Құрмалас сөйлемдердің топтастырылуындағы функционалды ұстаным. Теңдік және айқындауыштық қатынастар


Айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдер. Профессор Т.Ермекованың топтастыруы



бет3/6
Дата06.10.2022
өлшемі82,5 Kb.
#41632
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4 лекция

Айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдер. Профессор Т.Ермекованың топтастыруы:

  • а) субъект-предикаттық қатынастағы құрмаластар; ə) атрибутивтік қатынастағы құрмаластар; б) нысандық қатынастағы құрмаластар.
  • В) адвербиалдық қатынастағы құрмаластар.

Субъект-предикаттық қатынастағы құрмалас сөйлемдер.

  • Субъект-предикаттық қатынас – сөйлемді ұйымдастырушы негізгі синтаксистік амал, ой білдірудің, мазмұнның жəне тема-ремалық мүшеленудің ұйытқысы.

Мұндай сөйлемдердің субъектісі не предикаты сұрау есімдіктерінен жасалады:

  • Кім сүйіспеншілікпен жұмыс істесе, сол кез келген жұмысқа поэзия ендіреді (Н.Г. Чернышевский). Кім тер төксе, сол алады. - Шіркін, Жетісудың табиғаты қандай, тау да, өзен-көл де, көк те, шөп те көп (“Парасат”).
  • Мысалы: Не көп, тор жайған аңшы көп (Ə.Тəжібаев). Осы күні ауылда не көп, жігіт көп (С.Мұқанов). Екінші компонентте алғашқы компонентте сұралған, ізделген субъектінің жауабы беріліп тұр. Кім сөзге алдырмаса, дауда сол жеңеді (С.М.). Бағаналы даугері дұрыс айтып отыр ғой, жорықты кім бастаса, жосыққа сол жауапты ғой (С.Б.)

Алғашқы компоненттің баяндауышы мыналар, мынау, мынадай, сол сияқты жалпылауыш мəндегі сөздерден, сілтеу есімдіктерінен жасалған түсіндірмелі мəнді сөйлемдер болса, келесі компонент оның мəнін ашып, предикаты секілді қатынаста тұрады.

  • Мұстафаның оларға қолданған шаралары мыналар: байталдың төрт сирағы төрт жылқы, бір жылқы – барлығы бес жылқы (С.Мұқанов). Саған ашып айтарым сол: (не?) мен осында қаламын (Ə.Əбішев). Саған қояр шартым мынадай: шаршадым деп айтпайсың.

Предикаттық қатынастағы құрмалас сөйлемдердің алғашқы компонентінің баяндауышы көбінесе сындық, сапалық мəнде (есім баяндауышты) болады да, оның мəні келесі компоненттерде ашыла түседі.

  • Əйелдер қызық: олар мықты жігіттің бойынан осалдық, осал жігіттің бойынан мықтылық іздейді. Шындық та у, бірақ ол өлтірмейді, емдейді (Қ.Мырза Əли). Оның бұтақтарының жиілігі сондай: бір ай нөсер жауса да, түбіне тамшы тамбайды (О.Бөкеев). Сақал-мұрты бар демесең, түптеп келгенде, осы Омардың өзі де жетім (Ғ.Мүсірепов). Алғаның жаман болса, көңілің жарым. Түрі жуас көрінгенімен, мінезі жаман. Мінезі жайсыз болса да, өзі сөзге тоқтағыш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет