Руководителю соц


Мый қанайналымының бұзылысы



бет3/20
Дата16.10.2023
өлшемі0,69 Mb.
#116208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Мый қанайналымының бұзылысы
Мый қанайналымының бұзылысы жіті (жіті гипертониялық энцефалопатия, инсульт, қайтымды бұзылыстар) және созылмалы
Мый қанайналымы бұзылыстары келесі себептерден болуы мүмкін:
Атеросклероз, эссенциялық гипертензия, васкулиттер, жүрек ақаулары, қан аурулары ж.б.
Мый қанайналымы бұзылысының патогенезі:

  1. Жүйелі қанайналымының өзгерісі (артериялық гипер- және гипотензия)

  • Артериялық гипертензия → мый тамырларының гипертензиясы → мый тініне қан құйылу (тамыр қабырғаларының дерттік өзгерісі кезінде), мый ісінуі, мый артерияларының тарылуы

  • Артериялық гипотензия → мыйдың қанайналымының әлсіреуі, мый тіндерінің қанмен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігі → мый құрылымының гипоксиялық зақымдануы

  1. Мыйдың тамыр жүйесінің дерттік өзгерістері: мый тінінің ишемиясы, веналық гиперемиясы, артериялық гиперемиясы

  • Мый ишемиясы ангиоспазммен, тромбозбен немесе эмболиямен, мый тамырларын тарылтатын атеросклерозымен, мый тамырларының қабыну ауруларымен (жүйелі қызыл жегі ж.б.), қанның реологиялық қасиетінің өзгерісімен байланысты болуы мүмкін.

Ангиоспазмның типтік орналасуы бар – мый негізі аймағында ірі артериялық бағаналарда майда артериялардың тарылуы сирек байқалады. Қанның реологиялық қасиетінің өзгеруі эритроциттердің тамырішілік агрегациясымен, олардың серпімділігінің бұзылуымен, гематокриттік көрсеткіштің жоғарылауымен және тамыр саңылауына эритроциттер қозғалысының бағытының өзгеруіне (тромбоцитоз, полицитемия, орақ тәрізді жасушалы анемия, ТШҚҰ-синдромы) негізделген.

  • Мыйдың веналық гиперемиясы → бас ішілік қысымның жоғарылауы және мыйдың қысылуы→мыйдың қанмен қамтамасыз етілуінің және қызметінің бұзылысы. Мыйдың ірі артерияларының теңгерілуі ретінде тарылып, бұл кезде мыйға қан келуі шектеледі және веналық іркіліс дәрежесі төмендейді, бірақ бұл кезде мый гипоксиясы тереңдей түседі.

  • Артериялық гиперемия зат алмасу қарқынды жоғарылағанда, тырысулық белсенділікте, жалпы артериялық қысымның кенеттен төмендеуінде, ишемиядан кейін пиальды артерия тарамдарының кенеттен кеңеюінен дамиды.

Артериялық гиперемия → бас ішілік қысымның жоғарылауы, МАТ-тың белсенділенуі, мый ісінуі.
Мый қанайналымының бұзылысы кезіндегі негізгі әйгіленімдер: қозғалыс бұзылыстары (шала салдану, салдану, экстрапирамидалық бұзылыстар, қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылыстары, гиперкинездер), сезімталдықтың бұзылыстары (сезімталдықтың төмендеуі, кейде ауыру сезімдері), жоғарғы қыртысты қызметтердің ошақты бұзылыстары (афазия, аграфия, алексия), эпилептиморфты ұстамалар, интеллект, естің, эмоционалдық-еріктік сфераның өзгерістері, психопатологиялық симптоматика)
ИНСУЛЬТ
Инсульт – мый қан айналымының жіті бұзылысы, кенеттен пайда болған 24 сағат сақталатын жүйкелік бұзылыстармен сипатталатын, мый қанайналымының бұзылуымен қабаттасқан клиникалық синдром.
Қауіп – қатер жайттары: қантамырлық ауруларға тектік бейімділік, гиперлипидемия, артериялық гипертензия, гипергликемия, гиподинамия, семіздік, шылым шегу, ішімдікке салыну.
Патогенезі бойынша ишемиялық және геморрагиялық инсультты ажыратады
Ишемиялық инсульт мый қантамырларының тромбозы немесе эмболиясының нәтижесі болып табылады. Жиі ішкі ұйқы артериясының, ортаңғы мый немесе негізгі артерияның тромбозы байқалады. Эмболдардың көзі болып жиі өзгерген жүрек қақпақшалары, аорта доғасы, ұйқы артериялары болып табылады. Кейде эмболдардың түзілуі үлкен қанайналым шеңберінің көктамырларымен байланысты. Эмболдар жиі ортаңғы мый артериясының бассейнінде, сирек омыртқа және негізгі артерияларда кездеседі.
Инфарктың көлемі жанама қанайналымының мүмкіндігіне байланысты.
Геморрагиялық инсульт қантамырлардың жарылуы, аневризманың жарылуы немесе вазомоторлы бұзылыстар нәтижесінде дамиды (қантамырлар дистониясы).
Инсульт кезіндегі неврологиялық әйгіленімдер зақымданған қантамырмен қамтамасызданатын тін бөлігінің зақымдануына байланысты. Геморрагиялық инсульт кезінде ошақты симптоматикаға мыйға қан құйылуының нәтижесіндегі әйгіленімдер қосылады - бас ішілік қысымның жоғарылауы, мыйдың ісінуі, мый тінінің қысылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет