Құрмалас сөйлемдер компоненттерінің бірінші компоненті оқиға, құбылысты жалпылау мəнінде хабарлайды да, кейінгі компоненттер оны айқындап, нақтылап, суреттеп хабарлайды, соның нəтижесінде компоненттер арасында атрибутивтік қатынас түзіледі.
Зат атауы мен оның белгісінің арасындағы байланыстан туындайтын бұл қатынас түрі құрмалас сөйлем компоненттері арасында өзіндік ерекшелікке ие
Компоненттер құрамында қандай (І) – сондай (ІІ) есімдіктер жұбы қолданылады немесе І компоненттегі қандай есімдігімен атрибутивтік қатынастағы есім сөздердің мəні екінші компонентте ашылады: Өзі қандай көрікті болса, сөзі де сондай келісті. Оның досы Ғафу қандай ақын болса, Ізтай сондай кем болмаған (Қ.Мұханбетқалиұлы)
Алғашқы компонент құрамындағы зат есімнің не есім мəнді сөздің сыны ретінде мынадай, сондай сөздері қолданылады да, келесі компонентте сол сөздердің мəні ашылады: Жаны сондай сұлу еді, қасына барып ерсі сөз айта алмайсың. Мынадай жағдай болады: сіз туған өлкеңізді көп кезесіз (З.Қабдолов). Мынадай қызық оқиға болған: түн ішінде бір бірімізді танымай амандаспаппыз.
Айқындауыштық
атрибутивтік
Тілдік мəнбірлер атрибутивтік қатынастағы құрмаластардың алғашқы компонентінің баяндауышы етістіктен, құрама баяндауыштардан жасалатынын да нақтылайды. Мысалы: Сондай оқиға біздің басымызда да болды, жап-жас екі қыз бас-аяғы он минуттың ішінде біраз қаражатымызды олжалап үлгерді (газеттен). Аз уақыт ішінде біраз өзгешеліктер болған: бір-бірімен таласа көп қабатты үйлер бой көтерген (газеттен). Асқар əкесі биік жардан құлап түскені туралы түс көріпті. түсінде əкесі биік жардан құлап түсіпті (З.Шашкин)
:
Алғашқы компонент құрамындағы заттық мəндегі бастауыштың анықтауышы ретінде мəні келесі компонентте ашылатын сын, мөлшер мəніндегі сөздер қолданылады:
Қазақ халқының шақырмасаң да баратын, қусаң да кетпейтін екі жиналысы бар: біреуі - сайлау, əсіресе болыс сайлауы (С.Шаймерденов). Ғажап оқиға болды: бір жарым айдай əн айтпаған Əміре шырқап еді, бəріміз жылап жібердік (М.Иманжанов). Өмірдің өз заңы бар екен, қуаныш пен қайғы үнемі алмасып жатады (Н.Ғабдуллин).