«риторика»


ПӘННІҢ ОҚЫТУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата31.03.2017
өлшемі0,78 Mb.
#10655
1   2   3   4   5   6   7   8   9

6. ПӘННІҢ ОҚЫТУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ  

 

Негізгі әдебиеттер:  

1) Б. Адамбаев «Халық даналығы» А. 1976 

2) Б. Адамбаев «Алтын сандық» А. 1989 

3) Б. Адамбаев «Шешендік өнер» А. 1999 

4) М. Жармұхамедов Шешендік өнер А. 1998 

5) Н. Төреқұлов, М. Қазыбеков Қазақтың би шешендері А.1993 

6) Шындалиева Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996 

7) С. Қасенов Шешендік тәсілдер А. 1999 

8) С. Негимов Шешендік өнер А. 1997  

9) Т. Жұртбаев Дулыға А. 1994 

10) Қ. Өмірәлиев YІІІ-ХІІ ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері А. 1985 

 

Қосымша әдебиеттер тізімі: 

1) Н. Төреқұлұлы Қазақтың 100 би-шешені А. 1995 

2) Шешендік шиырлары А. 1993 

3) Қазақтың би шешендері А. 1993 

4) Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі А. 1987 

5) Е. Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі А. 1996 

6) А. Егеубаев Кісілік кітабы А. 1998 

7) А. Байтұрсынов Ақжол А. 1991 

8) Б. Шаханова Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А. 1995 

9) Р. Бердібаев Кәусар бұлақ А. 1987 

 

 

  



СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ 

Дәрісханалық  сағаттарда  тіл  үйретудің  коммуникативтік  танымдық  мақсатына  сай 

тақырыптар  бойынша  сөйлесуді  үйрету  керек,  студенттерді  өз  бетінше  жұмыс  істетуге 

(СӨЖ)  үйрету  барысында  тәрбиелік  мақсаттағы  тақырыптармен  жұмыс  істеу  тиімді. 

Мұндай  тақырыптар  тіл  үйренушінің  мәдени  деңгейін  көтеріп,  мемлекеттік  тілге  деген 

құрмет сезімін оятады. 

 

 

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТТАР 



Оқытудың  кредиттік  технологиясы  бойынша  студенттер  білімін  рейтингілік 

бақылау  жүзеге  асырылады.  Білімді  бағалау  жөніндегі  мәліметтер  баллдық-рейтингілік 

жүйеде беріледі, онда бақылаудың барлық түрлері қамтылады. 

 

АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ 

Аралық бақылау мынадай формула бойынша бағаланады: 

R = 0,5* L

ср

 + 0,5* 



Т – 0,25* p

L

ср

,  – 



практикалық сабақтар бойынша ортақ балл (0 ден 100 дейін); 

p –

қатыспаған аудиториялық сабақтардың саны; 



Т – балл, аралық бақылауда алынған балл (0 ден  100 дейін). 

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЛЕРІ 

 

(A) 95-


100 балл оқу бағдарламасының материалын жан-жақты, жүйелі, терең меңгерген, 

берілген барлық тапсырмаларды толық орындаған, бағдарламада ұсынылған негізгі және 

қосымша  әдебиеттерді  терең  меңгерген,    практикалық  сабақтарда  белсенді  жұмыс 

жасаған,  пән  бойынша  негізгі  ғылыми  концепцияларды  талдай  алған,  өзінің 

Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе 

 


шығармашылық  қабілетімен  және  ғылыми  ізденісімен  ерекшеленіп,  сұраққа  логикалық 

тұрғыдан дәл және нақты жауап бере алған студентке қойылады.  

(A-) 90-

94  балл  оқу  бағдарламасындағы  материалдарды  жан-жақты,  жүйелі  меңгерген, 

берілген  барлық  тапсырмаларды  орындаған,  бағдарламада  ұсынылған  негізгі  және 

қосымша әдебиеттерді терең меңгерген,  практикалық сабақтарда белсенді жұмыс істеген, 

пән бойынша жүйелі білім  көрсете алған, сонымен қатар өзінің білімін толықтыра алған, 

сұраққа логикалық тұрғыдан дәл және нақты жауап бере алған студентке қойылады.  

(В+)  85-89  балл  оқу  бағдарламасындағы  материалдарды  толық  меңгерген,  бағдарламада 

ұсынылған  негізгі  әдебиеттерді  меңгерген,    практикалық  сабақтарда  белсенді  жұмыс 

істеген, сонымен қатар пән бойынша өзінің білімін толықтырып,  ары қарай жалғастыра 

алатын студентке қойылады.  

В)  80-84  балл  оқу  бағдарламасының  материалын  толық  меңгерген,  бағдарламада 

ұсынылған  негізгі  әдебиеттерді  меңгерген,    практикалық  сабақтарда  белсенді  жұмыс 

істеген, сонымен қатар пән бойынша өзінің білімін толықтырып,  ары қарай жалғастыра 

алатын студентке қойылады.  

(В)  75-79  балл  оқу  бағдарламасының  материалын  толық  меңгерген,  бағдарламада 

ұсынылған  негізгі  тапсырмаларды  орындай  алған,  негізігі  әдебиеттерді  меңгерген, 

практикалық  сабақтарда  белсенді  түрде  жұмыс  істеген,  пән  бойынша  өзінің  білімін 

толықтырып,  ары қарай жалғастыра алатын студентке қойылады.  

С)  60-74  балл  мамандығы  бойынша  оқу  бағдарламасының  көлеміндегі  негізгі  білімді 

меңгерген,  бағдарламада  ұсынылған  негізгі  тапсырмаларды  орындай  алған,  негізгі 

әдебиеттерді  меңгерген,  бірақ  практикалық  сабақтарда  белсенділігімен  көзге  түспеген, 

сондай-ақ  емтихан  жауаптарында  қателер  жіберген,  жіберген  қателерін  оқытушының 

көмегімен ғана жоя алатын студентке қойылады.  

 

(С)  60-74  балл  оқу  бағдарламасының  негізгі  материалын  меңгерген,  бағдарламада 



ұсынылған  негізгі  тапсырмаларды  орындай  алған,  негізгі  әдебиеттерді  меңгерген,  бірақ 

практикалық  сабақтарда  белсенділігімен  ерекшеленбеген,  тапсырмаларды  орындауда 

қателіктер жіберген, болашақта қатесін түзей алатын студентке қойылады.  

(D) 50-


59  балл  оқу  бағдарламасының    негізгі  материалын  меңгерген,  бағдарламада 

ұсынылған негізгі тапсырмаларды орындай алған,  бірақ эмтихан жауаптарында қателер 

жіберген, практикалық сабақтарда белсенділігімен ерекшеленбеген, жіберген қателіктерін 

оқытушының көмегімен ғана жоя алатын студентке қойылады.  

(F) 0-

49 балл негізгі оқу-бағдарламасы материалынан білімі жоқ, практикалық сабақтарда 



белсенділігімен  ерекшеленбеген,  бағдарламада  ұсынылған  негізгі  тапсырмаларды 

орындай алмаған, бағдарламада ұсынылған негізгі тапсырмаларды орындауда қателіктер 

жіберген,  практикалық  сабақтар  бойынша  тапсырманы  орындамаған,    пән  бойынша 

қосымша  сабақтарсыз  өзінің  білімін  жалғастыра  алмайтын  және  кәсіби  ісіне  кірісе 

алмайтын студентке қойылады.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе 

 


ІБЖ-дегі қорытынды бағаның анықтамасы 

 

 



Оқу пәні бойынша ІБЖ-дың қорытынды бағасы келесі бақылау түрі кіруі тиіс:  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

18-



кесте 

№  Бақылау түрі 

               

Балдар 

Сабаққа қатысу 



 15 

дейін 

Аудиториядағы жұмыс 



(

лекциялар мен семинарлардағы белсенділік): 

тақырыпқа шолу 



-  

шағын эссе  

сөздіктің жазылуы (орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде) 



кез-келген тақырыпқа призентация жасау 

іскери ойындарға қатысу (Business Game) 



оқудағы нақты жағдаяттарды шешу  (Case Study) 

жеке жобаны қорғау және т.б.  



30 

дейін 

СӨЖ-дің орындалуы:  



үйге берілген тапсырмалары 

эссе  


тест 


тапсырмалар  



25-

дейін 

СӨЖ-ң өз уақытында 

 

орындамаған   



әр  тапсырмасы үшін  

1 балға кемиді 

 



Аралық бақылау 



30 

дейін 

 

Оқытушы  студенттің  оқу  тәртібін  бұзғаны  үшін 



семестр бойы 10 балға дейін кеміте алады: 

жамандағаны үшін;  



оқытушы мен  басқа студенттердің намысына тигені 

үшін; 



оқу  үрдісіне  қатысты  оқытушының  талабын 



орындамағаны үшін;  

сабақ барысында ұялы телефонмен сөйлескені үшін;  



ОӘБ-ңталабы  бойынша,  аудитория  тазалығын 

сақтамағаны үшін. 

 

 



 

ІБЖ бойынша максималды балл: 

Қорытынды  емтихандағы  өтетін  минималды 

балы: 

100 балл 

50

балл 

 

Ескерту:  сабаққа  қатысудағы  бағаның  көрсеткіші      15%  болса,  онда  бір  аптада  1% 

құрайды. 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ БАҒА 

Қорытынды балл екі аралық бақылаудың бағасы мен емтиханның нәтижесі бойынша 

бағаланады.  Екі  аралық  бақылаудың  ортақ  арифметикалық  балы  0,  6-ға  тең 

коэффицентіне, ал емтихан бойынша алынған балл 0,4-ге көбейтіледі.  

 

Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: 



U = 0.6*[(R

1

 + R



2

)/2] + 0.4*E



R

1

 – 


бірінші аралық бақылаудың бағасы; 

    R

2

 – 


екінші аралық бақылаудың бағасы ; 

Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе 

 


Е  – емтиханда алынған баға (0≤Е≤ 100). 

 

Мамандықтың оқу жұмыс жоспарына енгізілген әрбір пәннің рейтингісі 100 балдық 



шкала бойынша бағаланады. Қорытынды бақылау түріне сәйкес балдар бөлінісі мынадай 

кесте бойынша жүргізіледі (19-кесте): 

19-

кесте 


Баға 

Әріптік баламасы 

Рейтинг баллы 

(%) 


Баллмен 

Өте жақсы  

А 

95-100 


А- 


90-94 

3,67 


Жақсы 

В+ 


85-89 

3,33 


В 

80-84 


3,0 

В- 


75-79 

2,67 


Қанағаттанарлық 

С+ 


70-74 

2,33 


С 

65-69 


2,0 

С- 


60-64 

1,67 


D+ 

55-59 


1,33 

D- 


50-54 

1,0 


Нашар 

0-49 



 

Пәнді оқытуға қойылатын талаптар мен оларды орындау түрлері 



 

1. Студент өздік жұмыстарды белгіленген уақытта тапсыру керек. 

2.  Қажетті  жағдайда  барлық  өздік  жұмыстарды  өткізгенде  ғана  қорытынды  баға 

қойылады. 

3. 

Студенттердің  оқу материалдарын  меңгергендігі әр рейтингінің алдында  өткізілетін 



бақылау жұмыстары, тест сұрақтары арқылы тексеріліп отырады.  

4.  Сабаққа  екі  рет  (10  минутқа)  кешіккен    студент  бір  күн  сабақ    жібергенмен    бірдей 

есептелінеді. 

5.  Аудиториялық  сабақтарды  себепсіз  қалдырмау  қажет.  Ауырған  уақытта  анықтама 

көрсетілуі тиіс. 

 

 

Аудиториялық сабақтарға қатысу ережелері 

Сабақ барысында сабақтан тыс жұмыстармен айналысуға рұқсат етілмейді: 



-

ұялы телофондарды қолдануға;  

-

бір-бірімен басқа тақырыпта әңгімелесуге; 

-

ән тыңдауға; 

-

сағыз шайнауға; 

-

басқа әдебиеттерді оқуға,  

-

ойнауға. 

Қатты тиым салынады: 

-

кабелдер мен сымдарды ұстауға; 

-

компьютерге рұқсатсыз дискі салуға; 

-

өздігімен бағдарлама орнатуға



сабаққа тамақ және сусын әкелуге;  

-

оқытушының рұқсатынсыз компьютерді қосуға, өшіруге. 

Аталған жайыттар бұзылған жағдайда студент сабақтан босатылады. 

 

 

 



 

Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе 

 


Пәннің оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы 

Оқу пәні:              риторика 

Кафедра:              «Журналистика және аударма ісі» 

Мамандық:          журналистика, аударма ісі  

Оқыту түрі: күндізгі  1 семестр 

 

 



Оқу 

сабағы


ның 

түрлер


і 

Автор, оқу-әдістемелік әдебиеттің атауы, қала, 

баспасы, жылы. 

Кө

ле



мі

 (

б.



т)

 

Сту



де

нтте


р 

сан


ы

 

Универс



итет 

кітапхан


асындағ

ы саны 


Студенттердің оқу 

әдебиетімен қамтамасыз 

етілуі (гр.6/гр5) ● 100% 

 



 



 

 



 



 

Дәріс 


және 

практи


калық 

сабақт


ар 

Адамбаев Б. Шешендік өнер. Алматы, 1999. 

– 

172 б.   



10,5 

50 


 



Тебегенов Т. Риторика. Жоғары оқу орындары 

студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: 

«Арыс», 2004. – 168 б. 

10,5 


30 



 

Оқу пәнінің оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі  –   

 

Кафедра меңгерушісі 



«_________»________________________2012 

г.   


 

 

 



Кафедра оқытушысы: 

_________________ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе 



 

«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ МЕКЕМЕСІ 

 

 

 



БЕКІТЕМІН 

Тұран университеті мекемесі 

ОӘК проректоры 

___________ А.А.Арупов 

«____»________  2012 

ж. 



 

 

 



 

 

 

«ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ АУДАРМА ІСІ» КАФЕДРАСЫ 



 

«

РИТОРИКА» 

 

пәні бойынша 

 

КОНТЕНТ  

 

 



Жұмыс бағдарламасының авторы (оқытушы): ф.ғ.к. Г.Б.Көбденова 

Жұмыс бағдарламасы авторының мекенжайы: Тұран университеті «Журналистика 

және аударма ісі» кафедрасы. 



Оқытушы (автор)  туралы мағлұмат: ф.ғ.к. Г.Б.Көбденова 

Пәні: шешендік өнер 

Мамандығы: : 5В050400 – журналистика 

Оқыту технологиясы: кредиттік 

Оқыту түрі: күндізгі 

Бөлімі: қазақ 

Студенттердің білімін бағалау жүйесі: рейтингілік 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2012 

Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе 

 


 

 

[gl] 1-



апта. 

Шешендік  өнер  жайында  түсінік.  Шешендіктану  ғылымы. 

Шешендіктің әлеуметтік мәні. 

Дәріс жоспары: 

1.

 



Шешендік өнер жайында түсінік. Шешендіктің әлеуметтік мәні. 

2.

 



Шешендік өнерді оқытудың мақсаттары мен міндеттері. 

3.

 



Шешендік өнердің дамуына қажетті алғы шарттар. 

Дәріс  мақсаты:    Шешендік  өнер  жайында  түсінік  беріп,  шешендіктің  әлеуметтік  мәнін 

ашу,  шешендік  өнердің  қоғамдық  құбылыс  екендігін  түсіндіру,  шешендік  өнердің 

дамуына  қажетті  алғышарттар  мен  шешендіктанудың  басқа  ғылымдармен  байланысы 

туралы түсінік беру. 



Дәріс  мазмұны:Шешендік  өнер  (ораторское  искусство)  -  латын  тілінде  огоtогіа,  грек 

тіліндегі  риторика,  орыс  тіліндегі  красноречие  сөздерімен  мәндес.  Риторика  -  шешендік 

өнер, шешен сөйлей білу теориясы. Шешендік ұғымының мағынасы ауқымды. Шешендік 

деп  көпшілік  алдында  сөйлеу  шеберлігін,  сөйлеу  өнерінің  сапалық  қасиетін,  сөз  күшін 

көрсете  білу  амалдарын  жете  меңгергендікті  айтады.  Шешендік  -  тыңдаушыларға 

мақсатты әсер ететіндей, сөзіңе сендіретіндей етіп сөйлеуді жүзеге асыру. 

Шешендік өнер туралы анықтамалар ежелгі дәуірлерден бері айтылып келеді. Аристотель 

шешендікті  «кез-келген  нәрсеге  көз  жеткізу  үшін  тиімді  тәсілдерді  таба  білу  қабілеті» 

дейді.  М.В.Ломоносов:  «Шешендік  дегеніміз  -  әдемі  сөйлеудің  амалдарын  меңгеру  мен 

сол  арқылы  басқаларды  өз  пікіріңе  мойынсұндыру»,  -  деп  жазды.  Н.Колшанский: 

«шешендік  -  жанды  сөздің  күші  арқылы  басқалардың  ақыл-ойына,  ынта-ықыласы  мен 

ерік-жігеріне әсер ету өнері», - деп санайды. Мұндай анықтамалардан шешендік өнердің 

көздейтін  негізгі  үш  мақсатын  аңғаруға  болады.  Олар:  1)  Сендіру;  2)  Рахатқа  бөлеу, 

жағымды әсер ету; 3) Толқытып, тебіренту. 

         

«Риторика»  терминінің  мағынасы  -  шешендік  өнер  теориясы.  Риторика  деп  кейде 

мәнерлі сөйлеудің теориясын, кейде сырты сұлу, жылтырақ болғанмен, мағынасы кемшін, 

тыңдаушыға әсері аз тілді де атаушылар болған. Ал шын мәніндегі шешендік өнер сыртқы 

сұлулығымен қоса, ішкі мазмұндық қисыны да берік, әсері күшті, айтылуы да жігерлі сөз 

болуы лазым. 

         

2)  Шешендік  өнер  өз  дамуында  қоғам  өмірінің  көптеген  саласында  пайдаланылды: 

рухани,  идеологиялық,  саяси-әлеуметтік.  Әсіресе,  ол  саясат  саласында  барынша  кең 

қолданылды. Шешендік пен саясат ажырағысыз бірлікте.  

          

Белгілі  бір  шешенге  баға  беруде  оның  өз  заманының  қоғамдық  мүдделерін 

қорғайтынын  ескеруіміз  керек.  Әр  дәуір  шешенге  өз  міндеттерін  жүктейді.  Шешендік 

өнер  күрделі  жинақтаушы  сипатқа  ие.  Шешен  философия,  логика,  психология, 

педагогика,  тіл  білімі,  этика,  эстетика  секілді  ғылымдарға  сүйенеді.  Бұл  салалар  шешен 

сөйлеудің әр түрлі проблемаларын зерттейді. 

           

Шешендік  өнер  қазақ  елі  жағдайында  да  әлеуметтік  мәселелерді  шешуде  болсын, 

жас  буынды  тәрбиелеуде  болсын,  үлкен  роль  атқарған.  Қоғам  өмірінде  тілдің,  тіл 

мәдениетінде шешендік өнердің алатын орны, атқаратын қызметі ерекше. «Шешендік сөз 

халық  даналығы,  ақыл-ойдың  қоймасы,  әдеби  тілдің  бастауы:  дәстүрлі  шешендік  сөз 



нұсқаларын  оқып,  үйренумен  бірге,  шешендік  өнер  ғылымының  сыр-сипатын,  ерекше 

заңдарын жастар білуге, игеруге тиіс. Сондықтан шешендік сөздерді орта мектептер мен 

педагогикалық  институттардың,  университеттердің  оқу  бағдарламаларына  енгізілуі 

қажет»,  -  деп  кезінде  Б.Адамбаев  мәселе  көтерген.  Осы  мақсатты  іске  асырудың 

мүмкіндігі туып, қазір «Шешендік өнер негіздері» курсы педагогикалық оқу орындарында 

оқытылып келеді. 

        

Шешендік  өнерді  жоғары  оқу  орындарында  оқытудың  мақсаты  -  талғампаз 

халқымыздың  әлеуметтік,  әдеби-эстетикалық  қажетін  әлденеше  ғасырлар  бойы  өтеп 

келген  халық  даналығыньщ  үлгілі  нұсқаларын  оқып-үйрету,  шешендік  өнердің  сырын 

Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе 

 


ашқызу,  табиғатын  таныту,  халық  алдындағы  өтеген  қызметін  білгізу,  сондай-ақ 

шешендікке  қойылатын  талаптарды  меңгерту,  оларды  практикалық  іс-дағдысында 

қолдануға үйрету.  

3)  Шешендік  өнер  халықтық-демократиялық  қоғамдарда  өсіп-өркендейді.  Ақыл-ойға 

еркіндік  шешендік  өнердің  дамуының  негізгі  алғышарты  болып  табылады.  Мысалы, 

ежелгі  грек  тарихында  шешендік  өнердің  дамуына  б.д.д.  594  жылы  Афинаның 

басқарушысы,  әрі  ақыны  Солонның  құлдық  құрылыс  пен  сот  істерін  демократиялауға 

бағытталған заңының себеп болғандығын айтады зерттеушілер (ол туралы алдағы дәрісте 

айтылады).  Солон  заңына  ұқсас  заң  «Жеті  Жарғы»  қазақ  елінде  де  болған.  «Жеті 

Жарғыны»  атақты  жеті  биімен  ақылдасап  отырып  қабылдаған  Тәуке  хан  еді.  «Жеті 

Жарғы»  бойынша  әркім  өз  жоғын  өзі  жоқтауға,  өзінің  әлі  келмесе,  жанкүйер 

бауырластары, одан қалса руластары қорғауға тиіс болған. Мұның өзі шешендік өнердің 

дамуына, шешен сөйлеуді үйренуге, сөз бостандығының жандануына жол ашты. 

 

Шешендік өнердің шығуы белгілі бір қоғамдык жағдайлармен және халықтың бас 



қосу  жиналыстарымен  байланыста  болғандығын  қазақ  шешендік  өнерінің  тарихы  да 

растайды.  Әсіресе,  халық  көп  жиналатын  астың  мәні  үлкен  болған.  Сөз  жарысына  түсу 

үшін  халық  тілінің  байлығын  молынан  үйрену  қажеттілігі  туады.  Олар  халық  тілінің 

байлығын халық ауыз әдебиетінен үйренеді.  

 

[gl] 2-


апта. 

Ежелгі  Грекия  мен  Римдегі  шешендік  өнердің  пайда  болуы  мен 

дамуы. 

Дәріс жоспары: 

1.

 



Шешендік өнердің Грекияда тууы мен дамуы. 

2.

 



Шешендік өнердің Римде тууы мен дамуы. 

3.

 



Шешендіктану теориясының орта ғасырда және жаңа дәуірде дамуы. 

Дәріс  мақсаты:  Шешендік  өнердің  Грекия  мен  Рим  мемлекетінде  тууы  мен  дамуы, 

атақты шешендер өмірлері мен шешендік шеберліктері туралы түсінік беру. 



Дәріс мазмұны: 

1)  Шешендік  өнердің  пайда  болуы  әлеуметтік  кұбылыс  ретінде 

қоғамдық  мәні  бар  мәселелерді  көпшілік  алдында  талқылаудың  өмірлік  қажеттілігінен 

туған. Бұл жағдай алғашында ежелгі Грекияда мүмкін болған. Б.д.д. V ғасырда Афинада 

құл иеленушілік демократиялық қоғам жанданды. Мұнда халық жиналысының үлкен ролі 

болды.  Он  күн  сайын  Афина  азаматтары  қала  алаңына  жиналып,  маңызды  мемлекеттік 

істерді  талқылайтын  болған.  Халық  жиналысына  басқа  мемлекеттік  органдар  бағынып 

отырған.  Афинадағы  осындай  еркін  демократиялық  қоғамда  азаматтарға  халық 

жиналыстары  мен  соттарда  жиі  сөйлеп,  әлеуметтік  мәселелерге  араласып  тұруға  тура 

келген. Сөйтіп, шешендік өнер Афинаның қоғамдық өмірінде, мемлекет істерінде, саясат 

майданында  маңызды  факторға  айналды.  Бұл  қасиетті,  киелі  өнерді  ыждағатпен  үйрену 

әрбір грек азаматының парызы болды. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер-ұстаз (ритор) 

мамандығы шықты, осы кезде риторика ғылымы пайда болды. 

Грецияда шешендік өнердің дамуына б.д.д. 594 жылы Афинаның басқарушысы әрі ақыны 

Солонның  құлдық  құрылыс  пен  сот  істерін  демократияландыруға  бағытталған  заңының 

себеп болғанын айтқанбыз. Ол заң бойынша әрбір азамат өз мүддесін өзі қорғауға міндетті 

болды. Сотта қорғану үшін қызыл тілге жүйрік болу керек. Сот алдында айтылатын сөзді 

алдын-ала дайындайтын сөз шеберлері - логографтар болды. Демосфен шешен алғашында 

осындай логограф болған. 

Көне дәуірдегі шешендік өнердің дамып, көркеюінің 2 кезеңі болды: 

Б.д.д V-ІV ғғ Грекиядағы Периклден бастап, Демосфенге дейінгі кезең; 



Б.д.д 1 ғасыр - Римдегі Цицерон заманы. 

Шешендік  өнер  ғылым  ретінде  Риторика  деп  аталады.  Зерттеушілердің  пікірінше, 

риториканың негізін салған грек софисі Протогор болған. Протогор өз кезіндегі Сократ, 

Платондармен  замандас  болған.  Ол  бірінші  рет  софистер  арасында  сөз  айтысын,  пікір 

таласын ұйымдастырған, өзі де сөз сайысына түскен шешен. Ол кезде «Софист» - дана, 

Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе 

 


кемеңгер  деген  мағынада  қолданылған.  Протогордың  ақылды,  ойшылдығын  ежелгі  грек 

философы  Демокрит  байқап,  оны  философияға  баулыған.  Софистер  Грекияда  ерекше 

бағаланған.  Софистерді  дайындайтын  арнайы  мектептер  болған.  Софистер  шешеннің 

негізгі  мақсаты  -  тыңдаушыларды  ортақ  пікірге  ұйыту,  ортақ  шешімге  келтіру  дейді. 

Софистік  ағымның  кемшілігі  -  әсерлеп,  әдемілеп  сөйлеуге  әуестік  болды,  желбуаз 

шешендік болды. 

      

Ежелгі  Грецияда  б.д.д.  V-ІІІ  ғасырларда  атақты  он  шешен  шыққан.  Олардың  ішінде 



Лисий  мен  Исократтың,  Демосфеннің  есімдері  ерекше  аталады.  Демосфеннен  170 

қолжазба, 60 шешендік сөз, 56 жазба сөз, 6 хат сақталып жеткен. 

          

2) Шешендік өнер Грекиядан кейін Римде дамыды. Онда Красс, Анатия, Гортенция 

бастаған  ондаған  атақты  шешен  қолбасшылар,  қоғам  қайраткерлері  шықты.  Әрі  шешен, 

әрі  қоғам  қайраткері,  философ  Цицерон  шешендік  жайындағы  ғылымды  дамытуға  көп 

еңбек  сіңірді.  Оның  «Шешендік  өнер  туралы  үш  трактат»  деген  еңбегінің  мәні  өте  зор 

болды. 


«Риториканың  Римдік  теориясын»  жасаған  Марк  Фабий  Квинтелиан  болды.  Ол  -  Римде 

шешендік  мектептің  негізін  салушы  бірінші  ұстаз.  Квинтелианның  басты  еңбегі  -  12 

кітаптан  тұратын  «Шешендік  өнер  тәлімі»  еңбегі.  Онда  ежелгі  Греция  мен  Римдегі 

риторика  ілімінің  тәжірибелері  жинақталып,  жүйеленген.  Квинтелиан  «Шешеннің  білімі 

туралы»  деген  трактатында  шешенге  білім-білік  пен  адамгершілік  парасат  керек  дейді. 

Квинтилиан, негізінен, Цицеронның принциптері мен нормаларын, көне грек риторикасы 

дәстүрлерін  жалғастырып,  дамытты.  Ол  риториканьщ  теориялық  және  практикалық 

мәселелерін егжей-тегжейлі талдады. Сондай-ақ шешендерді тәрбиелеу хақында, дарынды 

шешендер,  жазушылар  туралы  құнды  пікірлер  айтқан.  V  ғ.  соңында  кұл  иеленуші  Рим 

империясының  құлауы  феодалдық  формацияға  өту  кезеңнің  бастауы  болды.  Ерікті 

азаматтардың  тең  құқылы  қатынасы  сеньорлар  мен  вассалдардың  иерархиялық 

субординациясымен алмастырылды. 

 

3) 


Жаңа  кезең  әлеуметтік-экономикалық  өмірдің  барлық  салаларында,  соның  ішінде 

шешендіктануға  да,  елеулі  өзгерістер  әкелді.  Үкім  айтар  басты  жанр  ретінде  негізгі 

ерекшелігі догматизм мен схоластика болып есептелетін шіркеулік діни шешендік танылды. 

Христиандық  шіркеу  өз  сөзін  шектеусіз  баршаға,  бай  манапқа  да,  кедей  шаруаға  да 

арнады.  Шіркеулік  үгіт-насихат  ауызша  бұхарлық  қарым-қатынастың  ең  көп  көлемде 

таралған  формасы,  әрі  саяси  насихаттың  басты  құралы  болды. Үгіт-насихаттың басым 

бөлігі  адамгершілік  және  әлеуметтік  тәртіп  нормаларын  сәйкесінше  бекіте  түсетіндей 

идеологиялық сұраныстарға дөп келді. 

 

Насихаттау ісі шешендік шеберліктің мейлінше жоғары деңгейде   болуын   талап   



етті.      Үгіт-насихаттың      негізінде  антикалық  шешендіктану  мен  формальды  логиканың 

негізгі  нормаларын,  ежелгі  шешендердің  тәжірибесін  қабылдаған  орта  ғасырлық  

шешендік өнер дами  түсті.  Діни  тонмен керілген орта ғасырлық шешендік өнер жаңа 

сапаға  да  ие  болды.  Түр  жағынан  өзгерістің  болуы  алғашқы  кезекте  діни  догмалық 

форманың  абсолютті  беделге  ие  болуымен  байланысты.  Насихатшы  не  туралы 

айтса да, оған Қасиетті  жазу өз ойы мен түйіндерін байланыстыра қарады. 

Шіркеулік  үгіт-насихат  аясында  дін  сөзін  уағыздаушы  ірі  шешендер  өсіп  жетілді. 

Атақты Иоанн Златоуст - византиялық дүлдүл уағыздаушы. Златоуст деп аталуының өзі 

шаршы  топ  алдында  сөз  сөйлеуге  құрметпен  қаралғандығына  және  тыңдаушыларға 

сөз сиқыры арқылы әсер ете білуші адамдардың жоғары бағаланғандығына дәлел. 

Еңбектері    арқылы   гомилетиканың-шіркеулік    (діни) шешендік теориясының негізін 

қалаған орта ғасырлық атақты шешендердің  бірі  - Фома Аквинский  (1225-1274).  Бұнда 

алғашқы  кезекте  сөздің  формасына,  сыртқы  әдемілігі  мен  мәлімет      тығыздылығына   

мән   беріліп,   басты   ұстанымы ретінде   сендіру   емес,   көндіру      алынады.   Орта   

ғасыр  шешендіктануының  маңызды  қолданыс  амалдарының  бірі  адамдардың  санасы 

мен  сезіміне  баса  әсер  ету,  оларды  психикасы  мен  түсінігіне  бойлау.  Осы  кезеңдегі 

Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе 

 


шешендік  сөздің  тиімділігі  мен  әсерлілігі  уағыздаушы-насихатшының  тап  осы  білік-

дағдысының болуымен сипатталады. 

Шешендіктанудың  осы  түрі  Батыс  және  Орталы  Еуропаның  барлық  елдерінің 

мәдениетіне  ерекше  әсер  етті.  Себебі  оның  таралуына  тілдік  кедергілердің  болмауы 

қалыпты жағдай жасады. Уағыздар тек латын тілінде ғана оқылды. 

Антикалық риторикадағы сияқты Қайта өрлеу мен Ағарту дәуіріндегі шешендік өнер 

туралы еңбектерде сөйлеу техникасына, шешен мәнеріне, дене, бет қимылдарын орынды 

үйлестіруге салмақты түрде назар аударылды. Леонардо да Винчи пікіріне сүйене айтсақ, 

«қашан  да  үздік  шешендер  белгілі  бір  мәселеге  тыңдаушыларының  көзіне  жеткізе 

иландыру үшін өз сөздерін мағыналы қол қимылдарымен қолдап отырады, десек те кейбір 

жекелеген ақымақтар осыншама сөз ұғындыруға септесер «демеулерді» қолдануды мүлдем 

естен шығарып, мінбеде тұрған ағаш мүсін іспеттес көрінеді». 

 

[gl] 3-


апта. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет