Рымғали НҰРҒали драма өнері



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата25.01.2023
өлшемі2,67 Mb.
#62969
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Қолжазбада 
Жиренше. Ей халайық! Тобықтыда 
Қабекеңнен артық кім туып еді? Қатын-
балам сиынса соған сиынбаушы ма еді? Ер 
атаулының аузындағы ұраны сол емес пе 
еді? Қашса – сақтайды дейтіні, қуса – 
жетеді дейтіні сол емес пе еді? Табынғаның 
сол ма дейсің ғой? Иә, сол. Ал, сен айтшы 
осы! Сен кімге табынған жансың өзің? 
Абай. Мен атамның ғана ұлы емеспін. 
Адамның ұлымын. Менің табынғаным – 
адамшылық. Бірақ оның түбін сен ұғып 
жатқан жоқсың. Қасиетті бабам дейсің ғой, 
ей. Жиренше, топырағын тауап қыласың 
ғой. Ендеше, сол Кеңгірбай сонау қатал 
жазасын жұдырықпен шешіп пе еді, 
жүгінісіп 
кесіп 
пе 
еді? 
(Жиренше 
үндемейді.) Айт деймін! 
Кітапта 
Жиренше. Ей, халайық! 
Тобықтыда 
Қабекеңнен 
артып кім туып еді? Қасиетті 
бабам емей кім еді? 
Абай. 
Қасиетті 
бабам 
дейсің ғой, ей. Жиренше, 
топырағын тауап қыласың 
ғой. Ендеше, сол Кеңгірбай 
сонау 
қатал 
жазасын 
жұдырықпен шешіп пе еді, 
жүгінісіп кесіп пе еді? 
(Жиренше үндемейді). Айт 
деймін! 
Қолжазбадан алынған үзіндідегі Жиренше, Абай сөздері шешен, тапқыр 
болғанмен ұзақ, созалаң. Бұл пікірді әр қырынан көлбету бар. Орынды 
қысқартылған соң диалогтың драмалық күш серпіні артып, ширатылып тұр. 
Қолжазбаның 4-7, 10-20, 23, 25-30, 33, 37, 39, 40-43, 46, 47, 49, 53-55, 57-60, 
64-66 беттеріндегі тұтас диалогтар, жеке сөйлемдер, кейбір тіркестер, орамдар 
қысқартылған. Драматург қолжазбадағы әредік диалогтарды қаһармандар 


20 
характерін сомдау мақсатымен өзгерткен. 
Кітапта Сырттан сөзі «Абай ертең әлгі бір немелерінің тергеуі деседі», - 
деген сөйлеммен басталады. Алдындағы сөз қақтығысулар алынып қалған. 
Неге? Онда Сырттан байбайшыл, қақсауық шал мінезін білдіріп қалады. Ағайын 
арасына түскен сұмдық даудың биі ірі, кеуделі, көшелі болмақ керек. 
Сондықтан да кітапта Сырттан мен Абай арасында іргелі сөз қозғалады. 
Сырттан Абай алдын тосатындай үш түрлі шырға тастайды. Нарымбетке 
Ажарды қайтару, Айдардан бойды тарту, қалың жаудан сақтану – мұның 
қайсысы да осал жайлар емес. Бұл диалогтар автографта жоқ. Пьесада жаңадан 
жазылған. 
Қолжазбадағы тағы бір өзгешілік – мұнда ақын-әнші Әсет бар. Ол Абай 
аулына Зейнеппен келеді. 
Әсет кітапта мүлде шығып қалған, оның кейбір сөздері Зейнепке 
көшірілген. Бұл өте дұрыс жасалған редакция еді. Өйткені қолжазбада Әсет 
қосақ арасында жүрген қаһарман, оның тартысқа, шытырман оқиғаға тікелей 
қатысы жоқ. Қолжазба Абай өлімінен кейін Әсет айтатын жоқтау өлеңмен 
аяқталады.
Қазақтың ежелгі дәстүрі жоқтау сарынында жазылған ақ өлең. Әсет 
аузынан Абайға деген халық ілтипаты, халық бағасы, өлімді аза тұтып, қайғыға 
көмілуден Абай тындырған істі, аңсап өткен асыл болашақты мезгеген ой жатыр 
мұнда. Бірақ драмалық қуаттан да эпикалық ауқым мол. Пьесаның кітапта 
басылған нұсқасында Әсет сөзі ықшамдалып Зейнепке көшіріледі. 
Қолжазбадағы көптеген беттер ағылып келген жалынды шабыттан іркілмей 
төгіліп отырғандай. Билік сценасындағы Жиренше, Керім, Абайлардың аузынан 
айтылатын ғажап шебер, орасан шешен, өрнекті, неше түрлі теңеумен, астар 
емеурінмен қабаттасып, шеңдесіп жататын қуатты монологтар қағазға біз 
білетін қалпында күні бүгін көркемдігіне таңданып, тамсанатын күйінде түсіп 
отырыпты. Бірлі-екілі сөздер ғана өзгертілген. Бұл Әуезовтің жазушылық 
талантына қатты әсер етіп, оның қалыптасуында үлкен роль атқарған қазақтың 
байырғы шешендік өнерінен келіп жатқан нәрлі қасиет. Түйдектетіп, төгіп-төгіп 
тастау дәстүрі. Әуезовтің басқа да шығармаларының қолжазбаларына көз 
жүгірткенде, тамаша айрықша суреттердің бірден жазылып қалғанын көреміз. 
«Абай жолы» эпопеясының қолжазбасы туралы да осыны айтуға болады. 
«Абай» трагедиясының орыс тілінде жарияланған 1941 жылғы нұсқасы мен 
1944, 1948 жылдары жарияланған нұсқаларының арасында айырмашылықтар 
бар. 1944, 1948 жылғы нұсқалары өзара бірдей келеді. Әуелі 1941 жылы 
басылған нұсқа мен қазақ тіліндегі нұсқаны салыстырып көрейік. 
Қаһармандар бәз қалпы, тек орысшасында Ажар – Зура, Жиренше – Калча 
болып алынған. Оқиға 1896-1904 жылдары өтетіні дәлді көрсетіледі. Пьесаның 
орыс тілінде алғашқы басылған нұсқасын қазақшаның дәл аудармасы десе 
болғандай. Негізгі сюжетке бөлек желі, өзгеше бұрылыс жоқ, оқиғаның даму ізі 
тұп-тура сақталған. Қаһармандардың сөзі қазақша нұсқадағы қалпынан 
алшақтамай, дәлме-дәл түседі. Мысал. 


21 
Қазақ тілінде 
Абай. Сен не дейсің! Сақал-
шашың 
ағарғанша, 
жақсылыққа 
шақырған бір лебізді естімей өттім-
ау! Ей, қу-қу заман, әзелде тағдыр 
бұйрығы сол болса, қу сыбағам 
арпалыспен өтер болса, тым құрыса 
жыртқыш 
емес, 
адам 
ұлымен 
алыстырса 
етті… 
Сендер 
ме? 
Жақсылықпен кімді сүйсіндірдің? 
Ендеше жаманшылықпен де кімді 
таң қалдырам дейсің? Бүксіп-бықсып 
өтерсің! Иә, күттім, тостым, тәңір 
бұйрығын!
Орыс тілінде 
Абай (после паузы). О, проклятое 
время! Если ты назначило мне в 
удел 
вечную 
бессмысленную 
борьбу, почему ты даешь мне 
бороться с волками? (Эрдену). Кого 
изумишь, ты злом. Проходит жизнь, 
волосы твои седы, но хоть раз 
слышал ли я твой голос призывом к 
добру? Ты, как слепое пламя и 
степи, сжигаешь все, к чему 
прикоснешься. Но с дымом, гарью и 
чадом… исчезнет и память о вас… 
С дороги! Я иду навстречу судьбе! 
Орысшасында қазақ тілінің ұлттық бояуы әлсіреп кетпей, өз күйінде, 
қанықты қалпымен жақсы жеткен. Абай тілінің синтаксистік құрылысы, тіпті, 
ырғақ екпіні де сақталған. 
Қазақ тілінің образдық жүйесін, шешендік үлгілерін, айрықша мәнді 
өрнектерін танытатын сценаның бірі трагедиядағы Айдар – Ажар басына билік 
айтылатын тұс. Осы сценадағы Жиренше сөзін алайық. 
Тамаша шеберлік. Қазақ Жиренше орысша сөйлегенде де бабында, барша 
болмысымен ағынан жарылып суырылып тұр. Ашуы – ашу, ызасы – ыза, 
шешендігі –шешендік. Шу деп бастағандағы екі сөйлемдегі ұғымдар орыс 
оқырманына түсініксіздеу болғандықтан әдейі қалдырылса керек. Осыдан кейін 
келетін сөйлемдер жолма-жол түскен. Жиренше тілінің мақамы, екпіні, салмағы, 
зілі бір мысқал да жасымай, буы бұрқыраған күйі ақырған ашумен жеткен. 
«Абай» трагедиясының орыс тілінде алғаш рет басылған нұсқасы кейінгі 
1944 жылғы жариялануында бірталай өзгерістерге ұшырады. Әуелі қаһармандар 
саны азайтылды: пьесадан Мағауия, Баймағамбет, Дәулет, Орман шығып қалды. 
Мағауия сөздерінің басым көпшілігі Әбдірахманға, Баймағамбет сөздері 
Көкбайға көшірілді. Осы редакцияның өзі-ақ пьесаның құрылысына, сюжет 
желісіне әжептәуір өзгерістер енгізді. Шығарма алғашқы қалпынан 
ықшамдалып, бір сурет қысқартылып, алты суретті болып шықты. Пьесаның 
жинақылығы күшейіп, композициясы ширағанмен, тарихи дәлдікке нұқсан да 
келді. Ертекші, әңгімеші Баймағамбеттің сөздері жайдан-жай Көкбайға көшіріле 
салуы дұрыс емес болатын. Әбіштің де Мағауия тонын жамыла салуы 
сыйымсыз. 
Тұтастай алғанда, 1944 жылғы нұсқада кемшіліктен гөрі табыс, татымды 
редакция басымырақ екенін айтуымыз ғанибет. Бұл нұсқа орыс оқырмандары, 
орыс көрермендеріне лайықталғандықтан пьесаның алғашқы қалпындағы 
тұрмыстық, этнографиялық детальдар әдейі алынып қалды. Осындай өзгерістен 
кейін бұрынғы көріністердің реті ауысты, кейбірі қысқарды, кейбіріне жаңадан 
қосымшалар жазылды. 


22 
Әзімхан – Керім арасындағы сөздер күшейтіліп, бұл екеуінің Абайға 
қарсылық пиғылы ашыла түскен; Әбдірахман қайғысы, оның Мағыш басын 
байламауға ұмтылуы да анық көрінеді; Керімнің Мекеге барып келуі 
айтылмайды; Абайдың дүниеден көшу сценасы ықшам. Біраз көріністердің 
қысқартылуы, кейбірінің бірігуі, монологтардың, диалогтардың редакциялануы, 
стилистік өңдеулер – осындай әр түрлі өзгерістердің нәтижесінде 1944 жылғы 
орыс тіліндегі нұсқа көлемі жағынан бірталай ықшамдалды. 
Тарихтағы ұлы адамдар, белгілі қайраткерлер жайында шығарма жазу 
дәстүрінің тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Жазба әдебиетіндегі жүздеген 
мысалдарды былай қойғанда, фольклорлық шығармалардың бірталайының тууы 
жөнінде осыны айтуға болады. 
Мынаны ескеру керек: тарихи адам дүниеден көшіп, оның артында қалған 
күнделік дәптерлерін, әр түрлі документтерді, замандас, дос-жар, жақын-
жуықтарының естеліктерін пайдалана отырып, із суытпай жазып тастау бар да, 
көп жылдар өткеннен кейін, материалдар қолдан шығып кеткен соң кірісу және 
бар. 
М. Әуезов пен Л. Соболевтің алдында ауыр шығармашылық жүк тұрды. 
Өйткені Абайдың артында ешқандай эпистолярлық мұра қалған жоқ, оның 
қолжазбасының бірен-саран парақтарының өзі бізге әрең жетті. Бұл ретте, 
расында, драматургтер, Әуезовтің өзі айтқандай, көшкен жұртта қалған 
қоламтаны үрлегендей еді. 
Дала перзентінің ғажап қасиетінің бірі – көргенін, естігенін өле-өлгенше 
ұмытпай, сол қалпында жадында сақтауы. Сахара тірлігінің ерекшелігі 
адамдардың көп нәрсені есіне ұстауын талап етеді. Мұның өзі ұрпақтан – 
ұрпаққа кеткен киелі дәстүр секілді. Көл көсір, ұшан-теңіз дастандарды шашау 
шығармай жатқа соғу, «Мың бір түн» ертегісін сол қалпында судыратып айтып 
беру ешкімді де таңырқатпайды, біреудің көкпар тартқаны, біреудің ән салғаны, 
біреудің күй шерткені тәрізді үйреншікті, дағдылы нәрседей болып көрінген. 
Мұхтар Әуезовке ұлы Абай жайындағы нақты, дәл қалпындағы өмірлік 
материалдарды жеткізушілер – даланың ұмытуды білмейтін саққұлақ, 
жезтаңлайлары. Әрине, олар Абай туралы әңгімелерге өз жандарынан жамау 
қоспады, кей нәрселерді жасырмады дей алмаймыз. Абайға көңілдес 
адамдардың, олардың тұқымдарының өсіре, өрбіте, көбейте айтуы мүмкін десек, 
қас болған жандар, олардың үрім-бұтағын өшіре, жасыра, бүге жеткізулері 
ғажап емес. 
«Абай» трагедиясындағы қаһармандар өмірде болған адамдар, олардың 
көбінің аты дәл қалпында алынады. Рас, тарихи шығармаға қойылар басты 
талап бұл емес, суреттеліп отырған дәуір тынысын дәл, шынайы көрсету. 
Реализм фактілер сәйкестігін тиянақтайтын натурализммен әсте қоңсы 
қона алмайды. Құбылысқа тән емес, кездейсоқ, бір сәттік жайттарды сыпырып, 
негізгі басты арнаны диалектикалық күйінде бейнелеу – реализмнің түп қазығы. 
“Абай” трагедиясы авторларының реализмнің негізгі, шешуші 
қағидаларын шығармашылық тәжірибелерін тамаша жүзеге асырғандары 
өмірлік материалды шығармаға арқау етудегі шеберліктерінен әдемі көрінеді. 
Біз пьесаны Абайдың, оны қоршаған ортаның фотографиялық дәлдікпен 
түсірілген суреті деп қабылдамаймыз. Бұл шығарма – тарихи Абай өмірінің 


23 
материалдарын эстетикалық тұрғыдан екшей отырып, зор қуатпен жазылған 
көркем полотно. 
Пьеса арқауы – Абай өмірінің кешқұрымы, тірліктің ұзақ жолындағы 
ақырғы жылдары. Бұл шын мәнісіндегі трагедиялық шығармаға негіз болатын 
материал. Өмір күресінің сан қилы арпалысында қажыр-қайратын, барлық 
қуатын түгел жұмсаған алып жүректі ақын азамат қашан көз жұмғанша 
тұғырдан түспей, надандықпен, зұлымдықпен табан тіресе алысып өткен. Абай 
– жеке басының күйін күйттеп, көлеңкеде бұйығы мұң шертуші емес, 
шығармашылығымен, қолма-қол араласуымен өз ортасына белсенді ықпал 
жасаған күрескер ақын. Бірақ топас қауымның, әділетсіз қоғамның сойқанды 
содырлары, түптеп келгенде, Абайды да құлатқан, жеңген.
Абай өмірінің трагизмін, әрине оның отбасындағы бақытсыздықтардан 
жырып алып қарауға болмайды, бірақ ең шешуші түйін, жұлын құрт ұлы 
адамның идеалдарының, алыс армандарының жүзеге аспауында, дәуірмен 
кереғар келуінде жатыр. Туысында, табиғатында керемет талантты Абай өсе, 
кемелдене келе ағартушылық-демократтық ойларды тереңдетіп, поэтикалық 
мәдениеттің заңғар биігіне көтеріле түскен сайын, өзін қоршаған ортадан сол 
құрлым қара үзіп кеткен. Абайға қарсы топ өкілдері де осыл емес, азу тістері 
балғадай.
Пьеса ықыласты бірден тартып алатын оқшау, қысталаң оқиғадан 
басталады. Драматургтер шырғалаңды сюжетті әдейі құнттамайды, алып 
отырған өмірлік материалшындығына орайлас, типтік жағдайға дөп келетін 
ситуация көлденең тартылады. Шымылдық ашылысымен, бірден драмалық 
тартыстың қызып тұрған шоғы қаһармандар характерін бетке шығарады. Қыл 
шылбыр мойынға түскен сәтте кімде де болсын сыр жасырып қалар дәрмен 
жоқ. 
Бағзы салт, баяғы дәстүр атаулының жол-жоралғысын аттап өтіп, еркіндік 
жағасына қарай ұмтылған екі жас Айдар-Ажардың алдында кесе-көлденең 
тұрған тас қабағы, қызыл көзді пәле – жуандық. Осыған ұқсас ситуация, осы 
сарындас арна – “Еңлік-Кебекте” де, “Бәйбіше-тоқалда” да, “Қарагөзде”, де, 
“Түнгі сарында” да бар. Әрқайсысында әр түрлі дәрежеде, әр түрлі кемерде 
суреттелінген хал. 
Бас бостандығы үшін алысқан Айдар – Ажар екеуінің қыл көпір үстіндегі 
сәті, өлімнің жар қабағына келіп қалған қиын-қыстау шағы трагедияның 
алғашқы көріністерінде ширақ, аса шымыр бейнеленеді. Бұрынғы пьесалардағы 
белгілі жайттарды қайталау, шиырлау емес, тереңдету, көркемдей, толықтыра 
кескіндеу бар. 
Қаһармандар аузындағы сөздердің қысқалығы, өткірлігі, нақтылығы 
ситуацияның психологиялық атмосферасына лайық, дәл, нанымды күйде келіп, 
характерлердің шындық болмысын реалистікпен қалыптайды. Шу дегеннен 
Оразбайдың ожарлығы, кемдемсоқтығы, Жиреншенің Ажардың сүйіспеншілік 
жолында жанын пида етер шешімділігі көрінеді. 
Келіспес, бітпес топ – Оразбай тобы жаулық, өштік отын шашып, 
Айдарларды өлтіріп бір-ақ тыным таппақ. Мағауия, Әйгерімдердің араша тілеп, 
басалқы айта сөйлеген сөздері олардың достық көңіл, бауыр ниетін аңғартады, 
бірақ бұлар Оразбай, Жиреншелерге пара-пар келе алмайды. Боймен басып, 


24 
тіземен қағып-жырып бара жатқан дүлей күш Абайдың туған ағасы Тәкежанға 
да өз шоқпарларын соқтырады. Зорлап, күштеп жатқан бұлар жоқ. Тәкежанның 
өзінің сенімі, пір тұтар қасиетті дүниесі секілді ескілік моралі сонау Оразбайлар 
қорғаштайтын ата-ана дәстүрі – мұның да табынар асылы. 
Ескілік өкілдері мен жаңа буын, жаңа заман төлінің күресі жарқ етіп 
көрініс береді. Әсіресе, Айдар, Мағауия сөздерінде дүлей надандықты басқа 
соғып, көзге түрткендей ащы сықақ, улы кекесін бар, “Туғанына қасқыр да 
қайрылады”, - дейді Мағауия. Анау кесапатты сотқарлар сол қасқырдан бетер 
қайырымсыз деген ызалы үкім.
Әділетке жүгінгенде, Айдар-Ажардың кінәсіз екендігі рас болғанымен, 
Оразбай, Жиренше, Нарымбет көңілдерінде бұлар – шідер үзген, дәстүр бұзған, 
ардан кешкендер. Оның жазасы - өлім! Пәле бұлты қап-қара болып найзағай 
енді шатыр ете түсуге айналғанда, сахнаға Абай шығады. 
Қашан да жазушы шығармалары арқылы өз интеллектісін, өзінің 
дүниетаным көкжиегін, білім дәрежесін, парасат шамасын ықтиярынан тыс 
танытып қоюғы мәжбүр болады. 
Салқын объективтілікті, суреттелген жайттарға көзқарасын білдірмеуді 
жазушылық кредосы етіп ұсынған Гюстав Флобердің өзі де бұдан қашып 
құтыла алған жоқ. 
Ақын, лирик ақын, ұлы Ақын Абай да шығармаларымен өзінің бейнесін 
жасап кетті. Оқырман қауым көкейіндегі сол бейне пьесадағы бейнемен 
таласқандай, бәсекеге түскендей болады. 
Осы ретте драматургтердің Абайды пьеса оқиғасына бірден араластырмай, 
оны тартыстың өршіген тұсында, жеме-жем сәтте көрсетулері өте орынды. 
Айдар-Ажар басына өлім балтасы төнгеншақта үміттің жалғыз сәулесі, соңғы 
тірек – Абай. Осы сәтте шығарманың түп қазық қаһарманы сахнада. Демді ішке 
тартқан ықыласпен пейіл қоясыз. Айдар-Ажар мойнындағы өлім арқаны 
лақтырылса да, жаулық, дұшпандықтан арылар Оразбайлар жоқ. Қайта 
бұрынғыдан бетер қатуланып, қанды кекпен түйліккен, таймай соғар топ бар. 
Бұл сценадағы диалогтар Айдар-Ажар басына қатысты ғана емес, терең 
астарлы, мән-мағынасы мол сөздер. 
Көзқарас, дүниетаным қақтығысады. Айдар мен Ажар ісінен өрбіген арна – 
Абайдың да, Оразбайлардың да ішкі сарайларын ашатын кілт. Жиренше, 
Оразбайлардың түпкі ойы “құм жиылыптас болмас, құл жиылып бас болмас” 
деген мақалда айтылатын философияға тіреледі. Олар Абай қорғап отырған 
Айдарлдарды “Жалғыз-жәутік, құл-құтан”, “Атасыз-тексіз қиқым”, - деп 
кемітеді.
Бұлтартпас, ұрып жығар дәлел ретінде кешегі ата-заманындағы істі, 
Тобықты әулетінің табынар аруағыКеңгірбай жасаған билікті Абай алдына 
тартады. Абайға бұл дәлел емес – далбай. Кеңгірбай қылығын құптамайды, 
қайта айыптайды ол. 
Тарихтың 
жаңа 
толқынының 
үлкен 
азаматы 
кешегі 
балалар 
қолыменжасалған әділетсіздікті бүгін құр мінеп, сынаумен тынса, аздық етер 
еді, қыздырманың құр тілі ғана болар еді. Өз көзінің алдында жасалғалы 
отырған зорлыққа, бұрынғының қисық дәстүрін арқа тұтып, істегелі отырған 
зұлымдыққа Абай жан-тәнімен қарсы тұрады, күреседі.


25 
“Алмастың түймедейі түйедей тастан абзал”, - деген Абай сөздерінде 
надан, залым Оралбайлардың да, әділет үшін алысқанжас ұландардың да шын 
бағасы жатыр. Аралары кереғар Жиренше мен Оразбайдың сөзіне зіл, күш, 
ызғар, болса, Абай сөздерінде халықты сүйген, елдің зарын ұққан азаматтың 
тереңнен толқып шыққан даналық ойлары бар. Абай қазақ ғұрпына, елдің жол-
жоралғысына жүйрік, жоталап келіп, Айдар мен Ажар басының билігін 
жүгініске беруге Оразбайларды көндіруі оның көп қырлылығын, бес аспап, 
қаражон күрескерлігін айғақтайды. 
Алғашқы суреттің өзінде көп сырдың беті ашылды: Айдар-Ажар басы өлім 
мен өмір шекарасында тұр; Абай үшін бұларды қорғау – адамшылықты қорғау, 
заңсыздықпен, зұлымдықпен күресу, өзінің өмірлік идеяларының бірі үшін 
алысу; Оразбайлар үшін Айдар-Ажарды өлімге бұйыру – ата-баба дәстүрі 
бойынша іс қылу, жүгенсізді жүгендеу, шеңбер аттап, шідер үзеген тентекті 
жазалау. Екі жақтың да өз мақсатына жетуге аянып қалмас сыңайы күресті 
ушықтыра түсіп, конфликтіні жалын аттырады. 
Екінші суретте оқиға дамуы аздап баяулайды. Қаһармандардың бір-бірімен 
қарым-қатынасы салмақты райда көрініс береді. Ажар, Әйгерім, Қаныкей, 
Қарлығаш, Зейнеп, Мағыш характерлері бөлек-бөлек, дара-дара образдар. 
Әсіресе, Қаныкей мен Әйгерім характерлерінің алшақтығы Ажарды оңаша 
алып сөйлескен кезде жақсы аңғарылады. 
Қаныкей, Әйгерім диалогтары сырттай қарағанда ғана бейбіт жуас, ал 
шындығында, сөз астарына үңіле бастасаңыз сенім, көзқарас қақтығысын 
көресіз. Қаныкей - Әйгерім тартысы Оразбай – Абай тартысының жалғасы 
іспетті. Есті, ойлы Әйгерім аз айтса да, жанға тиердей ащы, өткір етіп 
айтқанмен, Қаныкей Ажар тағдырына шіміркенбейді. Баймағамбет, Долговтар 
кекесініне ұялып жатқан Қаныкей жоқ. 
Трагедиядағы Баймағамбет әңгімелері – драмалық шығармаға эпостық 
элементті орынды ендірудің үлгісі. Олар пьесаның сюжетімен біте қайнасып 
кеткен, өз алдына бөлектеніп, оқшауланып тұрған жоқ. 
Баймағамбеттің Ромео-Джульетта тарихын сөйлеуі Абай – Ажар 
басындағы халмен іштей астасып жатыр. Қазақтың ертегі, аңыз айту дәстүрінің 
стилінде берілген Баймағамбет сөздері айрықша ерекшеленіп, көркемдік 
қуатымен еліктіріп отырады. 
Задында қаһармандардың бірінің келіп, екіншісінің кетуі, оқиғалардың 
өзгеруі, сюжеттің бірде шұғыл өрістеп, бірде баяулауы сахналық әрекетті 
молайтады. “Абай” трагедиясында осындай сахналық әрекет аса мол. Абайға 
Сырттан ақсақалдың келуі негізгі конфликтіні қайтадан бірінші қатарға 
шығарады. 
Сырттан аз сөзбен көп жайтты аңғартар, талай жерге қарауыл қойып, 
қақпан тастап сөйлейтін ескі би, әккі шешен. Абайға кесе көлденең тартқан үш 
тосқауылын да орынды, дәлелді етіп көрсетеді. Бірақ соның бәрі де айналып 
келгенде: “Өз басыңды қорға, тыныш жат”, - дегенге келіп тіреледі. Абай ұзақ 
сөйлемейді. Қысқа сұрауларының өзі жауап секілді. Тайынбас, шегінбес 
қалпынан аумайды. 
Күрестің қиын боларын Абай ғана емес, Долгов, Мағауиә, Көкбайлар тегіс 
сезгендей: Керімге деген күдік алғаш төбе көрсетеді. Бұл жайт Зейнептің 


26 
келуіне орай қалтарыста қалады. Абайдың халық өнерпаздарымен байланысын 
осы сцена өте тартымды бейнелейді.
Зейнеп сөздері кестелі, нақышты. Ол Абайға деген қалың елдің 
махаббатын жеткізіп тұрғандай. Зейнеп – Абай диалогтарында беймезгіл, 
тұманды заманда өмір кешкен асыл өнер иелерінің келешек дәурен, болашақ 
күндерге арнап жолдаған өсиет, сәлемдері жатқандай. Жыр-өлең тағдыры 
жайлы терең, дана толғаныс қысқа, нақыл боп айтылған. Абайдың жанына 
ерген жастар ортасында емен-жарқын күліп отырып, қолма-қол, аяқ астынан 
суырып салған афоризмдері табиғи, орынды беріледі. Керім қызғанышы, оның 
Айдармен таласуы бір желі тартыс болып өсіп келе жатты.
“Абай” трагедиясындағы қаһармандар саны көп болмағанымен, әр түрлі 
әлеуметтік орта өкілдері көрсетіледі. Қазақ қырының көптеген типтерімен қоса, 
еуропалық білім алған екі қаһарман бар. Олар Долгов пен Әзімхан. Долгов – 
Абайдың досы, Әзімхан Оразбайлардың шашбауын көтеруші. Екеуі бетпе-бет 
келіп қалғандаәрқайсысы өз характерлерінің бірталай сырларын ашады. 
Петербург университетін бітірген Әзімханның халық үшін, ел үшін қызмет 
ету дегенді ойға да алмай, тиын-тебенге, қара бастың қамына бола 
тілмаштықты талғажау етуі Долговқа салса масқаралық. Ал, Әзімхан Долгов 
зеттеулерінің өзіне қарсы, кайтсе де бұл ортадан оны кетірудің амалын іздейді. 
Драматургтер халықтық интеллигенция арасындағы күресті ос Долгов, Әзімхан 
образдары арқылы бейнелейді. 
Әзімхан торын әр жерге тастаған алаяқ. Абай соңынан ерген шәкірттердің 
бірі Керімнің осал пернелерін басып, оның қызғаныш, менмен сезімдерін түртіп 
көреді. Іштей толқымалы екі ұдай Керімге Әзімхан шырғасы қатты әсер етеді. 
Айдар – Ажар тағдыры шешілербилік алдында Керімнің оңаша қалып айтатын 
сөздері күрделі натураның аузынан шыққан философиялық мол астары бар, 
психологиялық жағынан терең, драмалық қуаты күшті монолог. 
Бірінші суретте шиыршық атып бірден көрінген конфликт екінші суретте 
жұмарланып, астарланып қалса, үшінші суретте қайтадан ашық күйгеойысады. 
Бұл әр түрлі қаһармандар характерін бейнелеуді, Абайды қоршаған әлеуметтік 
ортаны реалистікпен суреттеуді көздеп, таңдап алған сюжеттің объективті 
ағымы. 
Негізгі арна Абай басына тікелей қатысты сюжетпен қоса тағы да бірнеше 
тармақты оқиға желісі, тартыс өрмегі бар. Мұның бірі Нарымбет – Мағыш 
арасындағы желі де бой көрсетеді. Нарымбет – бір бет, қалтарысы жоқ, нойыс 
дөрекі жан. Қарындағы Мағыштың Абайдың ұлы Әбдірахманды жылдар бойы 
сарылып тосуы сүйегіне мін, бетіне салық сияқты. Айдар – Ажар оқиғасына 
байланысты Абаймен мүлде жауласып алған Нарымбет қарындасын бұрынғы 
райынан қайтару үшін жанын салады. Залым Қаныкей де осы жолда жүр. 
Мағыш көңілі Әбішке адал, қыздырманың қызыл тілі ниетінен тайдыра 
алмайды. Конфликтіні Нарымбет – Абай тартысына, Әбіш сырқатына 
байланысты табиғи түрде асқынып, характерлердің тереңдей ашылуына ықпал 
жасайды. 
Әуезов – дүниежүзілік драматургияның ең озық үлгілерінен сабақ алып, 
биік қаламгерлік мәдениетке жеткен суреткер. “Отелло”, “Асауға тұсау”, 
“Ревизор” секілді шедеврлерді аударудың өзі шеберліктің үлкен мектебінен өту 


27 
ғой. Құдіретті таланттың қолтаңбасы оның барлық трагедияларында айқын 
көрініп тұрады. Олар драматургияның европалық әдебиеттердеқалыптасқан 
жанрлық талаптарына түгел жауап берумен қоса, қазақтың ұлттық әдебиетінің 
оның ішінде қазақ фольклорының бірталай үлгілерін бойына жинаған. 
Айтыс, беташар, жар-жар, бата беру, туған жермен қоштасы сияқты ауыз 
әдебиетіндегі үлгілерді Әуезов трагедияларына орынды, қисынды ендіріп, 
жақсы пайдаланған. Шешендік дауы, билер айтысы – қазақтың халықтық 
әдебиетінде ерекше өріс алып, кемел дамыған, мазмұн, форма жағынан 
драматургия өте жақын нұсқалар. Әуезов қвзвқтың ежелгі шешендік өнері 
арнасында жетілген билік айту дәстүрін драмалық шығармаға зор суреткерлік 
батылдықпен енгізеді. Олар пьесалардың көркемдік пішінімен біте қайнасып 
кеткен, шығарманың жанрлық қалпына ұлттық колорит беріп, әрлендіріп, 
байытып тұрған компоненттердің бірі. 
“Абай” трагедиясындағы билік сценасы жайлы осыны айту керек.
Шымылдық ашылғандаұмар-жұмар, шарт-шұрт қақтығысып қалған 
қарама-қарсы ниеттегі қаһармандар қайтадан бетпе-бет келді. Конфликт тез 
жоталанып, қаһармандар характеріне көп шарпуын тигізді, ситуацияларды 
өзгертті. Ең алдымен, гуманист, күрескер Абайдың ата жүрегі, әділетшіл 
жүрегі, орамды өткір, айтқыш шешендігі көрінеді. Абай жалғыз емес, 
маңайында дос-жаран, іні-шәкірттері, көңілдес жақын-жуығы бар. Олар: жақсы 
әкеден туған есті ұл Мағауия, тапқыр әзілқой Көкбай, ақ көңіл, адал Қарлығаш, 
ел анасы, халықтың өлең-жырын арқалаған аяулы Зейнеп, адал жар, жанашыр 
дос Әйгерім, маххабат сертіне берік Мағыш, айдауда жүрсе де жасып, 
жабықпаған Долгов, әңгіме-қызық дүкені Баймағамбет. Бұлардың бәрі де 
сәтімен табылып, дара-дара драмалық характерлерімен бейнеленген 
қаһармандар. 
Оразбай, Жиренше, Нарымбет қастық-жаулықта қатар, олардың біреуі 
сөйлесе, қалған екеуі өре түрегелді. Алғашқы пердеде бұлардың тобынан 
характерлері айқынырақ көріністер Қаныкей мен Нарымбет. Қаныкей Ажарды 
азғырса, Нарымбет Мағышты азғырады, осы орайды екеуінің Ажар, Мағышқа 
қарағанда татаусыз, күйкі қалпы, болымсыздығы әбден ашылады. Бір-біріне 
қарсы екі топөкілдері билік сценасында қайта тоқайласады. 
“Абай” трагедиясындағы билік сценасы “Еңлік-Кебектегі” билік сценасына 
ұқсас. Ара бидің сөз беруі, даугерлердің айтысы, жалпы салтанат тәртібі бір-
бірін қайталайды. Екі пьесада да таласқа түсетін – жастар тағдыры. “Еңлік – 
Кебекте” Найман-Тобықты болып қырқысса, “Абайда” тобықты өзін-өзі 
жағаласады. 
Ұқсастықтармен қоса көптеген айырмашылықтарды даралап айтуымыз 
керек. “Еңлік-Кебекте” әділетсіздікке қарсы күш билер үстіне жүгіріп келген 
Тобықты жігітінің әлсіз даусы Абыздың “аһ” ұрған монологы арқылы ғана 
көрініс берсе, “Абайда” билік сценасы жау топ пен халық ұлы – Абайдың 
алысуына құрылған. Бұл – кеңінен тоқталып, бажайлап сөз қылатын күрделі, 
соқталы мәселе. 
Билік болатын жерге әйелдер жіберілмейтінін біле тұра, Қарлығаштың 
пысықтықпен еркек киімін киіп ап ұрланып келіп отыруы, Көкбайдан тықақтап 
әр нәрсені сұрауы комикалық планда берілген. Қысқа қайрылған Көкбай-


28 
Қарлығаш диалогтары езу тарттырады.
Күйлі-күйсіз бәйгеге көп шапқан, ойды, қырды талғамайтын арынды 
жүйрік Жирекше салғаннан заулай жөнеледі. Жиренше кібіртіктемейді, 
шоқырақтамайды, қарауылға тура тартады. Ол үшін табан тіреуге, дау тірілтуге 
титтей тиянақ жетіп жатыр. Соның маңын аршып, кеулей қазғанда алғашқы 
құлаш сермеудің неден басталғанын аңғармай қаласыз. 
Сырттан ақсақалдың: “Заман азды, заң тозды дермісің?” – деген сауалын 
Жиренше әрлі-берлі аунатып, өз тілегіне, түпкі мақсатына орай келтіріп, 
дөңгеленте бастайды. 
Бәрі бағзы қалыпта. Тек ата салты, ел дәстүріне топырақшашып отырған 
Абай, Абай жанына ерген жастар. Бұл байламын Жиренше тайға таңба 
басқандай айқын етіп, шегелеп, нақты айтады. Ұзын сөздің қысқасы, тоқ етер 
түйіні – екі жасты жазалау! 
Жиренше қиялап, жоталап салмай, қалыңға тұп-тура қойып кетеді. Ұрып 
жығар, тырп еткізбес ақырғы кесімін бірден нықтап айтады. 
Нақты кесімімен қарсы биді қоян-қолтық күреске шақырады.Ұзын сөздің 
қысқасы, тоқ етер түйіні - екі жасты жазалау! 
Керім – Жиренше емес, қара сөзге жорғалығына қоса, Шығыс 
поэзиясындағы ғашықтық жырлары, Шекспир трагедиясы қаһарманның 
аянышты өмірін білетіндігі көрінеді. Ол Жиреншенің өр кеуделігіне, қаражон 
бір беттілігіне жұмсар қару етіп, әргі-бергі уақыттарда болған аянышты 
махаббат тарихтарын ұстанады. 
Осылай сәтті арнада сөз бастаған Керім бұл бағытта аяғына дейін жүре 
алмайды. Ажарды ақтамақ болып жасаған қадамдары Жиренше қолына құрық 
береді. Айдарды албырт, ақын, ел еркесі деп мақтаған сөздер Жиренше жүрегін 
жібіте алмайды. 
Қарымта жауап айтқанда Жиренше Керімнің алған мысалдарына қазақтың 
ескілікті салтын, бағзы дәстүрін кесе-көлденең тартады. Жүгінер, ден қояр әділ 
қазысы – басқа жұрт рәсімі емес, өз топырағындағы жол-жора екендігін әккі 
шешен айшықты, қоңыраулатып жеткізеді. 
Бұл сцена қарсы билердің дау, талас сөздерді алма кезек жарыстыруына 
ғана құрылмаған. Көпшіліктің көңіл күйі, әр түрлі реакция - Мес, Оразбай, 
Нарымбет, Қарлығаш, Көкбай, Дәулет репликаларынан жақсы аңғарылып 
отырлады. 
Екінші қайтара есе келгенде Керім Жиреншенің Ромео, Джулеттаны 
білмейтіндігін надандық деп бетіне салық етеді, Саймақтың сыбызғы сазын 
сүйіп қашқан қалмақ қызын ауызға алады. Артқы есебі мықты. Жиренше осы 
орайда Керімге әдейі ұпай береді де, екінші жаққа жалт ете түседі. Ажар – басы 
бос, жазалы – Айдар! 
Сөзден жеңілген Керім әлі де амалдаған болады, енді Абай беделін салып, 
сонымен қорғамақ Айдарды. Бірақ Жиренше Керімді енді бауырынан 
босатпайды, үсті-үстіне төгілген нөпір сөзбен тұншықтырып барады. Бірер 
жерде Керімге мұрсат бергендей көрінгенімен, Жиренше мүлде өзгеріп алған 
сияқты. Аяқ астынан мол күш жинап, қайтпас қаталдықпен Керімді таптап 
тастардай. 
Жиренше құрған қақпанға сарп етіп түсіп қалған Керім халі мүшкіл. 


29 
Арқалы, от ауызды, орақ тілді шешен кешегі бабалар дәстүрінің заңды іргесінен 
сөз қоздатып, соңы қыздырып, өршітіп келіп-келіп, ақыры сұмдық торды Айдар 
– Ажар былай тұрсын, Керімнің, тіпті, Абайдың басына лақтырады. 
Бұл Жиреншенің Керімді діңкелеткен тұсы, өзінің Абайдан жеңілуінің 
басталған жері. Биліктің әр сөзін қақас жібермей, қаршыға қағылездікпен 
қадала қарап, бағып отырған Абай Жиреншенің шектен шығып, мүлде асқақтап 
кеткен орайында қарсы биді айыпкер етудің, бір тойда екі билік жасаудың ескі 
салттың өзіне сыйыспайтындығын тарс еткізіп айтып салады. 
Екі жастың тағдыры безбенде тұр. Әуелгі айқаста Жиренше жеңіп, 
алғашқы кесік, қанды кесік іске асуға аз қалғанда тартысқа Абай килігеді. 
Драматургтер бұл орайда үлкен суреткерлік шеберлік көрсетеді. Шынында, 
конфликтінің ең өршіген сәтінде, психологиялық толқудың әбден асқынған 
кезінде Абайдың тартысқа араласуы ситуацияға деген бұрынғы ықыласты 
керемет күшейтіп жібереді. Абайдың дауға кірісуі өте дәлелді берілген. 
Билік сценасындағы негізге тартыс – ескілік әдет заңы мен жаңа дәуір 
талабының, зұлымдық пен адамшылық арасындағы күрес. Әуелде Жиренше – 
Керім, кейіннен Жиренше – Абай арасында бой көрсететін бұл айқас – пікір, 
байламдардың тек логикалық жүйеге құрылған таласы емес. Жиреншенің, 
Керімнің, Абайдың ұзақ-ұзақ монологтарынан олардың дүниетаным көкжиегі, 
адамшылық кескіні, мінез қалпы, темперамент шамасы, ой дәрежесі, ақыл 
мөлшері – басшы көрініс береді. 
Айдар – Ажар халі қыл көпірдің шетіне жеткен қиын сәттің өзінде Абай 
сабырлы, салмақты. Ол Жиреншенің Керімді тұралатқан жерінен сөз бастайды. 
Ешкім беттемеген кемерге тартады Абай, анау Жиреншелер бас ұрып 
табынатын әруақтар - Әнет, Кеңгірбайлардың Қалқаман мен Кебекке 
жасағандары мақтан етер, үлгі тұтар өнеге емес, жерінер, безінер сұмдық екенін 
Абай халық атынан күңірене айтады, жазалы кім, кінәсыз жапа шеккен кім, 
соны әділ, дәл көрсетеді, аруақ, ата дегендердің тас бауыр дұшпан болғандығын 
қалың қауым, есіл елге паш етеді. 
Жиреншемен сөз таластырып, жүйріктік салыстырған даугер ретінде 
көрінбейді Абай. Оның монологтарының мазмұны терең, астары қалың, 
құрылысы қызық, күрделі.Ұлы ақын халық алдында жауап беріп тұрғандай. 
Кешегі өткен жауыздықтар, солардың жасырын, көзден таса көмбе сырларын 
халық – ата, халық – анаға ашып берер сәттің жеткені осы. “Қаттылық бір мен 
екіде, халықта ма еді?”, “Еккенің тікен болса, орарың балауса болмас” – осы 
алуандық даналық афоризмдерді Абай дау кезінде, талас-сілкіс үстінде қолма-
қол суырып салады. 
Абай монологтары терең тебіреніп, қинала толғанудан тыған, олар ұлы 
жүректің ел деп соққан тынысын, данышпан характерінің қырларын танытады. 
Ызалы, ашулы шабытпен бұрқанған ақынның жауларына шүйліккен кезінде 
психологиялық күйі оның сөздерінің екпін ырғағынан, түйдек-түйдек 
оралымдарынан анық көрінеді. Жиренше тән жалтырақтан мүлде өзгеше 
қуатты, ойлы, өткір, бұлтартпас дәлелді шешендік бар Абайды. Қырымдағыны 
қалт жібермей бас салатын қыран бүркіт алғырлығы бар.
Оразбайдың қырсық кекесінен жарқ етіп тұтанып кеткен Абай бес-алты 
ауыз сөзбен-ақ оның сорлы, күйкі қалпын, надандығын, сол надандық түбіне 


30 
жететінін көрсетіп береді. Билік сценасында Абай күнге шағылысқан алмас 
қылыш жүзіндей өткірлікпен дұшпандарының кеудесін басады. Қалқаман мен 
Мамырды, Еңлік пен Кебекті талап өлтірге жауыздарға, солардың бүгінгі 
бөлтіріктеріне лағынет айтады Абай. 
Жырынды, әккі Жиренше жығылса да, жағалысып құлайтын өлермен. Абай 
дәлелдеріне, ащы да болса шындық жайттарға қарсы қояр ештеңе таппай 
отырып, ақырғы оғын атады. Кешегі Құнанбай жасатқан билікті қайда қояды 
екен Абай? Өз әкесі істемеп пе оны? 
Талай ұрпақтарды қан қақсатқан зұлымдықты - Әнет, Кеңгірбай, 
Құнанбайлар қолымен жасалған масқара әділетсіздікті дәстүр деп, ата жолы деп 
табынған жуандарды Абайдың жерлеп, аяқ асты етер сәті осы орайда. Қара 
қапас, надандық пен пен сәуле адамгершіліктің айқасы! Суық жылдар 
қойнауында халық зарына – зар халық тілегіне тілек қосқан ұлы гуманистің 
өршіл бейнесі дауылды теңіз бетіндеталмай қалықтаған сұңқарды көз 
алдыңызға әкеледі. Айдар – Ажар басын арашалап қалу – жуандықтың жеңілуі, 
әділеттің салтанат құруы. Бұл халық жеңісі – халықтың сүйікті ұлы Абайдың 
жеңісі. 
Билік сценасындағы монологтар сан алуан психологиялықхалдерді, терең 
тебіреністерді, күрделі ойларды береді. Инверсия, шешендік сұрау, іліп әкету, 
түйдектей тарту, кілт түйіп тастау, неше түрлі тосқауыл жиі қайталанады. 
Әсіресе Абай монологтары туралы осыны айту шарт. Оның сөйлемдерінің 
синтаксистік құрылысы сан алуан. Пікірдің салмағына, айтылау ретіне қарай 
сөйлемдер құбылып отырады. Айтылмыш сценадағы Абай, Жиренше, Керім 
сөздері – драмалық ішкі қуатқа толы, серпінді,әрекетті, өте көркем монологтар. 
Абай жеңді – Айдар, Ажар азат болды. Шұрай топтың алдында Оразбайлар 
жығылды, дау малмен тынбақ. Шындығында, күрес тоқталған жоқ әлі. Билік 
айту сценасында сөзден ұсталған, әділетке еріксіз бағынған Оразбайлар 
тындым, біттім демек емес. Мұндай мінез олардың табиғатына қайшы. Қара 
жүрек зорлықшылар ақырына дейін алысады: не қарсыласын тұралатқанша, не 
өздері тұралағанша. 
Оңаша қалған Оразбай, Нарымбет, Жиренше арасындағы долы, зәрлі 
диалогтар олардың ендігі қадамдарының жоспар іспетті. Сұмдық зұлымдықты, 
Абайға у беруді ойлап тапқан – Оразбай. Қызба, ұркөппе, Нарымбет алды-
артын ескермей, байыпқа бармай, ай-шайға қаратпастан жұлқынып тұр. Қазір 
жасамақ қастандықты.Бұлардың ішінен ең айлалысы – Жиренше. Сұңғыла көзі 
билік үстінде Керімнің осал жерін дөп басқан. Қателеспей аңғарған бір сыры 
бар: түбі Керім Абайға шәкірт емес. 
Үшінші пердедегі тартыс иірім-иірім қысқа көріністер арқылы 
берілгенімен, негізгі желі үздік-соқдық болып ыдырамайды, трагедияның басты 
конфликтісі қанат жая өрістейді. Жиі ауысатын ситуациялардың бәріне де 
сахналық әрекет мол: ішкі әрекетті былай қойғанға, жүріс-тұрыс, 
қаһармандардың бірінің келіп, екіншісінің кетуінің өзі көп. Сюжет кідіріссіз, 
кібіртіксіз өрбиді. 
Пьесадағы күрделі типтің бірі – Керімге байланысты арна билік 
сценасынан кейін тереңдеп, тармақтанып кетеді. Керімнің Абаймен, Айдармен, 
Әзімханмен, басқа қаһармандармен арақатынасы мол, жан-жақты көрініп, оның 


31 
мінез қалтарыстары айқын ашылады. Алғашқыда Абай шәкірттерінің жуан 
ортасында жүріп, Айдар – Ажарды Оразбайлар өлтірмек болғанды ара түсуші, 
билік айту кезінде Жиреншеге қарсы даугер Керім бірте-бірте басқа бетке, жат 
өңірге қарай тартады. 
Керім харақтері әр түрлі ситуацияда алуан сырлы психологиялық күймен 
ашылады. Жиренше болжамы дұрыс: Керім сыртымен ғана Абай жақ, іштей 
разы емес, қарсы. Айдарды даңқ, атақ жолында өзінің бірінші бәсекелесі, 
алдында кесе-көлденең тұрған дұшпаны деп біледі. Билік айту кезіндегі Керім 
солқылдақтығының сыры осында жатыр. 
Мұның бәрі әлі Абай көңілінен тысқары, күңгір нәрселер. Ол Керімнің 
шын болмысын, басты қасиетін түгел ұғынып жетпеген. Ақын жүрек дана, 
ойшыл сезімталдығымен бірге сенгіш, иланғыш. Тегінде трагизм сеніп барып 
безінуден, сүйіп барып жерінуден туындайды ғой. Бауырындағы Керімнің 
Әзімханмен жең ұшынан жалғасып у алып жүргенін, сырттай ғайбат сөз 
айтатынын білмейді Абай. 
Өз ұясында, бала-шаға, дос-жаранның арасында Абай аталық, үлкен 
ұстаздық мінезін аңғарта отырады. Басқалардың бірер ауыз сөзбен тынар 
тұсында Абай кең көсіліп, жазылып шауп өнер табиғаты, ақындық қадір-
қасиеті жайлы толғаулы, тебіреністі ойларын аса көркем, шебер кестемен 
шабытты жеткізеді. Қарлығаш, Көкбайлармен арадағықысқа әзілден, Зейнептің 
әйелдер атынан айтқан базынасына берген жауаптан, қызғаныш төбесі көрініп 
қалған ретте салған тиюдан – Абайдың күрделі, терең характерінің қырлары 
көрінеді. 
Баймағамбеттің Моцарт мен Сальери жайын әңгімелеуі үстінде шаң берген 
тартыс Айдар – Ажардың тойы кезінде бір сәт қалтарыста қалады. Той 
салтанаты ұзақ емес, Көкбай айтатын аужардың өзі Долговты іздей келген 
атшабардың айқай-шуымен бөлініп кетеді. 
Бірінші қатарға қайтадан – Айдар – Керім арасындағы конфликт шығады. 
Екеуі оңаша. Қысқа, салмақты диалогтар бірте-бірте зілдене, астарлана 
түседі.Сабырлы Айдардың ұғынысқысы, Керім мінезіндегі өзіне оқыс көрінген 
қылықты түсінгісі келеді. Бейбіт қалыпты, байсалды кейіп. Керім ашулы, 
ызғарлы. Оған Айдар жазған “Еңлік – Кебек” ұнамайды, аруақты қорлағанға 
зығырданы қайнайды Керімнің. 
Айдар күтпеген мінез бұл. Сонда Керімнің Абай нұсқаған жолдан, әділет 
жолынан ауа жайылғаны ма? Жиреншемен таласқан кезде тайқи соққаны оны 
ішкі есебінен болған ғой, шамасы? Абай бауырына тартып, сырын айтып 
жүрген Керім ғой. 
Айдар ойындағысын ірікпей айтады. Бас бағып қалар Керім де жоқ, 
Абаймен туыстық жақындығын бұлдап сөйлейді. Досы емес Абайдың, жауы 
екенін ащы сөз, суық қарғыспен білдіріп отыр. 
Керім – Айдар арасындағы тартыс ұзақ қызғаныш, бақталастық күресі 
болып бейнеленбейді. Бұлардың арасындағы қайшылық – дүниетаным 
қайшылығы.Керімнің: “... Мен тарихтың тай тұлпары емеспін. Надандық пен 
қараңғыны қармайтын Оразбай да емеспін мен. Мен – Керіммін. Жолым 
даңғыл, құбылам менің орнында. Ислам! Мәңгі бақыт, жарқын жолым, бәрінен 
де жақын жолым бір ислам – дін ислам...”, - деген сөздерінде оның өзек жарды 


32 
сыры жатыр. Өз қатарында бұған қарсы тұрар біреу болса, ол – Айдар. 
Сондықтан Керім алдымен соның көзін жоймақ, мұндай жазаны ислам ақтайды. 
Зұлымдық жоспарын сыртқа білдірмеуге келгенде Керім бойындағы 
яголық екі жүзділік, ізін аңғартпас сұрқиялық бар. Той-томалақ ішінде, 
Долговтың кету қарбаласында Айдармен татуласқан болып отырып, Керім оған 
у береді.Бұл сұмдықты Оразбай, Әзімхандар және өзі ғана біліп, Абай 
айналасының мүлде сезбеуі психологиялық кризисті бұрынғыдан бетер 
ушықтырып, конфликтіні жани түседі. 
Аяқ астынан Айдардың ауру төсегіне құлауы – Абай басына келген 
төтенше соққы. Надандықпен, жауыздықпен күресу тағдырдың бұйрығындай 
көрінсе, сырын, шынын ұғатын, алысқа самғап ұшар деген шәкіртінің белгісіз 
дертке ұшырауы жанды қинап, жүректен қан, көзден жас ағызады. 
Бесінші суретте Абай көкірегін зіл батпан салмағымен жаншып, мұздай 
суық қайғысымен қарыған қаралы оқиға өтеді. Туғанынан артық көрген асыл 
ізбасары – есіл Айдар көз алдында сөніп бара жатыр. Жалын жүрегімен, 
қайтпас өжеттігімен сүйікті болған жас ақынның дегеніне жетпей, орта жолда 
көз жұмуы жақын-жуықтың қабырғасын қайыстырады. Ащы-тұщыны қоса 
татуға белді бекем буған адал жардың ыстық құшағы қалып барады. Өмір, гүл 
жарып, жапырақ жаймаған қыршын өмір үзіліп барады. Бақыты күйген Ажар 
сорлы зар еңірейді. 
Абайдың аталық жүрекпен беріле сүйген, көп үміт артқан ардақты ұлы - 
Әбіштің Петербургтен еліне демалысқа келуі пьесада бір сал сюжет ағымын 
құрайды. Алғашқы қарсы алу сәтінен бастап Әбіштің күрсінуі, қам көңілі – 
анасына, әкесіне, достарына белгісіз сыр. Әбіш басындағы трагедиялық халді 
драматургтер пьесада орынды пайдалана білген. Жастайынан білім қуған, 
табиғатынан нәзік Әбіш Петербургте оқып жүргенінде туберкулезге шалдығып, 
сол аурудан қайтыс болғандығы тарихи факт. 
Қаһарманның жан күйін айқара ашып бейнелеу үшін оны бір қиыннан бір 
қиынға салу, психологиялық жүкті үсті-үстіне молайту – драматургияның ең 
күшті көркемдік құралдарының бірі. Король Лирдің сұмдықтан кейін сұмдықты 
көруі, Егор Булычев басындағы қиналыстардың бірден-бірге молаюы осы 
орайда еске түседі. 
Айдардан айрылу – Абай үшін тірегінен айрылу, ең талантты шәкіртімен 
мезгілсіз қоштасу. Ақын жүрекке жас өмірдің көктей оралуын көру – қаны 
сорғалаған қаза, орны толмас қаза. Зар илеп, жер тіреп қалып отырғанында 
ежелгі жауы тағы шабады ақырын. Тепсініп кеп тұр Нарымбет! 
Керемет ауыр трагедиялық ситуация. Айдар дерті аямай жаншығар Абай 
енді аяулы ұлы Әбіштің қаралы, қайғылы, құпия сырын естиді. Бұл қысқа сцена 
жүректің басын шымырлатып, көзден жас ағызар Шекспирлік қуатпен берілген. 
Шыңыраудан терең психологизмге, адам рухын ғажап қарапайымдылықпен 
күрескен реализмге ден қоярсыз. 
Басына тау қопарылып құлағалы келе жатқанын сезгенімен қайратқа 
жеңдірген арыстан жүректі әке. Жасырып болмас, азапты сырын ашып тұрған 
қайран ұл. Естен тандырар қат-қабат шытырман сәтте де Абай гуманизмнен 
айнымайды, Әбіштің Мақышқа байлаулы ақырғы сөзін айтуын тапсыруы - 
әкелік өтінішіндей. Әбіш – Мағыш арасындағы қысқа диалог көп сырды, қиын-


33 
қыртыс психологиялық күйді, аса күрделі драмалық сәтті баз қалпында көз 
алдына әкеледі. Әбішке байланысты тартыс түйіні осы жерде шешіледі. Адал, 
өмірге құштар, жар құшағына ынтық, бірақ тірлігі шолақ есіл азамат басындағы 
трагедия. Мағышқа айтқан сөздері – имандай сыры, шын толқуы. 
Аяғандықтан, сүйгендіктен шегінеді Әбіш. Өзінің қысқа өмірінің ақырғы 
күндерінің удай ащы азабын жалғыз тарпақ, бауыры суық молаға жалғыз 
аттанбақ. Жалғыз! Қырдың пәк перзенті, дала сұлуы Мағыш Әбіштей жігітке 
шын ғашық. Сондықтан әлгінің бәрі оған тек сөз, сөз ғана. Не көрсе де, тағдыры 
не жазса да, Әбіш қасында болуға, Әбішпен бірге көруге дайын. Мағыш шын 
ғашық. Бұл екеуі жазғытұрым қылтиып шығатын жауқазын гүл. Ерте өсіп, ерте 
солатын жауқазын ше! 
Қан қаза, азапты көріп, зар шеккен Абай алдында Керімнің сарапға 
аттанатынын айтуы Айдар өлімімен доп келеді. Міз бағар, шіміркенер Керім 
емес, өз қолымен жасаған кан ішерлік істі басқаның мойнына аудару ниетімен 
Әзімханды көпе-көрнеу қудырып тастайды. Айдардан айрылып, сорлап қалған 
Абай басын сүйеуге бірінші ұмтылушы – Керім. Зұлымдығы жария болмаған, 
алпыс алты айламен құтылып тұрған екі жүзді, аяр, алдамшы Керім. Сырт көзге 
Абайдың туысы, соңына ерген шәкірті – Керім. 
Пьесадағы күрескер Абай, демократ Абай, дана ойшыл Абай, ақын Абай 
драмалық қуатты әрекеттерімен жан-жақты бейнеленеді. Төртінші перденің 
алғашқы көріністерінде бір алуын шеберлік бар. Мұнда Абайдың әлгі 
сатиралық “Болыс болдым мінеки” өлеңі Оразбайлармен күреске түскендей. 
Абайдың өзі бетпе-бет келіп тұрмаса да, оның халық аузына тарап кеткен 
сөздері жуандарға ащы қамшыдай тиеді. Оразбай, Жиренше, Нарымбеттер 
бұққандай, жасқанғандай. 
Рухани күресте, халық алдындағы билікте күйреген Оразбайлар үшін 
қалған жол біреу-ақ – қапыда басып Абай көзін жою. Меккеге барып қайтқан 
Керім де, Абайдың туған ағасы Тәкежан да осылардың қасында. Ымы-жымы 
бір өңкей жауыздардың қаскөй, залым кейпі, надан, топас сипаттары көрінеді. 
Бұлардың ішінде характерлік кесектігімен ең дараланған тип – Керім. 
Оразбай, Жиренше, Нарымбет, Тәкежан – сахараның содырлы феодалдары, 
олар арғы-бергі тарихтан, басқа елдер жай-жапсарын, ғылым атаулыдан 
бейхабар. Керім – оқыған, білімді, шет жұрттарды көрген, оның үстіне жүйрік, 
ділмар. 
Әділет үшін алысқан Абай озбыр Нарымбетті болыс сайлауға қарсы 
шығады. Оразбай, Жиреншелердің әбден қанына қарайып, шегіне жеткен жері 
осы. Қанды ауыз қасқырлар Абайды қапыда соққыға жығады. 
Бұл – Абай өмірінде, шынында да, болған факт. Драматургтер – сол 
оқиғаға алып келген тартыс арналарын реалистікпен көрсете білді. Сойқанды 
қылықтарымен танылған Оразбайлардың мұндай сұмдыққа баруы – 
характерлер логикасынан туған заңды қадам. 
Соңғы пердеде Абай мен Керім арасындағы тартыс шырқау биікке жетеді. 
Қажы боп келген Керім демократтық, прогрстік ойлардағы Абайға дің жолын 
мегзейді. 
Жалпы өнер табиғаты, беймезгіл замандарда қиракезік ауыр өмір сүрген 
суреткер мұрасының тағдыры, өткен тарихтар мен болашақ күндерге көзқарас – 


34 
бұл төңіректегі Абайдың дана ойлары Керіммен арадағы тартыс үстінде 
айрықша көрініс береді. 
Айдардың аяқ астынан дүние салуы Абайға үлкен дерт, зор қайғы, себебі 
белгісіз жұмбақты сыр еді. Бұл психологиялық құрметтеу драмалық 
атмосфераны шаңыттырып қойған, кернеуді асқындырған халдердің бірі. 
Сұмдық сыр ашылар сцена айырықша шеберлікпен берілген. Адал, 
аңқылдақ, көңілінде қалтқысы жоқ Қарлығаш мінезі бір төбе. Зұлымдықтың 
кімнің қолымен жасалғанын сезе бастап, ашумен, ызамен, кекпен қыстығып 
соққан Ажар жүрегінің дүрсілі естіледі. Көмбесі ашыларынан секем алған 
Керім аярлықпен аңқаусырайды. Ауыр психологиялық ситуайиядағы неше 
иірім сезім толқындары драмалық әрекет, реалистік диалогтар арқылы көрінген. 
Айдар өлімі сырының ашылуы – Абай басына тиген ең ауыр қанды 
шоқпар. Көзқарас алшақтығына, теріс жолға беттеп кеткен Керімнің өз 
бауырын өлтірген жауыз болып шығуы – күтпеген, мүлде тоспаған қылық. Осы 
сценада Мағауия да мерт болады. Бұл сәттегі Абай қайғысында, Абай 
өкінішінде, Абай азабында шек жоқтай. Қоса еңірер, қоса жылатар, өзекті өртер 
ащы монолог. 
Күші артық, сұмдығы мол, шебі қалың зұлымдықпен ұзақ күрес, екі бірдей 
азамат ұлдары Әбіш, Мағауиядан айрылу, олардан кем көрмеген асыл шәкірті 
Айдардың мерт болуы, бауырдан шыққан шұбар жылан – Керім қастандығы – 
осы салмақ, осы қайғы араласып, жиылып, тұтасып кеп Абай өміріне балта 
шабады. 
Абайдың екінші өмірінің басталатындығына, халықтың болашағына сену
келер ұрпақтармен тілдесіп, соларға мұң айту, сәлем жолдау сарыны 
трагедияның оптимистік рухын көтереді. Зейнеп, Баймағамбет ауыздарымен 
айтылған сөздер арқылы Абай мен тарихтың, Абай мен халықтың бауыр 
туыстығы көрініс береді. 
“Абай” трагедиясын талантты режиссер Асқар Тоқпанов 1940 жылдың 20 
қыркүйек күні тұңғыш рет Қазақ академиялық драма театры сахнасына 
шығарды. Спектакльдің өте сәтті өткендігін, оның республика мәдени 
өміріндегі кезеңдік оқиға болғандығын “Социалистік Қазақстан” және 
“Казахстанская правда” газеттері қуанышпен жазды. 
М. Ақынжанов “Абай” трагедиясының терең идеалды, өте көркем пьеса 
екенін айтып, шығарманың тіл, стиль ерекшеліктеріне көңіл аударды. Ұлы 
Абайдың өзіндік дара сөз ерекшеліктері сәтімен табылғанын сыншы дұрыс 
көрсетті. Абай рөліндегі Қалыбек Қуанышбаевтың ғаламат шабыты айрықша 
аталады. 
Ұйғыр әдебиетшісі Қ. Хасанов: “Абай” пьесасы жұртшылықтың көптен 
күткен нәрсесі еді. Ол бүкіл Қазақстан халқының ортақ мақтанышы”, - деді 
(“Социалистік Қазақстан”, 20. Х. 1940”). 
“Казахстанская 
правда” 
газеті 
орыс 
оқырмандарын 
“Абай” 
трагедиясыныңмазмұнымен, негізгі қаһармандарымен таныстыра отырып, 
пьесаның құнды қасиеттерін көрсетті (“Казахстанская правда”. 22. Х. 1940).
Қазақтың М. Әуезов атындағы академиялық драма театры сахнасына 
трагедияның екінші рет шығуы 1962 жылдың 29 мамыр күні болды. 
Әзірбайжан Мәмбетов режиссурасымен қойылған бұл спектакль қалың 


35 
көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленіп, театр репертуарына берік орнықты. 
“Абай” трагедиясының сахнада қойылуы, режиссерлік шешім, драматургтер 
идеясының берілуі деген мәселелер төңірегінде бірталай пікірлер айтылды.
“Абай” трагедиясын жазушы Ғ. Мүсірепов, сыншылар И. Серман, З. 
Кедрина, М. Ритман-Фетисов өте жоғары бағалады. А. Маловичко, С. Ордалиев 
еңбектерінде пьеса зерттеу объектісі болды. 
Мұхтар Әуезов “Абай” трагедиясынан кейін ұлы ақын тақырыбына 
біржолата бет бұрған еді. 
“Абай жырлары” көркемсуретті фильмді сценарийінің негізінде трагедия 
сюжеті тартылды. Қаһармандар алғашқы қолжазба вариантындағы адамдар 
Керім Шәріп болып алынған. 
Фильм Долгополовтың антропологиялық зерттеу мақсаттарына орай қазба 
жұмыстарымен айналысу сәтінен басталады. Зорлақтан қашып, бас 
сауғалағанАйдар мен Ажар. Абай аулына баса-көктеп кірген Ерден (Оразбай), 
Нарымбеттердің жүгенсіздігі. Билік сценасындағы дауласу сөздеріпьесадағы 
қалыппен бірдей. Жалпы оқиға пьесадағымен тура келеді. Кейбір көріністердегі 
ауытқулар, диалогтағы өзгерістер кинофильм талабына байланысты жасалған. 
Музыкасын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди жазған “Абай” 
операсының либреттосы да трагедия сюжеті іргесінен туды. Опера 
мүмкіндіктері ескеріліп, пьесадағы бірталай кейіпкерлер - Әйгерім, Мағауия, 
Абдірахман, Мағыш, Долгов, Оразбай, Тәкежан, Әзімхан, Баймағамбет, Зейнеп, 
Дәулет, Орман либреттодан шығарылып тасталды. Керім - Әзім деп, Көкбай – 
Есбай деп алынды. 
Сюжет желісі пьесадағы арнада, бірақ өте ықшамдалған, қысқартылған. 
Қаһармандар сөздері пьесадағы сөздер негізінде келеді. Либреттода қазақ 
өлеңінің алуан мүмкіндігі өте шебер пайдаланылған: мұнда он бір буынды қара 
өлең ұйқасы да, жеті-сегіз буынды шалыс ұйқас та, егіз ұйқас та, шұбыртпалы 
жыр ағымы да бар. Әуезов, әсіресе, ассонанс пен аллитерацияға, басқа ұйқас 
пен ішкі ұйқасқа ерекше көңіл бөледі. Өлең формасына Абай ендірген 
жаңалықтар ұтымды кәдеге асырылады. Теңеу, эпитет, шендестіру өте мол. 
Басқа қаһармандар сөздері негізінен пьесадағы бұрынғы күйін сақтаса,
Әуезов Абай аузына бірнеше жерде жаңадан жазылған, өте ойлы, терең сатарыл 
сөздер салады. 
Қай талқы құл алдында құрылмаған, 
Қастықпен қай күнің бар құбылмаған ? 
Аядым, аянышпен ара түстім, 
Жалғыз жол, адал жолым бұрылмаған ? 
Зар көрдім, шер жүректен жалын атқан, 
Азалы ай-күндердің уын тартқан, 
Аядым, айнымаймын, жалынбаймын, 
Көрсең де мені бетер қас пен жаттан 
Білемін алдым азап алты батпан, 
Мен емес арам іске арын сатқан, 
Сұм заман сыбағама сені берді, 
Талап бақ жауың болсам тағы тапқан... 


36 
Айдар мен Ажарды өлім тырнағынан құтқарып алған кезде жаулық, 
сұмдық сертін айтқан Жиреншеге берген Абай жауабы мынау. Үлкен гуманист, 
қажырлы күрескердің алып жүрегінен шыққан сөз.
Аяулы Айдардан айрылып, өз жанына жау тапқан аса ауыр психологиялық 
кризис үстінде Абай тағы да тебіренеді: 
Ей, халайық, барым ең сен, 
Зарыңа зар қосып ем. 
Жатың емес, досың ем мен. 
Дос пейілін тосып ем! 
Бауырым жара, сөзім нала, Дертпен келем мен бүгін, 
Аямас жау мен мені айнала, 
Салды салмақ сүмдығын! 
Біл, ағайын, Айдар жайын, 
У беріпті оған жау! 
Қазір халі сағат сайын 
Ажал жақын, қан қамал... 
Алдыңа кеп жар саламын, 
Тап жауымды жабылып, Өш аламын, өш аламын, 
Қанды кекті жамылып! 
Төрт ауыз өлеңде ғаламат мұң, көкірек жарған ащы күй, ұлы ақын 
рухының терең болмысы жатыр. Халық – ата, халық – анағақан қаза, зар нала 
үстінде көзінің жасын төгіп тұрып, еңірей отырып алтын жамбыдан асыл 
сырын ақтарған бәйтеректей перзенттің шындығы ғой мынау. Емірене, өртене 
бауырласу. Ақын күрескер! Қайғы қанша ауыр, азапты болғанмен, жабығып, 
бас сауғалап қалар ол емес. Сонау халықтың өзін ереуілге бастағандай 
қайратты рух қайтадан көтеріліп, қуатты серпінмен көрініс бергендій. Операда 
осы сәтті бейнелейтін музыка өте дәл табылған. Абай ариялары қазақ опералық 
искусствосының ең биік табыстарына жатады. 
Пьесадағы, либреттодағы, сценарийдегі Айдар, Ажар “Абай жолы” 
романында Дәрмен, Мәкен деген атпен көрінеді. Дәрменнің “Еңлік – Кебек” 
жырын жазуы пьесадағысюжетті қайталайды, бәрақ көркемдік тиянақтай 
романында өте терең, күрделі. Жас, жалын ақынның тебіренген шабытты 
қалпын көреміз. Пьесадағы Айдар – Ажар басы билер сценасындағы азат 
етілсе, романда Дәрмен – Мәкен дауы көп тартыс, көп шайқаспен даланы да, 
қаланы да дүрліктіріп барып, байсал табады. 
“Абай” трагедиясындағы қаһармандардың кейбір сөздері романға сол 
қалпында өзгеріссіз көшті. Мысалдармен көрсетейік. 
Пьесада
А б а й. Ат мініп, аспан асынып, 
Романда 
Оразбай ат мініп, қару асынып 
алыстан жау іздеп қайтеді? Жауы, 
анық жауы Оразбайсымақтардың 
өзінде, өз ішінде! Ол қас надан 


37 
алыстан жау іздеп қайтесің, сен 
Оразбай? Сенің жауың өзіңде, өзің. 
Ол – осы тұрған надандығың, 
қараңғылығың. 
қараңғылығы ғой! Алысар болса, әні 
сонысымен алыссын да! – деп үлкен 
адамгершілік оймен бір ой тастады. 
(Абай – Р. Н.) 
Пьесада Абай удай ащы шындықты, тіліп түсір өткір сөзді Оразбайдың 
тура бетіне айтса, романда сол сөзді Әзімбай арқылы жеткізеді, жаңадан өсіп 
келе жатқан жауыздың өзін де түйрей кетеді. 
Пьесада 
А б а й. Е, сорлы заман, менен 
аяған қай қастығың қалды? Мен 
ішпеген у бар ма?.. Жүрегімді 
көрші, міне! Жарадан сау жер 
қалды ма? Мұнша азап шеккендей 
не жазық, не айыбым бар? Көп 
көргенің шер кеуденің әлсіреген 
тынысы ма? Қасіретті түндер ме? 
Түннен бетер жұтатқан бейуағы ма 
өмірің? (Мақашты құшақтап 
күрсініп.) Қалай? Қашан? 
Айтсаңдаршы, не боп кетті, 
Мағашым! (Қанды көріп.) Қан, қан 
ба? Әлі де тоқтап болмаған 
жүрегінің қаны ма? 
Романда 
- Ей, сорлы заман, менен аяған қай 
қастығың қалды? Мен ішпеген у бар 
ма?.. Жүрегімді көрші, міне! Жарадан 
сау жер қалды ма? Мұнша азап 
шеккендей не жазық, не айыбым бар? 
Көп көргенің шер кеуденің әлсіреген 
тынысы ма? – деп бірауық уланған 
оймен оянғандай болды. 
(Абай – Р. Н.) 
Пьесадағы Абайдың аяулы ұлы Мағауия өлімі үстіндегі запыран зары, 
жүректі езген қан қайғысы, көзден төгілген ата жасын бейнелейтін тебіреністі 
монолог сәл қысқартылып романға көшкен. 
“Абай” трагедиясындағы негізгі сарындар, басты идеялар кейін 
классикалық эпопеяның үшінші, төртінші кітаптарында дамытылып, жеріне 
жеткенше ұлғайтылып көрсетіледі. Көптеген қаһармандар психологиясының 
ашылуы кең тынысты роман шарттарына лайық қалыпта өрбиді.Халық өмірінің 
ең терең қабаттарын қопара ашып, күрделі әлеуметтік, психологиялық, 
философиялық жағдайларды қозғайтын шығармада бұрынғы пьесадағы сюжет 
иірімдерін, ситуациялық жағдаяттарды жаңа мақсатқа орай жазушының 


38 
өзгерте, құбылта, тамыта пайдалануы орынды, заңды еді. 
Көлем жөнінен алғанда күні бүгінге дейінгі жасаған қазақ 
қаламгерлерінің ішінде ең мол мұра қалдырған Сәбит Мұканов қандай жанрға, 
қандай тақырыпқа бармасын, ең алдымен, зерттеу, барлау жұмыстарын 
жүргізетін. Оның бұл саладағы ізденістері арнаулы ғылыми зарттеудің 
объектісі болуға алйық. 
Ұлттық рухани тарихымыздағы ғажап құбылыстардың бірі, аз ғұмырда 
бітірген істері жөнінен келгенде күллі әлем ауызға алатын данышпандармен 
қатар тұра алатын жалғыз қазақ бар десек, ол дау жоқ – Шоқан Уәлиханов. Осы 
ұлы адамның өмірін, ғылыим еңбектерін зерттеуде екі академигіміз Сәбит 
Мұқанов пен Әлкей Марғұлан көп жылдар мол еңбек етті, зор қажыр-қайратпен 
мезгілсіз уақытта туған азаматеңбегінің халқына табыс етілуіне жағдай жасады. 
Бірінші жазылған “Шоқан Уәлиханов”трагедиясынан кейін көп томдық 
романдар шоғырының алғашқы кітаптары дүниеге келді. Кітапханалар, 
архивтер, Шоқан болған қалалар, Шоқан басқан жолдарды Сәбит Мұқанов 
түгел көрді, шекарадан өтіп Шығыс Түркістан, Қашқарға дейін барды. Ұйғыр 
халқының қалың ортасында болып келгеннен соң, ойланып, толғанудан, 
тақырыпты терең білуден, материалдың маңыздылығынан барын драматург бір 
объектіден өзектес екі шығарма пьеса-дилогия тудырады. Сөйтіп Шоқанның 
жас жігіт кезін көрсететін “Қашқар қызы” атты екі бөлімді тарихи драма 
дүниеге келді. Трагедияны талдамас бұрын, алдымен, кейін жазылса да, осы 
драмаға тоқталайық. 
Пьесаның негізгі арқауына өмірде болған, тарихи дәл фактілер – Омбы 
кадет корпусын бітірген орыс армаясының жас офицері,Абылай ханның 
немересі, сұлтан Шоқан Уәлихановтың патша үкіметінің арнаулы әскери 
тапсырмасымен Қашқарияға барған сапары алынған. Рас, сол тапсырмадан 
оралған соң Шоқан тарихи, этнографиялық еңбектер жазды. Жазушы ол 
материалдарды пьесаға еркін, кең, сәтімен пайдаланған. Ал, пьесадағы бір 
қыдыру линиялардың, тартыс жүлгелерінің, сарын-идеяның, образдар 
кескіндерінің автор позициясынан, суреткердің фантазиясынан туғандығы хақ.
Шығармашылық аса бай тәжірибе жинақтаған, әбден кемеліне келген 
шағында жазған пьесасында Сәбит Мұқанов, ең алдымен, реализм талаптарына 
ерекше ден қойып, өмір шындығын дәл бейнелеуді мақсат еткен. Орталық 
Азиядағы мыңдаған жылдар жасаған, өзіндік айрықша мәдениеті бар, тұрмыс-
салт ерекшеліктері зор, сан алуан дәстүрлерді, ислам дінін берік сақтаған елдің 
өмірін сенімділікпен бейнелеу үшін драматург ситуацияларды таңдап, 
сұрыптап, қызықты персонаждарды таба білген. 
Кейіпкерлер саны көп емес, 12 адам. Оның бәрі бірдей белсенді әрекетке 
араласпайды, негізге тартыста жүргендер осының жартысығана. Ремаркада 
бұлардың түр-түсі, мінез ерекшелігі көрсетілмеген, жас шамалары, 
кейбіреулерінің кәсібі айтылған. Оқиға өтетін жерлерге, декорацияға қатысты 
ремаркалар ықшам әрі дәлді: заттар, мекен-жайлар, қимыл-қозғалыс айталыда; 
музыкалық сүйемел пьесада бастан-аяқ жүріп отырады. Персонаждардың 
қимылына, жүріс-тұрысына, жүз құбылыстарына, көрермен – сахнамен арадағы 
қарым- қатынасқа байланысты ескертпелер нақты. 
Сахна талаптарына орай орай, қазақ пьесаларының көлемі шағындалып, 


39 
перделер саны ықшамдалған тұста дүниеге келген “Қашқар қызы” драмасының 
алғашқы суреті оқырман үшңн де, көрермен үшін де тартымды, экзотикалық 
көріністен басталады. 
Әйгілі Шоқанның өзі де жазған, ұйғыр арасында тараған, әсіресе, Қашқар 
қаласында етек алған шәукен дәстүрімен танысамыз. Бір еркек, бір кемпір жас 
әйелдерді қораға айдаған қойдай үйіріп, қамшылап жүр. Базарға сататын мал 
іспетті.Ресейдан келетін саудагерлерге қашан олар елдеріне қайтқанша 
мыналардың әрқайсысының некесін қиып, әйел етіп береді. Ол үшін қонақ 
еркек қала әкімдеріне, дін басыларына тарту-таралғы, сый-сияпат көрсету 
керек, мол пұл беру керек.
Манжүр әкемнің (губернатор) орынбасары Уәлидің сөздері келте, қысқа, 
шолақ-шолақ бұйрық сөздер. Драматург “Мыстан” деп ат берген кемпір 
ертегіден, шығыстың үрейлі, қорқынышты ертегісінен келген сұмдық пәленің 
дәл өзі секілді. Алғашқы сөздерінің өзі-ақ адамның зәресін ұшырады. Алдыңда 
көз байлаушы, сиқыршы, жан алғыш тұрғандай. Жас әйелдерге айтатын 
бұйрық-биліктері адам аузынан шыққан лебіз емес, кісі денесін қарып түсіп 
жатқан шоқ іспеттес. 
Драмаға шығыстық колорит, фантастика элементін беріп тұрған кейіпкер 
дуана шалмен де алғашқы суретте танысамыз. Әрине, оның аузынан айтылатын 
өлеңнің бояуын көне ұйғыр, көне түркі поэзиясының тіліне жақындата түскенде 
әбден дұрыс болмақ еді.Әуелі көзге ұрып, бадырайып байқалатын әдетпен 
таныстырып алған драматург енді Қашқардың ішкі өмірін көрсету үшін 
медресеге алып келеді. Бәйіт оқып отырған имам бір қарағанда ғана о дүние 
қамын ойлаушы, мүлгіген қалпынан түртіп оятып жібердің-ақ болды, жемтікке 
ұмтылған қара құсша сілкініп шыға келеді.
Қала әкімнің орынбасары жаңалық атаулыны, оның ішінде Ресейден 
келген саудагерлер жайын жіпке тізгендей етіп, кімдер барын бажайлап, 
тәптіштеп, мүләйім, монтаны берілген құлға тән жағымпаздықпен айтып 
жатыр. Қазы имам не ойлап отырғанын бірталайға дейін білдірмей, қысқа, келте 
сөздермен тіл қатып,тыңдап отырады. Әңгіме саудагерлердің дүние-мүлкіне 
ойысқанда, пара жеп дағдыланған көмей шіркін бүлкілдеп қоя береді: 
“Көңілдерің ұнататын шәукен табарсыздар!” Мұнан арғысы өзінен-өзі түсінікті: 
сорлы әйелдерді зорлап, алыстан келген жат адамдарға малша қосақтау. Сый-
сыяпат, байлыққа ие болатын – мыналар. Адам саудасы! 
Медереседе пьесаның басты персонажының бірі Дамолламен танысамыз. 
Ұсық-түйек жемтікке құмар болғанымен, ондайдың иісін танауы қиырдан 
сезгенімен, адам тануға келгенде Қазы имам кісі таңырқайтындай жүйрік емес. 
Көп жерлерді көрген, мол білімді Дамолланы үлкен ғұламаға санап, 
бірден оның шылауына түскенін сезбей қалады. Дамолло сөз тізгінін өз қолына 
алып, әңгіме сарыны қажетті арнаға оп-оңай бұрып жібереді.
Заңды түрде жүретін елшілік, дипломатиялық қатынастар арқылы 
жасалатын амал-айда, алдап соғу, мұзға отырғызып кету, орға түсіріп жіберу өз 
алдына, елеусіз көрінетін тиын-тебен қуып жүрген сияқты саудагерлерді, бұл 
фәниден баз кешіп, барлық рақат, күллі ләззат о дүниеде санайтын, аузында 
алла, қолында құраны бар діндарларды, монтаны, сопысынып жүретін елеусіз 
тыңшы, көзге түспес, қолға ұстатпас жансыздарды пайданалу арқылы ел 


40 
ұйтқысын шайқау, береке кетіру дейтін ежелден келе жатқан пәлелі жол және 
бар-тын. 
Алыс Азияның кіндігінде қатпарлы таулар, жалпақ құмдар арасында 
жатқан Қашқар еліне қиырдағы Англияда да, іргедегі Россия да құр аузынан 
суы ағып бос қарап отырмай, бір тарпып табанға тастай алмастықты ұққан соң, 
жымысқы, ұры соқпаққа түскен. 
Мына отырған арабша, ұйғыршаға судай, басында дағарадай сәлдесі бар, 
мүләйім Дамоллаңыз халықаралық терминмен айтқанда, жансыз, тіміскі, 
тыңшы, аты-жөні – Адольф Шнайдар. 
Көк соқтада, тау-таста талай жорытқан жырынды көкжал орыс 
саудагерлерінің ішіндегі жас жігіттің тегін адам емес екендігін бір қарағанда-ақ 
байқаған. Әдейі өзі соқтығып, сөйлесіп көрген.Байқағышын, кісі танығыш 
сұңғылалығын қара. Шоқан туралы: “Өзіңнен сырды көп тартуға тырысып, өз 
сырын алдырмайтын қу сияқты, бұл тыңшығ алайық қылық”, - дейді. 
Мұсылмандар үшін басты дұшпан кәпірлер – христиандар. Егер сондай 
қаскөй жаудың тыңшысы орталарында, Қашқарда жүрсе, бұдан асқан сұмдық 
болар ма?! Бірақ имам да, Уәли де саспайды. Талай қоқайды көрген жендеттер 
емес пе, не істеу керегін іштей біле тұра, қасақана жәдігөйлікпен Дамолланы 
сөйлетеді. Ізін аңду қажет. 
Сөйтіп, Қашқардың ескі дәстүрі бойынша, әрі шаһар әкімдерінің 
қанжығасын майлау үшін, ең бастысы, жат діннің жасырын тыңшысын қолға-
түсіріп, көзін жою үшін бір-ақ айла бар, ол – Ресейден келген саудагерлерді 
тезірек шәукенмен қосақтау. 
Өзі сахнаға шыққанша драмалық тартыс, темір қақпан,ауыр талқы Шоқан 
алдында әлдеқашан құрылып қойған. 
Алғашқы рет бірінші перденің үшінші суретінде бар болмасымен сахнаға 
шыққан Шоқанның қарсысында тұрған адам – Мыстан. Кемпірдің тілі майда, 
сөзі жұмсақ. Қашқардың ескі дәстүрін, бұл шаһарға келген еркектің некесіз 
тұра алмайтынын, екі ортада жеңгетайлықта жүретін өзі секілділердің атын 
“дәлел”, “таппақ” ал аз күн некесі қиылып әйел болғандарды “шәукен” дейтінін 
бейнебір құранның аятын ұқтырғандай тәптіштеп, тиянақтап түсіндіріп береді.
Бұл тоға кедей-кепшік, жетім-жесірдің, панасыз-қорғансыздырдың қыздары 
түсетінін тіпті де жасырмайды. 
Іштей бұл жат, жабайы дәстүрден түршігіп, тітіркеніп тұрғанмен, Шоқан 
сырын алдырмайды. Оның аузынан көбіне шығып жатқан сұрақ.Айыптау, 
жазалау, лағынет айту сипатындағы зілді сұрақ.Қазақстың махаббатты 
қастерлейтін адагершілік саты мен Европаның сүйіспеншілікті пір тұтатын 
гуманистік дәстүрінде тәрбиеленіп өскен, зор интеллект, билік мәдениет иесі 
Шоқан үшін мынадай зорлық рәсімге бағынудан қиын нәрсе жоқ. Бірақ 
қарсылық көрсетсе, айрықша тапсырманы орындау былай қалып, өз басы 
біреудің қанжығасында кетуі мүмкін. 
Әрине, Шоқанға тез, оңай шешім қабылдатпай, оның ойланған, толғанған, 
қиналған-ширыққан сәттерін көрсетсе, драматург көп ұтқан болар еді. 
Жап-жас жігітке көрсетілген шәукеннің бірден ұнауы, ақын көңілдің оны 
елікке балауы, қыз бодауына қала әкімдері не сұраса да оп-оңай көне салуы – 
мұның бәрі де өмірде болатын, сенуге тұрарлық жайттар. Бірақ Шоқанның 


41 
ұлылығын танытатын, оның әйгілі юморы, отты қалжыңы, толқынды ойлары 
әрбір қадамынан көрініп жатса, көркем образ сомдалып жасалмақ еді. 
Бесінші суретте көрсетілетін мәшіраб тойы сахналық спектакльде 
музыканы, биді, қимыл-қозғалысты пайдалануға, тұрмыс-салтты, шығыс 
колоритін танытуға көп мүмкіндік береді. Осындай көңілділік, ән-күй, ырғалған 
би фонында кездесіп, бір-екі ауыз тіл қатқан Шоқан – Дамолла сөздері сырт 
қарағанда бейбіт, елеусіз. Ал астарына үңілсеңіз, бірін-бірі алқымнан алып 
датыр, біріне-бірі “мына нәрселерді білгеніңе қарағанда, сен жай адам емессің, 
тыңшысың, шпионсың” дегенді мысқылмен, ишарамен жеткізіп тұр. Бұл арбасу 
ұзаққа созылмағанмен, сөзсіз өртеп жіберетін оттан, жұтпай тынбайтын селден 
хабар береді. Шоқан жол серігі Боқаш, Дамолла шабарманы – екеуі де көрген-
білгендерін, естіген-сезгендерін жеткізіп тұрады. Қылыш үстіне табан басар 
мезгіл таяу. 
Алғашқы сахнадаң бастап шым-шымдап бел алған тартыс жүлгелері 
айқындала бастайды. Қашқар елінің әлеуметтік теңсіздігі,әсіресе, әйел халінің 
ауырлығы, бұл жерде көз тіккен отаршыл мемлекеттердің әрекеті – осылардың 
әрқайсысы адамдар мінездері, характерлер қақтығысы арқылы көз алдыңа 
тартылады. 
Рас, драматург образдардың психологиялық тұрғыдан терең, жан-жақты 
ашылуынан, сахналық қимыл-әрекетке, пьеса фабуласының тартымдылығына, 
сюжет қызықтылығына көбірек мән беріп, баса ден қойған. 
Көлемі жөнінен алғанда пьесадағы ең ұзақ сцена – бірінші перденің 
алтыншы суреті. Басқа көріністерде, негізінен, бірер адамның диалогы қысқа, 
ықшам қайырылса, мұнда негізгі кейіпкерлер тұтас әрекет үстінде десе, қате 
емес. Ұзақ, күрделі монолог, шығыс әдебиетінің үлгісіндегі философиялық 
толғау, мақал-мәтел поэтикасына жақын тұрған қанатты оралымдар, афоризмге 
жақын тіркестер бар. Әсіресе, дуана тіліне автор мұндай элементтерді орынды 
түрде, сәтімен енгізген. 
Оңаша үйде Шоқан, Шынаргүл. Алғашқы диалог. Олардың алғаш қалай 
қосылғаны, екеуінің бір-біріне деген көзқарасы, сезім – бұлар көрсетілмейді...
Бір шаңырақтың астында қатар өмір сүріп жатқан қалыптарына кездесіп 
тұрмыз. Араларында сіз-біз деген сыйластық, қас-қабақтан түсіну бар, бірақ 
ерлі-зайыпты, некесі қиылған адамдардың жыныстық қатынасы жоқ. Бұл, 
әсіресе, Шынаргүлге батады, қай мінезімнен, нендей қылығымнан жақпадым 
деп қуыстанады, тіпті, шәукен үшін мынадай жағдай намыс секілді. Шынаргүл 
монологы арқылы Шоқанға әйел көзімен, сезімді, ақылды әйел аузымен 
мінездеме беріледі. Ұйғыр қызы бұрын көрмек түгіл, естімеген махаббатты, 
қайырымды, қайырымды, сыпайы жігітпен некелесіпті. Кітапқа шұқшыған, 
қағаз жазған, бұрынғы еркектерден байқалмаған бөлекше қылығын былай 
қойғанда, жар төсегінен бойын неге аулақ салады? Жақсы көретін секілді, 
ендеше неге бауырына баспайды? Бұлардың баршасы шәукен үшін 
шешілмейтін ауыр жұмбақ сияқты. Кішкентей көкірегі қысылып-қысылып 
кетеді. 
Осындай өзімен-өзі әуре жанды әуелі шабарман, артынан мыстан 
қыспаққа алады. Шоқанның жасырын сыры бардай-ақ, бұлар не іздеп жүр? 
Мыстан айтқанына көніп, айдауына жүрмесе, бір талдап шашын жұлмақ. 


42 
Осы сценадан бастап драмалық әрекетке батыл араласатын кейіпкер 
Дуана. Оның аспаннан түскендей, есік-терезесі жабық үйге аяқ астынан кіріп 
келуінде сиқырлы, тылсым күш бар сияқты. Бұл жұмбақты келіс, білдірмей, көз 
байлағандай ғайыптан жоқ болып кету, әсіресе, дінге, сиқырлы күшке сенетін 
Шынаргүлге ғажап әсер етеді. Сондықтан да ол үшін Дуана сөзі құран сөзі 
секілді. 
Келіс-кетісі жұмбақты болғанмен, Дуана аузынан атаның көсем сөзі 
шығады. Ол арғы-бергі тарихты, шығыс поэзиясы мен фолософиясын, ұйғыр 
шежіресін бес саусақтай білетін ғұлама, оқымысты адам. Әділетсіз әкімнен 
зәбір көріп, еріксіз дәруіштік, жиһанкездік жолға түскен. Шынаргүлге туған 
нағашы екенін айтып қуантады. 
Көп нәрсенің төркінін бірден аңғаратын сұңғыла көз Ресейден келген 
саудагерлердің сырын әлдеқашан біліп қойған: мынау Әлімбаймын деп жүрген 
жігіт ешқандай да Әлімбай емес, басқа, бөтен. Дуана бір көрген адамын 
ешқашан ұмытқан да емес, шатастырған да емес. Жиеніне адамша қарап, аз күн 
рақат, ләззат сыйласа, мұның кім екендігінде қанша шаруасы бар? Қайта қолдан 
елген жақсылығын аямайды. 
Ата-немере, нағашы-жиен болып, екі мұңлық, екі сорлы табысып, 
шұрқырасып жатқан үстіне Шоқан келеді. Олар қазір Дамолла жайын қатты 
ойланады. Қайтсе дұшпанының жолын кеспек? Қайтсе оны жайратады? 
Әйтпесе, анау мұны мерт қылмақ№ 
Жүйелі ой, жүйрік логика ақыры тығырықтан жол табады. Дамолла – 
католик, олай болса, бойынан тастамайтын кресті қолға түсіру – Дамолланы 
қолға түсіру. Осы мақсат, нысана үшін Шоқанға көмектесетін екі-ақ адам бар: 
бірі – Шынаргүл, екіншісі – Дуана.
Адамшылық сезімі жүректерін елжіреткен нағашы мен жиен орыс 
офицерінің көмекшісі болып кеткендерін өздері де сезбей қалады. 
Тұтас қарағанда, “Қашқар қызы” драмасының сюжеті тарихи-документті 
негіздегі авантюралық-детективті, қызық оқиға сарынында. Шоқан – 
Шынаргүл, Шоқан – Дуана, Шоқан – қала әкімдері, Шынаргүл – Мыстан 
араларындаңы коллизиялар бірінші актіде азды-кемді көрінеді де, екінші актіде 
барлық қақтығыс Шоқан – Дамолла (Адольф Шнайдер) арасына көшіріледі.
Бұл пьесаның қызықтылығын, сахналық әрекет тартымдылығын ұлғайтқанмен, 
шығарманың әлеуметтік тынысын тарылтып, эстетикалық әсерін солғындатқан. 
Әуелгі көріністерде сыр алдырмай, бойын сақ ұстап, сұрақ беру орайында 
ғана отыратын Шоқан енді ойын кең толғап, кемел шертеді; шешен сөйлейді. 
Бұл 
орайдағы 
монологтарында 
болашақ 
үлкен 
ғалым, 
қажырлы 
қайраткерлердің жүйелі логикасы, жүйрік қиялы, оқыс тұжырымдары 
аңғарылып қалады. Бөтен орта, алыс өлке демей, Қашқар елінің қайғысын 
бөліскен қамқор жүрек, оның ертеңгі болашағын ойлап тебіренген азаматты 
танимыз. Қазақ халқының тағдыры, оның Россиямен қарым-қатынасы жөнінде, 
осы реттегі өзінің тарихи миссиясы туралы айталытын Шоқан сөздерінде 
реалистік шындық бар. 
Алғашқыда ауыр, қиын дәстүр зорлап тілегендей, еріксіз қосақтағандай 
болған Шоқан – Шынаргүл бірін-бірі ұнатып, тату-тәтті, ерлі-зайыптының 
ләззаты, рақатты күндерін кеше бастаған. Шынаргүл Шоқанның жан серігі, сыр 


43 
бөлісетін, қысылғанда көмек беретін досы. Шәукенімен достығын пайдаланып, 
Дамолла мойнынан тастамай тағып жүретін дорбашықты әкеліп отыр. 
Барлаушылық ғалымның сұңғыла ойымен ұластырған Шоқан дәл осылай 
болатынын – дорбашық ішінде міндетті түрдекрест жүретінін күні бұрын дәл 
болжаған екен. Дамолла әшкереленді деген осы. 
Осындай Шоқан үшін қуанышты, жеңіс сәтінде Дуана оның өзінің кім 
екенін айғақтап, дәлелдеп айтып береді: Әлімбай емессің, орыс елінің 
тыңшысысың дегенді жұрт сөзі етіп жеткізеді. Бірақ бұл дана шал Шоқанды 
әсте ұстап бермек емес, қалай қолға түспеу, қалай құтылу керек, қайтсе 
құтқармақ – осыны көбірек ойлайды. 
Аз күн бақыт тапқандай болған Шынаргүл көзіне тағы жас үйіріледі, 
оның именшек, үркек жүрегі айырылысар шақтан таянғанын сезініп, тітіркене 
шошиды. Көптеген ескі қолжазбалар, көне кітаптар арқылы, ең бастысы Дуана, 
Шынаргүл арқылы ұйғыр халқын терең тани түскен Шоқан осы мыңдаған 
жылдық жазба тарихы бар, ежелгі ел-жұр туралытебірене толғанады, оның ұлы 
азаматтарын еске алып, тамаша мұраларын мадақтайды. 
Қашқар әкімдерінің өкілдері ретінде алынған имам Қазы мен Уәли 
алғашқы пердеде шәукен әңгімесі үстінде парақор, жырын жалаған жемқор, 
дүние қоңыз кейпінде бір көрініп кетеді. Бұдан кейінгі сценаларда олар жоқ. 
Сыртқы ызғар, доң айбаттары сезіледі Шығыс елдердегі ежелгі әдет бойынша, 
шаһардары барлық өсек-аяң, жұрттың жүріс-тұрысына дейінгі сыбыс-сыбдыр, 
ең алдымен, мешітке, оның бас имамына жетіп тұрады. Қалың құран беттерін 
аударып, ерні жыбырлап, мүттәйім күйде мүлгіп отырған дін басы бір 
қарағанда, сырт көзге ғана сүлесоқ, бұл дүниелік шаруамен айналыспайтын 
әулие, ал шындығында осы елдің, күллі Қашқардың билік тізгінінің бір ұшын 
мықтап ұстап отыр. Еңкейген қарт, желкілдеген жігіт, еңбектеген бала, төсінен 
сүт аққан ана – қай-қайсысының тағдырын бір ауыз билікпен шешіп тастаса, 
ешкім мұның қаһарына қарсы тұра алмайды. 
Шоқан тапқан айла-ақыл бойынша Дуана бір алуан сөз тартқан. Көп 
нәрсеге әлі бала көзімен қарайтын аңқау ел түске, болжолға, аянға сенетін 
уақыт. Әсіресе, Дуананың көріпкелі, сәуегейлік дана қасиеті бар деп санайды. 
Түсінде Дуанаға күллі ұйғыр тәңірдей табынатын Аппақ қожа аян беріп, 
мешітте имам хатиб болып жүрген Дамолла насарани (христиан) дінінің өкілі, 
кәпір деп айтыпты-мыс. 
Бұдан артық сұмдық, масқара хабар бола ма? Сырт көзге томырық, 
барлық сыры қатпарланып іште жататын сияқты көрінетін, көбінесе ашылып 
сөйлемейтін, бір-екі ауыз сұрақпен ғана тыйылып, үнемі тыңдап қана отыратын 
Қазы осы тұста қатты абдырап, әлекке түсіп, теңселіп кетеді. 
Алдына жүгіріп түсіп, ойын айтпай танып отырған Уәли бұл жолы да 
дағдылы мінезінен жазбайды. Мешіт ішінде басқа діннің тыңшысы жүр дегенде 
қойнынан суық жылан шыққандай, үйіне ұры кіріп кеткендей жан түршігерлік 
күйге түскен Қазы не істеп, не қоярын білмейді. Аузына ілігетін құр сұрақ. Бір 
сөз, екі сөзден тұратын аңқау бала аузынан шығуға лайық сұрақ. Уәли бәрен 
біліп, іштей тас түйін болып дайындалып келген секілді. Сарт-сұрт еткізіп, не 
істеу керектігін күні бұрын кесіп-пішіп айтып тұр. Айтатыны: “Қиын емес”, 
“Қыстаймыз!”, “Тартып аламыз!” Бәрі – Дамолла мойнындағы оның католик 


44 
дінінің өкілі екендігін көзге шұқып, басқа ұрғандай дәлелдейтін кресін алу 
туралы сөз. 
Драмалық әрекет кернеуі күшейе түседі. Оқиға ширыққан. Діни фанатизм 
бір шармап алса, одан құтылу оңай нәрсе емес. Қазы, Уәли, азаншы арқылы 
драматург осы халді сенімді керсетеді. 
Көп кешікпей, Қазы – Уәли диалогынан кейін ілешала мешітке маңғаз 
басып, ешкім сырынан хабардар еместей тоқмейіл күйде Дамолла кіреді. 
Енді бұрынғы сіз-біз жоқ, қарапайым дипломатия қағыдаларын да 
сақтамастан, Уәли мен Қазы екі жақтан аш қасқыр секілді таптап береді. Сұрақ 
үстіне сұрақ. Басқа, көзге қамшымен ұрып жатқан секілді. Қылғындырып 
әкетіп барады. Әсіресе, Уәли:”Көрсетіңіз”, “Беріңіз”. 
Өлді дегеніңіз осы. Мойнындағы кресі бәле-жаладан, зорлық-қорлықтан, 
ажал оғынан сақтаушы бой-тұмар болудың орнына өлім оғы болып тиеді. 
“Кафр! Лағынет! Малғұн” – Уәли сөзден мән шықпасын сезген соң, күштеп, 
зорлап мойнындағы дорбашықты жұлып алды. Масқара! Ішінде “Кәлем-
Шәриф” емес – крест! 
Соңғы сәтте Дамолла: “Әлімбайды, Әлімбай”, - деп қалған. Мешіт үшін 
бұл тағы бір өртке түскен шақпақ от секілді.
Шығыс деспотизмнің айғыға іспетті айыпталғанды жазалау сценасында 
полилог – көп дауысты диалог қолданылған. Бұлардың ішінде, әсіресе, кешегі 
Дамолла, енді аты-жөні анық Адольф Шнайдер даусы бөлекше дараланып, 
айқын естіледі. Өз кесімін өзі айтып тұр. Бұл осыл тоқпақ емес еді. Атан 
жіліктей жігіт болатын. Англия тыңшысы болып жүргенімен, түпкі түбірлі ойы 
– Ұлы Германия үшін, неміс нәсіліне қызмет ету еді. Арманына жетпей желкесі 
қиылды. Отар, колония жасай алмаған, Европаның кеудесінде қысылып, 
қымтырылып қалған, мешел бала секілді Германия өрісін кеңейтпек еді. Енді 
мұның бас сүйегі де анау мұнараны бір елі болса да биіктете түсуге жөнелетін 
шығар.
Ең соңғы көріністе шиыршық атқан, өлім қаупі тақағанын сезе бастаған 
Шоқан бар. Адольф Шнайдердің басын шапқан Қашқар әкімдері мұның да 
соңына түсе бастаған. Дуана хабарласпай кеткелі де көп күн. Көңілге медеу 
жалғыз нәрсе – Шынаргүлдің таза пейілі, қалтқасыз жүрегі. Бұл сорлы 
айырылысар күннің жақын қалғанын сезбейді-ау. 
Қайдан түскені белгісіз, тағы ғайыптан Дуана пайда болады. Қалай келіп, 
қалай кететінінің сырын енді өзі ашады. Шығыс елдерінде жаугершілік 
замандарда қорғану мақсатында туған жер асты жолдарының хикаясын 
шертеді. Сол ескі соқпақтың бірі осы Шоқан – Шынаргүл үйінің астынан өтеді 
екен. Ешкімге байқатпай, жұмбақты түрде келіп-кетудің сыры осында екен. 
Дуананың айтпақ негізгі сөзі бұл емес еді. Жол қысқарған ,шеңбер тарылған. 
Шоқан үшін екі-ақ таңдау бар: осында қалса, кешегі ағылсын тыңшысының 
кебін киіп, басы шабылады; әйтпесе қазірден қалмай қашу керек. 
Ауыр да аянышты сәт. Дуана көзінен жасы сорғалап тұрып талақ некесін 
оқиды. Шынаргүл қалып барады, Шоқан кетіп барады. Осы сценада 
психилогиялық тұрғыдан тереңдету қажеттігін драматург ескермей, келте, 
шолақ, тақ-тұқ еткізіп қайырып жіберген. Әсіресе, Шоқан аузынан шығатын 
лебіз сырдаң, суық. Тебіреніс, толқу жағы жетіспейді. 


45 
Кеңірек толғанған Шынаргүл монологында сорлы келіншектің бірталай 
шері, Шоқанмен арадағы ерлі-зайыпты күндер жөніндегі өксікке толы сыры 
бар. Көркемдік заңдылығына жүгінгенде, Шынаргүлдің өзін-өзі өлтіргеннен де, 
оның Қашқар әкімдерінің қолынан опат болуы қажет десеңіз, Шоқан үшін күйіп 
кетуі шығарманың әлеуметтік-эстетикалық салмағын да, трагедиялық күшін де 
ұлғайта түсетін еді. 
Драматург бұл пьесадағы табысының бірі жалпы рухы жақын болғанмен, 
бауырлас халықтың өмірін бейнелеудің оңтайлы әдістерін таба білді: қолайлы, 
деректі, тарихи негізі бар материалдарды таңдап алу, тұрмыс, этнография 
детальдарын пайдалану, музыканы орынды кірістіру, түркілік, діни лексиканы 
шеберлікпен, орынды кәдеге жарату – осының бәрі қаламгердің маңызды, 
колорит – бояуы айқын, қызық тартысты сахналық шығарма тудыруына 
мүмкіндік берген. 
Тарихи-ғұмырнамалық драматургия І. Жансүгіров, М. Әуезов, Ғ. 
Мүсірепов, М. Ақынжанов, Ш. Хұсайынов тудырған отызыншы-қырықыншы 
жылдарда жазылған белгілі шығармаларда, негізінен, ұлттық топырақ, қазақ 
ортасы көрсетіледі; бұларда бірен-саран ғана өзге халық өкілдері кездеседі. 
Драмалық туындыға қойылатын шарттармен қоса, басқа ұлт өкілдерінің 
бейнесін жасау талаптары Шоқан Уәлиханов туралы пьеса жазу үстінде Сәбит 
Мұқанов үшін қосымша, зор қиындықтар келтіргенін ескеру керек.
Хан тұқымы, орыс армиясы полковнигінің баласы, кадет корпусын 
бітірген, тәлім-тәрбиені орысша алған, негізгі араласқан адамдары басқа ұлт 
өкілдері болған Шоқан жөніндегі шығармада бұл орта, осындай қарым-қатынас 
көрсетілмесе, автор соқыр сүрлеуге түсіп кеткен болар еді. Реалист суреткер 
Мұқанов осы жағдайды айрықша ескеріп, “Шоқан Уәлиханов” пьесасында 
көрерменді Батыс Сібір генерал-губернеторы Гасфорттың жазғы қоғақ үйінен 
бірақ шығарады. 
Ұлан-байтақ өлке ашса алақанында, жұмса жұдырығында тұрған, патша 
өкіметіне зор әскери еңбектері сіңген генерал-лейтенант алғашқыда жұмсақ, 
бауырмал, адал секілді көрінеді, саяси мәселелерде либерал сияқты. 
Қыңыратқып, тыртысып, қыржиып, өзге жұртты жақтырмай тұрған әйелін 
сылап-сипап, еркіне жығылып, өтірік аңқаусып, басқа аңғарға түсіріп жібереді. 
Губернатор 
оңашада, 
өзімен-өзі 
ақылдасқандай 
шақтарда 
маңындағыларға, жақын-жуыққа, алыс-жатқа баға берсе, салмақтай сөйлейді, 
кейбіреклерінің тағдырын күні бұрын шешіп, кесіп-билік айтады; бірек осыған 
бөгет болар-ау, обал-ау деген ойлар басына келмейді. 
Гасфорт пен полковниқШыңғыс Уәлиханов арасындағы диалогта бір 
қыдыру сыр ашылады. Абылайдың ұрпағы басынан бағы ұшқанын, өткен 
дәуреннің қайтып келмейтінін жақсы біледі, сондықтан да алғашқылардың бірі 
болып патша өкіметінің етегінен мықтап ұстаған. Шен мен билік те, байлық та 
– тіршілікке қажет нәрсенің бәрі осы жолда екенін бұл әбден ұққан. Тіпті 
болашақ ұрпақ, келешен нәсіл ырыздығы осы беткейде. Сол үшін Шоқанды 
бармақтай күнінен азапқа салғандай етіп, кадет корпусына оқуға берді ғой. Дәл 
қазір еңкейіп, иіліп, құлдық ұрып тұруында іш есеп бар. 
Дала әкімдерімен қандай жағдайда, қалай сөйлесудің әдіс-айла, тетік-
амалын бүге-шігесіне дейін біліп, үркітіп-бұқтырудың, қорқытып-шошытудың 


46 
құралдарын әбден жетілдіріп алған генерал-губернатордың мына сұлтанда өз 
үйінде қабылдап отырып (сыйлағаны) еркінсіткені емес пе? Айтқаны: “Батыс 
Сібірді князь Горчаков билеп тұрған кезде, сіз хорунжий шенінде ғана едіңіз. 
Мен келе сотник дәрежесіне көтерілдіңіз. Одан подполковник... Енді 
подполковник!” (5-том, 58-бет.) 
Аз-кем түйсігі бар кісі мұның арасындағы: “Сен кеше түкке тұрмайтын, 
көп жаманның бірі едің, мен сені демеп, қолтықтап, адам етіп, аспанға 
шығардым. Батыр-ау, осыны қалай білмейсің, осы еңбегімнің төлеуі, ақысы 
қайда?” – деген ишараны оп-оңай ұғады. Жігерлі, қайратты, намысты адам 
ашуланса керек, тіпті бұдан кейін ат құйрығын кесіп кетуі де мүмкін. Ондай 
ерлік орат елдің ұлынан қайдан шықсын, тәйірі. Күш иесі ұра түскен сайын, 
мойнын ішіне тығып, бұға түседі сорлы. 
Шен бергені өз алдына, екі рет Петербургке барғаны кімнің арқасы 
екен? Осы тұста губернатор дала бөрісін жанды жерінен тағы қансыратып 
қауып алады: “Сіз генералдың дәрежеге көтеріле алмайсыз, оған ақылыңыз 
жеткенмен, біліміңіз жетпейді”. 
Таудың басынан төмен қарай бір құлатып жіберіп, қайтадан өзі биікке 
алып шыққан секілді болып, губернатор енді сұлтанның ұлын ортаға тартады: 
Сен аса алмаған биіктен ол асады, сен ала алмаған шенді ол алады, соның бәрі 
менің қолымда дегендей. 
Қазір Омбыға келіп жатқан князьдің патшаға жақындығы, қаласа 
ойындағы сөзін өткізетіндігі, алысқа самғау үшін осындай адамдарды саты ету 
керектігін айтады. “Ауыр шығынына төзіп” бүгін оны қонаққа шақырған себебі 
– Шоқанның болашағына жол ашу керек. 
Бәрі түсінікті. Бағанадан бергі көп бұлтақ, түлкі бұлаңның мақсаты 
белгілі болды. Сұлтанның құрып қойған қақпанының өзі осы. Жемтікке қалай 
ұрындырып, торға қалай түсірем деп отырғанкісі енді қылаң ұрып, қуанып 
шыға келгенде қайтеді? Білімге, орыс дәстүріне шорқақтығы рас, көрініп тұрған 
кемістігін қайтіп жасырсын,бірақ дала рәсіміне, әсіресе, пара жеуге, басқаға, 
өзінен күштіге асатуға келгенде, әй, алдына қазақ баласынан жан сала қояр ма 
екен? Ақ ормалға түйген ақшаны қалтасынан шығара бастайды. 
Генерал бірден күп етіп, бас салатын тәжірибесіз, түк көрмеген, көзді 
жұмып жіберетінқомағай сабаз емес қой; жырынды, ақ қаптал; ақырын 
қарсылық еткендей, ойланғандай. “Алмасаңыз жәбірленем”, - деген сөзді естуі 
мұң, қайырым жасағандай болып, кәнігі парақордың ептілігіменсып еткізіп, 
ақшаны қойнына тығып алады. 
Драматург екі көкжалдың психологиялық құбылыстарын, мінез 
ерекшеліктерін осы сценада бірқыдыру сенімді, реалистік тұрғыдан ашып 
берген. Жемсауын толтырып алған Гасфорт сөз желісін кілт, дереу басқа арнаға 
бұрып, әлгінде ғана жер-көкке сыйғызбай мақтап тұрған, ұшпаққа өзім 
шығарам деп отырған Шоғанның басынақара бұлтты торлата бастайды. 
Патшаға қарсы болып, жер ауып келгендермен Шоқанның байланысы бар деген 
сөзді үрей, пәлекет, кесепат ретінде ұғындырады. Гасфорттың құбылмалы, 
екіжүзді мінезі ашыла бастайды.
Драмалық әрекетті күшейту үшін сахнаға жаңа кейіпкерлер шығады. Бұл 
тұрғыдан алғанда С. Мұқанов пьесаларындағы қимыл-қозғалыс, динамика мол. 


47 
Кей ретте қаламгердің іріктеу, типтендіру принциптерін ескремей, шамадан тыс 
келіс-кетіске көп көңіл бөлетін кездерін жасыруға болмайды.
Өзі сахнаға әлі шықпағанмен, Шоқан туралы әңгіме, сөз, оны сырттай 
бағалау, даттау мол жүріп жатыр. Шартты түрде айтқанда, Шоқан бір төбе 
десек, қалған кейіпкерлер екінші төбе. Оңаша қалып, ойлана сөйлеп тұрған 
генерал Гасфортты мазалайтын Батыс Сібірдің халқы, экономикасы, тұрмысы, 
әки әлгі қолдан офицер жасап, полковник шенін беріп қойған, төрінен көрі 
жақын кәрі сұлтанШыңғыс та емес, ер жүрек саяхатшы, батыл, өр офицер, 
талантты ғалым Шоқан, соның ісі, соның ойы, соның қай жолмен кететіндігі. 
Іштей бір есебі: жанындай жақсы көретін жиені Катеринамен қосып, мансап-
карьера биігіне өзі көтеру. Қазіргі райына қарағанда, бөгде, суық жолға, жат 
соқпаққа тартып бара жатқандай. Онда... онда ең алдымен ұстасар дұшпаны 
болар. 
Шоқан басына үйірілген бұлтты қоюлана түсуі пьесадағы тартыс арқауын 
ширата түседі. Былайғы жұрт, қала өсекшілері әлдеқашан некелерін қиып 
қойған Катерина мен Шоқан Ертісті бойлап, тоғай аралап, серуендеп келген 
беттері. Сөз әлпетіне қарағанда, ой, тілек, арман, әсіресе, сезім туыстығынан 
лап етіп жанған махабат байқалмайды. Оқыған білімді жастардың бір-біріне тез 
иліге қоймайтын шәлкем-шалыс, қалжың-кекесін аралас ирониясы мол лебізі де 
емес, жанды жерден тиетін, оқыстан адамның ішкі сырын, дүние танымын, 
моралін ашып беретін, астарлы, емеуренді мағынасы бардиалог. Құрылысы 
жөнінен қарапайым жасалған қайымдасу. Қыз негізінен сұрақ қоя сөйлейді. 
Онда жауабы да бар секілді. Жігіт тайқақтамай, жалтармай, көкейіндегісін 
айтып салып тұр. Қызға ұнайын, әдепті, мәдениетті көрінейін, жалпы жұрт 
қабылдаған жағымды пікір айтайын деген мінездің ұшқыны да жоқ. Қайта 
былқ-сылқ екі ұдай қатынасты үзейін, іргені мүлде бөлектеп алайын деген 
сыңай көрінеді. Сүйіспеншілікті адам жеке басының шаруасы деп қана қарамай, 
ел, халық тағдырына сабақтастырғаназаматтық көзқарас бар. Әңгіме мұндай 
қияға шығып тұрғанда, есті, білімді қыз Катерина енді тоғышар, тіпті нәсілдік 
айырма, ерекшелік, артықшылық дегендерді ұстанатын тарпаң, асқақ, ақылсыз 
бойжеткенболып шыға келеді. Шоқан ағынан жарылғаннан кейін, түсін 
суытып, бойын аулақ салып, генерал-губернатордың жиені екендігімен 
сескендіргендей, кекиіп, кеудесін керіп қоя береді. 
Драматург Шоқан туралы басқалардың көзқарасын, мінездерін алғашқы 
көріністерден бастап бергенімен, оның өзін тартыс-әрекетке біртіндеп 
кірістіреді. Әр түрлі ортада, әр түрлі жағдайда, сан алуан ой-тебіреністе, қат-
қабат сезім құшағында жүрген Шоқанмен ұшырасамыз. Кішкентайынан көз 
алдында өскен, қарындасындай жақсы көретін Катеринадан күтпеген мінез, жат 
пиғыл тапқан соң, басқаларға не жорық? Түсінеді, сыр бөліседі, оқыған, көзі 
ашық санаған қыздың түрі мынау. 
Әдейі шақыртқан генерал-губернатор алдында тұр. Автор Гасфорт 
характерін жасауда бір алуан көркемдік тәсілін қолданған. Әккі губернатор 
кіммен сөйлессе де, негізінен, ойын, мақсатын сұрақ білдіреді. Оның аузынан 
шығатын көбіне сұраулы сөйлем. Қарсысындағы адамға өз пікірін 
тұжырымдады, тиянақты жеткізуді, тіпті анық білдіруді анық санамайды, керек 
етсе, сөйлесіп отырған адамды кез келген жерден бөліп кете береді, қалаған 


48 
арнасына қарай әңгіме жеделдетіп бұрып салып отырады. 
Алдында, Шыңғыспен отырғанда, осы айланы қолданса, енді Шоқанға 
сол даңғылы қырынан келген. Бір қарағанда, ұғымсыз шәкірттен емтихан алып, 
“анау қалай?”, “мынау қалай?” деп отырған қазымыр, ұсақ мұғалім секілді. 
Шындығында басқаша, сесті, кекесінді ұсқын бар. Астарлы, зәрлі, тіпті улы 
сұрақтар жаудырады. “Қазақ сұлтандары, олардың білім дәрежесі, мәдениеті, 
ислам және Россия, орыс халқының ардақты ұлдары кім?” – осыларға 
қатыстыойларын Шоқан тебіреніп, толқып тұрып, губернатор алдына жайып 
салды. Ол сөздерге жібіп, жұмсарып жатқан генерал жоқ, тек Шоқан чиновник 
болуды қойып, демократтық жолға түсіп бара жатыр, патшаға қарсылармен дос 
деген пікірді бекіте түседі. 
Сахнаға екінші зор мансап иесі генерал-майор Фридерикс шығады. Өр 
көкірек, кеудесін соғып тұрған мақтаншақ. Шен-шекпенін, мансап-марапатын 
жіпке тізгендей етіп айтуды жақса көреді. Саяси, әлеуметтік көзқарастарында 
нәсілдік, шовинистік менмендік басым. Мұндай ақкөз, солақай үшін қазақ 
секілді халықтан Шоқан тақылеттес оқымысты, жау жүрек офицер шығуы таң 
қаларлық нәрсе, әсіресе оның демократиялық идеяларға берілуі – 
кешірілмескүнә, масқара қылмыс. 
Гасфорт Шоқан туралы ойларын әзірге сыртқа шығармай өз ішінде 
сақтаса, Фридерикс бар даусымен, жалпақ жұртқа естірте, жариялар айтады. 
Оған салса, Шоқанды өсіру қайда, дәл бүгін желкесін қиып түсіруге әзір. 
Долбар, сырттай тон пішуін былай қойғанда, жала, ғайбат, өсек-аяңға дейін 
терген. Көзі тая бергенде, Гасфортты жек көретін, шамасы жетсе жұтып 
қоятынын Фридерикс жасырмайды.
Қашанда басқаға дұшпандық, жамандық ойлаған зұлым әдіс-айла 
талғамайды. Оған ашық майдан, жасырын, жымысқы жол – қайсысы кезіксе де 
бәрібір. Кісінің айтқан сөзін, жүрген-тұрғанын түгел бағып, бір суыртпағына 
дейін қалдырмай, жарғақ құлағы жастыққа тимей, иесіне берілген ит секілді 
құрығын бұлғаңдатып, жымып келіп, хабарлап тұратын тыңшы, тіміскі 
дегендері болмақ.Ондай сілімтіктерді алыстан емес, жақын-жуықтан, өз 
маңынан, тіпті ағайын-туысынан, бауырласынан тапса, тіпті олжа. Күндестік, 
күңшілдік, бақталастық дертіне шалдыққан қаныпезер әкесін, баласын, қандас 
туысын, үзеңгі жолдасын құрбандыққа шалып жібергенде, жүзі жанбай, қылаң 
ұрып жүре бермек. Мұндайдың тарихта қанша мысалы бар. 
Генерал-майордың Шоқанға ататын қанды жебесі – оның аталас туысы, 
орысша білімді, патша әскерінің офицері, тілмаш Сұлтанғазы Абылайханов. 
Алғашқы орындаған тапсырмасы, бірінші жеткізген хабары – екі түрлі өсек: 
Шоқан есігінде жүрген күңіне үйленеді екен-мыс, Қашқарға бармай қайтып 
келген екен-мыс. Қос генерал мынадай жайға қуанып қалған сәтте, аспаннан 
түскен найзағайдай болып, Петербургтен хабар жетеді. Шоқан патшаның 
тікелей өз айтуымен астанаға шақыртылыпты, бұл аздай орден берілген, шені 
жоғарылатылған. 
Бұл жағдай Шоқан дұшпандарын қамшымен маңдайдан тартып 
жібергендей әсер қалдырады. Қарсы күштердің әрекеттері, айла-амалы 
күшейеді. 
Бір кезде байлығынан жердің белі қайысып, қаһарынан дүние тітіркенген 


49 
хан тұқымы Қазақстан Россияға қосылғаннан кейін басынан бағы тайып, 
қолынан билік кетіп, жалтаң көз бола бастаған. Сауда-саттық, базар көп 
нәрсенің құнын анықтайтын кез жеткен. Адамдар арасындағы қарым-қатынас 
ата-текке, руға, бұрынғы даңққа, аруаққа байланысты емес, қалтадағы ақшаңа, 
банкідегі векселіңе қарап қалған. Сондықтан Уәлихан тұқымы саудагер 
Малтабарға жалтаң көз, соған жалтақтайды. Шыңғыстың Гасфортқа берген 
парасының да, Жақыптың Ертіс жағасына үй тіктіріп, тайраңдап жүруінің де 
төркіні белгілі, ол – Малтабар қалтасынан шыққан ақша. 
Тиыннан тиын тудырып, дүниені күбідей пісіп жүрген саудагер бекер 
шашылмайды, бірді берсе, есесіне екіні алмақ. Бұл жолға Малтабар көкейін 
тесіп тұрған дәулет-байлық емес, Шыңғыстың бәйбішесі Зейнептің қолында өз 
қызындай болып өскенсұлу Айжанды тоқал етпек. Ақшаны қапшықтап төксе 
де, әзір қыз беретін түрлері көрінбейді. Жақыптың бекер зуылдатып, өтірікпен 
семірткеніне қашанғы көнсін, қызды қолға түсірмей тұрып, далаға шашатын 
ақшасы жоқ енді. 
Осы орайдағы қақтығыс-интрига ішінде Сұлтанғазы да бар. Оның 
мақсаты Шоқанға зиянын тигізсе, кім босын, қолдай бермек.Әсіресе, 
Малтабардай қалталы қасқыр тісін басып отырса, пәленің отына май 
құймағанда қайтеді. 
Шоқан характерін толық ашу үшін драматург ол араласқан орталардф 
жан-жақты көрсету мақсатын ойластырған. Князь құрметіне берілген банкет 
сахналық тұрғыдан алғанда, режуссура мүмкіндіктерін ойлағанда, сәтті сцена 
Музыка, декорация, костюм байлығы – дәуір ерекшеліктерін байқатуға 
мүмкіндік береді.
Жоғары қауым өкілдері, ауылда өскен еркек-шора сұлтан қызы Рақия. 
Бұлардың арасындағы айырмашылық көзге ұрып тұр. Алғашқы көріністе 
Шоқан тұжырымды ойлар, күрделі пікірлер айтса, мынадай көңілді кезде 
кекесінмен, ирониямен, өткір ажуамен келемеждей сөйледі. Ал, Рақия көзімен 
қарағанда, би билеу жас-кәрінің, әйел-еркектің денелерін денелеріне 
жабыстырып, дөңгелеп, ырғалып, изеңдесуі болып көрінеді. Не деген ұят, не 
деген сөлекет, не деген бейбастық деп ойлады, бұл масқараны сөгеді, әрі ішек-
сілесі қатып күледі. 
Жек көріп, қолынан келсе көзін жойып жібергісі келетін Шоқан туралы 
патша жарлығын генерал Фридерикс қуанғандай жәдігөй дауыспен өзі оқиды. 
Ішінде ит өліп жатса, тырс етіп сыр бермейтін көкбет мінез. 
Салатан кезінде оңаша шыққан Шоқан – Айжан жастық сырын шертеді. 
Алыстан келе жатқан аяулы, қымбат сезімдер ақтарылған шақ. Жігіт батыл, қыз 
қарсылығы бәсең. Шөлдеп, аңсап келіп табысқан ләззатты сәт. Дұшпан тоыр 
жүр. Оларға құшақтардың қауышқаны қажет. Бұл екеуінің дәл осылай сүйісіп 
тұруымойынға бұошақ салып құдайдан тілеп алған жағдай еді. Келді. Сол. Әне 
– Малтабар! Әне – Катерина! Малтабар Айжанды қалыңы беріліп қойған, бүгін-
ертең үйге әкеліп түсірер тоқалым деп жүрген. Катерина қиын сапардан 
ерлікпен қайтқан батыр, романтикалық тұлға Шоқанды нақ сүйер жігітім санап 
жүрген. Есеп-қисабы мол залым Малтабарға осы көргені де жетеді. Адал, ақ 
жүрек Катерина қалай шыдасын, жарылып кетті:”Жұрт аузындағы өсектің 
расқа айналуымен!”, “Сүйіскен жарыңызбен!” Қиналған жігіт көрінбейді: 


50 
“Достық көңілден қабылдаймын, құрметті Катерина Карловна!”. 
Драматург әр түрлі ситуацияда әр қаранан көрінген Шоқанды сахнаға 
шығарады. Шоқан – Гасфорт, Шоқан – Фридерикс, Шоқан – Катерина, Шоқан – 
Жайнақ, Шоқан – Айжан, Шоқан – Сұлтанғазы араларындағы диалогтан кейін, 
Шоқан және оның орыс достарымен арасындағы сұқбатты көреміз. Аз 
ғұмырында мағыналы ғажап өмір сүрген Шоқан көптеген адамдармен, алдыңғы 
қатарлы оқымыстылармен, жазушылармен дос болып өткен. Бұлардың ішінде 
данышпан жазушы Достоевский, ғалымдар Потанин, Семенов-Тяншанский, 
Дуровтар бар. Аса қызық достықтың, Достоевский – Шоқан достығының 
көптеген іздері, суреттер, хаттар, документтер, естелік материалдар бар. Сәбит 
Мұқанов осы фактіні пьесада неге пайдаланбағаны белгісіз. Сірә, драма 
жазылған тұста әдебиеттану ғылымында Достоевский туралыәр түрлі кереғар, 
алшақ концепциялардың орын алғандығы бұл арнаға бармауға себепші болуы 
да мүмкін. 
Драманың жанрлық заңдылығы табиғи түрде сақталған кезде, шығарма 
жанданып шыға келеді. Шоқан – Айжан тағы оңаша. Әңгіме беті енді үйленуге 
ойысқан. Қанша сүйе тұра ескі ауылдың дәстүрінде өскен есті қыз салтты 
бұзудан сескенеді. Халқына айтатын үгіт насихатын өз тұрмысынан бастамақ 
Шоқанды бұл тежеліс, бөгесін қатты қынжылтады, ширықтырады. Қыз ырыққа 
көнбеген соң, шошыту әдісіне көшпек. Осы орайдағы сөздерде драматизм, 
кернеу қарыж бар.Ауыр ант бере бастаған Шоқанның үстінен шешесі Зейнептің 
шығуы жағдайды тіпті қиындатады. Хан тұқымының келіні, түбірлі, жуан 
жердің қызы ақылға салып, ұлын тоқтатпақ. Сөздің жүйесін қуалай келгенде, 
Малтабарды не үшін иектетіп жүргендерін жасырмайды, шайқалған шаңырақ, 
кете бастаған береке соның ақшасымен қайта орнына келе ме деген есек дәме. 
Шоқан қулыққа басады. Перетбургте басылып шығатын кітабына көп 
ақша алады екен, шеше байғұс қайтсін, Шоқан шартына көніп қалғандай: “Хан 
тұқымы әйелінен шығатын сенде қанша күш қалып еді”, - деп масаттанып 
қояды. 
Келесі сценада Шоқанды әкесі Шыңғыс пен ңағашысы Мұсаның 
ортасынан көреміз. Бұрынғы қазақ дәстүрінде ер-азаматты, әсіресе жас жігітті 
сынап тексерудің, оның білік дәрежесін, ақыл деңгейін, тапқырлығын тану, 
тексерудің ерекше тәсіл-әдістері болған. Жезтаңдай шешендер, әділ қазы, арда 
билер небір нөпір, шұрай топта, қалың тартыс дода ішінде тұспалмен, астарлы, 
жұмбақ сұрақпен бір-бірінің алдын орап, қиырдан тосып отырар еді. Бір ауыз 
сауалға берген жауабына қарап, жігіттің келешек өрісін, барар жер, шығар 
биігін болжап қояр еді. 
Халық дәстүріндегі бұл үлгі қазақ әдебиетінде кең қолданылды. Абайдың 
әйгілі бір қара сөзі бастан-аяқ сұрақ, философиялық сауал үлгісінде жазылған 
ғой. Жауабы да сұрақтың өз ішінде. Мұхтар Әуезов романында жігіт Абайға 
әккі Құнанбай үш сұрақ қояды.Екінің бірі жауап беретін осыал тұспалдар емес, 
адамның тұлғасын ашатын, ішкі дүниесін түгел төңкеретін, барлық наным-
сенім, көзқарасын анықтап беретін, ішек-қарыныңды түгел ақтаратын сөздер. 
Шоқанның мінезі, жүріс-тұрысы, жұртпен қарым-қатынасы, дүниеге 
көзқарасы, үйленбек ниеті – осылардың баршасы туралы там-тұмдап жиналып 
келген әкемдердің, туыстардың қарсылық-наразылығы әке мен нағашы аузынан 


51 
кекесін боп шығады. Қазақ дәстүріндегі жиен мен анғашы арасындағы әзіл, 
қалжың, еркелік,емес, көп нәрседе, әсіресе әлеуметтік мәселелерде, кереғар 
пікірлерде туған адамдардың ащы айтысы, бет жартасынан қарсылығы. Мұса 
сөзінің саяр жері: 1) Гасфорт жиеніне үйлені керек; 2) патша әкімдерімен 
жақын болудың орнына, өкімет қаһарына іліккен айдалып келгендермен үйір 
жүруі қате; 3) жарлы-жақыбай, жоқ-жітікті, қорлық-зорлық көргендерді 
ескермей, уыста сығып ұстау керек; әлсізді күшті жеу – тәңірі бұйрығы.
Сонда әке мен нағашы сезім атаулыны жиып қойып, күнің үшін, дәулет-
байлық, даңқ-атаққа болы Катеринаны ал деп отыр. Ар жағындағы есептері 
белгілі: генерал-губернатормен құда болып кетсе, бұларды жеңетін жау жоқ. 
Екінші сөз губернатор кеңесінен шыққан әңгіме. Соңғы байлам хан 
тұқымының, байлардың ежелден бергі тас жүрек қаталдығы, соны ұстан деп 
отыр ғой. 
Үшеуін де қабылдамай, қарсы дау айтып, өз пікірінде қалған Шоқан әке 
мен нағашыдан дәл осы жерде ат кекілін кесіп кетеді. 
Бұл сценадағы Шоқан, Мұса, Шыңғыс арасындағы диалогты нағыз 
диалог-айтыс, диалог-тартыс деп қарау керек. Ұлттық көркемдік ойлаудың 
драмлық форманы игеруді жақсы ізденісінен туған эстетикалық игілікті 
көреміз. 
Осы екінші перденің келесі, төртінші суретінде драматург жанр 
мүмкіндігінің тағы бір түрін - диалог-мінездемені пайдаланады. 
Әрекетке Шоқанның өзі тікелей, қолма-қол араласпайды, ол сахнада жоқ, 
бірақ осы көріністегі барлық персонаждың аузындағы сөз Шоқан туралы. Олар 
бірін-бірі қолдап, құптап сөйлесе де, қарсыласып тырысса да, сөз төркіні 
Шоқанға келіп тіреледі. 
Кеше ғана Шоқанға қамқор болған, бірқыдыру жақсылық жасаған 
Гасфорт енді өзі өсірген жігітті қалай мерт қылудың амалын іздеп сарсылады. 
Қандай жолмен, нендей әдіспен құлатса да – бәрібір, әйтеуір, ауыздықтау керек. 
Сырт көзге сынық, биязы, тіпті жас офицердің көп қасиетін басқалардан 
артық көріп, жіті сезіп отырған, мінездеуі де өзгелерден ерекше, патшаға сөзін 
өткізетін князь қастық қылу жөнінде келгенде де аспай-саспай, бейнебір 
жұмыртқаны оңай аршу тәсілін айтқандай-ақ, іске полицияны қосу керек дей 
салады. Мұның арты демократтық-ағартушылық көзқарастарын жасырмай, 
қажет десеңіз дабырлап, бар даусымен айтып жүрген қайраткердің соңына шам 
алып түсу, оның жүрген-тұрған ізін бағу, қудалау деген сөз. Саяси тұрғыдан 
сенімсіз деп тауып, мансап, қызмет баспалдағымен көтерілетін жолын кесу, 
енді самғайтың, шырқап ұшатын шағында топшысын үзу, қылтасын қию, 
қанатын кесу. 
Қас дұшпан ер-азаматқа жауыздық жасарда қару талғамайды: немен 
жайратса да оған бәрібір. Шоқанға қарсы дайындап жатқан үлы оқтың бірі – 
ретең онымен жарысып, сайлауға түсетін Ерден. Сахнаға шығысымен-ақ оның 
сыры мәлім болып қалады: байлыққа мастанған надан, әкімдер алдында 
жалпылдаған жағымпаз, қара күш, дүлей зұлымдық иесіндей әсер қалдырады. 
Қарама-қарсы тілектер туындаған тартыста мінездер өзгеріп, пиғылдар 
құбылып жатуы – драмалық шығармаларда жиі кездесетін көркемдік
құбылыстардың бірі. Ал кей персонаждар мінездік тұтастығынан, бір 


52 
бағыттылығынан айнымайды, генерал-майор Фридерикс сахна ашылғанда 
Шоқанды қалай жек көрсе, әлі сол қалпында, қайта Гасфортты табалап, оның 
өзгерісіне қуанып, зұлымдық әрекеттерін күшейте түскен. 
Драматургтің эстетикалық пайымдау мұмкіндігінің кеңдігі Катерина 
образындағы өзгеріс – трансформациядан байқалады. Әуелде Шоқанды өзі 
сүйген, Шоқан да өзімді сүйеді деп есептеген, губернатор өзімдікі санаған 
жігіті басқа біреудің құшағында тұрғанын көргеннен кейін кілт бұрылады. Осы 
тұстағы оның қиналыстары пьесада көрсетілмейді. Логикағы салғанда, әйел 
көңілінің қызғанышы дұшпандық, бітіспес жаулық болып шыға келуіоп-оңай 
еді ғой. Мұқанов кейіпкері бұл жолмен жүрмейді. Нағашысы Гасфорт, анау 
генерал-майор Фридерикс, әнебіреу тілмаш Сұлтанғазы көзбе-көз Шоқанды 
мынадай дүлейге – Ерденге айырбастағанда, Катерина лап ете түседі. Шоқан 
жолында қызғаныш сезімін азаматтық рух жеңген. 
Шоқан өмірін, оны қоршаған ортаны, араласқан-білген адамдардың жай-
жапсарын жан-жақты, терең зерттеген Сәбит Мұқанов пьесада, мүмкіндігінше, 
кең әрі көп құбылыстарды, фактілерді, реалдарды көрсетіге күш салған. Бұл 
орайда Мұхтар Әуезовтың: “Қазақ тіршілігіне, тарихына жақын қабысатын 
қалалық, семьялық, қоғамдық, тарихтық және жеке ададық болмыс шықдық пен 
қарым-қатынастарды суреттеген шағында пьеса жақсы шыққан”, - деген пікірі 
еске түседі (“Әдебиет және искусство”, 1954, №11).
Төртінші актінің алтыншы суретіндегі ситуация, сөз жоқ, Сәбит 
Мұқановтың суреткерлік қиялынан туған. Оқиға орыс өнерінің тарихына 
байланысты, жазушылар, ақындар туралы қызықты естеліктер авторы әйгілі 
Панаеваның пәтерінде өтеді. Шоқанға қатысты Панаева қалдырған жазбалар 
белгісіз болса, драматург әжептеуір сенімді, әсіресе, саяси-публицисткалық 
сипаты айқын сцена жазған. 
Тағы да драматургтың өзіне етене әдісі бір кейіпкерді басқа персонаждар 
көзімен көрсету, бірі арқылы екіншіні мінездеу тәсілі қолданылған. 
Катеринамен кездесеміз. Шоқанға деген сезімі әді де суымаған, ет жақын жан 
ашырына айналғандай. Қызғаныш жаулық емес, жүрек қамқорлығына жол 
берген. 
Орыс қауымының ұлт мәселесіне, басқа ұлттар тағдырына көзқарасы, 
әсіресе, Ченышевский сөздерінен айқын көрінеді. 
Әрине, Шоқанның революционер-демократ Чернышевский еңбектерін 
оқығандығы, терең білгендінгі ешқандай дау тудырмайды. Ал, Шоқан 
Чернышевскийді жете жақсы білді, араласты, сөйлесті, пікір алысты дейтін 
дәлді деректер қолда жоқ болса да, Сәбит Мұқанов суреткерлік қиялға сүйеніп, 
оғаштығы жоқ көріністі алға тартады. 
Құлақ қойған адам Панаевамен, әсіресе Семеновпен, сөйлескен кезде 
Чернышевскийдің Шоқан, сол секілді орыстан басқа ұлт өкілдерінен шыққан 
озық ойлы, алдыңғы қатарлы, ойшыл, азаттық үшін жанын шүберекке түйіп, 
күрес жолына шыққан ерлер жөніндегі байлам-тұжырымын аңғарады.
Рас, бұл сценада Панаеваның, яки Чернышевскийдің характері бар десек, 
орынсыз, дәлелсіз айтылған жеңілтек түйін болар еді. Анығы, осы көріністегі 
диалогтарда публицистикалық сөздер тым көбейіп, адам жүрегін тебірентіп 
шыққан, оның мінезін ашатын шын мағынасындағы драматизм әлсіреген. 


53 
Байыпты қарағанда Семенов – Чернышевский диалогы дәл сол дәуірдегі орыс 
интелегенциясының әлеуметтік-қоғамдық күресінің бетін ғанақарпитынын 
байқау қиынға түспейді. 
Денсаулығына байланысты, әсіресе, толып жатқан рухани күйзелістен 
кейін Петербургтен Сырымбетке қайтуға мәжбүр болған Шоқан Уәлиханов 
туған аулына келіп, жұмақ ішіне күп етіп кіріп кетпегені белгілі. Бір кез оқыған, 
білімді адамның қандай жақсы ел билеуші болатындығын көрсетпек мақсатпен 
Шоқан сайлауға түспек. Ел ішінің ырың-жырыңы, паралы қапшық, патшаның 
отарлық саясаты – осының бәрі жиналып келіп, басына ауыр трагедия 
әкелетінін әзір сезбейді, әрине, таратып, тиянақтап, тәптіштеп берсе, осы 
фактінің өзі бір пьесаға жетіп жатқан дүние. 
Қаншада диалогтардың әрекеттілігі, жанды толқынды табиғаты 
ұмытылса, хабарламалық-информациялық салмақ күшейіп кетпек. Осыдан 
барып шығарманың реалистік қуаты солғындайды.
Сахнаға тағы жаңа персонаждар шығады. Әрекет үстіне әрекет қосылады. 
Шоқанға қызмет жасап жүрген жайнақ мінез даралығымен ашыла алмаған; ол 
жүріс-тұрысқа пысық, қағілез, сырт дүниеде не болып жатқанын қалт еткізбей 
жеткізіп тұрады; адал, елгезек. 
Кадет корпусында Шоқанмен бірге оқыған Григорий Потанин ұзақ өмір 
сүрді; ғылым тарихында маңызды орын алған елеулі еңбектер қалдырды; 
әлеуметтік көзқарасында, дүниетанымында көптеген қайшылықтары да бар еді. 
Пьесаның ілгері кейіпкерінің бірі болуға лайық Потанин характерлік 
даралығымен, мінез ерекшелігімен көрінді деуге келмейді. Рас, драматург 
күрделі творчестволық проблема – орыс адамдарын сөйлетуде көп ізденістерге 
барған, олжа тапқан. Патшаны, жоғарғы қауымды, генералдарды, офицерлерді, 
ғалымдарды тілдік ерекшеліктеріне қарай топтаған. Арнаулы фразеология, 
лексикалық бөлшектер, синтаксистік конструкциялар кәдеге асқан. Орыс тілі 
граматикасы жобасы бойынша берілген сөйлемдер кейіпкерлердің басқа ұлт 
өкілі екендігін айнытпай танытып тұрады. 
Осы тәсілді драматург соңғы рет Потанин мен Шоқан кездесетін көріністе 
де қолданады. Тілді білмей аударма жасайтын, тексті ұқпай зерттеу жазатын 
шалағайлық, дилетанттық ауыруына ұшырамаған, орыс филологиясының 
талантты өкілі, қазақша жақсы білген, сөйлеген Потанин тілінің өзінен оның 
басқа жұрттың перзенті екендігі байқалады. 
Осы тұста сахнада бірталай уақыттан бері көрінбей қалған Шоқанның екі 
туысы Жақып пен Сұлтанғазы шығады. Билік-мансап, дәулет-байлық үшін 
қандас бауырын, тіпті әкесін де баласын өлтіру – тариъхта талай рет кездескен 
қаралы мысал. Сонау апақ-сапақ, дәл аппаратура, техника дегендер оқымстылар 
қолына түсе қоймаған, бұлыңғыр заманда жұлдыздар қозғалысын бүгінгі 
дәлдікпен есептеп шығарған данышпан Ұлықбектің де түбіне жеткен өз ұлы 
емес пе еді? Ал, мына екеуі туысты сатқанда әр түрлі олжаға кенелмек: өзі де 
орысша оқыған, өзі де офицер Сұлтанғазы өссем, Шоқан орнын бассам дейді. 
Жақып болса, төре тұқымының басынан қисайып, түсіп бара жатқан жағаны 
қайта түзетпек. Ақшалы қалта – Малтабар әлі қыр соңдарынан қалмай жүр. 
Есіл-дерті, буынына түсіп кеткен жұлын құрт – Айжан. 
Сайлау салтанаты көпшілік сценасы арқылы жанды әрекет, қимыл-


54 
қозғалыс үстінде беріледі. Бұл тұста сахнаға шығатын персонаж аз емес: 
генерал Гасфорт, Фридерикс, шарға түсушілер Шоқан, Ерден, офицерлер 
Алмазов, Сұлтанғазы, ата-анадан Шыңғыс, Зейнеп, көпшілік өкілдері. Қысқа 
реплика, көп дауысты полилог, шағын диалог, жүріс-тұрыс – осының баршасы 
екпін, ырғақ береді. 
Шарды санап келіп жібергенде, Шоқан 25, Ерден 14 дауыс алып, әділет 
жеңгендей болып, көпшілік қуанып қоя береді. Зейнеп көзінде жас. Сайлау 
деген жай ғана көзді алдайтын салтанат, баланың ойыны секілді нәрсе, кім 
сайланады, кім қалады – оны шешетін мына шулаған тобыр, Көп сүмелек емес, 
өкімет, сол өкіметтің осындағы тұтқасын ұстап отырған генерал-губернатор 
емес пе? Гасфорт көзі тірі тұрғанда Шоқанды сұлтан-билеуші сайлатып, жын 
қағып кетіп пе? Өттім деп тұр ма? Ал, саған керек болса, көрсетейін салмақты, 
кім келіп арашалап алар екен қолымнан? Гасфорт қорытындыны заңсыз деп 
есептеп, сайлауды таратып, Ерденді өз қолынан сұлтан етіп тағайындады. 
Қажет десеңдер, сайлаудың түкке қажеті жоқ. Тағайындады – бітті. Осындай 
масқаралық үстінде екінші сұмдық хабар, қанды оқиға жетеді – Малтабар 
қалың қолын жинап келіп, Айжанды алып қашқан, шығарып берген: 
Сұлтанғазы мен Жақып. 
Соңғы тоғызыншы картина үлкен романды түйіндеу стилінде жазылған. 
Драматургтің бұл суретті эпилог деп атауы да жарасып тұр. Ремаркада “Қара 
қасқа атты Қамбар” күйін орындауды көрсету көріністің қайғы, мұңға, әрі асқақ 
трагизмге негізделгенін аңғартады. Бірінші қатарда Зейнеп шыққан. Ауру 
меңдетіп, кірпігін әрең қағып жатқан жан баласының қасында отырған сорлы 
ана тебіреніп, еңіреп, Айжан бақытсыздың шерлі, аянышты, қаралы оқиғасын, 
трагедиялық өлімін әңгіме етеді. 
Үлкен қаламгер шығармашылығын жан-жақты терең зерттеген 
профессор Темірғали Нұртазин: Ардагер Шоқанның образымен байланысты 
тың өмір көріністерін бейнелейтін пьеса жұрттың сүйіспеншілігіне орынды 
бөлінеп, әдебиетіміздің қадірлі туындысы болды”, - деп жазды. (“Жазушы және 
өмір”. А., 1960, 370-бет.) 
Тарихи трагедия тудыруда драматургиядағы үздік үлгілерде қалыптасқан 
оптимистік идея, ұрпақтар жалғастығы сарынын Сәбит Мұқанов өз қаламгерлік 
тәжірибесінде айқындай түскен. Тағы да тас босаға, тар өткелде, өлім сәтінде 
Катеринаның келуі, жас төл, жаңа ұрпақтың аға қасынан табылуы – пьесаның 
жинақтаушылық, көркемдік қуатын ұлғайтып тұрған, бас-аяғы көлемді, 
күрделі, мол кейіпкерлі шығарманы сәтті тұйықтап аяқтаған поэтикалық, 
образдық мәні бар көркем детальдар. Мұның үстіне, өнердің әр саласында 
кейін туатын Шоқан туралы кино, скульптура, әңгіме, повесть, роман, 
зерттеулерде көрінген көп әуез, сарын, идея, ой “Шоқан Уәлиханов” 
трагедиясынан от алып жанып, бастау алып тарағанын мойындамау, сөз жоқ 
әділетсіздік болар еді. 
Қазақ драматургиясындағы шоқтықты туындылар – М. Әуезовтің “Еңлік 
– Кебек”, Ж. Шаниннің “Арқалық батыр”, Ғ. Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – 
Баян сұлу” трагедиялары эпостық материалдарды шығармашылықпен игере 
отырып, ұлттық дәстүрді шебер ұштастырып жазылған аса көркем, 
сахнамыздың ұзақ жылдар сәні болған әйгілі шығармалар. Бұл пьесалардың 


55 
көптеген ортақ сипаттары оларды бір топтастырып, эпикалық трагедия деп 
қарауға толық мүмкіндік береді. 
Фольклор материалдарына сүйеніп жасалған М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов 
трагедиялары жанрға деген жаңа көзқарастың, дамудың сапалы кезеңінің 
айғағы. Эпостан алынған дүниелер көп зерттеліп, авторлық идеял, суреткерлік 
концепция тұрғысынан қайтадан құйылып шыққан. Бұларда ауыз әдебиеті 
үлгілерін сөзбе-сөз көшіру, вариация жасау, белгілі мотивтерді қайталау жоқ. 
Халық даналығына үлкен суреткерлер өз тарапынан көп ой қосып, реалистік, 
типтік деңгейге көтерілген образдар жасап, өнерді байытты.Олардың 
қаламынан туған трагедиялар эпостық дәстүрлер мен әлемдік драматургия 
сабақтарын шебер ұштастырған кесек шығармалар, әдеби дамуға ықпал еткен 
ұлттық классика. 
Оптимистік рухтағы тарихи трагедиялар алыс дәуірлер, өткен күндер 
оқиғаларын көрсеткенде жақсылық, бостандық, теңдік үшін алысқан қайратты 
қаһарман өзінен әлдеқайда басым жатқан зұлмат күштердің табанына
түскенімен, түптің түбінде, жаңа нашын, тың қуат салтанат құрып, әділет 
мерейі үстем болатынын өрісті екпінмен, ерекше пафоспен бейнелейді. Мұндай 
шығармалардың негізгі сүйегін нақты болған айғақты фактілер, дәлді деректер 
құраса да, ұшқыр қиялға, ойдан қосуға, суреткер фантазиясына ерекше көңіл 
бөлінеді. Орталық қаһарман қарақан бастың қамы үшін емес, ел, халық, жұрт 
тілегі жолына жалаң аяқ жар кешіп, асыл мұрат, қымбат ақиқат туын көтереді. 
Әлеуметтік-қоғамдық қайшылықтардың тас диірменінде мерт болады. Мұндай 
ерлердің ісі мәңгі жасарына жүрек сенімі кәміл. 
Үшінші топта қаралатын семьялық-адамгершілік трагедияларында оқиға
шағын ортада, бір түтін бір шаңырақ астында, тіпті ет-жақын адамдар 
арасында өтеді. Актуалды гуманисті мәселелерді көтеретін мұндай трагедиялар
қатарына “Қарагөз”, “Бәйбіше-тоқал” (М. Әуезов), “Алтын сақина” (Қ. 
Кемеңгеров) “Шернияз” (Ж. Аймауытов) пьесаларын жатқызуға болар еді. 
Сөйтіп, 
қазақ 
драматургтерінің 
трагедиялық 
шығармаларын 
классификациялау және талдау бұл жанрлық форманың ұлттық әдебиетімізде 
кең өріс алып дамығанын көрсетеді. Үздік трагедиялық туындылар сахнадан 
түспей, үнемі қойылып жатқан классикалық спектакльдерге арқау болды. Бұл 
трагедияның драматургиямыздағы ең піскен, жетілген, толық қанды жанр 
екендігінің тағы бір айқын белгісі. 
Ұлттық материалға сүйене отырып, екінші жағынан әлемдік әдеби 
дәстүрлер сабағын ескеріп, қазақ трагедиясының мынадай спецификалық 
ерекшеліктерін анықтап айтар едік: 
- күні өтіп бара жатқан ескілік пененді туа бастаған жаңаның арасындағы 
бітіспейтін идеялар мен құштарлықтар арасынан туатын трагедиялық тартыс; 
- асыл армандар, биік мұраттар жолында күресу үстінде қалыпты 
өмірдің тас қорғанына соғылып мерт болатын дара тұлғаның трагедиялық 
қателігі яки адасуы; 
- өлім мен өмірдің шекарасында, адам мүмкіндіктерінің шегінде жететін 
тұстарында өтетін аса тартысты сюжетпен әбден ширатылған композицияның 
шығарманың барлық структуралық көркемдік эелменттерін шашау шықпас 
жүйеге түсіруі; 


56 

ересен психологиялық, адамгершілік-эмоциялық әсер күшінің 
оқырманды (көрерменді) ерекше эстетикалық сезіммен баурап, өмірдің тұңғиық 
сырларын ұқтырып, жаңғыртып, өзгерткендей ықпал етуі; 
- таудан аққан селдей ғажайып шешендік, найзағай жарқылындай отты 
айтыс, орасан бай, ерекше өрнекті халықтық орамды, бейнелі көркем тіл 
құнары. 


57 
ІІ бөлім
КОМЕДИЯ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет