Рымғали НҰРҒали драма өнері


КОМЕДИЯНЫҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет9/26
Дата25.01.2023
өлшемі2,67 Mb.
#62969
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
КОМЕДИЯНЫҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
Сөз жоқ, қазақ драматургиясыың барлық жанрларының негізгі қайнар 
көзі, алтын арқауы, күре тамыры – ауыз әдебиеті үлгілері, фольклордың сан 
алуан нұсқалары. Әлем драматургиясы мектебінен тиянақты сабақ алған 
қаламгерлері ұлттық топырақтағы берекелі дәстүрлерді жаңашылдықпен 
дамыта білді. 
Комедия жанрының жалпы табиғатына В. Фролов, В. Волькенштейн, Н. 
Федь, Ю. Борев, В. Сахновкий-Панкеев
16
еңбектерінде көптеген маңызды 
тұжырымдар жасалған. Соған қарамастан, комедияның барлық сипаттарын 
ашып, бұл жанрға түбегейлі анықтама берген зерттеу жоқ. Олай болу мүмкін де 
емес. Өйткені қашанда сан қырлы, сан әуезді, сан бояулы өмір құбылыстары 
өнерге ықпалды әсер етіп, жанр кескініне өзгерістер енгізіп, жаңа биіктер, жаңа 
шекералар белгілеп отырмақ. Сондықтан біз де комедияның негізгі белгілерін, 
басты ерекшеліктерін қазақ әдебиетінің тәжірибесіне сүйене отырып 
анықтаймыз.
Тегінде, комедия кейіпкерлері қатты қиналысқа түсіп, азап-қайғы 
шекпейді. Бұл ерекшелікті кезінде Аристотель көрсетіп: «Күлкілі жайт – 
ешкімге 
қайғы 
әкелмейтін, 
жанды 
қинамайтын 
қайсібір 
қателік, 
қисынсыздық»,-деп жазды («Об искусстве поэзии», М., 1957, с. 11). 
Комедиялық категория этикалық идеалмен, әлеуметтік тілекпен тығыз сабақтас. 
Әдебиеттің басқа жанрлары секілді комедия да өмір құбылыстарын 
көшіре салмайды, іріктеу, топтау арқылы жинақтап барып, нақты әрі жалпылық 
сипаты бар көркем образ жасайды. Шынында, өмірдегі күлкілі жайт шығарма 
өзегіне айналғанша сан алуан эстетикалық шыңдаудан өтіп, қайта қорытылып, 
балқып шығады. 
Комедияның жанрлық ерекшелігі тартыста, сюжетте, қызықты 
ситуацияда ғана емес, тіл өрнегінде де жатыр. Дараланған, өзгелеге ұқсамайтын 
әрбір кейіпкердің әрекеті күлкі шақырса, сахналық туындының жаны кіре 
бастайды. Әсірелеу – комедияның басты кркемдік құралдарының бірі. 
Гипербола мен гротеск яки ұлғайту мен өсіру әрқашан егіз, ұялас. Мұның 
алғашқысы шеңбер, мөлшерді сақтаса, екіншісі шамадан тыс өсіріп, өрбітіп, 
аспандатып жібермек. Кей тұстарда гротеск шаржға, карикатураға жақындап 
кетеді. 
Драматургияның басқа жанрларына қарағанда, комедия финалы көбіне 
тартыстың жағымды шешімімен, жамандық жеңіліп,жақсылық үстем болған 
баянды күймен аяқталады. Бұл тартыс әрекет бірлігінің логикасынан, 
16
В.Фролов. О советской комедии. М., 1954; Его же. Судьбы жанров драматургии. М., 1957; В.Волькенштейн. Драматургия. М., 1969; Н. 
Федь. Искусство комедии. М., 1978; Ю. Борев. Комическое. М., 1970; В. Сахновкий-Панкеев. О комедии. М., 1964. 


58 
характерлер қақтығысының табиғатынан шығып жатады. Комедия жанры 
поэтикасының шарттылығы бойынша жағымсыз кейіпкерлер түптің түбінде 
бармақ шайнап, қателігін мойындайды, жеңіліп тізе бүгеді, сөйтіп адал ниет, ақ 
тілек, әділ іс салтанат құрады.
Өмір құбылыстарын, адам мінездерін ашу үшін комедиограф оқыс 
оқиғалар, күлкілі жайттарды шығармада шебер пайдаланады.
Бұл орайда, Н.В. Гогольдің бір кезде А.С. Пушкинге жазған: «Рақым 
етіңізші, бір сюжет беріңізші маған, күлкілі ме, күлкісіз бе, әйтеуір бір таза 
орыс анекдотын айтып беріңізші. Комедия жазғым келіп қолым қышып жүр», 
(Н.В. Гоголь. Полн. собр. соч., т. 10, М., 1940, с.375) – деген сөздері еске түседі. 
Ғасыр басында қазақ әдебиетінде комедияның шағын формалары кең 
өрістеді. Әлеуметтік-экономикалық, мәдени-саяси, отбасылық-тұрмыстық 
өзгерістер бұл жанрдың мүмкіндіктеріне сәйкес келіп, түрлі сюжеттер, 
водевильдер, интермедиялар, сахналық көріністер туды. Олар қоғамдық санасы 
ояна бастаған қазақ еңбекшілерін эстетикалық-саяси тұрғыдан тәрбиелеуге көп 
қызмет еткенін зерттеушілер Т. Нұртазин (1967), Ә. Тәжібаев (1976), Р. 
Рүстембекова (1975), С. Ордалиев (1964) дұрыс көрсеткен болатын. 
Алғашқы қазақ комедияларында, Бейімбет Майлин, Жұмат Шанин 
туындыларында фарс, скетч, водевиль элементтері аралас-құралас жүргендігін 
көру қиынға соқпайды. Халықтың күлкілі әңгімелерінің сюжетін пайдалана 
отырып жазылған бұл шығармалар өз кезеңінің көкейкесті талаптарына жауап 
беріп, көрермендерді ащы күлкі, өткір әжуа, уытты сықақпен тәрбиелейді, 
эстетикалық ләззат берді, көпшілікке етене таныс, қастарында жүрген 
Мырқымбайлар мен Айдарбектер, Тарсықбайлар сахнаға шығып, тірі қалпында 
сөйлеп кеткенде, бұрын ондайды көрмеген көшпелі ауылдың адамдары 
ауыздарын ашып, көздерін жұмды. Әсіресе, Қалыбек Қуанышбаев сынды ел 
арасында «Жынды қара» атанған ұлы актер ойыны қыран жапқандай күлкіге 
қалдырар еді.
Қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты, мәдени-этикалық 
дәстүрлерге сәйкес, белгілі таптық идеологиясына орайлас комедия негізгі 
жанрлық ерекшеліктерін сақтай отырып, нақты тарихи көркемдік мазмұнға ие 
болмақ, сөйтіп идеялық-эстетикалық қызмет атқармақ. 
Әлемдік теориялық еңбектерде комедияның сан алуан түрлері айтылады: 
лирикалық, қаһармандық, отбасылық-тұрмыстық, сатиралық, комедия-
буффонада, комедия-фарс т.б. 
Әлемдік комедия тәжірибесін ескеріп, ең бастысы, ұлттық әдебиетіміздің 
материалдарына, тарихына, қазіргі әдеби процеске сүйене отырып, қазақ 
комедиясын екі үлкен топқа бөліп қарауды дұрыс санаймыз, олар: а) сатиралық 
комедия; б) лирикалық комедия. 


59 
БІРІНШІ ТАРАУ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет