Құрмалас сөйлемдердің топтастырылуындағы функционалды ұстаным. Теңдік және айқындауыштық қатынастар


Нысандық қатынастағы құрмалас сөйлемдер



бет5/6
Дата06.10.2022
өлшемі82,5 Kb.
#41632
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4 лекция

Нысандық қатынастағы құрмалас сөйлемдер.

  • Нысандық қатынастағы құрмалас сөйлемдердің ішінде салалас түрі қазақ тіл білімінде айтылып жүр. Профессор Р.Əмір салалас құрмаластың аталған түрінің құрылысына назар аударады. Бұларда құрмалас сөйлемнің екінші бөлігі алғашқысында нысан болып табылатын қатынастың қимылын, əрекетін білдіреді. Ғалым нысанды білдіретін компонент постпозициялық күйде болатындығына назар аударады. Ректорат мынаны ескертеді: екінші аб бүгіннен қалмай жабылу керек.
  • Айқындауыштық
  • нысандық
  • Бастарын көтеріп алғанда көрді: оң жақтан шалдың қойы құлап келеді екен (А.Нұрманов). Əсет енді ғана байқады: сонау бұрышта тығылып қана Бəзікен отыр екен (С.Мұратбеков). Əлгінде ет қызулықпен сезбепті: үскіріктің ащы зəрі күшейіп, кешкілікке қарай сары шұнақ аяздың құтырына түскен түрі бар (С.Мұратбеков).
  • Нысандық қатынастағы құрмалас сөйлемдердің тағы бір жолы – бір компонентінің сұраулы сөйлем формасында келуі. Мысалы: Көрер едің, Шаламын ба, отпын ба? Білер едің, Ақынмын ба, жоқпын ба?... (М.Мақатаев). Балалық өтті, білдің бе? Жігіттікке келдің бе? Жігіттік өтті, көрдің бе? Кəрілікке көндің бе? (Абай).
  • Академик М.Серғалиев нысандық қатынастың тек салаластар емес, сабақтастарға да тəн екендігін нақты мысалдармен дəлелдей келіп, компоненттер арасында жанама нысандық қатынастың да көрініс табатынын ескертеді: Сөйлемдердің ішіндегі объектілік қатынастар туралы да осыны айтуға болар еді, яғни құрмаластың құрамындағы бөліктердің арасында жанама объектілік қатынастардың болатынын жоққа шығару ретсіз»
  • Ғалым одан əрі аталған құрылымдардың нысандық қатынастағы сөйлем екендігінің дəлелі ретінде сабақтастардың салалас жəне жай сөйлеммен келетін синонимін ұсынады: Мені табанына салып, қолына не түссе, сонымен жосылтып сабап, соққыға жықты (С.О.).; Шынында тіршілік дүниесі неге үйренсе, соған дағдыланады ғой (З.Қ.). Салалас сөйлемдер: ...Қолына не түсті, сонымен жосылтып сабап...; Шынында тіршілік дүниесі неге үйренген еді, соған дағдыланады ғой. Жай сөйлемдер: ...қолына түскенімен жосылтып сабап...; Шынында тіршілік дүниесі үйренгеніне дағдыланады ғой» [61, 218 б.]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет