Рымғали НҰРҒали драма өнері



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата25.01.2023
өлшемі2,67 Mb.
#62969
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
(Хайдарбекке дыбыс шығарма деп ымдайды) Ие Мәке, мен ғой, жетіде тұрдым 
дейсіз бе? (Желкесін қасып) Япыр-ай, сіз былай дем алу дегенді атымен 
ұмыттыңыз-ау. Қайран қалам, не деген энергия, сіздің отпускіге 
бармағаныңыздың өзіне екі жыл болып қалды ғой… 
Халық үшін денсаулығыңыздың қаншалықты қымбат екенін ойлайтын 
күніңіз бола ма? Біз арам өлсек те келер-кетер шамалы. Мына сіздің 
денсаулығыңыздың. Кешіріңіз енді… Баяндаманың ие, ие… Сізден асырып не 


94 
айта қоярмын… Жергілікті фактілер дейсіз бе! Жарайды, Мәке, жарайды, Мәке, 
жарайды, Мәке… 
Жарайды, Мәке… Жарайды, Мәке… Саяси шапкасы дайын. Жарайды, 
Мәке… Енді былай, өзіңіздің денсаулығыңызды күтіп деген дей… Жарайды, 
Мәке. Денсау… (Телефон үзіледі, бұл да қоя салады.) Нешауа, алдымен 
трубканы өзі қойды. (Баяғы қалпына түсіп.) Міне, қоғам жұмысы кеңірдектен 
келіп тұрғанда. (Әсия шығады.) Сендер келіп килігесіңдер. 
Осы жерде көп сыр аңғарылып тұр. Үй ішінде дүрдиіп, сырт көзге 
қампиып жүрген талай қаратаяқ бастығының алдында жорғалап кетеді. Рас, 
қызмет бабын, әкімшілік этикасын ешкім де аяқ асты етпеуі шарт, 
тырағайлыққа, анархияға, басбұзарлыққа орын жоқ. Садықтың сөзін, мінездегі 
құбылыстарды, бұлаң құйрық өзгерістерді не деу керек? Шені үлкен кісіні 
сыйлау ма? Бірде-бірі емес, мұның аты жалпақтау, көлгірсу, жағыну, 
мүләйімсу. Мұның аты әділдіктен, шындықтан айрылу, кісілікті, тазалықты 
жоғалту. Жеті рет: «Жарайды, Мәке»,-деп елпілдеп, жетім жапырақша 
қалтырап т ұрған адамның қолтығында Хайдарбек секілді баукеспенің өсіп келе 
жатуы ешкімді таңырқатпаса керек. 
Жазушы ашынған кезде, тіршіліктегі келеңсіз құбылыстар зығырданын 
қайнатқан шақта өрт күлкіні, күйдіріп жіберер от мысқылды, ащы тілді қару 
қылмақ. Өңсіздікті, кемтарлықты косметика, туалет күшімен байқатпауға 
болар, ао рухани кедейліктен, интелектуалдық мүсәпірліктен туған ой 
мешеулігін әсте жасыру қиын. Біреудің еңбегін пайдалану, әсіресе, басқаның 
ақылын сауу қоғамда тірлік кешуге қақысы жоқ кесепат, арамбез, сүйел секілді 
мерез. Жаздырып алуды, көшіріп алуды өнерде плагиат, ұрлық десе, баяндама, 
мақала, диссертация сияқтыларды өзгеге істетіп, пайдаланып кетуді не демек 
керек? Қызмет, мансабы үлкен кісі бағынышты адамға иек артса, бұл қолғабыс, 
жұмыс тәртібі ме? Жоқ, бұл плагиат, бұл да ұрлық.
Осындайды, өмірде кездесіп қалатын масқарашылықты драматург кекті 
ашумен, ызалы күлкімен. Күйдіре сынаған. Жебе баяндаманы өзі 
жазбаушылыққа ғана бағытталмаған, жауапты іске, маңызды шаруаға селқос 
қараушылық, әйтеуір құтылып қалудың амалын іздеушілік психолигиясы 
мансұқ етіледі. Бұрынғы қағаздарды, сарғайып кеткен ескі бірдемелерді 
қопарып, өңін айналдырып, тек цифрларды жаңғыртқан дәрменсіз, сәулесіз 
бастықтан не күтуге болады? Үлкен қызмет орынында отырған адам болып, 
оқуға түсетін баланы телефонмен тапсырып, ол үшін ұрлық-олжа тапқан алаяқ 
жігіттен не күтуге болады? Екеуінің де тіршілігі сынған рельске қарай зулап 
бара жатқан поезд іспетті. Күлталқан қаусап құлауы сөзсіз. 
Алғашқыда Хайдарбекті еркіне жіберген жылқышы Сардар енді қаһарына 
мінген. Баласы өз қалауы, өз күшімен ұшқыштар мектебіне түскен соң, әйелінің 
ашуын басуға амал іздейді. Сахнада Кенжегүлді мас етіп көрсету жеңіл күлі, 
арзан эффектіге ғана қызмет етіп отыр. Бізге Сардардың азаматтық ашуы, 
саналы ширығуы қымбат. Ол Хайдарбектің берекесіз, жымысқы екендігін 
білгенмен, жырым жалайтын ұры екенін әлі аңғармаған. 
Баяндама материалдарын дайындау үстіндегі Садық, Хайдарбек 
мінездеріндегі көп көп күлкілі жайларды драматург ащы ирониямен берген. Бұл 
орайда жазушылық идеялдың айқындығын, суреткерлік позицияның беріктігін 


95 
көреміз. Сардар сөздерімен авторлық ілтипат, емеурін, ыңғай сабақтасып 
жатқандығында шәк жоқ. Ертең сенің баяндамаңды тыңдаймын деп алып, 
інісімен қатты сілкілеседі. Бұл сценада ол жиналыстан келген болып көрінсе 
дұрыс еді. Аға мен іні арасындағы семьялық, туысқаншылық орайындағы 
келіспеушілік, дүрдараздық, кикілжіңнің сөзі емес, халық, болашақ, сол үшін 
сенің жауапкершілігің деген толғағы тоқсан, алпыс екі тамырды солқылдатар 
талас бұл. 
Жағымпаздық, парақорлық, өтірік белсенділік, семьядағы тұрлаусыздық, 
алаяқтық осы алуандас келеңсіз құбылыстарды, адамгершілік мораль 
табиғатына жат мінезді комедиограф Қалтай Мұқаметжанов бірнеше 
шығармасында мансұқ етіп, сан алуан бейнелерді сахнаға шығарды. Бүгінгі 
қазақ театрларының репертуарынан оның комедиялары берік алған. 
Шығармашылық ізденістермен қаламгерлік кемелдікке аяқ басқанын анық 
танытқан суреткердің болашақ туындыларына сенім артуға қақымыз бар. 
Сонымен, қазақ комедиясы туралы қорытынды ойларды жинақтайық. 
Сатиралық комедияға жиырмасыншы – отызыншы жылдарда Жұмат Шанин, 
Бейімбет Майлин қаламынан туған драматургиялық туындылардың көпшілігін 
жатқызуға болады. Бұл әлеуметтік- идеологиялық майданда бітіспес, 
кескілескен шайқас жүріп жатқан, адам психологиясындағы ескілікпен күресіп, 
өз идеологиясын орнықтыру үшін ұран салған өкіметтің алғашқы жылдары. 
Көне тұрмыстың бет пердесін жыртып, бұрынғы салт-әдетті еңбекшілердің, 
шаруалар мен жұмысшылардың жаңа идеологиясын орнықтыру мақсатына 
бағытталды. 
Сатираны жанрға әлде стильге жатқызу керек пе деген ғылыми проблема 
әдебиеттануда толық шешімін таба қойған жоқ. Біздің ойымызша, сатира өз 
алдына жеке жанр емес. Себебі әр түрлі жанрдағы шығармаларда (романда, 
повесте, әңгімеде, драмада, комедияда) сатиралық сипат болуы мүмкін. Сатира 
әдебиет пен өнердің бар саласында қолданылатын тәсіл, яки бәрінде де 
кездесетін рух, пафос. Сондықтан да сатираны өз алдына жеке жанр ретінде 
қарау дұрыс болар ма екен? Ф. Рабленің «Гаргантюа мен Пантагрюэль», Дж. 
Свифттің «Гуливердің саяхаты», Сервантестің «Дон Кихот» шығармаларына 
роман деп жанрлық анықтама бере отырып, екінші жанрлық анықтама деп 
сатираны көрсете алмаймыз ғой. 
Сондықтан кейбір зерттеушілердің сатираны жеке жанр деп қарауына 
қосыла алмаймыз. Шығарма пафосы жөнінен сатиралық болуы мүмкін, бірақ ол 
белгілі жанрға жатпақ. Сатира ұғымы жанр ұғымынан кеңірек екенін кейбір 
зерттеушілер дұрыс көрсетеді. Әдебиеттің барлық жанрлары мен тектерінде 
кездесетін сатираны өмірді бейнелеудің ерекше идеялық-көркемдік принципі, 
әрі пафостың бір түрі ретінде қарауға болады.
17
Өз алдына дара сатира жоқ. Мысалы, комедия, драма яки повесть секілді 
сатира жеке болмақ емес. Сатира осы жанрлар арқылы ғана жасай алады. Яғни 
сатира көркемдік тәсіл, ол шығармаға белгілі сипат, ерекше пафос береді. 
17
Қараңыз: Я.Е. Эльсберг. Вопросы теории сатиры. М., 1967; Г.Н. Поспелов. Теория литературы. М., 1978. 


96 
Сатиралық комедияны қазақ драматургиясының жеке жанрлық формасы 
дегенде біз осы жайттарға сүйендік. 
Тегінде сатиралық комедияның сыншыл рухы күшті, бұл жанрдағы күлкі 
келісімге бармайтын, кесел-кесепат атаулыны күйдіріп түсіретін отты күлкі; 
тиген жерін ойып тастайтын удай ащы күлкі; маймөңккені білмес тарпаң күлкі. 
Адам мінезіндегі, от басы, ошақ қасындағы, қоғам бойындағы әлеуметтік 
дерттерді сынауға келгенде, сатиралық комедия аса қаһарлы, қылышынан қан 
тамған жауынгер жанр. Характерлерді, өмірлік ситуацияларды типтендіру 
үстінде бұл жанрда көркемдік тәсілдердің өсіру, ұлғайту ( гипербола, гротеск, 
фарс) тәрізді түрлерінің баршасы емін-еркін қолданылып, шарттылық 
құралдары фантастика, мифология элементтері де қақас қалмайды. 
Бір мезгілде жазылып, сахнада бір мезгілде қойылған Ж. Шанин, Б. 
Майлин комедияларының идеялық – көркемдік сипатында ортақ белгілер көп. 
Бұл пьесаларда жаңа қоғамның қалыптасуына кедергі келтіріп, бөгет болар 
тосқауыл атаулының баршасы сын найзасымен түйрелді; әлеуметтік сарыны 
күшті, саяси беті айқын болған аталмыш комедиялардың мезгіл талабына жауап 
беріп, уақыттың эстетикалық-көркемдік қажеттіліктерін абыроймен өтегенін 
айту дұрыс болмақ. Алғашқы қазақ сатиралық комедияларының синкретикалық 
сипаты оларда әр түрлі жанрлық формалар элементтерінің аралас жүруінен де 
көрінеді. Сатиралық комедияларда водевильдің, фарстың, пародияның 
көркемдік тәсілдері мен әдістері жиі қолданылған-ды. Бұған сюжет қызықтығы, 
тұрмыс-салт көріністерінің жиі кездесуі, халықтық тіл байлығы құнары секілді 
белгілер қосылып, жанр жүйесінің ерекшеліктері шеңберің құрайды. 
Қазақ әдебиетінде лирикалық комедия 5-60-жылдары туды десе, қате 
болмас. Бұл жанрлық форманың дамуына әлем әдебиетінің дәстүрлері ықпалды 
әсер етті. Сатиралық, лирикалық, психологиялық элементтер шығармада 
ұштасып жүретіндіктен таза сипаттағы лирикалық комедия мынау деп көрсетіп 
беру қиын. Әр түрлі әуез-сарындар, сан алуан көркемдік құралдар, сюжет пен 
характер құбылыстары туынды жанрын дәл анықтауды ауырлатады. 
Лирикалық комедияда кейіпкерлердің ішкі сырлары, сезім иірімдеріне мол 
орын беріледі. Күлкілі ситуациялардың негізінде персонаждар көңіл күйіндегі 
қылтың-сылтың, мінездегі толқулар мен құбылыстар жатады. 
Мұндай шығармалардағы образдар жайма-шуақ күлкі, өткір қалжың, 
нұрлы әзір бояуларымен жасалып, қалың көпшіліктің көңілінен шығып, 
әлеуметті дән ырза етеді. Кейіпкерлердің адасулары мен қателіктері, ізденіс 
жолындағы қателіктері мен жаза басулары күлкі етіледі. Ондай жағдайлар 
жағымсыздар түгіл, жағымдылар қатарында жүргендердің басынан өтуі мүмкін. 
Лирикалық комедияда астарлы сыр, емеурін, «қызым, саған айтам, келінім сен 
тыңда» дейтін сарындар жиі кездеспек. Бұл жанрда кейіпкерлерді өлтіре сынау, 
жазғыра айыптау, сүйектен өткізіп сөз айту жоқ; мақтамен бауыздау, ұстарамен 
сызып кету секілді әуездер басым. 
Қазақ сахнасында көп қойылған Ә. Тәжібаевтың «Той боларда», Қ. 
Сатыбалдиннің «Қабаған ит», Қ. Байсейітов пен Қ. Шаңғытбаевтың «Беу, 
қыздар-ай», «Ой, жігіттер-ай». Қ. Аманжоловтың «Досымның үйленуі» 
(сахналық нұсқасын жасаған Қ. Шаңғытбаев) комедиялары өмірлік материалы, 
тартыс табиғаты, кейіпкерлер болмысы жөнінен келгенде бір-бірімен сарындас 


97 
шығармалар. Бұл туындыларға комедиялық ситуация үйлену машақатынан, 
отбасылық ырың-жырыңнан, әр түрлі моральдық кикілжіңнен тұтанып, сол 
негіздегі қақтығыс-тартыс шығарма сюжетін құрайды. 
Сөйтіп, қорыта келгенде, қазақ комедиясы әр түрлі даму кезеңдерін 
өткеріп барып, жүйелі жанрлық системасы бар арналы салаға айналғанын 
көреміз. Алғашқы туындылары жанрлық талаптар мен шарттылық толық 
сақталмауы кездейсоқ нәрсе еместі. 20-30 жылдардағы табиғатты сатиралық 
комедияны өмірге әкелді; Б. Майлин, Ж. Шанин қазақ әдебиетінде бұл 
жанрдың белгілі шеберлері болды. 
Қазақстан мәдениеті мен әдебиеті өсіп, өркендеген тұста лирикалық 
комедияның жақсы үлгілері сахнаға шықты. Бүгінде қазақ комедиясы 
халықтық, шеберлік принциптерін айқын нысана ете отырып, реализм 
арнасымен даму бағытында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет