Тұлдыр жетім
Бұл соғыс жылдары еді. Біз жоқшылық дегеннің тап не екенін
онша түсінбеуші едік, ӛйткені, ол кезде дүние-мүліктің, киімнің жаңа
не ескілігі туралы ойламайтынбыз, әйтеуір, іліп алар киім болса соған
ырзамыз. Бізді қинайтыны тамақтың тапшылығы болатын.
Інім менен нан сұрай беретін. Ондайда әкем тауып әкелген ұнды
суға шылап беретінмын, кейде нан да табылатын. Қоңыр кӛздері ұшқын
атып, кекілі желбіреп, құлдыраңдап жүгіріп жүретін інім бір күні жата
беретінді шығарды. Күнұзаққа тыным кӛрмейтін ойын баласының
жатқан орнынан тұрмай қалуы мені де есейтіп жібергендей. Бір күні ол
менен нан да сұрамады, кӛзін де ашпады...
Әкем ауыр жұмыста жүріп әбден арып, қатты жүдеп, ақыры ол
күні тӛсек тартып жатып қалды. Қатты арықтаған адамның ішкі
құрылысы терінің сыртынан да кӛрініп тұратынын мен сол кезде ӛз
кӛзіммен кӛрдім. Бір күні әкем орнынан мүлдем тұрмай қалды деп
кӛрші әйелге бардым. Ол маған «әкең бір орнынан қозғалмай қалмасын,
екінші жағына аударып салсаңшы», – деді. Үйіме қайтып келіп, әкемді
орнынан қозғамақ болдым. Егер орнынан қозғасам одан әкеме бір
жеңілдік болатын сияқты кӛрінді. Сегіз жастар шамасындағы кішкентай
қызбын, бар күшіммен әкемді аударып жатқызбаққа әрекеттендім. Осы
жатқан жатысында қу сүйегі қалып, әруаққа ұқсап жатса да әкемді
қозғауға шамам келер емес. Борша-боршам шығып әкемнің денесін
орнынан қозғаған кезде жүрегім тас тӛбеме шықты. Әкемнің арқасы
қатты қанталап кетіпті. Ырсиған қабырғаларының терісі дәкедей
жұқарып, қарақошқылданып, қорқынышты кӛрінеді. Кӛп ұзамай мен
жалғыз арқасүйерімнен айрылдым. Бұл қазаға менен ӛзге қайғырған
адамды байқамадым. Соғыстың, ауыр тұрмыстың, аштықтың
адамдарды қалай ӛзгертетінін сол кезде кӛрдім.
Балалар үйінде
Тұлдыр жетім қалдым. Әкем ӛлгеннен кейін мені іздеген адам
болмады. Біз қалада тұратынбыз. Вокзал жаққа барып, ӛзім секілді
жетім, қараусыз балаларға қосылдым. Жазда әйтеуір, күн жылы,
әупірімдеп болса да күн кӛруге болады, басты уайым тамақ тапсаң
болды. Жарты бӛлік нан үшін шартпа-шұрт тӛбелесіп, таласып қалатын
кездеріміз де аз емес. Күз түсе жылы жер іздей бастайды екенсің.
ДЕПО-да от жағылатын бір құжыра болушы еді, күндіз ол жерге
жақындау мүмкін емес, ондағы жұмысшылар жақындатпайды, ал кеште
қараңғыны пайдаланып, әлгі жерді паналаймыз. Жетім бала үшін күні
бойы талғажау етер тамақ іздеп, арасында ойнап, әбден сілесі қатар
шақта ыстық тамаққа тойып алып, жылы жерде ұйықтаудан асқан бақыт
бар ма! Әбден қараңғы түсіп, кӛз байлануын күтіп жүреміз, ДЕПО-ның
айналасы тынышталды-ау дегенде жетімнің жұмағындай жылы қуысқа
қарай жақындаймыз. Бірде сол қуысқа кіріп алып, жылы жерде
маужырап, рахаттанып ұйықтап жатыр едім. Бірдеңе «арр» еткендей
болды. Аяғымнан тістелеп сүйреп ала жӛнелді. Мен не болғанын түсініп
болар емеспін, кӛзімді ашпастан жылы орныма еңбектеймін. Қатты
шаршағаным сондай, тек жылы орныма жатсам, ұйықтасам деймін. Әлгі
ырылдаған бәле қайтадан аяғыма жармасқанда қатты шошынып, атып
тұрдым. Бетінде қорасан дағы бар ер адам саусағын изеп бері кел деген
белгі берді. Бұл жетім балаларды итпен іздеп жүрген милиция екен.
Сӛйтіп, мені және ӛзім секілді қаңғыбас балаларды жинап,
Свердловскідегі балалар үйіне әкелді.
Екі қабатты терезелері кӛп үлкен үйде мен құралпы балалар
жетерлік екен. Ӛзім секілді балаларға қосылып кеттім. Мен үшін ең
керемет қызық-қуаныш болғаны – жасым 10-ға келгенде партаға
отырып, оқушы атандым. Сабаққа зерек болдым. Оқуды да, жазуды да
тез меңгердім. Басыма бантик тағып, хорға қатысып, ән айтқанды
жаным сүйетін. Соғыс басталғаны туралы хабарды алғаш естігенім де
осы кез. Соғыстың не екенін онша түсінбесек те, әйтеуір, бір
жаманшылық, қиыншылық екенін түсінеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |