Рымғали НҰРҒали драма өнері



Pdf көрінісі
бет20/26
Дата25.01.2023
өлшемі2,67 Mb.
#62969
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
(Баттал көз жасын сүртеді). 
Жоқтамаңдар, жыламаңдар, ата-анам, 
Аз жасасам айыпты емен. 
Қысқа өмірді қиянатта өткіздім
Сөйтіп жүріп шаршағанға әл бердім, 
Мұңлы мекен қайғылыға ән бердім. 
Мезгілімнен ерте сынсам амал не? 
Қалыпты қазақ өлеңіндегі ұйқас жасау тәсілдері бұл жерде жоқ. Дыбыс 
қайталау, ырғақ егіздеу, шумақ мөлшері арқылы әуезділік монологті толғау, ақ 
өлең үлгісіне жақындатады. Драматург басқа орайда емес, әдейі мақсатты түрде 
Майраның өнерпаздық тұлғасына лайықтап, оның сөздерінде осындай толғау, 
сарын нұсқаларына етене айшықтарды қолданады. Қазақтың көне поэзиясында 


212 
ерекше нәрлі жемістер берген ассонанс, аллитерация, анафора, эпифора 
мүмкіндіктерін қайта тірілтуге күш салады.
Драма финалында Тайманның Бақтияр басын шабуында, Айбаршаның 
Дүрбітті атып өлтіруінде логикалық қисын бар. Бұлардың қай-қайсысы да 
характерлер табиғатына сыймайтын, автор зорлап жасатқан қадамдар еместігі 
айқын. Бірақ пьеса соңында өлім-жітімді тым көбейтіп жіберген драматург сол 
ситуацияялардағы психологияны, трагедияны байыпты көрсете алмай қалған. 
Диалогтардың ішкі қуаты –астарлы мәнәінен гөрі – кейіпкерлердің бір-біріне 
кіжінуі мол. 
Әбділдә Тәжібаев «Майра» пьесасында қазақ драматургиясының тіл 
мәдениетін көтеруге күш салған. Халықтың әр түрлі өкілдерін өзіне лайық 
айшықпен сөйлету сахналық өнердегі қиын талаптың бірі. «Етікшіден құда, 
өрмекшіден құдағи табу», «Аспандағы аруақ сасқанда ауызға түседі, «Майра» - 
мыңның қызы», «Қорықпаған кісі қорқыта да алмайды», «Қалаға атпен келіп, 
табытпен қайтқан аулына», «Кәрілікке бәрі сән емес», «Атқа таға бол, егіншіге 
орақ бол, әйтеуір, темір болу керек», «Әр сапардың әрі бар, көңілдің өз зары 
бар, толғағы жеткен ой туса, қолқасыз да айтыла береді», - осы алуандас шебер 
оралым, өткір тіркес мақал-мәтел поэтикасына жақындығымен көз тартып 
қоймай, жүрекке жол тауып, көкейге қонады, есте қалады. Майраның ең соңғы 
монологінің көркемдік сипаттарына зер саларлық ерекшеліктері бар: 
Көл-көсір жастың ең ақырғы тамшысын, 
Сығып ал да сүр көзіңді, Айбарша. 
Жығылмасақ, жоғалмасақ кеше біз, 
Азабына отты тамұқ шыдасақ 
Жығылмаймыз қашан да 
Есіңде ме менің күйім қандай еді
Күн сайын бір зілдей салмқ төбемнен 
Күйретердей төніп келіп қалатын, 
Молдалардың сарнап айтқан азаны, 
Тар қабырға шақырғандай болатын. 
Сондай тұста сүрінгенім – 
Табыт па деп қараушы ем, 
Алар демім қанша екен деп қараушы ем... 
«Айбарша» - шыдасақ», «қалатын-болатын», «қараушы ем – санаушы 
ем», «жығылмасақ-жоғалмасақ» мұндай толымсыз, сезілер-сезілмес ұйқастар 
ақын Тәжібаев өлеңдерінде сирек ұшырасады. Әрине, бұл жерде сыналастыра, 
кіріктіре, жымдастыра ұйқастыру қиын шаруа емес, негізгі авторлық мақсат 
толғау үлгісіндегі драматургияның әлемдік шедеврлеріндегі жауһар 
монологтерге сарындас түйдек сөз, көсем сөз жасауға ауғандықтан ой ағымы 
буын санының біркелкі қайталануынан шыққан ырғақпен беріліп жатыр. 
Драматургиядағы 
тарихи-ғұмырнама 
пьесалардың 
ішінде 
таетр 
сахнасында орныққан Шахмет Хұсайыновтың «Біздің Ғани» («Алғашқы 
ұшқындар») драмасы бар. 


213 
Дүниеден қыршын кеткенімен халық тарихында үлкен із тастаған тамаша 
азамат – Ғани Мұратбаев жайлы шығарма тудырудың қиындығы жоқ. Ол 
публицистикалық мақалалар жазып, аударма жасаса да, өзі туралы, істеген 
қызметтері жөнінде мемуарлық сипаттағы нәрселер қалдырып үлгірмеген. 
Қайнаған істің, революция от-жалынында, жаңа заман үшін күрестің қызу 
ортасында жүріп есіл өмірі аяқ астынан қиылатынын сезбеген де секілді. 
Советтік Түркістан комсомолының ардагер азаматы, көрер көзі, сөйлер 
тілі болған Ғани Мұратбаев жайлы оның бұрынғы шәкірті, ізбасар інісі, өзі де 
тіршіліктің небір соққысын көрсе де мойымаған мықты адам – Жүсіпбек 
Арыстанов «Жалынды жүрек» атты деректі повесть жазса, журналист Сейілхан 
Асқаров бұрын көпшілік назарына түспей архив қойнауларында жатқан 
қызықты фактілерді тапты. 
Салыстырып қарағанда, Ш. Хұсайынов пьесасының өзегіндегі 
материалдар айтылмаш повесть пен очерктер циклінің ішіндегі деректерден көп 
алшақтамайды. 
Пьесаның композициялық бітімінен бүгінгі сахна талаптарына ден қою 
мақсаты көрінеді. Бір кезде жалаң аяқ, жалаң бас, үйсіз-күйсіз кезбе болып 
жүрген, кейін Ғани қамқорлығы арқылы ел қатарына қосылып, кісі ретіне 
келген жастар аз емес-ті. Бұл орайда, ақын Өтебай Тұрманжановты, профессор 
Бейсенбай Кенжебаевты, журналист Жүсіпбек Арыстановты айтса да 
жеткілікті. Пьесадағы Асанбай, Көпболдар осындай адамдардың тағдырын еске 
түсіреді. 
Драмалық әрекет Асанбай мен Көпболдың театр залына жиналып 
отырған бүгінгі көрерменге, жаңа толқын, жас қауымға айтқан сыры, Ғани 
жайлы естелік әңгімесі түрінде беріледі. Ақын Леонид Мартыновтвң бір 
өлеңінен туып кеткен ой өрбітіледі. 
Романтикалық 
сипаттағы 
жанды, 
ғибратты 
ғұмыр 
кешкен 
күрескердісахнаға шығарғанда, фактілерді сұрыптау, деректерді екшеу оларға 
авторлық идеал тұрғысынан баға берудің мәнін күшейте түспек. Жеке 
құбылыстардың арасындағы байланыстарды ашу, заңдылықтарды табу, сырт 
көзге түсініксіз жайттарды ұғу – жазушының ең алдымен зерттеуші ретінде 
басын ашып алатын істері. Бұдан кейін өмір шындығына қиянат жасамай, бірақ 
әсте фактография, схематизм, штамп жетегінде кетіп қалмай, көркемдік 
заңдарына лайықтап бейне жасау қамы басталмақ. 
Осы процесті қаралмыш пьесаданда көруге болады. Ғанидың балалық 
шағы, өскен ортасына байланысты белгілі деректерді драматург пьесаға түгел 
енгізуді қажет санамаған. Алғашқы көріністе өз шаңырағына келуі драмалық 
әрекетті сабақтап әкету үшін оңтайлы табылған. 
Қашан да ата-ана үшін, ауыл-аймақ үшін кешегі тұлымшағы салбырап, 
мұрнынан су ағып, шауып жүрген бала-шағаның соқтауылдай азамат боп кетуі 
тез сендіре қоймайды. Көген көздің бірі емес, көшелі ксі санатына қосылып, ел 
тізгінін қолға ала бастаса, бұған да оңай ет үйрене қоймайды. Кім білсін, кейін 
аспан зәулім бойлап өсіп, көкке құлаш ұратын алып бәйтерекпен мыртиып, 
тырбиып қалатын итсигектің шыбық қатар тұрғанын есеп қылатын шығар, 
мұндарлар. 


214 
Жаңа төлдің басы Ғани сынды азаматтың өз аулында қарсылық көруі - 
заңды нәрсе. Өзгені былай қойғанда, ескілік көлеңкесінде өскен шешеге байдың 
малын алып, кедейлергеүлестіру, еркек пен әйелді тең ұстау, қыздарды оқыту 
дегендер құдай жолынан қиыс тарту көрінеді. Жалғыз ұлының жолында отқа 
күйіп, суға батуға дайын, құрбандық болып тозаққа кете беруге әзір ана 
махаббаты мен сүйекке қанмен сіңген әдет-ғұрып қалыптастырған пиғыл, 
сенімнің қақтығысы бейнеленсе керк еді, драматург бұл жағын ескермеген. 
Жетім баланың жақсы талабын танып, кейін бір кәдемізге жарар екен 
деген ниетпен болар-болмас қайырым жасаған Байғани, оның бәйбішесі Халима 
заман қабағы бұзылған мынандай күнде Ғани қолтығына кірмек. Бұл сөзді Ғани 
тыйып тастайды. 
Оңай майысып, тез жапырылып, бұғып жатып қалар боркемік емес 
Халима. Майға бөккен балбөксе, сасық байлықпен шіріген әлжуаз емес, ұстаған 
жерінде қолы, тістеген жерінде тісі кететін адуын, ауыздыға – сөз, аяяқтыға – 
жол берместей екпіні бар. 
Пьесаның тартыс жүйесінде Халима атқаратын іс мол. Ғанидың 
шешесінің қолында өскен жетім қыз Күлпәштің басын шырғалау арқылы көп 
еркектің еркектің арасына лаң салады. Біреулер үшін Күлпәш дәні толып пісіп, 
сабағынан үзілгелі тұрған, енді ауызға тастай салатын жабайы алма, Ғани үшін 
әділетсіздік тырнағында көзінен жасы сорғалап зарлай кетіп бара жатқан 
пұшайман. Екі жағы да аянып қалмас енді. 
Драматург Ғаниды заманына лайық әлеуметтік ортада, тартыс арнасында 
бейнелеуді мақсат тұтқан. Асанбай, Көпбол секілді жетімдерге қамқорлығы, 
Күлпәш азаттығы үшін жанын салуды революция жеңісін баянды ету 
жолындағы саналы күресінің тармақтары болып көрсетіледі. 
Далада опа таба алмай, Ташкент келіп, базар кезіп, сауда жасап жүрген 
Халиманың маңында оқығандарды да көреміз. 
Революциядан кейінгі Советтік Түркістан жағдайында туған әр түрлі 
ағымдар, платформалар бір күнде жойыла салмағаны тарихтан жақсы аян. Бұл 
күреске талай адамдар тағдыры шырғалаңға түскен, адасулар, күйреулер, не сан 
тұман айығып, шалқар айдынын тапқандар қанша. Қазақ әдебиетінде осы 
кезеңнің қат-қабат шындығын реалистікпен айқын бейнелеген кесек шығарма 
әлі дүниеге келген жоқ. Өте күрделі әлеуметтік құбылысты, содан туындаған 
психологиялық шырғалаңдарды, философиялық сарындарды атүсті сөз 
арасында, бірер эпизодпен шолақ, келте қайыра салуға әсте болмайды. 
Патша заманында оқып білім алған, отаршылық тепкі, нәсілдік езгі жер-
жебірлеріне жеткен қазақ зиялыларының басым көпшілігі Октябрь 
революциясын құшақ жайып қарсы алды. Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, 
Нығмет Нұрмақов сынды азаматтар социализм үшін алысқан күрескерлердің 
алдыңғы сапында жүрді – бұлар хақында мадақ жыр айтылсын, адасқандар, жат 
бауыр болғандар, дұшпан тобына қосылып кеткендер трагедиясы – үлкен 
талант қаламына ілігер батпандай ауыр тақырып. 
Ғани Мұратбаевпен белдесіп жүрген қарсыластар ішіндегі екеуі зиялы: 
бірі – жас жігіт Саржан Үңгібаев, екіншісі – жер ортаға келген Ділда 
Табынбаев, Саржанның есіл-дертін, жан-тәнін билеп алған, көкейін тескен идея 
біреу – ол түркі тілдес елдер бірлігін құру. Россиядан бөлініп, жеке дара 


215 
мемлекет болу. Саяси күрес диалектикасынан, қоғамның даму заңдарынан 
жырақ жатқан ойға берілген Саржанның авантюрадан да қашар түрі жоқ. 
Драматург 
Саржан 
мен 
Ділданың 
мінездік 
ерекшеліктерін, 
психологиялық құбылыстарын ашудан гөрі, олардың аузына идеологияға, 
саясатқа қатыстты сөздерді көбірек салады. Содан барып бұл персонаждардың 
сендірушілік күші кеміп, схемаға қарап ойысып кеткен. 
Бір кезде Карл Маркс айтқан, тарих аренасынан кетіп бара жатқан 
таптардың трагедиясын бейнелеуді қазақ қаламгерлері жете ескермейді. Күні 
кеше қаһарымен жер тітіренткен мықтының бүгін аяқ асты болуы карикатура 
шеңберіне сыймайды, бұл арада ақ, қарсы айқын реалистік бояу қажет. Алысып 
жүрген дұшпандарының осал бейнеленуі Ғани Мұратбаев образының 
көңілдегідей мүсінделіп шығуына зардабын тигізген. 
Көркем шығармаға қойылар көп талаптың ішіндегі суреткер әсте аттап 
кете алмайтын, әманда ұмытпайтын бір шарт – оқиғалар арасындағы 
себептестікті, өмір құбылыстарының өзара сабақтастық заңдылығын ескеру 
болса керек. Түптеп келгенде, бұл сюжет түзу талаптарына бағынады. 
Қазіргі драмада үздік оқиғалар, жеке эпизодтар арасы баяндаушының, 
автордың сөзімен жалғасып жүре береді. «Біздің Ғани» пьесасында осы
ерекшелік бар. Асанбай, Көпболдардың көрерменге қысылып-қымтырылмай, 
ашық-жарқын тіл қатуы, таныс бір достарындай шешіле сөйлеуі драмадағы 
оқиғаларды алыс замандар жаңғырығы есес, күні кеше болған хикая етіп 
көрсетеді. Ғанидың адамгершілік кескінін танытатын әрекеттің бірі – оның 
Күлпәш тағдырына араласуы. Кішкентай кезінен қатар өскен жетім қызға қол 
ұшын беріп, ағалық қамқорлық жасау Ғаниға жаңа өмір жолындағы игілікті 
істің бір үлгісіндей. Анау Сағдат болса, көкірегі ояу, көзі қарақты азаттық 
жолындағы күреске өзі де шыққан қыз. Көп еркектің ісінде жалғыз жүріп, 
сығырдаң тартқан әйелге лайық қылықтардан айырыла бастаған сыңайы да жоқ 
емес. 
Пьесаның алғашқы вариантында драматург Күлпәшті тіпті көп 
шырғалаңға салушы еді.Қылмыскерлерді қуа барып, Ғани мешітте 
молдалармен ұзақ айтысқа түсетін. Күлпәш қайғысына шыдай алмай Ғанидың 
шешесі Күлсім аяқ астынан өліп қалатын. Авторлық негізгі концепцияға
шығарма идеясына қатысы шамалы, мұндай қосалқы эпизодтарды, тым әсіре 
қызыл бояуларды драматург соңғы сахналық нұсқада, орыс тілінде аударылған 
вариантта орынды түрде алып тастаған. 
Ескі көз, кәрі тұяқ зиялы Ділда Табынбаев алғашқы нұсқада не онда жоқ, 
не мұнда жоқ, дүбара күйде қалушы еді. Оның мінездік даралығы, саяси беті 
айқын болмайтын. Ақырғы сценада Ғани қасынан шығуы сенімсіз әрекет еді. 
Қазіргі сахналық вариантта Табынбаевтың бойына шақ, әлеуметтік ортасына 
лайық істер жасатуға драматург күш салған. Саржан мен Ділда арасындағы 
тартыс ұлғая түскен. Өмірде бар белгілі адамның бейнесінен алынған Сағдат 
образына бірталай бояу жетпейді. Ғаниға бір серік болса, сол Сағдат серік болса 
керек еді. Әуелде Күлпәшқа ағалық қамқорлық еткен Ғани ықыласын артынан 
драматург махаббат арнасына қарай бұрмақ болады. Бұл орайда Ғани сынды 
үлкен жүректі азаматқа тән алабұртқан сезім, жалынды сүйіспеншілік күйлері, 


216 
тебіреніс, толғаныстар сенімді көрсетілмеген. Күлпәшқа бет-алды жалпылдап, 
құрақ ұшу Ғани бойына сыйымсыз оғаш қылық. 
Ашаршылық, жоқшылық, жетімдік зарын тартқан, әр қиырдан жиылған 
панасыздар, қорғансыздардың Ғани көмегімен кісі қатарына қосылып, азамат 
болуы жолындағы қиындықтар, тентектік психологиясы, ауыр кезең 
атмосферасы детальдарымен көрсетілген. 
Жасөспірім, жеткіншек ұрпақ комсомолдың белгілі қайраткері, аз 
ғұмырында жұлдызша жарқырап өткен Ғани Мұратбаев жайлы пьесадан ғибрат 
алмақ. 
Революциядан бұрынғы қазақ өнерпаздарының бойындағы универсалдық 
сипат – ғасырлар бойы іріктеліп, сұрыпталып, шыңдалған дәстүрлердің жақсы 
көрінісі. Әркім әр нәрсені малданып, мүше-мүше етіп бөлшектемеген заманда 
ән де, күй де, әншілік те, күшілік те, серілік те, батырлық та – бір адамның 
басынан табылған. Өзара қабыса бермейтін дара ерекшелікті өнер түрлері – 
ақындық пен композиторлық сахара жағдайында туысып, табысып, егіз боп 
кеткен. Қазақтың сері, сал деген – композитор, ақын, әнші, күйші, палуан 
құсбегі дегені. Қатыгез, өгей, сұм өмірдің тепкісін көрген қайран ерлердің 
баршасының тағдыры ұқсас: ел-жұрттан безіп шығып, тау-тасты мекен еткен 
Ақан анау; қолын темір бұғау кесіп Біржан жатыр еңіреп; абақтыда көңілін 
құмалақпен жұбатып Мәди отыр; Тобыл түрмесінде торыққан Жаяу Мұса. 
Қазақтың сал-серілері туралы жазу ең алдымен азаттық күрескерлері 
туралы жазу деген сөз, қазақтың әні-күйі, рухани дүниесі, музыкасы, 
поэзиясы туралы жазу деген сөз. 
Ғұмырнама-тарихи 
тақырыпқа 
барған 
жазушының 
суреткерлік 
концепциясы жоқ жерде хронологияға, фактілер жетегінде кетіп қалуы қиын 
емес. Зады тарихи белгілі есімнің өзгеше сипаты, даралық қасиеті үлкен бір 
ісімен, аршынды қимылымен көрінсе керек. Әйтпесе жіпке тізгендей етіп, аты 
мәшһүр адамның өмір фактілерін сыдырта баяндай беру көркемдік аулына
әсемдік әлеміне апармай соқыр тұман құшағына сүңгітіп жіберуі оңай. 
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келгенде, қазақ драмасының негізгі 
арналарын көрсеткен дұрыс болмақ. Қаһармандық драма қажырлы кейіпкердің 
қиындықтарды жеңген, арман-мақсат жолында, азаттық –еркіндік үшін 
арпалысқан батырлық жолын бейнелейді. Тіпті ауыр тағдыр кешкен 
трагедиялық шығармадағы шешілмес күрмеулі шие емес, трагедияда алапат 
құштарлық, ғаламат сезімдер бейнеленсе, қаһармандық драмада сұсты тірліктің 
қаһарлы ағысы, ызғарлы оқиғалар көрсетіледі. Қаһармандық драмада Отан 
үшін, азаттық үшін күрес салған еңіреген ерлердің қонымды сипаттары 
жағымды 
мінездері, 
кісілікті 
қадамдары 
мадақтала 
суреттеледі. 
Басқыншыларға, зұлмат күштерге қарсы сұрапыл шайқастан қаһармандық 
драма кейіпкерлері көбіне-көп жеңіспен шығып, салтанат құрады. 
Басқа жанрлық формалардың романтика, лирика, психологизм секілді 
элементтері қаһармандық драманың көркемдік құнарын арттырып, дәуір 
сипаттарын реалистік тереңдікпен жан-жақты танытатын кейіпкерлерді сомдап 
құюға мүмкіндік береді. 
Қаһармандық драманың басты кейіпкерлері аспаннан аяғы салбырап түсе 
қалғандар болмағанымен, негізінен, ер жүректі, үлкен мақсатты, қажырлы, 


217 
жігерлі адамдар, азаттық үшін алысқан ерлер, ескілікті күйретіп, жаңа өмір 
жасаған революция ардагерлері, қас дұшпанмен арыстанша арпалысқан Отан 
соғысының батырлары. 
Қазан революциясының ғаламат шындығы, күрес күндерінің қаһарлы 
кескіні жаңа сипаттағы қаһармандарды тудырды. Олар қазақ драматургиясында 
ең 
алдымен 
революционер-ақын 
Сәкен 
Сейфуллин 
пьесаларының 
кейіпкерлеріне айналды. 
Күрделі қоғамдық сілкініс-дүмпулер, дүниені астан-кестең етіп жатқан 
шақта бұрынғы тұрмыс-салт, әдет ғұрып, сенім-дағды атаулының іргесі 
шайқалып, көбесі сөгіле бастайды. Көркемдік игілік, дәстүрлі өнерге жаңаша 
көзқарас туады. 
Қашанда өмірдің жаңа құбылыстары творчестволық бейнелеудің еркіне 
оп-оңай түсе қоймайды. Жаңа шындық әдебиет пен өнерде сан алуан жаңа 
жанрлық формалар тудырады. Соның бірі – саяси-әлеуметтік драма. 
Драманың бұл түрінде қан төгіс шайқастар, үлкен құрбандықтар жоқ. 
Келісімге келмес қарама-қарсы кейіпкерлер арасында айтысты талас жүреді. 
Бұлардың әрқайсысы өмірге, жақсылыққа, жамандыққа деген көзқарастарын 
ашық, айқын айтады, сондықтан кейіпкерлер арасындағы кезексөз (диалог) 
ұлғайып барып, асқына түсіп философиялық толғанысқа айналып кететін 
тұстары да бар. 30-40 жылдары жазылған қазақ әлеуметтік-саяси драмаларының 
өзегіне таптық, әлеуметтік, тартыс негіз болса, кейінгі драмалардың өзегіне 
таптық, әлеуметтік, тартыс негіз болса, кейінгі драмалардың тақырыптық өрісі 
кеңейеді, қаламгерлер реализмге ден қояды, идея мен образ бірлігі күшейеді. 
Тарихи-ғұмырнамалық драмаға белгілі тарихи тұлғаның өмірі арқау 
болмақ. Эстетикалық шындықпен бейнеленген көрнекті адамның іс-әрекеті, 
күрес жолы идеялық нысанасы, әсіресе жас ұрпақ, кейінгі толқынға үлгі, өнеге. 
Бұл жанрлық форма қазақ әдебиетінде соғыстан кейінгі дәуірде молырақ 
көрініп, бірқыдыру сапалы шығармалар дүниеге келді. 
Біздің ойымызша, қазақ драмасының басты жанрлық формаларының 
мынадай-мынадай ерекшеліктері бар. Олар: 
- шығарма материалының күнделікті қарабайыр тіршілікке етене 
жақындығы; 
- кейіпкерлердің белгілі әлеуметтік ортамен кіндіктес байланыстылығы; 
- көркемдік формалардың жан-жақтылығы мен сан алуандығы; 
- саяси-әлеуметтік идеяның публицистикалық сарынмен ерекше айқын 
айтылуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет