Рымғали НҰРҒали драма өнері



Pdf көрінісі
бет13/26
Дата25.01.2023
өлшемі2,67 Mb.
#62969
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
 
 


98 
ІІІ бөлім 
ДРАМА 
ДРАМАДАҒЫ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ҚАҺАРМАН 
 
Қазақ драматургиясы жүйесінде драма жанр ретінде трагедия
комедиямен бір мезгілде дүниеге келді. Жалпы ерекшеліктері жөнінде қазақ 
драмасы жанрдың дүние жүзі әдебиетіндегі сипаттарының қалыбынан көп 
ауытқымайды. 
Күнделікті тұрмыстың єр түрлі құбалыстары драмада жан-жақты 
бейнеленеді. Сан алуан тартыстар драма қаһарманын ауыр шайқастарға салып, 
оның рухани-адамгершілігік қуатын сынап күреді, алға қойған мақсат, белгілі 
нысана үшін күресі үстінде адамдар мінезінің неше түрлі қырлары ашылады. 
Уақыт, заман талаптары, әлеуметтік шарттар қалыптастырған нормаларды бұзу, 
шеңберден шығып, шекарадан өту секілді қаһармандар әрекеті тартысты 
психологиялық ситуациялар, драмалық жағдайлар тудырады. 
Тұрмыстың, отбасының, жеке бастың сан қилы қақтығыстарын сюжет 
арқауы ететін драма гипербола, гротеск секілді көркемдік құралдарды сараң 
қолданады, оның есесіне дәуір, нақты детальдар, табиғи бояулар бұл жанрдың 
өмірді реалистікпен бейнелеуіне көбірек мүмкіндік береді. 
Драма кейіпкері көптеген көген көздің бірі, ол ауыр күйзеліс, үлкен сынға 
түсіп, тіршіліктің қиын бір кезеңін басынан өткереді; сол тар жол, тайғақ 
кешуде не күйреп, рухани жүдеп, тозып, тоналып шығады, не жалаң аяқ жар 
кешіп, маңдайына тас тиіп, сонда да мойымай, басқа түскен таудай 
ауыртпалықты қайыспай көтеріп, арып-ашып жүріп белге көтеріледі, салқын 
сабыр иесі болып марқаяды. Ерекше ескеретін бір жайт – драмалық әрекеттің 
ширақтық сипаты. 
Қатардағы жұмыр басты пенденің, көпшіліктің өзіне ұқсас қоңыр төбел 
жанның басынан өтетін драма ерекше оқиғалардың түйісуінен, ерекше 
характердің қақтығысынан туады. Кейіпкерлер басына бұлт үйіріліп, шешім 
қабылдайтын, күреске түсетін шақ туады; дос кім, дұшпан кім – осылар 
анықталады; сөйтіп кеше оң мен солын, ақ пен қараны дәл ажыратпай жүрген 
адам енді аяғын байқап-байқап басатын болады, өзгені де өзін де тартыс 
үстінде танып шығады, басынан белгілі бір драма өткізеді. Мұның бәрі 
сахналық шығармада әрекет, қимыл, күрес арқылы ашылмақ. Драма кейіпкері, 
негізінен, көпшіліктің қоңырқай өкілі, ол басын қанша тауға, тасқа соққанмен, 
аспандағы айды алатын трагедиялық қаһарман деңгейіне шыға алмайды; 
күтпеген күйге түсіп, керемет күлкі болатын, ішек-сілеңді қатыратын комедия 
кейіпкері де емес, ұмтылып құлап, қайта тұрып, тағы ентелеп жүріп, мақсатына 
жеткенмен, бәрібір қалыбынан аспайды, кµктемде б±лқан-талқан б±зылып, бір 
тасып басылған шолақ өзен іспетті арнасына түсіп, қайтадан жылап аға 
бастайды, бұрынғы мимырт тірлігіне қайта көшеді. Сондықтан да мінезі, іс-
қылығы, дүниетанымы, сөзі, жүріс-тұрысы – күллі сипаты жөнінен бұл театрға 
ең жиі келетін қатардағы көрерменнің өзіне ұқсас, өзіне етене, өзімен туыстас 
кейіпкер. 


99 
Әдебиетіміздің көп жылдар бойы жиналған фактілеріне, көркемдік 
процеске сүйене отырып, қазақ драмасын мынандай салаларға жіктеуге болады: 
а) қаһармандық драма; є) саяси-әлеуметтік драма; б) тарихи-ғұмырнамалық 
драма. Бұған қазіргі әдебиетімізде көріне бастаған психологиялық, лирикалық, 
дискуссиялық драмаларды, түрлі инсценировка-пьесаларды қосу керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


100 
 
БІРІНШІ ТАРАУ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет