Руководителю соц



бет7/20
Дата16.10.2023
өлшемі0,69 Mb.
#116208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Көрсетілетін құралдар: дәрістердің мультимедиялық қойылымы

  • Әдебиет

    1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 596-616

    2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 461-462

    3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004., Т.2.- С. 404-406

    4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 585-592.

    5. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009, т.2.- С.- 552-565

    6. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 231-243

    Қосымша

    1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 131-135.

    2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 671-679

    3. А.С. Никифоров., Е.И. Гусев. Частная неврология.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С.455-459

    4. Pathophysiology of disease. Stephen J.McPhee et al. 3rd edition, New York, 2000.-P. 152-156

    1. Меңгеруін бақылау

    1. ДКҚО дегеніміз не?

    2. Құрысу синдромының дамуында ДКҚО-ның маңызы

    3. Гиперкинезияның түрлері

    3 тақырып. Нейрожұқпаның патофизиологиялық тетіктері. Менингиттер.
    Мақсаты: Нейрожұқпаның этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын меңгеру
    Дәріс жоспары:

    1. Нейрожұқпаның негізгі қоздырғыштары

    2. ОЖЖ-не жұқпалық ықпалдардың түсу жолдары, патогенезінің негізгі тізбегі

    3. Менингиттер туралы түсінік, менингеалдық әйгіленімдердің патогенезі

    Нейрожұқпаның негізгі қоздырғыштары мыналар: менингококктар, пневмококктар, инфлюэнцтің гемофильдік таяқшасы, стафилококктар, көкірің таяқшасы, ишерихия коли, бета стрептококктар (жаңа туған нәрестелерде), сіреспенің қоздырғышы, ботулизм, құтыру-вирусы, полиомиелит, тұмау, ұшық-вирусы, арбовирустар, цитомегаловирустар ж.б.; қарапайымдар, приондар.
    ОЖЖ-не жұқпалық жайттардың түсу жолдары

    1. Гематогендік

    Жайттардың ең жиі таралу жолы болып артериялық қан тамырларымен немесе мый қан тамырларының және бет көк тамырларының ретроградтық анастомоздары арқылы түседі.

    1. Тікелей түсу

    Бас сүйегінің ашық жарақаттарында, люмбальдық пункция кезінде, туа пайда болған даму ақауларында (менингомиелоцеле)

    1. Жұқпа ошағынан таралуы

    Гайморит, фронтит, мастоидит, тіс жегі, бас сүйегінің остеомиелиті

    1. Жүйке өткізгіштерімен

    Сіреспенің қоздырғышы, ұшық-вирусы

    Нейрожұқпалар кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдану патогенезі:



    1. Нейрондар мен микроглияның тікелей зақымдануы

    2. Қабынуға жауап ретінде босап шығатын микроорганизмдер уыттарының, ББЗ зақымдаушы әсерінен дамиды

    3. Аутоиммундық зақымданулар



    Менингиттер – мый және жұлын қабықтарының қабынуы
    Лептоменингит – мыйдың жұмсақ және торлы қабықтарының қабынуы
    Пахименингит – мыйдың қатты қабығының қабынуы
    Менингиттің қоздырғыштары: менингококктар- Neisseria meningitidis (30-74%), пневмококктар (Streptococcus pneumoniae), инфлюэнцтің гемофильдік таяқшасы (Haemophilis influenzae), стафилококктар, көкірің таяқшасы, туберкулез микобактериясы (созылмалы менингит); жаңа туған нәрестелерде - ишерихия коли, бета-гемолитикалық стрептококк


    Бактериялық жұқпа кезіндегі менингиттің патогенезі
    Бактериялар

    бактериялардың мұрын-жұтқыншақтағы колонизациясы (көптеген бактериялар IgА-ны ыдырататын протеазалар бөліп шығарып, қорғаныстық тосқауылдан өтеді )

    қанайналымына бактериялардың түсуі (қапшықты бактериялар фагоцитозға және комплемент-тәуелді цитолизге тұрақты; комплемент құрам бөлшектерінің жеткіліксіздігі мен спленэктомия бактериемияға әкеледі)

    Бактериемия мен мый қылтамырларының эндотелийінің зақымдануы → гематоэнцефалдық тосқауылдың өткізгіштігінің жоғарылауы және субарахноидалдық (тор қабық асты) кеңістікке бактериялардың өтуі

    Қабынудың дамуы

    Мыйдың ісінуі, бас сүйек ішілік қысымның жоғарылауы, мый қан тамырларының басылуы және қан айналымының бұзылуы
    Менингит кезіндегі мый ісінуінің дамуында мынаның маңызы бар: қабыну дәнекерлерінің әсерінен қан тамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы, мый құрылымына бактерия өнімдерінің және нейтрофильдердің лизосомалық ферменттерінің уытты әсер етуі, цереброспинальдық сұйықтықтың ағып кетуінің қиындауы, қанның ағып кетуінің қиындауына әкелетін мый қан тамырларында васкулиттің дамуы.
    Менингиттің барлық түрлеріне менингеалдық синдром - мый қабықтарының тітіркену синдромына біріктірілетін әйгіленімдер тән.

    Менингеалдық синдромның әйгіленімдері

    Патогенезі

    Бас ауыруы

    Мый қабықтарын жүйкелендіретін үшкіл жүйкенің ұштарының, парасимпатикалық және симпатикалық талшықтардың тітіркенуі

    Құсу

    IV қарыншаның түбінде орналасқан кезбе жүйке қабылдағыштарының немесе сопақша мыйдың торлы құрылымындағы құсу орталығының тітіркенуі

    Терінің гиперестезиясы, жарыққа және дыбыстық тітіркендіргіштерге сезімталдықтың жоғарылауы

    Артқы түбіршек және жұлын - мый түйіндері жасушаларының қоздырылуы

    «жатқан ит» (қолдары кеудесіне қысылған, аяқтары ішіне тартылған, басы шалқайған, кеудесі керілген, іші тартылған) менингеалдық қалпы

    Бұлшықеттердің рефлекстік тоникалық жиырылуы: бастың артқа шалқаюы желке бұлшықеттерінің межеқуатының жоғары болуымен түсіндіріледі

    Науқастың басын алға еңкейту барысында қатты ауыру сезімінің пайда болуы

    Мойынның жазғыш бұлшықеттерінің межеқуатының жоғарылауы

    Керниг симптомы (алдын ала тік бұрыш жасап бүгілген тізе және жамбас буындарын жаза алмау)

    Бұлшықеттер межеқуатының дерттік жоғарылауы

    Брудзинскийдің жоғарғы симптомы (арқасымен шалқасынан жатқан науқастың басын кеудесіне жақындатуға талпынғанда, оған жауап ретінде тізе буыны еріксіз бүгіледі)

    Бұлшықеттер межеқуатының жоғарылауы

    1. Көрсетілетін құралдар: дәрістің мультимедиялық қойылымы

    2. Әдебиеттер

    1. А.С. Никифоров., Е.И. Гусев. Частная неврология.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С.120-162

    Қосымша

    1. Pathologic basis of disease. V.Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 1369-1375

    2. Pathophysiology of disease. Stephen J.McPhee et al. 3rd edition, New York, 2000.- 52-54




    1. Меңгеруді бақылау

    1. Нейрожұқпалардың негізгі қоздырғыштары

    2. ОЖЖ-не жұқпалық ықпалдың түсу жолдары

    3. Менингеалдық синдромның әйгіленімдерін атаңыз





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет