Руководителю соц



бет8/14
Дата18.10.2023
өлшемі82,1 Kb.
#117778
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
23-24 СТУД КАЗ НС ЭС 2

Сұрақтар:

  1. Лабораторлық көрсеткіштерде өзгерістерді көрсетіңіз. Зертханалық мәліметтердегі қалыптылықтан ауытқудың патогенезін түсіндіріңіз.

  2. Мұндай зертханалық көрсеткіштер болатын патологияны анықтаңыз және дерттің патогенезін түсіндіріңіз.

  3. Клиникалық көріністерге патофизиологиялық талдау жүргізіңіз.

2 Есеп


Науқас З., 46 жаста, дәрігерге үдемелі арықтауға, тітіркенгіштікке, ұйқының бұзылуына, тершеңдікке, жүрек қызметінің өзгерістеріне, қол ұшының ұсақ дірілі мен субфебрильді температураға шағымданды. Бір жыл бұрын күйеуінің қазасынан кейін ауырған. Қарап тексергенде: науқастың жағдайы төмен, қабағы мен қол ұшында ұсақ дірілдер, АҚ 160/65 мм рт. ст., пульсі 128 рет мин-1, дене температурасы 37,6ОС. Науқаста көзінің жылтырауы, экзофтальм және қалқанша безінің ұлғайғаны байқалды. Негізгі алмасу 100% ға артқан. Қандағы глюкоза деңгейі 7,2 ммоль/л. Қанда бос және нәруыздармен байланысқан йод мөлшері жоғарылаған және антитиреоидты антидене анықталды.
Сұрақтар:

  1. Лабораторлық көрсеткіштерде өзгерістерді көрсетіңіз. Зертханалық мәліметтердегі қалыптылықтан ауытқудың патогенезін түсіндіріңіз.

  2. Мұндай зертханалық көрсеткіштер болатын патологияны анықтаңыз және дерттің патогенезін түсіндіріңіз.

  3. Клиникалық көріністерге патофизиологиялық талдау жүргізіңіз.

3 Есеп


Науқас Ю., 17 жаста, Казақстанда тұрады, мойын аумағының ұлғаюына және жұтынуының қиындауына шағымданады. Тексеру кезінде:дене бітімі қалыпты, орта бойлы. Қалқанша безінің диффузды ұлғаюы анықталды. Ішкі ағзаларының қызметі қалыптыдан ауытқымаған. Радиологиялық әдіспен қалқанша безінің йодты жұтуы жылдамдағаны анықталынды.
Сұрақтар:

  1. Лабораторлық көрсеткіштерде өзгерістерді көрсетіңіз. Зертханалық мәліметтердегі қалыптылықтан ауытқудың патогенезін түсіндіріңіз.

  2. Мұндай зертханалық көрсеткіштер болатын патологияны анықтаңыз және дерттің патогенезін түсіндіріңіз.

  3. Клиникалық көріністерге патофизиологиялық талдау жүргізіңіз.

4 Есеп
Жедел жәрдем ауруханасына 27 жастағы науқас М., ессіз келіп түсті. Туысқандарының айтуынша, 6 жыл бойы қантты диабетпен ауырады. Ауруханаға түсетін күні ертеңгісін инсулин енгізгеннен кейін мазасыздану, ашуланшақтық, сосын есінен танды. Терісі ылғал, жабысқақ термен жабылған, беті бозарған. Бұлшықет тонусы жоғары, тоникалық және клоникалық құрысулар байқалады. Тамыр соғысы - 100 рет минутына. Қандағы глюкоза деңгейі - 2,1 ммоль/л. Көктамырға 20% глюкоза ерітіндісін енгізгеннен соң науқастың жағдайы жақсарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет