Құрметті жарысқа қатысушы оқырман!



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата29.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#121123
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сағыныш Ж.Шамұратова

Қашып шығу 
Осылай күндер ӛте берді. Бір күні шаруамды жайғап жүріп, 
басыма бір ой келді. Үйде ешкім жоқ болатын. Жүгіре басып балалар 
үйіне келіп жеттім. Келсем, кӛп баланы сыртқа шығарып тізіп тұрғызып 
қойыпты.Түсінгенім, басқа қалада балалар үйі ашылып, балалардың 
жартысын сонда аударайын деп жатыр екен. Іздегенге – сұраған. Мен 
қуанып кеттім. Бұл маған құтқару амалы болып кӛрінді. Шеттеу жерге 
таяп келдім де, бойы ӛзім шамалас бір қызға киімімді кӛрсеттім. 
– Киіміңді ауыстырасың ба? 
Қыз менің киімімнен кӛз алмай қарап тұрды. Қызығып-ақ тұр. 
Бірақ, ауыстыруға батылы жетпей тұр. 
– Осылай бере салам, тек тездетіп ауыстырайық, – дедім. 
Екеуміз оңаша жерге барып, құнжыңдап киім ауыстырып 
жатырмыз. 
Үстімдегі Халил ағайдың әйелі сатып әперген мақпалдан тігілген 
жаңа пальтомды, басымдағы әдемі, қалың, гүлді орамал, аяғымдағы 
қызыл етік, іш жағымнан киген бантикті жаңа кӛйлекті қызға шешіп 
беріп, балалар үйінің қара-қоңыр матадан тігілген ӛңсіз киімдерін киіп 
алдым. Жұқалау болса да жылуы мол секілді кӛрінді ме ау, әйтеуір, 
кӛңіліме ыстық. Балаларды фамилиямен тағы бір тізімдеп болғанда мен 
де олардың араларына қосылып кеттім. Арасында ӛзім танитын балалар 
бар екен, дуылдасып, солармен қосылып, пойызға отырдық. Бізді 
Қазақстанның Семей деген жеріне әкелген екен. Келгеннен кейін 
фамилия бойынша тексеріп, тізімдеп қабылдап жатты. Ең соңында мен 
қалдым. Тізімді қарайды, Мұхтарова деген фамилия жоқ. Тағы бір 
тізімді қарайды, онда да жоқ. Сол кезде дәу де болса балалар үйін 
басқаратын осы шығар деп қолынан жараланған, ақ шашты ағайға 
барып, жалына бастадым. 
– Ағатай, мен осында қалайыншы. Мен де сол балалар үйінде 
болғам, мені асырап алған еді, бірақ мен қашып кеттім, енді қайта 


барғым келмейді, ағай, қалайыншы. Сабағым да жақсы, тәртібім де 
дұрыс. Ән де салам, хорға қатыстым, – деп жатырмын. Сол кезде «олай 
болмайды, тізімде жоқсың» десе жүрегім қарс айрылатындай. Тек олай 
дей кӛрмесе екен, қалдыра кӛрсе екен... Ӛзім жылап жатырмын. 
Маған таңырқай қарап қалған ол кісі «жақсы, жақсы» дегенде шын 
қуандым. Балалар үйі менің үйім секілді, ал ондағы балалар туыстарым 
секілді кӛрінді. Ол жерде жамандық кӛрмейтініме сендім және солай 
болды да.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет