Құрмалас сөйлемдердің топтастырылуындағы функционалды ұстаным. Теңдік және айқындауыштық қатынастар


Философиялық еңбектерде болмыстағы бағыныштылық қатынас жалпылығы кемірек бір ұғым жалпылығы кеңірек бір ұғымның көлеміне кіруі негізінде түсіндіріледі



бет2/6
Дата06.10.2022
өлшемі82,5 Kb.
#41632
1   2   3   4   5   6

Философиялық еңбектерде болмыстағы бағыныштылық қатынас жалпылығы кемірек бір ұғым жалпылығы кеңірек бір ұғымның көлеміне кіруі негізінде түсіндіріледі.

  • Бұл қатынас синтаксистік аспектіде сабақтаса байланысқан сөз тіркестерінің еншісінде. Сабақтаса байланысқан тіркестерде екі компоненттің бірі басыңқы, бірі бағыныңқы болып қатысады.
  • Бағыныңқы позициядағы компонент басыңқы сыңарда аталған компоненттің түрлі белгілерін: сын сапа, мезгіл, себеп, бағыт, қимылдың бағытталу нысанын, объектінің жұмсалу нысанын, иелік т.б. грамматикалық мағыналарға құрылады.

Мысалы: Қонаға жауған қар кеше, түс ауа басылды.

  • Олар:
  • түс ауа басылды: қимылдық сапаның мезгілі, адвербиалдық қатынас
  • кеше басылды: қимылдық сапаның мезгілі адвербиалдық қатынас
  • қонаға жауған қар: заттың белгісі, сыны, атрибутивтік қатынас
  • Көріп отырғанымыздай, бірінші компонент екінші компонентке грамматикалық ұстыны жағынан тәуелді.

Иерархиялық тұрғыда коммуникативтік дербестігі бар келесі синтаксистік санат: ол құрмалас сөйлемдер.

  • Тілде құрмалас сөйлемдерді топтастырудың түрлі ұстанымдары бар. Соның бірі функционалдық ұстаным бойынша құрмалас сөйлемдер осы сипатта теңдік және айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдер деп топтастырылады, яғни болмыстағы айқындауыштық, бағыныштылық санат тілде, сөйлеуде осы құрылымдар негізінде репрезентацияланады.

Айқындауыштық қатынасқа құрылған сөйлемдер

  • сабақтаса байланысқан басыңқы//бағыныңқылық сипаттағы сөз тіркестері сияқты алғашқы сыңары бағыныңқылық сипатта келіп, басыңқы компонентке белгілі бір сөйлем мүшесі қызметі негізінде синтаксистік қатынасқа құрылады: олар өз ішінде субъект/ предикаттық, нысандық, атрибутивтік, адвербиалдық деп топтастырылады.

Күрделі құрылымды түзуде компоненттер арасында түзілетін синтаксистік қатынас алдыңғы орынға шығуы қажет

  • Бір кездері қазақ тіл білімінде Н.Сауранбаев таптастыруына негіз болған (А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбанов пікірлерімен үндес) Бағыныңқы сөйлемдер басыңқыдағы тұтас ойды айқындайды (анықтайды, толықтайды, пысықтайды), я болмаса сол басыңқыдағы бір тұрлаусыз мүшенің қызметін атқарады да, соның орнына жүреді” [4, 76 б.]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет