Құрметті жарысқа қатысушы оқырман!



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата29.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#121123
1   2   3   4   5   6   7
 

 
 
 
 
Ескі үйдегі естелік 
Анам туралы кӛп ештеңе есіме түсіре алмаймын. Шашымды тарап 
ӛріп беретіні, ән салатыны, даусы керемет әдемі екені ғана есімде 
қалыпты. Соған қарағанда анамнан тым жас қалған болуым керек. Ал 
әкем шешесіз жетім қалған үш баласын асырау үшін ауыр жұмыс 
істеп, қараңғы түскенде аяғын әрең сүйретіп, сілесі қатып шаршап 
оралатын. Осы күні шешемді баладан қайтыс болған сияқты кӛрем, 
ӛйткені кіп-кішкентай шақалақ сіңлімнің сүт сұрап қолды-аяққа тұрмай 
шыңғырып жылайтыны кӛз алдымда қалып қойыпты. Ондайда әкем 
бейшара не істерге білмей, жан тері шығып, шырылдаған баланы 
сарыала жаялығымен қойнына тығып алып, дәкеге нанды езіп, 
қоймалжың быламықты сәбидің аузына салатын. Бірақ ол ана сүтіне 
қайдан жетсін? Кейде біздің бӛпемізбен шамалас сәбиі бар кӛрші әйел 
келіп емізіп кететін. Ана сүтін құныға сорған сәби сәлден соң қара терге 
түсіп, беті албырап ұйықтап кетеді. Бірақ сәбиді рахатқа бӛлейтін 
мұндай сәт кӛп бола бермейді. Сӛйтіп әкемнің әзірлеген быламығын 
талғажау етіп, кішкентай сәби ӛсіп жатты. Ӛзі әлжуаз, кіп-кішкентай 


еді. Кіп-кішкентай болса да сезімтал сәби жаулық тартқан әйел адамды 
кӛрсе кӛзі күліп, уілдеп қоя беретін. Кӛңілденіп, еңбектеп алдынан 
шығады. Кейде бір шаруасымен не оттық алу үшін кӛрші әйелдер келсе, 
солардың алдына барып, үмітке толы кӛздерін қадап, жәудіреген күйі 
ұзақ қарап тұрар еді. Бірде үйге әкемнен қарыз сұрап қарсыдағы кӛрші 
әйел кіргенде кішкентай сәбидің қалай қуанғанын кӛрсеңіз, оның 
алдына келіп, күліп, сәби қылықтарымен ӛзіне қаратып жатыр. Екі кӛзі 
омырауда. Ол әйел балаға онша назар аудармастан шығып кеткенде 
манағы ӛзін бауырына алып, емізе ме деп үміттеніп күтіп тұрған сәби 
жерге етпетінен түсіп, бақырып жылап жатты. Бұл кӛрініске куә 
болудың қандай қиын екенін мен есеймей жатып түсіндім. 
Әкем күн ұзақ жұмыста. Кішкентай балаға қарау менің мойнымда. 
Мен ол кезде 6-7 жасар баламын. Соңымнан еріп, мен не істесем соны 
қайталайтын інішегім бар. Оның да үш-тӛрт жасар кезі болса керек
әйтеуір, екеуміздің біресе нанға, біресе әкем әкеліп берген қоңыр 
бәтіңкеге таласып қала беретініміз есімде. Ескі екіқабатты үйдің екінші 
қабатындамыз. Ойын десе есім кететін. Оның үстіне кӛрші балалар да
қызықтырып қоймайды. 
– Зайнаб, біз бүгін кешегіден де күшті ойын ойнаймыз. 
– Зайнаб, бізбен бірге жүрсеңші. 
– Кешегі тығылмақта сенің болмай қалғаныңды қарашы... 
«Сен де бір пәле болдың» дегенді қабағыммен білдіріп, сіңлімді 
тезірек ұйықтап қалсыншы деп одан сайын үстінен қаққыштаймын. 
Оның ұйқысы келмейді. Терезеден қарасам, балалар үш топқа бӛлініп 
жаңа ойын бастап кеткен екен. Бӛпемді ала-мала кӛтеріп қиқа-жиқа 
жасалған ағаш баспалдақтан түсе берем дегенде аяғым тайып кетіп
екеуміз бірдей домалай жӛнелдік. Сәбидің бір жері қатты ауырып кетті 
ме екен, бастапқыда демала алмай қалғанын кӛрдім. Сонда да, ӛз 
басымды ойлап үлгеріп жатырмын. «Кешке әкем келгенде ұрыспаса 
екен, әлде бала менің соңымнан ерем деп баспалдақтан ӛзі құлап кетті 
деп айтсам ба екен» деген, ӛзімді ақтамақ болған ӛзімшіл ойлар 
кимелейді. Біздің дыбысымызға келген кӛршілер беті-басы қанап, 
шырылдап жылаған сәбиді жұбатып, менің үсті-басымды қаққылап 
тұрғызды. Кеште әкем болған жайды кӛршілерден естіп, маған біраз 
ұрысты. Сыпырғыштың жұлынып қалған талымен ұрған болды. Соның 
ӛзіне ауырттың деп байбалам салып жатырмын. Даусымның ащылығы 


сондай, сырт кӛз мені біреу шырылдатып зәбір кӛрсетіп жатыр екен деп 
ойлар еді. Інім мені аяған кӛздеріне жас толып бұрыштан сығалайды. 
Қолына таяқ алып ұрам десе қолынан қағатын кім бар, бірақ, қайран 
әкем ондайға бармайды, даусын кӛтеріп, ӛзінше қаталдық кӛрсетіп, 
тәртіпке салмақ болады. Сонда да қаттырақ ұрсуға батылы бармай 
тұрғанын сезем. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет