаларынан бойын аулақ салған жоқ, 
мезгілдің көкейкесті мәселелері, кезеңнің толғақты сырлары сан алуан пьесалар 
тудырған. 
Қалың қауым Мұхтар Әуезовтің революциядан бұрынғы қазақ тұрмысын 
классикалық шеберлікпен көрсеткен трагедияларымен, драмаларымен ертеден 
жақсы қанық, біліс еді, енді ұлы суреткердің көп томдық кітаптары басылған соң 
жаңа шындықты бейнелейтін пьесаларымен, замандас тұлғасын сомдап шығару 


176 
жолындағы ізденістерімен жете таныса бастады. 
Тіпті, "Октябрь үшін", "Тартыс", "Тас түлек", "Шекарада" секілді отызыншы 
жылдар сахнасында қойылған пьесалар өз алдына, қазіргі дәуір бүгінгі өмірді 
бейнелейтін "Алуа", "Асыл несілдер" драмаларында көп қызық өрнектер, 
суреткерлік мол олжалар бар. Үңіле, зерттей қараған адам, бұл дүниелерден талай 
үлгі, өнеге алмақ. 
Мұхтар Әуезовтің әр кезде Сәбит Мұқановпен, Ғабит Мүсіреповпен, 
Әлжаппар Әбішевпен, Әбділдә Тәжібаевпен бірлесіп пьеса жазуында мол ғибрат 
бар. Үзеңгілес дос, өкшелес ініні әдейі қиьш жанрға баулу, білекке-білек қоса жүріп,
іс тындырудың бір үлгісі. 
Жаңа шындықты бейнелейтін М. Әуезов пьесаларына немқұрайды қарау, 
оларды драматургтің творчестволық мүмкіндігінен төмен шыққан деп кемсіту, 
көзді жұмып өте шығу - ескірген, қате концепцияның кесірі. 
Әділін айтқанда, ұлы суреткердің ондаған жыл бойы тер төккен, жастықтың 
күш-қайратын жұмсаған саласы драматургия, оның ішінде өзгерген сана адамының 
тұлғасын мүсіндеу мақсаты еді. 
Дмитрий Фурмановтың әйгілі "Бүліншілік" романымен тақырыптас, 
дегенмен, 1933 жылы жарияланған "Октябрь үшін" пьесасы инсценировка, белгілі 
шығарманы сахнаға лайықтау емес, дербес оқиғасы, басқа қаһармандары, 
өзіндік идеясы бар бірегей, мәнді туынды екенін кезінде О. Беков, Ғ. Мүсірепов 
дұрыс көрсеткен. 
Әзірше бүгінгі зерттеушілер назарынан қалыс жатқан "Тартыс" пьесасында 
қазақ интеллигенциясы өткен ауыр жолдар жайлы көп сырлар бар. М. 
Қаратаевтың бұл драма туралы заманында үлкен мақала жазуы тегін емес-ті. 
Жаңа адамды, жағымды қаһарманды бейнелеудегі Мұхтар Әуезов ізденістері 
жанрлық формалардың ішкі мүмкіндіктерін ерекше ойластыруынан да айқын 
көрінеді. 
Революциядан бұрын қазақ өміріне арналған пьесалар циклына енген 
шығармалардың 
бәрі 
формалық 
жағынан 
еуропалық, 
классикалық 
драматургиядағы дәстүр шеңберінен шықпайды: олардағы оқиға қысқа мерзімді 
қамтиды, сюжет түзілуінде бірізділік бар. 
Үлкен әлеуметгік төңкерістердің әсерінен халық санасына түскен өзгерістерді, 
рухани эволюцияны бейнелеу жолында Мұхтар Әуезов, әсіресе драматургияда, сан 
алуан творчестволық тәжірибе жасады, қалыпты поэтика тұрғысынан қарағанда ерсі 
көрінетін шығармалар да жазды. Осы ретте "Тас түлек" драмасына бірталай 
назар аударуға болады. Бұл пьеса ең алдымен өзінің архитектоникасымен қызық. 
Әрбір көріністе драматург жаңа өмір құбылыстарын алдына тартады. Соның 
негізінде қаһармандар бойында пайда болған рухани, психологиялық 
жаңғыруларды көреміз. Бас-аяғы тұйықталған, аз уақыт ішінде бұрқ ете түскен 
тартыс емес, бірнеше жылдарға созылған тармағы мол күресті аңғарамыз. 
Бір ұядан шыққан, шамалары қарайлас, құрбы-құрдас жандар әуелде мінез-
құлқы, іс-әрекеті жөнінен өзара дараланып, оқшау сипат таныта алмайды. 
Алғашқы көріністерде Қондыбай байдың кәмпескеленуіне байланысты 
айтылып жатқан әр түрлі сөздердің үстінен түсеміз. Таптық көзқарас, әлеуметтік 
пиғылдарды драматург мінездік ерекшелікгерімен сабақтастыра көрсетуді мақсат 
тұтқан. Негізгі персонаждардың барлығы да бірден сахнаға шыққанда олардың 


177 
ішінен Бөлтірік әрекеті көзге айқын шалынады. 
Оның Қондыбай болып Арпабай мен Есбикені қорқытуы жеңіл күлкі, арзан 
эффект емес, сәтті табылған деталь. Енді құлдық, күндік ит тірлікген құтылып, 
мойнымыздан қамыт түсіп, есе теңдікке жеттік деп қуана бастаған пұшайман жандар 
тағы бұрынғы айғайды естігенде шошымай қайтеді. 
Байдың қызы, оң жақта бұлғақтап өскен ерке тотай Шәкеннің әкесіне ермей, 
кедей-кепшік, жарлы-жақыбай қасында қалып коюы маңызды әлеуметтік қадам. Ірі 
байларды жер аударып, енді өздері билікке ие болған жандардың ауылдағы күрес, 
тартысы талай шығармаға арқау етілген тақырып. Көркем туындыны бағалағанда 
авторлық мақсатты, жанр шарттарын ұмытып, үнемі бірқалыпты талаппен, бір 
өлшеммен әсте әділ пікір айтылмаса керек. "Тас түлек" жайлы жазғанда 
драматургтің сюжет құруда шарттылық тәсілдерін пайдаланғанын ұмытуға 
болмайды. Қарқынды өмірдің аршынды қадамдарына ілесе түлеген, қоса 
жаңғырып өскен тағдырларды бейнелеу ерекше ескерілгендіктен автор 
кейіпкерлерін әдейі әр түрлі орайда көрсетеді. 
Ауылдан 
кеткен 
жастардың 
құрылыс 
жұмысында 
жүргендегі 
психологиялық өзгерістер күлкілі жайттармен сабақтасып жатыр: зілсіз, жайма-
шуақ, өзіл-қалжың. Драматург қосалқы персонаждарды керекті жерінде сәтті 
енгізген. 
Қара көз, көрген көз деп жақаурата келіп, рулық, жершілдік сезімдерді 
ойнау арқылы өзі жем түсіретін пысықтар қашан да надан елдің арасында аз 
болған жоқ. Біреумен біреуді шақ-шақ ұрыстырып қойып, ортадан олжа табу 
және бар. Орыс жұмысшылары мен қазақ жұмысшыларын араздастыра отырып, 
пәленің отын жағуға тырысқан екеуді Бөлтірік, Қамбар мазақ етеді. Өздерінің 
жетіліп қалған парасатын, толыса бастаған ойын танытады. 
Әуелде тізеге тізе, білекке білек қосып, күрестің үлкен жолына бірге 
аттанған жастардың келе-келе іргесі бөліне бастайды. Жай кикілжің, 
түсінбеушілік емес, дүниетаным алшақтығынан, таптық көзқарастар 
қайшылығынан туған қақтығыс бой көрсетеді. 
Задында буыны қатып, бұғанасы бекіп кеткен адамның басқа ұлттың 
тілін тез үйренуі, әсіресе фонетикасы, лексикасы, грамматикасы ұқсамайтын 
тілді меңгеріп кетуі қиын шаруа екені анық. Драматруг қаһармандарының 
бойындағы өзгерістерді, марқаю эволюциясын сенімді штрихтармен бейнелейді. 
Ауыл жігіттерінің орыс тілін білуге күш салуы осы орайдағы қиындықтар, 
күлкілі әрекеттер, юморлық жайттар қызық мінездер сахналық әрекет, бояуы 
қанық диалогтар арқылы ашылған. 
Пьесаның басында бір рет пәлелі сөздерімен, жат пиғылымен көрініп 
қалған персонаж Әшімнің кешегі ауыл жастары, қазір оқуға ден қойған Бөлтірік, 
Қамбар, Алатайлардан айырмашылығы - кішкентайынан білім алғандығы. Ол 
жаңа заманның, прогрестің, өркендеудің кәдесіне жарауды, революциялық 
идеалды мұрат тұтушы емес, көксейтіні ескілік, аздың табанына көпшіліктің 
түскен кезеңі, сол дәуір, сол баяғының моралі. Ашық майданнан тайқып 
ұрлық-ғайбат тәсілін ұстанып, қармақ салып отыр. 
Туыстығына қарамастан Қондыбай байдан безіп, оның әулетінен іргесін 
бөліп, ат құйрығын кесіп кеткен сыңай танытқан Құсбектің шын сыры тереңде, 
қоймасы қалың жықпылда екен. Ұлт араздығын қоздыру ниетімен қасақана 


178 
таратылған өсектің оты лап ете түскенде, жастар екі жарылады. Бір қанатта 
Қамбар, Бөлтірік, екінші қанатта Құсбек, Местер. Драматург осы тартысты жан-
жақты көрсетпей, басқа жайтқа ауысып кетеді. 
Бір ескеретін нәрсе, "Тас түлек" драмасындағы кейіпкерлер өзара туыс, ерлі-
зайыпты, ағалы-қарындасты, әкелі-балалы қатынаста алынған. Драматургтің жаңа 
семьялық моральдің тууын көрсету талабын құптай отырып, артық кеткен, 
жасанды, ситуацияға ұрынған кездерін айтуымыз керек. 
Мінездік ерекшелігі айқын, от-жалыны мол Бөлтірік секілді абзал 
азаматтың әйелі Топайдың Бөлкебаймен кете баруын тоқты-торымдай да 
көрмеуі, мүлде селқос қарауы сендірмейтін, псиохологиялық жағынан 
тиянақталмаған жағдай. Жастармен бірге оқиғаға жер ортасынан ауған Арпабай 
мен Есбикенің үнемі қатысып отыруына драматург ерекше мән берген. Өз 
заманының екпінді ықпалы бұл екеуіне де тез әсер етіп, мінез, көзқараста жаңа 
өзгеріс, соны сипаттар туғызады. Рас, қаламгер адам санасына мысқылдап 
енетін құбылыстарды, шетін күйлерді төптіштей бейнелей алмаған. 
Араға бес жыл салып, қайта кездескенімізде, кешегі ауыл жігіттерін 
Алматыдан көреміз. Бұл сценада Арпабай мен Есбике арасындағы диалог 
қызықты. Кеше ғана от қасы, ошақ басынан өзге де шаруасы аз, байдың бір 
зекігенінен зәресі ұшатын су жүрек Есбике енді көшелі кісі санатына енген. 
Қазақ театрының алғашқы спектакльдері көрермен үшін үлкен бір қуаньш, той 
іспетті еткендігі белгілі. Есбике аузымен айтылатын Бейімбет Майлиннің 
"Майдан" драмасындағы қаһармандар жайлы баға Мұхтар Әуезовтің авторлық 
тұжырымымен орайлас келеді. 
Қамбар, Бөлтіріктің бойындағы жаңа сипаттарды олардың республика 
көлемінде өтіп жатқан саяси науқандарға көзқарасынан аңғаруға болады. Бірақ 
диалогтардың мінез ашу қызметінің орнына социологиялық, үгіттік жағы дендеп 
кеткен. 
Тұтас қарағанда, бұл пьесадағы тартыс жұмысқа, оқуға аттанған 
жастардың қайтып оралып, совхозда іске кіріскен кезінен бастап арна табады. 
Құрылыста қалған Сапар, Москвада оқитын Сәлкебай, Топай, Алатай, 
Алтын, Шәкен - баршасының Қамбар директор, Бөлтірік саяси бөлімінің 
бастығы болып отырған совхозға бірінің соңынан бірі сау ете түсуінде, 
шарттылық, жасандылық та жоқ емес. Малы қырылып, адамы жүдеп-жадап, 
азып-тозған шаруашылықтың ең ақсаған фермасының меңгерушісі Құсбек екен. 
Фамилиясын өзгертіп алыпты. Іс-әрекетінің кесекгігі жөнінен өзгелерден оқшау 
тұр. 
Бақсақ, өлді-қырылды деп өтірік есеп беріп, ретін тауып жеке отар жинай 
бастаған. Қашқан-пысқандардан, қағылған-соғылғандардан топ құраған. 
Олардың басшысы - бір кезде ұры болған Мес. 
Драматург Құсбекті кешегі үстем таптың сойылын соғушы, ескілік пиғылдың 
адамы ретінде көрсеткенде оның екі жүзділігін, сатқындық психологиясын ашуға 
ден қойған. Құсбек пен оның әйелі Кәмеш арасындағы алтыншы, жетінші 
суреттердегі диалогтардың драматизмі күшті. Басына бұлт үйіріліп, құрсау 
тарылып келе жатқанын сезген жырыңды әйелін күні бұрын қайрап, шүйлеп 
салып отыр. Мақтап қойып, арқадан қағып, қарсы ұстар қалқан етпек. 
Жауласқаны өзінің туған қайнағасы - Қамбар. Алданған, кіріптар болған сезімді 


179 
пайдаланып, аман қалмақ. 
Арада аз уақыт өтісімен басына қауіп төнген кезде, қанды шелек Құсбек 
Кәмешті жер құштырып, қаңғыртьш тастап кетеді. Оққа байлап кетеді. Тыңдаңыз, 
Құсбек – Кәмеш: 
- Сенің бауырың ғой, бауырың езілгір. Қал қазір осы арада. 
- Құсбек-ай, не дейсің? Сен үшін кетпеп пе ем бәрінен. 
- Ол, сенің бауырың, сен әйелсің, қарындасына тимейді. Орал 
шылбырына. Бөге! Болмаса Алматыға кетті, ақталуға кетті де, қайта 
оралып келіп алам. 
- Не дейсің, тастадың ба? Қалмаймын ойбай сенен, жаным, 
ағатайым, әкет мені, әкет, өлтіріп кет мені! (Жабысады). 
Шығарма үніңді, болмаса өлтіріп кетемін. Шық алдынан, тап 
соны айт, жаңағыны, жаныңды бер, өл мен үшін. Бағана берген 
сертіңнің орындалатын жері міне, осы. Не десіп ек? Болмаса, бегеу- 
ге жарамасаң, ұрғашылық қылып, жасықтық етсең - айрылдың менен. Жоқпын мен 
саған. 
- Жаным, не дейсің, алдадың ғой. (Жабысады). 
- Алдағаным жоқ. Шатпа босқа! Бөге, тіпті өлтірсең де бөге 
Қамбарды ұқтың ба?, (Итеріп тастап шығады). (М. Әуезов. Шығар- 
малар, 8-т., 437-438 беттер). 
Бұл жерде екі түрлі тағдыр тоғысқан. Ата-анадан, туған ағадан ат құйрығын 
кесіп кетіп, тіршіліктегі сенім-тірегім, қуаныш қызығым деген адамнан, көзсіз 
махаббатпен сүйген күйеуінен соққы жеп, зар еңіреп, запыран құсқан сорлы әйел. 
Әлсіз ден болса, қарсылыққа шама жоқ. Екі оттың ортасында қалған. Адам 
мінезінің, әсіресе, әйел табиғатының, осал жерін жақсы пайдаланып, олжа 
түсіруді дағды қылған зұлым еркек басына қатер төнген шақта сыналған қаруын 
қынаптан суырып алыпты. Характерлік даралығы бар персонаж Шәкен арқылы 
драматруг жуан жерден, түбірлі ортадан шыққан адамның социализм идеясына 
келу жолын көрсетпек болған. Тік бақай, ерке өскен, шолжың, бір беткей қыздың 
мінезі бірте-бірте батылдық, тапқырлық, күрескерлік апаттарына ойысады. Қапыда 
Местің қолына түсіп, жалаң қылыш жүзіне табан басқандай күйде қалғанда морт 
сынып кетпейді. Тіпті әкесі Қондыбайды көрген сәттің өзінде бойын тежеп ақылға 
жеңдіріп, айламен іс етеді. Жаңа ортаға, осы қауымға Шәкен қиындық кешіп, оқ 
пен өрттің ішінен күреспен өтіп келеді. 
Авторлық позиция, драматург идеалы көпшілік сценаларында жақсы 
аңғарылады. Сегізінші суреттегі шопандар арасындағы диалогган совхозда 
жүргізілген арандату, зиянкестік қылмыстарының тап күресінің жалғасы, алапат 
шайқастың соңғы жаңғырығы екені ұғылады. Қосалқы, эпизодтық персонаждар 
мінездік ерекшеліктерін танытып қалады. 
Елді, жерді тастап, қарақан бастың қамы үшін шыбын жан мен қу тамақты 
ғана күйттеп, шекара бұзып, түн жамылып, ұрланып зытып бара жатқандардың 
рухани мүсәпірлігі, моральдық мардымсыздыгы көрініп тұр. Кедейліктен сіңірі 
шығып өткелектен өткен Мес аз уақыт адал жолға бұрылғандай болады, артынан 
тағы адасып, социализм дұшпандарының қолшоқпарына айналады. Ұр да жық, 
атып кел, шауып келдің дөкір сөзіне ожар ісі лайықты. 
Ұрланып жүріп, қашып-пысып жан сақтаған Қондыбай бай мен ел көріп, 


180 
жер көріп жаңа заманның соны қасиеттерін бойына сіңірген Арпабай кедей соңғы 
актіде карама-қарсы планда, онтраст ыңғайда алынған. Қазақтың екі шалы. Кеше 
ғана біреуі қожасы, екіншісі соның есігіндегі қызметшісі еді. Бүгін бұлардың 
арасындағы айырма жер мен көктей. Бірі - өзгерген, өскен, биіктеген әлеуметтік 
сананың адамы. Кезеңнің сырын ұққан. Екіншісі - қашып бара жатыр. 
Қондыбайды ізіне түсіп, шопандарға көп жайтты ұқтыру арқылы тырп еткізбей ұстап 
алды Арпабай. 
Пьеса финалында драматург шығармаға берілген аттың символикалық мән-
мағынасын Арпабайдың монологінде ашьш береді. 
- Балаларым, түлек екені рас. Қазір барлық Қазақстанның, жаңа 
жұртшылықтың өсуі де солай. Түлеп өседі ғой. Сен соның бір ұшқыны, бір 
шоғырысың. Көңілің осе, қайратың тола, мерейің аса түледің. Мұның аты - тас түлек. 
Тас түлск болсын бұл түлек (8-т. 446-бет). 
Осы алуандас шырайлы сөздер, қанатты оралымдар, мақал-мәтелдерді 
пьесаның өн бойынан ұшыратамыз. "Құт шайқалды, ен дүние шашылды", 
"Байының күлмейтін қатынын ашты", "Ілгері басқан жасты кейін басқан көрі 
тоқтатпасын", "Жылқысы қашаған ауылдың адамы даурықпа, қау-көрік келетіні 
рас", "Қырсыққан ит қыңыр жүгіреді", "Көп ауыз біріксе, бір ауыз жоқ болады" - 
бұл секілді халық тіліндегі туылып жатқан байлықтарды еркін пайдалану жалпы 
Мұхтар Әуезов стиліне етене қасиет. "Тас түлек" драмасында бір пьеса 
көлемінде қамту ете қиын, ауқымы мол, әр түрлі өмір құбылыстары алынған. 
Бас-аяғы жұп-жұмыр, тұтас шығарма жасау үшін қашан да әрекет бірлігі, 
тартыс бірлігі қажет. Мінездік ерекшеліктерімен ашылмайтын Омар, Сергеев, 
Митя, Нұғыман секілді қосақ арасында жүрген, өзара ұқсас персонаждар әр 
эпизодта бір төбе көрсетіп, үзіліп қалып қояды. 
Жаңа адамның әлеуметтік күрес үстінде тууын көрсеткен, ескі семьяның 
ыңырап, жаңа семьяның қалыптасуын бейнелеген, таптық шайқастар 
майданында әке мен бала, аға мен қарындас, күйеу мен әйел арасында болған 
тартысы суреттеген "Тас түлек" пьесасы Мұхтар Әуезов драматургиясындағы 
қызықты шығарма. 
Қазақ халқының революциялық күресінің, социализм жолындағы 
тартысының сан алуан көріністерін бейнелейтін Мұхтар Әуезовтің пьесалар 
циклінің ішінде көркемдік сипаты, идеялық өресі биік драманың бірі - 
"Шекарада". 
Тұңғыш рет "Шекара" деген атпен театр сахнасына шыққанда, спектакль 
жұртшылық тарапынан үлкен баға алды. 
Сәбит Мұқанов: "Мұхтар Әуезов жолдастың "Шекарасы" автордың да, 
постановщик жолдас Насоновтың да, академиялық драма театры коллективінің 
де творчестволық жағынан бұрынғыдан жоғары шыққандығына, өскендігіне 
айқын дәлел. Мұхтар жолдас бұл пьесада өзінің алдына өте бағалы және ауыр 
міндет қойған. Ол бүгінгі ауылды, бүгінгі ауыл ішінде шекарадағы ауылды, ол 
ауылдың бүгінгі күнгі адамдарын, олардың күресін көрсету. "Шекара" 
спектаклін көрген кісі Мұхтар жолдастың осы мақсаты көңілдегідей аяқталғанын 
көреді", - деп жазды. 
Мұхаметжан Қаратаев: "Пьесаның оқиғалары жанды, қимылды. Әрбір 
картинасы кісіні көтеріп, желпіп отырады. Оқиғалардың драмалық жағдайлары 


181 
да нанымды, шын. Образдар осы оқиғалармен қабыстырылып берілген емес", - 
деп жазды. 
Есмағамбет Ысмайылов: "Мұхтардың бұл пьесасы қазақтың советтік 
драмтургиясын жасаудың жаңалық проблемасын, болғанда дұрыс жолмен 
өсуінің проблемасын алға қоя білген. Автор пьесада алған темасын негізінде 
меңгеріп, идеялық тенденциясын дұрыс шешіп шыға алған. Бұл пьеса әншейін 
жазыла салған хроникалы инсценировка емес, өзінің алған темасына көркем 
түйіндеу (обобщение) берген, жаңа үлгілі патриот адамдардың образын 
жасаған толық мағыналы драма," - деп жазды. 
Қапан Сатыбалдин: "Мұхтар "Шекарада" еліміздегі тап тартысының 
қазіргі кездегі кезендерін терең шолып көрсете білген", -деп жазды. 
Әлжаппар Әбішев: "Сөз жоқ, Мұхтар Әуезов жолдастың "Шекарасы" бүгінгі 
Совет елінің шындығын дәл көрсетеді. Бұл зор табыс, үлкен қуаныш, мақтануға 
тұрарлық іс", - деп жазды. 
Бұл материалдарды "Социалды Қазақстан" газеті 1938 жылғы 6 мамыр күнгі 
санында "патриотизмді күшейтетін, қырағылыққа үйрететін пьеса" деген жалпы 
тақырыппен жариялады. 
Содан бері отыз бес жылдай уақыт өтті. Әуезовтің қайта-қайта шұқшия 
қараған, көріктеу, ажарлауға ерекше мән берген драматургаялық шығармасы осы - 
"Шекарада". Бұл пьесаның араб, латын, қазіргі графикамен жазылған төрт түрлі 
қолжазба нұсқаларын тексеріп, салыстырып шыққанда, драматургтің ықшамдылыққа, 
тұтастыққа айрықша ден қойғанын көреміз. Соңғы вариантта мінездік даралығымен 
ашылмайтын, қосақ арасында жүрген бірқыдыру персонажды автор әдейі алып 
тастаған, олардың орнына жаңа кейіпкерлер қосылған. 
Қазіргі өмір шындығын арқау еткен әр түрлі пьесалар жазған Әуезовтің 
тәжірибесі "Шекарада" драмасында айқын аңғарылды. 
Тартыс табиғатын жіті ойластырған қаламгер әдейі шекаралық аудан өмірін 
бейнелеуді қалап алған, ішкі қайшылыққа сыртқы дұшпан қастығы қосылған 
кездегі күйлерді сахнаға шығарған. 
Драмалық конфликт жедел, ширақ басталып өткір дамиды. Алғашқы сурет 
ықыласты тез бұрып алады. Ауданның өзгеше жағдайы, бөлекше қалыбы, жан 
сауға, араша тілеген ерлі-зайыптылар - пьеса осындай әрекетті керініспен басталады. 
Кібіртік, босбелбеулік қашанда сахналық шығарманың көсегесін көгерткен 
емес. Тартыстың ағымы, әрекеттің тұтастығы, характер кесектігі - драма үшін 
негізгі өлшемдердің бірі. 
Бұл талаптар "Шекарада" пьесасында жақсы ескерілген. Әрбір жаңа 
көріністе қимыл, әрекет молайып, тартыс жоталана түседі, персонаждар мінезі 
дараланып, характерлер айқындала бастайды. 
Қазақстан жағдайындағы таптық айқастардың, әлеуметтік күрестердің 
жаңғырығы көп уақытқа дейін созылғаны мәлім, әсіресе, колхоздастыру кезеңінде 
талай ауыртпалықтар ойсыратьш кеткен шығындар болгандығы жасырьн нәрсе емес. 
Айтылмьш пьесадағы оқиға 1938 жылы өтетіндігін ескерсек, автор өмір 
құбылыстарын реалисті бейнелегенін көреміз. Әуелде қас дұшпанның аямас 
жаулыш, сұмдық жаманшылығы білінгенмен, өздері көзге шалынбайды. 
Ақын Сәттің суырыпсалған өлеңдерімен ерекшелінетін екінші суретте 
шекарадан өтіп келген Жомарттың кім екенін аңғарамыз. Зарлап, "тақсырлап" 


182 
тандайы тақылдаған жігіттің шикілі, арамдығы сезілді. Күлгір. Алдамшы. Бетке 
былай десе, шыға бере басқаша сайрайтын қу мүйіз. 
Колхозшылар танып қойған соң, жемтіктестерінің көмбесін ашпауды 
ойлаған Байназар бай бауыздалып өледі. Бұл қадамға баруынан тасбауырлығы, 
безбүйректігі білінсе керек, өзін-өзі ажалға қиған қаныпезер басында дәулеті, 
қолында билігі тұрғанда басқаға, кедей-кепшік, жоқ-жітікке не істемеді десеңші. 
Жұрт жиналды. Колхозшылар екі ұдай, әр түрлі сөздерін естиміз. Драматург 
көпшілік сценасына қатысушыларды даралап, ерекшелендіріп беруге күш 
салған. Өзгелерге қарағанда Сәрсектің, Ажардың даусы оқшау. Бірқыдыру 
адамдардың басы қосылған жерде Мұратты жыға тани бастаймыз. 
Аудандық партия комитетінің хатшысы. Жас жігіт. Бұл өңірге келген беті 
осы. Қолма-қол тындырып тастаған ісі, бітіріп жіберген шаруасынан гөрі барлауы, 
зерттеу, бұрын жүрсе керек еді. Сөйлеуінен гөрі, тындауы, шешімінен гөрі сабыры 
мол болса керек еді. Ескі жол, бұрынғы арна соған мегземек. Бұл не дейді? 

Егін ексек - шықпайды. Мал өсірсе - індет шырмайды. Адамын ауру 
иектейді. 
Аузында 
асы, 
қолында 
сауыны 
жоқ. 
Тракторы, 
машинасы тілде бар да, істе жоқ. Не жазығы бар бұл елдің? (М. Әуезов. 
Таңдамалы шығармалар, А., 1956, 5-том, 332-бет). 
Жаңа басшының, коммунистің сөзі. Шырға, амал, есеп ойлап тұрған жоқ, бел 
шешіп, білек сыбанып кірісіп кетті. Елді аузына қаратқан шешендердің сөз 
айшығьш, өрнек-кестесін әбден меңгерген. 
Алғашқы кездесудің шешім байлауын Мұрат өзі түйеді. 

Ал, онан соң анау Балқыбекті қордалы байлық Балқыбегі 
етеміз. Тауда түлігің, егісте егінің жайқалып тұрған ел етеміз. Бірінші апрель ойын 
емес, шынымен сын күн. Ең алдымен МТС-қа, мына МТС директоры, Нияз, саған 
сын. Бар тракторының ремонты бітіп, барлық күшіңмен осы колхоздарға көмекке 
шығуға міндеттісің. Ол бір, екінші сол, бұл күн саған да сын, "Жігер" колхозы! 
Және сын болғанда қандай сын, мәймөңкелейтін түгі жоқ. Сол жаңағы барлық 
үлкен егіс, үлкен тауды аударатын, меңгеретін срогің он бес-ақ күн. (Сонда, 323-
бет.) 
Драматург реалистік пьеса қаһарманына лайық сездік кестені дөл тапқан. 
Мүрат лебізінен қазақтың шешендік өнері, билер дәстүрі жақсы аңғарылу үстіне, 
заман ырғағы, мезгіл өуені, партия қызметкерінің стилі көрінеді. 
Дұшпан ортаның сыры қалтарыста, далада, жасырынып, ұрланып сөз 
байласып, уәде бекітіп жатқандардың кездесуінде ашылады. Көп адам көзге 
көрінбейді. Екеуі үшеу ғана бас қосады. Қолынан билік кеткен таптың өкілдері 
тұяқ серпер шақта жымысқы айла, жіңішке қулық жолы түсетінін бек ескерген 
драматург 
орайлас 
ситуацияларды 
жалаң 
алмай, 
психологиялық 
құбылыстармен жақсы ұшстастырған. 
Әлеуметтік үлкен төңкерістер қашан да бір шаңырақтың астындағы 
адамдардың өзін әр түрлі толқынға түсіріп, шалғай жағаларға апарып тастамақ. 
Осы сипаттағы тартыс ағалы-інілі екі азамат Қонай мен Балтабектің жүрегін 
шабақтайды. Ескілік сенімінің жетегіндегі Балтабектің бұрынғыдан бетер 
шүйлеп, жауықтырып колхозға қарсы айдап отырғандар алдымен ауызды ез ағаңа 
сал деп үйреткен. 
Сол азғырындымен желіккен Балтабек қасақана ағасы жылқышы 


183 
Қонайды зиянкестік жолға тартпақ. Бұлардың диалогі сәтті жазылған. 
Ырғақты, ішкі ұйқаспен айшықталған лебізді естиміз. Екі түрлі сенім, екі түрлі 
мінез ашылады. 
Айтылмыш пьесада кеп адам қатысатын көріністер мен екі кісі, үш кісі 
ғана болатын көріністер ауысып кетіп отырады. Көпшілік сценаларында заман 
қалыбын, уақыт жағдайын аңғартатын диалогтар мол. 
Аз күннің ішінде, көктемгі егіс науқанының үстінде колхозшылар бірімен-
бірі жалғасқан, бірінен-бірі сорақы көп жаулыққа жолығады. Жаңа заман 
жаршысы, өскелең өмірдің жыл құсы іспетті алғашқы тракторға елдің ықыласы, 
ынтызары аууы заңды құбылыс болатын. Осы жағдайды сезген дүшпандар 
тракторды әдейі бұзып қояды. Драматург кішкентай детальды әлеуметтік 
көзқарастарды, психологиядағы жаңалық пен ескілік күресін ашуға жақсы 
пайдаланған. 
Залым адамдар өзі істеген сұмдықты басқаға жауып, көпе-көрнеу ұпай алып 
жүре береді. Мінез алшақтығы ғана емес, саяси сенімдер қайшылығынан туған 
айқас әрқашан да бітіспес айқас. 
Аудандық атқару комитетінің төрағасы Сейіт колхоз құрьшысына 
қарсылық, қастандық қимылдарын мысық табан зымияндықпен жасайды. 
Адал, таза адам МТС директоры Ниязға трактордың бүлінуіне жазалысың деп ед 
еш жармасады. Кекірт, қисық, дөрекі сөйлейді. 
Әділ, шыншыл, принципшіл қасиетін Мұрат бұл жсрде де көрсетеді. 
Өзімен үзеңгілес басшы, аудан жағдайын бұрыннан жақсы білетін ескі 
қызметкер, ауыл-аймаққа танымал адам ғой деп, есеп ойлап, қулық сақтап, 
үңдемей қалуына болар еді. Онда сеніміне, арына опасыздық еткені емес пе? 
Қара бастың амандығын қарастырып, жазықсыз азаматты теперішке беріп қоя 
ма? Жоқ, олай ете алмас Мұрат. 
Сейіт - Мұрат арасындағы қақтығыс ұлғайып, өсіп, пьесадағы негізгі 
тартыс арнасының біріне айналады. Алғашқыда өзін сыпайы ұстаған Мұрат келе-
келе Сейіт тым алшандап, тым шалқайып, мәмлеге бұрылмаған соң, берік 
позицияға көшеді. Жасырын дұшпандар қастық үстіне қастық, жаулық үстіне 
жаулық шығарады. Әуелі трактор бүлінеді, одан кейін Жарқынның баласын 
өлтіріп кетеді. Колхозшылардың осы жаманшылыққа қарсылығы қызылкөз 
пәлені іздеуі - таптық сана сезімінің өсуі, адам психологиясындағы сапалы 
өзгерістер сипатында көрінеді. 
Мезгіл, уақыт қандай шығармаға да ықпал етпек. Бұл құбылысты 
туындының лексикасынан, айшық өрнегінен, стильдік бояуынан, идеялық 
мұратынан, пафосынан, авторлық концепциядан бір сөзбен, кез келген жерден 
тауып алу қиынға соқпайды. 
Науқандық сарындардың, өткінші ағымдардың, пікірлердің, ойлардың 
әсері шығармада дендеп кетсе, көркемдік солғындай бастайтынын "Шекарада" 
пьесасынан да көруге болады. Бір колхозды іштей кеулеп, жегі құрттай жайлап 
алған дұшпандар тіпті көп. Сейіт, Ысмайыл, Степан, Жарқын, Балтабек, Біреу, 
Байназар, Торқа. Қызметтері де осал емес, бірі аудандық атқару комитетінің 
председателі, бірі МТС дирекгорының орынбасары, бірі кешегі колхоз бастығы. 
Пьеса жазылған тұстағы кейбір саяси сарындар "Шекараның" көркемдік 
бітіміне салқынын тигізгені аңғарылады. 


184 
Алғашқы суреттерде қынаптан қылыш суырғандай өткір өлендерімен 
көзге түсетін төкпе ақын Сәттің кейін сахнадан шығып қалуы бекер болған. 
Драматург жақсы тапқан, авторлық мұратымен орайлас, ақындық 
даналық өкілі іспеттес кейіпкерінен көз жазып қалган. Зипамен арасындағы 
қарым-қарынастың табиғалығы жетіспейді. Ол, тілді ақын бұлай сүймесе керек 
еді. 
Зиянкестік көбейген сайын жаңа бір қырынан танылатьш қаіһарман - 
Мұрат. Шошьш, дегбірі қашып, берекесі кетуден аулақ. Қайраты мол, төзім берік. 
Қасарысқан қас дұшпанға қарсы жұмсар қару іздейді. Сенері де, семсер сілтері 
де қалың колхозшы. Дуалы ауыз Сәрсек, ақылды әйел Ажар, жылқышы ата 
Қонайға арқа сүйейді. Жауды жеңіп шығу үшін алдымен осылардың ойын білмек 
керек. Омар, Ганшин, Нияздар жағымды қаһармандар санатында жүргенмен, 
көптің ішінен дараланып, ерекшеленіп көрінбейді. Бұлардың сөздері ұқсас, 
мінездік сипаттары қалыптас. Ал Мұрат бейнесін мүсіндеуге драматург ерекше 
мән берген. Жағдайға, тартыс ыңғайына орайлас Мұрат әрекеттері өзгеріп 
отырады. Бұл өзі кісі жанын сезгіш, психологияны аңғарғыш адам. Қолымда билік 
бар деп өктемей, жылы, жақын келіп сөйлеседі. Жылқышы Қонаймен арадағы 
диалог: 
- Ендеше сені оп-оңай су түбіне батыра салады деме, сен қурай емессің. 
Қолдан Қонай жасап ала аламыз ба, оп-оңай ма? Жасаған ағатың болса өзің 
түзеп көр, тағы сынайық деп айта алмайды деймісің? 

Айналайын, айналайын-ай, тіпті жаным жаңа сая табайын 
деді-ау мына сөзіңнен. Ендеше мен қайтейін, не істейін, өзің айтып 
берші, сонымды да өзің айтшы! 
- Олай болса, мынау іс қастық ісі болар. 
- Япыр-ай... Ә? Не дейсің, айналайын-ау? 
Қастық болса және бірден Совет малын торыса, екіншіден 
сені де, дәл осы тұрған Қонайды да қадаған қастық болмасын. 
- Япыр-ай... Не дейсің, қалқам-ау, е-е... 

Өзге жылқышының тобына килікпей сенің жылқыңа неғып 
ілігіп отыр? Осы бір жағы сені де түйреген оқ емес пе екен? Ал, 
міне, ойлан, ізден, бұл істің тамырын қазып, аршып ақтаруға бір 
жағынан өзіңді қосайық. Дәл сен білген жерге, сені тартайын деп 
жүрген жылым жоқ па екен? Осыны алдымен өзің іздесіп барлық 
былық болса өзің тауып көрсең қайтеді? 
- Болды, Мұрат. Нар тәуекел! Жібер, мені де жіберіп көрші, 
айналайын... (М. Әуезов. Тандамалы шығармалар, 5-том. А., 1956, 
345-бет.). 
Қастық-өштік бұлты әбден қоюланған кез. Егін үсіп жатыр, малдың ішіне 
індет кірген. Ауданның бірінші басшысын тұралатып, титықтатып тастайтын-ақ 
қиындық. Аяздай қарыған ауыртпалық, аш бүйірден қадалғандай қастандық 
үстінде Мұрат сабырлы, сарабдал мінезден ауытқымаған. Бұйрық беру, билік айту 
жоба нұсқау емес, қалың көпшілікгің өз кеңесіне, өз талқысына ден қояды. 
Әркімнің көзін жеткізу, жүрегін сендіру, көңілін бекіту - мақсат осы. Зеку, 
тұкырту, бопсалау жоқ, ойландыру, жігерлендіру, қанаттандыру бар. Секретарьдың 
сөз әдібі қызық: пікір, байламын тұжырым, кесім ретінде өткізбейді. Сұрақ қояды, 


185 
өз қабырғаңмен кеңесуге мәслихат етеді. Терезесі тең адамша сөйлеседі. Қонай 
ырза, ұғып түсініп алды. Қай қамалға салсаң да, кай дұшпанды нұүсқасаң да 
тайынар түрі жоқ енді. 
Реалистік драманың үлкен талабы - кейіпкерлер тілінің табиғи арнадан, 
өмірдегі қалыптан шығуы. Бұл орайдағы Әуезов ізденістері халық әдебиетіндегі 
асыл маржандарды үнемі творчестволықпен, жаңғырта, өзгерте, құлпырта 
пайдаланудың үлгісі. Қаралған сценадан да бұл жайтты аңғаруға болады. 
Кейіпкерлер шешен, өткір сөйлейді. Олардың лебізінде ырғақ, ұйқас мол. 
Драматург кейде мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді өзгеріссіз алады: "Қонақ 
бір күн қонса - ырыс, үш күн қонса - жұт", "Отқа жақынның қолы күйеді, көсеу 
кімдікі болса, қол соныкі". "Шекарада" пьесасындағы екінші ерекшелік автор 
өзіне ғана тән, соны, жай айшықтарға ден қояды. Формалық жағынан олар мақал-
мәтел, афоризмдер поэтикасымен емшектес. Ырғаққа, ұйқасқа, ықшамдылыққа 
мән беріледі. "Қайғыда - серігің, қайратта - сыңарың", "терең тамыр, үлкен 
түбір", "ұқтың, ұқтың да ішіңе тықтың", "білдір демеп пе ек, бүлдір деп пе ек?", 
"ел ашуы - сел ашуы", "егісте - екпінді, егістер - серпінді, елдікте - саналы", 
"өзім деген кісіге өзегімді беруші ем", "сен түлкінің қалай қашатынын білемісің? 
Басқан ізін, құйрығын бұлаңдата көміп кетіп отырады", - осы алуандас өрнектер 
Әуезов олжаларының қатарына жатса керек. 
"Шекарада" пьесасының жетінші, сегізінші суреттері түгелдей дұшпан 
қастандығынан туған шырғалаң әрекеттерден тұрады. 
Түн ішінде Жомарт алаяқ әдейі Хадиша мен Зипаны адастырып, бастарын 
әлекке салады. Бұл сценадағы диалогтар қысталаң кездің, тар уақыттың, 
қарбалас шақтың психологиясын дел беретіндей қысқа қайырылған. Әсіресе, 
Жомарт сөздерінен пәленің, сұмдықтың ызғары сезілгендей. Драматург осы 
көріністе Хадишаның өткен өмірін еске түсіретін оқиғаларды шаған, ықшам 
береді, эпика элементі драмада сәтті қолданылған. Басына қатер төнгенде, 
елжіреген әйел жүрегі жақсы-жаманды, қуаныш-қайғыны қайта тірілтеді. Сөйтіп, 
өмірдің беліне көтеріліп қалған Хадишамен әлі апақ-сапақта адасып жүрген Зипа 
табысып кетеді. Бұларды ұқсас мұң, ұқсас азап, арман, ұқсас мақсат қосады. 
Келесі көріністе сахнаға Біреу шығады. Драматург ең соңғы суретке дейін 
осы персонаждың атын атап, түсін түстеп бермейді, Біреу дейді. Бұл қазақ 
ертегісіндегі жаналғаш, жалмауыз секілді. Аяқ астынан ойламаған жерден зып 
етіп жетіп келеді. Сөзі қашан да асығыс. Үні қашан да өктем. Ақылдасу, сарапқа 
салу емес, өмсе бүйрық, тапсырма. Түптеп келгевде, "Жігер" колхозын шырмап, 
біресе ана төбеден, біресе мьгаа төбеден өрт қойып жургендердің басшысы - 
Біреу. 
Тағы да қан төгіліп, тағы да адам жылап жатыр. Бул жолғы құрбаңдық 
МТС директоры - Нияздьщ шаңырағы. Осы кейіпкердің, үйғыр азаматының 
бейнесін драматург биік деңгейге көтеріп бере алмағанын өкініш тұтсақ та, оны 
шығармаға енгізудің өзі қызық факті. Өйткені Нияз кезінде шекарадан өтіп, 
арнаулы әскери тапсырмамен барып, қанқұйлы жендетті, патшаның қызыл көз 
атаманы - Дутовты жайратып қайтқан ержүрек чекист Қожамияровтың прототипі, 
Әуезов пьесасы жазылған соң, отыз бес жылдан кейін режиссер Шәкен Айманов 
сол өмірлік материалдың негізінде "Атаманның ақыры" атты мәнді фильм түсірді. 
Пьесаның үшінші актісі жасырын жау, тығылған дұшпандардың бірінен 


186 
кейін, бірінің әшкереленуін көрсетеді. Оныншы сурет психологиялық жағынан 
қызық, мұнда кернеу, әрекет бар. 
Адам күні үшін, бостандық үшін, теңдік үшін тар есік, тас босағада 
талай айла-шарғы жасамақ. Әсіресе, әйел жолы жіңішке. Өмірдің өксітіп, 
қаусаған шалдың табанында шірігеннен гөрі, көңіл сүймесе де жігіт қой, азамат 
қой деп Жомарттың етегінен ұстаған Зипа. Күңгірт келешек, тұранды 
болашаққа ой жүгіртпеген, қайда бастаса, еріп жүре берген. Сөйтсе, ол алдаған 
екен ғой, дұшпанына ұстар қалқан, отқа салар көсеу етпек екен ғой? Аз 
уақыттың ішінде көп дүниеге көзі ашылған Зипа мінезіндегі өзгерістер сенімді. 
Социализм дұшпаны Жомартгың екі жүзділігіне, азғындығына, сатқындығына 
Зипаның таза жүрегі қарсы тұрады. Бұл баяғы пұшайман, үйкүшік, қорғансыз 
сорлы қыз емес енді. Сөзі кесек қазір: "Талаң сенсің, кек талақ. Сорыма 
жабысқан, қу талақ!" Еркекке қазақтың қандай көк бет, көк долы әйелі бұрын 
мұндай сөзді айта алушы ма еді? 
Осы алуандас сапалы өзгерісті Қонай мінезінен де табамыз. Әуелде інісі 
Балтабектің азғырынды сөзіне қарсылық ете алмай бүгжеңдеп, әуре-сарсаңға 
түскен кісі енді қатайып, ширығып алған. Әлеуметтік күрестің мәнісін 
ұғынған адамның қалыбын танытады, бірге туған бауырынан іргені аулақ 
салады. 
Кезінде "Шекарада" сахнаға шыққанда пікір айтушылар Нияз, Асан, 
Жарқын бейнелерінің солғын екендігін дұрыс көрсеткен болатын. Ең соңғы 
суретке де дау айтылған. 
Расында, пьеса ақырындағы тергеу сценасында драматизм, әрекет, 
тартыстың орнын сұрақ-жауап басып кеткен. Көмбесі ашылған, әшкере болған 
жылан жүрісті дұшпанның мойнына бұғалық салған кездегі амал-айласы, көңіл 
күйі, психологиясы қысқа, келте жауаптың аясыңда ғана қалмаса керек еді. 
Жомарт болып жүрген заманында патша армиясының капитаны Тоқсарин. 
Біреу-болып жүрген полковник Бектемісов екендігінің ашылуы селт еткізерлік 
факті. 
Шығарма Әуезовтің көптеген пьесаларына ортақ жайтпен, авторлық 
идеалға, драматург мұратына орайлас ыңғайдағы Серсен қарттың сөзімен 
тамамдалған. 
Бір тақырыпқа, бір өмірлік материалға негіздеп әр жанрда шығарма 
жазу тәжірибесі Мұхтар Әуезов творчествосында жиі кездеседі. Бұл орайға 
туындының күні ілгері жасалған жоспарларын, эскиздерін, нобайларын, 
варианттарын қоссақ, ұлы суреткердің шеберлік дүкеніне қатысты жүйелі байлам 
жасап, түйінді ой қорытуға болады. Мазасыз өткен, ұйқысыз кешірген, тоқсан 
тоғыз толғақты уақыттар өз алдына, ала қағазға шұқшиып отырып, қалың 
қайрат, мол қажырды жұмсаған ізденістің белгілері, өнер азабының табы талай 
жерден төбе көрсетеді. 
Зады Әуезов сәт сағатын тосып, сыланып-сипанып, шабытты көктен тілеген 
бап тандағыш, бой күйттегіш қаламгер емес. Ол үнемі аянбай күш жұмсағанды, 
бармақтай асыл шыққан жерді белден қазып, тау қопарғанды зият тұтқан еңбек 
торы. Ұлттық әдебиеттің алтын жамбысы, классикасы "Еңлік - Кебек", "Қарагөз", 
"Түнгі сарын", "Абай", "Айман - Шолпан", "Қара Қыпшақ Қобыланды" сынды 
пьесалардың сан алуан нұсқаларына төгілген тер, кеткен күшті былай қойғанда, 


187 
сахнаға шықпаған, автордың көзі тірісінде баспа жүзін көрмеген туындылармен 
танысқанның өзінде қайран қаласың. Түзете берудің, жендей білудің, шыңдай 
түсудің үлгісін көріп қайран қаласың. 
Жазушы көз жұмғаннан кейін жарияланған көп томдық шығармалар 
жинағында "Асыл нәсілдер" атты екі нәрсе басылды: бірі - әңгіме, бірі - пьеса. 
Әуезовтің әдеби мемориалдық музейінің архивінде бұл екі шығарманың әр түрлі 
нұсқалары сақтаулы. Оларды салыстырып зерттеу көп қызық ойларға мұрындық 
болары сөзсіз, ал айтылмьпп туындыларда қандай ұқсастық, айырма, өзгешелік 
бар? 
Бұлардың өзегіне алынған материал, арқау болған дүние ортақ. Соғыс 
жылдарындағы шопандар, ғалымдар өмірі. Оқиға Алматы шаһарында, Қарғалы 
бойында, құм арасында өтеді. Әсия, Есіркеп, Молтай, Қанипа. Балжан - екі 
шығармада да бар кейіпкерлер. Әңгімедегі профессор Бобров - пьесадағы 
профессор Балашов. Пьесадағы жаңа персонаждар министр Иса Дәуренбаев, 
ғылым орталығының басшысы Сәлім Есенов. Институт директоры Бек 
Назарбеков, ғылым кандидаты Сапар Бектенов, аспирант Сара Сейітова, мал 
маманы Першин. Пьесаға қарағанда, әңгіменің сюжет желісі қысқа қайырылған. 
Мұнда ғалымдардың асыл төл, жаңа нәсіл жөніндегі талас-тартысы, күресі, 
психологиясы көрсетілмейді. Соғыс зардабына ұшыраған шопан семьясындағы 
хал-күй алынған. Әсия мен Молтайдың той үстіндегі шарпысуы. Айтыс пьесада 
үлкен бір суретпен берілсе, әңгімеде ол шағын еске түсіру көрінісі ғана. 
Әңгімедегі кейбір диалогтердің пьесаға ауысқанда редакцияланып, 
өткірленіп, тереңдетілгені айқын аңғарылады. 
Ә ң г і м е д е: 
- Жақсы ит өлексесін көрсетпей өледі. Тегі сол ит құрлы болмаспын ба? 
Кетем, сол. Әсияны қостасаң, қал осында қасында. Мен сендерге жоқпын, - деп 
шал өзінің өзгерместей бойлауын қайтып түйіп айтты. 
Әсия көрпесін ашып жастықтан басын жұлып алды. Өмірінде бірінші рет 
атасына тік қарады. Жасқа толған қой көздерін Есіркепке қарап сөйледі: 

Жәке, Жәкетай, күнім ағатай! Сөзімді тыңдағын, Жәке, Сізді 
күйдірген мен ғой. Мен тұрғанда, сіз неге кетесіз? Көрі басыңмен 
қаңғисың? Сіз кетпеңіз, мен кетейін, қайда кетсем де көзіңізден 
жоғалайын. Қазір-ақ мен кетейін, - деп атып тұрып киіне бастады. (М. 
Әуезов. ПІығармалар. 2 том. А., 1967, 198-бет.) 
П ь е с а д а: 
Есіркеп. Ә-ә, солай ма? Ендеше бірігіп ап аластағаның мен екем. Мен 
кетейін, "жақсы ит өлігін көрсетпейді" деп пе еді? Ит құрлы жоқпын ба? Жоқ 
болайын бұл қорлықты көріп тірі жүргенше. 
Әсия. Жеке, Жекетай, сіз неге кетесіз? Сіз жан баласына жазықты 
емессіз. Кетуші табылады. Көзіңізге күйік болмай кетейін, мен кетейін. (10-
том. 182-бет). 
Драма табиғатына, сахна талабына лайықтап Есіркеп, Әсия сөздері 
ықшамдала түскен. Екеуінен де күйзеліс, ширығу, қиналу байқалады. Әңгімеде 
баяндаумен берілген кейбір жайт пьесада диалогқа айналған. 


188 
Ә ң г і м е д е: 
... Балжан түн суығын, дауыл екпінін сезіне сала, Әсияны аяп: 
"Айналайын-ай, жаурап бітті-ау", - деп қынжыла бастады. Есіркеп "несіне 
мүсіркеді" дегендей, ұнатпай қырыстана түскен еді. Соны сезген Балжан: 
"Аяғы да ауырлап барады", - деді. Бұған Есіркеп тіпті шыдай алмай: "Кімнің 
баласы екені белгісіз ұрықты айтқаны несі?" - деді. 

Белгісіз емес, ол баланың әкесі бар. Ол - Молтай. Әсия соған 
тиген екен. Тек мезгілінде айта алмапты. Сен өзің қыңырая бермей 
құлақ салсаңшы бір. 
Молтай - баланың әкесі, - деп тағы айтты. 

Молтай! деп Есіркеп үндемей қалды. (2 том, 217-218-беттер). 
Пьесада: 
Балжан, Айналайын-ай. Түн болса, тыным жоқ. Аяғы болса ауырлап 
жүргені анау. 
Есіркеп. Ей, сенде бір қойшы әрі. Аяғы ауырлағанда несі бар. 
Балжан. Е, немене? Сенің өзіңе не болып кеткен осы? Баласын қайтып 
ойламайсың? 
Есіркеп. Иесі жоқ, әкесі жоқ баласын сен ойлауың қап па? 
Балжан. Әкесі жоқ деп кім айтты? 
Есіркеп. Е, не деп отыр, білуші ме ең әкесін? 
Балжан. Білем. 
Есіркеп. Не дейді?! 
Балжан. Әкесі Молтай! 
Есіркеп. Не дейді мынау... Молтай (10 том, 189-бет). 
Тұтастай қарағанда, әңгімедегі мотивтер, сарындар, идеялар пьесада 
ұлғайып, дамып, тереңдеп көрінген. 
Драматург соғыс жылдарындағы ғылым мен тәжірибенің қабысып, егіз 
қатар өрлеп-өсуін бейнелеген, ғалымдар бір төбе емес, екеуі туған ағайындай 
жақын бауырластықта, еңбек майданында білекке білек, тілекке тілек қосқан 
жағдайда алынған. 
Пьеса шымылдығы ашылғанда министр кабинетіндегі зиялы адамдардың 
салиқалы жиынынан шығамыз. Профессор, институт директоры, ғылым 
орталығының басшысы, ғылым кандидаты, аспирант - баршасы шопан қамын, 
мал шаруашылығының көкейкесті, жанғабатты проблемаларын қозғап жатыр. 
Қысқа, келте, шолақ қайырылатын ауызекі лебіз емес, дәлел, дерек, түйіндеу, 
бақас атаулы қатар, аралас жүретін ғылыми айтыс. Оқымыстыларға етене 
оралымдар, байламдар, түйдек тіркестер кездеседі. Ұзақ жылдар соңына түсіп, 
ізденіп, тексеріп, зерттеп жүріп тапқан олжа кепшілік тарапынан бірден 
құпталып, бәйге алып, ғалымның қуаныш мәртебеге жетуі ежелден оңай шаруа 
емес. Қатардағы ортан қолды жеңістерді былай қойғанда, ұлы жаңалық ашқан 
азаматтың өзін замандастары мезгілінде бағаламай әуре-сарсаңға түсірген 
кездері толып жатыр. Рас, бұрыннан қалыптасқан концепциялардан, орныққан 
теориялардан оп-оңай бас тартып, жаңа идеяларды тез түсініп, дереу қабылдай қою 
ілуде-біреудің ғана қолынан келмек. Ғылымда бұрынғы мектептер мен соны 
бағыттардың арасында үнемі күрес, талас, айтыс үзілмеуі - заңды құбылыс. 


189 
Онсыз даму да болмақ емес. 
Қазақстан жағдайына сәйкес келетін қойдың асыл тұқымын шығару 
жөніндегі жиналыстан әр түрлі жайттың ұшығы аңғарылады. Профессор 
Балашов, оның аспиранты Сара Сейітова бір пікірді берік ұстаса, екінші топ 
ғылым кандидаты Сапарбек Бектенов жағында секілді. Ғылыми айтыс үстінде 
мінездер қайшылығы тебе көрсете бастады. Қысқа ғана тіл қатқан шопандар 
Есіркеп, Бекбол, Әсия, Молтай сөздерінде айшықты өрнек, шайырлы бояу бар, 
жарасты қалжың бар, жайма-шуақ күлкі бар. 
Бұлардың ақ жарқын мінезі, дарқан көңілі жайлауда жақсы ашылады. 
Араларына келген профессор Балашов пен аспирант Сара қонақ секілді емес, 
әбден сіңіп, өздеріндей болып кеткен жандар. 
Жалған сыпайыгершілік, көлгірлік жоқ, ашық сырласу, сеніп сыйласу. Аз 
қуаныштың шырқын қара қағаз бұзады. Есіркеп шопанның майдандағы 
жалғыз ұлы - Сайлыбек өліпті. Әйелі Әсияға білдіреді. Өзгеге айтпайды, уақыт 
солай болған. Сұрапыл қаһарлы кез кісі өлімін жасыруға мәжбүр еткен. Қайғы 
көріп, запыран шеккен сорлылар келешекке үмітті көзбен қарап, жылаулы 
күйде ертеңге сеніп жүре берген. 
Ауыртпалық, қиыншылыққа қарамастан, соғыс кезіндегі алыс қырдағы 
адамдар анда-санда кішкентай нәрсенің өзін қуаныш еткен. Мұңды жүздер 
жылып, жасты көздер сәуле шашқан. Еңкейген кәрісі - таяқ ұстап қалған сорлы 
өкесі бар, зарлап қалған жесірі, еңбектеп қалған жетімі бар, алқа-қотан 
отырысып, сыңсып ән айтқан. 
Қабағы қату мезгілдің бұл шындығы айтылмыш пьесадан да көрінеді. 
Бейбіт күндегі кемерінен асып төгілетін, көбік шашқан күлкі қайда? 
Жарықшақ, сынық күлкі. От шашқан, жалаң қылыш жүзіндей жарқ-жүрқ еткен 
айтыс қайда? Қоңыр төбел қақтығыс қана. 
Халықтың айтыс дәстүрін драматургияга енгізуде, Мұхтар Әуезов көп 
ізденді, батыл тәжірибе жасады. Театр заңдылықтарына сәйкес азды-көпті 
өзгертілген, лайықталған қалыпта айтыс сценалары "Еңлік-Кебек", "Айман - 
Шолпан", "Қарагөз", "Абай" пьесаларының бәрінде де бар. "Асыл нәсілдер" 
пьесасының екінші актісіндгі айтыс суырыпсал, ақпа, төкпе ақындардың 
тайталасынан көркемдік жағынан, сөз сұлулығы жөнінен кем түспесе, мағына, 
салмақ-астарға келгенде осал соғып тұрған жоқ. Шопандар арасындағы жарыс 
төл басын аман сақтау, малды өсіру қиындығын ғалым Бектің өзі ұйқастыра 
термелеп 
сөйлеп 
кетеді. 
Бірте-бірте 
додаға 
Молтай 
шопан 
мен 
Әсия шопан білек сыбанып түседі. Молтай: 
Жасырман он жас қозы бір күнде өлген.
Дауыл мен бұршақ соққан сүргінде өлген.
Мал түгіл, ажал келсе адам да өлер,
Талай да талай асыл күлгін де өлген, - 
дегенінде Әсия талмау жерден мықтап ұстап алады. 
Шыныңды айт шарай топқа, Молтай ерім.
Қозысын тастай қашқан асыл шерім,
Жеңіліп жөн сұрайсың бүгін бізден.
Мен айтсам, жеңілгенің қашкан жерің. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет