Рымғали НҰРҒали драма өнері



Pdf көрінісі
бет22/26
Дата25.01.2023
өлшемі2,67 Mb.
#62969
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


279 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Қазіргі заманда драматургия мен театр - күрделі уақытта өмір сүрген қазақ 
елінің өмірінен ерекше орын алатын көркемдік игілік, эстетикалық байлықтардың 
бірі. Қазақ пьесалары алғаш жеке кітапша болып жарияланғаннан бері (1914 ж.) сексен 
бес жылдан асты. Тарих үшін онша көп мерзім саналмас осы уақыттың ішінде 
қазақ драматургтері әлемдегі озық, дамыған елдер әдебиетінде бар негізгі, жетекші, 
басты жанрлық формаларды ұлттық топырағында жаратып, халқымыздьщ рухани 
байлығының қатарына қосты. Дүние жүзі классикасынан ана тілімізге аударылған 
шығармалар және бір төбе. 
Жаңа жанрлық формаларды тудыруда реализм принциптерін игеру жолында 
А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, С. Сейфуллин, М. 
Әуезов, I. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов орасан зор қажыр-
қайратпен, ерекше ыждағат шабытпен шығармашылық еңбек етті. 
Қазақ драматургиясының бай поэтикалық халық мұрасы мен терең 
тамырластығы ең алдымен айтылуға тиіс әдеби көркем құбылыс деп білеміз. 
Халық 
эпосы 
мен драматургиясы 
арасындағы диалектикалық 
байланыстың бірнеше аспектісін даралап, ерекше бөліп көрсетуге болар еді. 
Пьесаларымызға батырлар жырының сюжет желісі, оқиғалар сорабы ғана емес, 
дәстүрлі қаһармандары, белгілі идеялары, қанықты тартыстары, бір сөзбен, сан алуан 
әуез-сарыңдары, күллі пафосы рухы ауысқан болатын. Халық өлеңдері (беташар, 
жар-жар, қоштасу, бата, жоқтау, айтыс, билік) аз ғана тігісі жатқызылып, кейде 
тіпті өзгертілмеген қалпында көптеген пьесалардың тексіне еніп, сіңісіп кетті. 
Әрине, халық фольклоры нұсқалары қанша көркем, үздік туындылар болғанмен, 
жаңа жанрлық түрлерді толық ауыстыра алған жок. Халық байлығын таусылмас 
қазынаны берік тиянақ ете отырып, жазушыларымыз соны көркемдік ізденістер 
үстінде әлем әдебиетіндегі жемісті дәстүрлерді зерттеп озық дәстүрлерді игерді. 
Әлем әдебиетіндегі формаларды адды. 
Қазақ драматургтері бірыңғай әсер ықпалына түсіп кетер көрсе кызарлықтан 
аулақ-ты. Жаңа заман талаптары, жаңа өмір шындықтары туғызған идеялық нысана, 
көркемдік талғам шарттары дәстүр мен жаңашылдықтың егіз, қатар жасауына 
мүмкіндік берді. 
Іс-әрекет, қимыл-қозғалыс, психологизм орнына тежеу бермес сөз дауы, 
тізгін тартпас қызыл өңеш дау-дамайдың басып кетуі - бірқыдыру пьесалардьң, 
әсіресе, алғашқы кезең туындыларының олқылығы болатын. Әрине, көрініс пен 
әрекеттің есесін сөз толтыра алмақ емес. 
Табиғи төркініне жүгінсек, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, I. Жансүгіров, 
Ж. Шанин, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев драматургиясындағы сан алуан өлең 
өлшемдері, ағыл-тегіл шешендік кестелерді, түйдек-түйдек бейнелі тіркестер ұлттық 
сахна ерекшеліктерінен туған-ды. Қазақ театрының алғашқы көрермендері асыл сөз 
десе, ішкен асын жерге қоятын, көзден гөрі құлаққа сенетін кешегі көшпенділер 
өкілі, сахара перзенттері еді. Драматургтер кей тұста фольклордың шеңберінде 
қалып, эпикалық схемалардан шыға алмай, этнографиялық жайттарды, қарабайыр 
тұрмыс-салт дағдыларын тәптіштеп кетті, сөйтіп, көркемдік жаңа игіліктер жасай 
алмады. 


280 
Қазақ драматургиясының үздік шығармаларындағы қаһармандар өмірдің 
қат-қабат шытырманында, тағдыр тауқыметі түскен, қияметтің қыл көпірі 
жағдайларында, 
орасан 
күрделі 
әлеуметтік-саяси 
тартыстар 
үстінде, 
психологиялық арпалыстар, сезім бұрқағы пенде шіркіннің басын тауға, тасқа 
соққан тар жол, тайғақ кешулерде көрінеді. 
Кейіпкерлердің айқын идеологиялық ыждағаты – дәуір сипаттарын, тартыс 
характерін аңғартатын айқын сапалардың бірі. Әсіресе, революция шындығын 
әлеуметтік-саяси күрестер табиғатын ашатын драмалық туындыларда негізгі 
тұтқа жаңа күштердің, жағымды кейіпкерлердің қолында. Мұндай шығармаларда 
бір тағдырды бейнелеу, бір қаһармаңды тәптіштей суреттеу жағы аз. 
Көптеген пьесаларда өз ортасынан ат құйрығын кесіп кету, жаңа жерде 
шаңырақ көтеру - кісен құлдығы бар ескіліктен құтылудың, азаттыққа қадам 
басудың бір жолы іспетті көрінеді. Кейіпкердің бұрынғы өз ортасынан кету сарыны 
"Бақыт жолына", "Еңлік-Кебек", "Ақан сері - Ақтоқты" сияқты сан алуан 
шығармалардың сюжеттік желісі, композициялық құрылымына ықпал еткен. 
Қазақ драматургиясының барлық кезеңдегі басты қаһарманы халық, халық 
өкілдері болды, фольклор ксйіпкерлері драма тілінде қайта сөйледі, жаңа заманды 
жасаушы күрескер қаһармандар сахнаға шықты. 
Бұл міндет дәуір талабына сай проблемалық драматургияны, өміріміздің 
көкейкесті тоғыз тарау сырларын шертетін, жас ұрпақты коммунистік рухта 
тәрбиелейтін толғауы тоқсан сахналық шығармаларды талап етеді. Біздің 
драматургтеріміз бүгіңде қадыр-халінше осы талаптарға сай шығармашылық ізденіс 
үстінде. Жетістік жоқ емес. Бар. "Аткөпір кинофильмдер мен толассыз 
телехабарлар таяу арада театр шіркінді жерлеп тынады-мыс" деген қауіп ақталған 
жоқ. Өйткені, қазіргі сырлы театр, ойшыл драматургияға ынта мен ықылас, пейіл 
мен ыждағат, киелі өнер, кәделі дәстүрге деген жүрек тереңінен шымырлап 
шыққан махаббаттан туған ғой. Ал барлық жанрлық формалары дамудың, 
толысудың қиын-қатпар асуларынан өткен қазақ драматургиясы қашан да 
ұлтымыздың текті күлкі, мұңды сыр, жігерлі қайғысын бөлісер, жан жүйесін 
қозғап, жүрегін тебірентер айнымас асыл рухани досы бола берерінде күмән бар 
ма?! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет