Құрметті жарысқа қатысушы оқырман!



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата29.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#121123
1   2   3   4   5   6   7
 
Жалғыз өкініш 
Соғыс кезінде маман жетіспейтін. Жетінші класты бітіргенде 
бастауышқа мұғалім етіп жіберді. Осылайша мен үлкен ӛмірге жолдама 
алдым. Алдымен педучилищеде оқыдым. Артынан Алматыға барып 
Қыздар педагогикалық институтына түсіп, оны қызыл дипломмен 
бітірдім. Беделді жоғарғы оқу орнында ұстаздық еттім. Жақсы адамға
жолықтым, ғалым еді, ӛмір бойы сыйласып ӛттік, екі баланың анасы 
атандым. Қазір немереден шӛбере сүйіп отырмын. Былайша айтқанда
мен енді жетім емеспін. Бір ғана ӛкінішім – бала шағымда балалар үйіне 
тапсырып кӛз жазып қалған сіңлімді онда-мұнда хат жазып іздесем де 
таппадым. Кӛз алдымдағы сәби бейнесі де жылдар ӛткен сайын 
кӛмескіліп барады. Сіңлімнің дүниеге келген уақыты соғыстың 
алдындағы жылдары еді, менің ӛзім бала едім, суретке де түспеппіз. 
Соның бәрі ӛкініш. Бір үміт қана әлі күнге үзілмей келеді. Үзілсе мен 
мына ӛмірден кӛшкен күні ғана үзілетін шығар... Енді сіңлімді соңғы 
рет іздеймін. Кім біледі, туған топыраққа келуім де соңғы шығар... 
*** 
Қалта телефонына хабарлама келіп түсті. «Ресей жеріне қош 
келдіңіз, сіз роуминг арқылы сӛйлесе аласыз» деген хабарлама екен. 
Кемпір вагонның терезесіне үңілді. Кәрі жүрек дүрсілдеп кеткендей 
болды. 


Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! 
Жадыра 
Шамұратова
– 
қазіргі 
қазақ 
прозасын 
тың 
туындыларымен байытып жүрген белгілі жазушы. Ӛзіндік жазу 
стилімен ерекшеленетін қаламгердің шығармаларының тақырыптық 
ауқымы сан алуан. Әсіресе, автор адамның ойлы-қырлы ішкі күйі мен 
сан түрлі сезімдерін шебер жеткізеді. 
Ж.Шамұратованың «Сағыныш» атты шығармасында да осы 
ерекшеліктер кӛрініс табады. Сан жылдар ӛтсе де кеудесін кернеген 
сағыныштан арыла алмай, ӛз отбасын, бауырын, туған мекенін аңсаған 
бейбақ кейіпкердің тағдыры кімді де болсын бей-жай қалдырмасы анық. 
Автор Зайнабтың тағдыры арқылы оқырманына тағылымды ой салып
сезім тұңғиығына батырады. 
Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:
 
 
kitapjaris 

https://instagram.com/kitapjaris?igshid=YmMyMTA2M2Y

 
Кітапgram 
 
https://t.me/kitappgram
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет