Құрметті жарысқа қатысушы оқырман!



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата29.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#121123
1   2   3   4   5   6   7
Жоғалған бала 
Бізде ескі аспалы бесік болатын. Бірде сол бесікке сіңлімді 
жатқыздым да, тербетіп, ұйықтады ау дегенде сыртқа беттедім. Есі-
дертім есік алдындағы балаларға қосылу. Ол кезде оң-солын әлі танып 
үлгермеген мен үшін жер бетіндегі ең керемет нәрсе – ойын болып 
кӛрінетін. Ойынның қызығымен қалай кеш түсіп, қас қарайғанын 
байқамаппын. Тіпті үйде кішкентай бала бары да есімнен тарс шығып 
кетіпті. «Әкем жұмыстан келген шығар ендігі» дегенді ойлауым мұң
жүрегім зу ете түсті. Сүріне-қабына жетсем, қолына пілте шам ұстап 
алған әкем қаракӛлеңкеде қарманып әлдене іздеп жүр. Үй іші тым-
тырыс. Әкем кішкентайды іздеп жүр екен. 
– Бала қайда? 
– Бесікте ұйықтап жатқан, – деймін аң-таң болып. 
Айнала қараймыз, ұшты-күйлі жоқ. Кӛршілерге жүгірдік, ешкім 
кӛрмеген. Біреу алып кетті ме деуге бейсауат ешкім келмеген болып 
шықты. Әкемде ес жоқ, ӛңі қашып кеткен. Екі кештің арасында у-шу 
болдық. Енді қайтеміз дегенде бір бұрыштан «іһ,іһ» деген дыбыс 
шыққандай болды. Жақындап барып тыңдасақ, бірдеңе қыбырлайтын 
сияқты. Пештің түкпір жағында отын жинайтын қуыс болушы еді. Ол 
жер күндіздің ӛзінде қараңғы болып тұратын. Қалай-солай тасталған 
томарлар мен жаңқалардың арасынан сәбиін тауып алған әкем әлде 
қуанғаны, әлде кӛңіл-күйі солай болды ма, жас балаша еңкілдеп, еңіреп 
жылап жіберді. Ол баланың не аспалы бесіктен ұшып кетіп отынның 
үстіне түскенін, не болмаса есі жоқ неменің жалғыз қалғаннан қорқып 
сол жерге ӛзі барғаны белгісіз, бет-аузы ағаштың қатты қабығы мен 
бұталарынан әбден жарақаттаныпты. Әсіресе білектеріне ағаш 
шырпылары аямай кірген екен. Әкем әлгі жаңқалардың әрқайсысын 


түйреуішпен қыл суырғандай етіп алған сайын байғұс бала безек қағып 
жан даусы шығады. Осы оқиғадан кейін әкем мынадай тоқтамға келді. 
– Мына баланы балалар үйіне тапсыру керек, Зайнаб. Мен болсам 
жұмыстамын, ал сен баланы мүлдем қарамайсың, саған ойыннан басқа 
ештеңе керегі жоқ, ӛстіп жүріп екеуміз мұны ӛлтіріп алып, обалына 
қалармыз. 
Әкемнің бұлай деуі қаталдығы емес, керісінше амал іздегені еді. 
Сӛйтіп, әкем сіңлімді балалар үйіне ӛткізді, біз бастапқыда сәбиге 
барып, жағдайын біліп тұрдық, бірақ, арада уақыт ӛткенде одан кӛз 
жазып қалдық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет