Дәріс мақсаты: Шешендік сөзге қойылатын негізгі талаптарды көрсетіп, қазіргі
шешендік сөздердің топтастырылуы жайында түсінік беру.
Дәріс мазмұны: Шешен сөзі қазақ тілінде өте ертеден қолданылып келеді. Бұл сөздің
мағынасы көпшілік алдында шешіліп сөйлейтін, түйінді мәселелерді шешетін данышпан,
ақылгөй, дана адам деген ұғымдармен төркіндес. Шешен сөзі қазақ тілінде айтқыш,
тапқыр, суырып салма, ділмәр, қызыл сөзге жүйрік деген сөздермен қатар қолданыла
береді. Қазіргі қазақ тілінде шешен деген сөз көп мағыналы: 1) шешендік өнермен
айналысатын адам; 2) жиналыста, т.б. көпшілік алдында сөйлейтін адам; 3) қызыл тілді
меңгерген, шешен сөйлеуге қабілетті адам. Шешен дегеніміз - мол біліммен, айшықты
әсем тілімен тыңдармандарына (оқырмандарына) әсер етіп, бір нәрсе туралы сендіріп, бір
нәрсеге ұмтылдыратын, сөзге тапқыр, ойы терең, білімдар адам. Кез келген адам шешен
бола ала ма? Бұл мәселе туралы әр түрлі таласты пікірлер бар. Біреулер шешендікті
алланың берген сыйы, жаратылыстан болады десе, екіншілері шешенге қажетті
қасиеттерді дамытудан, тәрбиемен, көп оқумен жетіледі дейді. Шешендік өнердің әйгілі
теоретигі М.Тулий Цицерон: «ақын болып туады, шешен болып шығады» деп, ұлы шешен
ақындыққа талантты боп тууы керек, ал шешендікке көп оқып, ізденіп, сөйлеп жаттығып,
күш-қуат жұмсап жетілу керектігін айтқан. А.Ф.Конидің пікірінше, шешендік пен
көпшілік алдында сөйлей алушылық - екі түрлі нәрсе, шешендік адамның табиғатынан
болатын болса, ал көпшілік алдында сөйлеу тәжірибе жинақтаудан, сөйлеп жаттығудан
келеді. Көне грек шешені Демосфеннің тумысынан шешен болмағанын, шешендікке
табандылығы, еңбекқорлығы арқасында жеткенін айтуға болады. Цицерон да жастайынан
талантты болған, көп оқып, көптеген ғылымды меңгерген, еңбекқорлығының арқасында
замандастарының арасында зор беделге ие болды. Ұлы шешендердің өмірінен
байқағанымыздай, шешендер көп оқыған, әр түрлі ғылым саласынан білімдар адам болуы
керек. Шешеннің жеке бас қасиеттері де маңызды роль атқарады. «Шешендер туралы»
еңбегінде Цицерон шешеннің үш түрі бар екенін айтады. 1) айтқан ойын қатаң тәртіппен,
байыпты талдаумен, салқын қандылықпен ұсынатын шешен; 2) аудиторияның сезіміне
әсер етіп, белгілі бір ассоциациялар тудыратын көркемдегіш-бейнелеуіш элементтерді
көбірек пайдаланатын қызуқанды шешен; 3) ретіне карай жоғарыдағы екі стильдің де
элементтерін шебер қолданатын шешен.
Шешен адам тыңдаушыларына әр түрлі жолмен әсер ете алады. Кейбір шешендер
тыңдаушыларын дауыс күшімен, айқындылықпен, ойдың тереңдігімен, дәлелдеу
шеберлігімен, логика мықтылығымен баурайды, кейбіреулер өзгеде жоқ эмоциональдық,
экспрессивтік касиеттермен, образды, көркем сөйлеуімен ерекшеленеді.
Шешендік өнерге қатысты әдебиеттерде шешендерді былайша бөледі: шешендік өнерде
пікірдің ойлылығын негізгі тәсіл ретінде алатын шешендер, өзінің эмоциональдылығымен
әсер ететін шешендер. Академик И.П.Павлов адамда жоғары нерв қызметінің екі түрі -
көркемдік және ойшылдық бар екенін айтқан. Жоғары нерв қызметінін қай түріне
жататынына қарай адам әр түрлі сөйлейді, осығын байланысты эмоциональды сөйлеу
және логикалы сөйлеу туындайды.
Әйтсе де, әрбір сөйлеу әрі логикалы, әрі эмоцианальды болуы керек. Егер сөйлеуші
қызықсыз, ойсыз әңгімені жоғары эмоциямен, көтеріңкі пафоспен айтса,
тыңдаушылардың ашуын туғызады. Әуелгі кезде тыңдаушылардың назарын өзіне
аударуы мүмкін, кейін тыңдаушы сөздің мазмұнынан іліп аларлық ештеңе
таппағандықтан кейін айналады.
Керісінше, мазмұнды, логикалы сөзді ешбір қызығушылықсыз, эмоциясыз, бірқалыпты
үнмен баяндаса, шешен тыңдаушысын жалықтырады. Сонда, ең жақсы шешен - Цицерон
айтқан үшінші шешен.
2.
Қазіргі шешендік сөйлеу монолог түрінде де, диалог түрінде де болады. Монологтық
сөйлеу – дәстүрлі ақыл, өсиет, бата, тілек, үндеу түрінде ертеден келе жатқан сөйлеу түрі.
Монологта белгілі бір тақырыпта баяндау, әңгімелеп беру жүзеге асырылады (көпшілік
алдында сөйленген сөз, баяндама, лекция), Онда адамның ойы, көзқарасы, көңіл-күйі анық
Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе
байқалады. Жұртшылыққа жағымды әсер етуді көздегендіктен және алдын-ала
дайындалғандықтан, монолог мағыналы болады және шешен тілде сөйленеді.
Тыңдаушылар тарапынан сұрақ қоюшылар мен пікір айтушылар болуы мүмкін, бұл
жағдайда жауап беруге тура келеді, сөйтіп монолог пікірталасына ұласады. Пікірталас
іскерлік қатынаста көп қолданылады. Іскер адамдар өз ойларын түсіндіре, дәлелдей алуы
керек, сондықтан олар жан-жақты біліммен қоса, пікірталас шеберлігі мен мәдениетін
жете меңгерулері қажет. Пікірталас қоғамды дамытады, демократияны алға бастырады.
Пікірталас көзқарастар қайшылығы бар жерде туындайды. Пікірталастың бірнеше түрлері
бар: пікір алмасу, ойталқы, пікірсайыс, ойбөліс, сөзталас, айтыс. Әрқайсысының өзіндік
мақсаты мен ерекшелігі бар.
Пікіралмасу (лат. discussio- зерттеу, талқылау, талдау) көпшілік арасында өтеді. Мақсаты -
әртүрлі пікірлерді салыстыра келе шындық пікірге жету, мәселенің шешімін табу.
Дұрыстыққа көз жеткізудің ең тиімді тәсілі, оған қатысушылар бір шешімге келеді.
Ойталқы (лат. disputatio
-
ой жүгірту, жарыссөз, айтыс) - ғылыми және қоғамдық мәні бар
тақырыптардың төңірегінде көпшілік арасында өтетін сөз жарысы. Мұнда да сөз
жарысына қатысқандар белгілі бір пікірге тоқтайды. Қатысушылар арасында пікір
алшақтықтары бола береді. Бір мәселе жайында әр түрлі көзқарас, пікірлер талқыға түседі.
Пікірсайыс (грек - роlеmіkоs
-
жаулық, дұшпандық) табиғаты өзгешелеу. Бір мәселені
талқылау мақсатында жиналыстарда, баспасөзде орын алатын сайыс. Көзқарасқа қарсы
тұрушылық, идеядағы бітіспестік. Мақсаты - қарсы жақты жеңіп шығу, өз пікірінде қалып,
соны бекіту. Пікіралмасу да, ойталқы да, пікірсайысы да бұлтартпас дәлелдерге, ғылыми
аргументтерге сүйенеді.
Пікірталастың ойбөліс, сөзталас, айтыс деп аталатын түрлері табиғаты жағынан бір-біріне
жақын. Бұларда пікірталасына түскен адамдардың арасында сыйластық, түсіністік орын
алады. Ойбөліс (фр. деbаt - айтыс, жарыссөз) көпшілік алдында екі адамның не екі топтың
бірдеңе туралы ой-пікірлерін ортаға салуы. Ойбөлісте пікір алшақтығы болғанмен, ол
түсіністікке негізделеді.
Сөзталас (орыс. прения - қандай да бір мәселені көпшілік алдында талқылау) ойбөліс
сияқты баяндамаларды талқылағанда, хабарламалар жасағанда, конференциялар мен
жиналыстарда орын алады. Ойбөліс екі адамның арасында да орын алады.
Айтыс (қазақ. - сөз жарысы, өнер жарысы) екі адамның да, көпшілік арасында да жүзеге
асады. Айтыс ақындарының тілі төгіле жөнелетін шалқыма шешендікке негізделеді.
Ақындық айтыстардың шешендік сөзге жататындығы оның тек қана шындықты
айтатындығында, айтыста қоғамдағы, тұрмыс-тіршіліктегі орын алған кемшіліктер
айтылады, жақсылықтар мақталып, үлгі-өнеге етіледі. Сондықтан, айтыста әлеуметтік үн
болады. Айтыс тыңдаушы, сыншы жұрттың алдында өтеді, бұның өзі айтыс ақынынан
қиыннан қиыстыратын шеберлікті, мол білімді, алғырлықты, тапқырлықты талап етеді.
Пікірталастың қай түрінде болмасын сайысшылар пікірталас мәдениетін білулері керек,
ол пікірталастың нәтижелі өтуіне көмектеседі, табыс әкеледі. Алдымен пікірталастың
тақырыбын біліп алулары керек. Қандай пікірталас болмасын, тақырыбы анық болғанда
ғана сәтті болады. Тақырып дегеніміз - талқыға түскен мәселенің аты және сөйленетін
сөздің негізгі мағынасы, мазмұны, түйіні. Сайысшылар пікірсайысына түспес бұрын сол
тақырыпқа көзқарастарын анықтап алады, демек оған қалай қарайтыны, қолдайтын,
қолдамайтыны белгілі болуы керек. Егер бұл мәселеде нақты көзқарас болмаса,
пікірталасқа түсіп, абырой табу екіталай. Сайысшылардың пікірі әр түрлі болғанымен,
ортақ шешім шығаруға, шындыққа көз жеткізуге ұмтылу керек.
Пікірталаста ой мен сөз бірлігі - жеңіске жеткізетін кұрал. Пікірталастың тақырыбына
қатысты ұғымдарды анықтап, қажетті сөздер мен терминдерді дәл тауып алу қажет. Әйтсе
де, ғылыми терминдерді шектен тыс қолданбаған жөн. Пікірталасқа түскендердің бәріне
ортақ колданылған сөздер түсінікті болуы керек.
Пікірталас мәдениетінде қарсыласын қүрметтеу, пікірін сыйлау, оны сабырлылықпен
тыңдау - маңызды нэрсе. Қарсыласынын сөзіне нанымды дәлелдермен тойтарыс беруге
Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе
болады, бірақ дөрекі сөздермен, мазақ күлкімен жәбірлеуге, дауыс көтеріп ұрысуға мүлде
болмайды. Басқалардың көзқарасын құрметтей білу - ойлы, ақылды, білімді адамдардың
ісі. Сыйлы қарым-қатынас, қарсыласының пікірі мен көзқарасын түсінуге тырысу - даулы
мәселелерді жемісті талқылауға кажетті алғы шарт болып табылады. Сондықтан барлық
мәселеге бірдей қарсы шығуға болмайды. Қарсыласының кейбір пікірімен келіскен де
пайдалы. Келісе отырып, бүл дәлелдердің пікірталас тақырыбына қатысы жоқ екенін
ескертуге болады. Сөйтіп, өз көзқарасыңның дұрыстығын қорғап қалуға болады. Қарсы
жақтың келтірген дәлелдері орынды болса, оған қарсы шығудың қажеті жоқ. Қасарысқан
қыңырлық ешқашан пікірталаста нәтиже бермейді.
[gl] 10-
апта.
Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық.
Дәріс жоспары:
1. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындалу.
2. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы.
Дәріс мақсаты: Аудитория алдына шығар алдындағы дайындық мәселелері туралы айту,
көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын түсіндіру.
Дәріс мазмұны: Сөйлеуге дайындықтағы басты талаптардың бірі - өзіңе деген
сенімділікті қалыптастыру. Сөйлер алдында шешен көп жағдайда қатты толқиды, тіпті
тыңдаушылармен кездесуден корқуы да мүмкін, өзіне-өзі сенімсіздік білдіреді. Неміс
зерттеушісі Отто Эрнст «Сізге сөз берілді» деген еңбегінде көпшіліктің алдындағы
қорқыныштың себептерін ашып, одан құтылудың жолдарын көрсетеді. Оның пікірінше,
қорқыныштың себебі - шектен тыс ойлап қайғыру. Мұндай жағдайда сөздің мазмұнына
ғана көңіл аударып, іс жайында гана ойлануды ұсынады. Шешен өзінің сөйлеуге жақсы
дайындалғанын, сондықтан тыңдаушыларға пайдалы және маңызды нәрселер айтатынына
өзін сендіруі керек дейді. Тәжірибесі жоқтарға мүмкіндік туған кезде өзі сөз сұрап алып,
сөйлеп үйрену керектігін айтады. Яғни, шешенге психологиялық дайындық керек.
Сөйлеуші өзінің көңіл-күйі мен сезімін билей алуы керек. Шешен сөйлеуге жете
дайындалмағандықтан да қорқуы мүмкін. Лекцияға жақсы дайындалған кезде ғана шешен
өзіне сенімді болады. Материалды қаншалықты жақсы білсе, соншалықты аз толқиды.
Сөйлеуге дайындықта шешеннің өз білімін көтеруі манызды роль атқарады. Өз білімін
көтеру дегеніміз - жаңа біліммен толықтыру, ғылым мен техника жайында мәліметтер
жинау, баспасөз, радио-телехабарлардың мәліметтеріне қанық болу, көркем әдебиет пен
ғылыми кітаптарды көп оқу.
Жаңа білім-ғылымға үнемі құштар болу, өзіне өзі үнемі қанағаттанбау - шешенді
табысқа жеткізетін құрал. Газет-журналдардың қиындылары, түрлі әдебиеттер,
энциклопедия-сөздіктер, радио-телематериалдар, мақал-мәтелдер мен қанатты, өнегелі
сөздерді жинастырып отыру арқылы өз кітапханаңды қалыптастыруға болады. Сөйленетін
сөз мазмұнды болу үшін бірнеше еңбектерді пайдаланған дұрыс.
Күнделікті дайындык шешенді шығармашылыққа бейімдейді, ауызша және жазбаша
сөйлеудің мәдениетін көтереді. Дұрыс, айқын, дәл, түсінікті, таза және образды,
эмоциональды сөйлеуге жаттығу күнделікті дайындықта орын алуы тиіс. Күнделікті
дайындық дегеніміз іскер адамдар және білімді топ арасындағы маңызды әңгімелер мен
сөйлесулерге қатысу, достар мен туыстар арасында туындаған мәселелерді талқылауға
белсене қатысу, семинар, практикалык сабақтарда сөйлеу жатады. Жаңа бастаған
шешендер үшін өздерінің жазу стилін қалыптастыруда хат жазу ісі жақсы мектеп бола
алады. Хаттарда тек тұрмыстық сипаттағы жайларды ғана емес, әлеуметтік мәселелерді де
қамтып отыру қажет.
Шешендердің сөйлеу әрекетіне талдау жасай білу - шешендік тәсілді меңгерудің бір
жолы. Жиналыс, конференцияларда сөйленген немесе радио, теледидардан тыңдаған
шешендердің сөйлеген сөздерінің тек мазмұнына ғана көңіл аударып қоймай, материалды
беру тәртібіне, тіл шеберлігіне, сөйлеу құрылымына, шешендік әдістерге де көңіл бөлген
жөн. Шешеннің сөйлеуінде не ұнады, не ұнамады, қай сөздері сәттілікке жеткізді,
Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе
қайсысы сәтсіздікке ұшыратты дегендерге талдау жасау керек. Әсіресе, шешеннің
аудиториямен қарым-қатынасына, өзін-өзі ұстауына назар аудару керек. Мысалы,
Демосфен шешендердің сөзін көп тыңдаған, естіген сөздерін жүйесін бұзбай қайта айтып
шығатын болған. Өзіне ұнамаған жерлерін түзетіп, қайта құраған. Сәтсіздікке ұшыраған
шешендердің сөздеріне талдау жасап, себебін анықтап отырған. Сәтті қолданған сөздерді
жазып алып, кейін өз сөзінде қолданып отырған. Осылайша, шешендердің сөздеріне
талдау жасау арқылы өзі де үйренген.
Көпшілік алдында сөйлеу әдістемесін меңгеру - күнделікті дайындықтың бір бөлігі.
Дайындық кезеңінде шешендердің қызметі қандай сатылардан тұрады, сөйлейтін сөзді
қалай орналастыру керек, тыңдаушылармен кездесуге қалай дайындалу керек,
аудиторияны меңгертудің қандай амалдары бар екенін жақсы білу шарт.
Дайындық сөйлейтін тақырыпқа, сөйлеудің мақсаты мен міндеттеріне, аудиторияның
құрамына, тақырыптың өзіндік ерекшеліктеріне т.б. тікелей байланысты.
Тақырыпты анықтауда ең қажеттісі - сөйленетін сөздің өзіңе де, тыңдаушыларға да
қызықты әрі өзекті болуы. Тақырып қысқа, нақты, айқын болуы кажет, ол
тыңдаушылардың көңілін аударатындай болуы тиіс. Тақырып жалпылама әрі түсініксіз
болса, тындаушыларды қызықтырмайды, кері әсерін туғызады. Тақырып шешеннің
сөйлеуге дайындык кезінде есінен шықпай толғандырып отырады. Шығармашылық
әрекеттің үш түрлі - материал жинау, жиналған материалдарды қорыту, қорытылған
материалды жазу кезеңдерінде тұтас желі болып тартылып отырады. Кез келген сөйлеуге
дайындық тақырыпты анықтаудан басталады. Таңдалған тақырыптың сөзбен өрнектелуі
де маңызды. Атаудың жалпылама болуынан да қашу керек, жалпы атау көптеген
сұрақтардың тууына әкеліп соғады, сөйлеуші оның бәріне бірдей жауап бере алмауы
мүмкін. Тақырыптың маңызы идеяға, өмірлік өзекті ойға арқау болуына байланысты.
Тақырып - шешен қозғаған өмір құбылысы болса, идея - сол өмір құбылысы туралы
шешеннің айтпақ ойы, көзқарасы, берер бағасы. Көпшілік алдына шығатын шешен
ұсақтамай, өмірдегі ең басты нәрселер туралы ойлауы, ең мәнді мәселелер туралы жазуы
керек.
Мақсатты тұжырымдау - сөйлеуге дайындық кезінде сөйлеудің мақсатын айқындау деген
сөз. Сөйлеуші қандай максатпен сөйлеп тұрғанын анық көрсетуі керек. Егер сөйлеуші «Не
үшін сөйлеу керек?» дегенді ойламаса оның табысқа жетуі киын. Сөйлеуші өзінің алдына
мақсат койып қана қоймай, тыңдаушылардың мүддесіне қатысты мақсатты да айқындау
керек. Айқын мақсат қоя білу шешен сөзін қабылдауды жеңілдетеді, тыңдаушылардың
назарын аударуға көмектеседі.
2. Көпшілік алдында сәтті сөйлеп шығу үшін материал жинаумен бірге, ол
материалдарды қалай орналастыруды ойлау керек, Ол үшін сөйленетін сөздің құрылымын
түзу, сөздің жүйесін анықтау маңызды.
Сөздің құрылымын түзуде әуелі жоспар жасау керек. Жоспар дегеніміз -мазмұнның
қысқаша бағдарламасы, жинақталған, содан кейін сұрыпталған материалдардың орналасу
тәртібі. Жоспар негізгі тақырыптан ауыткып кетпес үшін, ой желісі бұзылмай, бір
мәселеден екінші мәселеге жүйесіз көшіп кетпеу үшін қажет. Жоспарда бір тақырыптың
төңірегіндегі қозғалатын мәселелердің қайсысы негізгі, қайсысы көмекші екенін
ажыратып, неден кейін нені айту керек, қайсысына қанша уақыт бөлу керектігі ескеріледі.
Жоспар жасалғаннан кейін сөйлейтін сөздің құрылымы түзіледі. Ауызша және жазбаша
сөйлеудің ең көп таралған құрылымы үш бөліктен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім,
қорытынды. Әрбір бөліктің өзіндік ерекшелігі бар. Әсіресе сөздің кіріспесі мен
қорытындысына баса көңіл бөлу керек.
Кіріспе. Шешен сөзінің басында тыңдаушыларды қаншалықты кызықтыра алса,
соншалықты табысқа жетеді. Кіріспе сөз қызықсыз болса, тақырыпқа тыңдаушылардың
көңілін аудара алмайды. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, тындаушылар үшін
маңыздылығы, айтылу мақсаты және тақырыптың қысқаша тарихы баяндалады. Кіріспені
қызықты мысалдармен мақал-мәтелдермен бастауға болады, аудиторияны қызықтыратын
Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе
тақырыпқа қатысты оқиғаларды әңгімелеу де ұтымды болмақ. Кейде тыңдаушылардың
көңілін аудару үшін сұрақ қойып бастауға да болады.
Негізгі бөлім. Тындаушылардын қызығушылығын сөздің аяғына дейін сақтау үшін
кіріспе бөлімнің мәні үлкен әрі сөздің негізгі құнары, ойы осы бөлімде айтылып,
дәлелденеді. Негізгі бөлімде материалдың мазмұны түсіндіріледі, дұрыстығы
түсіндіріледі, ұсынылатын идеяға көз жеткізіледі, басты сауалдарға жауап беріледі. Негізгі
бөлімге енген материалдар жүйелі орналасқанда бірінші ой екіншісін жетелеп отырады.
Қорытынды сөз. Кез келген сөздің маңызды бөліктерінің бірі - қорытындысы. Сенімді
және сәтті жасалған қорытынды сөз тыңдаушылардың есінде ұзақ қалады, жақсы әсер
тудырады. Сәтсіз қорытынды жап-жақсы сөйленген сөздің шырқын бұзады. Қорытынды
кіріспеде айтылған әңгімемен байланыстырылған жөн. Кіріспе мен қорытындыда
айтылған сөз жұрттың есінде ұзақ қалады дейді зерттеушілер. Қорытындыда шешен
кіріспеде айтылған мақсатқа қайта оралып, негізгі бөлімде айтылған ойлардан түйін
шығарады, тыңдаушылардың алдына нақты міндеттер қояды. Сөйлеушінің соңғы сөзі
әсерлі болуы керек, тыңдаушыларды белсенді әрекетке шақырып, тиімді іске
жұмылдыруы қажет. Кейде қорытынды сөз тыңдаушыларды рухтандыру, жігерлендіруі
үшін ұран түрінде де айтылуы мүмкін.
Сөйлейтін сөзді жазып дайындау немесе жазбау мәселесі туралы талас пікір бар.
Ежелгі грек, рим шещендері Цицерон, Демосфендер сөйлеуге әрқашан жазып
дайындалған. Басқа елдерде, қазақтарда да дайындықсыз, табан астында тауып, төгілтіп
сөйлеген шешендер де көп болған. Қазіргі шешендікте сөйлеуге жазбаша дайындалу
шешеннің ойын ретке келтіреді, мазмұнда жүйелілік қалыптастырады, басы артық нәрсені
айтпауды үйретеді, ойдың қайталануына жол бермейді. Айтылған сөзді қайтып ала
алмайсың, ал алдын-ала жазылған сөзді сызып жөндеуге болады.
[gl] 11-
апта.
Шешендік сөздің сапалық белгілері.
Дәріс жоспары:
1. Шешендік сөздің сапалық белгілері.
2. Шешендік сөздердегі көркемдік құралдар
Дәріс мақсаты: Студенттерге шешендік сөздің сапалық белгілерін түсіндіріп, шешендік
сөздердегі көркемдік құралдар туралы айту және нақты мысалдардан оларды таба білуге
дағдыландыру.
Дәріс мазмұны: Шешендік сөздің мазмұндылығы. Шешендік сөз ақыл-парасатқа
негізделсе мазмұнды болады. Шешендік сөздің мазұндылығы сөйлеушінің ақыл-ой
дәрежесіне, жан-жақты біліміне байланысты. Шешендік сөздің теориясын жазғандардың
бірі Цицерон шешен болу үшін жан-жақты білім керектігін айтқан. Оның өзі ғылымның
барлық салаларынан хабардар болған. Сондықтан кез-келген тақырыпта еркін сөйлеген.
Мазмұнды сөз тыңдаушылары мен оқырмандарын ләззатқа бөлейді, қуаныш әкеледі, жаңа
білімдермен толықтырады.
Қазіргі кезең - ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманы. Бүгінгі әдеби
тіліміз ғылыми терминдерге бай. Өмірде болып жататын кұбылыстар мен оларға берілетін
түсініктемелер тілімізді сөздер, сөз тіркестері арқылы беріледі де, қалың көпшілікке
терминдік атау арқылы тарайды. Терминдердің пайда болу, қалыптасу кезеңіне көз
жүгірте отырып, қоғамның дамуы, ғылымның өркендеуі, адамдардың ақыл-ойының өсу
дәрежесі туралы баға беруге болады. Әр түрлі мамандық иелерінің сөйлеу тілінде
терминдердің жиі қолданылуы заңдылық. Бірақ сөйлеушілер терминдердің мағынасын
дұрыс түсініп қабылдағанда, оларды орнымен жұмсай білгенде ғана шешендіктің
мазмұндылығы арта түседі.
Лебіз мазмұнды, әсерлі болуы үшін жалпылама сөйлеуден қашу керек. Сөздің
нақтылы, дәлелді болуын көздеген жөн. Бос сөз ешкімге білім бермейді, қайта
тыңдаушыны жалықтырады. Сөз мазмұнды болуы үшін алдын-ала дайындықта
мыналарды ескерген дұрыс:
Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе
кімдердің алдында сөйлейді? аудиторияны қандай мәселе қызықтырады? сөз мазмұнында
тың деректер мен дәлелдемелер жеткілікті ме? авторлык көзқарас, корытынды түйін бар
ма?
Сөздің дәлдігі, ойдың айқындылығы. Ой айқындылығы сөз колданыстағы дәлдікпен
тығыз байланысты. Сөз қолданыстағы дәлдік сөйлеушінің тақырыпты қаншалықты
меңгергендігімен, ойлау жүйесінің тереңдігімен, әдеби тілдің байлығы мен нормасын
жетік білумен өлшенеді. Сөз мағынасын жақсы білген адам әр сөзді орнымен жұмсайды.
Сөйлеуші сөздің табиғи мүмкіншілігін - тура мағынасын, көп мағыналылығын,
синонимдік, антонимдік, омонимдік қасиеттерін кең түрде пайдаланумен бірге, сөздерді
ауыспалы мағынада, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді қыбын тауып қолдана
білгені жөн.
Әдеби қолданыста әр түрлі мағынага ие болатын көп мағыналы сөздерді өз орнында
ұтымды колдана алса, ой мен ұғым дәлдігіне жетеді. Немесе мағынасы бір-біріне жуық,
мәндес сөздер болғанымен, синонимдер көп жағдайда бірінің орнына бірі жүре бермейді.
(Мысалы: дүние - бүкіл әлем, жер жүзі, өмір, тіршілік, мал, мүлік, көңіл-күй одағайы т.б.).
Синонимдер сөйлеуді көркемдеп, түрлендіреді, бір сөзді кайталай беруден арылтады. Ал
бір-біріне кереғар, қарама-қарсы мағынадағы антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде
жеткізудің оңтайлы кұралы болып есептеледі.
Күлемін де жылаймын, Жылаймын да күлемін. Неге ғана бұлаймын, Өзім ғана білемін, -
дегенде Қ.Аманжолов адамнын, жан дүниесінде болатын қүбылуларды дөп басып
бейнелейді.
Омонимдерді орнымен қолдану сөйлеуде логикалық қате жіберуден сақтандырады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер дәлдікпен
қолданғанда ойдың айқындығымен қоса, сөйлеу тілінің көркемдік деңгейін көтереді.
Міне, осылайша сөздерге мағыналық өң беріп, бейнелі тіркестер жасауда тіліміздің
мүмкіндігі шексіз. Шешен сөйлеуге талаптанған әрбір жан осыны ұмытпауы керек.
Тіл тазалығы. Таза сөйлеу - ой айқындылығының белгісі. «Тіл тазалығы дейтініміз,
-
дейді А.Байтұрсынов, - ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, ескірген
сөздерге жоламау, жергілікті сөздерден қашу...». М.Балақаев: «Таза сөйлеу дегеніміз - сол
тілдің жалпыға ортақ байлықтарын пайдаланып, «бөгде» сөздерді араластырмай сөйлеу», -
дейді. Бөгде сөз дегенде төл сөздер мен өзге тілден ауысып, тілімізге сіңісіп кеткен
сөздерді айтып отырған жоқ, ол сөздер бұл күнде қазақ тілінің нормасына айналып, жалпы
халықтық қасиеттерге ие болған. Тіл тазалығын сақтамау дегенде жеке адамдардың
шетелдік сөздерді, әсіресе орыс сөздерін орынсыз қолдануын айтады. Тіл тазалығы
керексіз, басы артық сөздерді қыстырып сөйлеуден де бұзылады. Сөйтіп, солай етіп,
жаңагы, нетіп, міне, сосын, құсап, яғни, жүдә секілді қыстырма сөздерді көп қолдану
сөйлеушінің сөзін кедейлендіреді, тыңдаушыларды мезі қылады, шешенді күлкіге
ұшыратады. Мұндай қыстарма сөздер сөйлеушінің қысылып-қымтырылғанынан, ойын
дұрыс жеткізе алмауынан, сөздік қорының аздығынан туындайды. Тіл тазалығын ойлау
шешеннің сөйлеу әрекетінің сапасын көтереді.
Белгілі бір топтар арасында колданылатын жаргон сөздер де тіл мәдениетіне кесел
келтіреді. Адам тіпті тұрмыстық қарым-қатынаста сөйлегенде де қарапайым, дөрекі,
тұрпайы сөздерді айтудан аулақ болуы керек. Сөйлеуші адамдардың ой-өрісінің кендігі,
салиқалы, салауаттылығы сөйлеу тілінен аңғарылады. Мәдениеті жоғары, білімді,
парасатты адамдар ауызекі сөйлегенде де әдеби тілдің нормаларын сақтап, тұрпайы,
дөрекі, былапыт сөздерді араластырмай, өз ойын мәдениетті түрде жеткізіп отыруға
дағдыланады. Сөйлеу мәдениеті жоғары адамдар жақсы өмір сүріп қана қоймайды,
шешендікке де қол жеткізе алады. Себебі, шешендік — тіл мәдениетінің жоғары формасы.
2.Сөздің таза, дұрыс, таза, анық, дәл айтылуының үстіне, лебіз көрнекті де көркем
болуы керек. Көркем сөз - көрікті ойдың көрінісі. «Шығарма тілі екі түрлі болады, - дейді
А.Байтұрсынов, - 1) ақын тілі, 2) әншейін тіл. Ақын тілі айрықша өң беріліп айтылған сөз,
әншейін тіл ондай өң берілмей, жай айтылған сөз. Ақын тілімен сөйлегенде, сөзге
Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе
айрықша өң берілгендіктен, лебіз көрнекті болып шығады. Әншейін тілмен сөйлегенде
сөзге өзгеше өң берілмегендіктен, лебіз сида, жалаңаш болып шығады. Әншейін тіл
көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтығын, тазалығын, дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің
дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекі, әуезді болу жағын да талғайды.
Лебіз көркемдігі тілдегі әр алуан көріктеу құралдары мен айшықтау тәсілдерін орнымен,
шеберлікпен қолдана алудан көрінеді. Олар: теңеу, кейіптеу, эпитет, метафора,
метанимия, синекдоха, параллелизм, антитеза, инверсия, кайталау, риторикалық сұрақтар.
Бұл көркемдеуіш элементтер шешендік сөздерді жай сөзден ажыратып тұратын тілдік
белгілер болып табылады. Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді орнымен қолдану ойды
бейнелі және түйіндеп жеткізудің құралы болса, троптар өмірдің шындығын, құбылысты
кісінің көз алдына елестететіндей етіп суреттеуге көмектеседі.
Ана тілімізді терең меңгеріп, оның астарлы сырларына үңілемін, шешендік өнерден тәлім
аламын деген жандар қазіргі шешендер сөзімен қоса, шешендік толғаулар мен билер
сөзінің көркемдігіне назар аударғандары жөн.
Көріктеу (эпитет) - бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсердей етіп айтқысы
келіп, ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей сөз қосып айту. Қазыбек бидің:
Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт берекең атаң қымбат,
Аймалайтын анаң кымбат,
Мейірімді апаң қымбат,
Асқар таудай әкең кымбат,
Туып өскен елІң қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат, -
деген жауабындағы асқар тауың, туып өскен, кіндік кескен дегендер - әбден тұрақтанған
көріктеулер, ал алтын ұя, туып өскен, кіндік кескен дегендер - метафоралы көріктеулер.
Теңеуде екі жағдаят салыстырылады. Салыстырмалы мәнде берілген мағыналардың
қолданыла келе тұрақтылық сипат алуы фразеологизмдерде сақталған: тонның ішкі
бауындай, тайға таңба басқандай, тышқан алған мысықтай, т.б. Тілді көріктеу үшін
қолданылатын теңеулер нәрсенің бейнесін суреттеп көрсетеді.
Бейнелеу (метафора) — ауыстыру, суреттеп отырған затты не құбылысты өздеріне
ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау. Метафора деп А.Байтұрсынов бір нәрседе
болмайтын күйді екінші нәрседе болатын күйді көрсететін сөзбен айтуды айтады. Ол
ауысу екі түрлі болады: тіл ауысуы, лұғат ауысуы. Әдеттегі ауысу тілдік болады да,
айтушының сөзіндегі ауысу лұғаттық болады дей келіп, тілдегі ауысуға мынадай
мысалдар келтіреді: суық сөз, жел сөз, қызыл тіл, ант ұрған, ми ашыған т.б.
А.Байтұрсынов келтірген бұл мысалдар фразеологизмге жатады, демек, тілдегі ауысу
лұғаттық сипат алады екен де, лұғаттык ауысу бейнелі қолданыс болып қалады. Олардың
ішінде тілдік даму барысында тұрақтылық сипат алатыны болады. Байдалы бидің
«Ағадағы мал - аспандағы мал, інідегі мал - індегі мал, баладағы мал - даладағы мал»,
«Сұраған адам - қайыршы, ұрлаған адам - қарақшы» дегенінде немесе Ә.Кекілбаевтьщ:
«Бүгінгі отаншылдық - төзім, бүгінгі ерлік - сабыр, бүгінгі елдік - тыныштық» дегенде
ұғымдарды теңдестіріп, бір-біріне балама етіп алып отыр.
Алмастыру (метанимия) деп арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып,
бірінің орнына бірін айту. Алмастыруда екі нәрсенің арасында белгілі бір байланыс
болады. Қолы шапшаң дегеннің орнына қаламы жүйрік, сөзуар дегеннің орнына тілі үзын
деу метонимияға жатады. Төле бидің Қазыбек биге жауап беруін қарасақ:
Алысыңыз қалай? - Алысым жақын болды. Тәттіңіз қалай болды? Тәттім шырын болды.
Несиеңіз қандай? Несием, шүкір, өніп жатыр, -дегенде екі бидің даналығы, сөзге
ұсталығы, сыпайылығы көрінеді.
Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе
Бернелеу (символ). А.Байтұрсынов бір нәрсенің, көбінесе адамның мінезін, құлқын,
ғамалын екінші нәрсенің мысалында көрсетіп айту бернелеу болады дейді. Қ.Жұмалиев
образ өз мағынасында емес, бейнелеу мағынасында айтылса, символдық образ немесе
символ деп аталады дейді.
Әсірелеу. Бір нәрсені өте асырып немесе өте кемсітіп айту әсірелеу болады. Бұндағы
мақсат - сөздің әсерін күшейту. Әсірелеу шешендік сөзде көп қолданылмағанмен, кейде
мақтауға кұрылған шешендіктің кейбір түрінеде кездеседі.
Меңзеу (синекдоха) - бір ұғымның орнына екінші ұғымның айтылуы. Бір нәрсенің
шеті, бүтіннің бөлшегі, көп ұғымның аз түйіні меңзеуге жатады. Шешендік сөзде
кездесетін меңзеу образдылыққа қүрылады, даналыққа негізделеді. Сырымның Мөңке
биге «алты шаңырақтың іргесі ажырамасын» деген батасының немесе «Жігіттін үш жұрты
бар» деген мақалдағы алты шаңырақ, үш жұрт дегендер меңзеуге жатады.
Әсерлеу деп сөздің әсерін күшейтіп сөйлеуді айтады. Әсерлеуге арнау, қайталау,
шендестіру, түйдектеу, бүкпелеу, кескіндеумен қоса, параллелизм, аллитерация мен
ассонанстар жатады. Шешендіктегі көп қолданылатын стильдік амалдың бірі - сұрай
арнау. Шешендік сөздердегі арнау көпшілікке қатысты әлеуметтік мәселелерді қамтиды
және жұртшылыққа ой тастау үшін айтылады.
Шешендік сөздегі қайталаулар белгілі бір стильдік мақсат көздейді, шешендік сипат
береді, айтылатын лебізді көркемдеуге қызмет етеді. Қайталанатын сөздер, сөз тіркестері
мен сөйлемдер негізгі ойға, айтылмак мәселеге көңіл аударып, көбірек назар салғызу үшін
ой екпінін түсіреді.
Дыбыстардың біркелкілігі - сөздердің құлаққа жағымды естілуі, сөйлемдердің үндесе
тізілуі арқылы сөйлеудің әуезді болуы үшін қолданылатын амал. Дыбыстың үндесуін
әдебиеттануда аллитерация мен ассонанс деп атайды.
Екі нәрсені қатар қойып, қарама-қарсы суреттегенде екеуінің айырмашылығы айкын
көрінеді. Сөздің әсерлілігін арттыру үшін шешен сөздерде бұл шендестіру (антитеза)
тәсілі жиі қолданылады. Байдалы бидің мына сөзіне назар аударайық:
Ағасы бардың, жақсы болса, жағасы бар, Жаман болса, інісіне жабар жаласы бар.
Інісі бардың, жақсы болса, тынысы бар, Жаман болса, ағасына берер жұмысы бар. Баласы
бардың, жақсы болса, панасы бар, Жаман болса, құдайдан берген пәлесі бар.
Сөйлегенде алдыңғы сөзіңнен артқы сөзіңнің куаты артып отырса, ол дамыту
(градация) болады. Дамыту күрделі ойды беруде қолданылады, бір ойдан екіншісі
туындап, бірінен екіншісі үстем болып отырады. Мысалы, Бәймен бидің Арыстан
билеушіге айтқан мына сөзі дамытуға құрылған: «Иә, төрем, сіз төрелікті аққа бермейді
екенсіз, қараға береді екенсіз. Қараға да бермейді екенсіз, параға береді екенсіз. Мен ел
жисам да, Жансүгірдей мал жимаған екенмін, мал жисам да, нар жимаған екенмін, нар
жисам да, аң жимаған екенмін»
Шешендік сөздердің артықшылығы - олардың қай-қайсысының да параллелизмге
құрылатындығында. Синтаксистік параллелизм - екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды,
сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу. Параллель жасайтын элементтер - салыстырмалы
ұғымдар, тұлғалас сөздер, жасалу жолы бірдей сөйлемдер, сөздік қайталаулар, ырғақ,
ұйқас. Шешендік сөздерде параллелизм, ең алдымен, ұйқасқа негізделеді. Мысалы, «Абай
жолындағы» мына үзіндіге қарайық: «Аз нені айтады? Көптен көрген қорлығын айтады.
Көп нені айтады? Азға жасаған зорлығын айтады».
Бұрынғы шешендік сөздерді сипаттайтын көркемдік белгілер осындай. Бұрынғы
шешендік сөздер мен қазіргі шешендер сөздерінің тақырыбы да, стильдік сипаты да,
қолданылатын орындары да бірдей емес. Әйтсе де, бұрынғы шешендік сөздер
такырыптық-мазмұндық жағынан, ақылға қонымдылығы, есті тәрбиелеуге бейімділігі
жағынан, тілінің қуаты, көркемдігі, мәнділігі жағынан үйретері көп үлкен мектеп.
Достарыңызбен бөлісу: |