Мый қанайналымының бұзылуы кезіндегі клиникалық көріністер және зақымдану аймақтары
Зақымданған артерия
|
Қанмен қамтамасыздану аймағы
|
Зақымдану көріністері
|
Алдыңғы мый артериясы
|
Мый қыртысының медиальды, фронтальды және париетальды аймағы, сүйелді дененің алдыңғы бөлігі
|
Аяқ қолдардың шала салдануы немесе спастикалық салдану– қолдың проксимальды бөлігінің және аяқтың дистальды бөлігі, зақымданған жаққа қарама –қарсы жағында сезімталдықтың жоғалуы
|
Ортаңғы мый артериясы
|
Мый қыртысының латеральды, фронтальды, париетальды, окципитальды және самай аймағы, құйрықты дене, ішкі капсула, скорлупа
|
Гемиплегия, гемианестезия, афазия, анозогнозия (бар ақаулықтарды мойындамау), гемианопсия (көру аймағының бір жартысының түсіп қалуы), акалькулия (есептеудің бұзылуы), аграфия
|
Артқы мый артериясы
|
Дистальды аймақ: мый қыртысының медиальды, окципитальды және самай аймағы, сүйелді дененің артқы бөлігі
|
гемианопсия, дислексия (оқудың бұзылысы) аграфиясыз, елестер, есте сақтаудың бұзылуы, соқырлық
|
Проксимальды аймақ: ортаңғы мыйдың жоғарғы бөлігі, таламус
|
Сезімталдықтың жоғалуы, атаксия, гемипарез, III жүйкенің салдануы, хореоатетоз, гемибаллизм (дененің бір жағының гиперкинезі), қолдың тоникалық орнығуы, естің бұзылуы, таламустық аурулар
|
Омыртқа артериясы (артқы төменгі мишық артериясы)
|
Сопақша мый, мишықтың төменгі бөлігі
|
Мишық атаксиясы, қазір болып жатқан уақиғаны жадында сақтай алмауы, нистагм, дизартрия, дисфагия, ықылық, бас айналу
|
Базилярлы артерия (алдыңғы төменгі және жоғарғы мишық артериясын қосқанда)
|
Ортаңғы мыйдың төменгі бөлігі, көпір, мишықтың жоғарғы және төменгі бөлігі
|
санасының комаға дейін бұзылуы, бас -мый жүйкелерінің зақымдануы (III – VII жұп), нистагм, бас айналу, диплопия, қитарлық, дизартрия, салданулар, мишық атаксиясы
|
Мый қанайналымының бұзылуы кезіндегі нейрондар зақымдануының патогенезі
Тін аймағының қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы → нейрондардың гипоксиялық зақымдануы.
Нейрондардың қажымға мұқтаждығы – организмнің барлық жасушаларының ішінде ең жоғарғы дәрежеде, мый қыртысының нейрондары минутына 250-450 мкл О2 пайдаланады (гепатоцит – 60 мкл), мый қандағы барлық глюкозаның 20%-ға жуығын пайдаланады. Мыйда өзінің оттегілік қоры болмайды, мыйға оттегінің аз түсуі оның қызметінің жедел бұзылуымен, ал кейіннен нейрондардың өлімімен сипатталады. Психиканың бұзылуы артериялық қанда оттегінің күші 40-50 мм с.б.б. төмендегенде байқалады. рО2 до 30 мм. с.б.б. төмендегенде 20 сек. кейін есінен танады, ал тағы 20 сек кейін мыйдың қалыпты электрлік белсенділігі тоқтайды. Мый қызметінің толық қайта қалпына келуі, қанайналымының тоқтауы 5-6-минөттен аспағанда ғана мүмкін.
Жіті ишемияның бастапқы кезеңінде нейрондардың артық белсенділенуі дамиды. Бұл гипоксияға сезімтал тежелу тетіктерінің түсіп қалуы немесе әлсіреуінен және натрий мен кәлцийдің кіруінен нейрондардың тікелей деполяризациясынан, олардың тежелуден шығып кетуіне байланысты. Бұл иондардың түсуі кәлций - натрий өзекшелерінің ашылуымен, натрий– калий сорабының жеткіліксіздігімен, қоздыратын аминқышқылдарының –глутаматтың әсеріне байланысты. Глютаматтың жиналуы ишемия кезінде натрийдің жасуша ішілік мөлшерінің жоғарылауына негізделген, бұл кезде глютаматтың синапстық саңылаудан қамтылуы бұзылады. Қажым тапшылығынан глютаматтың метаболизмі бұзылады. Глютаматтың артықшылығы, нейронға кәлций мен натрийдің түсуін жоғарылататын, глютаматты қабылдағыштардың ынталануына әкеледі. Бұл иондардың кіруі нейрондарды деполяризациялап, кәлцийдің қосымша енуін ынталандырады. Нейрондардың кәлциймен зорығуы, олардың артық әсерленуіне және тежелуден шығып кетуіне ықпал етеді, соның ішінде протеаза, фосфолипаза және эндонуклеазалармен бірге кәлций тәуелді ферменттік жүйелердің белсенділенуі жасушаның өлуіне әкеледі. Жануарларға жасалған тәжірибеде глютамат қабылдағыштарының тежегішін қолдану, ишемиялық зақымдану аймағының азаюын көрсетті.
4. Көрсетілетін материал: дәрістердің мультимедиялық қойылымы
5.Әдебиеттер:
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 596-616
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 456-457
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 568-576.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И., Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009. Т.1-С. 428-442; т.2.-С.-528-535
Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 229-230, 235-238
Қосымша
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 131-135.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С.654-660, 200-206
А.С. Никифоров, Е.И. Гусев. Частная неврология.- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С.32-69
6. Менгеруді бақылау
Жүйке жүйесіне патогенді агенттердің түсу жолдары
Жүйке жүйесінің қорғаныс тетіктері
Ишемиялық инсульттің себебі
Геморрагиялық инсульттің себебі
№ 2 тақырып. Қозғалыстың нейрогендік бұзылысы. Құрысулық синдром дамуының патогенездік тетіктері. Қояншық ауруы.
Мақсаты : Құрысулық синдромның этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын меңгеру
Дәріс жоспары:
Гиперкинездік жағдай. Құрысулық жағдай, түсінігі, этиологиясы, патогенезі.
Құрысулық жағдай патогенезіндегі ДКҚО рөлі, ДКҚО қалыптасуының тетіктері. Дерттік жүйеге түсініктеме
Қояншық ауруы дамуындағы патогенездік концепция тетіктері.
Қозғалыстың нейрогенді бұзылысы Қозғалыстың нейрогенді бұзылысы қозғалыс санының, олардың ырғағының және тепе-теңдігінің дерттік өзгерістерімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |